«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен бекітілген 2009 жылғы 22 шілдедегі №79 хаттама «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі»




Название«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен бекітілген 2009 жылғы 22 шілдедегі №79 хаттама «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі»
страница3/5
Дата конвертации08.07.2013
Размер0.58 Mb.
ТипДокументы
1   2   3   4   5

6-бөлім. Кассалық операциялар



57. Кассалық операциялар – тұрғын үй құрылыс жинақтарына салымдар (депозиттер) қабылдау бойынша банктік операциялардың бірін жүзеге асыру, салымшыларға тұрғын үй, аралық және алдын ала тұрғын үй заемдарын беру, тұрғын үй, аралық және алдын ала тұрғын үй заемдарын өтеу шотына ақша қабылдау, төлемдер және ақша аударымдары бойынша жеке тұлғалардың тапсырмаларын орындау, ұсақтау, айырбастау, қайта санау, сұрыптау, орау және сақтауды қоса алғанда айырбастау операцияларын ұйымдастыру кезінде қолма-қол ақшаларды қабылдау және беру.

Қолма-қол ақшалармен операцияларды кассалық операциялар бөлімшесі жүзеге асырады.

58. Клиенттерден Банк кассасына қолма-қол ақша қабылдау кіріс кассалық ордерлер бойынша жүргізіледі.

59. Банк кассасынан ақша беру шығыс кассалық ордерлер бойынша жүргізіледі.

Банк клиенттің шотына қабылдау аяқталған сәтке нақты қабылданған ақша сомасын енгізеді. Клиентке банктік шоттардан қолма-қол ақша беру банктік шоттағы ақша қалдығының шектерінде, клиенттің өтініші негізінде жүргізіледі.



7-бөлім. Аударма операциялары

60. Аударма операциялары – Банк жүйесі ішінде төлемдер және ақша аударымдары бойынша жеке тұлғалар – Банк клиенттерінің тапсырмаларын және сыртқы аударымдарды орындау.


61. Жеке тұлғалар – Банк клиенттерінің аударым жасауға берген өтініші негізінде тек жеке тұлғалар – Банк клиенттері банктік шот ашу арқылы және ашпастан төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге асыруы мүмкін. Төлемдер мен аударымдардың мақсаттары Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес келуі тиіс. Мұндайда банктік шоттардан ақша аудару туралы нұсқау:

1) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, Клиент кемінде 3 (үш) дана қағаз тасымалдаушыда жасалған төлем құжаттарын берген;

2) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, кемінде 3 (үш) дана қағаз тасымалдаушыда жасалған инкассалық өкімдер және төлемдік талап-тапсырмалар Банкке көрсетілген;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, кемінде 1 (бір) дана қағаз тасымалдаушыда жасалған төлем құжатын қайтарып алу туралы немесе оның орындалуын кідірте тұру туралы өкім Банкке көрсетілген жағдайларда орындауға қабылданады.

8-бөлім. Банктік шоттарға есеп айырысу қызметін көрсету



62. Банк клиенттің тапсырмалары бойынша төлемдер мен аударымдарды тек қана клиенттің банктік шоттағы ақша қалдығының шектерінде немесе жасалған шарттың талаптарына, Банктің ішкі құжаттарына және Қазақстан Республикасының нормативтік – құқықтық актілеріне сәйкес жүргізеді.

Клиенттің төлемдерді валюталандыру мерзімімен жүзеге асыруға, Банк оларды орындаған сәтке дейін Банкке бұрын берілген төлем құжаттарының күшін жоюға құқығы бар. Клиенттердің банктік шоттары бойынша есеп айырысу және өзге операциялар Банктің белгіленген операциялық күні ішінде жүргізіледі.

Банктік шоттан ақша алу Қазақстан Республикасының заңнамасында және/немесе банктік қызмет көрсету шартында тікелей көзделген жағдайларды қоспағанда, клиенттің келісімі бойынша жүргізіледі.

Клиенттің жинақ/ағымдық шоттарға қолма-қол ақшаны Қазақстан Республикасының заңнамасында және Банктің ішкі құжаттарында белгіленген тәртіпте енгізуге құқығы бар.

63. Банктің клиент жүргізетін төлемдер мен аударымдардың заңдылығын және ресмилігін растау үшін қосымша құжаттар талап етуге құқығы бар.

64. Клиент өз еркі бойынша банктен алынған қолма-қол ақшаны кассадан алыстамай тұрып немесе касса бақылаушысының қатысуымен ақшаны қайта санауға арналған арнайы орында қайта санауға құқығы бар. Мұндай жағдайда, егер олар ақшаны Банкте, кассадан алыстамай тұрып немесе касса бақылаушысының қатысуымен ақшаны қайта санауға арналған арнайы орында қайта санамаған болса, клиенттің ақшаның кем екендігі, банкноталар немесе монеталардың төлем жасауға жарамайтын, күмәнді екендігін анықтағаны туралы өтініші (шағымы), қанағаттандырылмайды.

65. Банктік шот шартына сәйкес Банк:

  1. клиент талап еткен жағдайда, (Банктің салымшыдан тиісті өтініш алған күнінен бастап 5 (бес) операциялық күн ішінде) қолма-қол ақшаның болуын қамтамасыз етеді;

  2. клиенттің пайдасына түскен ақшаны қабылдайды;

  3. үшінші тұлғалардың пайдасына ақша аудару туралы клиенттің өкімдерін орындайды;

  4. егер ол банктік шот шартында көзделген болса, клиенттің ақшаларын өндіріп алу туралы үшінші тұлғалардың өкімдерін орындайды;

  5. банктік шот шартымен белгіленген тәртіпте клиенттен қолма-қол ақшаны қабылдау мен оған беруді жүзеге асырады;

  6. клиенттің талап етуі бойынша клиенттің банктегі ақшасының сомасы және шартта көзделген тәртіпте жүргізілген операциялар туралы ақпарат береді;

  7. клиентке шартта, заңнамада көзделген және іскери айналым дәстүрлерімен банктік практикада қолданылатын өзге банктік қызмет көрсетуді жүргізеді.

Егер ондай тапсырма және ол бойынша берілген құжаттар Қазақстан Республикасының заңнамасының талаптарына қайшы келетін болса, Банктің клиенттің тапсырмасын орындаудан бас тартуға құқығы бар.

66. Банк банктік шоттағы жүргізілген операциялар бойынша банктік құпияның сақталуына кепілдік береді және тек Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда ғана шот бойынша анықтамаларды клиенттің келісімінсіз үшінші тұлғаларға береді.

Банктік шоттар бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру немесе банктік шоттағы ақшаға тыйым салу банктік шоттағы шығыс операцияларын тоқтата тұру немесе клиенттің банктік шоттағы ақшасына тыйым салу құқығы бар уәкілетті органдардың тиісті шешімдері (қаулылары) негізінде Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сай жүргізіледі. Банктік шоттар бойынша операцияларды қайта жалғастыру банктік шоттағы ақшаға тыйым салу немесе банктік шоттағы шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы шешімдердің (қаулылардың) күшін жою туралы уәкілетті органдардың тиісті жазбаша хабарламалары негізінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда жүргізіледі.
9-бөлім. Банктік шоттарды жабу
67. Банктік шотты жабу, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе шартта өзгедей көзделмеген болса, клиенттің өтініші бойынша кез келген уақытта жүргізіледі. Банктік шотты жабу тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасымен және Банктің ішкі құжаттарымен реттеледі.

68. Банк шотта үш жылдан астам ақша болмауымен байланысты шоттың жабылу жағдайларын қоспағанда, аталған шотқа орындалмаған талаптар болған жағдайда, банктік шотты жаппайды.
10-бөлім. Клиенттің және Банктің құқықтары, міндеттері және жауапкершілігі
69. Банктің және оның Клиентінің құқықтары мен міндеттемелері, олардың жауапкершілігі Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасымен, Қазақстан Республикасының өзге нормативтік – құқықтық актілерімен, Банктің ішкі құжаттарымен, сондай-ақ банктік шоттарға қызмет көрсету, банктік қызмет (кредиттік, депозиттік) көрсету туралы шарттарға, клиенттермен және серіктестермен Банктің өзге шарттарына сәйкес белгіленеді.

70. Банк пен Клиент арасында жасалатын тұрғын үй құрылыс жинақ шарттарының және банктік заем шарттарының талаптарына сәйкес

1) Банк:

1.1) Клиентке (Салымшыға) тұрғын үй құрылыс жинақтарына салым бойынша банктік шот ашуға, Клиенттің пайдасына қолма-қол енгізілген және/немесе қолма-қолсыз тәртіпте аударылған ақшаны қабылдауға және оларды Банктегі Клиенттің банктік шотына енгізуге;

1.2) тұрғын үй құрылыс жинақтарына салым бойынша нақты жинақталған ақша сомасына тұрғын үй құрылыс жинақ шартында көрсетілген мөлшерде, тәртіпте және талаптарда Банк сыйақысын есептеуге; Мұндайда тұрғын үй құрылыс жинақтарына салым бойынша сыйақы есептеу Клиенттің тұрғын үй заемын алуға өтініш берген күнінен бастап тоқтатылады;

1.3) тұрғын үй құрылыс жинақтарына салым бойынша мемлекет сыйлықақысы төленгеннен кейін – Қазақстан Республикасының заңнамасына және тұрғын үй құрылыс жинақ шартының талаптарына сәйкес оны тұрғын үй құрылыс жинақтарына салым бойынша Клиенттің банктік шотына енгізуге;

1.4) Клиент тұрғын үй құрылыс жинақ шартының және Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтаған жағдайда, тұрғын үй заемын беруге;

1.5) Клиенттерге заемдарды тек қана Қазақстан Республикасының аумағында тұрғын үй жағдайларын жақсарту бойынша іс-шаралар жүргізуге беруге міндеттенеді;

2) Банктің:

2.1) Клиенттен тұрғын үй құрылыс жинақ шартында, банктік заем шартында және Банктің өзге шарттарында көзделген мөлшерде және тәртіпте Банктің банктік қызметтер көрсеткені үшін комиссиялық сыйақы төлеуін талап етуге;

2.2) Клиентке берілген заемның мақсатты пайдаланылуын тексеруге;

2.3) Қазақстан Республикасының заңнамасында, Банктің ішкі құжаттарында көзделген жағдайларда, Клиенттің жазбаша өтінімі негізінде оған

банктік заем шартында көзделген мөлшерде, сыйақы мөлшерлемесі бойынша және мерзімге және өзге талаптарда алдын ала тұрғын үй заемын немесе аралық тұрғын үй заемын беруге. Мұндайда, аралық тұрғын үй заемын және/немесе алдын ала тұрғын үй заемын беру Банктің міндеттемесі болып табылмайды және Банктің кез келген негіздемелер бойынша, соның ішінде бос ақша қаражаттарының болмауына байланысты аралық тұрғын үй және/немесе алдын ала тұрғын үй заемын беруден бас тартуға;

2.4) тұрғын үй құрылыс жинақ шарты, банктік заем шарты және өзге шарттар бойынша өз міндеттемелерін орындамайтын Клиентке қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасында және Клиенттің қолы қойылған шарттың талаптарында белгіленген барлық жауапкершілік шараларын қолдануға құқығы бар.

3) Клиент:

3.1) тұрғын үй құрылыс жинақ шартын жасағаны үшін Банкке Банктің белгіленген тарифтеріне сәйкес шартты сомадан есептелген мөлшерде комиссиялық сыйақы төлеуге;

3.2) Банктің банктік қызметтер көрсеткені үшін Банктің белгіленген тарифтеріне сәйкес өзге комиссиялық сыйақыларды төлеуге;

3.3) Банктен алынған заемды уақтылы және толық көлемде қайтаруға;

3.4) тұрғын үй құрылыс жинақ шартының талаптарына сәйкес жинақталған ақшаның ең төменгі қажетті сомасын жинақтау үшін тұрғын үй құрылыс жинақтарына салымдар бойынша шотқа ақша енгізуге (қолма-қол немесе қолма-қол емес тәртіпте);

3.5) заем алған жағдайда, банктік заңнамаға, Қазақстан Республикасының тұрғын үй құрылыс жинақтары туралы заңнамасына және Банктің ішкі құжаттары мен тұрғын үй құрылыс жинақ шартының және банктік заем шартының талаптарына сәйкес Банкке ол бойынша қамтамасыз ету (кепіл) беруге, сондай-ақ дербес түрде және өз есебінен кепілді бағалау, сақтандыру, тіркеу және оны тыйым салудан шығару және Қазақстан Республикасының заңнамасына, Банктің ішкі құжаттарына сәйкес басқа ілеспе шығыстардан тұратын аталған қамтамасыз етуді рәсімдеумен байланысты барлық шығыстарды төлеуді жүзеге асыруға;

3.6) Банкке заем бойынша қамтамасыз ету есебінде берілген жылжымайтын мүлікті қайталама бағалау (қайта бағалау) туралы есептер беруге. Банктік заем шартының талаптарымен көзделген жағдайларда, заем бойынша кепілзат мәні болып табылатын жылжымайтын мүлікке қайталама бағалау (қайта бағалау) жүргізуге;

3.7) егер жүргізілген қайталама бағалаудың (қайта бағалаудың) нәтижелері бойынша заем бойынша кепілзат мәні болып табылатын жылжымайтын мүліктің құны айтарлықтай төмендеген жағдайда, Банктің талабы бойынша Банктің ішкі құжаттарының талабына сәйкес келетін қосымша кепіл беруге;

3.8) заемды уақтылы және толық көлемде өтеуге мүмкіндік беретін тұрақты табыс көзінің бар екендігін растайтын құжаттар тізбесін беруге (төлем қабілеттілігін растау);

3.9) Банктің ішкі құжаттарының талабына сәйкес Клиентпен жасалған банктік заем шартының, жылжымайтын мүлікті кепілге қою шартының және өзге шарттардың талаптарында көзделген жағдайлардан сақтандыру шарттарын (полистерін) беруге міндеттенеді.

4) Клиенттің:

4.1) жасалған тұрғын үй құрылыс жинақ шартына және банктік заем шартына сәйкес банктік шоттың жағдайы, сондай-ақ заем бойынша берешектердің жағдайы туралы толық ақпарат алуға;

4.2) тұрғын үй құрылыс жинақтарына салымдар бойынша Банкте бірнеше шоттарының болуына. Мұндайда, мемлекет сыйлықақысы Клиенттің таңдауы бойынша Клиенттің – Қазақстан Республикасы азаматының тек бір ғана банктік шотына есептеледі;

4.3) Банктің жазбаша келісімімен тұрғын үй құрылыс жинақ шарты бойынша құқықтарды басқаға беруге, жинақталған тұрғын үй құрылыс жинақтарының сомасын басқа тұлғаға қамтамасыз ету есебінде кепілге беруге;

4.4) жинақтау мерзімі аяқталған және Клиент тұрғын үй құрылыс жинақтарының жинақталған ақшасының ең төменгі қажетті сомасын жинақтамаған жағдайда – салымды және оған есептелген Банк сыйақысын алуға, ал салымды үш жылдан артық жинақтаған жағдайда, сондай-ақ мемлекет сыйлықақысын алуға немесе Банктің сыйақысын және мемлекеттің сыйлықақысын есептей отырып, Банкте жинақтауды әрі қарай жалғастыруға;

4.5) тұрғын үй заемын алудан бас тарта отырып, салымды және оған есептелген Банк сыйақысын алуға. Мұндай жағдайда, мемлекет сыйлықақысын алу тек Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда ғана мүмкін болады;

4.6) тұрғын үй құрылыс жинақ шарты бойынша жинақталған ақшасының ең төменгі қажетті сомасын жинақтаған, тұрғын үй құрылыс жинақ шарты бойынша таңдап алынған тарифтік бағдарламада көзделген бағалау көрсеткішінің қажетті мәніне жеткен жағдайда, Банкке тұрғын үй құрылыс жинақ шартында көзделген сомада, сыйақы мөлшерлемесі бойынша және мерзімде тұрғын үй заемын беру туралы өтініш жасауға;

4.7) Банкке аралық тұрғын үй заемын және алдын ала тұрғын үй заемын беру туралы өтініш жасауға құқығы бар. Аралық тұрғын үй және алдын ала тұрғын үй заемын беру талаптары Қазақстан Республикасының заңнамасына, Банктің ішкі құжаттарына және жеке банктік заем шартының талаптарына сәйкес белгіленеді.

71. Банк және/немесе Клиент тұрғын үй құрылыс жинақ шарты, банктік заем шарты және өзге шарттар бойынша қабылданған өз міндеттемелерін орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда, кінәлі тарап жасалған шарт талаптарына және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік көтереді.

72. Жасалған тұрғын үй құрылыс жинақ шартының, банктік заем шартының және өзге шарттардың талаптары бойынша Клиент өзі қабылдаған міндеттемелерін орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда, Клиентке қатысты мынадай жауапкершілік түрлерінің біреуі және/немесе бірнешеуі қолданылуы мүмкін:

1) тұрақсыздық айыбын (айыппұл және/немесе өсімпұл) есептеу;

2) есептелген жағдайда Банк шығындарын (шығасылар, шығыстар) қайтаруды талап ету;

3) заем сомасын және ол бойынша сыйақыны мерзімінен бұрын қайтаруды талап ету;

4) жылжымайтын мүлікті кепілге қою шартында көзделген, заемды қамтамасыз ету болып табылатын жылжымайтын мүлікті және Клиенттің өзге мүлкін соттан тыс және сот тәртібімен өндіріп алуға айналдыру;

5) Клиент заемды мақсаттан тыс пайдаланған жағдайда, сондай-ақ Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген өзге де жағдайларда мемлекет сыйлықақысының сомасын республикалық бюджетке қайтаруды талап ету.

73. Клиент тұрғын үй құрылыс жинақ шартының барлық талаптарын орындаған болса, Банк тұрғын үй заемын бермеген жағдайда және егер Клиент тұрғын үй құрылыс жинақ шарты бойынша құқықтарды басқа тұлғаға бермесе және/немесе басқа тұлғаның пайдасына салмаған болса, Банк Клиенттің бірінші талабы бойынша 5 (бес) күн ішінде жинақталған ақшаны төлеуге міндеттенеді.»;

10-1-бөлім. Банктік қызмет көрсету үрдісінде туындаған клиенттердің өтініштерін қарастыру тәртібі
1   2   3   4   5

Похожие:

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен бекітілген 2009 жылғы 22 шілдедегі №79 хаттама «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» icon«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен бекітілген 2009 жылғы 22 шілдедегі №79 хаттама «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі»
«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамында операциялар жүргізудің жалпы талаптары туралы ережелер
«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен бекітілген 2009 жылғы 22 шілдедегі №79 хаттама «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» iconАлдын ала және аралық тұрғын үй заемдарын алудың талаптары «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі»
...
«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен бекітілген 2009 жылғы 22 шілдедегі №79 хаттама «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» icon2011 жылғы «23» сәуірдегі №109 шешімімен бекітілген Тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы тұрғын үй сатып алушылар пулын қалыптастыру ережелері
Публикасы Үкіметінің 31. 03. 2011 жылғы №329 қаулысымен бекітілген 2011-2014 жж арналған Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысы...
«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен бекітілген 2009 жылғы 22 шілдедегі №79 хаттама «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» icon«Қазақстанның ТҰРҒын үЙ ҚҰрылыс жинақ банкі» АҚ
ТҰРҒын үй жағдайларын жақсартуғА (ҚР аумағында): ҮЙ, жер телімін, ПӘтер сатып алу, ЖӨндеу, ҚҰрылыс, басқа банктегі ипотекалық кредитті...
«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен бекітілген 2009 жылғы 22 шілдедегі №79 хаттама «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» iconҚкж жабдығын мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстық ҚҰжаттама тапсырыс беруші – «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі»

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен бекітілген 2009 жылғы 22 шілдедегі №79 хаттама «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» iconТұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы шарттың жалпы шарттары Тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы шартының Жалпы шарттары (бұдан әрі – Жалпы шарттар) «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі»
Салымшы мен Банк арасында және/немесе салымшы, Банк және үшінші тұлғалар арасында, сондай-ақ Банктің агенттері арқылы жасалған, Жалпы...
«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен бекітілген 2009 жылғы 22 шілдедегі №79 хаттама «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» iconҚызметтерін сатып алу бойынша ашық тендердің
Алматы қаласы, Абылай хан даңғылы, 91 мекенжайында орналасқан «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ (бұдан әрі Банк)
«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен бекітілген 2009 жылғы 22 шілдедегі №79 хаттама «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» iconҚазақстандағы тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі: 9 жыл Қазақстанда, қорытындылары мен даму жоспары
«Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі туралы» Заңның қабылдануынан бастау алды. Аталған заңды әзірлеу негізіне...
«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен бекітілген 2009 жылғы 22 шілдедегі №79 хаттама «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» iconТұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы тұрғын үй сатып алатын салымшылардың пулына қатысу үшін балл тағайындау критерийлері
Тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы тұрғын үй сатып алатын салымшылардың пулына қатысу үшін әрбір тұрғын үй құрылыс жинақ шарты...
«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен бекітілген 2009 жылғы 22 шілдедегі №79 хаттама «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» iconЭлектронды мекенжайы
Алматы қаласы, Абылай хан даңғылы, 91 мекенжайында орналасқан «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ (бұдан әрі – Банк)...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница