Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 20 сәуірдегі №320 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы




Скачать 54.68 Kb.
НазваниеҚазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 20 сәуірдегі №320 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы
Дата конвертации12.07.2014
Размер54.68 Kb.
ТипДокументы



Қазақстан Республикасы Президентінің

2007 жылғы 20 сәуірдегі № 320

Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы

«Оңтүстік», «Ертіс» және «Жетісу» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларын құру және олардың қызметiн қамтамасыз ету жөнiндегi шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2007 жылғы “___’’___________ № ____ Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. Жарғылық капиталдарына мемлекет жүз пайыз қатысатын «Оңтүстік» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» (бұдан әрi – «Оңтүстік» ӘКК» ҰК» АҚ), «Ертіс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» (бұдан әрi – «Ертіс» ӘКК» ҰК» АҚ) және «Жетісу» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» (бұдан әрi – «Жетісу» ӘКК» ҰК» АҚ) акционерлiк қоғамдары құрылсын және Оңтүстік Қазақстан облысының Шымкент қаласы «Оңтүстік» ӘКК» ҰК» АҚ-ның, Шығыс Қазақстан облысының Семей қаласы «Ертіс» ӘКК» ҰК» АҚ-ның және Алматы облысының Талдықорған қаласы «Жетісу» ӘКК» ҰК» АҚ орналасу орны болып белгiленсiн.

2. «Оңтүстік» ӘКК» ҰК» АҚ-ның қызметінің негізгі мәні Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Қызылорда облыстарын, «Ертіс» ӘКК» ҰК» АҚ-ның қызметiнiң негiзгi мәнi Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарын және «Жетісу» ӘКК» ҰК» АҚ-ның қызметiнiң негiзгi мәнi Алматы облысы және Алматы қаласы мемлекеттiк және жеке секторларды шоғырландыру, кластерлiк әдiс негiзiнде бiрыңғай экономикалық нарықты құру, инвестициялар мен инновациялар тарту үшiн қолайлы экономикалық орта қалыптастыру, өңiрлердi әлеуметтiк дамытуға, сондай-ақ пайдалы қазбаларды, оның iшiнде осы қаулының 4-тармағының 1) тармақшасында бекiтiлген пайдалы қазбалар түрлерi мен қорлары көлемiнiң тiзбесiне сәйкес кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндiруге, қайта өңдеуге бағытталған бағдарламаларды әзiрлеуге және iске асыруға қатысу жолымен экономикалық дамытуға жәрдемдесу болып белгiленсiн.

3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi заңнамада белгiленген тәртiппен:

«Оңтүстік» ӘКК» ҰК» АҚ-ның, «Ертіс» ӘКК» ҰК» АҚ-ның және «Жетісу» ӘКК» ҰК» АҚ-ның акцияларының мемлекеттiк пакеттерiн иелену және пайдалану құқықтарын Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiне берсiн;

«Оңтүстік» ӘКК» ҰК» АҚ-ны, «Ертіс» ӘКК» ҰК» АҚ-ны және «Жетісу» ӘКК» ҰК» АҚ-ның олардың орналасуы үшiн ғимараттармен қамтамасыз ету жөнiнде шаралар қабылдасын;

инвестициялық, инновациялық және өзге де жобаларды жүзеге асыру үшiн республикалық меншіктегі жекелеген объектілерді «Оңтүстік» ӘКК» ҰК» АҚ-на, «Ертіс» ӘКК» ҰК» АҚ-на және «Жетісу» ӘКК» ҰК» АҚ-на беру мақсатында «Оңтүстік» ӘКК» ҰК» АҚ-ның, «Ертіс» ӘКК» ҰК» АҚ-ның және «Жетісу» ӘКК» ҰК» АҚ-ның қарауына республикалық меншіктегі объектілердің түгендеу нәтижелерін ұсынсын.

Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiмен бiрлесiп:

1) «Оңтүстік» ӘКК» ҰК» АҚ-ның жарғылық капиталын республикалық бюджеттiң қаражатынан 1000000000 (бір миллиард) теңге мөлшерiнде, «Ертіс» ӘКК» ҰК» АҚ-ның жарғылық капиталын республикалық бюджеттiң қаражатынан 1000000000 (бір миллиард) теңге мөлшерiнде және «Жетісу» ӘКК» ҰК» АҚ-ның жарғылық капиталын республикалық бюджеттiң қаражатынан 1000000000 (бір миллиард) теңге мөлшерiнде қалыптастыруды;

2) «Оңтүстік» ӘКК» ҰК» АҚ-ның, «Ертіс» ӘКК» ҰК» АҚ-ның және «Жетісу» ӘКК» ҰК» АҚ-ның жарғыларын әзiрлеудi және бекiтудi;

3) «Оңтүстік» ӘКК» ҰК» АҚ-ны, «Ертіс» ӘКК» ҰК» АҚ-ны және «Жетісу» ӘКК» ҰК» АҚ-ны Қазақстан Республикасының әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркеудi;

4) «Оңтүстік» ӘКК» ҰК» АҚ-ның, «Ертіс» ӘКК» ҰК» АҚ-ның және «Жетісу» ӘКК» ҰК» АҚ-ның жарияланған акцияларының санын және орналастырылатын акциялардың құнын беретін жер учаскелерін (оның ішінде, ауыл шаруашылығы өндірісінің шығындары) мен республикалық, коммуналдық меншік объектілерін қоса алғанда, мемлекеттік активтерінің құн төлеміне ұлғайту;

5) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсiн.

4. Қоса берiлiп отырған:

1) «Оңтүстік» ӘКК» ҰК» АҚ, «Ертіс» ӘКК» ҰК» АҚ және «Жетісу» ӘКК» ҰК» АҚ барлауды, өндiрудi және қайта өңдеудi жүзеге асыра алатын пайдалы қазбалар, оның iшiнде кең таралған пайдалы қазбалар түрлерi мен қорлары көлемiнiң тiзбесі;

2) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн толықтырулар бекітілсін.

5. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгi мүдделi мемлекеттiк органдармен бiрлесiп, үш апта мерзiмде «Оңтүстік» ӘКК» ҰК» АҚ, «Ертіс» ӘКК» ҰК» АҚ және «Жетісу» ӘКК» ҰК» АҚ қызметiнiң негiзгi қағидаттары туралы меморандумдардың жобаларын Қазақстан Республикасы Үкіметіне енгiзсiн.

6. Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Алматы облыстарының және Алматы қаласының әкiмдерi заңнамада белгіленген тәртiппен:

1) 2007 жылғы 20 мамырға дейiн коммуналдық меншiк объектiлерiн түгендеудi аяқтасын және олардың нәтижелерiн тиісінше «Оңтүстік» ӘКК» ҰК» АҚ-ның, «Ертіс» ӘКК» ҰК» АҚ-ның және «Жетісу» ӘКК» ҰК» АҚ-ның қарауына берсiн;

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiмен бірлесіп «Оңтүстік» ӘКК» ҰК» АҚ-на, «Ертіс» ӘКК» ҰК» АҚ-на және «Жетісу» ӘКК» ҰК» АҚ-на инвестициялық, инновациялық және өзге де жобаларды жүзеге асыру үшiн жекелеген коммуналдық меншіктегі объектілерді республикалық меншікке беру мәселесін қарастырсын;

2) 2007 жылғы 20 мамырдан бастап:

«Оңтүстік» ӘКК» ҰК» АҚ-ның, «Ертіс» ӘКК» ҰК» АҚ-ның және «Жетісу» ӘКК» ҰК» АҚ-ның орталастыратын акцияларының төлеміне қатысу үшiн жер учаскелерiн тиісінше «Оңтүстік» ӘКК» ҰК» АҚ-ға, «Ертіс» ӘКК» ҰК» АҚ-ға және «Жетісу» ӘКК» ҰК» АҚ-ға жеке меншiкке немесе жердi пайдалануға берудi;

инвестициялық, инновациялық және өзге де жобаларға қатысу үшiн жер учаскелерiн тиісінше «Оңтүстік» ӘКК» ҰК» АҚ-ға, «Ертіс» ӘКК» ҰК» АҚ-ға және «Жетісу» ӘКК» ҰК» АҚ-ға жеке меншiкке немесе жердi пайдалануға берудi;

«Оңтүстік» ӘКК» ҰК» АҚ-ның, «Ертіс» ӘКК» ҰК» АҚ-ның және «Жетісу» ӘКК» ҰК» АҚ-ның концессиялардағы үлесi сияқты жер пайдалану құқығымен пайдалы қазбаларды әзiрлеуге, өңiрлiк арнайы экономикалық аймақтарды, индустриялық және технологиялық парктердi ұйымдастыруға, шекара маңы ынтымақтастығы орталықтарына қатысуын;

жер учаскелерiнiң және ауыл шаруашылығы өндiрiсi ысырабының құнын инвестициялық, инновациялық және өзге де жобаларды iске асыру шеңберiнде «Оңтүстік» ӘКК» ҰК» АҚ-ның, «Ертіс» ӘКК» ҰК» АҚ-ның және «Жетісу» ӘКК» ҰК» АҚ-ның үлестерiне жатқызуды қамтамасыз етсiн;

3) Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттiгiмен бiрлесiп, 2007 жылғы 1 маусымға дейiнгi мерзiмде қордағы жердi, оның iшiнде арнайы жер қорының; құрылыстан бос елдi мекендердiң; астында пайдалы қазбалар бар; арнайы экономикалық аймақтарды, өңiрлiк индустриялық және технологиялық парктердi орналастыруға арналған; олардың алаңы мен шекарасын анықтай отырып, шекарамаңы ынтымақтастығы орталықтарының жерiн түгендеудi аяқтасын, түгендеу нәтижелерiн тиісінше «Оңтүстік» ӘКК» ҰК» АҚ-ның, «Ертіс» ӘКК» ҰК» АҚ-ның және «Жетісу» ӘКК» ҰК» АҚ-ның қарауына берсiн.

7. Мүдделi мемлекеттiк органдар қолданыстағы заңнамаға сәйкес берiлетiн активтердiң құнын инвестициялық, инновациялық және өзге де жобаларды іске асыру шеңберiнде «Оңтүстік» ӘКК» ҰК» АҚ-ның, «Ертіс» ӘКК» ҰК» АҚ-ның және «Жетісу» ӘКК» ҰК» АҚ-ның үлестерiне жатқызуды қамтамасыз етсiн.

8. Осы қаулының 6-тармағы 1) және 2) тармақшаларының нормалары мыналарға: мемлекеттiк жер пайдаланушыларға; азаматтарға жеке қосалқы шаруашылық жүргiзу, бақ өсiру, саяжай және жеке тұрғын үй құрылысы, бау-бақша мен жеке ауланы ұстау үшiн; заттай гранттар ретiнде; еркiн экономикалық аймақтарға берiлетiн жер учаскелерiне қолданылмайды.

9. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары – Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрi А.Е. Мусинге жүктелсiн.

10. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

 
Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі К. Мәсімов

 



Похожие:

Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 20 сәуірдегі №320 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 21 желтоқсандағы №1263 Қаулысы «Қазақстанның 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясын одан әрі іске асыру жөніндегі шаралар туралы»
Даму стратегиясын одан әрі іске асыру жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 6 сәуірдегі №310 Жарлығын...
Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 20 сәуірдегі №320 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы iconМемлекет басшысының 2005-2007 жылдардағы Қазақстан халқына жыл
«Қазақстанның 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясын одан әрі іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің...
Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 20 сәуірдегі №320 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 21 желтоқсандағы №1260 Қаулысы «Қазақстанның 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясын одан әрі іске асыру жөніндегі шаралар туралы»
Президентінің 2007 жылғы 6 сәуірдегі №310 Жарлығын іске асыру және Қазақстан Республикасы халқының арасында салауатты өмір салтын...
Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 20 сәуірдегі №320 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы iconАқпараттық технологияларды қолдану бойынша облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың)
Бұдан әрі Әдістеме «Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы №954 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы»...
Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 20 сәуірдегі №320 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы iconАқпараттық технологияларды қолдану бойынша облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың)
Бұдан әрі Әдістеме «Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы №954 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы»...
Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 20 сәуірдегі №320 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы iconҚазақстан Республикасында инновацияларды дамыту және технологиялық жаңғыртуға жәрдемдесу жөніндегі
Емелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар...
Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 20 сәуірдегі №320 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы iconҚазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметі жаңа моделінің тұжырымдамасы туралы
«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1...
Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 20 сәуірдегі №320 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы icon2009 жылғы 1- жарты жылдықтың қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының ауылды аумақтарын дамытудың
Мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 11 сәуірдегі №286 қаулысымен бекітілген...
Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 20 сәуірдегі №320 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы iconҚазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы
«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1...
Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 20 сәуірдегі №320 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы iconОңтүстік Қазақстан облысында тілдерді қолдану мен дамытудың
Республикасы Президентінің 2001 жылғы 7 ақпандағы №550 Жарлығына толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Президентінің...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница