Қазақстан Республикасының Заңы Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы




НазваниеҚазақстан Республикасының Заңы Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
страница4/4
Дата конвертации18.06.2013
Размер0.66 Mb.
ТипДокументы
1   2   3   4

«Күштiлiгi он екi - алпыс процент», «алкогольдi iшiмдiктер ликер-арақ бұйымдары болып табылады» деген сөздер тиісінше «Ликер-арақ бұйымдары - бір жарымнан алпыс процентке дейін этил спиртінің көлемдік үлесі бар», «алкоголь өнімі»  деген сөздермен ауыстырылсын;

«майларын» деген сөзден кейін «шарап материалын,» деген сөздермен толықтырылсын;

екінші бөліктегі «күштiлiгi» деген сөз алып тасталып, «дейінгі» деген сөзден кейін «этил спиртінің көлемдік үлесі бар» деген сөздермен толықтырылсын;

4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Жүзiм шараптары – хош иісті және дәмдік қоспаларды қоспай, тамақ шикізатынан өндірілген этил спиртін және (немесе) дистилляттарды қоспай немесе қосып, жүзімді, жүзім суслосын не жеміс немесе жидек шырынын спирттік ашыту нәтижесінде алынған, жиырма екі жарым проценттен аспайтын этил спиртінің көлемдік үлесі бар, құрамында спирт бар, шырын өндіру және ликер-арақ өнімін, тура немесе екі рет айдау жолымен алынған этил спиртін өндіру үшін шикізат ретінде пайдаланылатын тамақ өнімі.

5. Жиырма екі проценттен аспайтын этил спиртінің көлемдік үлесі бар шарап материалдарынан өндірілген шарап – алкоголь өнімі.»;

6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 16 және 17-тармақтар алып тасталсын;

13 және 14-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«13. Коньяк – қырық – қырық бес процент эил спиртінің көлемдік үлесі бар, өзіне тән букеті мен дәмі бар, тура немесе екі рет айдау жолымен алынған және емен бөшкелерде немесе емен қабығын пайдалана отырып, эмальданған резервуарларда кемінде үш жыл ұсталған алкоголь өнімі.

14. Бренди – отыз жеті жарымнан қырық бес процентке дейін этил спиртінің көлемдік үлесі бар, емен сүрегін қатыстырып кемінде алты ай ұсталған түпкі өнімдегі сусыз этил спиртінің санынан елі проценттен аспайтын мөлшерде шарап материалынан алынған, этил спиртін қосып немесе қоспай шарап дистиллятынан дайындалған алкоголь өнімі.»;

5) 7-бап мынадай мазмұндағы 9-тармақпен толықтырылсын:

«9. Этил спиртін және алкоголь өнімдерін өндіру техникалық ертеу саласында белгіленген талаптарға, стандарттардың немесе өзге де құжаттардың ережелеріне сәйкес жүзеге асырылуы тиіс.»;

6) 8-баптың 5-тармағындағы «Стандарттау туралы» деген сөздер «Техникалық реттеу туралы» деген сөздермен ауыстырылсын;

7) 9-бапта:

2-тармақта:

2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«2) алкоголь өнiмiн (шарап материалы мен сырадан басқа) есепке алу-бақылау таңбаларынсыз одан әрі өткізу мақсатында сақтауға және өткiзуге;»;

5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«5) алкоголь өнiмiн (шарап материалынан, сыра мен күштілігі он екi проценттен аз градусы әлсіз ликер-арақ бұйымдарынан басқа) металдан жасалған тараның барлық түрлерін қоса алғанда, қаңылтыр тарада, аралас полимер ыдыстарда, этикеткасы жоқ шөлмектерде және пластик ыдыстарда өткізуге;»;

4-тармақ алып тасталсын;

8) 12-баптың 4-тармағы «бiр» деген сөзден кейін «қоймалық» деген сөзбен толықтырылсын;

9) 15-бапта:

4-тармақ мынадай мазмұндағы бөлікпен толықтырылсын:

«Өндіретін аумақтағы алкоголь өнімін сақтау, көтерме және бөлшектеп сату жөніндегі қызмет лицензиялауға жатпайды.»;

мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын:

«7-1. Этил спиртін және алкоголь өнімін өндіруді жүзеге асыратын лицензиаттардың лицензиялық ережелерді сақтауы аккредиттелген заңды тұлғалардың белгіленген біліктілік талаптарын жыл сайын растауды қамтиды.»;

10) 18-бапта:

«1. Этил спиртi мен алкоголь өнiмiн өндiруге, алкоголь өнiмiн (сырадан басқа) сақтауға, көтерме және бөлшек саудада өткiзуге лицензия алу үшiн бiлiктiлік талаптарына сәйкестігін анықтау Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен аккредиттелген заңды тұлғалар жүргiзедi.»;

3-тармақ алып тасталсын;

11) 19-баптың 1-тармағының 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«7) салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді үнемi төлемегенде;».
7. «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 3, 17-құжат; № 9, 86-құжат;
№ 24, 338-құжат; 2002 ж., № 10, 103-құжат; 2004 ж., № 10, 56-құжат; № 17,
97-құжат; № 23, 142-құжат; № 24, 144-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2006 ж.,
№ 1, 5-құжат):

27-баптың 1-тармағының 22-2) тармақшасы «Базарларда» деген сөздің алдынан «Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен» деген сөздермен толықтырылсын.
8. «Темекi шегушілiктiң алдын алу және оны шектеу туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 16, 149-құжат):

12) 2-баптың 6) тармақшасы «қағаздан» деген сөзден кейін «немесе өзге де материалдан» деген сөздермен толықтырылсын;

13) 8-баптың 1-тармағының 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«6) акциз маркаларымен немесе есептік-бақылау маркаларымен таңбалаусыз;».
9. «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 25 сәуірдегі Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 9, 41-құжат; 2004 ж., № 23, 140, 142-құжат):

17-баптың 4-тармағы «шоттары» деген сөзден кейін «немесе төлеушінің банк шотында (шоттарында) ақша жеткіліксіз болған» деген сөздермен толықтырылсын.
10. «Темекi өнiмдерiнiң өндiрiлуi мен айналымын мемлекеттiк реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 12 маусымдағы Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 12, 88-құжат;
2005 ж., № 23, 142-құжат):

1) 1-бапта:

1) тармақшадағы «акциздiк алым маркасы» деген сөздер «акциздік марка» деген сөздермен ауыстырылсын;

1-1), 1-2), 1-3) 1-4) және 1-5) тармақшалармен толықтырылсын:

«1-1) темекі өнімдерін есепке алу және олардың айналымын бақылауды жүзеге асыру мақсатында темекі өнімдерін сәйкестендіруге арналған қажетті қорғау дәрежелері бар арнайы біржолғы жапсырма қағаз;

1-2) сәйкестендіру – белгілі бір өнімді өндіру, айналымға шығару (айналысы), пайдалану саласында оны өзіне ұқсас өнімнің арасында айырым белгілері бойынша ауыстырмай тануды қамтамасыз ететін рәсім;

1-3) маркалау – тұтынуға арналған ақпаратты қамтитын және қорабы мен орамасына салынған мәтін, шартты белгі және суреттер;

1-4) қорапша – қатырма қағаздан немесе қағаздан немесе өзге де материалдан жасалған, темекі өнімінің белгілі бір санын қамтитын тұтынушы тарасының бірлігі;

1-5) орама – қорапшалардың белгілі бір саны бар топтық тұтыну тарасының бірлігі;»;

2) 3-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:

«4) темекі өнімдеріне ең аз бөлшек сауда бағасын белгілеуді қамтиды.»;

3) 4-бап мынадай мазмұндағы 4-1) және 4-2) тармақшалармен толықтырылсын:

«4-1) темекі өнімдерін және құрамында темекі бар өзге де өнімдерді акциз маркаларымен немесе есептік-бақылау маркаларымен маркалау тәртібін белгілейді;

4-2) темекі өнімдеріне ең аз бөлшек сауда бағасын белгілейді;»;

4) 10-баптың 1-тармағының 5) тармақшасындағы «акциздiк алым маркаларымен» деген сөздер «акциз маркаларымен немесе есептік-бақылау маркаларымен» деген сөздермен ауыстырылсын;

5) 13-баптың 2-тармағындағы «акциздiк алым маркаларынсыз» деген сөздер «акциз маркаларынсыз немесе есептік-бақылау маркаларынсыз» деген сөздермен ауыстырылсын.
11. «Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасының
2004 жылғы 12 сәуірдегі Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 6, 44-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат):

32-баптың 3-тармағының 3) тармақшасы «маркалары» деген сөзден кейін «немесе есептік-бақылау маркалары» деген сөздермен толықтырылсын.
12. «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы
31 қаңтардағы Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., № 3, 21-құжат):

көрсетілген Заңның қосымшасында:

18-тармағының 4) тармақшасы «өнiмдердiң» деген сөзден кейін «өндірісі мен» деген сөздермен толықтырылсын.


2-бап. Осы Заң 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының

Президенті


1   2   3   4

Похожие:

Қазақстан Республикасының Заңы Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы iconҚазақстан Республикасының Заңы Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін
Қазақстан Республикасының Заңы Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы iconҚазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін
Қазақстан Республикасының Заңы Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы iconҚазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін
Қазақстан Республикасының Заңы Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы icon«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне адам саудасына қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы
Бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін
Қазақстан Республикасының Заңы Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы iconКодексі салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)
Республикасының заңы, Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жеке кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар...
Қазақстан Республикасының Заңы Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы icon«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ойын бизнесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына тұжырымдама
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ойын бизнесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»...
Қазақстан Республикасының Заңы Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы iconҚазақстан Республикасының Заңы Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экологиялық мәселелер бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін
Қазақстан Республикасының Заңы Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы iconҚазақстан Республикасының Заңы
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар...
Қазақстан Республикасының Заңы Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы iconҚазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне «Жол жүрісі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына
Бап. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін
Қазақстан Республикасының Заңы Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы iconҚазақстан Республикасының Заңы
Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ұлттық қауіпсіздік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница