Қазақстан Республикасының Заңы Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы




НазваниеҚазақстан Республикасының Заңы Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
страница3/4
Дата конвертации18.06.2013
Размер0.66 Mb.
ТипДокументы
1   2   3   4

Осы Кодекстiң 198 және 198-1-баптарын қолданған жағдайда, мемлекеттiк уәкiлеттi орган белгiлеген нысан бойынша халықаралық шарттың ережелерiн қолдануға өтiнiштi салық органы мынадай талаптар орындалған кезде:

  1. өтiнiшпен бiрге: 

жұмыстарды орындауға (қызметтер көрсетуге) немесе өзге де мақсаттарға жасалған келiсiм-шарттардың (шарттардың, келiсiмдердiң) көшiрмелерiн; 

резидент емес заңды тұлғаның құрылтайшылары (қатысушылары) көрсетiле отырып, құжаттарының (құрылтай құжаттарының не сауда-саттық тiзiлiмi үзiндi жазбасының) көшiрмелерiн;

орындалған жұмыстар актісін және (немесе) резидент еместің әр түрлi жұмыстарды орындау фактісі мен мерзімін растайтын өзге құжатты; объектiнi пайдалануға қабылдау актiсiн құрылыс жұмыстарын орындау фактісі мен мерзімін растайтын өзге құжатты, қызметтерді көрсету фактісі мен мерзімін растайтын төлем құжатын; мүлікті (жабдықты) жалға беру фактісі мен мерзімін растайтын Қазақстан Республикасында мүлікті (жабдықты) қабылдап алу және беру актісін;

осындай жеке тұлғалардың паспорттық деректерін, олардың Қазақстан Республикасында болу мерзімін көрсете отырып, жұмыстарды орындауға (қызметтерді көрсетуге) жасалған келісім-шарт (шарт, келісім) бойынша резидент емес өтініш берушінің міндеттемелерін орындау мақсатында жеке тұлғалардың, оның ішінде Қазақстан Республикасында резидент емес өтініш берушінің (заңды немесе жеке тұлғаның) атынан жұмыстарды орындайтын резидент еместердің тізімін табыс еткен; 

  1. салық агентi есептелген және төленген табыстар және ұстап қалған салықтар сомасын растайтын бухгалтерлiк құжаттарды:

резидент еместің кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруды бастау туралы және резидент еместің уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нысандар бойынша Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруды аяқтау туралы өтініштердің көшірмелерін, салық органының оларды қабылдағаны туралы белгілерімен бірге табыс еткен;

3) Қазақстан Республикасы халықаралық шарт жасасқан резидент емес салық төлеушінің резиденттігі мемлекетiнің құзыреттi немесе уәкiлеттi органы резидент емес салық төлеушінің резиденттiгiн растаған кезде (аталған өтiнiш бланкiсiнде немесе резиденттiктi растайтын құжатты немесе оның нотариалдық куәландырылған көшірмесін қоса отырып). Бұл орайда осы баптың және осы Кодекстiң 193-201-2-баптарының мақсаттары үшiн тиiстi халықаралық шарттың ережелерiн қолдануға құқығы бар резидент емес резиденттiк елiндегi өзiнiң тiркелу деректерi өзгерген жағдайда аталған баптарда белгiлеген тәртiппен өзгерген деректердi ескере отырып, резиденттiгiн растайтын құжат немесе оның нотариалдық куәландырылған көшірмесін тапсыруға мiндеттi; 

4) Қазақстан Республикасының заңдарында немесе тараптарының бiрi Қазақстан Республикасы болып табылатын халықаралық шартта белгiленген тәртiппен қойылған қол мен резидент еместің резиденттiгiн растаған органның немесе резиденттігін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесін ұсынған жағдайда шетелдік нотариустың мөрiн (резиденттiгiн растайтын құжатты) дипломатиялық немесе консулдық заңдастыруды жүзеге асырған кезде қабылдайды.

    1. Осы Кодекстің 199-201-1-бабында қолдану мақсатында шетелдік тұлғаның резиденттігін растайтын құжатты салық агенті (салық органы) осы баптың 1-тармағының 3) – 4) тармақшаларында белгіленген талаптар орындалған кезде қабылдайды.

Салық төлеушінің резиденттігін растайтын, осы тармақтың талаптарына сәйкес келетін құжаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесін резидент емес салық төлеуші (салық агенті) осы Кодекстің 199-201-1-бабында көзделген салық есептілігінің тиісті нысанымен бір уақытта салық есептілігінің тиісті нысанын ұсыну орны бойынша салық органына ұсынады.»;

  1. 208-баптың 2-тармағы «Кодекстiң 225-бабына сәйкес салықтан босатылатын өткiзу бойынша» деген сөздерден кейін «және (немесе) Қазақстан Республикасы өткізу орны болып табылмайтын» деген сөздермен толықтырылсын;

  2. 209-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:

«3. Сот қосылған құн салығын төлеушіні жалған кәсіпорын деп таныған жағдайда салық органының шешімі бойынша қосылған құн салығы бойынша есепке қою туралы куәлік сот анықтаған қылмыстық қызмет басталған сәттен бастап күшін жоюға тиіс.»;

  1. 210-бапта:

2-тармақтың екінші бөлігі 2-1-тармақ болып саналсын;

мынадай мазмұндағы 2-2 және 2-3-тармақтармен толықтырылсын:

«2-2. Салық органы қосылған құн салығын төлеуші болып табылатын және осындай өзгерістер туындаған күннен бастап орналасқан жерін өзгерткені туралы жиырма жұмыс күні ішінде салық органын хабардар етпеген тұлғаны анықтаған жағдайда қосылған құн салығы бойынша есептен шығаруды салық органы Қосылған құн салығын төлеушіге осы Кодекстің 31-бабына сәйкес хабарлама жібере отырып, уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен жүргізеді. Осындай қосылған құн салығын төлеушілер туралы ақпарат уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен қосылған құн салығы бойынша есептен шығаратын күні уәкілетті мемлекеттік органның WEB-сайтында орналастырылады.

2-3. Осы баптың 2-1 және 2-2-тармақтарында көрсетілген жағдайларда қосылған құн салығын төлеушілер салық органы қосылған құн салығы бойынша есептен шығару туралы шешім шығарған күннен кейінгі күннен бастап қосылған құн салығы бойынша есептен шығарылады.»;

4-тармақта:

«берген» деген сөз «берілген» деген сөзбен ауыстырылсын;

«өзін» деген сөз алып тасталсын;

  1. 211-баптың 1-тармағының 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«5) кәсіпкерлік қызмет мақсаттары үшін сатып алынған тауарды кәсіпкерлік қызметке жатпайтын мақсатта қосылған құн салығын төлеушінің не оның жалдамалы жұмыскерлеінің, қатысушылардың және (немесе) басқа тұлғалардың пайдалануын;»;

  1. 217-баптың 7-тармағындағы «Осы Кодекстiң 236-бабына сәйкес оларды сатып алған кезде» деген сөздер «Оларды сатып алатын күні қолданыста болған салық заңнамасына сәйкес» деген сөздермен ауыстырылсын;

  2. 223-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы мынадай мазмұндағы бөлiкпен толықтырылсын:

«Уақытша декларация беру рәсімін қолдана отырып, экспорт режимінде тауарларды әкеткен жағдайда кедендік ресімдеуді жүргізген кеден органының белгілері бар толық жүк кеден декларациясы экспортты растау болып табылады.»;

  1. мынадай мазмұндағы 223-1-баппен толықтырылсын:

«223-1-бап. Тазартылған қымбат бағалы металдарға салық салу

«Жеке өндірісінің тазартылған қымбат бағалы металдарды – алтынды, платинаны Қазақстан Республикасы резиденттерінің сату жөніндегі айналым қаржы ұйымдарына нөлдік ставка бойынша салық салынады.»;

  1. 225-бапта:

7) тармақшадағы «мемлекеттік мекемелердің» деген сөздерден кейін «немесе мемлекеттік кәсіпорындардың» деген сөздермен толықтырылып,
«, сондай-ақ мемлекеттiк мекемелердiң мемлекеттiк кәсiпорындар пайдасына өтеусiз негiзде негiзгi құралдарды берудi;» деген сөздер алып тасталсын;

мемлекеттік тілдегі мәтінінде 12-3) тармақша өзгеріссіз қалады;

14) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«14) ұлттық валютаның банкноттары мен монеталары;»;

17) тармақша «өндiрiлген және» деген сөздерден кейін «осы аумақтан» деген сөздермен толықтырылсын;

  1. 227-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 12) тармақшамен толықтырылсын:

«12) тазартылған қымбат бағалы металдардың орнын ауыстырмай олармен жасалатын операциялар;»;

  1. 234-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«1) ұлттық және шетел валютасының банкноттары мен монеталарының (нумизматикалық мақсатта пайдаланатыннан басқа), сондай-ақ бағалы қағаздар импорты;»;

  1. 235-баптың 2-тармағында:

6) тармақшадағы «8» деген сан «9» деген санмен ауыстырылсын;

7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«7) тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) фискальдық жады бар бақылау-кассалық машиналарын қолданып және бақылау чегін бере отырып сатып алған жағдайда, бақылау-касса машинасының чегiнде көрсетiлген салық сомасы осы баптың 1-тармағына сәйкес есепке жатқызылған қосылған құн салығының сомасы болып табылады.»;

  1. 237-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:

«5) осы Кодекстің 209-бабының 3-тармағында көрсетілген жағдайларда қосылған құн саоығы бойынша есепке қою туралы куәлік күшін жойған кезде.»;

  1. 238-баптың 1-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Туындаған сәттен бастап үш жыл ішінде қанағаттандырылмаған тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) бойынша мiндеттемелер күмәнді болып танылады және осындай тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) бойынша бұрын есепке жатқызылған қосылған құн салығының сомасы, ол есепке жатқызылған кезден бастап үш жыл өткен соң есептен шығарып тасталуға тиiс.»;

  1. 240-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:

«3. Оларды сатып алатын күні қолданыста болған салық заңнамасына сәйкес олар бойынша қосылған құн салығы бойынша есепке алу көзделмеген қосылған құн салығынан босатылған тауарларды сату кезінде осы баптың
1-тармағының мақсаттары үшін сату жөніндегі айналымға тауарды сату құны мен теңгерімдік құны арасындағы оң айырма қосылады.»;

  1. 242-баптың 8-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«3) фискальдық жады бар бақылау-кассалық машиналарын қолданып және бақылау чегін бере отырып, тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатқан жағдайда;»;

  1. 246-бапта:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Осы баптың 2-тармағында белгіленген жағдайларды қоспағанда, қосылған құн салығын төлеушінің қалауы бойынша күнтізбелік ай не тоқсан қосылған құн салығы бойынша салық кезеңі болып табылады.»;

2-тармақтағы «тоқсан» деген сөз «күнтізбелік ай» деген сөздермен ауыстырылсын;

3-тармақ алып тасталсын;

  1. 250-бапта:

1-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1-1. Осы баптың 1-тармағының ережелері қосылған құн салығын төлеушi өздерiнiң өндiрiстiк мұқтаждары үшiн әкелетін тауарларға қатысты қолданылады.»;

2-тармақта:

бірінші бөліктегі «міндеттемені және» деген сөздер «және» деген сөзбен ауыстырылсын;

екінші бөліктегі «Мiндеттемелер», «екі» деген сөздер тиісінше «Міндеттеме», «үш» деген сөздермен ауыстырылсын;

  1. 251-бапта:

4-тармақ мынадай мазмұндағы бөлікпен толықтырылсын:

«Қайтарылуға тиіс қосылған құн салығының сомасын анықтау кезінде сыртқы сауда тауар айырбасы жөніндегі операциялар бойынша тауарлардың экспорты жағдайында сыртқы сауда тауар айырбасы жөніндегі шарттың (келісім-шарттың), сондай-ақ сыртқы сауда тауар айырбасы жөніндегі (бартерлік) операция бойынша экспортталған тауарлардың қосылған құн салығын төлеушіге сатып алушы берген тауарлар бойынша импорттық жүк кеден декларациясының болуы есепке алынады.»;

мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:

«4-1. Осы бапқа сәйкес қайтарылуға тиіс қосылған құн салығының сомасын анықтау кезінде кеден органының кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті органмен келісім бойынша уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен нысан бойынша және тәртіппен ұсынылған Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тауарларды экспорт режимінде әкету фактісін растайтын мәліметтері есепке алынады.

Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тауарларды экспорт режимінде әкету фактісін растайтын мәліметтер үшін кеден органы жауап береді.»;

  1. 252-бапта:

1-тармақтың 3) тармақшасы «дұрыстығын растау» деген сөздерден кейін «не осы баптың 4-тармағында көзделген жағдайда салықтық тексеру актісіне салық органының қорытындысы» деген сөздермен толықтырылсын;

2-тармақта:

1) тармақшада:

бірінші абзацтағы «аталған салық пен» деген сөздер алып тасталсын;

мынадай мазмұндағы бөлiктермен толықтырылсын:

«егер заңды тұлға қосылған құн салығын төлеуші болып табылса, қосылған құн салығын қайтару оның құрылымдық бөлімшелерінде бар осы және басқа салық түрлері бойынша салық берешегін өтеу есебіне қосылған құн салығын есепке алу жолымен жүргізіледі;

Егер заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі қосылған құн салығын төлуші болып табылса, қосылған құн салығын қайтару сондай-ақ заңды тұлғада осы және басқа салық түрлері бойынша салық берешегін өтеу есебіне қосылған құн салығын есепке алу жолымен жүргізіледі.»;

мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:

«3-1) қосылған құн салығын төлеушінің осы және басқа салық түрлері бойынша салық берешегі болмаған жағдайда қосылған құн салығын қайтару оның дербес салық төлеушілер болып табылатын құрылымдық бөлімшелерінің осы және басқа салық түрлері бойынша салық берешегін өтеу есебіне есепке алу жолымен жүргізіледі.»;

мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:

«5) қосылған құн салығын төлеушіде салық берешегі болмаған жағдайда салық төлеуші басқа салық түрлері бойынша алдағы төлемдер есебіне есепке алу жолымен қосылған құн салығын қайтаруды талап етуге құқылы.»;

3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Қосылған құн салығын төлеушiнің банк шотына қосылған құн салығын қайтару оның салық берешегi болмаған кезде жүргiзiледi.

Егер заңды тұлға қосылған құн салығын төлеуші болып табылса, қосылған құн салығын банк шотына қайтару сондай-ақ оның құрылымдық бөлімшелерінде осы және басқа салық түрлері бойынша салық берешегі болмаған жағдайда жүргізіледі.»;

4-тармақта:

бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Егер салықтық тексеру жүргізлетін мерзiм iшiнде қарсы салық тексерулерiн жүргiзу кезiнде анықталған бұзушылықтар жойылмаса, мұндай қосылған құн салығын төлеушiлерге салықты қайтару бұзушылықтар анықталған не жойылған сомалар шегiнде жүргiзiледi.»;

мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

«Егер бұзушылықтар салықтық тексеру аяқталғаннан кейін жойылса, салықты қайтару салықтық тексеру жүргізбей-ақ уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нысан бойынша және тәртіппен салықтық тексеру жүргізген салық органының қорытындысы негізінде жүргізіледі.»;

үшінші бөлікте:

бірінші абзацтағы «қосылған құн салығын төлеушiнiң берушiсiн тексеру» деген сөздер «қарсы тексеру» деген сөздермен ауыстырылсын;

2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«2) камерамен бақылау жүргізу кезінде бұзушылықтар анықталған берушiлер (Қазақстан Республикасының аумағында экспортталған тауарлар өнідірісі мен айналымы процесіне қатысқан тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді беруші салық төлеушілерді қоса алғанда) мiндеттi тексеруге жататыны.»;

мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:

«6. Нөлдік ставка бойынша қосылған құн салығы салынатын және олар бойынша өтініш берілген айналымдар жасалған салық кезеңінен кейін 12 ай өткеннен кейін салықты қайтару туралы өтініш берген қосылған құн салығын төлеушілерге осы бапта көзделген қосылған құн салығын қайтару жүргізілмейді.»;

  1. 259-баптың 1-тармағы 1) тармақшасының сегізінші абзацы «мұқтаждарына» деген сөзден кейін «және акцизделетін тауарларды өзі өндіруі үшін» деген сөздермен толықтырылсын;

  2. 260-баптың 4-тармағы «қажеттерiне» деген сөзден кейін «және акцизделетін тауарларды өзі өндіруі үшін» деген сөздермен толықтырылсын;

  3. 271-баптың 8-тармағы «Шарап материалын» деген сөздерден кейін «және сыраны» деген сөздермен толықтырылсын;

  4. 275-баптың 1 және 3-тармақтарындағы «15-інен» деген сөз «20-сынан» деген сөзбен ауыстырылсын;

  5. 278-3-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы бөлікпен толықтырылсын:

«Шикі мұнайды, газ конденсатын тасымалдауға арналған шығыстар деп осы баптың мақсаттары үшін мыналар түсініледі:

а) шикі мұнайды, газ конденсатын темір жол, магистарльдық құбыр жолы және (немесе) теңіз жолдары арқылы тасымалдау кезінде көлік тарифтіне ақы төлеу;

б) шикі мұнайды, газ конденсатын ағызу және құю жөніндегі шығыстар;

в) шикі мұнайды, газ конденсатын жолда сақтандыру жөніндегі шығыстар.»;

  1. 278-6 және 278-7-баптардағы «15-інен» деген сөз «20-сынан» деген сөзбен ауыстырылсын;

  2. 279-баптың 1-тармағының бірінші абзацындағы «және өндiрумен байланысы жоқ жер асты құрылыстарын салу мен пайдалану жөнiндегi жұмыстарды» деген сөздер алып тасталсын;

  3. 282-бапта:

мемлекеттік тілдегі мәтінінде 2 және 3-тармақтар өзгеріссіз қалады;

5-тармақтың екінші бөлігі «келісім-шарттарға» деген сөзден кейін «және барлаумен және өндiрумен байланысы жоқ жер асты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға» деген сөздермен толықтырылсын;

мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын;

«6. Қорларын осы мақсаттар үшін уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шартта көзделмеген пайдалы қазбаларлы өндірген жағдайда жер қойнауын пайдаланушы осы Кодекстің 281-бабында белгіленген тәртіппен олар бойынша төлемдер жүргізеді.»;

  1. 295-баптың 1-1-тармағы алып тасталсын;

  2. 296-баптағы «, сондай-ақ барлаумен және (немесе) өндiрумен байланысы жоқ жер асты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға жер қойнауын пайдалану құқығы бар тұлғалар» деген сөздер алып тасталсын;

  3. 297-баптың 2-1, 3-1 және 4-1-тармақтары алып тасталсын;

  4. 299-бапта:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Роялтидi есептеу мақсатында, алтынды, күмісті және платинаны қоспағанда, өндірiлген мұнайдың, кең таралған пайдалы қазбалардың, жер асты сулары мен пайдалы қазбалардың құны өндiрiлген пайдалы қазбалардан алынған алғашқы тауарлы өнiмнің салық кезеңiндегi орташа өлшемдi өткiзу бағасы негiзге алына отырып, жанама салықтар мен оларды сату (тиеп жөнелту) пунктiне дейiн тасымалдауға кеткен iс жүзiндегi шығыстар сомасы есепке алынбай айқындалады.

Осы баптың мақсаттары үшін тасымалдауға арналған шығыстар деп темір жол, магистральдық құбыржол және (немесе) теңіз жолдары арқылы тасымалдау кезінде өзіне көлік тарифін қамтитын іс жүзіндегі шығыстар, ағызу және құю (сұйық заттар үшін)жөніндегі шығыстар, тиеу және түсіру (қатты заттар үшін) жөніндегі шығыстар және егер жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шартта өзгеше көзделмесе, жолда сақтандыру жөніндегі шығыстар түсіндіріледі.»;

5-тармақ «сатылмаған» деген сөзден кейін «не толық сатылмаған» деген сөздермен толықтырылсын;

  1. 301-баптағы «15-інен» деген сөз «20-сынан» деген сөзбен ауыстырылсын;

  2. 304-баптағы «10-ынан» деген сөз «20-сынан» деген сөзбен ауыстырылсын;

  3. мынадай мазмұндағы 311-1-баппен толықтырылсын:

«311-1. Төлеушілер

Өнімді бөлу жөніндегі келісім-шарта өзгеше келісілмесе, өнімді бөлу туралы келісім-шарт жасасқан жер қойнауын пайдаланушылар өнімді бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесін төлеушілер болып табылады.»;

  1. 314-2-баптағы «15-інен» деген сөз «20-сынан» деген сөзбен ауыстырылсын;

  2. 314-3-баптағы «15-інен» деген сөз «20-сынан» деген сөзбен ауыстырылсын;

  3. 316-баптың 1-тармағының бірінші абзацындағы «қызмет көрсетудiң өтемдi шарттары бойынша жеке тұлғаларға (жеке кәсiпкерлерге, жекеше нотариустар мен адвокаттарға төленетiн төлемдердi қоспағанда) төленетiн төлемдер,» деген сөздер алып тасталсын;

  4. 324-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Заңды тұлғаның шешімі бойынша оның құрылымдық бөлімшелері (бұдан әрі – заңды тұлғалар) жер салығын төлеушілер ретінде қарастырылады.»;

  1. 326-баптың 2-тармағының 1) тармақшаның екiншi абзацындағы «тазарту құрылғылары» деген сөздер «электр беру желілері, құрылғылары, күл-қож құбырлары, жылу трассалары» деген сөздермен ауыстырылсын;

  2. 329-бапта:

2-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Жазық аумақтардың далалық және қуаң далалық аймақтарының жерлеріне бонитет балына барабар түрде төмендегідей жер салығының базалық салық ставкалары белгіленеді:»;

3-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Шөлейттi, шөлдi және тау бөктеріндегi шөлдi аймақтардың жерлерiне бонитет балына барабар түрде жер салығының төмендегiдей базалық салық ставкалары белгiленедi:»;

  1. 337-бапта:

атауында «станциялары және базарлар орналасқан» деген сөздер «станцияларына және базарларға бөлінген» деген сөздермен ауыстырылсын;

1-тармақтың бірінші және екінші бөліктеріндегі «станциялары орналасқан» деген сөзден «станцияларына бөлінген» деген сөздермен ауыстырылсын;

3-тармақ алып тасталсын;

  1. 340-баптың 8-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Осы құқықтарды беретiн тұлғаның жер учаскесiне iс жүзiнде иелiк еткен кезеңi үшiн төлеуге жататын салық сомасы құқықтарды мемлекеттiк тiркеуге дейiн немесе тiркеген кезде бюджетке енгiзiлуi тиiс. Бұл ретте бастапқы төлеушi ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап ол жер учаскесiн беретін айдың басына дейiнгі салық сомасын есептейді. Одан кейiнгi төлеушi оның жер учаскесiне құқығы пайда болған ай басынан басталатын кезеңге салық сомасын есептейді.»;

  1. 344-баптың 2, 3-тармақтардағы «15» деген сандар және 5-тармақтағы «15-інен» деген сөз тиісінше «20» деген сандармен және «20-сынан» деген сөзбен ауыстырылсын;

  2. 348-1-баптың 3-тармағындағы «жеке кәсiпкерлер, жеке нотариустар, адвокаттар» алып тасталсын;

  3. 351-баптың 2-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында белгіленген құқықтарда салық салу объектілері бар заңды тұлғаның шешiмi бойынша оның құрылымдық бөлiмшелерi дербес салық төлеушiлер ретiнде қарастырылады.»;

  1. 359-баптың 2 және 3-тармақтарындағы «15» деген сандар «20» деген сандармен ауыстырылсын;

  2. 361-баптың 2-тармақтың бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:

«4) кәсіпкерлік қызметте пайдаланылатын салық салынатын объектілер бойынша жеке кәсіпкерлер.»;

  1. 363-баптың бірінші абзацындағы «және кәсiпкерлiк қызметте пайдаланылмайтын» деген сөздер алып тасталсын;

  2. 368-баптың 3-тармағындағы «және салық сомаларының бюджетке төленген фактiсiн растайтын» деген сөздер алып тасталсын;

  3. 369-баптың 2-тармағының бірінші бөлігіндегі «(тұрақты үлгі бөлімдерде)» деген сөздер «(оқшауландырылған блоктарда)» деген сөздермен ауыстырылсын;

  4. 370-бапта:

2-тармақтың бірінші бөлігі «осы Кодекстiң 146-162-баптарын» деген сөздерден кейін «осы Кодекстiң 132-134баптарын, 135-баптың 2-тармағын, 146-162-баптарын» деген сөздермен толықтырылсын;

5-тармақтағы «күнтізбелік жыл» деген сөздер «он екі ай» деген сөздермен ауыстырылсын;

  1. 374-бапта:

1-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«3) патент негізінде арнайы салық режимін қолданудың әрбір он екі ай мерзімі ішіндегі табысы 2,0 млн. теңгеден аспайтын жеке кәсiпкерлер қолданады»;

2-тармақ мынадай мазмұндағы бөлікпен толықтырылсын:

«Салық органы жоғарыда көрсетілген өтінішсіз патент негізінде арнайы салық режимін қолданған жеке кәсіпкерлерді осы тармақта көрсетілген жағдайларды белгілеу кезінде салықты есептеу мен төлеудің жалпыға бірдей белгіленген тәртібіне ауыстыруға құқылы.»;

3 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Жеке кәсіпкер патент негізінде арнайы салық режимін қолдану үшін оны қолдануды бастағанға дейін кәсіпкерлік қызметін жүзеге асыратын орны бойынша салық органына уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нысан бойынша өтініш ұсынады.

Патент жеке кәсіпкерге кемінде бір ай және он екі айдан аспайтын мерзімге беріледі.

5. Патент негізінде арнаулы салық режимінде кәсіпкерлік қызметті уақытша тоқтата тұру кезеңінде жеке кәсіпкер қызметті жүзеге асыру орны бойынша салық органына уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нысан бойынша өтініш береді.»;

  1. 378-бапта:

3-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

«Арнайы салық режимінен өз еркімен шыққан кезде шаруа (фермер) қожалығы есептіктен кейінгі салық мерзімінен бастап өтініш негізінде салықты есептеу мен төлеудің  жалпыға бірдей белгіленген тәртібіне көшеді.».

4-тармақта:

бірінші бөлікте:

«жыл сайын» деген сөздер алып тасталсын;

«жыл сайын» деген сөздер «осы арнайы салық режимін қолданған бірінші жылдың (бірінші салық кезеңінде) 20 ақпанынан» деген сөздермен ауыстырылсын;

үшінші бөліктегі «алған күні» деген сөздер «алғаннан кейін отыз жұмыс күнінен кешіктірмей жер учаскесі орналасқан орны бойынша салық органына» деген сөздермен ауыстырылсын;

  1. 385-баптың 2-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«2) филиалдар, өкiлдiктер;»;

  1. 68-тараудың тақырыбы «тіркегені» деген сөзден кейін «және филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркегені» деген сөздермен толықтырылсын;

  2. 398-баптың 1-тармағы «тіркегені» деген сөзден кейін «және филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркегені» деген сөздермен толықтырылсын;

  3. 399-бапта:

«тiркелуге тиiс» деген сөздерден кейін «жеке және» деген сөздермен толықтырылсын;

«олардың» деген сөз алып тасталсын;

  1. 70-1-баптың тақырыбы «кепiлiн» деген сөзден кейін «және кеменің немесе салынып жатқан кеменің ипотекасын» деген сөздермен толықтырылсын;

  2. 406-1-баптың 1-тармағында:

«кепiлiн» деген сөзден кейін «және кеменің немесе салынып жатқан кеменің ипотекасын» деген сөздермен толықтырылсын;

«кепiлiн» деген сөзден кейін «және кеменің немесе салынып жатқан кеменің ипотекасын» деген сөздермен толықтырылсын;

  1. 406-2-баптың 1-тармағында:

«мүлiк кепiлiн тiркеудi жүзеге асыратын» деген сөздер «мүлiкті кепілге алу туралы, кеменің немесе салынып жатқан кеменің ипотекасы туралы шарт жасасқан» деген сөздермен ауыстырылсын;

  1. 72-тараудың тақырындағы «Механикалық көлік құралдары мен тіркемелерді» деген сөздер «Көлік құралдарын» деген сөздермен ауыстырылсын;

  2. 410-баптың 1-тармағында:

«Механикалық көлiк құралдары мен тiркемелердi» деген сөздер «Көлік құралдарын» деген сөздермен ауыстырылсын;

«тiркемелердi» деген сөзден кейін «, теңіз, әуе, өзен және өлшемі кіші кемелерді, азаматтық әуе кемелерін» деген сөздермен ауыстырылсын;

  1. 411-бап «Тіркеуге» деген сөздің алдынан «Теңіз, өзен және көлемі кіші, азаматтық әуе кемелерін қамтитын,» деген сөздермен толықтырылсын;

  2. 438-баптың 1-тармағы «беру» деген сөзден кейін «(қайта ресімдеу)» деген сөздермен толықтырылсын;

  3. 450-баптың 2-тармағының екінші бөлігі 2-1-тармақ болып есептелсін;

  4. 451-бапта:

2-тармақтың бірінші бөлігіндегі «су ресурстарын басқару жөнiндегi» деген сөздер «су қорын пайдалану және қорғау саласындағы» деген сөздермен ауыстырылсын;

3-тармақтағы «Су ресурстарын басқару жөнiндегi аумақтық» деген сөздер «Су қорын пайдалану және қорғау саласындағы өңірлік» деген сөздермен ауыстырылсын;

  1. 453-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«мыналарды:

ағынды бассейнаралық бұруды жүзеге асыратын каналдарда және ағынды реттеуді жүзеге асыратын ернеуден тыс су қоймаларында сүзуге және булануға кететін, су шаруашылығы жүйелерінің деректері негізінде су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткен су шығындарын;

су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті орган заңнамада белгіленген тәртіппен бекіткен табиғат қорғау және/немесе санитарлық-эпидемиологиялық су ағызу көлемін;

су тасқынын, су басуды және су астында қалуды болдырмау мақсатында жүзеге асырылатын суару жүйелеріне еріксіз су жинау көлемін қоспағанда жер үстi су көзiнен алынған судың көлемi;»;

  1. 454-баптың 2-тармағындағы «су ресурстарын басқару жөнiндегi» деген сөздер «су қорын пайдалану және қорғау саласындағы» деген сөздермен ауыстырылсын;

  2. 456-баптың 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларындағы «20» деген сандар «25» деген сандармен ауыстырылсын;

  3. 458-баптың 5-тармағындағы «су ресурстарын басқару жөнiндегi» деген сөздер «су қорын пайдалану және қорғау саласындағы» деген сөздермен ауыстырылсын;

  4. 463-баптың 6-тармағының 1) және 2) тармақшаларындағы «20» деген сандар «25» деген сандармен ауыстырылсын;

  5. 465-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Төлемақы төлеушiлер салық органдарына ағымдағы төлем сомасының есептемесін және олардың мемлекеттік тіркелу орны бойынша берілетін жылжымалы ластау көздерін қоспағанда, ластау объектiсiнiң орналасқан жерi бойынша декларацияны табыс етедi.»;

  1. 471-баптың 2-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«1) мемлекеттiк орман иелерi - ағашты түбiрiмен жөнелткенi үшiн:

аралық пайдалану үшін кесу және басқа да ағаш кесулерді жүзеге асыру кезiнде;»;

  1. 496-баптың 1-тармағы 4) тармақшасының екінші және үшінші абзацтарындағы «есептелген» деген сөз алып тасталынып, «сомасының» деген сөз «даулы соманың» деген сөздермен ауыстырылсын;

  2. 518-бап 5) тармақшадағы «салық төлеушi туралы» деген сөздерден кейін «;» белгісі қойылып, мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:

«6) осы Кодексте белгіленген мерзім күнінен бастап алты ай өткеннен кейін салықтық есептемені ұсынбаған және/немесе нақты мекен-жайы (тұрғылықты мекен-жайы) бойынша болмаған салық төлеушілердің тіркеу деректері туралы, сондай-ақ сот жалған кәсіпорындар деп таныған салық төлеушілер туралы»;

  1. 520-баптың 4-тармағы «салық органына берген» деген сөздерден кейін «және (немесе) уәкілетті органдар ұсынған» деген сөздермен толықтырылсын;

  2. 521-баптың 1-тармағында:

1) және 2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

1) орналасқан жерi бойынша - резидент заңды тұлғалар, олардың құрылымдық бөлiмшелерi:

2) орналасқан жерi бойынша - тұрақты мекеме құру арқылы Қазақстан Республикасында қызметiн жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғалар;»;

5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«5) Қазақстан Республикасында болатын жерi бойынша – осы Кодекстiң 190-бабының және 191-бабының 2-тармағында
көрсетiлген, сондай-ақ Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын және осы Кодекске сәйкес арнайы салық режимдерін қолданатын резидент емес жеке тұлғалар (осы тармақтың 5-1) тармақшасында көрсетілген тұлғаларды қоспағанда);»;

мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:

«5-1) осы Кодекстің 178-бабының 3) тармақшасында көрсетілген, бағалы қағаздарды сату кезінде құнның өсуінен табыс алатын, мүлкі резидент емес заңды тұлғаның сатылған акциялары, қатысу үлестері немесе активтері құнының 50 процентінен аспайтын резидент – эмитенттің немесе резидент заңды тұлғаның тіркелген орны бойынша осы Кодекстің 183 және 190-баптарына сәйкес салық салуға жататын, резидент еместер болып табылатын заңды және жеке тұлғалар;»;

7) тармақша «шоттарын» деген сөзден кейін «және карт-шоттарын» деген сөздермен толықтырылсын;

  1. 524-бапта:

2-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«1) заңды тұлға, оның құрылымдық бөлімшелерi, сондай-ақ осы Кодекстің 521-бабының 1-тармағында көрсетілген резидент емес заңды тұлға үшiн:»;

8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«8. Салық органы тiркеуге алу есебiне қоюды салық төлеушiнiң өтiнiшi берiлген кезден бастап екi жұмыс күнi iшiнде жүзеге асырады.

Осы баптың 11-тармағында көрсетілген жағдайда тіркеу есебіне қою салық төлеуші өтініш берген сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.»;

11-тармақта:

«орналасқан жерiн,» деген сөз алып тасталсын;

«өзi тiркеу есебiнде тұрған салық органына он жұмыс күнi iшiнде есептен шығару туралы өтiнiш беруге және салық төлеушiнiң бұрын берiлген тiркеу нөмiрiн көрсете отырып, жаңадан орналасқан жерi, қызметiн жүзеге асыратын орны, тұрғылықты жерi, келген жерi немесе салық салу объектiлерiнiң орналасқан жерi және (немесе) тiркеу орны бойынша тiркеу есебiне тұруға мiндеттi» деген сөздер «салық органына жиырма жұмыс күні ішінде қызметін жүзеге асыратын жаңа орны, тұрғылықты орны, келген орны немесе салық төлеушінің бұрын берілген тіркеу нөмірін көрсете отырып, салық салу объектілерінің орналасқан және (немесе) тіркелген жері бойынша тіркеу есебіне қою туралы өтініш беруге міндетті» деген сөздермен ауыстырылсын;

  1. 525-баптың 2-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Салық төлеушiнi Қазақстан Республикасы Салық төлеушілерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiнен шартты түрде шығарып тастау:

1) салық төлеушi әрекетсiз заңды тұлға белгiлерiне сәйкес келген және салық берешегi болмаған жағдайда тiркеу нөмiрi сақтала отырып;

2) салық төлеушіні сот жалған кәсіпорын деп таныған жағдайда жүргiзiледi.»;

  1. 526-баптың 10) тармақшасы «заңды тұлғалардың» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ мемлекеттік лауазымға не мемлекеттік немесе оларға теңестірілген функцияларды орындауға байланысты лауазымға кандидаттар болып табылатын адамдардың, немесе олардың жұбайларының» деген сөздермен толықтырылсын;

  2. 527-бапта:

2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Осы Кодекстiң 521-бабының 1-тармағының 5) және 5-1) тармақшаларында аталған резидент емес жеке тұлғалар кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруды бастаған күнінен бастап немесе Қазақстан Республикасында салықтық міндеттемесі туындаған күнінен бастап отыз жұмыс күнi iшiнде салық органында мемлекеттiк тiркеуден өтуге мiндеттi.

3. Осы Кодекстiң 521-бабының 1-тармағының 5-1) тармақшасында аталған резидент емес заңды тұлғалар Қазақстан Республикасында салықтық міндеттемесі туындаған күнінен бастап отыз жұмыс күнi iшiнде салық органында мемлекеттiк тiркеуден өтуге мiндеттi.»;

3-1-тармақ мынадай мазмұндағы бөлікпен толықтырылсын:

«Бұл ретте осы тармақта көрсетілген резидент емес заңды тұлғалар Қазақстан Республикасында қызметін жүзеге асыруды бастаған күнінен бастап отыз жұмыс күнінен кешіктірмей салық төлеуші ретінде мемлекеттік тіркеуден өтуге міндетті.»;

4-тармақтағы «резидент емес заңды тұлғаның» деген сөздер «резидент еместің» деген сөздермен ауыстырылсын;

6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«6. Салық агенттері өзі тіркелген орны бойынша салық органына резидент еместің кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруды бастауы туралы және резидент еместің Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік қызметін жүзеге асыруды аяқтауы туралы Қазақстан Республикасында жұмыстарды (қызметтерді) орындауға келісім-шарт жасасқан күнінен бастап 10 жұмыс күні ішінде және резидент еместің қызметті жүзеге асыруды аяқтаған күнінен бастап 10 жұмыс күні ішінде уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нысандар бойынша өтініш беруге міндетті.

Осы тармақтың ережелері Қазақстан Республикасында жұмыстарды орындау, осы Кодекстің 521-бабының 1-тармағында көрсетілмеген резидент еместерге қызметтер көрсету үшін кірістер төлейтін салық агенттеріне қолданылмайды.»;

  1. 533-баптың 4-тармағында:

2) тармақшаның екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«2) тақырыптық тексеру – салық міндеттемесінің салықтың жекелеген түрлері және (немесе) бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша орындалуын;»;

3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«3) қарсы тексеру - егер салықты тексерудi жүргiзу кезiнде салық органында аталған тұлғаларға байланысты салық төлеушiлердiң жүргiзген операцияларының салық есебiнде дұрыс көрсетiлуi туралы қосымша ақпарат алу қажеттiгi туындаған жағдайда үшiншi бiр тұлғаларға қатысты жүргiзiлетiн тексеру. 

Қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығы сомасының шынайылығы мәніне салықтық тексеруді жүргізу кезінде Қазақстан Республикасының аумағында олар бойынша камералық бақылауды жүргізу кезінде бұзушылықтар анықталған экспортталған тауарларды өндіру және айналымға қосу процесіне қатысқан, тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) беруші салық төлеушілерді тексеру сондай-ақ қарсы тексеру болып табылады.»;

мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:

«4) қосымша тексеру –салық төлеушінің арызында айтылған мәселелер бойынша салықтық тексеру нәтижелері бойынша салық төлеушінің арызын қарайтын немесе резидент еместің екі рет салық салуды болдырмау туралы халықаралық шарт ережелерін қолданудың заңдылығына қатысты мәселелерді екінші рет қарау туралы өтінішін қарайтын салық қызметі органының шешімі негізінде жүргізілетін тексеру;»;

  1. 534-баптың 2-тармағында:

4) тармақша мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын:

«резидент еместің екі рет салық салуды болдырмау туралы халықаралық шарттың ережелерін қолдануға берген өтінішінің негізінде жүргізілетін;»;

5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«5) салық тексеруi актiсi бойынша хабарламаға салық төлеушiнің шағымын қарайтын органның шешiмi немесе  резидент еместің екі рет салық салуды болдырмау туралы халықаралық шарттың ережелерін қолданудың заңдылығына қатысты мәселені екінші рет қарау туралы өтінішінің негiзiнде жүргiзiлетiн қосымша тексерулер кезiнде;»;

  1. 536-баптың 3-тармағының бірінші абзацы «Тақырыптық» деген сөзден кейін «, қосымша,» деген сөзбен толықтырылсын;

  2. 546-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы үшінші абзацының мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгеріссіз қалдырылсын;

  3. 549-бап мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:

«5. Уәкілетті мемлекеттік органы акциздік және есептік-бақылау карточкаларын алу, есепке алу, сақтау және беру ережелерін белгілейді.»;

  1. 553-баптың 1-тармағындағы «он бес» деген сөздер «отыз» деген сөзбен ауыстырылсын;

  2. 557-2-баптың 1-тармағындағы «он» деген сөз «отыз» деген сөзбен ауыстырылсын;

  3. 557-8-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

2. Қосымша тексеру осы Кодексте белгiленген тәртiппен және мерзімдерде жүргізіледі. Бұл ретте қосымша тексеру арызды қарайтын салық қызметі органының осындай тексеруді жүргізу туралы шешімін алған сәттен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей басталуы тиіс.».
3. Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 сәуірдегі Кеден кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 7-8,
40-құжат; № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 18, 106-құжат; 2005 ж., № 11,
43-құжат; № 21-22, 86, 87-құжаттар; 2006 ж., № 3, 22-құжат):

134-баптың 1-тармағының 2) тармақшасындағы «акциздік алым таңбаларымен» деген сөздер «акциздік таңбалармен немесе есептік-бақылау таңбаларымен» деген сөздермен ауыстырылсын;

346-баптың 7-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«7. Кедендің төлемдердің немесе салықтардың артық төленген сомасын кеден органдары артық төленген сома бар кедендің төлемнің немесе салықтың сол түрі бойынша есептеуге тиіс:

1) төлеушінің өтінішінсіз кедендік төлемнің немесе салықтың сол түрі бойынша өсімпұл мен айыппұлды өтеу есебіне;

2) төлеушінің өтініші бойынша кедендік төлемнің немесе салықтың сол түрі бойынша алдағы төлемнің есебіне.».
4. «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуірдегі Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 3-4,
35-құжат; № 15-16, 109-құжат; № 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 1, 180-құжат; № 14, 274-құжат; 1997 ж., № 12, 183-құжат; 1998 ж., № 5-6, 50-құжат; № 17-18, 224-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2000 ж., № 3-4, 63, 64-құжаттар; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 1, 1-құжат; № 8,
52-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 18, 157-құжат; 2003 ж., № 4, 25-құжат; № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 5, 30-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат):

11-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Заңды тұлғаны құрудың және қайта ұйымдастырудың Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде белгіленген тәртібін бұзу, құрылтай құжаттарының Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес келмеуі, табыстау актісiн немесе бөлу балансын, ұсынбау не оларда қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаның құқық мирасқорлығы туралы ережелердің болмауы, сондай-ақ егер құрылтайшы іс-әрекет етпейтін заңды тұлға және (немесе) егер заңды тұлғаның құрылтайшысы және (немесе) басшысы іс-әрекет етпейтін заңды тұлғалардың басшысы болып табылған және (немесе) іздеуде (бостандығынан айыру орындарында) болған және (немесе) әрекетке қабілетсіз және (немесе) әрекетке қабілеті шектелген және (немесе) хабарсыз кеткен және (немесе) қайтыс болған және (немесе) хабарсыз жоғалған және (немесе) қылмысы үшін Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 192, 216, 217-баптары бойынша сотталған және (немесе) жеке басын куәландыратын жоғалған құжаттар ұсынылған жағдайда заңды тұлғаны мемлекеттік тiркеуден және қайта тіркеуден бас тартуға әкеп соғады.».
5. «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 12, 186-құжат; 1998 ж.,
№ 24, 437-құжат; 1999 ж., № 8, 237-құжат; № 23, 925-құжат; 2001 ж., № 17-18, 245-құжат; № 20, 257-құжат; 2002 ж., № 1, 1-құжат; № 23-24; 198-құжат;
2003 ж., № 1-2, 9-құжат; № 11, 56-құжат; № 15, 139-құжат; № 21-22,
160-құжат; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; № 23, 140, 142-құжаттар; 2005 ж.,
№ 7-8, 19-құжат; № 11, 39-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат):

  1. 22-1-баптың 2-тармағында:

«Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалатын табыстың» деген сөздер «мәлімделетін табыстың» деген сөздермен ауыстырылсын;

мынадай мазмұндағы бөлiкпен толықтырылсын:

«Мәлімделетін кіріс өз пайдасына жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақылық жарналарды аудару үшін жеке кәсіпкер, адвокат және жеке нотариус өз бетінше айқындайтын табыс болып табылады.»;

2) 22-4-бапта:

3-тармақтың 2) тармақшасы мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

«Агенттің банк шотында теңгелей ақша болмаған жағдайда міндетті зейнетақылық жарналар бойынша қарызды өндіріп алу салық органдары теңгелей шығарған инкассациялық өкімдердің негізінде шетелдік валютадағы банк шоттарынан жүргізіледі.»;

5-тармақ «шоты болмаған» деген сөздерден кейін «немесе агенттің банк шотында (шоттарында) ақша жеткіліксіз болған» деген сөздермен толықтырылсын;

мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын:

«7. Салық қызметі органдары жыл сайын бұқаралық ақпарат құралдарында салық төлеуші агенттің тіркеу нөмірін, басшысының тегін, атын, әкесінің атын және міндетті зейнетақылық жарналар бойынша қарыз сомасын көрсете отырып, міндетті зейнетақылық жарналар бойынша және ол туындаған күннен бастап кемінде алты ай мерзімде өтелмеген қарызы бар агенттердің тізімін жариялайды.».
6. «Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы
16 шілдедегі Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы,
1999 ж., № 20, 720-құжат; 2004 ж., № 5, 27-құжат; № 23, 142-құжат):

1) 1-бапта:

1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«1) алкоголь өнімі - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дәрiлiк зат ретiнде тiркелген, құрамында спиртi бар медициналық мақсаттағы өнiмдердi қоспағанда, құрамында тағамдық шикізаттан және (немесе) құрамында спирт бар тамақ өнімінен этил спиртін пайдаланып жасалған, бiр жарым проценттен астам этил спиртінің көлемдік үлесі бар тамақ өнімі;»;

16) тармақша «материалдардан» деген сөзден кейін (тетрапакет, ПЮР-пакет және басқалар) деген сөздермен толықтырылсын;

17) тармақшадағы «сырадан басқасын» деген сөздер «(шарап материалы мен сырадан басқасын)» деген сөздермен ауыстырылсын;

мынадай мазмұндағы 20) және 21) тармақшалармен толықтырылсын.

«20) құрамында спирт бар тамақ өнімі - тағамдық шикізаттан жасалған, бiр жарым проценттен астам этил спиртінің көлемдік үлесі бар тамақ өнімі;

21) сусыз спирт – есептерде қолданылатын шартты түсінік ретінде пайдаланылатын, құрамында суы жоқ жүз проценттік спирт немесе абсолюттік алкоголь.»;

2) 3-баптың 3-тармақ мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:

«9) адамдарды этил спиртін және алкоголь өнімдерін өндіруге, сақтауға, алкоголь өнімдерінің (сырадан басқа) көтерме және бөлшектеп сатуға лицензия алу үшін қойылған біліктілік талаптарына сәйкестігін айқындау мәніне тексерумен айналысатын заңды тұлғаларды аккредиттеуді жүзеге асыру, сондай-ақ этил спирті мен алкоголь өнімін өндіруді жүзеге асыратын лицензиаттардың біліктілік талаптарын жыл сайын растау.»;

3) 4-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 6) және
7) тармақшалармен толықтырылсын:

«6) адамдарды этил спиртін және алкоголь өнімдерін өндіруге, сақтауға, алкоголь өнімдерінің (сырадан басқа) көтерме және бөлшектеп сатуға лицензия алу үшін қойылған біліктілік талаптарына сәйкестігін айқындау мәніне тексерумен айналысатын заңды тұлғаларды аккредиттеуді жүзеге асырады, сондай-ақ этил спирті мен алкоголь өнімін өндіруді жүзеге асыратын лицензиаттардың біліктілік талаптарын жыл сайын растайды;

7) технологиялық желілерді спирт өлшейтін аппараттармен және өндіру көлемдері туралы ақпаратты автоматтандырылған беруді қамтамасыз ететін бақылау есепке алу приборларымен жарақтандыру жөніндегі талаптарды белгілейді.»;

4) 5-бапта:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Алкоголь өнiмiне мыналар жатады:

1) арақтар және айрықша арақтар;

2) ликер-арақ өнiмдерi;

3) шарап материалы;

4) шараптар;

5) коньяк;

6) бренди;

7) сыра.»;

2-тармақтағы «күштi алкогольдi iшiмдiктер» деген сөздер «алкоголь өнімі» деген сөздермен ауыстырылсын;

3-тармақта:

бірінші бөлікте:
1   2   3   4

Похожие:

Қазақстан Республикасының Заңы Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы iconҚазақстан Республикасының Заңы Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін
Қазақстан Республикасының Заңы Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы iconҚазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін
Қазақстан Республикасының Заңы Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы iconҚазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін
Қазақстан Республикасының Заңы Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы icon«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне адам саудасына қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы
Бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін
Қазақстан Республикасының Заңы Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы iconКодексі салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)
Республикасының заңы, Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жеке кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар...
Қазақстан Республикасының Заңы Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы icon«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ойын бизнесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына тұжырымдама
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ойын бизнесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»...
Қазақстан Республикасының Заңы Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы iconҚазақстан Республикасының Заңы Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экологиялық мәселелер бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін
Қазақстан Республикасының Заңы Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы iconҚазақстан Республикасының Заңы
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар...
Қазақстан Республикасының Заңы Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы iconҚазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне «Жол жүрісі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына
Бап. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін
Қазақстан Республикасының Заңы Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы iconҚазақстан Республикасының Заңы
Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ұлттық қауіпсіздік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница