Қазақстан инвестициялық қоры туралы Қазақстан Республикасы Заңының күші жойылды деп тану туралы




Скачать 67.47 Kb.
НазваниеҚазақстан инвестициялық қоры туралы Қазақстан Республикасы Заңының күші жойылды деп тану туралы
Дата конвертации08.07.2013
Размер67.47 Kb.
ТипДокументы


Жоба

«Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Ұлттық әл-ауқат қоры қызметінің мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу және «Қазақстан инвестициялық қоры туралы» Қазақстан Республикасы Заңының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасының

2009 жылғы 13 ақпандағы заңдарын iске асыру жөнiндегi шаралар туралы

1. Қоса берiлiп отырған «Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Ұлттық әл-ауқат қоры қызметінің мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу және «Қазақстан инвестициялық қоры туралы» Қазақстан Республикасы Заңының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 13 ақпандағы заңдарын iске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтiк құқықтық актілердің тiзбесi (бұдан әрi - тiзбе) бекiтiлсiн.

2. Мемлекеттік орган:

      1) тізбеге сәйкес нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін;

      2) тиісті ведомстволық нормативтік құқықтық актіні қабылдасын және қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етсін.



Премьер-Министр

К. Мәсімов







Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің 2009 жылғы

наурыздағы № өкімімен бекітілген



«Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Ұлттық әл-ауқат қоры қызметінің мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу және «Қазақстан инвестициялық қоры туралы» Қазақстан Республикасы Заңының

күші жойылды деп тану туралы» 2009 жылғы 13 ақпандағы Қазақстан Республикасының заңдарын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі



Р/с




Нормативтік құқықтық актінің атауы

Актінің нысаны

Орындалуына жауапты мемлекеттік орган

Орындалу мерзімі

1

Меншігіне жер учаскелері өтеусіз негізде берілетін отандық өнеркәсіп кәсіпорындарының тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ИСМ (жинақтау), ЖРА, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

2009 жылғы наурыз

2

Қызметінің негізі түрі қарыз операцияларын жүзеге асыру немесе талап құқықтарын сатып алу болып табылатын және Дауыс беруші акцияларының (қатысу үлестерінің) жүз пайызы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексіне (Салық кодексі) сәйкес күмәнді және үмітсіз активтерге қарсы провизиялар (резервтер) жасау жөніндегі шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар ұлттық басқарушы холдингке тиесілі заңды тұлғалардың тізбесін және осындай тізбені қалыптастыру тәртібі мен активтер мен шартты міндеттемелерді күмәнді және үмітсіз санаттағы міндеттемелерге жатқызу тәртібін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ЭБЖМ (жинақтау), Қаржымині, ҚҚА (келісім бойынша), «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

2009 жылғы наурыз

3

Дауыс беруші акцияларының (қатысу үлестерінің) жүз пайызы банктің аффилиирленген тұлғалары болып табылмайтын ұлттық басқарушы холдингке тиесілі заңды тұлғалардың тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ЭБЖМ (жинақтау), Қаржымині, ҚҚА (келісім бойынша), «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

2009 жылғы наурыз

4

Инвестициялық стратегиялық жобалардың тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ИСМ (жинақтау), ЭБЖМ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

2009 жылғы наурыз

5

Ұлттық басқарушы холдингтің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың және акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға тікелей немесе жанама тиесілі ұйымдардың тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алуының үлгі ережелерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

Қаржымині (жинақтау), ЭМРМ, ИСМ, ЭБЖМ, ТМРА (келісім бойынша), «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

2009 жылғы наурыз

6

Дауыс беруші акцияларының (қатысу үлестерінің) жүз пайызы ұлттық басқарушы холдингке тиесілі, оларға «Бағалы қағаздар нарығы туралы» Заңның пруденциалдық нормативтері, өзге де көрсеткіштері және лицензиат сақтауға міндетті қаржылық тұрақтылықтың өлшемдері (нормативтері) туралы нормалары қолданылмайтын заңды тұлғалардың тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ЭБЖМ (жинақтау), Қаржымині, ҚҚА (келісім бойынша), «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

2009 жылғы наурыз

7

Дауыс беруші акцияларының (қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы Ұлттық әл-ауқат қорына меншік немесе сенімді басқару құқығында тиесілі, оларға қатысты Қазақстан Республикасының инвестициялық қорлар туралы заңнамасы қолданылмайтын ұлттық даму институттарының, ұлттық компаниялардың және басқа да заңды тұлғалардың тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ИСМ (жинақтау), ЭБЖМ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

2009 жылғы наурыз

8

Дауыс беруші акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы меншік немесе сенімді басқару құқығында Ұлттық әл-ауқат қорына тиесілі, акциялары сенімді басқаруға Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша ғана берілетін ұлттық даму институттарының, ұлттық компаниялардың және басқа да заңды тұлғалардың тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ЭБЖМ (жинақтау), Қаржымині, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

2009 жылғы наурыз

9

Дауыс беруші акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы Ұлттық әл-ауқат қорына меншік немесе сенімді басқару құқығында тиесілі, оларды тарату, қайта ұйымдастыру туралы шешімді Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдайтын ұлттық даму институттарының, ұлттық компаниялардың және басқа да заңды тұлғалардың тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ЭБЖМ (жинақтау), Қаржымині, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

2009 жылғы наурыз

10

Банктің заңды және жеке тұлғалардың депозиттері бойынша активтері мен міндеттемелерінің бір бөлігін не оларды толық мөлшерде басқа банкке (банктерге) бір мезгілде беру жөніндегі операцияларды жүзеге асыру тәртібін және шарттарын белгілеу туралы

ҚҚА басқармасының қаулысы

ҚҚА (жинақтау),

ҚР ҰБ (келісім бойынша)

2009 жылғы наурыз


 

Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
ЭБЖМ – Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі

Қаржымині - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі

ЭМРМ – Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі

ИСМ – Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі

ҚҚА – Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігі

ТМРА – Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі

ЖРА – Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі
ҚР ҰБ – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы


Похожие:

Қазақстан инвестициялық қоры туралы Қазақстан Республикасы Заңының күші жойылды деп тану туралы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын
Қазақстан инвестициялық қоры туралы Қазақстан Республикасы Заңының күші жойылды деп тану туралы icon«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасын бекіту туралы
Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы...
Қазақстан инвестициялық қоры туралы Қазақстан Республикасы Заңының күші жойылды деп тану туралы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2011 жылғы 12 мамыр №506, Астана, Үкімет Үйі
Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы №1525 қаулысына өзгеріс енгізу туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің...
Қазақстан инвестициялық қоры туралы Қазақстан Республикасы Заңының күші жойылды деп тану туралы icon«Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілерінің күші жойылды деп тану туралы»

Қазақстан инвестициялық қоры туралы Қазақстан Республикасы Заңының күші жойылды деп тану туралы iconҚазақстан Республикасының Президенті Жарлығы
Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама және Қазақстан...
Қазақстан инвестициялық қоры туралы Қазақстан Республикасы Заңының күші жойылды деп тану туралы iconҚазақстан Республикасының Президенті Жарлығы
Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама және Қазақстан...
Қазақстан инвестициялық қоры туралы Қазақстан Республикасы Заңының күші жойылды деп тану туралы iconҚазақстан Республикасының Президенті Жарлығы
Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама және Қазақстан...
Қазақстан инвестициялық қоры туралы Қазақстан Республикасы Заңының күші жойылды деп тану туралы iconҚазақстан Республикасының Президенті Жарлығы
Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама және Қазақстан...
Қазақстан инвестициялық қоры туралы Қазақстан Республикасы Заңының күші жойылды деп тану туралы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2012 жылғы 5 шілде №910 Астана, Үкімет Үйі
Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 7 қарашадағы №1063 қаулысына өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің...
Қазақстан инвестициялық қоры туралы Қазақстан Республикасы Заңының күші жойылды деп тану туралы iconҚазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне толықтырулар енгiзу және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп тану туралы
«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк жоспарлау жүйесi туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2009 жылғы 18 маусымдағы №827...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница