Қазақстан Республикасының Заңы Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы




НазваниеҚазақстан Республикасының Заңы Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
страница2/4
Дата конвертации18.06.2013
Размер0.66 Mb.
ТипДокументы
1   2   3   4

Резидент Қазақстан Республикасы табысқа немесе мүлікке (капиталға) қосарланған салық салуды болдырмау және салық төлеуден жалтаруға жол бермеу туралы халықаралық шарт (осы бапты қолдану мақсатында бұдан әрі –халықаралық шарт) жасасқан шетелдік мемлекеттегі көзден табыс алған жағдайда, тиісті халықаралық шарт талаптарын орындаған кезде резидент шетелдік мемлекетте мұндай табыстарға салық салудан босату алу немесе ішінара салық салу мақсатында көрсетілген мемлекетте халықаралық шарт ережелерін қолдануға құқылы.

  • Халықаралық шарт ережелері резиденттерге осы Кодекстің
    193-бабында белгіленген шарттар орындалған жағдайда қолданылады.


  • Қазақстан Республикасының резиденттігін растау қажет болған жағдайда резидент уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нысан бойынша, тәртіппен және мерзімде уәкілетті мемлекеттік органға салықтық резиденттікті растауды алуға өтініш береді.»;

  • 133-бапта:

    1-тармақтағы «бес» деген сөз «жиырма» деген сөзбен ауыстырылсын;

    2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «2. Төлем көзiнен ұсталған салықтардың сомаларын аудару салық агентi орналасқан жер бойынша жүзеге асырылады.

    Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме, филиал, өкілдік арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғалар төлем көзінен ұсталатын табыс салығын мемлекеттік бюджетке аударуды тұрақты мекеме, филиал, өкілдік орналасқан жер бойынша жүргізеді.»;

    1. 134-баптағы «15-iнен» деген сөздер «20-сынан» деген сөздермен ауыстырылсын;

    2. 139-бапта:

    2-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

    «жаңадан құрылған салық төлеушiлер тіркелген активтерді пайдалануға берген кезден бастап берiледi.»;

    6-тармақтағы «келiсiм-шарт жасалған күнтiзбелiк жыл» деген сөздер «инвестициялық преференциялар беруге өтінім берілген кезге дейін он екі күнтізбелік ай» деген сөздермен ауыстырылсын;

    1. 140-2-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

    «5. Арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарында осы Кодекстiң 140-1-бабы 1-тармағының екiншi бөлiгiнде аталған тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi), сондай-ақ жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарында осы Кодекстiң 140-1-бабы
    1-тармағының 3) тармақшасында аталған қызмет түрлерiн жүзеге асыруға арналған әкiмшiлiк және өндiрiстiк мақсаттағы объектiлер, мұндай объектілер бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарын өткiзу жөнiндегi айналымдар қосылған құн салығынан босатылады.

    Осы тараудың мақсаттары үшiн әкiмшiлiк және өндiрiстiк мақсаттағы объектiлерге кеңселiк, өнеркәсiптiк ғимараттар мен қоймалар жатады.

    Осы тармақта көзделген жеңілдіктер арнайы экономикалық аймақтың аумағындағы салық органында қосылған құн салығын дербес төлеуші ретінде тіркелген заңды тұлғалар мен олардың құрылымдық бөлімшелеріне, жеке кәсіпкерлерге, сондай-ақ қызметін тұрақты мекемелер арқылы жүзеге асыратын резидент еместерге қолданылады.

    Егер салық төлеуші осы тармақта көрсетілген айналымдармен қатар өткізу жөніндегі басқа да айналымдарды жүзеге асырса, онда ол осы тармақта көрсетілген айналымдар бойынша және басқа айналымдар бойынша бөлек есеп жүргізуге міндетті.»;

    1. 144-бапта:

    26) тармақшада:

    «шығыстары; қызметкерлердi» деген сөздер «шығыстары, қызметкерлердi Қазақстан Республикасында тұратын (орналасқан) жерінен» деген сөздермен ауыстырылсын;

    30) тармақшада:

    «мұраға қалдырылатын зейнетақы жинақтарынан жинақтаушы зейнетақы қорлары жүзеге асыратын зейнетақы төлемдерiн» деген сөздер «мұраға қалдырылған, жинақтаушы зейнетақы қорлары төлейтін зейнетақы жинақтарын» деген сөздермен ауыстырылсын;

    мынадай мазмұндағы 40) тармақшамен толықтырылсын:

    «40) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мөлшерде міндетті зейнетақы жарналарын уақтылы ұстамағаны (есептемегені) және (немесе) жинақтаушы зейнетақы қорларына аудармағаны үшін есептелген өсімпұл сомалары.»;

    1. 153-1-бапта:

    3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «3. Салық агентi күнтізбелік жыл ішінде осы бапта және осы Кодекстің 153-бабында белгіленген жеке табыс салығын есептеу және төлеу тәртіптерінің біреуін ғана қолдануға құқылы.

    Жеке табыс салығын есептеудің және төлеудiң таңдап алынған тәртiбi салық кезеңiнiң iшiнде өзгермейтін болуға тиіс.»;

    4-тармақ алып тасталсын;

    1. 154-бап мынадай редакцияда жазылсын:

    «154-бап. Бiржолғы төлемдерден түскен табыс

    Бiржолғы төлемдерден түскен табысқа мыналарды:

    1) өздерінің қызметіне байланысты жеке кәсіпкердің, жеке нотариус пен адвокаттың кіріс бойынша төлемдерін, сондай-ақ біржолғы талон негізінде арнайы салық режимін пайдалана отырып, қызметін жүзеге асыруға байланысты кірістер бойынша жеке тұлғалардың төлемдерін;

    2) мемлекеттік тіркеуге жататын жеке тұлғалардан жылжымайтын мүлік, механикалық көлік құралдары мен тіркемелерді сатып алғаны үшін олардың төлемдерін қоспағанда, салық төлеушілердің Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес салық агенттерiмен жасасқан азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табысы, сондай-ақ жеке тұлғалар төлейтiн басқа да бiржолғы төлемдер жатады.»;

    1. 163-баптың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

    «2) жеке кәсiпкердiң осы Кодекстің 169-бабына сәйкес айқындалатын салық салынатын табысы;»;

    1. 169-бап мынадай редакцияда жазылсын:

    «169-бап. Жеке кәсiпкердiң салық салынатын табысы

    Жеке кәсiпкердiң табысы, егер осы бапта өзгеше көзделмесе, осы Кодекстiң 79-124, 130-баптарына сәйкес есептеледi.

    2. Арнайы салық режимдерін қолданатын жеке кәсіпкерлердің табысы осы Кодекстің 15-бабына сәйкес анықталады.»;

    1. 171-бапьың 1-тармағының 7) тармақшасындағы және 2-тармағындағы «1-тармағының» деген сөздер алып тасталсын;

    2. 172-баптың 1-тармағындағы «Қазақстан Республикасының» деген сөздер «Қазақстан Республикасының сайлау туралы және» деген сөздермен ауыстырылсын;

    3. 177-бапта:

    мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:

    «1-1. Қазақстан Республикасында қызметтер көрсету кезінде резидент емес осындай мақсаттар үшін қызметшілер немесе басқа персонал арқылы қызметтер көрсететін орын, бірақ осындай сипаттағы қызмет Қазақстан Республикасында 60 күнтізбелік күннен астам кезең бойы жалғасатын болса, тұрақты қызмет орны болып танылады.»;

    3-тармақтың 2) және 3) тармақшалары деген сөздер алып тасталсын;

    4-тармақтағы «немесе» деген сөз «он екі ай кезең шегіндегі уақытша және» деген сөздермен ауыстырылсын;

    1. 178-бапта:

    2) тармақшадағы «(адвокаттық қызмет көрсетулердi қоспағанда) қызмет, бағдарламалық өнiмдердi демеу және қолдау бойынша қызмет көрсетуден» деген сөздер «(адвокаттық қызмет көрсетулердi қоспағанда) қызметтерден, бағдарламалық өнiмдердi демеу және қолдау бойынша қызмет көрсетуден» деген сөздермен ауыстырылсын;

    мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:

    «4-1) борышты талап етуді алу орнына қарамастан, тұрақты мекеме арқылы Қазақстан Республикасында қызметін жүзеге асыратын резиденттен немесе резидент еместен борышты талап ету құқығын алу кезінде борышты талап етудi басқаға беруден түсетiн табыстар;»;

    14) тармақшадағы «немесе өзге де азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт бойынша» деген сөздер алып тасталсын;

    1. 179-баптың 5-тармағы алып тасталсын;

    2. 181-бап мынадай редакцияда жазылсын:

    «181-бап. Төлем көзiнен ұсталатын табыс салығын аудару тәртiбi мен мерзiмдерi

      1. Резидент емес заңды тұлғаның табыстарынан ұсталатын төлем көзiнен табыс салығын салық агенті мемлекеттiк бюджетке:

    1) табыстың есептелген және төленген сомасы бойынша - төлем төленген ай аяқталғаннан кейiнгi жиырма жұмыс күнi iшiнде;

    2) есептелген, бiрақ шегерiмге жатқызылған кезде төленбеген табыс сомасы бойынша - корпорациялық табыс салығы бойынша декларацияны тапсыру үшiн белгiленген мерзiмнен кейiнгi он жұмыс күнi iшiнде аударуға тиiс. 

    Өтеу мерзiмдерi осы тармақшада белгiленген мерзiм аяқталған соң туындайтын борыштық бағалы қағаздар бойынша сыйақыларға осы тармақшаның ережелерi қолданылмайды.

    2. Резидент еместің табыстарынан ұсталатын төлем көзiнен табыс салығын мемлекеттiк бюджетке аударуды салық агенті орналасқан жері бойынша жүзеге асырады.

    Тұрақты мекеме, филиал, өкілдік арқылы Қазақстан Республикасында қызметін жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлға резидент еместің табыстарынан ұсталатын төлем көзінен табыс салығының сомасын мемлекеттік бюджетке аударуды тұрақты мекеменің, филиалдың, өкілдіктің орналасқан жері бойынша жүргізеді.»;

    1. 182-бап «туындаған» деген сөзден кейін «немесе резидент еместің табыстары шегерімге жатқызылған» деген сөздермен толықтырылсын;

    2. 183-бапта:

    1-тармақта:

    «резиденттер шығарған» деген сөздер «осы Кодекстің 178-бабының 3) тармақшасында көрсетілген» деген сөздермен толықтырылсын;

    2-тармақ «эмитент» деген сөз «мүлігі заңды тұлағаның-резиденттің сатылған акциялары, қатысу үлестері немесе активтері құнының 50 пайызынан астамын құрайтын эмитент-резидент немесе заңды тұлға-резидент» деген сөздермен ауыстырылсын;

    3-тармақтағы «эмитент тiркелген жер бойынша» деген сөздер «осы баптың 2-тармағында көрсетілген» деген сөздермен толықтырылсын;

    1. 184-бапта:

    2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «2. Резидент емес заңды тұлғаның тұрақты мекеме арқылы Қазақстан Республикасында қызметін жүзеге асырудан алынатын табыстарына Қазақстан Республикасында мыналарды:

    1) осы Кодекстің 178-бабының 1) -22), сондай-ақ 24) тармақшаларында көзделген Қазақстан Республикасындағы көздерден алынатын табыстарды;

    2) осы тармақтың 1) тармақшасына енгізілмеген, осы Кодекстің
    80-бабының 2-тармағында көзделген, тұрақты мекеме арқылы Қазақстан Республикасында қызметін жүзеге асырудан туындайтын өзге табыстарды;

    3) Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме арқылы жүзеге асырылатын баламалы немесе ұқсас қызметті жүзеге асырудан туындайтын табыстарды қоса алғанда, қызметін жүзеге асыруды бастаған сәттен бастап тұрақты мекеменiң қызметiне байланысты табыстардың барлық түрлерi жатады»;

    3-тармақ алып тасталсын;

    1. 187-бапта:

    2-тармақ «178-бабы 14)-18) тармақшаларында белгiленген табыстарына» деген сөздерден кейін «осы Кодекстің 144-бабының ережелерін ескере отырып,» деген сөздермен толықтырылсын;

    3-тармақ алып тасталсын;

    5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «5. Төлем көзiнен салықты, табыс төлемiн жүзеге асырудың нысаны мен орнына қарамастан, салық агентi ұстайды.

    Резидент еместің табыстарынан ұсталатын төлем көзiнен табыс салығын мемлекеттiк бюджетке аударуды салық агенті орналасқан жері бойынша жүзеге асырады.

    Тұрақты мекеме, филиал, өкілдік арқылы Қазақстан Республикасында қызметін жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлға резидент еместің табыстарынан ұсталатын төлем көзінен табыс салығының сомасын мемлекеттік бюджетке аударуды тұрақты мекеменің, филиалдың, өкілдіктің орналасқан жері бойынша жүргізеді.»;

    1. 187-1-бапта:

    «салық шегерімдерін eсепке алмай,» деген сөздер «осы Кодекстің
    144-бабының ережелерін ескере отырып, бірақ салық шегерімдерін жүзеге асырмай» деген сөздермен ауыстырылсын;

    8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «8. Салық агенті күнтізбелік жыл ішінде осы бапта және осы Кодекстің 187-бабында белгіленген жеке табыс салығын есептеу және төлеу тәртіптерінің біреуін ғана қолдануға құқылы.

    Жеке табыс салығын есептеудiң және төлеудің таңдап алынған тәртiбi күнтізбелік жылдың ішiнде өзгермейтiн болуға тиіс.»;

    9-тармақ алып тасталсын;

    1. 189-баптың 2-тармағы «Кодекстiң» деген сөзден кейін «144,» деген сандармен толықтырылсын;

    2. 190-бапта:

    1-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

    «осы Кодекстің 178-бабының 3) тармақшасында көрсетілген бағалы қағаздарды сату кезінде құнының өсуінен түсетін табыстар.»;

    2-тармағы «табыстарына» деген сөзден кейін «Кодекстің 144-бабының ережелерін ескере отырып,» деген сөздермен толықтырылсын;

    4-тармақ «эмитент» деген сөз «мүлігі заңды тұлағаның-резиденттің сатылған акциялары, қатысу үлестері немесе активтері құнының 50 пайызынан астамын құрайтын эмитент-резидент немесе заңды тұлға-резидент» деген сөздермен ауыстырылсын;

    1. 191-бапта:

    2-тармақ «есептеу» деген сөзден кейін «Кодекстің 144-бабының ережелерін ескере отырып,» деген сөздермен толықтырылсын;

    5-тармақтың үшінші бөлігіндегі «немесе өзге де азаматтық-құқықтық шарттың» деген сөздер алып тасталсын;

    1. 194-бап мынадай редакцияда жазылсын:

    «194-бап. Халықаралық шарттар әкiмшiлiгiн жүргiзу және оларды қолдану тәртiбi

    Осы Кодекстiң 193-204-баптарының ережелерiне сәйкес халықаралық шарттар әкiмшiлiгiн жүргiзу және олардың ережелерін қолдану уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгілеген тәртiппен жүзеге асырылады.

    Халықаралық шарттардың ережелерін қолдану халықаралық шарттардың ережелеріне қайшы келмейтін бөлігінде жүзеге асырылады.»;

    1. 198-бапта:

    8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «8. Салық органы аталған өтiнiштi және қажеттi құжаттарды осы Кодекстің 203-бабында белгіленген құжаттарды қоса бере отырып, резидент емес оны салық органына берген күнінен бастап 30 жұмыс күні ішінде қарайды, өтiнiш бойынша шешiм қабылдап, резидент емеске және банкке хабарлайды.

    Резидент емес талап етілетін құжаттарды тапсырмаған шет мемлекеттің құзыретті органына немесе Қазақстан Республикасының мемлекеттік органына қажетті ақпаратты беру туралы сұрау жіберілген жағдайда өтінішті резидент еместің қарау мерзімі тоқтатылады.»;

    10-тармақта:

    «он жұмыс күнi iшiнде»деген сөздер «тоқсан күнтізбелік күн iшiнде» деген сөздермен ауыстырылсын;

    «белгіленген мерзім» деген сөздер «осы баптың 8-тармағында көрсетілген мерзім» деген сөздермен ауыстырылсын;

    11-тармақта:

    «белгiленген мерзiм iшiнде» деген сөздер «салық органы» деген сөздермен ауыстырылсын;

    «алмаған жағдайда» деген сөздерден кейін «резидент емес осындай шешімді алған күнінен бастап тоқсан күнтізбелік күн ішінде халықаралық шарттың ережелерін қолдануда» деген сөздермен толықтырылсын;

    «халықаралық шарттың ережелерiн қолданудан бас тарту туралы хабарламаны резидент емес алған күннен бастап он жұмыс күнi» деген сөздер «белгіленген мерзім» деген сөздермен ауыстырылсын;

    «соманы» деген сөз «салық сомасын» деген сөздермен ауыстырылсын;

    1. 198-1-бапта:

    1-тармақ мынадай мазмұндағы бөлікпен толықтырылсын:

    «Резидент еместің Қазақстан Республикасында жұмыстарды орындаудан (қызметтерді көрсетуден) алынған табысынан мемлекеттік бюджетке салық төлеген жағдайда халықаралық шартты қолдануға арналған өтінішті резидент емес Қазақстан Республикасында жұмыстарды орындауды (қызметтерді көрсетуді) аяқтағаннан кейін салық органына ұсынады.»;

    2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «2. Салық органы осы Кодекстің 203-бабында белгіленген құжаттарды қоса бере отырып, резидент емес оны салық органына берген күнінен бастап 30 жұмыс күні ішінде өтінiш қарайды және өтiнiште көрсетілген ақпарат дұрыс болған жағдайда резидент емеске осы Кодекстiң 40-бабында белгiленген тәртіппен мемлекеттік бюджеттен табыс салығы сомасын қайтаруды жүргiзедi.

    Резидент емес талап етілетін құжаттарды тапсырмаған шет мемлекеттің құзыретті органына немесе Қазақстан Республикасының мемлекеттік органына қажетті ақпаратты беру туралы сұрау салу жіберілген жағдайда өтінішті резидент еместің қарау мерзімі тоқтатылады.»;

    4-тармақта:

    «он жұмыс күні» деген сөздер «тоқсан күнтізбелік күн» деген сөздермен ауыстырылсын;

    «белгіленген мерзiм» деген сөздер «осы баптың 2-тармағында көрсетілген мерзiм» деген сөздермен ауыстырылсын;

    1. 199-бапта:

    1-тармақтың бірінші бөлігі «резиденттiгiн» деген сөздің алдынан «осы Кодекстің 203-бабы 2-тармағының талаптарына сәйкес келетін,» деген сөздермен толықтырылсын;

    2-тармақта:

    бірінші бөліктегі «резиденттiгiн растайтын құжат болған жағдайда» деген сөздер «осы Кодекстің 203-бабы 2-тармағының талаптарына сәйкес келетін, резиденттiгiн растайтын құжат болған жағдайда халықаралық шарттың ережелерін қолдануға өтініш бермей-ақ,» деген сөздермен ауыстырылсын;

    мемлекеттік тілдегі мәтінінде екінші бөлік өзгеріссіз қалады;

    1. 200-бапта:

    1-тармақта:

    бірінші бөлік «резиденттікті» деген сөздің алдынан «осы Кодекстің 203-бабы 2-тармағының талаптарына сәйкес келетін,» деген сөздермен толықтырылсын;

    мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:

    «5-1) резидент еместің негізгі құралдарды жөндеу жұмыстарын қоспағанда, егер мұндай қызметтер (жұмыстар) негізгі құралдарды беруге арналған сыртқы сауда келісім-шарты шеңберінде және тиісті халықаралық шарттың ережелеріне сәйкес тұрақты мекемені құруға әкелмейтін мерзім шегінде орындалатын болса, мақсатына сай пайдалану үшін (іске қосу-ретке келтіру, монтаждау жұмыстарын қоса алғанда) жұмыс істейтін жағдайда келтіруге тікелей байланысты қызметтерді (жұмыстарды) көрсетуден алынатын табыстарына;»;

    6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

    «6) осы Кодекстің 198-201-1-баптарында, сондай-ақ осы тармақтың
    1-5-1) тармақшаларында көзделмеген, халықаралық шарттарға сәйкес Қазақстан Республикасында салық салудан босатуға жататын, осы Кодекстің
    178-бабында көзделген Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған өзге де табыстарға салық салуға қатысты қолданылады.»;

    мемлекеттік тілдегі мәтінінде 2-тармақ өзгеріссіз қалады;

    1. 201-бапта:

    1-тармақ «резиденттiктi» деген сөздің алдынан «осы Кодекстің 203-бабы 2-тармағының талаптарына сәйкес келетін,» деген сөздермен толықтырылсын;

    мемлекеттік тілдегі мәтінінде 2-тармақ өзгеріссіз қалады;

    1. 201-1-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

    «2. Төлем көзінен салық салынбайтын, Қазақстан Республикасындағы көздерден табыстар алатын резидент eмec жеке тұлға, егер мұндай резидент емес табысты түпкiлiктi алушы болса және осындай халықаралық шартты қолдануға құқығы болса, осы Кодекстің 203-бабы 2-тармағының талаптарына сәйкес келетін, резиденттiгiн растайтын құжат негізінде халықаралық шарттың ережелерін қолдануға өтініш бермей-ақ, осы шартты қолдануға құқылы.

    Бұл pетте резидент емес жеке тұлға осы Кодекстің 190-бабында көзделген табыстарды алған жағдайда жеке табыс салығы бойынша декларацияда немесе осы Кодекстің 191-бабында көзделген табыстарды алған жағдайда жеке табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасының есептемесінде халықаралық шартқа сәйкес алынған (есептелген) табыстардың сомасын және төленген (төлеуден босатылған) салықтарды және халықаралық шарттың атауын көрсетуге міндетті.

    Резидент емес жеке тұлғада осы тармақта көзделген салық есептілігінің тиісті нысанын ұсыну сәтінде резиденттігін растайтын құжат болмаған кезде резидент емес жеке тұлғаның осындай табыстарына осы Кодексте белгіленген тәртіппен салық салынуға тиіс.

    Бұл ретте тиісті халықаралық шартты қолдануға құқығы бар резидент емес жеке тұлға Қазақстан Республикасындағы көздерден алған табыстардан мемлекеттік бюджетке табыс салығын төлеген жағдайда, мұндай резидент еместің төленген табыс салығын осы Кодекстiң 198-1-бабында белгiленген тәртiппен мемлекеттiк бюджеттен қайтарып алуға құқығы бар.»;

    1. 203-бап мынадай редакцияда жазылсын:

    «203-бап. Халықаралық шарттың ережелерiн және резиденттікті растайтын құжатты қолдануға өтiнiш беру кезiнде қойылатын жалпы талаптар
  • 1   2   3   4

    Похожие:

    Қазақстан Республикасының Заңы Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы iconҚазақстан Республикасының Заңы Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
    Бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін
    Қазақстан Республикасының Заңы Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы iconҚазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
    Бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін
    Қазақстан Республикасының Заңы Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы iconҚазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
    Бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін
    Қазақстан Республикасының Заңы Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы icon«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне адам саудасына қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы
    Бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін
    Қазақстан Республикасының Заңы Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы iconКодексі салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)
    Республикасының заңы, Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жеке кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар...
    Қазақстан Республикасының Заңы Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы icon«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ойын бизнесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына тұжырымдама
    «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ойын бизнесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»...
    Қазақстан Республикасының Заңы Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы iconҚазақстан Республикасының Заңы Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экологиялық мәселелер бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
    Бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін
    Қазақстан Республикасының Заңы Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы iconҚазақстан Республикасының Заңы
    «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар...
    Қазақстан Республикасының Заңы Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы iconҚазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне «Жол жүрісі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына
    Бап. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін
    Қазақстан Республикасының Заңы Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы iconҚазақстан Республикасының Заңы
    Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ұлттық қауіпсіздік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
    Разместите кнопку на своём сайте:
    kk.convdocs.org



    База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
    обратиться к администрации
    kk.convdocs.org
    Главная страница