«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен бекітілген 2009 жылғы 22 шілдедегі №79 хаттама «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі»




Название«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен бекітілген 2009 жылғы 22 шілдедегі №79 хаттама «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі»
страница1/5
Дата конвертации08.07.2013
Размер0.58 Mb.
ТипДокументы
  1   2   3   4   5
«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Директорлар кеңесінің

шешімімен бекітілген

2009 жылғы 22 шілдедегі №79 хаттама

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамында операциялар жүргізудің жалпы талаптары туралы ережелер

(13.11.2012 ж. жағдай бойынша өзгертулермен және толықтырулармен)



1-тарау. Кіріспе

1-бөлім. Жалпы ережелер



1. «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамында операциялар жүргізудің жалпы талаптары туралы ережелер (бұдан әрі – Ереже) «Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылыс жинақтары туралы» (бұдан әрі – Тұрғын үй құрылыс жинақтары туралы заң), «Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызмет туралы» (бұдан әрі – Банктер туралы заң) Заңдарына, Қазақстан Республикасының басқа нормативтік – құқықтық актілеріне, «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамының Жарғысына (бұдан әрі – Жарғы) сәйкес әзірленген және «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамында (бұдан әрі – Банк) операциялар жүргізудің жалпы шарттарын, талаптарын, шектеулерді және рәсімдерді белгілейді.

Нақты операцияларды жүргізу ерекшеліктері Банктің өзге ішкі құжаттарында белгіленеді.

Осы Ережеде белгіленген банктік операцияларды жүргізудің жалпы талаптары ашық ақпарат болып табылады және клиенттің бірінші талабы бойынша танысу мақсатында және басшылыққа алу үшін беріледі.

2. Банк операцияларды Қазақстан Республикасының заңнамасына, Банктің Жарғысына және ішкі құжаттарына сәйкес, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – Уәкілетті орган) тұрғын үй құрылыс жинақтары туралы заңнамада көзделген ұлттық және шетелдік валютада операциялар жүргізуге берген лицензиясының негізінде жүзеге асырады.

3. Банк операциялар жүргізген кезде банктік құпияны сақтайды және егер ондай беру (жария ету) Қазақстан Республикасының нормативтік – құқықтық актілерінде тікелей көзделген жағдайларды қоспағанда, клиенттің (клиенттердің) жазбаша рұқсатынсыз үшінші тұлғаларға банктік құпияға жататын ақпараттарды жария етпейді.

4. Банктік операцияларды жүргізген кезде Банк пен клиенттің арасындағы қарым – қатынастар Қазақстан Республикасының заңнамасымен, жасалған шарттардың талаптарымен, сондай-ақ Банктің ішкі құжаттарымен реттеледі.

Осы Ереже қағидаларының және жасалған шарттардың талаптарының арасында қайшылықтар туындаған жағдайда, жасалған шарттардың талаптарына басымдық беріледі.

5. Банктің Жарғысына сәйкес және Уәкілетті органның лицензиясы негізінде Банктің мынадай операцияларды жүргізуге құқығы бар:

1) Банктік операциялар:

- ұлттық валютада:

- тұрғын үй құрылыс жинақтарына салымдар (депозиттер) қабылдау, салымшының шоттарын ашу және жүргізу;

- салымшыларға тұрғын үй жағдайларын жақсарту бойынша іс – шаралар жүргізуге тұрғын үй, аралық және алдын ала тұрғын үй заемдарын беру.

- ұлттық және шетелдік валютада:

- кассалық операциялар: оларды ұсақтау, айырбастау, қайта санау, сұрыптау, орау және сақтауды қоса алғанда қолма-қол ақшаларды қабылдау және беру;

- аудару операциялары: төлемдер және ақша аударымдары бойынша жеке тұлғалардың тапсырмаларын орындау;

- шетелдік валютамен айырбастау операцияларын ұйымдастыру.

2) Банктік заңнамада көзделген ұлттық және шетелдік валютадағы өзге операциялар:

- меншікті бағалы қағаздар шығару (акцияларды қоспағанда).

Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасына сәйкес, Банк валюталық бақылау агентінің міндеттерін орындайды.

Қазақстан Республикасының банктік заңнамасына сәйкес, Банктің дилерлік қызметті жүзеге асыруға құқығы бар.

6. Клиенттің тапсырмаларын орындағанда, сондай-ақ клиентпен жасалған шарттарды орындағанда, Банктің үшінші тұлғалардың қызметтерін пайдалануға құқығы бар.

8. Тұрғын үй құрылыс жинақтарына қабылданатын салымдардың, берілетін тұрғын үй, аралық тұрғын үй заемдарының және алдын ала тұрғын үй заемдарының шекті сомалары мен мерзімдері, олар бойынша сыйақы мөлшерлемелерінің шекті шамалары, сондай-ақ Банкте жүзеге асырылатын операцияларды жүргізу мөлшерлемелері мен тарифтері туралы ақпарат ашық болып табылады және Банк оларды клиенттің бірінші талабы бойынша береді.
2-бөлім. Негізгі ұғымдар
9. Осы Ережеде қолданылатын негізгі ұғымдар:

  1. Банктік шот – шартта, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген және банктік практикада іскери айналым дәстүрлерімен қолданылатын, клиентке банктік қызмет көрсетуді жүзеге асырумен байланысты Банктің салым қабылдау және операцияларды жүргізуі бойынша Банк пен клиент арасындағы шартты қатынастарды көрсету тәсілі;

  2. Банктік қызметтер – клиенттің тапсырмасы бойынша, соның ішінде олардың арасында жасалған банктік қызмет көрсету шарттарына сәйкес Банк іске асыратын операциялар;

  3. тұрғын үй құрылыс жинақтарының салымшысы (бұдан әрі - салымшы) – Банкпен тұрғын үй құрылыс жинақ шартын жасаған жеке тұлға;

  4. сыйақы – Банк клиентке немесе клиент Банкке, соның ішінде жасалған шарт талаптарына сәйкес, төлейтін ақша сомасы;

  5. банктік қызмет көрсету шарты (шот, ақша аударымы, салым) – іске асырылатын операциялардың түрлері бойынша олардың өзара қарым – қатынастарын реттейтін, Банк пен клиент арасында жасалатын шарт;

  6. тұрғын үй құрылыс жинақ шарты – Тұрғын үй құрылыс жинақтары туралы заңға және Банктің ішкі құжаттарына сәйкес салымшы мен Банк арасында және (немесе) салымшы, Банк және үшінші тұлға арасында, соның ішінде Банктің агенті (агенттері) арқылы жасалатын шарт;

  7. шартты сома – тұрғын үй құрылыс жинақтарынан және тұрғын үй заемынан тұратын, тұрғын үй жағдайларын жақсарту бойынша іс-шараларды жүргізу үшін салымшыға қажетті ақша сомасы;

  8. тұрғын үй заемы – Тұрғын үй құрылыс жинақтары туралы заңға және банктік заем беру туралы, тұрғын үй құрылыс жинақ шарттарының талаптарына сәйкес тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында тұрғын үй құрылыс жинақ салымшысына берілетін мақсатты заем;

  9. тұрғын үй құрылыс жинақтары – тұрғын үй жағдайларын жақсарту бойынша іс-шараларды жүргізу мақсатында есептелген Банктің сыйақы мөлшерлемесімен және мемлекет сыйлықақысымен тұрғын үй заемын алу үшін салымшылар Банкте жинақтаған ақшалар;

  10. клиент – Банкте қызмет көрсетілетін немесе банктік қызметтерді пайдалануға ниетті жеке тұлға;

  11. Банктің комиссиялық сыйақысы – банктік қызмет көрсетілгені үшін клиенттің Банкке төлейтін ақша сомасы;

  12. Бағалау көрсеткіші – шартты сомаларды төлеу кезектілігін қалыптастыру үшін әрбір тұрғын үй құрылыс жинақ шарты бойынша Банк белгілейтін есептік шама;

  13. мемлекет сыйлықақысы – жыл сайын республикалық бюджеттен бөлінетін және жыл қорытындылары бойынша жинақталған салым сомасына есептелетін ақша және Банк сыйақысы;

  14. аралық тұрғын үй заемы – жинақталған ақшаның ең төменгі қажетті мөлшерін жинақтау талабымен, ол бойынша қалдық тұрғын үй құрылыс жинақ шарты бойынша шартты сома есебінен өтелетін, Тұрғын үй құрылыс жинақтары туралы заңға, Банктің ішкі кредиттік саясатына және жеке банктік заем шартының талаптарына сәйкес тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында салымшыға берілетін мақсатты заем;

  15. алдын ала тұрғын үй заемы – шартты соманы алғанға дейін негізгі қарызды өтеу талабынсыз, Тұрғын үй құрылыс жинақтары туралы заңға, Банктің ішкі кредиттік саясатына және жеке банктік заем шартының талаптарына сәйкес ол бойынша қалдық шартты сома есебінен өтелетін, шартты сома шектерінде тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында салымшыға берілетін мақсатты заем;

  16. жинақтау мерзімі – салымшы тұрғын үй құрылыс жинақтарын жинақтауды жүргізетін және ол аяқталған соң шартты сома төленетін уақыт кезеңі;

  17. жинақталған ақша сомасы – салымдардан, оларға Банк есептеген сыйақылар мен мемлекет сыйлықақысынан тұратын салымшы жинақтаған нақты ақша;

  18. Банктің тарифтік бағдарламалары – Банктің Директорлар кеңесі бекіткен банктік операциялар жүргізуге тарифтердің, депозиттер мен кредиттер бойынша сыйақының шекті көлемдерінің, қабылданатын депозиттер мен берілетін кредиттердің шекті сомалары мен мерзімдерінің аясында салым бойынша сыйақы мөлшерлемелерін, мерзімдерін және жинақтау мен кредит берудің басқа да талаптарын, сондай-ақ Банктің комиссиялық алымдарының көлемдерін анықтайтын Банктің Тариф комитеті бекіткен Банктің ішкі құжаттары;

  19. Банктің уәкілетті органы – құзыретіне кіретін мәселелер бойынша, оның ішінде Банктің Директорлар кеңесі бекіткен банктік қызмет көрсету мерзімдері, валюта түрлері, талаптары аясында сыйақы мөлшерлемелерін белгілеу, комиссиялық алымды алу/алмау тәртібін, мерзімдері мен талаптарын реттеу, заем беру бойынша шешім қабылдау, клиенттің Банк талаптарына сәйкес келетін жаңа не қосымша кепілзат беруі бойынша шешімдер әзірлеу және қабылдау жөніндегі Банктің алқалық, оның ішінде тұрақты жұмыс істейтін органдары;

  20. Кр/К (кредит/кепіл)тұрғын үй құрылыс жинақтары түріндегі қамтамасыз ету шегерілген заем сомасының жылжымайтын кепілдік мүліктің ең төменгі нарықтық құнына қатынасы;

21) өтініш – тұлғаның өзінің құқықтары мен бостандықтарын немесе басқа тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыруға жәрдем ету туралы қолдау-хаты немесе заңдар мен басқа нормативтік құқықтық актілердің бұзылуы, лауазымды тұлғалардың өтініштерін қарастыратын субъектілердің жұмысындағы кемшіліктер туралы хабарлама немесе олардың қызметіне сын айту;

22) анонимді өтініш – авторлығын анықтау мүмкін емес, қол қойылмаған, соның ішінде электрондық сандық қол қойылмаған, өтінім берушінің пошта мекенжайы көрсетілмеген өтініш;

23) өтінім – Банкке немесе лауазымды тұлғаға жіберілген жеке немесе ұжымдық хат, ауызша немесе электрондық құжат нысанында, электрондық сандық қол қою арқылы куәландырылған ұсыныс, өтініш, арыз, сұраным немесе пікір;

24) Коммерциялық жылжымайтын мүлік – тұрғын үй қорының құрамынан шығарылған және Астана, Алматы қалаларында, облыс орталықтарында орналасқан жалпы ауданы 200 ш.м. артық емес кеңселер, дүкендер, үй-жайлар (қоймалық типтегі емес);

2-тарау. Клиенттермен жұмыс жүргізу тәртібі туралы ереже

1-бөлім. Клиенттерге банктік қызмет көрсету және кеңес беру тәртібі
9-1. Банктік қызмет көрсеткен кезде Банк:

1) банктік қызмет көрсету туралы шарт жасағанға дейін клиентке мыналарды береді:

- мөлшерлемелер мен тарифтер, банктік қызмет көрсету туралы өтініш бойынша (өтініш беру қажет болған жағдайда) шешім қабылдау мерзімі туралы ақпарат;

- банктік қызмет көрсету талаптары туралы ақпарат және банктік қызмет көрсету туралы шарт жасауға қажетті құжаттар тізбесі;

- банктік қызмет көрсету туралы шарт бойынша міндеттемелер орындалмаған жағдайда, клиенттің жауапкершілігі мен ықтимал тәуекелдері туралы ақпарат;

- клиентте туындаған мәселелер бойынша кеңес беру;

- клиенттің тілегі бойынша – банктік қызмет көрсету туралы тиісті шарттың типтік нысанының көшірмесі;

2) Ережеде белгіленген мерзімде банктік қызмет көрсету туралы клиенттің өтінішін (өтініш беру қажет болған жағдайда) қарастырады;

3) банктік қызмет көрсету туралы шартқа қол қойылғанға дейін клиентке оның талаптарымен танысуға қажетті уақыт береді;

4) алынатын банктік қызмет бойынша даулы жағдайлар туындаған кезде клиентке оның Банкке, банктік омбудсманға, уәкілетті органға немесе сотқа шағымдануға құқылы екендігі туралы хабарлайды. Бұл мақсаттарда клиентке Банктің, банктік омбудсманның, уәкілетті органның тұрғылықты орны, пошта, электрондық мекенжайлары және Банктің, банктік омбудсманның, уәкілетті органның интернет-ресурстары туралы ақпарат беріледі;

5) клиенттің сұранысы бойынша клиентті Банктің қаржылық есептілігінің және басқа ақпараттарының орналастырылу көздері туралы хабарландырады;

6) клиентке берілген ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз етеді.

Құпия ақпарат мемлекеттік органдардың сұранысы бойынша және/немесе үшінші тұлғаларға «Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызмет туралы» Заңның нормаларын сақтай отырып, ондай ақпаратты ашуға клиенттің жазбаша келісімі болған жағдайда берілуі мүмкін.

9-2. Көрсетілетін банктік қызметтер үшін Банктің Директорлар кеңесі бекіткен Банктің белгіленген тарифтеріне (осы ереженің №1 қосымшасы) сәйкес комиссиялық сыйақы алынады.

Банктің уәкілетті органының шешіміне сәйкес акция жүргізу кезеңінде клиенттерге белгіленген комиссиялық алымның 50%-ына дейінгі мөлшерде жеңілдік берілуі мүмкін.
2-бөлім. Тұрғын үй құрылыс жинақтарына салымдар (депозиттер) қабылдау,

салымшылардың шоттарын ашу және жүргізу
10. Банк тұрғын үй құрылыс жинақтарына салымдар қабылдауды тұрғын үй құрылыс жинақтары туралы заңға, Қазақстан Республикасының басқа нормативтік – құқықтық актілеріне, тарифтік бағдарламалардың талаптарына және Банктің ішкі құжаттарына сәйкес жүзеге асырады.

10-1. Банк тұрғын үй құрылыс жинақ шарты жасағанға дейін, осы Ереженің 9-1 тармағында көзделген мәліметтер мен құжаттардан басқа, клиентке ауызша түрде банктік салымдар туралы мынадай ақпарат береді:

1) салым түрі;

2) салым мерзімі (болған жағдайда);

3) салымның минималды сомасы;

4) сыйақы мөлшерлемесі, соның ішінде клиенттің өтініш жасаған күніне салыстырмалы есептелген (нақты қүны) дұрыс, жылдық, тиімді сыйақы мөлшерлемесі;

5) қосымша келісім жасаусыз (болған жағдайда) салым мерзімін ұзарту талаптары;

6) салымды толықтыру, капитализациялау мүмкіндігі;

7) салымды мерзімінен бұрын толық немесе ішінара алу талаптары;

8) кепілдендірілген банктік салымдар бойынша Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен белгіленген кепілдік қайтару мөлшері.

11. Өздерінің тұрғын үй жағдайларын жақсартқысы келетін жеке тұлғалар ол үшін қажетті ақшаның тұрғын үй жағдайларын жақсарту бойынша іс-шаралар жүргізуге қажетті (шартты) соманың 50% (елу пайыздан) кем емес бөлігін Банктегі банктік шоттарда жинақтайды, ал Банк салымшыға шартты сома мен салымшының тұрғын үй құрылыс жинақтарының арасындағы айырма мөлшерінде тұрғын үй заемын беруге міндеттенеді. Мұндай жағдайда, тұрғын үй құрылыс жинақтарын жинақтаудың ең төменгі мерзімі Тұрғын үй құрылыс жинақтары туралы заңға сәйкес, кем дегенде 3 жылды құрауға тиіс.

12. Тек жеке тұлғалар ғана тұрғын үй құрылыс жинақтарының салымшысы бола алады.

Салымшының Банкте тұрғын үй құрылыс жинақтарына салымдар бойынша бірнеше шот ашуына құқығы бар.

13. Тұрғын үй құрылыс жинақтарын жинақтаудың ең төменгі мерзімі – 3 жыл, ең жоғарғы мерзімі – шектеусіз.

Тұрғын үй құрылыс жинақтары туралы бір шарттың шартты сомасының ең төменгі мөлшері кем дегенде 500 АЕК құрайды. Тұрғын үй құрылыс жинақтары туралы барлық шарттар бойынша ең жоғарғы жиынтық шартты сома бір салымшыға 200,0 миллион теңгені құрайды.

14. Жаңадан жасалған тұрғын үй құрылыс жинақ шарттары бойынша салымшылардың салымдарына жылдық 2% мөлшерінде Банк сыйақысы есептеледі (жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі - 12,6% дейін). Бұдан басқа, Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын салымшылардың салымдарына мемлекет сыйлықақысы есептеледі. Мемлекет сыйлықақысы таңдауы бойынша салымшының – Қазақстан Республикасы азаматының тек бір ғана шотына есептеледі.

15. 18 жасқа толмаған Қазақстан Республикасының азаматтарының салымдары немесе басқа тұлғалармен олардың атына енгізілген салымдар да мемлекет сыйлықақысымен ынталандырылады.

16. Тұрғын үй құрылыс жинақтарына салымдар бойынша жыл сайынғы мемлекет сыйлықақысының мөлшері ынталандырылатын салым сомасының 20% (жиырма пайызын) құрайды. Мемлекет сыйлықақысымен ынталандырылатын салымға тұрғын үй құрылыс жинақтарына енгізілген салым мен ол бойынша есептелген сыйақы сомасы кіреді.

Мемлекет сыйлықақысымен ынталандырылатын жинақталған ақша сомасы жылына екі жүз айлық көрсеткіштен аспауға тиіс.

Тұрғын үй құрылыс жинақтарына салымдар бойынша мемлекет сыйлықақысын төлеу тәртібі мен шартын Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі тағайындайды.

17. Салым бойынша және тұрғын үй заемын пайдаланғаны үшін сыйақы мөлшерлемелері тұрғын үй құрылыс жинақ шарттары жасалған сәтте белгіленеді және шарттың барлық қолданылу кезеңінде тұрақты болып қалады.

Тұрғын үй заемы бойынша сыйақы мөлшерлемесінің мөлшері тұрғын үй құрылыс жинақтарына салымдар бойынша сыйақы мөлшерлемесінен жылдық 3% (үш пайыздан) артық болмауға тиіс.

Ұзақ мерзімді бюджеттік кредиттер есебінен азаматтардың белгілі бір санаттарына берілетін аралық тұрғын үй заемы/алдын ала тұрғын үй заемы бойынша сыйақы мөлшерлемесінің және ондай бюджеттік кредиттер Банкке берілген мөлшерлеме арасындағы айырма жылдық 3% (үш пайыздан) артық болмауға тиіс.

18. Салымшының тұрғын үй құрылыс жинақ шартының қосымша келісіміне қол қоя отырып шарттың талаптарын өзгертуге: шартты соманы көбейтуге/азайтуға; екі немесе одан да көп тұрғын үй құрылыс жинақ шарттарын біріктіруге; тұрғын үй құрылыс жинақ шартын Банктің ішкі құжаттарында көзделген талаптарда бөлу, (мұндайда әрбір шарттың сомасы Тұрғын үй құрылыс жинақтары туралы заңда белгіленген ең төменгі мөлшерден кем болмауға тиіс (500 АЕК)); тұрғын үй құрылыс жинақ шарты бойынша құқықтар мен міндеттемелерді үшінші тұлғаға беруге/қабылдауға; тарифтік бағдарламаны өзгертуге құқығы бар. Мұндай жағдайда, салымшы өз бастамасы бойынша бір тарифтік бағдарламадан екіншісіне өткенде, сыйақы мөлшерлемесі тұрғын үй құрылыс жинақ шартының барлық қолданылу кезеңіне Банкпен белгіленген талаптарда өзгертілуі мүмкін.

Берілетін/қабылданатын және біріктірілетін тұрғын үй құрылыс жинақ шарттарының ең жоғарғы санын Банктің уәкілетті органы белгілейді.

Биылғы жылдың 1 қаңтарынан бастап салымшылардың жинақ шоттарына өткен жыл үшін мемлекет сыйлықақысының сомасы нақты аударылған сәтке дейінгі кезеңде Банк тұрғын үй құрылыс жинақ шартының талаптарын өзгерту (тұрғын үй құрылыс жинақ шартын бөлу, біріктіру, құқықтары мен міндеттемелерін беру) бойынша қосымша келісімдер рәсімдемейді.

19. Тұрғын үй құрылыс жинақтарына салымдар бойынша сыйақы есептеген кезде, егер жасалған шарттың талаптарында немесе Банктің Есеп саясатында өзге жағдайлар көзделмеген болса, есепке жылдағы 360 күнге және айдағы 30 күнге тең күндер саны алынады.

20. Тұрғын үй құрылыс жинақтары туралы заңда, тұрғын үй құрылыс жинақ шартында және Банктің кредиттік саясатында белгіленген шартты соманы төлеудің барлық талаптары сақталған жағдайда, Банк өзіне құрамына жинақталған қаражаттар сомасы (салымдардан, оларға Банк есептеген сыйақы мен мемлекет сыйлықақысынан тұратын) және тұрғын үй заемы кіретін шартты соманы тұрғын үй құрылыс жинақтарының салымшысына төлеу бойынша міндеттемелер қабылдайды.

21. Банк салымшысына, ол тұрғын үй заемын алу талаптарын сақтаған (белгіленген бағалау көрсеткішінің ең төменгі мәніне жету, жинақталған ақшаның ең төменгі қажетті мөлшерін жинау) және тұрғын үй заемын алудан бас тартқан жағдайда, қосымша сыйақы төленеді.

22. Жинақтау мерзімі аяқталған және салымшы тұрғын үй құрылыс жинақтарының ең төменгі қажетті мөлшерін жинақтамаған жағдайда, оның салымды және оған есептелген Банк сыйақысын, ал салымды үш жылдан артық жинақтаған жағдайда, сондай-ақ мемлекет сыйлықақысын алуға немесе Банк сыйақысы мен мемлекет сыйлықақысының есептелуімен Банкте жинақтауды әрі қарай жалғастыруға құқығы бар.

Банктің жеке банктік заем шартында қарастырылған талаптарда тұрғын үй құрылыс жинақ шарты бойынша салымшыға аралық тұрғын үй заемын, алдын ала тұрғын үй заемын беруге құқығы бар.

23. Жинақ шотын ашу үшін жеке тұлғалар Банкке толық тізбесі Банктің ішкі құжаттарында көрсетілген жеке тұлғалар үшін банктік шот ашу кезінде берілетін құжаттар топтамасын береді.
3-бөлім. Тұрғын үй заемдарын (аралық тұрғын үй, алдын ала тұрғын үй заемдарын)

беру операциялары
24. Банк Қазақстан Республикасының заңнамасына, Банктің ішкі кредиттік саясаты туралы ережелерге, сондай-ақ Банктің ішкі құжаттарына сәйкес заем (тұрғын үй, аралық тұрғын үй, алдын ала тұрғын үй заемдарын) беру операцияларын жүзеге асырады.

24-1. Банк банктің заем шарты жасағанға дейін, осы Ереженің 9-1 тармағында көзделген мәліметтер мен құжаттардан басқа, клиентке ауызша түрде заемдар бойынша мынадай ақпарат береді:

1) заем беру мерзімі;

2) заемның шекті сомасы және валютасы;

3) сыйақы мөлшерлемесінің түрі: (тіркелген);

4) жылдық пайыздардағы сыйақы мөлшерлемесінің мөлшері және оның клиенттің өтініш жасаған күніне салыстырмалы есептелген (нақты қүны) дұрыс, жылдық, тиімді мөлшері;

5) Банк пайдасына, банктік заем алумен және қызмет көрсетумен (өтеумен) байланысты комиссиялардың, тарифтердің және басқа шығыстардың толық тізбесі мен мөлшерлері;

6) банктік заем шарты бойынша міндеттемелер орындалмаған жағдайда, клиенттің жауапкершілігі мен тәуекелдері;

7) заемды қамтамасыз ету шартының тарабы болып табылатын кепіл берушінің, гаранттың, кепілгердің және басқа тұлғаның жауапкершілігі.

24-2. Тұрғын үй, аралық тұрғын үй және алдын ала тұрғын үй заемдары заем мерзімі аяқталғанда жасы 65-тен аспайтын салымшыға беріледі.

Тұрғын үй заемына қайта қаржыландыру ескерілген кредит беру мерзімі аяқталғанша зейнет жасына жетпейтін заемшыласты(-тарды) міндетті қатыстырған жағдайда, заемды беру сәтінде немесе өтеу мерзімі аяқталғанда жасы 65-тен асатын салымшыға заем беруге рұқсат етіледі.

26. Тұрғын үй заемын (аралық тұрғын үй, алдын ала тұрғын үй заемдарын) пайдаланғаны үшін сыйақы есептеген кезде, егер жасалған шарттың талаптарында немесе Банктің Есеп саясатында өзге жағдайлар көзделмеген болса, есепке жылдағы 360 күнге және айдағы 30 күнге тең күндер саны алынады.

Заемды өтеу және сыйақыны төлеу мынадай тәсілдермен жүзеге асырылуы мүмкін:

- ай сайынғы аннуитетті (тең) төлемдер;

- ай сайын негізгі қарыз сомасын тең үлестермен және заем бойынша нақты есептелген сыйақы сомасын өтем күніне сай (азайтылған қалдық тәсілімен) өтеу;

- шартты соманы төлеу сәтіне дейін (бірақ 3 жылдан артық емес) негізгі қарызды өтеусіз, Банктің тарифтерімен белгіленген сыйақы мөлшерлемесі бойынша аралық тұрғын үй заемы бойынша сыйақының ай сайынғы төлемі;

- шартты соманы алғанға дейін негізгі қарызды өтеусіз, алдын ала тұрғын үй заемы бойынша сыйақының ай сайынғы төлемі;

-негізгі борыш бойынша аралық тұрғын үй заемы сомасынан 50% және аралық тұрғын үй заемы сомасынан 100% сыйақы ай сайынғы аннуитеттік (тең) төлемдер;

- негізгі борыш бойынша аралық тұрғын үй заемы сомасынан 50% және аралық тұрғын үй заемы сомасынан 100% сыйақыны өтеу күніндегі заем бойынша нақты есептелген сыйақы сомасы мен негізгі борыш сомасын тең үлестермен ай сайын өтеу (азаятын қалдық әдісімен).

27. Тұрғын үй заемы бойынша ең төменгі сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 3,5% құрайды (жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі* – 4% бастап), ең жоғарғы – жылдық 8,5% (жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі – 9,5% бастап). Аралық тұрғын үй заемы бойынша ең төменгі сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 7%** құрайды (жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі - 8,3% бастап), ең жоғарғы - жылдық 12% (жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі – 20,7% бастап). Алдын ала тұрғын үй заемы бойынша ең төменгі сыйақы мөлшерлемесі жылдық 8,5%** құрайды (жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі – 9,5% бастап), ең жоғарғы – жылдық 14% (жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі – 18,2% бастап). 12

28. Аралық тұрғын үй заемының, алдын ала тұрғын үй заемының ең төменгі сомасы бір заемшыға – 500 АЕК. Аралық тұрғын үй заемының ең жоғарғы сомасы бір заемшыға – 90,0 миллион теңге. Алдын ала тұрғын үй заемының ең жоғарғы сомасы бір заемшыға – 45,0 миллион теңге. Тұрғын үй заемы сомасының ең төменгі мөлшері шарттық сома мен нақты жинақталған тұрғын үй құрылыс жинақтарының арасындағы айырмаға тең және шектеусіз. Тұрғын үй заемының ең жоғарғы сомасы бір заемшының 100,0 миллион теңге көлеміндегі Банк алдындағы жиынтық міндеттемелерінің лимитімен шектелген.

29. Тұрғын үй және аралық тұрғын үй заемдары 6 айдан 25 жылға дейінгі мерзімге беріледі, алдын ала тұрғын үй заемы 6 айдан 8,5 жылға дейінгі мерзімге беріледі (таңдап алынған тарифтік бағдарламаға және заем түріне тәуелді түрде) және салымшы оларды тек Қазақстан Республикасының аумағында тұрғын үй жағдайларын жақсарту бойынша іс-шараларды жүргізу мақсатында ғана пайдалана алады, ондай мақсаттарға мыналар жатады:

1) баспана салу (жер телімін сатып алуды қоса алғанда), сатып алу, соның ішінде жақсарту мақсатында оны айырбастау жолымен);

2) баспананы жөндеу және жаңарту (құрылыс материалдарын сатып алуды, мердігерлік жұмыстарға ақы төлеуді қоса алғанда);

3) тұрғын үй жағдайларын жақсарту іс-шараларымен байланысты пайда болған міндеттемелерді өтеу;

4) банктерден және банктік операциялардың жекелеме түрлерін жүзеге асыратын басқа ұйымдардан ипотекалық тұрғын үй заемын алу үшін бастапқы жарна енгізу.

Тұрғын үй жағдайларын жақсарту іс-шараларымен байланысты пайда болған міндеттемелерді өтеуге мыналар жатады:

- баспана салуға (жер телімін сатып алуды қоса алғанда), баспана сатып алуға және баспананы жөндеу мен жаңартуға (құрылыс материалдарын сатып алуды, мердігерлік жұмыстарға төлем жасауды қоса алғанда) екінші деңгейлі банкте (банктік операциялардың жекелеме түрлерін жүзеге асыратын ұйымда) берілген заемды өтеу;

- баспанаға құқық меншігі сатып алынған (сатып алынатын) заңды тұлғалар алдындағы міндеттемелерді өтеу (лизингілік компания, құрылыс компаниясы және өзге ұйымдар).

Кез келген үшінші (заңды) тұлғалар алдындағы көрсетілген міндеттемелерді өтеу олар құжатты түрде расталған жағдайда жүзеге асырылады.

Банктік заемдар бойынша мерзімі өткен берешектерді өтеуге (қайта қаржыландыруға) жол берілмейді.

30. Тұрғын үй, аралық тұрғын үй және алдын ала тұрғын үй заемдары жылжымайтын мүлікті, соның ішінде сатып алынатын тұрғын үйді кепілге қоюмен немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына және Банктің ішкі кепілдік саясатына сәйкес Банк белгілеген, міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етудің басқа тәсілдерімен қамтамасыз етіледі.

31. Банктің ішкі нормативтік құжаттарына сәйкес, Банк кепілзат мәні есебінде мынадай өтімді мүліктерді қабылдайды:

  1. Банктің шотындағы заемшының немесе үшінші тұлғаның ақшалары;

  2. меншік құқығында заемшының немесе үшінші тұлғаның иелігіндегі жылжымайтын мүлік (тұрғын, коммерциялық үй жылжымайтын мүлкі, жер телімі);

  3. заем есебінен сатып алынатын жылжымайтын мүлік (тұрғын үй жылжымайтын мүлкі, жер телімі).

Коммерциялық жылжымайтын мүлікті кепілзаттық қамтамасыз ету ретінде беруге қойылатын талаптарға Банктің ішкі құжаттарымен регламент белгіленеді.

32. Кепілдік есебінде Банк мыналарды қабылдайды:

  1. жеке тұлғаның кепілдігі;

  2. «сенімді», «жақсы» және «қанағаттанарлық» деп сипатталатын қамтамасыз ету сапасына қойылатын қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау бойынша уәкілетті органнның талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасының резиденттері–заңды тұлғалардың кепілдігі (кепілдемесі).

Кепілгерге және кепілдікке берілген заемдарға қойылатын талаптар Банктің ішкі құжаттарымен реттеледі.

33. Банк кепілзат мәні есебінде мыналарды қабылдамайды:

  1. Жер телімімен бірге кепілге берілген жылжымайтын мүлікті қоспағанда, пайдаланылу мерзімі 50 (елу) жылды құрайтын тұрғын үй жылжымайтын мүлкі;

  2. Каркасты-қамысты, саманды балшықтан салынған тұрғын үй жылжымайтын мүлкі;

  3. Қазақстан Республикасының Жер кодексінің нормаларына сәйкес кепілге беруге рұқсат етілмейтін жер телімі (жер телімінің үлесі);

  4. Банктің ішкі құжаттарының талаптарына сәйкес, нақты жоспарлануы мен құжаттарда көрсетілгеннің арасында алшақтықтары бар үй-жайлар (үйлер, пәтерлер);

33-1. Филиалдың Кредит комитетінің шешімі бойынша жоспарлауында айырмашылығы бар тұрғын жылжымайтын мүлікті (пәтер, жер телімі бар үй) кепілге қабылдауға:

1) ішкі аралықтар салған;

2) осы тармақтың 1) тармақшасының талаптарын қоспағанда, пайдалануға қабылдау актісін рәсімдеу қажет емес;

3) негізгі және қоршау құрылыстарын, инженерлік жүйелер мен жабдықты, үй-жайлардың қызметтік міндетін өзгертпеген және өртке қарсы, жарылысқа қарсы және санитарлық сапаны нашарлатпаған жағдайларда рұқсат етіледі.

Мұндайда клиент Банкке жоспарлаудағы айырмашылықтардың жойылғанын растайтын рәсімделген/қайта рәсімделген құжаттарды Банк белгілеген мерзімде беруі тиіс.

34. Жылжымайтын мүлік түріндегі кепілдік қамтамасыз ету қабылданған жағдайда, Банктің ішкі нормативтік құжаттарының талаптарына сәйкес Кр/К (Кредит/Кепіл) көрсеткішінің орындалуын сақтау қажет. Кр/К көрсеткішінің мәндері осы Ережелердің №3 Қосымшасында берілген.

35. Жылжымайтын мүлікті кепілдік қамтамасыз етудің құны уәкілетті органның және тәуелсіз бағалаушының бағалау актілері бойынша немесе екі тәуелсіз бағалаушының бағалау актілері бойынша ең төменгі құн негізінде анықталады. Жергілікті атқару органдары арқылы жүзеге асырылатын тұрғын үй құрылысының мемлекеттік, салалық, өңірлік бағдарламалары бойынша: уәкілетті органның бағалау актісі немесе бір тәуелсіз бағалаушының бағалау актісі бойынша.

36. Кепілзат мәнінің нақты бар екендігін, Банк қызметкерінің міндетті түрде кепілзаттың орналасқан жеріне барып көруі арқылы техникалық және сапалылық сипаттамаларын анықтауы бағалау жүргізудің міндетті талабы болып табылады (жергілікті атқару органдары арқылы жүзеге асырылатын тұрғын үй құрылысының мемлекеттік, салалық, өңірлік бағдарламалары шеңберінде салынған тұрғын үй кепілге берілген жағдайларды қоспағанда).

Банк қызметкерлерінің кепілзат мәніне тексеру жүргізуі Банктің ішкі құжаттарына сәйкес жүргізіледі.

37. Салымшыға шартты соманы төлеу (соның ішінде тұрғын үй заемын) тұрғын үй құрылыс жинақ шарты күшіне енгеннен кейін кем дегенде 3 (үш) жыл өткеннен кейін мынадай талаптарда жүргізіледі:

1) жинақталған ақша сомасының тұрғын үй құрылыс жинақ шарты бойынша қабылданған міндеттемелерге сәйкестігі;

2) Банк есептеген тәртіпте бағалау көрсеткішінің ең төменгі мәніне жету. Бағалау көрсеткішін есептеген кезде тұрғын үй құрылыс жинақтарын жинақтаудың ұзақтығы және жинақтау талаптарының сақталуы есепке алынады;

3) салымшының қажетті тұрғын үй заемын қамтамасыз етуді беруі;

4) заемшының тұрғын үй заемын өтеуге төлем қабілеттілігінің расталуы.

38. Заем беру туралы шешімді Банктің уәкілетті органы шығарады. Банкпен ерекше қатынастағы тұлғалармен мәмілелер бойынша шешімді Банктің Директорлар кеңесі қабылдайды. Банк Клиентке кредит беру туралы оң шешім шығарған жағдайда, Банк пен Клиент ол бойынша Банк клиентке заем беретін, ал клиент алған соманы шартта келісілген талаптарда қайтаруды міндеттенетін банктік заем шартын жасайды.

39. Банк ағымдағы/мерзімі өткен несиелік берешекке, салымшының ай сайынғы жарнаның ұсынылған сомасын (алдын ала тұрғын үй заемын алған жағдайда) сақтауына, заемшылардың қайта рәсімделген сақтандыру полистерін/сақтандыру шарттарын уақтылы берулеріне, берілген банктік заемның мақсатты пайдаланылуын тексеруге мониторинг жүргізеді. Мұндай жағдайда клиент оның жүргізілуіне жан-жақты жәрдем етуге, соның ішінде кірістер және заем бойынша қамтамасыз етудің жағдайы туралы Банктің сұранысы бойынша қажетті құжаттарды беруге міндетті.

40. Салымшыға аралық тұрғын үй заемын беру банктік заем шартында келісілген талаптарда, ол шартты соманың 50% (елу пайызын) мерзімінен бұрын жинақтаған немесе енгізген жағдайда жүргізіледі. Аралық тұрғын үй заемы тұрғын үй құрылыс жинақ шартында белгіленген, тұрғын үй заемын пайдалану мерзіміне беріледі.

Аралық тұрғын үй заемын пайдалану мерзіміне енгізілген/жинақталған қаражаттар оларға Банк сыйақысы мен мемлекет сыйлықақысы есептелетін заем бойынша қамтамасыз ету болып табылады. Жинақтау мерзімі аяқталғаннан кейін аралық тұрғын үй заемын өтеуге бағытталатын жинақталған қаражаттар мен тұрғын үй заемы төленеді.

41. Салымшыға алдын ала тұрғын үй заемын беру банктік заем шарттарында келісілген талаптарда, оның шартты соманың 50% (елу пайызын) алдын ала жинақтауынсыз жүргізіледі. Қаражаттарды жинақтау негізгі қарызды өтеусіз алдын ала тұрғын үй заемы бойынша сыйақыны бір мезгілде өтей отырып жүзеге асырылады.

Алдын ала тұрғын үй заемы қаражаттарды жинақтау мерзіміне беріледі, жинақтау мерзімі аяқталған соң алдын ала тұрғын үй заемын өтеуге бағытталатын тұрғын үй заемы беріледі.

42-1. Банктік заем шартына қызмет көрсету кезеңінде Банк клиенттің (заемшының) немесе кепіл берушінің сұранысы бойынша (Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген банктік құпияны жарияламауға қойылатын талаптарды сақтай отырып), сұранысты алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оған жазбаша нысанда мыналар туралы мәліметтер береді:

1) Банкке төленген ақша сомасы;

2) мерзімі өткен берешек мөлшері (болған жағдайда);

3) қарыз қалдығы;

4) кезекті төлемдердің мөлшері мен мерзімдері;

5) кредит беру лимиті (болған жағдайда).

42-2. Клиенттің өтініші бойынша Банк үш жұмыс күнінен аспайтын мерзімде банктік заем шарты бойынша берешекті өтеу шотына клиенттің (заемшының) түсетін ақшаларын бөлу туралы жазбаша нысанда тегін ақпарат береді.

42-3. Банктік заем шарты бойынша берілген ақшаларды Банкке ішінара немесе толық мерзімінен бұрын қайтару туралы клиенттің өтініші бойынша Банк үш жұмыс күнінен аспайтын мерзімде тегін, ол қайтаруы тиіс соманың мөлшерін хабарлайды.

42-4. Банктік заем шартында көзделген жағдайда, Банк кезеңді түрде клиентке банктік заем шартында көзделген тәсілмен Ереженің 42-1 тармағында көзделген мәліметтерді береді.

42-5. Ереженің 42-1, 42-2, 42-3, 42-4 тармақтарында көзделген мәліметтер негізгі қарыз, сыйақы, комиссиялар, тұрақсыздық айыбы және айыппұл санкцияларының басқа түрлерін, сондай-ақ төленуге тиіс басқа сомаларды көрсете отырып беріледі.

42-6. Егер банктік заем шартында көзделген болса, Банк клиентке банктік заем шартында көзделген мерзімде және тәсілмен міндеттемелерді орындау мерзімінің кешіктірілгені және шарт бойынша төлем енгізу қажеттілігі туралы хабарлайды. Тараптардың келісімі бойынша банктік заем шартында шарт бойынша кезекті төлемдердің уақыты туралы хабарлаудың мерзімдері мен тәсілдері көзделеді.

42-7. Банк берешектерді өндіруді Қазақстан Республикасының банктік заңнамасында және банктік заем шартында белгіленген тәртіпте және негіздерде жүзеге асырады.

42-8. Банктік заем шарты бойынша берешектерді өндіру мақсатында Банк клиентке банктік заем шарты бойынша төлем енгізу қажеттілігі және клиенттің өз міндеттемелерін орындамау салдарлары туралы хабарлайды.

42-9. Банктік заем шарты бойынша берешектерді өндіру туралы хабарлама банктік заем шарты бойынша берешектің мөлшері (негізгі қарыздың, сыйақының, комиссияның тұрақсыздық айыбының және айыппұл санкцияларының басқа түрлерінің сомасы, сондай-ақ төленуге тиіс басқа сомалар) көрсетілген клиентке арналған қысқа ақпарат тұрады.

42-10. Клиентке, сондай-ақ кепіл берушіге, гарантқа, кепілгерге және заемды қамтамасыз ету шартының тарабы болып табылатын басқа тұлғаға жергілікті уақыт бойынша сағат 21-ден бастап сағат 9-ға дейін банктік заем шарты бойынша қызмет көрсетумен байланысты хабарламаларды тапсыруға және ескертпелерді іске асыруға (телефон арқылы қоңырау шалу) жол берілмейді.

42-11. Осы Ереженің 42-8 тармағында көрсетілген хабарламадан туындайтын талаптар қанағаттандырылмаған жағдайда, Банк клиентке Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шараларды қолданады.».

42-12. Егер банктік заем шартында Банктің банктік заем шарты бойынша құқықтарды (талапты) үшінші тұлғаға беру құқығы (талапты беру) көзделген болса, Банк құқықтарды (талапты) бергеннен кейін үш жұмыс күні ішінде берілген құқықтардың (талаптың) толық көлемін, сондай-ақ негізгі қарыздың, сыйақының, комиссияның тұрақсыздық айыбының және айыппұл санкцияларының басқа түрлерінің мерзімі өткен және ағымдық сомасының қалдықтарын, сондай-ақ төленуге тиіс басқа сомаларды көрсете отырып және Банкке немесе құқықтар (талап) берілген тұлғаға заемды өтеу бойынша әрі қарайғы төлемдерді міндеттей отырып, ол туралы борышкерді (оның уәкілетті өкілін) хабарландырады.

43. Банк сондай – ақ кепілдік қамтамасыз етудің мониторингін жүргізеді. Кепілдік қамтамасыз етудің мониторингі – бұл кепілзат мәнінің сапалы және құндық параметрлеріне бақылау жасауды қамтамасыз етуге, оның құқықтық меншіктілігіне, ұстау талаптарына бағытталған іс – шаралар кешені.

44. Кепілдік мониторингтің негізгі мақсаты кепілдік қамтамасыз ету сипаттамаларының (соның ішінде нарықтық және кепілдік құнының), оны күтіп-ұстау және пайдалану талаптарының кепілзат мәні туралы шартта көрсетілген ережелерге сәйкестігін анықтау болып табылады.

Мониторингтің ең басты негізгі міндеті кепілдік қамтамасыз етудің сапалық және құндық параметрлерінің төмендеу фактілерін не алғышарттарын немесе заемды кепілмен қамтамасыз ету саласындағы банктердің мүддесін қорғау жөніндегі іс-шаралар кешенін қалыптастыру мақсатында кепілзат шартының талаптарының өзге де бұзылу жайттарын уақтылы анықтау болып табылады.

45. Банк кейіннен кепілдік қамтамасыз етуге қайта бағалау жүргізу қажеттілігі туындаған кепілдік қамтамасыз ету бойынша заемшылар тізімін қалыптастыра отырып, кепілдік қамтамасыз ету нысандарының құнына, жылжымайтын мүлік нысанына бағалау жүргізу мерзімінің жарамдылығына, кепілдік қамтамасыз етудің заем сомасын жабуға жеткіліктілігіне сараптама жүргізеді.

46. Кепілдік қамтамасыз етуге қайта бағалау жүргізумен, атап айтқанда, бағалау туралы есеп дайындаумен және мүлікке меншік құқығын тіркеу мен ол бойынша мәмілелерді жүзеге асыратын уәкілетті органда жылжымайтын мүлікті кепілге қою шартының қосымша келісіміне тіркеу жүргізу үшін алым төлеумен байланысты барлық шығыстар заемшыға (кепілзат берушіге) жүктеледі.

47. Заемшыдан Банкте заем беру тәртібін реттейтін ішкі құжаттың талаптарына сәйкес келмейтін кепілдік қамтамасыз етудің нарықтық құны көрсетілген бағалау туралы есеп алынған жағдайда, Банктің уәкілетті органы заемшының атына Банктің талаптарына сәйкес келетін жаңа немесе қосымша кепіл беру талабымен жазбаша хабарлама жібереді.

48. Заемшы жаңа немесе қосымша кепілді белгіленген мерзімде бермеген жағдайда, Банк жылжымайтын мүлікті кепілге қою шартында және банктік заем шартында тараптармен көзделген іс – қимылдарды жүзеге асырады.
4-бөлім. Қаржылық қызметке байланысты мәселелер бойынша кеңес беру қызметтерін көрсету операциялары
48-1. Банк қаржылық қызметке байланысты мәселелер бойынша кеңес беру қызметтерін көрсету операцияларын Қазақстан Республикасының заңнамасына, Банктің ішкі құжаттарына сәйкес жүзеге асырады.

48-2. Банк қаржылық қызметке байланысты мәселелер бойынша кеңес беру қызметтерін көрсеткені үшін комиссиялық сыйақы алады (осы Ереженің №4 Қосымшасы, №5 Қосымшасы).

  1   2   3   4   5

Похожие:

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен бекітілген 2009 жылғы 22 шілдедегі №79 хаттама «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» icon«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен бекітілген 2009 жылғы 22 шілдедегі №79 хаттама «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі»
«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамында операциялар жүргізудің жалпы талаптары туралы ережелер
«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен бекітілген 2009 жылғы 22 шілдедегі №79 хаттама «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» iconАлдын ала және аралық тұрғын үй заемдарын алудың талаптары «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі»
...
«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен бекітілген 2009 жылғы 22 шілдедегі №79 хаттама «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» icon2011 жылғы «23» сәуірдегі №109 шешімімен бекітілген Тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы тұрғын үй сатып алушылар пулын қалыптастыру ережелері
Публикасы Үкіметінің 31. 03. 2011 жылғы №329 қаулысымен бекітілген 2011-2014 жж арналған Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысы...
«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен бекітілген 2009 жылғы 22 шілдедегі №79 хаттама «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» icon«Қазақстанның ТҰРҒын үЙ ҚҰрылыс жинақ банкі» АҚ
ТҰРҒын үй жағдайларын жақсартуғА (ҚР аумағында): ҮЙ, жер телімін, ПӘтер сатып алу, ЖӨндеу, ҚҰрылыс, басқа банктегі ипотекалық кредитті...
«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен бекітілген 2009 жылғы 22 шілдедегі №79 хаттама «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» iconҚкж жабдығын мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстық ҚҰжаттама тапсырыс беруші – «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі»

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен бекітілген 2009 жылғы 22 шілдедегі №79 хаттама «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» iconТұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы шарттың жалпы шарттары Тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы шартының Жалпы шарттары (бұдан әрі – Жалпы шарттар) «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі»
Салымшы мен Банк арасында және/немесе салымшы, Банк және үшінші тұлғалар арасында, сондай-ақ Банктің агенттері арқылы жасалған, Жалпы...
«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен бекітілген 2009 жылғы 22 шілдедегі №79 хаттама «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» iconҚызметтерін сатып алу бойынша ашық тендердің
Алматы қаласы, Абылай хан даңғылы, 91 мекенжайында орналасқан «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ (бұдан әрі Банк)
«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен бекітілген 2009 жылғы 22 шілдедегі №79 хаттама «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» iconҚазақстандағы тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі: 9 жыл Қазақстанда, қорытындылары мен даму жоспары
«Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі туралы» Заңның қабылдануынан бастау алды. Аталған заңды әзірлеу негізіне...
«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен бекітілген 2009 жылғы 22 шілдедегі №79 хаттама «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» iconТұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы тұрғын үй сатып алатын салымшылардың пулына қатысу үшін балл тағайындау критерийлері
Тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы тұрғын үй сатып алатын салымшылардың пулына қатысу үшін әрбір тұрғын үй құрылыс жинақ шарты...
«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен бекітілген 2009 жылғы 22 шілдедегі №79 хаттама «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» iconЭлектронды мекенжайы
Алматы қаласы, Абылай хан даңғылы, 91 мекенжайында орналасқан «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ (бұдан әрі – Банк)...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница