Астана қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық даму




Скачать 280.21 Kb.
НазваниеАстана қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық даму
страница3/3
Дата конвертации18.06.2013
Размер280.21 Kb.
ТипДокументы
1   2   3

9.3. Білім


2012-2013 оқу жылының басына Астана қаласының білім жүйесін 262 білім ұйымдарынан тұрады:

Бала бақша – 122, оның ішінде:

  • мемлекеттік – 69, оның ішінде кешенді (мектеп – бала бақша - 5);

  • мемлекеттік емес – 52;

  • ведомстволық – 1.

Мектепке дейінгі білім берумен балаларлы жалпы қамту (1 жастан 6 жасқа дейін) – 49,5 %, оның ішінде Балапан бағдарламасы бойынша – 61,9 %.

Мектепке дейінгі мекемелердегі орын тапшылығы (3 жастан 6 жасқа дейін) – 34 200, оның ішінде аса мұқтаждар – 15 200.

Кезектегілер саны – 65 400.

Жалпы орта білім беру

Барлығы – 82 мектеп (мемлекеттік – 70, жеке - 12).

Оқушылар орнының тапшылығы – 15 730 орын. Үш ауысымда оқитын мектептер саны – 6.

Техникалық және кәсіби оқыту.

2011-2012 оқу жылының басында кәсіби лицейлерді колледждерге қайта тіркеу өткізілді. 2012-2013 оқу жылынан бастап 35 колледж, оның ішінде 12 мемлекеттік колледж, 23 жеке колледж жұмыс істейді.

Қосымша білім беру ұйымдары – 13.

Қосымша білім берумен қамту – 29 % (23 948 адам), 27 аула клубтары жұмыс істейді (4000 бала).

Қосымша білім беру және сабақтан тыс қызметпен барлық қамтамасыз етілгендер жалпы саны оқушылапдың жалпы контингенті 69 %.

Астана қаласының Білім басқармасы ата – ана қамқорлығынсыз қалған балаларды және жетім балаларды қамқорлығына алған, патронаттық тәрбиелеуге алған азаматтар үшін «Қамқоршы күні» мерекесі өткізілді. Осы мерекеде қамқоршыға алғандар, патронаттық тәрбиелеушілер, демеушілер, мемлекеттік ұйымдардың және ҮЕҮ өкілдері қатысты. Сондай-ақ, БАҚ: «Астана ақшамы», «Вечерняя Астана», «24 арна», «Қазақстан», «КТК», «СТВ» шақырылды. Мереке қонақ ретінде 70 бала және 70 қамқоршы шақырылды.

№ 62 мектеп - лицей базасында № 7 мектеп - гимназия және № 62 мектеп - лицей оқушылары базасында Германиядан келген мамандар Шарлотта Зигершеттер және Хольгер Радке өткізген шебер - кластар шегінде «Ұйқыдағы ару» ертегісінің мақамы бойынша өз қатарластары үшін театрландырылған қойылымды дайындады.

Астана қаласының № 30 мектеп - гимназиясында Астана қаласының жалпы білім беру мектептерінің 11 - сыныптарының оқушылары арасында математика, физика, химия және биология пәндері бойынша Президент олимпиадасының І (өңірлік) кезеңі өткізілді. Барлығы олимпиадада елорданың 25 мектебінің 86 оқушысы қатысты. Президент олимпиадасының екінші іріктеу кезеңіне қаланың 9 мектебінен 30 оқушысы өтті. Республикалық ғылыми жарыстарға қатысу үшін Астана қаласының 68 білім беру мекемесінен 1189 оқушы (998 жоба) тіркелді.

Қазан айында Қарттар күніне арналған ҰОС және еңбек ардагерлері, зейнеткерлерге біраз мектептердің оқушылары барып көмек көрсетті. Сыйлықтар сыйлады және шаруашылық істеріне көмектесті. Олардың ішінде № 28 ОМ «Қоғамның, әлем бірлігінің және рухани келісім идеялары» атты қоғамдық және саяси ұйымдардың өкілдерімен дөңгелек үстел, № 30 МГ «Әр түрлі және басқалар» атты аз ұлттардың конфликтологиялық сабағы, Балалар көркемсурет мектебінде – ЮНЕСКО клубында «Қайырымды істер – қайырымды жүректер» атты балалар суретінің конкурсы және т.б. М. Өтемісов атындағы Оқушылар сарайында «Сөз маржаны» атты ең үздік жүргізуші конкурсы өткізілді.


9.4. Денсаулық сақтау


Астана қаласының Денсаулық сақтау басқармасының жүйесінде есепті кезеңде 32 медициналық ұйым қызмет етеді, оның ішінде: 3 376,9 жалпы кереуеттік қоры бар 14 аурухана ұйымы, 9 АМСК ұйымы, 1 қалалық жедел жәрдем станциясы, 6 өзге және 2 білім беретін медицина ұйымы.

Бұдан басқа, қала тұрғындарына 2 222 кереуеттік қоры бар республикалық маңызы бар 9 аурухана, 1 Республикалық диагностикалық орталық, 7 ведомстволық аурухана ұйымы және жеке меншік нысанындағы 2 аурухана ұйымы.

Стационарлық ауысу көмегін көрсететін медицина ұйымдарының саны есепті кезеңде – 32.

Қарастырылған кезең нәтижесі бойынша медициналық – демографиялық көрсеткіштер динамикасының төмендеуі байқалады:

- 1000 адамға шаққандағы туу көрсеткіші 24,9 құрады, бұл 2011 жылдың 9 айында 24,43 қарсы.

- жалпы өлім көрсеткіші 2011 жылғы 4,5-тен ағымдағы жылы 4,65 дейін төмендеді;

- тұрғылықты мекен – жайы бойынша ана өлімінің көрсеткіші 100 мың адам басына шаққанда 2011 жылғы 10 айдың 19,0-ден 2012 жылғы 5,6 төмендеді.

- бала өлімінің көрсеткіші ағымдағы жылдың басынан бастап 2011 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 1000 тірі туған балаға шаққанда 8,9 –дан ағымдағы жылы 9,2 дейін азайды.


10. Мәдениет және спорт


Мәдениет. Мұражай қызметінде.

Қазан айы бойы музейлерде 17 жаңа көрме өткізілді, 163 экскурсия өткізілді, 9 дәріс оқылды, бұл іс – шараларға 11307 адам қатысты.

Жаңа өнер музейінде «СОЦиУМ» атты плакаттардың блиц көрмесі өткізілді, оған 16 жұмыс ұсынылды.

Қазан айынан бастап КСРО Суретшілер Одағының мүшесі, Қазақстан Суретшілер Одағының мүшесі Елена Ралинаның (Астана) «Жетінші күн» персоналды мерейтойлық көрмесі жұмыс істейді. Көрмеде 1997 жылдан 2012 жыл аралағында құрылған 97 сұңғат өнерінің заттары ұсынылды.

«АЛЖИР» музей – мемориальды кешенде «АЛЖИРДІҢ атақты аттары» көрмесі ұйымдастырылды, ол жерде мемлекет және қоғам қайраткерлері Б. Майлиннің, А. Рысқұловтың, Д. Жүргеновтың, Л. Руслановтың және т.б. әйелдері туралы айтылды.

ТЕтар қызметінде.

Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ Музыка драма театрында 10 қазанда Әзербайжан Мәмбетовтың 80 жылдығына арналған «Ғасырдан да ұзақ түн» атты спекткальмен 22 театр кезеңі ашылды.

Театр Алматыда өткен Орта Азиядағы театрлардың ІV халықаралық фестиваліне қатысты, ол жерде көрермендердің назарына У. Шекспирдің «Гамлет» спектаклі қойылды.

Барлығы 18 спектакль қойылды, оған 928 адам қатысты.

Жастар театры есепткі кезең бойы оқушыларға «Үй таңдаған лақ» және «Ұр тоқпақ» атты халық ертегісін, және студенттер мен жоғары сынып оқушылары үшін «Махаббат миниатюралары», «Рефизор», «Жан азабы», «Ғайыптағы мәңгілік махаббат сазы», «Вестсайд оқиғасы» және т.б. қойды.

Барлығы 18 спектакль қойылды, оған 1973 көрермен қатысты.

Қуыршақ театры қазанда мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалар үшін «Қала жолдарындағы оқиғалар» және «Ғажайып сөздер» атты спектакльдерді қойды.

Барлығы 41 спектакль қойылды, оған 4849 көрермен қатысты.

«Наз» мемлекеттік би театры есепті кезеңде Уфа қаласының қалалық округы әкімшілігі Басшысының шақыртуымен «Уфа – достық және бірлік қаласы» атты муниципиальды кәсіби – шығармашылық ұжымының фестиваліне, сондай-ақ Қарттар күніне арналған, І Рухани келісім және Бүкіләлемдік конгрессінің 20 жылдығына арналған және т.б. іс-шараларға қатысуға шақырту алды.

Музыка өнері қызметінде.

Қазан айы бойы Мемлекеттік филармония 47 концерттік іс-шара өткізді, оған 49650 көрермен қатысты.

«Жастар» сарайында «Қазақша КВН» жартылай финалы өтті, 20 қазанда «Би алаңы» жобасы, 24 қазанда «Жас техник» жалпы қалалық конкурс.

Бейбітшілік және келісім сарайында І Рухани келісім және Бүкіләлемдік конгрессінің 20 жылдығына арналған «Барлық әлемдегі бейбітшілікке – рухани мәдениет арқылы» мерейтойлық халықаралық ғылыми – тәжірибелік конференция өткізілді.

Тәуелсіздік сарайында KazEnergy VІІ Еуразиялық форумы, сондай-ақ, І Рухани келісім және Бүкіләлемдік конгрессінің 20 жылдығына арналған «Барлық әлемдегі бейбітшілікке – рухани мәдениет арқылы» мерейтойлық халықаралық ғылыми – тәжірибелік конференция өткізілді.

Елорда циркі.

7 қазанда циркте «Маша және аю» атты Ресей қойылымы өтті. Бағдарламаға қуыршақтардың қойылымы болды. Спектакльге 3500 көрермен қатысты.

Кітапхана қызметінде.

Қаланың барлық кітапхана жүйесінде Президенттің халқымызға «Қазақстанның әлеуметтік жандануы: Жалпы еңбек қоғамына 20 қадам» атты бағдарламалық баяндамасы талқыланды.

Сондай-ақ, кітапханаларда Рухани келісім күніне арналған «Рухани келісім – Қазақстандағы бейбітшіліктің негізі» көрмесі, «Бірлік кепілі – бейбітшіліктің символы» тақырыптық іріктеулер реімделді, «Толерантность – Қағида – Адалдық - Махаббат», «Біздің арамызда келісім, бейбітшілік және махаббат болсын» атты қоғамдық сағаттар, «Рухани мәдениет көздері – жайлау әні» атты шолу әңгіме өтті.

Спорт. Астана қаласында дене тәрбиесін және спортты әрі қарай дамыту мақсатында, оқушылар мен жастардың спортпен тұрақты шұғылдану мүмкіндігін кеңейтуге балалар-жасөспірмдер спорт мектептері, спорт клубтары, және басқа да спорттық-көпшілік және сауықтыру шараларының орталықтары желісін кеңейтуге байланысты дайындық жұмыстары жүргізілуде.

Қазіргі уақытта Астана қаласында 508 спорт ғимараты қызмет етеді, оның ішінде 4 стадион, 3 спорт сарайы, 2 спорттық ғимарат кешені, 1 құрама командалардың оқу-жаттығу орталығы, 12 спорттық кешен, 4 спорттық манеж, 1 шаңғы базасы, 27 ату тирі, 2 эллинг, 16 хоккейге арналған ашық корттар, 22 теннис корты, 19 жүзу бассейндері, 176 спорт залы, 46 іштен салынған спорт залдары қызмет етеді, 173 жазық спорттық ғимарат пайдалануға берілді.

Салауатты өмір салтын қалыптастыру және қала халқын дене тәрбиесімен жүйелі түрде айналысуға тарту мақсатында ағымдағы жылдың шілдесінде келесі маңызды іс-шаралар өткізілді:

  • «Астана» ХК шайбамен хоккей бойынша «Горняк» ҚР чемпионаты;

  • «Алтын күз» жазғы кезеңінің жабылуы, жеңіл атлетика;

  • Шахмат бойынша Қазақстан Республикасының чемпионаты;

  • 1995-1996 жылдары туған қыздар арасында футбол бойынша Астана қаласы әкімінің кубогына біріншіліктің ашылуы.






1   2   3

Похожие:

Астана қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық даму iconАстана қаласының Экономика және бюджеттік
Астана қаласының әлеуметтік – экономикалық жай-күйін сипаттайтын маңызды индикаторлардың тізбесі

Астана қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық даму icon1. Экономикалық дамудың 2010-2011 жылдардағы басымдықтары
Астана қаласының әлеуметтік – экономикалық дамуының және бюджеттік параметрлерінің 2012-2016 жылдарға арналған болжамы (бұдан әрі...

Астана қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық даму iconАлматы облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы
Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының (ары қарай Басқарма) миссиясы – халықтың өмір сүру сапасын арттыруға септігін тигізетін,...

Астана қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық даму iconҚазақстан республикасы экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі
Астана: Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі, «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ, компания...

Астана қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық даму iconҚазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің 2010 жылға арналған операциялық жоспары
Елдің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері мен бюджеттік өлшемдерінің сценарийлік болжамын әзірлеу және Республикалық бюджет...

Астана қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық даму iconБір көзден тәсілімен телекоммуникациялық қызметтер көрсету бойынша мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттама
Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы: «Астана қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мм (Астана қаласы, Бейбітшілік...

Астана қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық даму icon«Астана қаласының Мәдениет басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға
Республикасы Бюджет кодексінің 62-бабына, Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау...

Астана қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық даму icon2012 жылдың бірінші тоқсанына Өскемен қаласының әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы
Скемен қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы оңды динамикамен сипатталады

Астана қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық даму iconАстана қаласының Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы
Астана қаласының аумағында тазалықты қамтамасыз ету қағидалары», «Жасыл екпелерді күтіп ұстау және қорғау тәртіптері» талаптарын...

Астана қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық даму icon9 Халықты әлеуметтік қорғау және кедейлікті төмендету
Астана қаласының әлеуметтік – экономикалық жағдайын сипаттайтын маңызды көрсеткіштер тізбесі

Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница