Энергия үнемдеу қасиетіне ие құрылыс материалдарын өндіру және оларды шығаруға жағдайларды қамтамасыз ету бойынша Энергия үнемдеудің және қауіпсіздігінің талап етілетін деңгейлерін қамтамасыз ету мақсатында «Құрылыс материалдары




Скачать 64.17 Kb.
НазваниеЭнергия үнемдеу қасиетіне ие құрылыс материалдарын өндіру және оларды шығаруға жағдайларды қамтамасыз ету бойынша Энергия үнемдеудің және қауіпсіздігінің талап етілетін деңгейлерін қамтамасыз ету мақсатында «Құрылыс материалдары
Дата конвертации12.07.2014
Размер64.17 Kb.
ТипДокументы
Энергия үнемдеу қасиетіне ие құрылыс материалдарын өндіру және оларды шығаруға жағдайларды қамтамасыз ету бойынша
Энергия үнемдеудің және қауіпсіздігінің талап етілетін деңгейлерін қамтамасыз ету мақсатында «Құрылыс материалдары, бұйымдары мен құрастырмалары қауіпсіздігі» техникалық регламентін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 4 ақпандағы № 96, «Ғимараттардың, имараттардың және оған іргелес аумақтардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 6 наурыздағы № 227, «Басқа материалдардан жасалған конструкциялар қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 1351 қаулыларымен техникалық регламенттер бекітілген.

Жоғарыда көрсетілген техникалық регламенттерді қабылдағанға дейін елдің аумағында МЕМСТ 24866-99 «Құрылысқа арналған желімделген шыны пакеттер» (01.01.2001ж. қолданысқа енгізілді), ҚР СН 2.04-21-2004, СНиП 1.02-01-2007, ҚР СП 3.02-02-2008 қолданылды, сондай-ақ оларда құрылыс индустриясында қауіпсіз және энергия үнемдеуші шынылауды міндетті түрде пайдалану туралы талаптар белгіленеді.

2011 жылғы 17 сәуірде Үкіметтің кеңейтілген мәжілісінде берілген Мемлекет басшысының тапсырмаларын және техникалық регламенттердің талаптарын орындауға орай отандық өндірушілер сапалы энергия үнемдеуші шыны пакеттерін шығаруға кірісті және жобаларды қазіргі заманғы инновациялық технологиялар негізінде іске асырады.

Қазақстанды индустрияландырудың 2010-2014 жылдарға арналған картасына энергия үнемдеу қасиетіне ие құрылыс материалдарын өндіру бойынша мынадай инвестициялық жобалар енгізілген:

- Алматы қ. «ҚазСтройСтекла» ЖШС шыныны өнеркәсіптік өңдеу бойынша зауытты кеңейту;

- Батыс-Қазақстан облысында «Стекло Сервис» ЖШС-тің шыныларынан күшейтілген термикалық беріктетілген шыныны, көп қабатты оқшаулағыш бұйымдарды өндіру;

- Оңтүстік-Қазақстан облысында «Дархан» шыны зауытының шыны ыдыстарын өндіру;

- Оңтүстік-Қазақстан облысында «Ferrum-Vtor» ЖШС сұйық шынылар өндіретін зауыт салу.

Алайда, құрылыс саласында энергиялық тиімді және қауіпсіз шыны пакеттерін қолдану аса төменгі деңгейде қалып отыр.

Сонымен, «KAZCLASENERGY» шыны кәсіпорындарының қауіпсіз және энергия үнемдеуші технологиялары қауымдастығынық ақпаратты бойынша қауіпсіз және энергия үнемдеуші бөлігіндегі нормативтік-құқықтық актілердің міндетті талаптарын орындамау себебі құрылыс объектілері жобаларын сараптау кезеңдерінде Қазақстан Республикасының Құрылыс және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы істері агенттігі уәкілетті органының және оның бағынысты бөлімшесі «Мемсараптама» РМК-ның тарапынан пәрменді бақылаудың болмауы болып табылады.

Бұл ретте, құрылыс алаңдарында кәдімгі, энергияны үнемдемейтін шыны пакеттерін қолдана отырып, объектілерді пайдалануға енгізу және қолдану жалғасып келеді, бұл энергия ресурстардың ақталмаған күрделі шығындарына әкеліп соғады, жобалық және құрылыс компанияларының энергия үнемдейтін және қауіпсіз шыныларды қолдану бөлігіндегі талаптарды бұзу салдарлары болып табылады.

Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Республикалық (бұдан әрі - Министрлік) басым бағыттар бойынша инновациялық гранттарды бөлу жөніндегі жұмыс шеңберінде құрылыс индустриясында «ҚазСтройСтекло» ЖШС-ның жұмыс істеп тұрған өндірістік қуаттылықтары бойынша жобасы мақұлданған. Грант сомасы 204,7 млн. теңгені құрады. Жоба жоғары энергия үнемдеуші сипаттамалары бар шығы шығаруға бағытталған. Қазіргі уақытта «ҚазСтройСтекло» ЖШС табақты энергия үнемдеуші шыны шығаратын Қазақстандағы бірінші шыны зауытын салу жобасын әзірлеуде.

Бұдан басқа, арналған құрылыс индустриясы саласының кейінгі жобаларын алуға өтініштер қарастыруда жатыр:

- «Бетонды сығылған ауамен қалау және өндіру үшін қондырғының инновациялық техзнологиясын және тәжірибелі үлгісін құру» (Қарағанды әдістемелік игротехникалық орталығы);

- «Тау және құрылыс салалары үшін жоғары бекемді жылдам қататын қоспаларды силикатты негізде алуға жоғары қазақстандық қамтуы бар жаңа технологияларды әзірлеу» («Жер қойнауын кешенді игеру проблемалары институты» ЖШС);

- «Өңделген шиналардың резеңке үгінділерін пайдалана отырып, асфальтты бетон қоспаларын дайындау технологияларын әзірлеу».

Бұдан басқа, ағымдағы жылдың сәуірінен мамыры аралығында Министрліете энергия үнемдеуші өнімдер өндірісін пайдалана отырып, құрылыс индустриясын және ТКШ дамыту, «жол киімінде» жылылықты өткізбеу конструкцияларында инновациялық технологияларды қолдану бойынша ғимараттардың, құрылыстардың энергия тиімділігін арттыру бойынша мәжіліс өткізілді, нәтижесінде тиісті органдар мен ведомстволарға өз құзыреті шегінде мына мәселелерді қарастыру тапсырылды:

- еуропалық нормалар мен стандарттарға дейін құрылыста және ғимаратты қайта құруға қолданылатын шыныдан жасалған сыртқы конструкциялардың жылу өткізуінің үлесті кедергі мәнінің коэффициентін ұлғайту;

- «Ғимараттардың, имараттардың және оған іргелес аумақтардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» 2008 жылғы 6 наурыздағы № 227, «Басқа материалдардан жасалған конструкциялар қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 1351, «Құрылыс материалдары мен бұйымдары, имараттар мен ғимараттар қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» 2010 жылғы 17 қарашадағы № 1202 техникалық регламенттерге сәйкес ҚР сметалық-нормативтік базасының жүйесіне қауіпсіз және энергия үнемдеуші шынылауға шығын нормалары бөлігінде өзгерістер енгізу;

- МЕМСТ 15588-86 «Пенополистерольды тақталар. Техникалық шарттар» тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы объектілерінің құрылысы кезінде 12 кг/м3 төмен емес деңгейге дейін көбіктіполистеролдың тығыздығын ұлғайту бөлігінде өзгерістер енгізу;

- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 1351 қаулысымен бекітілген «Басқа материалдардан жасалған конструкциялар қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентіне көбіктіполистеролды пайдалану конструкциясы бойынша өрт қауіпсіздігі сыныбының нәтижелері бойынша оттың таратылу деңгейін анықтау бөлігінде өзгерістер енгізу;

- «жол киімі» конструкцияларында жылылықты өткізбеу материалдары ретінде көбіктіполистеролды қолдану.

Сондай-ақ, Министрлік 2011 жылғы 20 мамырда ҚР ҚжәнеТКШ істері агенттігі, кәсіпорындар мен ұйымдардың, жобалау және құрылыс компанияларының, «KAZCLASENERGY», «ҚР ИҚТ» қауымдастықтарының өкілдерін шақыра отырып, энергия үнемдеу қасиеттері бойынша техникалық регламент нормаларын сақтау тұрғысына семинар өткізуді жоспарлап отыр.

«Самұрық-қазына» ҰӘҚ» АҚ-ның ұсынысы 2009 жылдан бастап «Самұрық-Қазына» жылжымайтын қоры» АҚ (бұдан әрі – Жылжымайтын қор) Жылжымайтын қор қаражаты есебінен қаржыландырылатын тұрғын объектілерінің құрылысы кезінде энергия үнемдейтін және энергия тиімді технологияларды одан әрә тәжірибелік ендіру және зерттеу жұмыстарын бастаған.

Атқарылған жұмыс барысында халықаралық тәжірибе зерделенді және жеке энергия үнемдеуші және энергиялық тиімді технологияларды ендірудің тәжірибелік мүмкіндігіне, оның ішінде Астана және Алматы қалаларында объектілерді салу кезінде энергия қорларын есептеу және бақылаудың автоматтандырылған жүйелеріне талдау жүргізілді.

Нәтижесінде Директорлар кеңесінің шешімімен автоматтандыру және диспетчерлеу жүйелерін ендіру үшін қажетті «Самұрық-Қазына» жылжымайтын қоры» АҚ-ның тұрғын объектілерінің инженерлік жүйелерін жабдықтауға қойылатын талаптар» әзірленді және бекітілді.

Энергия үнемдейтін және энергиялық тиімді технологияларды тәжірибелік ендірудің кейінгі машығы мен мүмкіндіктерінің талдау процесі көрсеткендей негізгі проблема нашар нормативті-техникалық база болып табылады. Объектілерді жобалау сәтінде нормативтік-техникалық құжаттамада талаптардың болмауы салушылардан бекітілген талаптарды толық көлемде орындауын талап етуге мүмкіндік бермейді.

Осыған байланысты, Жылжымайтын қор мына ұсыныстарды қарастыруға жіберіп отыр:

  1. Нормативтік-техникалық құжаттамаларды жетілдіру;

  2. Энергияның балама көздерінде жұмыс істейтін жылыту аспаптарын дамытуға мәртебе жеке үй салуда (экология) жылыту жүйелеріне қойылатын талаптарды күшейту бере үшін;

  3. Тек электр энергиясына ғана емес, сонымен қатар электр желілерінен алыста орналасқан жарық беру аспаптарын орнатуға бюджет қаражаттары шығындарын төмендетуге қалалық жарықтандыру жүйелерін балама көздерге ауыстыру (желді генераторлар, күндік коллекторлар);

  4. Қазақстан Республикасы аумағында АСКУЭ салу мүмкіндігімен, сумен қамтуды есептеудің жоғары аспаптарының өндірісін құру;

  5. «Корпорация «Сайман» ЖШС сияқты электр энергиясын есептеу аспаптарының отандық өндірушілерінің жұмыстарын жетілдіру шараларын әзірлеу және жүзеге асыру,

Бұл шаралар құрылыс материалдары нарығындағы жағдайды айрықша импортталатын өнімді қазақстандық ұқсас өнідірісімен орнын басу жағына өзгертуге, сондай-ақ энергия үнемдеуші және энергиялық тиімді технологияларды ендіру деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.

Бұл ретте, Жылжымайтын қор энергия үнемдеуші және энергиялық тиімді технологияларды ендіру саласында қолда бар барлық әзірлемелерді ұсынуға, сондай-ақ жауапты мемлекеттік органмен нормативтік-техникалық құжаттаманы жетілдіру бойынша одан әрі жұмысқа қатысуға дайын.

Мәселені пысықтағаннан және талдау жүргізгеннен кейін Жылжымайтын қор нақты жаңа өндірістерді құру бойынша ұсыныстарды қосымша жіберетін болады.

Қазақстан Республикасы құрылыс және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы істері агенттігінің мәлімет бойынша құрылыста энергиялық тиімділікті арттыру мақсатында мыне энергия үнемдеу қасиетіне ие құрылыс материалдарын өндірісін ұйымдастыруды ұсынады:

  • төменгі эмиссиялық шыны;

  • ірі габаритті кеуекті көп қуысты керамикалық тас;

  • көбікті шыны және күпті вермикулит негізіндегі жылу оқшаулағыш бұйымдар.

Похожие:

Энергия үнемдеу қасиетіне ие құрылыс материалдарын өндіру және оларды шығаруға жағдайларды қамтамасыз ету бойынша Энергия үнемдеудің және қауіпсіздігінің талап етілетін деңгейлерін қамтамасыз ету мақсатында «Құрылыс материалдары icon5В073000 Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және конструкцияларын өндіру Элективті пәндер
Бағдарламаның қысқаша курсы: Материалдың сапалығын қамтамасыз ету, ұзаққа төзімділігі
Энергия үнемдеу қасиетіне ие құрылыс материалдарын өндіру және оларды шығаруға жағдайларды қамтамасыз ету бойынша Энергия үнемдеудің және қауіпсіздігінің талап етілетін деңгейлерін қамтамасыз ету мақсатында «Құрылыс материалдары iconКәсiби авариялық құтқару құралымдарын жарықтандыру және кинологиялық қызметтердi қамтамасыз ету нормаларын бекiту туралы
Н республикасының 1997 жылғы 27 наурыздағы Заңына сәйкес және авариялық-құтқару қызметтерiнiң күштерi мен құралдарын, құралымдарды...
Энергия үнемдеу қасиетіне ие құрылыс материалдарын өндіру және оларды шығаруға жағдайларды қамтамасыз ету бойынша Энергия үнемдеудің және қауіпсіздігінің талап етілетін деңгейлерін қамтамасыз ету мақсатында «Құрылыс материалдары icon6М 080500-Су ресурстары және суды қолдану мамандығы бойынша магистратураға қабылдау емтиханы бағдарламасы «ауылшаруашылығын сумен қамтамасыз ету және суландыру»
Ай жағдайын жақсартуға ауылшаруашылығын сумен қамтамасыз ету және жайылымдарды суландырудың маңызы. Ауылшаруашылығын сумен қамтамасыз...
Энергия үнемдеу қасиетіне ие құрылыс материалдарын өндіру және оларды шығаруға жағдайларды қамтамасыз ету бойынша Энергия үнемдеудің және қауіпсіздігінің талап етілетін деңгейлерін қамтамасыз ету мақсатында «Құрылыс материалдары iconҚазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы
Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін жүзеге асырған кезде мекендейтін және тіршілік ететін қолайлы ортаны қамтамасыз ету
Энергия үнемдеу қасиетіне ие құрылыс материалдарын өндіру және оларды шығаруға жағдайларды қамтамасыз ету бойынша Энергия үнемдеудің және қауіпсіздігінің талап етілетін деңгейлерін қамтамасыз ету мақсатында «Құрылыс материалдары icon«Шығыс Қазақстан менеджмент және технологиялық колледжі»
Тұрмыстық және өнеркәсіптік белгілерге электр тарату торы. Құрылыс және құрылыс материалдарын өндіру (кірпіш, пластикалық терезелер...
Энергия үнемдеу қасиетіне ие құрылыс материалдарын өндіру және оларды шығаруға жағдайларды қамтамасыз ету бойынша Энергия үнемдеудің және қауіпсіздігінің талап етілетін деңгейлерін қамтамасыз ету мақсатында «Құрылыс материалдары iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 11 қыркүйектегі №1179 қаулысы
Энергия аудитін және (немесе) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру сараптамасын жүзеге асыратын кадрларды қайта даярлау...
Энергия үнемдеу қасиетіне ие құрылыс материалдарын өндіру және оларды шығаруға жағдайларды қамтамасыз ету бойынша Энергия үнемдеудің және қауіпсіздігінің талап етілетін деңгейлерін қамтамасыз ету мақсатында «Құрылыс материалдары iconӘдістемелік нұсқаулардың титулдық парағы
Энергия үнемдеудің негізгі терминдері мен анықтамалары. Энергияны пассивті және активті үнемдеу. Ұйымдастырулық өзгерістердің және...
Энергия үнемдеу қасиетіне ие құрылыс материалдарын өндіру және оларды шығаруға жағдайларды қамтамасыз ету бойынша Энергия үнемдеудің және қауіпсіздігінің талап етілетін деңгейлерін қамтамасыз ету мақсатында «Құрылыс материалдары iconСтуденттерге арналған Нысан пән бағдарламасы пму ұс н 18. 2/07
«Сәулет», 050421 «Дизайн», 050729 «Құрылыс», 050730 «Құрылыс материалдарды, бұйымдарды және құрылымдарды өндіру», 050731 «Тіршілік...
Энергия үнемдеу қасиетіне ие құрылыс материалдарын өндіру және оларды шығаруға жағдайларды қамтамасыз ету бойынша Энергия үнемдеудің және қауіпсіздігінің талап етілетін деңгейлерін қамтамасыз ету мақсатында «Құрылыс материалдары iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы
Миссиясы. Қала құрылысы, сәулет және құрылыс құралдары және коммуналдық қамтамасыз ету арқылы қол жеткізілетін адамның мекендейтін...
Энергия үнемдеу қасиетіне ие құрылыс материалдарын өндіру және оларды шығаруға жағдайларды қамтамасыз ету бойынша Энергия үнемдеудің және қауіпсіздігінің талап етілетін деңгейлерін қамтамасыз ету мақсатында «Құрылыс материалдары icon2010 жылғы «25» ақпандағы №127
Миссиясы: қазіргі және болашақ ұрпақтардың қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін қоршаған ортаны сақтау, қалпына келтіру және сапасын...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница