Курчатов қаласының әкім аппаратының ұйымдастыру-кадр жұмыстары және құжаттамамен қамтамасыз ету бөлімі туралы ереже




Скачать 67.67 Kb.
НазваниеКурчатов қаласының әкім аппаратының ұйымдастыру-кадр жұмыстары және құжаттамамен қамтамасыз ету бөлімі туралы ереже
Дата конвертации18.06.2013
Размер67.67 Kb.
ТипДокументы
Курчатов қаласының әкім аппаратының ұйымдастыру-кадр жұмыстары және құжаттамамен қамтамасыз ету бөлімі туралы ереже
І. Жалпы ережелер
1. Ұйымдастыру-кадр жұмыстары және құжаттамамен қамтамасыз ету бөлімі (ары қарай – Бөлім) қала әкім аппаратының құрылымдық бөлімшесі болып табылады, қала аумағында өткізілетін айлық іс-шаралар күнтізбесі, тоқсандық, болашақтық жұмыс жоспары бойынша жұмыс істейді, қала әкіміне, аппарат басшысына тікелей бағынады.

2. Бөлім өз қызметінде Қазақстан Республикасы Конституциясын, Қазақстан Республикасы Заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік құқықтық актілерін, Қазақстан Республикасы Үкіметін, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Басқармасының нұсқаулығын және ұсынысын, шешімдерін, Шығыс Қазақстан облысы, Курчатов қаласы әкімінің бұйрықтарын және өкімдерін, Курчатов қаласы әкімінің регламентін, «ҚР ШҚО Курчатов қаласының әкім аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы Ережесін және қазіргі Ережесін басшылыққа алады.
ІІ. Бөлімнің негізгі функциялары және бағыттары
3. Бөлім оған жүктелген тапсырмаларына сәйкес:

1) Жарлықтарды, Қазақстан Республикасы Президентінің заң актілерді, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Курчатов қаласының және Шығыс Қазақстан облысы әкімдіктерінің және әкімдердің нормативтік құқықтық актілерді орындау бойынша ұйымдастыру жұмысын жүргізеді және қамтамасыз етеді;

2) Қала әкімінің сайланған және атқарушы биліктің жергілікті органдармен ұйымдастыру және ақпараттық байланысты іске асырады;

3) Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын жергілікті органдардың және қала әкім аппаратының, қалалық әкімдігінің Регламентін, аппарат туралы Ережені, ұйымдастыру-кадр жұмыстары және құжаттамамен қамтамасыз ету бөлім туралы құрылымын пысықтайды және қала әкіміне бекітуіне ұсынады;

4) жергілікті атқарушы органдардың ұйымдастырушылық жұмыстың нәтижелерін жинақтап тексереді және қорытады, заң актілердің орындауына кедергі жасалатын қажеттігінше себептерді жою туралы қала әкімінің қарауына ұсыныстар енгізеді, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Президентінің заң актілерін және Шығыс Қазақстан облысы және қаланың әкімдерінің тапсырмаларының, әкімдіктердің және әкімдердің нормативтік құқықтық актілерді, Жарлықтарды орындайтын және орындамайтын лауазымдық тұлғаларды жауапкершілікке тарту туралы;

5) Бөлім қызметіне қатысы бар мәселелері бойынша қала және облыс әкімдіктерінің, әкімдердің нормативтік құқықтық актілердің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларының, Президентінің өкімдері, қаулылары, Қазақстан Республикасы Заңдарын сақтауында дербес атқарушы органдарға практикалық көмек көрсетеді.

6) Мемлекеттік мекеме органдарда кадр саясат мәселелерде қала және облыс әкімдерінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Президентінің курсын іске асырады, істің жүйелі талдауын жүргізеді, кадр құрамындағы өзгерістер мен үрдістерді бақылау, біліктілік курстарда әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің қайта дайындау және көтеру курстарда оқуын, әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің тестілеу ұйымдастырады, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Басқармасы аумақтық басқармасымен, облыс әкім аппаратының кадр жұмысы бөлімімен, ұйымдастыру-инспекторлық бөлімімен осы сұрақтар бойынша әрекеттеседі;

7) мемлекеттік құрылыс мәселелері бойынша семинарлар, оны жақсарту бойынша ұсыныстар жасау, қалалық ғылыми-практикалық ұйымдастыруында қатысады;

8) ұйымдастыру-кадр жұмыстары және құжаттамамен қамтамасыз ету бөлім бойынша аппараттың лауазымдық тұлғалардың және құрылымдық бөлімшелердің консультациясын жүргізеді, жергілікті атқарушы органдардың қызметін талдайды және көмек көрсетеді, керек болса берілген сұрақтар бойынша олардың қызметін үйлестіреді;

9) Қала әкім аппаратының қызметіндегі құжаттамалық қамтамасыз ету іске асырады, құжатпен жұмыс істеу ретін анықтайды және оның сапасына жауапты, іс жүргізу жетілдіруін қамтамасыз етеді, ол қызметтің жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізеді;

10) Жедел есебі, корреспонденцияны жіберу және қарау бойынша жұмысты ұйымдастырады, түсетін құжаттардың түрін талдайды;

11) Қала активтерінде, аппараттық отырыстарда, әкімдік отырыстарды дайындау және жүргізу барысында қатысады;

12) «Заңды және жеке тұлғалардың арыздарды қарау реті туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы №221 Қазақстан Республикасы Заңның бақылауын іске асырады;

13) Заңды және жеке тұлғалардың арыздарды қарау, есепті қамтамасыз етеді, заңды және жеке тұлғалардың арыздардың, өтініштердің ақпараттық-аналитикалық шолу, қоғамдық азаматтарды қабылдау бөлімнің жұмысын ұйымдастырады;

14) Қала активінің, аппараттық отырыстарының, әкімдіктің отырысының хаттамасын іске асырады;

15) Қала әкім аппаратының жиынтық іс номенклатурасын және құрылымдық бөлімшелердің индекстерін құрастырады;

16) Қала әкім аппараты құжаттардың бағалығы бойынша сараптамасын, мұрағат құжаттардың уақытылы сақтау және мемлекеттік мұрағатқа беру туралы іске асырады;

17) Бланк өнімінің есебін қамтамасыз етеді;

18) Құжаттану ұйымдастыруында жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлеріне әдістемелік көмек көрсетеді, іс қағаздарын жүргізу мәселелер бойынша нұсқамалық жүргізеді;

19) Аппарат бөлімдерімен бірлесіп, Қазақстан Республикасы Президентінің және Әкімшілік өкілдері, облыс басшылығы, алыс және жақын шет ел, республиканың басқа аймақтарынан делегациялары қалада болғанын бағдарламаларды пысықтайды;

20) Шығыс Қазақстан облысының Қазақстан Республикасы Үкіметімен және облыс мәслихат депутаттармен, қалалық мәслихатпен өзара байланысын қамтамасыз етеді;

21) Қаланы көркейтуінің әкімшілік-аумақтық мәселелерді шешу бойынша ұсыныстар енгізеді;

22) Қазақстан Республикасы Президентінің материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық сайлауын қамтамасыз ету, жергілікті атқарушы органдардың және Қазақстан Республикасы Үкіметінің депутаттарының құжаттарын дайындайды, бүкіл халықтық референдумдарды жүргізу және олардың бақылауы;

23) Курчатов қаласының, Шығыс Қазақстан облысы әкімінің мемлекеттік наградалармен және грамоталармен марапаттау үшін, құжаттарды дайндайды және рәсімдейді;

ІІІ. Бөлімнің өкілеттілігі
4. Бөлім қала әкім аппараты туралы Қағидасымен және әкімдіктің регламентіне сәйкес құзырет шеңберінде құқылы:

1) Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын қала әкім аппаратының және атқарушы органдарының қызметін ұйымдастыру және құрылымын жетілдіру бойынша қала әкіміне ұсыныстар енгізеді;

2) Қала әкімімен бекітілген аймақтық бағдарлама пысықтау барысында қатысу;

3) Бөлім құзыретіне кіретін мәселелері бойынша қала әкімінің және әкімнің нормативтік құқықтық жобаларды дайындау;

4) Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын әкім аппараты және жергілікті органдардың құжаттардың дұрыстығын рәсімдеу, құжаттарды сақтау, іс қағаздарын жүргізу бақылау;

5) Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын дербес бөлімдерде, қала әкім аппаратында іс қағаздарын жүргізу бойынша нұсқаулықтың талаптарының бұзушылық фактілері жөнінде келісу бойынша басшылығымен қызметтік тексеру бірлесіп жүргізу;

6) Дұрыс емес рәсімделген құжаттарды адресаттарға қайтару, сонымен қатар олардың құзыретіне кіретін жергілікті атқарушы органдарға құжаттарды жолдау;

5. Бөлім қала әкім аппараты туралы Ережесіне және әкімдіктің Регламентіне сәйкес, мемлекеттік басқармасының тиісті жергілікті органдарға, лауазымдық тұлғаларға тапсырмаларды беру және олардан оның орындалуын сұрау құқылы.

6. Бөлім бастығы қала әкім аппараты туралы Ережесіне сәйкес, қызметтік міндеттемелер орындауында құқылы:

1) Жергілікті атқарушы органдармен жүргізілетін іс-шаралар, қала әкіміне тікелей бағынатын, атқарушы органдардың отырыс жұмысында, қала әкімінің отырыстарында және активтерде, әкімдіктің отырыстарында қатысу;

2) Бөлімде лауазымдық міндеттемелерді орындау үшін қажетті ауызша және жазбаша материалдарды, құжаттарды және басқа материалдарды, қала әкім аппаратының бөлімдерінен, дербес атқарушы органдардың, кәсіпорындардың, мекемелердің және ұйымдардың қажетті ақпаратты сұрау және алу;
ІV. Бөлім құрылымы
7. Бөлімді бастық басқарады. Ұйымдастыру-кадр жұмыстары және құжаттамамен қамтамасыз ету бөлімінің бастығы мамандардың өкілеттілігін және тапсырмалар шеңберін анықтайды, олардың қызметін үйлестіреді:

1) Ұйымдастыру-кадр жұмыстары және құжаттамамен қамтамасыз ету бөлімінің қызметкерлері арасынан міндеттемелерді үлестіреді, еңбек және тиісті атқарушылық тәртіпті қамтамасыз етеді;

2) Бөлімнің қызметкерлерінің кәсіби деңгейін жетілдіру бойынша шараларды қабылдайды.
V. Бөлім мамандарының функционалдық міндеттемелері
8. Қала әкім аппаратының басшысымен бекітілген, бөлімде міндеттемелерді таратуына сәйкес, функционалдық міндеттемелерге кіреді:

1) Мемлекеттік басқармасының жергілікті органдарында кадрлармен жұмыс істеу жүйелі талдау, кадр құрамында өзгерістерді және үрдістерді бақылау;

2) Кадрлардың ауысу және құрамы туралы статистикалық есепті жинау және жалпылау;

3) Кадр резервін дайындау, кадрларға арналған «деректер банкі» жасау;

4) Кадрлардың оқуын және қайта дайындау ұйымдастыру, сынақ мерзімін өткізу, қызметкерлердің тестілеуі;

5) Мемлекеттік басқармасының жергілікті органдардан алған ақпараттың талдау және жүйелеу;

6) Қала және облыс әкімдіктерінің, әкімдерінің, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілердің және тапсырмалардың орындалуы мен бақылауы;

7) Қала аумағында тұратын сайлаушылар туралы статистикалық деректерді жинау және анықтау;

8) Қала, облыс әкімдерінің грамоталары, мемлекеттік наградаларды беру рәсімдеу және дайындау;

9) олардағы құжат айналым жағдайы туралы қала әкім аппаратының құрылымдық бөлімшелерден ақпаратты сұрау;

10) Басшылық тапсырмасы бойынша бөлімге келіп түскен азаматтардың арыздарын және хаттарын қарау;

11) Бұқаралық ақпарат құралдардағы материалдарды талдау;

12) Бөлімнің басқа қызметінің бағыты бойынша жұмыс.

Похожие:

Курчатов қаласының әкім аппаратының ұйымдастыру-кадр жұмыстары және құжаттамамен қамтамасыз ету бөлімі туралы ереже icon«Қазақстан Республикасының Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының әкім аппараты» мемлекеттік мекемесі жөніндегі ереже Жалпы ережелер «Қазақстан Республикасының Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының әкім аппараты»
...
Курчатов қаласының әкім аппаратының ұйымдастыру-кадр жұмыстары және құжаттамамен қамтамасыз ету бөлімі туралы ереже icon«Келісілген» Курчатов қаласының әкім аппаратының басшысы А. Глазинский 2012 жыл
Республикалық бюджеттен алынған нысаналы трансферттердің игерілуі туралы ақпарат түсініктеме хатымен
Курчатов қаласының әкім аппаратының ұйымдастыру-кадр жұмыстары және құжаттамамен қамтамасыз ету бөлімі туралы ереже iconҚазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті басшысының
Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Жоғарғы Сот аппаратының) Стратегиялық әзірлеу және талдау бөлімі туралы
Курчатов қаласының әкім аппаратының ұйымдастыру-кадр жұмыстары және құжаттамамен қамтамасыз ету бөлімі туралы ереже icon«Шығыс Қазақстан облысы Зырян ауданының Парыгино ауылдық округі әкім аппаратының»ММ
Президенттің, ҚР Үкіметінің, облыс және қала әкімдері мен әкімдіктерінің актілерін орындалуына бақылауды ұйымдастыру және жүзеге...
Курчатов қаласының әкім аппаратының ұйымдастыру-кадр жұмыстары және құжаттамамен қамтамасыз ету бөлімі туралы ереже iconШығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру- инспекторлық бөлімі туралы ереже
Бөлім) Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшесі болып табылады (бұдан әрі аппарат)
Курчатов қаласының әкім аппаратының ұйымдастыру-кадр жұмыстары және құжаттамамен қамтамасыз ету бөлімі туралы ереже iconӘкім сайтына 2010 жылғы 9 айдағы Курчатов қаласының бюджетінің орындалуы туралы ақпарат Курчатов қаласының бюджетінің кіріс бөлігі
Курчатов қаласының бюджетінің кіріс бөлігі 2010 жылдың 1 қазанына 504257,0 мың теңге сомасында орындалған, жоспар бойынша түскені...
Курчатов қаласының әкім аппаратының ұйымдастыру-кадр жұмыстары және құжаттамамен қамтамасыз ету бөлімі туралы ереже icon«Қостанай ауданының Борис-Романов селосы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің
Көрінуі – жергілікті атқарушы органдарды мемлекеттік басқарудың сапасын арттыруға мүмкіндік беретін село әкімнің және әкім аппаратының...
Курчатов қаласының әкім аппаратының ұйымдастыру-кадр жұмыстары және құжаттамамен қамтамасыз ету бөлімі туралы ереже iconАудан әкімі аппаратының ұйымдастыру, кадр жұмыстары бөлімінің 2012 жылдың II жарты жылдығына арналған
Аудан әкімдігі мәжілістерінің II жартыжылдыққа бектілген мәселелері бойынша құжаттарын жинақтап ұсыну
Курчатов қаласының әкім аппаратының ұйымдастыру-кадр жұмыстары және құжаттамамен қамтамасыз ету бөлімі туралы ереже iconЛисаков қаласы әкімінің Шешімі Лисаков қаласы №28 2007 жылғы 24 желтоқсан
Азаматтарды Лисаков қаласының шақыру учаскесіне тіркеуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы
Курчатов қаласының әкім аппаратының ұйымдастыру-кадр жұмыстары және құжаттамамен қамтамасыз ету бөлімі туралы ереже iconӘл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Ғылыми-әдістемелік кеңесі мәжілісінде бекітілді № хаттама 2012 ж. «6М051500 – МҰРАҒаттану, ҚҰжаттану және қҰжаттамамен қамтамсыз ету»
...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница