Авторефераты қазақстан Республикасы Алматы, 2009




НазваниеАвторефераты қазақстан Республикасы Алматы, 2009
страница1/4
Дата конвертации08.07.2013
Размер0.49 Mb.
ТипАвтореферат
  1   2   3   4



ӘОЖ 81’1/.3:311=512.122 Қолжазба құқығында

Мамаев Қайрат Серікбайұлы


Лексикалық бірліктерді лингвостатистикалық

талдау

(бастауыш сыныптың “Ана тілі” оқулығы мен хрестоматиясы бойынша)
10.02.02 – Қазақ тілі


Филология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның

АВТОРЕФЕРАТЫ

Қазақстан Республикасы

Алматы, 2009

Жұмыс Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Шымкент институтында орындалған.



Ғылыми жетекшісі:

педагогика ғылымдарының докторы, профессор Г.Г.Еркибаева


Ресми оппоненттер:



филология ғылымдарының докторы М.Малбақов
филология ғылымдарының кандидаты,

доцент Б.Е.Қалыбеков

Жетекші ұйым:

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті



Диссертация 2009 жылы 26 ақпан күні сағат 14.00-де Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде (050010, Алматы қаласы, Достық даңғылы, 13, кіші конференцзал) филология, педагогика ғылымдарының докторы (кандидаты) ғылыми дәрежесін беру жөніндегі Д 14.09.04 диссертациялық кеңестің мәжілісінде қорғалады.

Диссертациямен Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің кітапханасында танысуға болады (050010, Алматы қаласы, Қазыбек би көшесі, 30).
Автореферат 2009 жылы 26 қаңтарда таратылды.

Диссертациялық кеңестің

ғалым хатшысы, филология

ғылымдарының докторы, профессор Қосымова Г.С.

КІРІСПЕ
Зерттеудің өзектілігі. Қазақстан Республикасының “Білім туралы” Заңы 47-бабының 3-ші тармақшасында білім алушылар мен тәрбиеленушілердің Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен білім беру ұйымдарында ақпараттық ресурстарды тегін пайдалануға, оқулықтармен, оқу-әдістемелік кешендермен және оқу-әдістемелік құралдармен қамтамасыз етілуге тиістілігі сараланып көрсетілген [1]. Әрбір азаматтың жан-жақты, терең білім алуына, еліміздің әлемдегі 50 өркениетті елдің қатарына қосылуына өз үлестерін қосуына жағдай жасалған.

Компьютерлік техниканың дүниеге келуi қазiргi кезде инженерлiк-экономикалық есептерді шешуді жеңілдетумен қатар, бiлiм саласының қарыштап дамуына да игі әсер етті. Соңғы жылдары компьютер практикалық тiл бiлiмi саласындағы, әсiресе, еңбектi көп қажет ететiн іс-әрекеттерді iшiнара автоматтандыруда, мәтін түрiндегi материалдарды әр алуан белгiлерiне қарай сұрыптауда жиi қолданыс табуда.

Қазiргi уақытта тiлтану мен әдебиеттану ғылымдарында тiл мен сөйлеу мәнерiн үйренудiң статистикасы жайлы бай тәжiрибелер жинақталған.

XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында И.А.Бодуэн де Куртенэ, А.М.Пешковский, М.Н.Петерсон, Е.Д.Поливанов және т.б. бiлiмпаздар тiлдік элементтердi сандық тұрғыдан бағалауға тырысқан.

Кеңес дәуірінде П.М.Алексеев, Г.Г.Белоногов, М.Г.Борода, А.Н.Гвоздев, Б.Н.Головин, В.М.Калинин, Ю.К.Крылов, Р.Г.Пиотровский, Р.М.Фрумкина, Я.Микк және Ю.Тулдава сынды тілтанушы ғалымдар тіл біліміне лингвистикалық статистика әдістерін қолдану мүмкіндіктерін зерттеп, құнды еңбектер жариялаған.

XX ғасырдың 60-шы жылдарынан бастап, әлемдік тіл біліміндегі жаңа бағыт қазақ ғалымдарының да еңбектерімен толықтырылды. Солардың ішінде, Қ.Б.Бектаев – бүкіл түркі тілдеріне алғаш рет лингвистикалық статистика әдісін қолданудың ғылыми негізін қалаған ғалым [2]. Қазақ тіл білімін зерттеуде статистикалық әдістерді қолдану мәселесі Ә.Ахабаев, А.Қ.Жұбанов, Д.А.Байтанаева, Қ.Молдабеков, Х.Арғынов, А.Хасенова, С.Мырзабеков, А.Б.Белботаев, А.Р.Зекенова, М.Малбақов, Б.Қалыбеков, М.Ермекбаевтардың еңбектерінде қарастырылып, қазақ тілтанушы ғалымдарының докторлық және кандидаттық диссертацияларына арқау болды.

Татарстандық Т.И.Ибрагимов, өзбекстандық С.А.Ризаев, Т.И.Курбанов және С.У.Мусаходжаев, қарақалпақстандық М.К.Айымбетов, әзірбайжандық Д.А.Рахманов, қырғызстандық Т.Садыков, С.И.Ибрагимов және С.И.Жетешиков, түрік тілі бойынша М.Хусаинов, А.Бабанаровтардың түркі тілдері бойынша жүргізілген зерттеулері ықтималдық-статистикалық әдістің қолдану аумағының өскенін көрсетеді. Бұл - әдістің әмбебаптығымен, зерттеу объектісінен тәуелсіздігімен түсіндіріледі.

Бастауыш сынып оқушылары тілдік қорларының дамуына күнделікті қолданыстағы лексикалық қоры көлемді “Ана тілі” оқулығы мен хрестоматиясы ықпал етеді. Осы кезге дейін БСО ішінде әдеби жанрды қамтитын оқулықтардың мәтіндеріне жеке дара зерттеулер жүргізіліп, жиілік сөздіктер құрастырылмаған. Сондықтан, компьютерлік техника мен бағдарламалық жабдықтардың соңғы жетістіктерін қолдана отырып, “Ана тілі” оқулығы мен хрестоматиясының мәтіндеріне лингвостатистикалық талдау жасау зерттеу жұмысының өзектілігін көрсетеді. Балалардың жас ерекшеліктеріне қарай мәтіннің лексикалық жағынан мақсатқа сай құрастырылуы мен грамматикалық жағынан толықтылығын зерттеу – бүгінгі таңдағы оқулық сипатын анықтайтын өзекті мәселелердің бірі.

1998-2004 жылдарда 1-4 сыныптарға арналып, жарық көрген “Ана тілі” оқулығы мен хрестоматиясы мәтіндерінің лексикасы мен морфологиясының квантитативтік ерекшеліктері ғылыми еңбегіміздің зерттеу нысанын құрайды.

Зерттеу пәні: 1998-2004 жылдарда жарық көрген “Ана тілі” оқулығы мен хрестоматиясының 267329 сөз қолданыстан тұратын мәтіндері.

Зерттеудің мақсаты.

Лексикалық қоры көлемді “Ана тілі” оқулығы мен хрестоматиясы негізінде бастауыш сынып оқулықтары мәтіндерінің

  • лексикалық-статистикалық моделін құру;

  • лексикалық, морфологиялық және стилистикалық ерекшеліктерін анықтау.

Осы мақсатты жүзеге асыру үшін лингвостатистика әдісі бойынша компьютер арқылы шешілетін келесі міндеттер қойылды:

  • қазақ тіліндегі мәтіндерді зерттеуде лингвистикалық статистика элементтерін қолданудың жолдарын анықтау;

  • компьютерлік бағдарламалар арқылы жиілік сөздіктер құрастырудың кезеңдерін (алгоритмін) айқындау және алфавиттік-жиілік сөздік (АЖС), жиілік сөздік (ЖС) және кері жиілік сөздік (КЖС) құру мақсатында квантитативтік тәжірибе жүргізу;

  • 1998-2004 жж. жарық көрген 1-4 сыныптарға арналған “Ана тілі” оқулығы мен хрестоматиясы лексикасының негізгі квантитативтік-құрылымдық заңдылықтарын анықтау;

  • “Ана тілі” оқулығы мен хрестоматиясы мәтіндерін Ципф тәуелділігі бойынша модельдеу және олардың морфологиялық құрылымының квантитативтік сипаттамаларын анықтау;

  • зерттелінетін мәтіндердегі жалғаулардың құрамына статистикалық талдау жасау және БСО мәтіндерінің объективтік қиындығын анықтау, алынған нәтижелерді бірқатар үнді-еуропа тілдері бойынша өлшеу нәтижелерімен салыстыру.

Зерттеу болжамы. Қойылған міндеттер жүзеге асырылған жағдайда, 1998-2004 жж. жарық көрген, лексикалық қоры бай “Ана тілі” оқулығы мен хрестоматиясы мәтіндеріне жүргізілген лингвостатистикалық талдау нәтижелері бойынша қазақ мектептері бастауыш сынып оқулықтары мәтіндерінің лексикалық, морфологиялық құрамдарын бағалауға, квантитативтік-ықтималдық моделін құруға және оларды 1970-ші, 1990-шы жылдардағы БСО мәтіндері сипаттамаларымен салыстыруға болар еді. Сол арқылы жаңа оқулықтар, балаларға арналған оқу-әдістемелік құралдарды дайындауда жиі қолданылатын сөздер тобын тірек ретінде пайдалануға мүмкіндік туады. Бұл игілікті істің өз кезегінде оқушылардың шешендік қабілетін, тіл мәдениетін және шығармашылық әлеуетін дамытуға игі ықпал етері анық.

Зерттеу әдіснамасы. Ғылыми еңбекте негізгі мәселені зерттеуде жиілік сөздіктер құруға және мәтіннің ақпараттық, статистикалық сипаттамаларын есептеуге қатысты ережелер, тіл білімінің теориялық заңдылықтары басшылыққа алынды.

Зерттеу әдістері. Зерттеу жұмысында мәтінді квантитативтік-лингвистикалық модельдеу, лексикалық-грамматикалық талдау, салыстыру, сипаттау, жүйелеу, бақылау әдістері қолданылды.

Зерттеу жұмыстары үш кезеңде жүргізілді.

Бірінші кезеңде (1994-2000 жж.) зерттеу тақырыбына байланысты лингвостатистикалық, психологиялық, педагогикалық, әдістемелік ғылыми еңбектерге шолу жасалынып, 1990-шы жылдардағы бастауыш сынып оқулықтарының мәтіндері компьютерге енгізілді. Жинақталған ақпараттар арнайы компьютерлік бағдарламалар арқылы өңдеуден өткізілді.

Екінші кезеңде (2000-2005 жж.) компьютер арқылы алфавиттік-жиілік, кері-жиілік және жиілік сөздіктерді құрастырудың кезеңдері (алгоритмі) айқындалды. Соның негізінде 1998-2004 жылдары жарық көрген 1-4 сыныптарға арналған “Ана тілі” оқулығы мен хрестоматиясы мәтіндері компьютерге енгізіліп, жиілік сөздіктер құрастырылды. Зерттелінетін мәтіндердің жиілік сөздіктері бойынша статистикалық және ақпараттық сипаттамалары есептеліп, Ципф тәуелділігі бойынша модельдеу үрдісі жүзеге асырылды.

Үшінші кезеңде (2005-2008 жж.) “Ана тілі” оқулығы мен хрестоматиясы мәтіндерінің сөз таптары, жалғаулар құрамына статистикалық талдаулар жасалынып, қазақ тіліндегі мәтіндердің объективтік қиындығын анықтау жолдары қарастырылды. Зерттелінетін мәтіндердің жиілік сөздіктері негізінде ортақ сөздіктер құрастырылып, олардың корреляциялық байланыс дәрежесі анықталды. Жиі қолданылатын сөздер мен кірме сөздердің құрамдарына лингвистикалық тұрғыдан талдаулар жасалынды.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы.

- 1998-2004 жж. жарық көрген 1-4 сыныптарға арналған “Ана тілі” оқулығы мен хрестоматиясы мәтіндеріне тұңғыш рет лингвостатистикалық талдау жасалынып, олардың лексикалық қоры анықталды;

- компьютер арқылы жиілік сөздіктер құрастырудың жолы (алгоритмі) кезең-кезеңімен айқындалып, оқулықтар мәтіндерінің жиілік сөздіктерін құрау нәтижесінде анықталған жиі және сирек қолданылатын сөздердің сипатына лингвостатистикалық талдау жасалынды;

- ықтимал сөздікке арналған Ципф-Мандельброт заңының формуласын “Ана тілі” оқулығы мен хрестоматиясы жиілік сөздігіне қолдануға болатындығы тәжірибе жүзінде анықталды. Зерттелінетін мәтіннің ЖС-терінің түрлі телімдерінде Ципф заңының параметрі түрліше мән қабылдайтындығы, В параметрі мәнінің 2,63-9,65 аралығында жататындығы дәлелденді;

- жекелеген сөздердің ЖС үшін есептелген корреляциялық коэффициенттің (r) арифметикалық орта мәні бойынша сөздердің жиіліктері мен реттік нөмірлері арасында күшті кері тәуелділіктің бар екендігі анықталып, таңдама көлемінің өсуіне қарай рангілік үлестірудің бастапқы және соңғы бөліктерінде сызықтық тәуелділіктен ауытқушылық байқалатындығына (билогарифмдік координатта) көз жеткізілді;

- мәтіннің объективтік қиындығын анықтау жолдары қарастырылып, 1998-2004 жылдардағы 1-4 сынып “Ана тілі” оқулығы мен хрестоматиясы, 1970-ші, 1990-шы жылдардағы БСО, БӘ мәтіндері жалғауларының құрамына тұңғыш рет статистикалық талдау жасалынды.

Зерттеудің теориялық маңызы.

- 1998-2004 жж. жарық көрген 1-4 сыныптарға арналған “Ана тілі” оқулығы мен хрестоматиясы мәтіндері бойынша құрылған сөздіктер арқылы оқулық мазмұндарының өзгеру динамикасына талдау жасалынды;

- 1998-2004 жж. жарық көрген 1-4 сыныптарға арналған “Ана тілі” оқулығы мен хрестоматиясы мәтіндерінің статистикалық және ақпараттық сипаттамалары анықталып, 1970-ші, 1990-шы жылдардағы БСО сандық сипаттамаларымен салыстырылды;

- оқулықтардағы сөз таптарының, кірме сөздердің және жалғаулардың құрамдарына статистикалық талдау жасалынды.

Зерттеудің тәжірибедегі маңыздылығы. Зерттеу нәтижелері тіл білімін зерттеушілер, лексикографтар, оқулық дайындаушы мамандар, бастауыш сынып мұғалімдері үшін құнды материал болып табылады. Сондай-ақ:

- бастауыш сынып оқулықтары лексикографиясын және морфологиясын теориялық тұрғыдан зерттеуде;

- қазақ мектептері үшін бастауыш сынып оқулықтарын, оқу лексикографиясын дайындаудың теориялық-әдіснамалық негіздерін анықтауда;

- оқу сөздіктерін құруда пайдалануға болады.

Қорғауға ұсынылған тұжырымдар:

- типологиялық, стилистикалық және ақпараттық-статистикалық зерттеулер үшін 1-4 сыныптарға арналған “Ана тілі” оқулығы мен хрестоматиясы бойынша кең көлемді лингвостатистикалық материалдың жинақталып, талданылуы;

- зерттелінетін мәтін бойынша құрастырылған жиілік сөздіктің Ципф тәуелділігі бойынша модельденуі;

- мәтіннің объективті қиындығын анықтау жолдарының айқындалуы;

- “Ана тілі” оқулығы мен хрестоматиясы мәтіндерін зерттеу барысында алфавиттік-жиілік, кері-жиілік және жиілік сөздіктердің дайындалуы, солардың негізінде жиі қолданылатын сөздер тобының анықталуы, сөз таптарының, жалғаулардың және кірме сөздердің құрамдарына лингвостатистикалық талдаулардың жасалынуы.

Зерттеу жұмысының жариялануы. Диссертацияның негізгі тұжырымдары мен нәтижелері “Түркі тілдерінің компьютерлік қоры” атты Халықаралық конференцияда (1995), “Центральная Азия – без границ для языков и культур” атты Халықаралық конференцияда (1995), Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Шымкент бөлімшесі профессор-оқытушылар құрамының ғылыми-теориялық және әдістемелік XXV конференциясында (1999), “Жоғары кәсiби дайындық жүйесiнде бiлiм беру сапасын арттырудың қазiргi кезеңдегi мәселелерi” атты Халықаралық ғылыми-әдістемелік конференцияда (2003), С.Аманжолов атындағы ШҚМУ 55-жылдығына арналған “Аманжолов оқулары-2007” атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда (2007) баяндалып, талқыланды. республикалық ғылыми-әдістемелік журналдар мен жинақтарда - 7, Ж.Баласағұн атындағы Қырғыз ұлттық университетінің жаршысында 1 мақала жарияланды.1992-1995 ж. бастауыш класс оқулықтары тексiнiң алфавиттi-жиiлiк сөздiгi” құрастырылып, жарық көрді.

Диссертация құрылымы: Диссертация кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.
Негізгі бөлім
1-4 сыныптарға арналған “Ана тілі” оқулығы мен хрестоматиясы мәтіндерінің лексикалық, статистикалық моделі” атты бірінші тараудың “Қазақ тіліндегі мәтіндерді зерттеуде лингвистикалық статистика элементтерін қолдану” атты бірінші бөлімінде 1998-2004 жылдары жарық көрген “Ана тілі” оқулығы мен хрестоматиясы бойынша қазақ бастауыш сынып оқулықтары мәтіндерінің сөздік қорын зерттеуде статистикалық әдістерді қолдану жолдары баяндалған.

Мәтінді лингвостатистикалық әдістермен зерттеуде математика ғылымының “Ықтималдықтар теориясы”, “Математикалық статистика” сияқты құрамдас бөлімдерінде қолданылатын жиынтық, статистикалық жиынтық, таңдама, жиынтықтың біртектілігі, үлестіру заңы сияқты ұғымдарына анықтамалар мен түсініктер берілді.

Тiлдiк құбылыстың жилiгiне таңдама көлемi ғана емес, тiл стилiнiң әртүрлiлігi, шығарма жанры, сондай-ақ, автордың стилi де ықпал ететіндіктен, статистикалық бақылаулар үшiн мәтiндi таңдау және даярлау маңызды iс болып табылады.

Бір немесе бірнеше авторларға тиiстi көлемдерi бiрдей, не әртүрлi мәтiндердiң тiлдiк құбылыстарын статистикалық бақылауда олардың кездесу жиiлiктерi бiр-бiрiнен ерекшеленедi. Сондықтан, тәжiрибе барысында алынған, салыстырылатын жиiлiктер немесе үлестердiң ауытқуларының маңыздылығын анықтау қажеттiгi туындайды. Статистикалық жолмен алынған сандар белгiлi бiр шекаралықта жататындықтан, сандардың арифметикалық теңсiздiктерiне сүйене отырып, тiлдік құбылыстар жайында жасалынған тұжырымдар үнемі дұрыс бола бермейдi: екi не одан көп өзара тең емес сандар бiр бас жиынтық құрамындағы таңдаманы сипаттауы мүмкiн. Жұмыста математикада кеңінен қолданылатын “Хи-квадрат” критериiнің көлемдері бірдей және әртүрлі таңдамаларға қолданылатын үлгілері қарастырылды.

Статистикалық бақылаулар жүргiзу барысында тiлдiк құбылыстың төмендегіше статистикалық сипаттамаларын анықтау қажеттігі тұжырымдалды:

1. Тiлдiк құбылысты сапалық тұрғыдан талдау барысында зерттеу барысында өзгермейтiндей есептеу бiрлiгi анықталып, алынған статистикалық мәлiметтер бойынша вариациялық қатарлар және оларға сәйкес кестелер құрылуы керек.

2. Зерттелiнетiн бас жиынтықтың статистикалық формулалармен сипатталу дәлдiгiн анықтау мақсатында эмпирикалық үлестiрудiң нормаль үлестiруге жақындығы тексерілуі керек.

3. Қандай да бiр тiлдiк құбылыстың вариациялық қатарын талдау барысында осы қатардың орташа арифметикалық шамасы (), орташа квадраттық ауытқуы (), таңдаманың орташа мәні(), шекті қателiктерi () сияқты негiзгi сипаттамалары анықталуы керек.

4. Тiлдік жүйенiң өзгерiсiн зерттеуде өсудiң (кемудiң) орташа коэффи-циентiн қолдану керек және таңдамаларды зерттеу барысында алынған нәтижелердi бас жиынтыққа жалпылау үшiн мәтіндер тiлдiк құбылыстың үлестiрiлуiне қатысты бiртектi болуы шарт.

5. Статистикалық зерттеу барысында алынған шамаларды салыстыруда арифметикалық теңсiздiктер нақты тұжырымдар жасау үшiн жеткiлiксiз болатындықтан, “Xи-квадрат” критерийiн қолданып, зерттелетін тiлдiк құбылыстар арасындағы тәуелдiлiктi анықтауда, алдымен, байланыс түрiне, соңынан корреляция коэффициентiне сай формуланы таңдау қажет.

Бірінші тараудың
  1   2   3   4

Похожие:

Авторефераты қазақстан Республикасы Алматы, 2009 iconАвторефераты Қазақстан Республикасы Алматы, 2009

Авторефераты қазақстан Республикасы Алматы, 2009 iconАвторефераты қазақстан Республикасы Алматы, 2009

Авторефераты қазақстан Республикасы Алматы, 2009 iconАвторефераты қазақстан Республикасы Алматы, 2009

Авторефераты қазақстан Республикасы Алматы, 2009 iconАвторефераты қазақстан Республикасы Алматы, 2009

Авторефераты қазақстан Республикасы Алматы, 2009 iconДиссертация авторефераты Қазақстан Республикасы Алматы, 2009
...
Авторефераты қазақстан Республикасы Алматы, 2009 iconАвторефераты қазақстан Республикасы Алматы, 2009 Жұмыс М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік

Авторефераты қазақстан Республикасы Алматы, 2009 iconАвторефераты қазақстан Республикасы Алматы, 2009 Жұмыс Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық Білім Академиясында орындалды

Авторефераты қазақстан Республикасы Алматы, 2009 iconАвторефераты қазақстан Республикасы Алматы, 2010
Түркістан қаласы мен агломерациясының әлеуметтік-демографиялық жағдайы (1867-2009 жж.)
Авторефераты қазақстан Республикасы Алматы, 2009 iconАвторефераты қазақстан Республикасы Алматы, 2009
Педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның
Авторефераты қазақстан Республикасы Алматы, 2009 iconАвторефераты Қазақтан Республикасы Алматы, 2009
Жұмыс Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Ш. Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница