«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне адам саудасына қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы




Скачать 149.36 Kb.
Название«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне адам саудасына қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы
Дата конвертации18.06.2013
Размер149.36 Kb.
ТипДокументы


Жоба


«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне адам саудасына қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1. 1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 15-16, 211-құжат; 1998 ж., № 16, 219-құжат; № 17-18, 225-құжат; 1999 ж., № 20, 721-құжат; № 21, 774-құжат; 2000 ж., № 6, 141-құжат; 2001 ж., № 8, 53, 54-құжаттар; 2002 ж., № 4, 32, 33-құжаттар; № 10, 106-құжат; № 17, 155-құжат; № 23-24, 192-құжат; 2003 ж., № 15, 137-құжат; № 18, 142-құжат; 2004 ж., № 5, 22-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 21-22, 87-құжат; 2006 ж., № 2, 19-құжат; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 12, 72-құжат; № 15, 92-құжат; 2007 ж., № 1, 2-құжат; № 4, 33-құжат; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 17, 140-құжат; 2008 ж., № 12, 48-құжат; № 13-14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126-құжат; 2009 ж., № 6-7, 32-құжат; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 71, 73, 75-құжаттар; № 17, 82, 83-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 127, 128, 130-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 11, 59-құжат; № 15, 71-құжат; № 20-21, 119-құжат; № 22, 130-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 9-құжат; № 2, 19, 28-құжаттар; 2011 жылғы 15 және 16 қарашада «Егемен Қазақстан» және 2011 жылғы 15, 16 және 19 қарашада «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау қызметін жетілдіру және қылмыстық заңнаманы одан әрі ізгілендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 9 қарашадағы Заңы; 2011 жылғы 3 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ұйымдасқан қылмысқа, террористік және экстремистік қызметке қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 29 қарашадағы Заңы; 2011 жылғы 8 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экологиялық мәселелер бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 3 желтоқсандағы Заңы):

1) 125-баптың Ескертулерінің 2-бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Осы Кодекстің осы бабында және 126, 128, 133-баптарында адамды пайдалану деп:

- мәжбүрлі еңбек түсініледі, қандай да бір жазамен қорқытып қандай да бір адамнан талап етілетін, оны орындау үшін бұл адам өзінің қызметтерін ерікті түрде ұсынбаған кез келген жұмысты немесе қызметті білдіреді;

- кінәлінің алынған табыстарды иеленіп алуы мақсатында басқа адамның жезөкшелікпен айналысуын немесе ол көрсететін өзге де қызметтерді, сонымен бірдей кінәлінің материалдық пайда алу мақсатын көздемей, нәпсіқұмарлық қызметтер көрсетуге мәжбүрлеуі;

- мәжбүрлі қайыршылық, адамды бөтен адамдардан ақша немесе өзге де мүлік сұраумен байланысты қоғамға қарсы әрекет жасауға мәжбүрлеуді білдіреді;

- адамның өзіне байланысты емес себептер бойынша жұмыстарды немесе қызметтерді орындаудан бас тарта алмайтын адамға қатысты меншік иесінің өкілеттіктерін жүзеге асыруымен байланысты өзге де әрекеттер түсініледі.»;

2) 128-баптың бірінші бөлігінде «Адамды» деген сөзден кейін «оның келісімімен немесе онсыз» деген сөздермен толықтырылсын;

бірінші бөліктің екінші абзацында «немесе онсыз» деген сөздер алынып тасталсын;

екінші бөліктің он екінші абзацында «немесе онсыз» деген сөздер алынып тасталсын;

үшінші бөліктің екінші абзацында «немесе онсыз» деген сөздер алынып тасталсын;

мынадай мазмұндағы ескертумен толықтырылсын:

«Ескерту.

1. Осы Кодекстің 113-бабында, 125-бабы 3-бөлігінің б тармағында, 126- бабы 3-бөлігінің б тармағында, 128, 132-1, 133, 270, 271-баптарында көзделген қылмыстар адам саудасы саласындағы қылмыстар деп танылады.»;

3) 132-1-бап мынадай мазмұндағы 2-1-бөлікпен толықтырылсын:

«2-1. Алдын ала сөз байласуы бойынша адамдар тобымен не бірнеше рет жасалған нақ сол әрекеттер, -

- мүлкін тәркілеп, үш жылдан бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.»;

бірінші бөліктің екінші абзацында «айналысуға тарту» деген сөздерден кейін «мүлкін тәркілеп,» деген сөздермен толықтырылсын;

екінші бөліктің екінші абзацында «айналысуға тарту» деген сөздерден кейін «мүлкін тәркілеп,» деген сөздермен толықтырылсын;

үшінші бөліктің бесінші абзацында «нақ сол әрекет» деген сөздерден кейін «мүлкін тәркілеп,» деген сөздермен толықтырылсын;

4) 133-бапта:

бірінші бөліктің екінші абзацында «немесе онсыз» деген сөздер алынып тасталсын;

екінші бөліктің он екінші абзацында «немесе онсыз» деген сөздер алынып тасталсын;

екінші бөліктің к) тармағында «пайдаланып» деген сөзден кейін «;» қойылып, мынадай мазмұндағы л) және м) тармақтарымен толықтырылсын:

«л) кінәліге жүктілік жағдайында екендігі көрінеу белгілі кәмелетке толмаған қызға қатысты;

м) кінәліге психикасы бұзылуынан зардап шегетiнi көрінеу белгiлi немесе қорғансыз немесе дәрменсiз адамға қатысты»;

үшінші бөліктің екінші абзацында «немесе онсыз» деген сөздер алынып тасталсын;

5) мынадай мазмұндағы 138-1-баппен толықтырылсын:

«138-1-бап. Кәмелетке толмағандарға қатысты Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын бұзу

Жұмыс берушінің немесе лауазымды адамның кәмелетке толмағандардың еңбегін пайдалану бөлігінде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын бұзуы, егер осындай әрекет жасағаны үшін оған бір жыл ішінде әкімшілік жаза қолданылған жағдайда, -

үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.»;

6) 270-баптың бірінші бөлігінің екінші абзацында «екi жүзден бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не» деген сөздер алынып тасталсын;

«мүлкін тәркілеп,» деген сөздермен толықтырылсын;

270-бап мынадай мазмұндағы 1-1-бөлікпен толықтырылсын:

«1.1. Алдын ала сөз байласуы бойынша адамдар тобымен не бірнеше рет жасалған нақ сол әрекеттер, -

мүлкін тәркілеп, үш жылдан бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.»;

екінші бөліктің екінші абзацында «үш жылдан жеті жылға дейінгі» деген сөздер «мүлкін тәркілеп, бес жылдан жеті жылға дейінгі» деген сөздермен ауыстырылсын;

7) 271-баптың бірінші бөлігінің бірінші абзацы «айыппұл салуға, не» деген сөздерден кейін «мүлкін тәркілеп,» деген сөздермен толықтырылсын;

екінші бөлікте «2» деген сан «4» деген санмен ауыстырылсын;

екінші абзацта «бес жылға» деген сөздер «мүлкін тәркілеп, бес жылдан он жылға» деген сөздермен ауыстырылсын;

мынадай мазмұндағы екінші және үшінші бөліктермен толықтырылсын:

«2. Жеңгетайлық және жезөкшелікпен айналысу үшін иелерінің (жалға алушылардың) үй-жайларды беруі және (немесе) жағдайлар жасауы, -

мүлкін тәркеліп, бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

3. Кәмелетке толмағандарға қатысты жасалған нақ сол әрекеттер, -

мүлкін тәркеліп, үш жылдан жеті жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.».

2. 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж, № 23, 335-құжат; 1998 ж., № 23, 416-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 6, 141-құжат; 2001 ж., № 8, 53-құжат; № 15-16, 239-құжат; № 17-18, 245-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 32, 33-құжаттар; № 17, 155-құжат; № 23-24, 192-құжат; 2003 ж., № 18, 142-құжат; 2004 ж., № 5, 22-құжат; № 23, 139-құжат; № 24, 153, 154, 156-құжаттар; 2005 ж., № 13, 53-құжат; № 21-22, 87-құжат; № 24, 123-құжат; 2006 ж., № 2, 19-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 12, 72-құжат; 2007 ж., № 1, 2-құжат; № 5-6, 40-құжат; № 10, 69-құжат; № 13, 99-құжат; 2008 ж., № 12, 48-құжат; № 15-16, 62, 63-құжаттар; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 6-7, 32-құжат; № 15-16, 71, 73-құжаттар; № 17, 81, 83-құжаттар; № 23, 113, 115-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 127, 128, 130-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 4-құжат; № 11, 59-құжат; № 17-18, 111-құжат; № 20-21, 119-құжат; № 22, 130-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 9-құжат; № 2, 19, 28-құжаттар; 2011 жылғы 15 және 16 қарашада «Егемен Қазақстан» және 2011 жылғы 15, 16 және 19 қарашада «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау қызметін жетілдіру және қылмыстық заңнаманы одан әрі ізгілендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 9 қарашадағы Заңы; 2011 жылғы 3 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ұйымдасқан қылмысқа, террористік және экстремистік қызметке қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 29 қарашадағы Заңы; 2012 жылғы 18 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ғарыштық қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 6 қаңтардағы Заңы):

1) 80-баптың екінші бөлігі мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:

«Адам саудасы саласындағы қылмыстық істер бойынша жәбірленушілердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін адвокаттың қатысуы міндетті.»;

2) 192-баптың екінші бөлігінде «267-269» деген сандардан кейін «, 270 (екінші бөлігінде), 271 (екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде)» деген сөздермен толықтырылсын;

3) 285-баптың екінші бөлігінде «134-137» деген сандардан кейін «, 138-1,» деген сандармен толықтырылсын;

«265, 266» деген сандардан кейін «270, (бірінші және 1-1-бөліктерінде),» деген сөздермен толықтырылсын;

3. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 5-6, 24-құжат; № 17-18, 241-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 25-құжат; № 5, 30-құжат; № 11, 56, 64, 68-құжаттар; № 14, 109-құжат; № 15, 122, 139-құжаттар; № 18, 142-құжат; № 21-22, 160-құжат; № 23, 171-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 55-құжат; № 15, 86-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139, 140-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 7-8, 19-құжат; № 9, 26-құжат; № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21-22, 86, 87-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 19, 20-құжаттар; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72, 77-құжат; № 13, 85, 86-құжат; № 15, 92, 95-құжат; № 16, 98, 102-құжаттар; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 16, 18-құжаттар; № 3, 20, 23-құжаттар; № 4, 28, 33-құжаттар; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 13, 99-құжат; № 15, 106-құжат; № 16, 131-құжат; № 17, 136, 139, 140-құжаттар; № 18, 143, 144-құжаттар; № 19, 146, 147-құжаттар; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 12, 48, 51-құжаттар; № 13-14, 54, 57, 58-құжат; № 15-16, 62-құжат; № 20, 88-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126, 128, 129-құжат; 2009 ж., № 2-3, 7, 21-құжаттар; № 9-10, 47, 48-құжаттар; № 13-14, 62, 63-құжаттар; № 15-16, 70, 72, 73, 74, 75, 76-құжаттар; № 17, 79, 80, 82-құжаттар; № 18, 84, 86-құжаттар; № 19, 88-құжат; № 23, 97, 115, 117-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 129, 130, 133, 134-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 1, 4, 5-құжаттар; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 8, 41-құжат; № 9, 44-құжат; № 11, 58-құжат; № 13, 67-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112, 114-құжаттар; № 20-21, 119-құжат; № 22, 128, 130-құжат; № 24, 146, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7, 9-құжат; № 2, 19, 25, 26, 28-құжат; № 3, 32-құжат; № 6, 50-құжат; № 8, 64-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 115, 116-құжат; № 14, 117-құжат; № 16, 128, 129-құжаттар; 2011 жылғы 15 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне діни қызмет және діни бірлестіктер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 11 қазандағы Заңы; 2011 жылғы 15 және 16 қарашада «Егемен Қазақстан» және 2011 жылғы 15, 16 және 19 қарашада «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау қызметін жетілдіру және қылмыстық заңнаманы одан әрі ізгілендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 9 қарашадағы Заңы; 2011 жылғы 8 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экологиялық мәселелер бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 3 желтоқсандағы Заңы):

1) 56-баптың екінші бөлігінде «Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiне сәйкес ауыр» деген сөздерден кейін «немесе» деген сөз үтірмен ауыстырылсын;

«аса ауыр қылмыс» деген сөздерден кейін «немесе адам саудасы саласындағы қылмыс (113-бап, 125-баптың 3-бөлігінің б тармағы, 126-баптың 3-бөлігінің б тармағы, 128, 132-1, 133, 270, 271-баптары)» деген сөздермен толықтырылсын;

2) мынадай мазмұндағы 85-4-баппен толықтырылсын:

«85-4-бап. Құқық қорғау органдарына хабарлау тәртібін бұзу

1. Өндірісте алған жарақаттарымен, күш көрсету белгілерімен денсаулық сақтау мекемелеріне түскен не қайтыс болған кәмелетке толмаған адамдар туралы құқық қорғау органдарына хабарлау тәртібін бұзу, -

жеке адамдарға бес айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде, лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жылдың iшiнде қайталап жасалған нақ сол iс-әрекеттер, -

лицензияның қолданылуы тоқтатыла тұрып және маманның сертификатынан айыра отырып, айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - лицензияның қолданылуы тоқтатыла тұрып айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға - лицензияның қолданылуы тоқтатыла тұрып не аккредитация туралы куәлікті тоқтата тұрып немесе айыра отырып, айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

3) 87-бап мынадай мазмұндағы 1-1-бөлікпен толықтырылсын:

«1-1. Он алты жасқа толмаған адамдарға қатысты жасалған нақ сол әрекеттер, -

лауазымды адамдарға, жеке кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға  айлық есептiк көрсеткiштiң оннан он беске дейiнгi мөлшерiнде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң жиырма бестен отызға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

4) 311-1-бап мынадай мазмұндағы 3-1-бөлікпен толықтырылсын:

«3-1. Мемлекеттік органдар мен ұйымдардың лауазымды адамдарының баланың құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуы туралы, сондай-ақ күш көрсетудің, қатал қарым-қатынастың немесе дене жарақатының айқын белгілері бар екені туралы заңды өкілдері мен ұйымдарға уақтылы хабарлау туралы міндеттемені бұзуы, -

айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

5) мынадай мазмұндағы 339-1-баппен толықтырылсын:

«339-1-бап. Жезөкшелікпен айналысу

1. Жезөкшелікпен айналысу, -

айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан отызға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Кәмелетке толмағанның жезөкшелікпен айналысуы, -

оқушының заңды өкілдеріне және білім беру ұйымдарының басшылары мен өзге де лауазымды адамдарына айлық есептiк көрсеткiштiң отыздан қырыққа дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

3. Осы баптың бiрiншi және екінші бөлiктерiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер, -
      айлық есептiк көрсеткiштiң отыздан елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға не он тәулiкке дейiнгi мерзiмге әкiмшiлiк қамауға алуға, оқушының заңды өкілдеріне және білім беру ұйымдарының басшылары мен өзге де лауазымды адамдарына айлық есептiк көрсеткiштiң қырықтан алпысқа дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

4. Шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың жезөкшелікпен айналысуы, -

Қазақстан Республикасынан әкімшілік жолмен шығарып жiбере отырып, айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан отызға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

6) 541-баптың бірінші бөлігінде «85-3,» деген сандардан кейін «85-4 (екінші бөлігінде),» деген сөздермен толықтырылсын;

7) 557-2-баптың бірінші бөлігінде «85-2 (бірінші бөлігінде),» деген сөздерден кейін «85-4 (бірінші бөлігінде)» деген сөздермен толықтырылсын;

636-баптың бірінші бөлігінде «339» деген сандардан кейін «339-1» деген сандармен толықтырылсын.

2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының

Президенті









Похожие:

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне адам саудасына қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы iconҚазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне адам саудасына қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне адам саудасына қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар...
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне адам саудасына қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы iconҚазақстан Республикасының Заңы Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне адам саудасына қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы iconҚазақстан Республикасының Заңы Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Бап. Қазақстан Республикасының мынадай заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне адам саудасына қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы icon«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ойын бизнесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына тұжырымдама
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ойын бизнесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»...
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне адам саудасына қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы iconҚазақстан Республикасының Заңы Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экологиялық мәселелер бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне адам саудасына қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы iconҚазақстан Республикасының Заңы
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар...
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне адам саудасына қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы iconҚазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне «Жол жүрісі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына
Бап. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне адам саудасына қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы iconҚазақстан Республикасының Заңы
Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ұлттық қауіпсіздік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне адам саудасына қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы iconҚазақстан республикасының заңЫ
Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне атқарушылық іс жүргізуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу...
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне адам саудасына қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы iconҚазақстан республикасының заңЫ
...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница