Астана ақшамы. – 2011. №118. – 15 қазан Өкешқызы Г. Жайнады жеңіс даңғылы




Скачать 21.57 Kb.
НазваниеАстана ақшамы. – 2011. №118. – 15 қазан Өкешқызы Г. Жайнады жеңіс даңғылы
Дата конвертации18.06.2013
Размер21.57 Kb.
ТипДокументы
Астана ақшамы. – 2011. - №118. – 15 қазан

Өкешқызы Г.
Жайнады жеңіс даңғылы

Астанада теміржол вокзалы мен елорданың тарихи орталығын жалғап тұрған бір көше бар. Ол – оң жағалауда орналасқан, қаладағы көлік қатынасының күретамыры саналатын Жеңіс даңғылы. Тәуелсіздіктің 20 жылдығына орай жүргізілген қаланы көріктендіру жұмыстарының аясында осы даңғыл ретке келтіріліп, күрделі жөндеу жұмыстарынан кейін қайта пайдалануға берілді. Осыған орай бүгін, 15 қазан күні, қаламыздағы және Алматы аудандары әкімдіктерінің ұйымдастыруымен Жеңіс даңғылының мерекесі өтеді.

… Аудан аумағында орналасқан С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің жанындағы Жеңіс даңғылының Әлия Молдағүлова көшесімен қиылысатын тұсында тұрмыз. Аталмыш жоғары оқу орнының ректоры, қалалық мәслихаттың депутаты Айтбай Бұлашев бізбен былайша ой бөлісті: «Қайта жөнделген Жеңіс даңғылы бүгінде шын мәнінде астаналық келбетке ие болды.

Ауданға жақын орналасқан аулалар абаттана түсті. Бір ғана мысал, осы көшеде жүргізілген жөндеу жұмыстарынан кейін біздің университеттің алаңында әсем гүлзарлар, көлік қоюға арналған паркинг пайда болды, тротуар кеңейіп, С.Сейфуллинге арналған ескерткіш те қайта жөндеуден өтті. Осындай өзгерістердің бәрі біздің жоғары оқу орнымыздың ғимаратына астаналық сән-келбет беріп тұр».

Қалалық мәслихаттың депутаты ретінде де осы жобаға қатысты мәселелердің шешілуіне атсалысқанын айта келе, А. Бұлашев жалпы алғанда, жөндеуден кейінгі Жеңіс даңғылы Астана қонақтарына жақсы бір әсер береді деген ойда екенін жеткізді.

Бас қаламыздағы Жеңіс даңғылының қайта жөндеу жұмыстарына 300-ге тарта заманауи құрылыс техникалары мен 2500 жұмысшы мамандар жұмылдырылған. Жұмыстардың барлығы да қазіргі заманғы инжиниринг қызметінің, жалпы жобаны авторлық қадағалаут өкілдерінің бақылауымен жүргізілді. Сондай-ақ, бұл іске талдамалы зертханалар да тартылған.

Жеңіс даңғылын қайта жөндеу жобасын жүзеге асыру үшін қарастырылған қаржы да қомақты. Нақтырақ айтсақ, бұл мақсатқа 6,107 млрд. теңге жұмсалған. Соның нәтижесінде бүгінде Жеңіс даңғылының бойындағы көше көркейіп, көлік жүргізушілерге де, тұрғындарға аса қолайлы болды. Сонымен қатар, аталмыш көшенің бойында орналасқан кәсіпорындардың қызмет көрсету сапасы жоғарылады әрі осы аумақта жүргізілген жөндеу жұмыстары келешекте олардың капитапиза-циялануына зор әсерін тигізетіні сөзсіз. Мердігерлер де бұл жолдың енді ешбір жөнделместен, 50 жылға дейін пайдалануға жарайтынын жеткізіп жатты.

Осылайша, Жеңіс даңғылы жаңарып, жөнделіп, қаламыз жаңаша бір түрге енді. Қазақстан Республикасының Президент Нұрсултан Назарбаевтың «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» атты Жолдауын басшылыққа ала отырып, «қазақстандықтардың өмір сапасын жақсарту» мақсатында атқарылып жатқан жұмыстар алдағы уақытта жалғасын тауып, астаналықтардың тұрмысы жайланар, елордалықтарға қызмет көрсету сапасы бұдан да жақсара түспек.

Похожие:

Астана ақшамы. – 2011. №118. – 15 қазан Өкешқызы Г. Жайнады жеңіс даңғылы iconБір көзден алу тәсілімен кешенді мониторингті жүргізу бойынша консалтингілік қызметтерді мемлекеттік сатып алудың қорытындылары туралы №7 хаттама Астана қаласы, Жеңіс даңғылы, 11 2011
Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы: Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік меншік объектілерін басқару тиімділігінің...
Астана ақшамы. – 2011. №118. – 15 қазан Өкешқызы Г. Жайнады жеңіс даңғылы iconАстана ақшамы. 2012. №122. 30 қазан

Астана ақшамы. – 2011. №118. – 15 қазан Өкешқызы Г. Жайнады жеңіс даңғылы iconАстана Ақшамы. – 2012. №113. – 6 қазан Нұрғали Қ. Қампустық желі іске қосылды

Астана ақшамы. – 2011. №118. – 15 қазан Өкешқызы Г. Жайнады жеңіс даңғылы iconАстана ақшамы. – 2010. №116. – 21 қазан Байырқалы басқосу
Ағымдағы аптада Астана алғашқы бүкіләлемдік рухани мәдениет форумымен тыныстап тұрғандай. Жетпістен астам елдің игі-жайсаңы жиылған...
Астана ақшамы. – 2011. №118. – 15 қазан Өкешқызы Г. Жайнады жеңіс даңғылы iconАстана ақшамы. 2011. №22. 22 ақпан. Сүлейменов О. Бәрекелді, Астана боксшылары!
Астана құрамасы бокстан Қазақстан Республикасының III жазғы спартакиадасы – Қазақстан чемпионатында командалық бірінші орынды жеңіп...
Астана ақшамы. – 2011. №118. – 15 қазан Өкешқызы Г. Жайнады жеңіс даңғылы iconАстана ақшамы. 2011. №47. 26 сәуір

Астана ақшамы. – 2011. №118. – 15 қазан Өкешқызы Г. Жайнады жеңіс даңғылы iconАстана ақшамы. – 2012. №116. – 13 қазан Алмағанбетов Ә
Соңғы бес жыл бедеріне зер салсақ, ғылымда іргелі жетістіктер болған екен. Айтидің құрылымын, нано технологияны меңгеріп, өндірісті...
Астана ақшамы. – 2011. №118. – 15 қазан Өкешқызы Г. Жайнады жеңіс даңғылы iconКонкурсқа қатысу өтінімдерімен конверттерді ашу хаттамасы Астана қаласы, Жеңіс даңғылы, 11
...
Астана ақшамы. – 2011. №118. – 15 қазан Өкешқызы Г. Жайнады жеңіс даңғылы iconКонкурс арқылы мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландыру Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар министірлігінің «Апаттар медицинасы орталығы»
Мемелекеттік мекемесі (бұдан әрі – «амо» мм), Астана қаласы, Жеңіс даңғылы 58, стн 600 500 042 802, иик 000 120 200, бик 195 301...
Астана ақшамы. – 2011. №118. – 15 қазан Өкешқызы Г. Жайнады жеңіс даңғылы iconАстана қаласы, Жеңіс даңғылы, 11
Байқоңыр қаласының 2508 объектісінің құнын әзірленген әдістемені пайдалана отырып бағалау, сондай-ақ бағаланатын объектілерге ажырамас...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница