Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы




НазваниеЖергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы
страница1/13
Дата конвертации18.06.2013
Размер1.71 Mb.
ТипДокументы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 Қаулысы
 

"Казахстанская правда" 21.05.2011 ж., № 163-164 (26584-26585); 26.05.2011 ж., № 167 (26588); 28.05.2011 ж., № 170-171 (26591-26592); Егемен Қазақстан" 2011 жылғы, 10 қыркүйектегi № 425-430 (26823), 1 қазандағы № 472-473 (26865), 15 қазандағы № 497-500 (26892), 21 қазандағы № 505-507 (26899), 10 қарашадағы № 535-536 (26928), 15 қарашадағы № 541-542 (26934), 8 желтоқсандағы № 601-605 (26997), 9 желтоқсандағы № 606-610 (27002), 10 желтоқсандағы № 611-615 (27007), 18 желтоқсандағы № 640 (27032), 30 желтоқсандағы № 666-672 (27064), 31 желтоқсандағы № 673-679 (27071); Қазақстан Республикасы ПҮАЖ, 2011 ж., № 32, 391 б.

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 34-бабына және «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған:

1) «Жұмыссыз азаматтарды тіркеу және есепке қою» мемлекеттік қызмет стандарты;

2) «Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тiркеу және есепке алу» мемлекеттік қызмет стандарты;

3) «Жұмыссыз азаматтарға анықтама беру» мемлекеттік қызмет стандарты;

4) «Мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмек ұсыну үшін оларға құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік қызмет стандарты;

5) «Мүгедектерді сурдо-тифло- техникалық құралдармен және міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету үшін оларға құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік қызмет стандарты;

6) «18 жасқа дейiнгі балалары бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақылар тағайындау» мемлекеттік қызмет стандарты;

7) «Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек тағайындау» мемлекеттік қызмет стандарты;

8) «Қозғалуға қиындығы бар бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің және есту бойынша мүгедектерге қолмен көрсететін тіл маманының қызметтерін ұсыну үшін мүгедектерге құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік қызмет стандарты;

9) «Мүгедектерге кресло-арбаларды беру үшiн оларға құжаттарды ресiмдеу» мемлекеттік қызмет стандарты;

10) «Мүгедектерді санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз ету үшiн оларға құжаттарды ресiмдеу» мемлекеттік қызмет стандарты;

11) «Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік қызмет стандарты;

12) «Мемлекеттiк бюджет қаражаты есебінен қызмет көрсететін мемлекеттiк және мемлекеттік емес медициналық-әлеуметтiк мекемелерде (ұйымдарда) әлеуметтiк қызмет көрсетуге арналған құжаттарды ресiмдеу» мемлекеттік қызмет стандарты;

13) «Жалғызiлiктi, жалғыз тұратын қарттарға, бөгде адамның күтiмiне және жәрдемiне мұқтаж мүгедектерге және мүгедек балаларға үйде әлеуметтiк қызмет көрсетуге  құжаттарды ресiмдеу» мемлекеттік қызмет стандарты;

14) «Жергiлiктi өкiлді органдардың шешiмдерi бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтiк көмек тағайындау және төлеу» мемлекеттік қызмет стандарты;

15) «Үйде оқитын және тәрбиеленетiн мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету үшiн құжаттарды ресiмдеу» мемлекеттік қызмет стандарты;

16) «Ауылдық жерде тұратын әлеуметтік сала мамандарына отын сатып алу бойынша әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік қызмет стандарты бекітілсін.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрi                                                                                            К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2011 жылғы 7 сәуірдегі

№394 қаулысымен

бекітілген

«Жергiлiктi өкiлдi органдардың шешiмдерi бойынша

мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтiк көмек тағайындау және төлеу» мемлекеттік қызмет

стандарты



  1. Жалпы ережелер


1. Мемлекеттік қызметті Астана және Алматы қалаларының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармалары, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың осы «Жергiлiктi өкiлдi органдардың шешiмдерi бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтiк көмек тағайындау және төлеу» мемлекеттік қызмет стандартына (бұдан әрі – стандарт) 1-қосымшада мекенжайы көрсетілген жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері (бұдан әрі – уәкілетті орган) көрсетеді.

2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: ішінара автоматтандырылған.

3. Мемлекеттік қызмет «Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағы 1) тармақшасының және жергілікті өкілді органдардың (мәслихаттардың) шешімдері негізінде ұсынылады.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және қажетті құжаттар туралы толық ақпарат Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында http:/www.enbek.gov.kz, уәкілетті органдардың стенділерінде, ресми ақпарат көздерінде орналастырылады.

5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі әлеуметтік көмек тағайындау туралы хабарлама не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы қағаз жеткізгіштегі дәлелді жауап болып табылады.

6. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін жеке тұлғалардың санаттары жергілікті өкілді органдардың (мәслихаттардың) шешімі бойынша айқындалады.

7. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:

1) уәкілетті органда мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері тұтынушы осы стандарттың 11-тармағында анықталған қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап – он бес күнтізбелік күн ішінде;

2) тұтынушы өтініш берген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алуға дейін күтудің жол берілетін ең көп уақыты (талон алғанға дейін) – 30 минуттан аспайды;

3) тұтынушыға өтініш берген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті тұтынушыға қызмет көрсетудің жол берілетін ең көп уақыты – 15 минуттан аспайды.

8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

9. Уәкілетті органның жұмыс кестесі: демалыс (сенбі, жексенбі) және мереке күндерін қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін түскі үзіліспен күн сайын сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін. Қабылдау алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз кезек тәртібінде жүзеге асырылады.

10. Мемлекеттік қызмет тұтынушының тұрғылықты жері бойынша орындықтар, үстелдер, толтырылған бланкілердің үлгілерімен ақпараттық стенділер бар, мүмкіндіктері шектеулі тұтынушыларға қызмет көрсету үшін жағдайлар көзделген уәкілетті органның үй-жайында көрсетіледі.

Уәкілетті органның үй-жайы санитарлық-эпидемиологиялық нормаларға, ғимараттардың қауіпсіздік, оның ішінде өртке қарсы қауіпсіздік талаптарына сай келеді, үй-жай режимі – еркін.

2. Мемлекеттік қызметті көрсетудің тәртібі
11. Мемлекеттік қызметті алуға қажетті нақты құжаттардың тізбесі жергілікті өкілді органдардың (мәслихаттардың) шешімдерінде айқындалады.

12. Мемлекеттік қызмет тұтынушыға қажетті құжаттарды ұсына отырып еркін нысанда жазылған жазбаша өтініші бойынша көрсетіледі.

13. Мемлекеттік қызметті алуға қажетті толтырылған өтініш пен басқа да құжаттар заңды мекенжайы, телефоны, электронды поштасының мекенжайы осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген уәкілетті органның жауапты адамына тапсырылады. Жауапты адамның кабинет нөмірі туралы мәліметтер мемлекеттік қызмет көрсету жөнінде ақпарат жазылған уәкілетті органның стендісінде орналастырылған.

14. Барлық қажетті құжаттарды тапсырғаннан кейін тұтынушыға уәкілетті органда – тұтынушыны тіркеу және оның мемлекеттік қызметті алу күні, құжаттарды қабылдаған жауапты адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген талон беріледі.

15. Әлеуметтік көмек тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы хабарлама беру уәкілетті органға жеке өтініш не пошталық хабарлама арқылы жүзеге асырылады.

16. Тұтынушының құжаттарды тапсыру кезінде толық емес және (немесе) жалған мәліметтер ұсынуы мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту (тоқтата тұру) үшін негіз болып табылады.
3. Жұмыс қағидаттары
17. Уәкілетті органның қызметі адамның конституциялық құқықтарының, қызметтік міндетін орындау барысында заңдылықтың сақталу қағидаттарына негізделеді және ол сыпайылық, толыққанды ақпараттың берілуін, оның сақталуын, қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету қағидаттарымен жүзеге асырылады.

4. Жұмыс нәтижелері
18. Тұтынушыға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес сапа мен тиімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.

19. Уәкілетті органның жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтің сапасы мен тиімділігі көрсеткіштерінің нысаналы мәндері Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығымен жыл сайын бекітіледі.


5. Шағымдану тәртібі
20. Уәкілеттік берілген лауазымды адамдардың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі және шағымды дайындауда жәрдем көрсететін мемлекеттік органдардың атаулары, олардың заңды мекенжайлары, телефон нөмірлері осы стандартқа 1, 3-қосымшаларда көрсетілген.

21. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайларда шағым атауы, жұмыс кестесі, телефондары, электронды поштасының мекенжайы осы стандартқа 4-қосымшада көрсетілген аталған мемлекеттік қызмет көрсетуді ұйымдастыруға жауапты жоғары тұрған уәкілетті орган басшысының атына беріледі.

22. Қызмет дөрекі көрсетілген жағдайда шағым кабинет нөмірі уәкілетті органның ақпараттық стендісінде көрсетілген уәкілетті орган басшысының, сондай-ақ жұмыс кестесі, заңды мекенжайы, телефоны, электронды поштаның мекенжайы осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген лауазымды адамның атына беріледі.

23. Көретілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда тұтынушының заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

24. Жеке тұлғаның шағымында оның тегі, аты, әкесінің аты, пошталық мекенжайы көрсетіледі. Шағымға өтініш беруші қол қоюға тиіс. Шағым бергенде әрекетіне шағым жасалатын субъектінің атауы немесе лауазымды адамның лауазымы, тегі және аты-жөні, өтініш және талап беру себебі көрсетіледі.

25. Жазбаша шағым берген тұтынушыға жауап алу күні, шағымды қарау барысы туралы білуге болатын лауазымды адамның байланыс деректері көрсетілген талон беріледі.

26. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8, Министрліктер үйі, 6-кіреберіс, интернет-ресурс: www.enbek.gov.kz.

«Жергiлiктi өкiлдi органдардың шешiмдерi бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтiк көмек тағайындау және төлеу» мемлекеттік қызмет стандартына

1-қосымша

Уәкілетті органдардың

тізбесі
Ақмола облысының аудандық, қалалық жұмыспен қамту

және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері



Р/с



Уәкілетті органның атауы

Уәкілетті орган орналасқан заңды мекенжай (қала, аудан, көше, үйдің (пәтердің) №), электронды поштаның мекенжайы

Телефон нөмірі


Жұмыс кестесі

1

2

3

4

5

1

Ақкөл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

Ақкөл ауданы, Ақкөл қаласы, Нұрмағамбетов көшесі, 81

akkol_ozsp@mail.ru

8-71638

2-10-48

Демалыс және мереке күндерін қоспағанда аптасына бес күн

сағат 9-00 бастап 18-00 дейін,

түскі үзіліс сағат 13-00 бастап 14-00 дейін

2

Аршалы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

Аршалы ауданы, Аршалы ауылы, Тәшенов көшесі, 47

arshaly_rotz@kokshetau. online.kz

8-71644

2-13-76

3

Астрахан ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

Астрахан ауданы, Астрахан ауылы,

Әл-Фараби көшесі, 50

astr_socz@kokshetau. online.kz

8-71641

2-25-34

4

Атбасар ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

Атбасар ауданы,

Атбасар қаласы,

Ағыбай батыр көшесі, 50 atb_rotziszn@kokshetau.

online.kz

8-71643

2-45-69

5

Бұланды ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік

Бұланды ауданы, Макинск қаласы, Некрасов көшесі, 19

8-71646

2-14-26

1

2

3

4

5




бағдарламалар бөлімі

bulandy_rozsp@mail.ru







6

Егіндікөл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

Егіндікөл ауданы, Егіндікөл ауылы,

Жеңіс көшесі, 6

egindykol_ozsp@mail.ru

8-71642

2-15-44

7

Еңбекшілдер ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

Еңбекшілдер ауданы, Степняк қаласы,

Ленин көшесі, 64

oz_sp.enbek@bk.ru

8-71639

2-21-29

8

Ерейментау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

Ерейментау ауданы, Ерейментау қаласы, Кенесары көшесі, 87 eremzsp@mail.ru

8-71633

2-37-44

9

Есіл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

Есіл ауданы,

Есіл қаласы,

Қонаев көшесі, 5

esil_sobes@mail.ru

sobes@kokshetau.online. kz

8-71647

2-16-57

10

Жақсы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

Жақсы ауданы,

Жақсы ауылы,

Достық көшесі, 3

soc_zahita_21@kokshetau.online.kz socasp@mail.ru

8-71635

2-13-00

11

Жарқайың ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

Жарқайың ауданы, Державин қаласы,

Ленин көшесі, 32 rusz_irk@kokshetau. online.kz

8-71648

9-17-02

12

Зеренді ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

Зеренді ауданы,

Зеренді ауылы,

Бейбітшілік көшесі, 64

sobes_zer_08@mail.ru

8-71632

2-11-68

13

Қорғалжын ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

Қорғалжын ауданы, Қорғалжын ауылы, Балғамбаев көшесі, 9

kszn@kokshetau.online.kz

8-71637

2-11-83

14

Сандықтау

Сандықтау ауданы,

8-71640

1

2

3

4

5




ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

Балкашино ауылы, Ленин көшесі, 117 Sondyktau_OZSP@kokshetau.online.kz

9-17-43




15

Целиноград ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

Целиноград ауданы,

Ақмол ауылы,

Гагарин көшесі, 15

otdelakmol@mail.ru


8-71651

3-11-10

16

Шортанды ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

Шортанды ауданы, Шортанды кенті,

Абылай хан көшесі, 22

shortsobes@mail.ru

8-71631

2-19-75

17

Бурабай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

Бурабай ауданы,

Щучинск қаласы,

8 наурыз көшесі, 24

soczachita@ kokshetau. Online.kz

8-71636

4-27-68

18

Степногор қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

Степногор қаласы,

4-шағын аудан

soc_progr@mail.ru

8-71645

6-26-33,

6-20-30

19

Көкшетау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

Көкшетау қаласы, Локомативная көшесі,

9 а

Sobes_kokshe@kokshetau.оnline.kz

8-7162

31-92-76,

31-92-78
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

Похожие:

Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы iconКодексінің 34-бабына және «Әкімшілік рәсімдер туралы»
Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы
Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы iconКодексінің 34-бабына және «Әкімшілік рәсімдер туралы»
Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы
Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы iconКодексінің 34-бабына және «Әкімшілік рәсімдер туралы»
Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы
Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы iconКодексінің 34-бабына және «Әкімшілік рәсімдер туралы»
Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы
Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы iconКодексінің 34-бабына және «Әкімшілік рәсімдер туралы»
Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы
Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы icon«Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына қосымша әлеуметтік көмек көрсету туралы»
Заңының 2 бабына, «Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту...
Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы icon«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» электрондық мемлекеттік қызмет регламенті Жалпы ережелер
«Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» қаулысымен...
Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы iconӘлеуметтік қорғау саласында жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік қызмет көрсету регламенттерін
Бірыңғай талаптар әлеуметтік қорғау саласында жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік қызмет көрсету регламенттерін әзірлеу...
Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы iconҚазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру
Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі, дене шынықтыру және спорт саласындағы жергілікті атқарушы органдар көрсететін...
Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы iconЖергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік қызметтер тізімі
...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница