«жалпы психология» кафедрасы




Скачать 397.95 Kb.
Название«жалпы психология» кафедрасы
страница1/3
Дата конвертации18.06.2013
Размер397.95 Kb.
ТипДокументы
  1   2   3
М.ӘУЕЗОВ атындағы ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК

УНИВЕРСИТЕТІ

ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНАН КЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУ ОРТАЛЫҒЫ
«ЖАЛПЫ ПСИХОЛОГИЯ» КАФЕДРАСЫ

«БЕКІТЕМІН»

ҒЖ және ХБ жөніндегі проректор

_______________ Бахов Ж.К.

«_____» _________ 2011ж.

6М050300 - «Психология» мамандығының магистратураға қабылдау емтиханының


БАҒДАРЛАМАСЫ

Шымкент 2011 ж.

Қабыдлау емтиханының бағдарламасы 5В050300 -«Психология» мамандығының Жалпы психология және Психология, Жас ерекшелік психология пәндердің типтік бағдарламалары негізінде құрылған.


Қабылдау емтиханның бағдарламасы кафедраның мәжілісінде талқыланған

«___» ________________ 20___, № ____хаттамасы.


Кафедраның меңгерушісі пс.ғ.д., профессор Искакова М.С.

Қабылдау емтиханның бағдарламасы факультеттің әдістемелік комиссиясымен мақұлданған __________«___»_________20__ ж. №____

Төрағасы: _____________________

Қабылдау емтиханның бағдарламсы Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бөлімімен келісілген
ЖООКББО бастығы__________________________ Изтаев Ж.Д.

Кіріспе

6М050300 -«Психология» магистратура.

Мемлекеттік білім беру стандартының 25.09.2010 жылғы жасалған негіздемесі бойынша 6М050300 -«Психология» мамандығы магистрін дайынды. Магистратураның ғылыми-педагогикалық дайындық мерзімі 2 жыл. Магистратураның оқу бағдаламасының құрылымы оқу жұмысының бір қатар түрлерін қамтиды. Мемлекеттік стандарт негізінде типтік оқу бағдарламалары (ЖК, ПП,ТК) құрастырылған. Магистранттардың білім алуы білім берудің кредиттік жүйесі бойынша жүргізіледі. Оқытылатын пәндер бойынша оқу бағдарламалары күнтізбелік-тақырыптық жоспарлар, оқу-әдістемелік кешендер, әдістемелік нұсқаулар, силлабустар бар. 6М050300 -«Психология» мамандығының талаптарының негізінде магистранттың отандық және әлемдік, ғылыми ақпараттың сақталуы және жетілдіру жөнінде методологиялық және тарих философиясы бойынша теориялық сондай-ақ жоғары мектеп педагогикасы бойынша теориялық-методологиялық білімдері болуы қажет.

Психологияның өзекті мәселелері бойынша магистрлік зерттеулер жүргізіледі. Магистрлік зерттеулерге тарих ғылымдарының докторлары мен кандидаттары жетекшілік етеді. Кафедрада «Жеке тұлғаның әр жас ерекшелік кезеңіндегі психологиялық-педагогикалық диагностика» атты жоба бойынша ғылыми зерттеу жұмысы жүргізіледі.

Магистрлерді ғылыми педагогикалық және профильді дайындаудағы білім беру бағдарламасының негізгі мақсаты төмендегі мәселелермен қамтамасыз ету;

- ғылыми-педагогикалық білім, отандық және әлемдік тарихи ғылымдар саласында кәсібилікті қалыптастыру, тарихнама деректеме, ғылыми зерттеудің әдісі пәнаралық байланыс, терең теориялық және жеке іс-тәжірибеге дайындау;

- магистранттарды өзін-өзі жетілдіруге, дамытуға бейімдеу;

Жоғары дәрежелі кәсіби азаматтық ұстанымды, қазіргі кезеңдегі ғылыми және іс-тәжірибе мәселелерін шеше алатын, ЖОО дәріс бере алатын, ғылыми педагогикалық және басқару қызметін атқара алатын мамандарды даярлау.

Әр түрлі деңгейдегі ғылыми деңгейдегі ғылыми іс-шараларға қатысу. Ғылыми зерттеу әдістемесін меңгеру.

Магистратураны бітіргеннен кейін магистр кәсіби білім алуды ғылыми зерттеу бағытында және докторантурада жалғастыра алады.
1. Пәндердің атауы және олардың бөлімдері

1.1. Жалпы психология

Психология пәні туралы түсінік.

Психологияның пәнін анықтау кезеңдері, міндеттері, әдістері, салалары.

Психика және оның рефректорлық табиғаты. Жүйке – жүйесінің құрлымы. Сана психиканың ең жоғарғы даму сатысы. Психиканың формалалары мен сатылары. Сананың дамуы.

Жеке адам психологиясы.

Тұлғаны ғылыми түсіндіру. Тұлғаның негізгі қасиеттері: тұрақты-лығы, тұтастығы, белсенділігі адамның қозғаушы күштері.

Іс - әрекет психологиясы.

.Іс - әрекет туралы түсінік. Іс - әрекетке қажеттілік. Саналы және санасыз іс - әрекеттер. Құрылымы, түрлері, мотивтері, мотивизация түрлері. Іс - әрекетпен сана бірлігі

Қарым-қатынас психологиясы. Қарым – қатынастың әлеуметтік психологиялық заңдылықтары. Қарым – қатынастың құралы, түрлері, механизмдері.

Темперамент анықтамасы. Типтері. Жағымды және жағымсыз жақтары. Темперамент туралы ойлар. Темпераменттің орталық жүйке – жүйесінің қызметі мен типтеріне байланыстылығы. Темпераменттің негізгі қасиеттері. Типтеріне психологиялық сипаттама.

Мінез. Сипаттамасы. Танымдық процеспен байланысы. Мінездің психологиясын зерттеудегі ілімдер. Мінездің акцентуациялық қасиеттері. Еліктеу мен мінездің қалыптасуы. Мінездегі ұлттық сипаттар.

Қабілет Теориялар.Құрлымы, денгейі және сапалық сипаттамасы. Қабілеттің түрлері. Шығармашылық. Дарындылық. Талант. Қабілетті анықтау, бағалау мәселері. Қабілетті дамыту. Қабілет пен нышан.

Сезім мен Эмоция

Эмоция мен сезімдер. Түсінік және ұғымдар. Сезімнің адама өміріндегі алатын мәні. Эмоциялық көрністерге сипаттама. Күрделі эмоциялар: көңіл, құмарлық, аффект, стресс. Жоғарғы сезімдер: ақыл – ой, адамгершілік, эстетика-лық.

Ерік. Адамның іс – әрекетін ұйымдастырып, реттеудегі мәні. Ерік сапалары. Еріктің әрекеттік құрылымы. Ерік әрекетінің басталуы. Ерікті тәрбиелеу. Еріктің табиғаты.

Түйсік және қабылдау.

Анықтамасы және оған талдау. Түрлеріне сипаттама Түйсіктің психофизиологиялық негізі. Түйсіктің негізгі қасиеттері: бірізді образдар, сезгіштік, адаптация, сенсибилизация, синестезия. Экстрорецепторлы, пропри-рецепторлы интрорецепторлы түйсіктер. Қабылдау түсінігі, ол туралы психофизиологиялық негізі, қабылдаудың негізгі қасиеттері, түрлері, әр адамда кездесетін даралық және жеке - тұлғалық сапалары.

Елес

Елес туралы түсінік және ол туралы теориялармен заңдылықтар.

Зейін. Анықтамасы және оның талдануы. Зейіннің физиологиялық негіздері жөнінде И.П.Павлов пен А.А.Ухтомскийдің концепциялары. Зейіннің сапалық көріністері, негізгі қасиеттері. Зейіннің түрлері. Зейіннің жеке бас көріністерінде байқалуы.

Ес анықтамасы және оған сипаттама. Естің психофизиоло-гиялық негізі. Ассоциация құбылысы. Ассоциация түрлері. Ес туралы теориялар. Естің түрлерін жіктеу. Тану. Естің жеке даралық, сандық және сапалық өзгешеліктері. Есте сақтауды жақсартудың тиімді жолдары мен тәсілдері.

Қиял. Анықтамасы және оған талдау. Қиялдық бейнелердің құрастырулы тәсілдері. Қиялдың пихикалық көріністері және оның басқа таным процестерімен байланысы. Қиялдың түрлері.
Ойлау мен сөйлеу

Ойлау туралы жалпы түсінік. Ойлаудың логикалық теориялары. Ой тәсілдері: анализ, синтез, абстракция, жалпылау, нақтылау. Ойлау формалары:пікір, ұғым, ой қорытындысы. Ойлаудың қалыптасу сатылары мен дамуы

Сөйлеу. Анықтамасы. Ойлаумен бірлігі, түрлері. Мәні. Функциясы. Сөйлеудің балаларда дамуы.
1.2. Психология

Психология пәні мен міндеттері

Жалпы психологиясының пәні. Жалпы психология пәнінің даму тарихы. Зерттеу әдістері. Психология ғылымының салалары. Психология ғылымының тарихы. Психологияның дербес ғылым болуы мен өзге ғылымдармен байланысы.Психикалық құбылыстарға тән өзіндік сипат пен қарастыратын мәселелер шеңбері.

Ми және психика

Психиканың филогенездік, онтогенездік дамуы. Жәндіктер дүниесіндегі дамудың әр түрлі сатыларында мінез - құлықтың түрлері: тропизмдермдер, нистинкт, үйрену, интеллекттуалдық прекеттер.Психиканы бейнелеу теориясы тұрғысынан түсіндіру. Психиканың рефлекторлық қызметінің белсенді келуі - нерв жүйесінің мидың қызметі. Психологиялық заңдылықтардың объективті сипаты. Анропогенездік дамуда психикалық әрекеттің сапа жағынан ірі өзгерістерге ұшырауы, психика және сана.

Жеке адам психологиясы.

Жеке адам туралы психологиядағы түсінік. Даралық ж/е жеке адам. Жеке адам - адамдардың іс-әрекетінде өзара қарым-қатынасы арқылы зерттелетін субъект.

Жеке адамның құрылысы. Даралық және оның құрылысы мен ерекшеліктері. Жеке адамның бойындағы әлеуметтік сапалар және жүйелі құрылысы.

Жеке адамның белсенділігі. Жеке адамның әрекетшілдігі мен оның өмір тіршілігінде ұстанған жолы.

Жеке адамның бағыт-бағдары. Мінезіндегі ниет-тілектері. Ниеттерінің түр-сипаты. Қызығулары. Жеке адамның сенімі мен дүниетанымы. Жеке адамның мақсат-мүддесі және оны қалыптастыру жолдары.

Жеке адамның өзіндік сапасы. Мен бейнесі жеке адамның өзіндік мүддесін білдіретін ұғым. Өзін-өзі бағалау және оның жеке адамның өз басын танып білуіндегі ролі. Талпыну деңгейі.

Жеке адамды қалыптастыру. Жеке адамды қалыптастыру туралы психология мен педагогикадағы түсініктер. Жеке адамды дамытудың қозғаушы күші.

Іс-әрекет психологиясы.

Іс-әрекет туралы түсінік. Іс-әрекет пен субъекттің белсенділігі. Қажеттілік белсенді әрекеттің негізі. Адамдардың іс-әрекетіңдегі бірлестігі мен қоғамдық сипаты. Адам санасы мен іс-әрекеттің бірлік принципі. Іс-әрекет және оны орнықтыру. Адамның іс-әрекетінің құрылысы. Әрекеттену - адамның алдына қойған мақсат-мүддесін орындауға ұмтылуы. Әрекет және қимыл. Адамның өз әрекетін реттеуі және оны бақылау. Дағдының құрылысы. Дағдының біріне-бірінің әсері, ептіліктің пайда болуы. Әдет және оның адамның мінез-құлқы мен іс-әрекетіндегі маңызы.

Адамның негізгі іс-әрекет түрлері. Ойын және оның психологиялық сипаты. Ойынның баланың дамып жетілуіндегі ролі. Оқу әрекеті және оның психологнялык сипаты. Еңбек әрекетінің психологиялық ерекшеліктері.

Қарым - қатынас психологиясы.

Қатынас туралы түсінік. Қатынастың сан салалары. Коммуникативті қатынас. Интерактивті /өзара ықылас-ынта/ және перцептивті тікелей сезімдік қатынастар. Қатынас пен іс-әрекет бірлігі.

Қатынас жасау - хабар алмасу әрекеті. Қарым-қатынас және тіл. Ауызша сөйлеу - адамдар арасындағы тілмен қатынас жасаудың ерекше түрі.

Қатынас - адамдардың өзара іс-әрекеттерін реттеп отыру құралы.

Қатынас - адамдардың бірін-бірі жете тусінуінің шарты. Адамның өзге адамды танып білуінің психологиялық ерекшеліктері. Өзге адамның мінез-құлық ерекшеліктерін сипаттап беруге мән беру себептері.

Қарым-катынаастағы кері байланыс. Қатынастағы әлеуметтік психологиялық машықтау топтың дара адамға ықпалын күшейту және мектептегі психологиялық қызмет.

Топтар және оның классификациясы. Топтың түрлері: шартты уақытша топ, түпкілікті, үлкен топтар мен кіші топтар; ресми және ресмисіз т.б. топтар. Топтардың даму деңгейі - олардың іс-әрекет процесінде жеке адамдар арасындағы өзара қарым-қатынастарының қалыптасуы арқылы сипатталады. Топтардың даму деңгейінің өсуіне қарай бөлінуі: коллективтер, әлеуметтік ассоциациялар /құранды топтар/, диффузиялық /бірімен-бірі араласып кеткен/топтар, асоциальды ассоциациялар, корпорациялар /топтың өзіндік бір түрі/.

Коллектив топтың ең жоғарғы түрі. Коллектив ішінде адамдардың іс-әрекеттері арқылы өзара қатынастарының сипаты.

Топтар мен коллективтердің майда бөлшектерге бәлінуі. Өзара таңдау. Социометрия. Топтағы адамдар арасында бірін-бірі серіктікке таңдау себептері. Референттік /іріктелген/ топ және оны зерттеп білудің әдісі. Лидерлік /жетекшілік/. Класс коллективінің лидері.

Топтар мен колективтердегі бірігу /интеграция/. Коллективтік теңестіру /идентификация/. Семья өмірінде коллективизмді қалыптастыру.

Зейін.

Зейін туралы ұғым. Ырықсыз және ырықты зейін. Зейіннің бұл түрлерінің пайда болу себептерінің мән-жайы. Мектепте оқу процесіндегі зейін. Оқыту ісінде мектеп оқушылары зейінінің тұрақтануы, оны қажетті нәрселерге бағдарлап отырудың жолдары.

Зейіннің физиологиялық негіздері. Адам санасының белгілі бір объектіге шоғырлануын қамтамасыз етіп отыратын ми қызметінің механизмдері жайындағы ИП.Павлов пен Л.А.Ухтомскийдің зерттеулері.

Зейінің құрылысы. Зейіннің тұрақтылығы. Зейіннің ауысуы. Зейіннің бөлінуі. Зейіннің көлемі. Зейіннің зақымдалып ауытқуы және оны оқу - тәрбие істерінде реттеп, түзетіп отыру.

Таным процестер. Түйсік

Түйсік туралы жалпы ұғым. Түйсіктердің рефлекторлық табиғаты. Рецепторлар мен талдағыштар. Түйсіктердің хабарларды іріктеп алуы. Түйсіктерді топтастырып бөлу. Түйсіктердің түрлері. Түйсіну заңдылықтары. Түйсіктердің жалпы қасиеттері. Сезгіштік және оны өлшеу.

Қабылдау

Қабылдау туралы жалпы түсінік. Қабылдаудың даралық қасиеттері: тұтастығы, таңдамалығы, тұрақтылығы және мәнді түрде реттелуі. Адамның бағыты мен қабылдау. Апперцепция. Қабылдаудың іс-әрекетке тәуелділігі. Қабылдаудың объектісі мен фоны /жағдай/.Қабылдауды топтастырып бөлу. Қабылдаудың түрлері. Қабылдауда қимыл-қозғалыс әрекеттерінің ролі. Көзбен көріп қабылдаудың көлемі. Бақылау. Кеңістік пен уақытты қабылдау. Көздің айлануы /нллюзия/, Бақылау және оның сәтті болу шарттары.

Елестету мен еске сақтау

Елестер туралы жалпы түсінік. Елес түрлері. Елестетудегі ассоциация орны мен түрлері. Елестетудің ерекшелігі мен тәрбиелеу мәселелері. Тіршілік иелеріндегі елестету үрдісінің айырмашылығы.

Ес туралы түсінік. Ес жайында теориялар. Ес және адамның іс-әрекеттері. Естік физиологиялық негіздері. Естегі елестер. Естің түрлері.

Ес процестері. Есте қалдыру және іс-әрекет. Қысқа мерзімді есте қалдыру мен түпкілікті есте қалдыру. Оперативті есте қалдыру. Ерікті және еріксіз есте қалдыру. Есте қалдырудың мақсаттары.

Есте жаңғырту мен тану. Ерікті және еріксіз түрде жаңғырту. Еске түсіру мен есте сақтау. Ұмыту. Ұмытудың қарқыны.

Қиял.

Қиял жайындағы түсінік. Қиялдың қоғамдық мәні. Қиял - адамның нақты іс-әрекетінің өзіндік біртүрі.

Қиялдың бейнелі ой» екендігі. Қиял процесіндегі алдын ала бейнелеу. Қиялдың түрлері. Әрекетсіз қиял, мұң. Арман және практикалық іс-әрекет.

Қиялдың талдау мен біріктірушілік сипаты. Қиялдану кезінде бейнелерді іріктеп алып, біртұтас образ жасау амалдары.

Қиялдың дара қасиеттері. Қиялдың балалардың ойыны мен ересек адамдардың творчестволық қызметінде атқаратын ролі.

Ойлау.

Ойлау әрекеті таным процесінің ең жоғарғы түрі екендігі туралы ұғым. Ойлау және жеке адам. Ойлау және тікелей танып білу.Ұғым. Ойлау әрекеттері. Ойлау процесіндегі талдау мен біріктіру.

Ой мен сөйлеу. Ойлау мен сөйлеудің байланысты бірлігі. Ойлаудың физиологиялық негізі. Ұғымның жасалуы тарихи процесс.

Ойлау әрекет. Ол әрекетінің мақсаты. Ой әрекетінің ықтималдық құрылысы. Оқыту жүйесін компьютерлік құралдармем жургізудің психологиялық мәселелері. Ойлаудың түрлері және оның өзіне тән даралық ерекшеліктері. Оқушылардың ойлауын зерттеудің әдістері.

Сөйлеу

Сөйлеу туралы жалпы түсінік. «Сөйлеу», «тіл», «сөз» ұғымдарына талмама жасау. Сөйлеу қызметтері. Сөйлеудің физиологиялық механизмі сөйлеу әрекетінің рефлекторлық сипаты. Сөйлеудің түрлері. Сөйлеудің оқыту процесінде дамуы. Балардың сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.

Психологиялық кейіптер. Сезім және эмоция.

Сезім туралы ұғым. Сезімнің таным әрекеттерінде және практикалық істерінде атқаратын ролі. Сезім күйінің сигналдық және реттегіш қызметі.

Сезімді бастап кешірудің түрлері. Эмоция. Аффекттер. Көңіл күйі. Эмоциялық стресс. Көңіл күйлері және оның құбылмалы болу себептері, адам бойынан байқалуы. Сезімнің қозғаушы күші. Адам сезімінің тарихи өмірге тәуелділігі.

Жоғарғы дәрежедегі сезімдердің мазмұны мәні. Адамгершілік сезімдері. Сүйіспеншілік - адам сезімінің аса биік дәрежедегі ұнамды көрінісі. Жеткіншек жас пен балаң жастық кезеңдегі сүйіспеншілік сезімі. Ақыл-ой және эстетикалық сезімдер.

Ерік.

Ерік туралы түсінік. Адамның ниет қалауларының өрісі және ерікті іс- әрекеттері. Ерікті әрекеттердің негізгі сапалары. Құштарлық және ықылас-ынта. Адамның талаптануы. Ерікті әрекет және оның құрылысы. Ерікті әрекет сатылары. Шешім қабылдау және оның психологиялық сипаты.

Бақылауды шектеу. Жауапкершілік. Ерік сапаларын қалыптастырып отырудың жолдары. Ерік және адамның өз еркін тәрбиелеудің міндеттері.
  1   2   3

Похожие:

«жалпы психология» кафедрасы iconЖалпы хирургия кафедрасы
Силлабус Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпы міндеттілік білім беру стандартына сәйкес құрастырылған. Жалпы хирургия пәні...
«жалпы психология» кафедрасы iconПрофессор Асылханова Меруерт Асылханқызының
«Жалпы және қолданбалы психология» кафедрасының оқытушысы. Психология ғылымдарының кандидаты
«жалпы психология» кафедрасы icon“ Филология және психология ” факультеті. “Педагогика және психология” кафедрасы пәні бойынша
Еңбек әрекетінде сананың, дыбысты анық тілдің дамып шығуы және олардың қоғамдық-тарихи сипаты
«жалпы психология» кафедрасы iconПәні: Жалпы психология бағыты: Әлеуметтік жұмыс және бизнес мамандықтар бойынша: 050503 «Психология»
Төмендегі көрсетілген психикалық құбылыстардың қайсысы процеске жататынын көрсетіңіз
«жалпы психология» кафедрасы icon«6М050300-психология»
Бағдарлама «6М050300-Психология» мамандығы бойынша Мемлекеттік жалпы білім беру стандартына сәйкес жасалған. Бағдарламаны құрастырушы...
«жалпы психология» кафедрасы iconВопросы к экзамену в аспирантуру по специальности: 19. 00. 01 Общая психология, психология личности, история психологии
Психология: житейское знание, наука, культура, ремесло. Психология в системе гуманитарных и естественных наук
«жалпы психология» кафедрасы iconФилология және психология” факультеті “Педагогика және психология” кафедрасы «Қазіргі балалар әдеби процесі»
«Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының 3-курс студенттеріне V семестрде «Қазіргі балалар әдеби процесі» пәнінен...
«жалпы психология» кафедрасы iconМагистратураға түсушілер үшін мамандық бойынша емтихан сұрақтары 6M0120 – Кәсіптік оқыту (сала бойынша) Жалпы психология
...
«жалпы психология» кафедрасы iconБиология химиялық факультеті Жалпы биология кафедрасы
С. Торайғыров атындағы пму, биология-химиялық факультеті, «Жалпы биология» кафедрасының отырысында ұсынылды Рецензенттер: биология...
«жалпы психология» кафедрасы iconРодился: 15 апреля 1880, Прага, Австро-Венгрия; скончался: 12 октября 1943, Нью-Рошелль, штат Нью-Йорк, США
Интересы: экспериментальная психология, военная психология, философия психологии и теоретическая психология, психологическое изучение...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница