Қазақстан Республикасының Заңы Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы




НазваниеҚазақстан Республикасының Заңы Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
страница1/4
Дата конвертации18.06.2013
Размер0.66 Mb.
ТипДокументы
  1   2   3   4


Жоба


Қазақстан Республикасының Заңы

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

1-бап. Қазақстан Республикасының мынадай заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 2001 ж. 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 5-6, 24-құжат; № 17-18, 241-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4,
25-құжат; № 5, 30-құжат; № 11, 56, 64, 68-құжаттар; № 14, 109-құжат; № 15, 122, 139-құжаттар; № 18, 142-құжат; № 21-22, 160-құжат; № 23, 171-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 55-құжат; № 15, 86-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139, 140-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 7-8, 19-құжат;
№ 9, 26-құжат; № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21-22, 86, 87-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 20-құжат; № 3,
22-құжат; № 5-6, 31-құжат):

1) 88-бапта:

үшінші бөліктің сегізінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«жеке тұлғаларға - он бес, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, жеке нотариустарға, адвокаттарға - отыз, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға – жетпіс бес, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға бір жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

төртінші бөліктің екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«жеке тұлғаларға - отыз, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, жеке нотариустарға, адвокаттарға - алпыс, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға – екі жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға – үш жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

2) 88-1-баптың екінші бөлігінің екінші абзацындағы «айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан қырыққа дейiнгi» деген сөздер «отыз айлық есептiк көрсеткiш» деген сөздермен ауыстырылсын;

3) 205-бапта:

бірінші бөліктің екінші абзацында:

«айлық есептiк көрсеткiштiң үшке дейiнгi мөлшерiнде» деген сөздер «екі» деген сөзбен ауыстырылсын;

«алтыға дейiнгi мөлшерiнде» деген сөздер «үш» деген сөзбен ауыстырылсын;

«оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде» деген сөздер «он бес» деген сөздермен ауыстырылсын;

«жиырмадан елуге дейiнгi» деген сөздер «отыз бес айлық есептiк көрсеткiш» деген сөздермен ауыстырылсын;

екінші бөліктің екінші абзацында:

«айлық есептiк көрсеткiштiң үштен беске дейiнгi мөлшерiнде» деген сөздер «төрт» деген сөзбен ауыстырылсын;

«бестен онға дейiнгi мөлшерiнде» деген сөздер «сегіз» деген сөзбен ауыстырылсын;

«жиырмадан қырыққа дейiнгi мөлшерiнде» деген сөздер «отыз» деген сөзбен ауыстырылсын;

«қырықтан жүзге дейiнгi» деген сөздер «жетпіс айлық есептiк көрсеткiш» деген сөздермен ауыстырылсын;

үшінші бөліктің екінші абзацындағы «айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырмаға дейiнгi» деген сөздер «он бес айлық есептiк көрсеткiш» деген сөздермен ауыстырылсын;

төртінші бөліктің екінші абзацында:

«айлық есептiк көрсеткiштiң бестен он беске дейiнгi мөлшерiнде» деген сөздер «сегіз» деген сөзбен ауыстырылсын;

«отыздан алпысқа дейiнгi мөлшерiнде» деген сөздер «қырық бес» деген сөздермен ауыстырылсын;

«елуден жүзге дейiнгi» деген сөздер «жетпіс бес айлық есептiк көрсеткiш» деген сөздермен ауыстырылсын;

бесінші бөліктің екінші абзацында:

«айлық есептiк көрсеткiштiң оннан отызға дейiнгi мөлшерiнде» деген сөздер «жиырма» деген сөзбен ауыстырылсын;

«алпыстан жүз жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде» деген сөздер «тоқсан» деген сөзбен ауыстырылсын;

«жүзден екi жүзге дейiнгi» деген сөздер «бір жүз елу айлық есептiк көрсеткiш» деген сөздермен ауыстырылсын;

4) 205-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«205-1-бап. Арнаулы салық салу режимiн қолданған кезде қызметтi заңсыз жүзеге асыру

1. Арнаулы салық салу режимiн қолданған кезде қызметтi Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде осы режим үшiн көзделген шарттарды бұза отырып жүзеге асыру, -

жеке тұлғаларға - сегіз, дара кәсiпкерлерге – он бес, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - отыз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 

2. Осы баптың бірінші бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер, -

жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң он бес мөлшерiнде, дара кәсiпкерлерге - отыз мөлшерiнде, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға – елу мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға жепіс мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

3. Дара кәсіпкердің кезекті патент алуға өтінішті беру мерзімін бұзуы -

отыз күнтізбелік күнге дейін, он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады;

отыз күнтізбелік күннен астам жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

4. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайтадан жасалған іс қимыл –

қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

5. Патент негізінде арнаулы салық режимінде кәсіпкерлік қызметті уақытша тоқтата тұру туралы өтініштің қолданысы кезеңінде дара кәсіпкердің кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруы жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

6. Осы баптың бесінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайтадан жасалған іс қимыл –

қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

5) 206-бапта:

бірінші бөліктің екінші абзацында:

«айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде» деген сөздер «он бес» деген сөздермен ауыстырылсын;

«жиырмадан қырыққа дейiнгi мөлшерiнде» деген сөздер «отыз» деген сөзбен ауыстырылсын;

«қырықтан елуге дейiнгi мөлшерiнде» деген сөздер «қырық бес» деген сөздермен ауыстырылсын;

«алпыстан сексенге дейiнгi» деген сөздер «жетпіс айлық есептiк көрсеткiш» деген сөздермен ауыстырылсын;

екінші бөліктің екінші абзацында:

«айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан қырыққа дейiнгi мөлшерiнде» деген сөздер «отыз» деген сөзбен ауыстырылсын;

«отыздан елуге дейiнгi мөлшерiнде» деген сөздер «қырық» деген сөзбен ауыстырылсын;

«елуден жетпiске дейiнгi мөлшерiнде» деген сөздер «алпыс» деген сөзбен ауыстырылсын;

«сексеннен жүзге дейiнгi» деген сөздер «тоқсан айлық есептiк көрсеткiш» деген сөздермен ауыстырылсын;

үшінші бөліктің екінші абзацында:

«айлық есептiк көрсеткiштiң он бестен қырыққа дейiнгi мөлшерiнде» деген сөздер «отыз» деген сөзбен ауыстырылсын;

«жүзден үш жүзге дейiнгi мөлшерiнде» деген сөздер «екі жүз» деген сөздермен ауыстырылсын;

«екi жүзден бес жүзге дейiнгi» деген сөздер «үш жүз елу айлық есептiк көрсеткiш» деген сөздермен ауыстырылсын;

төртінші бөліктің екінші абзацында:

«айлық есептiк көрсеткiштiң қырықтан алпысқа дейiнгi мөлшерiнде» деген сөздер «елу» деген сөзбен ауыстырылсын;

«жүзден төрт жүзге дейiнгi мөлшерiнде» деген сөздер «екі жүз елу» деген сөздермен ауыстырылсын;

«бес жүзден бiр мыңға дейiнгi» деген сөздер «жеті жүз елу айлық есептiк көрсеткiш» деген сөздермен ауыстырылсын;

6) 208-бапта:

бірінші бөліктің екінші абзацындағы «айлық есептiк көрсеткiштiң оннан қырыққа дейiнгi» деген сөздер «жиырма бес айлық есептiк көрсеткiш» деген сөздермен ауыстырылсын;

екінші бөліктің екінші абзацындағы «айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан елуге дейiнгi» деген сөздер «отыз бес айлық есептiк көрсеткiш» деген сөздермен ауыстырылсын;

7) 209-баптың екінші бөлігінің екінші абзацындағы «елу» деген сөз «он» деген сөзбен ауыстырылсын;

8) 213-баптың тақырыбы және бірінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«213-бап. Акцизделетiн тауарларды және мұнай өнімдерін әкелу, тасымалдау, өндiру, декларациялау, сақтау мен өткiзу ережелерiн, сондай-ақ мұнай өнімдеріне ілiспе жүк құжаттарын ресімдеу ережелерін бұзу

1. Акцизделетiн тауарларды және мұнай өнімдерін әкелудің, тасымалдаудың, өндiрудің, декларациялаудың, сақтау мен өткiзудің заңнамада белгiленген ережелерiн, сондай-ақ мұнай өнімдеріне ілiспе жүк құжаттарын ресімдеудің ережелерін бұзу, –»;

9) 215-бапта:

бірінші бөліктің екінші абзацындағы «айлық есептiк көрсеткiштiң бестен жиырма беске дейiнгi» деген сөздер «он бес айлық есептiк көрсеткiш» деген сөздермен ауыстырылсын;

екінші бөліктің екінші абзацындағы «айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi»деген сөздер «сегіз айлық есептiк көрсеткiш» деген сөздермен ауыстырылсын;

үшінші бөліктің екінші абзацындағы «айлық есептiк көрсеткiштiң оннан қырыққа дейiнгi» деген сөздер «жиырма бес айлық есептiк көрсеткiш» деген сөздермен ауыстырылсын;

10) 216-бапта:

бірінші бөліктің екінші абзацындағы «айлық есептiк көрсеткiштiң оннан елуге дейiнгi» деген сөздер «отыз айлық есептiк көрсеткiш» деген сөздермен ауыстырылсын;

екінші бөліктің екінші абзацындағы «айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан жүзге дейiнгi» деген сөздер «алпыс айлық есептiк көрсеткiш» деген сөздермен ауыстырылсын;

11) 218-баптың бірінші бөліктің екінші абзацындағы «айлық есептiк көрсеткiштiң оннан елуге дейiнгi» деген сөздер «отыз айлық есептiк көрсеткiш» деген сөздермен ауыстырылсын;

12) 219-бапта:

бірінші бөліктің екінші абзацында:

«айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде» деген сөздер «сегіз» деген сөзбен ауыстырылсын;

«оннан жиырмаға дейiнгi» деген сөздер «он бес айлық есептiк көрсеткiш» деген сөздермен ауыстырылсын;

екінші бөліктің екінші абзацында:

«айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде» деген сөздер «он бес» деген сөздермен ауыстырылсын;

«жиырмадан қырыққа дейiнгi» деген сөздер «отыз айлық есептiк көрсеткiш» деген сөздермен ауыстырылсын;

үшінші бөліктің екінші абзацындағы «айлық есептiк көрсеткiштiң қырықтан елуге дейiнгi» деген сөздер «қырық бес айлық есептiк көрсеткiш» деген сөздермен ауыстырылсын;

төртінші бөліктің екінші абзацындағы «айлық есептiк көрсеткiштiң елуден жетпiске дейiнгi» деген сөздер «алпыс айлық есептiк көрсеткiш» деген сөздермен ауыстырылсын;

13) 358-бапта:

бірінші, екінші және үшінші бөліктердің екінші абзацындағы «айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан қырыққа дейiнгi» деген сөздер «отыз айлық есептiк көрсеткiш» деген сөздермен ауыстырылсын;

төртінші бөліктің екінші абзацындағы «айлық есептiк көрсеткiштiң елуден жетпiске дейiнгi» деген сөздер «алпыс айлық есептiк көрсеткiш» деген сөздермен ауыстырылсын;

14) 358-1-бапта:

бірінші бөліктің екінші абзацында:

«айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде» деген сөздер «сегіз» деген сөзбен ауыстырылсын;

«оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде» деген сөздер «он бес» деген сөздермен ауыстырылсын;

«қырықтан елуге дейiнгi» деген сөздер «қырық бес айлық есептiк көрсеткiш» деген сөздермен ауыстырылсын;

екінші бөліктің екінші абзацында:

«айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде» деген сөздер «он бес» деген сөздермен ауыстырылсын;

«қырықтан елуге дейiнгi» деген сөздер «қырық бес айлық есептiк көрсеткiш» деген сөздермен ауыстырылсын;

15) 360-бапта:

бірінші және екінші бөліктердің екінші абзацындағы «айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан қырыққа дейiнгi» деген сөздер «отыз айлық есептiк көрсеткiш» деген сөздермен ауыстырылсын;

үшінші бөліктің екінші абзацындағы «айлық есептiк көрсеткiштiң елуден жүзге дейiнгi» деген сөздер «жетпіс айлық есептiк көрсеткiш» деген сөздермен ауыстырылсын;

16) 570-баптың бiрiншi бөлiгiнде:

«Салық органдары» деген сөздер «Салық қызметі органдары» деген сөздермен ауыстырылсын;

«205-1, 206, 207, 208-1, 209-212» деген цифрлар «205-212» деген цифрлармен ауыстырылсын.
2. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) 2001 ж. 12 маусымдағы Қазақстан Республикасының Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 11-12,
168-құжат; 2002 ж., № 6, 73, 75-құжаттар; № 19-20, 171-құжат; 2003 ж., № 1-2, 6-құжат; № 4, 25-құжат; № 11, 56-құжат; № 15, 133, 139-құжаттар; № 21-22, 160-құжат; № 24, 178-құжат; 2004 ж., № 5, 30-құжат; № 14, 82-құжат; № 20, 116-құжат; № 23, 140, 142-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 7-8,
23-құжат; № 21-22, 86, 87-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 4,
5-құжаттар; № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат):

  1. 10-баптың 1-тармағында:

2) тармақша «; вексель бойынша төлемдер» деген сөздермен толықтырылсын;

мынадай мазмұндағы 22-2) тармақшамен толықтырылсын:

«22-2) негізгі құралдар - өндірісте пайдалану немесе тауарлар (жұмыстар, қызметтер) жеткізу үшін, басқа тұлғаларға жалға беру үшін немесе әкімшілік мақсаттар үшін салық төлеуші ұстап қалатын, қызметі бiр жылдан артық материалдық активтер, сондай-ақ Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есепке алу және қаржылық есеп беру туралы заңнамасына және Халықаралық қаржылық есеп беру стандарттарына сәйкес айқындалған инвестициялық жылжымайтын мүлік;»;

мынадай мазмұндағы 27-2) тармақшамен толықтырылсын:

«27-2) қызметтік іссапар – жолда болатын уақытты есептемегенде қызметкерді 45 күннен аспайтын мерзімге еңбек міндеттемелерін өзінің тұрақты жұмыс орнынан тыс жерде орындау үшін жіберу;»;

  1. 11-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:

«1-1. Салық төлеуші салық заңнамасымен реттелетін қатынастарға уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен элекрондық тәсілмен қатысуға құқылы.»;

  1. 13-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:

«3. Салық агенті салық заңнамасымен реттелетін қатынастарға уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен элекрондық тәсілмен қатысуға құқылы.»;

  1. 16-бапта:

1-тармақта:

5) тармақша «құжаттар» деген сөзден кейін «, сондай-ақ резидент салық төлеушінің Қазақстан Республикасынан тыс орналасқан еншілес компанияларының қаржылық есептілігін қоса алғанда, мұндай резидент салық төлеушіден шоғырландырылған қаржылық есептілік» деген сөздермен толықтырылсын;

9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«9) мыналарға:

салық салуға байланысты мәселелер бойынша тексерiлетiн салық төлеушiге – заңды тұлға мен жеке кәсiпкерге;

уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген тәртiппен қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша әрекетсiз заңды тұлғаға;

заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Қазақстан Республикасы Парламентінің және мәслихаттардың депутаттығына, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелігіне кандитат ретінде тіркелген тұлғаға және оның зайыбына (еріне) қатысты коммерциялық, банктiк және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәлiметтердi жария етуге Қазақстан Республикасының заң актiлерiмен белгiленген талаптарды сақтай отырып, банктерден немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардан банк шоттарының бар-жоғы және олардың нөмiрлерi туралы, осы шоттардағы ақшаның қалдығы мен қозғалысы туралы мәлiметтер алуға;»;

12) тармақшадағы «4) тармақшасында» деген сөздер «1), 2) және 4) тармақшаларында» деген сөздермен ауыстырылсын;

мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:

«1-1. Салық қызметi органдары Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен жүктелген міндеттерді іске асыруды уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен элекрондық тәсілмен жүзеге асыруға құқылы.»;

  1. 21-баптың 4-тармағы «(облыстық маңызы бар қалалардың) жергiлiктi атқарушы органдары» деген сөздерден кейін «уәкілетті мемлекеттік органмен келісім бойынша» деген сөздермен толықтырылсын;

  2. 29-баптың 4-тармағы «күннен бастап» деген сөздерден кейін «немесе салық төлеуші төлемді банкоматтар немесе өзге де электронды құрылғылар арқылы жүзеге асырған күннен бастап» деген сөздермен толықтырылсын;

  3. 31-бапта:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Салық төлеушiнiң салық мiндеттемесiн орындау қажеттiгi туралы салық қызметi органының оған қағаз жеткізгіште немесе оның жазбаша келісімімен электрондық тәлсілмен жiберген хабары хабарлама деп танылады.»;

2-тармақтың 9) тармақшасындағы «кешіктірілмей» деген сөзден кейін «;» белгісі қойылып мынадай мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын:  

«10) қосылған құн салығын төлеуші болып табылатын және орналасқан (тұратын) жері өзгерген күннен бастап мұндай өзгерістер туралы жиырма жұмыс күні ішінде салық органын хабардар етпеген тұлғаны есептен шығару туралы – қосылған құн салығы бойынша есептен шығарылған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірілмей»;

4-тармақтағы «Хабарлама» деген сөз «Осы баптың 2-тармағының 10) тармақшасында көрсетілген, жіберу фактісі сол бойынша расталатын хабарламаны қоспағанда, хабарлама» деген сөздермен ауыстырылсын;

4-1-тармақта:

«хабарлама тапсырылған» деген сөздер «(өзі) хабарлама (хабарламаны) тапсырылған (алған)» деген сөздермен ауыстырылсын;

«он» деген сөз «отыз» деген сөзбен ауыстырылсын;

  1. 32-баптың 2-тармағында:

«хабарлама тапсырылған» деген сөздерден кейін «(салық төлеуші хабарламаны алған)» деген сөздермен толықтырылсын;

«он бес» деген сөздер «отыз» деген сөзбен ауыстырылсын;

  1. 34-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Тарату есептілігінде көрсетілген салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу таратудың салық есептілігі табыс етілген күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде жүргізіледі.

Салық (тарату есептілігін қоспағанда) есептілігінде көрсетілген салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу мерзімі осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім өткеннен кейін басталатын жағдайда мұндай төлем таратудың салық есептілігі табыс етілген күннен бастап 10 жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

Таратылатын заңды тұлғаның салық берешегi аталған заңды тұлғаның ақшасы, оның iшiнде оның мүлкiн сатудан алынған ақша есебінен Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген кезектiлiк тәртiбiмен өтеледi. Бұл ретте таратылатын заңды тұлғаның құрылымдық бөлiмшелерiнiң салық берешегi де өтеледi.»;

  1. 38-бап мынадай мазмұндағы 1-3-тармақпен толықтырылсын:

«1-3. Салық төлеуші осы Кодекстің 100-бабының 4-тармағын және
144-бабының 25-1) тармақшасын қолданған жағдайда осы баптың 1-тармағында белгіленген талап қою мерзімі корпорациялық табыс салығы мен жеке табыс салығын есептеу және (немесе) қайта қарау бөлігінде жеке тұлғаның міндеттемелерді орындауы бойынша осы Кодекстің 100-бабы 4-тармағының
1) тармақшасында белгіленген мерзімнен бес жылға дейін ұзартылады.»;

  1. 39-бапта:

2-тармақтың 2) тармақшасында:

екінші базац «өсiмпұлдар» деген сөз «өсiмпұлдарды, бересілер» деген сөздермен ауыстырылсын;

үшінші абзац алып тасталсын;

2-1-тармақта:

«осы бапта белгiленген тәртiппен» деген сөздер «мынадай тәртiппен:

салықтың басқа түрлерi бойынша өсiмпұлдарды, бересілер мен айыппұлдарды өтеу есебiне;

салықтың осы және басқа да түрлерi бойынша алдағы төлемдер есебiне» деген сөздермен ауыстырылсын;

  1. 45-бап мынадай мазмұндағы бөліктермен толықтырылсын:

«Салық төлеушінің нақты мекен-жайы (тұратын жері) бойынша болмауына байланысты почта немесе өзге де байланыс ұйымы жіберілген хабарламаны қайтарған жағдайда мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесін орындауды қамтамасыз етудің осы баптың 2) тармақшасында көрсетілген тәсілі салық қызметі органдары жасаған нақты мекен-жайы (тұратын жері) бойынша болмауы туралы актінің және тиісті құқық қорғау органдарының салық төлеушінің орналасқан (тұратын) жерін белгілеудің мүмкін еместігі туралы жауабының негізінде 5 жұмыс күні ішінде қолданылады.

Салық төлеушінің нақты мекен-жайы (тұратын жері) бойынша болмауы туралы акт почта немесе өзге де байланыс ұйымы салық төлеушінің нақты мекен-жайы (тұратын жері) бойынша болмауына байланысты жіберілген хабарламаны қайтарған күннен бастап 5 жұмыс күнінен кешіктірілмей жасалады.»;

  1. 47-баптың 1) тармағы 3) тармақшадағы «жол бермеген» деген сөздерден кейін «;» белгісі қойылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:

«осы Кодекстің 45-бабында көзделген құжаттармен расталған салық төлеушінің орналасқан (тұратын) жерін белгілеу мүмкін болмаған»;

  1. 51-баптың 1-тармағы «өндiрiп алу» деген сөздерден кейін «банк шоты болмаған немесе» деген сөздермен толықтырылсын;

  2. 52-баптың 1-2-тармағының екінші абзацындағы «он» деген сөз «жиырма» деген сөзбен ауыстырылсын;

  3. 58-баптың 2) тармақшасындағы «, бөлiну және қайта құрылу» деген сөздер «және бөлiну» деген сөздермен ауыстырылсын;

  4. 61-бапта:

1-тармақ «тiркегенi» деген сөзден кейін «және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркегені» деген сөздермен толықтырылсын;

3-1-тармақ «кепiлiн» деген сөзден кейін «және кеменің немесе жасалып жатқан кеменің ипотекасын» деген сөздермен толықтырылсын;

5-тармақтағы «Механикалық көлiк құралдары мен тiркемелердi» деген сөздер «Көлiк құралдарын» деген сөздермен ауыстырылсын;

6, 6-1 және 7-тармақтар алып тасталсын;

  1. 69-бапта:

3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Қағаз жеткізгіштегі салық есептiлiгiне салық төлеушi, салық агентi (басшы және бас бухгалтер) не оның уәкілетті өкілі қол қоюға, сондай-ақ ол салық төлеушiнiң, салық агентiнiң не оның уәкілетті өкілінің мөрiмен расталуға тиiс. Салық есептiлiгi электронды түрде жасалған кезде электрондық құжат салық төлеушiнiң электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылуға тиiс.»;

7-тармақта:

екінші бөлік «бөлек салық» деген сөздерден кейін «(тарату)» деген сөзбен толықтырылсын;

үшінші бөліктегі «Осы тармақта көрсетiлген есептiлiк» деген сөздер «Таратудың салық есептiлiгі» деген сөздермен ауыстырылсын;

мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:

«Табыс ету мерзімі таратудың салық есептілігін табыс ету күні басталмайтын салық есептілігі (тарату есептілігін қоспағанда) осы тармақтың үшінші бөлігінде белгіленген мерзімге дейін табыс етіледі.»;

  1. 70-баптың 1-тармағында:

«жазбаша» деген сөзден кейін «(электронды)» деген сөзбен толықтырылсын;

«орган салық декларациясын» деген сөзден кейін «және (немесе) салық төлеушілер табыс ететін, электронды мониторингіге жататын құжаттаманы» деген сөздермен толықтырылсын;

  1. 71-бапта:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, салық декларациясына, есеп-қисабына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуге осы Кодексте көзделген талап қою мерзiмi iшiнде жол берiледi. 

Аванстық төлемдер сомасының есеп-қисабына өзгерістер мен толықтырулар енгізуге осы Кодекстің 126-бабында көзделген тәртіппен рұқсат етіледі.»;

2 және 4-тармақтар «Салық төлеушiнің», «салық төлеушi» деген сөздерден кейін «, салық агентінің», «, салық агенті» деген сөздермен толықтырылсын;

  1. мынадай мазмұндағы 73-1-баппен толықтырылсын:

«73-1-бап. Трансферттік бағаларды қолдану кезінде салық салу объектілерін түзету

Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу мәселелерін реттейтін заңнамасына сәйкес салық төлеуші мәміле бағасының рыноктық бағадан ауытқу фактісін дербес анықтаған кезде салық төлеуші салық салу объектілерін және салық міндеттемелерін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес түзетуге құқылы.»;

  1. 74-баптың 1-тармағында:

«Iшкi лизинг кезiнде лизинг алушының, сондай-ақ халықаралық лизинг кезiнде лизинг алушының немесе қосалқы лизинг» деген сөздер «Лизинг» деген сөзбен ауыстырылсын;

мынадай мазмұндағы бөлікпен толықтырылсын:

«Салық салу мақсатында мұндай мәміле лизинг алушының негізгі құралдарды сатып алуы ретінде қаралады. Бұл ретте лизинг алушы негізгі құралдардың иесі ретінде, ал лизингтік төлемдер лизинг алушыға берілген кредит бойынша төлем ретінде қаралады.»;

  1. 80-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 9-1) тармақшамен толықтырылсын:

«9-1) жер қойнауын пайдаланушылардың табиғи ресурстарды геологиялық зерделеуге және оларды өндіруге дайындық жұмыстарына арналған шығыстарын, сондай-ақ басқа да шығыстарын түзетуден түсетін табыстар;»;

  1. 82-баптың 2-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Активтің өткізу кезіндегі баланстық құнының ұлғаюына жатқызылатын шығыстарды ескере отырып, активтер өткiзiлген айдың бiрiншi күнiнде бухгалтерлiк баланста көрсетілген құны олардың баланстық құны болып табылады.»;

  1. 86-бап «табыстары» деген сөзден кейін «, сондай-ақ борышты талап ету құқығын беретін салық төлеушінің талап ету құқығын өткізу құны мен талап ету құқығын беруші тұлғаның бухгалтерлік есебінде көрсетілген талап ету сомасының арасындағы талап ету құнын өткізу күніндегі оң айырма түрінде айқындалатын табыстары» деген сөздермен толықтырылсын;

  2. 89-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы «мемлекеттік» деген сөздің алдынан «мемлекеттік бюджет қаражатының есебінен алынған субсидияларды қоспағанда,» деген сөздермен толықтырылсын;

  3. мынадай мазмұндағы 90-1-баппен толықтырылсын:

«90-1-бап. Табыстардың әлеуметтік сала объектілерін пайдалану кезінде алынған шығыстардан асып түсуі

    1. Табыстардың әлеуметтік сала объектілерін пайдалану кезінде алынуға тиіс (алынған) шығыстардан асып түсуі салық төлеушінің жиынтық жылдық табысына қосылады.

    2. Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасына, сондай-ақ бухгалтерлік есеп стандарттарына сәйкес салық төлеушінің бухгалтерлік балансында ескерілетін, салық төлеуші мынадай қызмет түрлерін:

1) медициналық қызметті;

2) мектепке дейінгі тәрбие және оқыту; жалпы бастауыш, негізгі, орта, қосымша білім беру; бастауыш, орта, жоғары және жоғарыдан кейінгі кәсіптік білім беру; қайта даярлау және біліктілікті арттыру саласындағы қызметті;

3) ғылым, дене тәрбиесі және спорт, мәдениет, тарихи және мәдени мұраны, мұрағат құндылықтарын сақтау жөнінде қызметтер көрсету саласындағы, сондай-ақ балаларды, қарттар мен мүгедектерді әлеуметтік қорғау және әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы қызметті;

4) кітапханалық қызмет көрсетуді;

5) қызметкерлерді қоғамдық тамақтандыруды ұйымдастыру жөніндегі қызметті;

6) қызметкерлердің, олардың отбасы мүшелерінің, сондай-ақ аффилиирленген тұлғалардың қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелерінің демалысын ұйымдастыру жөніндегі қызметті жүзеге асыру кезінде пайдаланатын негізгі құралдар мен материалдық емес активтер,

сондай-ақ тұрғын үй қорының объектілері әлеуметтік сала объектілеріне жатады.

Осы баптың мақсаттары үшін табыстар мен шығыстар Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасына, сондай-ақ бухгалтерлік есеп стандарттарына сәйкес бухгалтерлік есеп деректерінің негізінде айқындалады.»;

  1. 94-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:

«3-1) вексель бойынша төлемдер;»;

  1. 96-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Осы Кодекске сәйкес күмәндi деп танылған талаптар шегерiмге жатады. 

Салық төлеушiнің күмәндi талаптарды шегерiмге жатқызуы талап етудің пайда болуын растайтын құжаттар болған жағдайда, сондай-ақ шегерiмге жатқызған кезде олар бухгалтерлiк есепте көрсетілген не алдыңғы кезеңдерде бухгалтерлік есептерде шығыстарға жатқызылған жағдайда жүргiзiледi.»;

  1. 100-бап мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын;

«5. Осы баптың мақсаттарында оқытуға жұмсалатын шығыстар:

1) оқытуға ақы төлеуге нақты жүргізілген шығыстарды;

2) білім алатын тұлғаның тұруына және тамақтануына Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген норма шегінде жұмсалатын шығыстарды;

3) оқуға түскен кезде оқитын жерге және оқыту аяқталғаннан кейін кері қарай жол жүруге нақты жүргізілген шығыстарды қамтиды.»;

  1. 101-баптың 1-тармағында:

бірінші бөлікте:

«абаттандыру кезеңiнде» деген сөздер «абаттандыру жөніндегі шығыстарды қоса алғанда,» деген сөздермен ауыстырылсын;

«, сондай-ақ» деген сөздер «және» деген сөзбен ауыстырылсын;

үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

«Жеке топ құрылғаннан кейiн және коммерциялық табудан кейін өндіру басталған кезге дейін жұмсалған мұндай шығыстар оның ұлғаюына жатқызылады.»;

  1. 104-бапта:

мынадай мазмұндағы 1-1) және 1-2) тармақшалармен толықтырылсын:

«1-1) қылмыстық қызметтің сот белгілеген басталу кезінен бастап сот жалған кәсіпорын деп таныған салық төлеушімен жасалған операциялар бойынша шығыстар;

1-2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік салық төлеушілер тізілімінен шартты түрде шығарылған кезден бастап мұндай әрекетсіз заңды тұлғамен жасалған операциялар бойынша шығыстар;»;

3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«3) мемлекеттiк бюджетке мемлекеттік сатып алу туралы шарттар бойынша енгiзуге жататын (енгiзiлген) айыппұлдар мен өсiмпұлдарды қоспағанда, мемлекеттiк бюджетке енгiзуге жататын (енгiзiлген) айыппұлдар мен өсiмпұлдар;»;

  1. 107-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:

«7-1) Қазақстан Республикасының шама бiрлiгiнің мемлекеттік эталондары;»;

  1. 115-баптың 1-тармағының екінші бөлігі 9) тармақшадағы «өтемақы төлемдерi» деген сөздерден кейін «;» белгісі қойылып, мынадай мазмұндағы
    10) тармақшамен толықтырылсын:

«10) меншікті акциялар құнының олардың номиналдық құнынан орналастыру кезінде эмитент алған асып түсуі және эмитент өз акцияларын өткізген кездегі құн өсімі»;

  1. 122-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«1) шығыстардың әлеуметтiк сала объектiлерiн пайдалану кезінде алынған табыстардан асып түскен сомалары шегінде әлеуметтiк сала объектiлерiн ұстауға салық төлеушiнiң нақты жұмсаған шығыстары;»;

  1. 126-бапта:

7-тармақтағы «құрылған» деген сөз «мемлекеттік тіркелген» деген сөздермен ауыстырылсын;

мынадай мазмұндағы 9-тармақпен толықтырылсын:

«9. Осы баптың ережелері осы Кодекстің 120-бабы 1-тармағының шарттарына сәйкес келетін және жалпы белгіленген тәртіппен салық салынуға тиіс табысы жоқ заңды тұлғаларға, сондай-ақ осы Кодекстің 121-бабының
1 және 2-тармақтарында белгіленген шарттарға сәйкес келетін заңды тұлғаларға қолданылмайды.»;

  1. 127-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Салық төлеушiлер корпорациялық табыс салығын төлеудi өзiнiң тұрып жатқан орны бойынша жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғалар корпорациялық табыс салығын төлеуді тұрақты мекеме орналасқан жер бойынша жүзеге асырады.»;

  1. мынадай мазмұндағы 19-1-тараумен толықтырылсын:

«19-1-тарау. Халықаралық шарттар жөніндегі арнайы ережелер

130-1-бап. Резиденттердің халықаралық шарттарды шетелдік мемлекеттерде пайдалану тәртібі
  1   2   3   4

Похожие:

Қазақстан Республикасының Заңы Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы iconҚазақстан Республикасының Заңы Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін
Қазақстан Республикасының Заңы Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы iconҚазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін
Қазақстан Республикасының Заңы Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы iconҚазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін
Қазақстан Республикасының Заңы Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы icon«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне адам саудасына қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы
Бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін
Қазақстан Республикасының Заңы Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы iconКодексі салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)
Республикасының заңы, Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жеке кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар...
Қазақстан Республикасының Заңы Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы icon«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ойын бизнесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына тұжырымдама
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ойын бизнесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»...
Қазақстан Республикасының Заңы Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы iconҚазақстан Республикасының Заңы Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экологиялық мәселелер бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін
Қазақстан Республикасының Заңы Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы iconҚазақстан Республикасының Заңы
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар...
Қазақстан Республикасының Заңы Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы iconҚазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне «Жол жүрісі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына
Бап. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін
Қазақстан Республикасының Заңы Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы iconҚазақстан Республикасының Заңы
Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ұлттық қауіпсіздік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница