«Инновациялық форсаж» – сізге берілген мүмкіндік




Название«Инновациялық форсаж» – сізге берілген мүмкіндік
Дата конвертации12.07.2014
Размер56.8 Kb.
ТипДокументы
«Инновациялық форсаж» – сізге берілген мүмкіндік
Қазақстанда жыл сайынғы NIF$50K республикалық инновациялық бизнес-жоспарлар байқауы басталды.

Байқауды ұйымдастырушы − Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің қолдауымен «Технологиялық даму бойынша Ұлттық агенттік» АҚ. Байқауға инновациялық жобасы бар кез келген қазақстандық қатыса алады. 1 қыркүйекке дейін тіркеліп, жобасын ұсынған өнертапқыштарды бәсеке-байқау ғана емес, қызықты сын-сапар күтіп тұр.

Біріншіден, жоба аясында «Инновациялық форсаж» атты реалити-шоу түсіріледі. Еліміздегі ең танымал арналардың бірінен берілетін бұл бағдарламада өнертапқыштар өз жобаларын қорғап қана қоймай, біраз тәжірибе жинамақ. Өнертапқыштар идеясын жүзеге асыруға кәсіби мамандар тобы көмектесіп, жағдай жасайтын болады. Кеңесшілер мен бизнес-жаттықтырушылар инновациялық кәсіпкерліктің қыр-сырын әңгімелеп, қызғылықты тренингтер өткізіп, тәжірибесімен бөлісуге барын салмақ. Реалити-шоу барысында қара үзіп шығып, бас бәйгені еншілеген өнертапқыш 7,5 млн. теңгені еншілейді. Ал сайысқа түсіп, өз жаңалығының қоғамға қажеттілігіне, өзектілігіне сендіре алған, көрермен қызығушылығын тудырғандар потенциалды инвесторлардың назардан тыс қалмайды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, жоба ең алдымен жас ғалымдар, талантты өнертапқыштар мен келешек кәсіпкерлерге үлкен сынақ алаңының рөлін атқармақ. Ал оның телевизиялық нұсқасы бүкіл республикаға инновациялар саласындағы бірегей бизнес-жобаларды насихаттайды. Әрине, «Инновациялық форсажды» көрген әр кәсіпкер өміршең идеялардың демеушісі болуға ниет білдіруі әбден мүмкін. Ең бастысы, байқау өнертапқыштың өзін замануи нарық заңдылықтарына сай әбжіл кәсіпкер болуға, бизнес-жоспарын дәлелдей білуге тәрбиелейді. Алтын кездік қап түбінде жатпайтыны сияқты, байқауға қатысқан әр лайықты жоба қаржылық қолдауға ие болатыны кәдік. Сондай-ақ, бұл жобаны қазір аса өтімді реалити-шоу форматында ұсыну өнертапқыштар мен инновацияларға қоғам қызығушылығын оятады деп күтілуде.

Жоба жекелеген өнертапқыштарға ғана емес, қоғамның жалпы инновацияларға деген қызығушылығын, ал халықтың инновациялық белсенділігін арттыру үшін қажет. Неге десеңіз, дамыған мемлекеттерде халықтың инновациялық белсенділігі 70-80 пайызды құрайды. Қазақстанда бұл көрсеткіш 4 пайыздан әзер асып тұр. Әзірше Қазақстан халқы «инновациялық ойлауға» дағдыланбаған. Отандық оқу орындарында да мұндай дағды санаға сіңірілмейді. «Инновациялық форсаж» осы олқылықтың орнын толтырып, «ұйықтап жатқан жүректерді ояту» үшін қызмет етпек.

Айта кету керек, NIF$50K сипатындағы алғашқы байқау 1990 жылы АҚШ-та ұйымдастырылған. Оған мұрындық болған − Массачусетс технологиялық институты. «MIT$50k BUZINESS PLAN COMPETITION» деп аталған сол байқаудан кейін, көптеген елдер бұл идеяны іліп әкетіп, өз қажетіне жаратқан. Бүгінде бұл байқау әлемнің 49 елінде өтіп, кәсіпкерлік және инновациялық қызметті насихаттап келеді.

Қазақстан үшін де бұл жобаның өзектілігі күмән тудырмайды. Елімізде осы бағытта бірнеше мемлекеттік бағдарлама қабылданып, оларды іске асыру жұмыстары басталып та кетті. Дегенмен бұл салаға мемлекетің ықыласы мен назары әлі де арта түсетін сыңайлы. Салыстырмалы түрде алсақ, соңғы жылдары Қазақстанда инновациялық жобаларға бөлінген қаражат Жалпы ішкі өнімнің 0,25 пайызын құрапты. Бұл көрсеткіш Финляндияда ЖІӨ-нің 3,49 пайызы, Кореяда – 3,64 пайыз, АҚШ-та – 2,6 пайыз, ал Қытайда – 1,44 пайыз. Яғни, инновацияларға жекеменшік сектор орасан қолдау көрсететін аталған мемлекеттер бұл салаға қаражат аямаса, Қазақстан үкіметі жеке кәсіпкерлікке дендей қоймаған өнертапқыштық қолдауға зәру екендігін түсініп отыр. Әрі Елбасы Н.Назарбаевтың бұл саланы ерекше назарда ұстап отырғаны да баршаға мәлім.

Қош, сонымен, бір кездері трактористер мен сауыншылар, қойшылар мен шахтерлер өз заманының «жұлдыздары» болды. Қазір уақыт өзгерді. Шындап келгенде, бүгінгі күннің кейіпкерлері – өнертапқыш инноваторлар болуға керек. Қазақстандықтар жаңалық жасауға ұмтылу қажет. Ол үшін мемлекет NIF$50K сияқты жобалармен жаңаша ойлауға, ізденуге ынталандырып тұрса құба-құп. Өйткені түптің түбінде бұл байқау қоғам санасына қозғау салуды көздесе керек.

NIF$50K республикалық инновациялық бизнес-жоспарлар байқауы туралы толық ақпаратты http://nif50k.innovus.kz және www.nif.kz мекен-жайларынан біле аласыздар.

Д.Мәкежан

Сізден – инновация, бізден – қолдау

Соңғы кезде елімізде инновациялық жобаларға деген қызығушылық артты. Бір кезде өнертапқыштар қолдау іздеп, шенеуніктердің есігін қағып, табан тоздыратын. Қазір мемлекет инноваторларды өзі іздеп, қаржылық қолдау ұсына бастады.

Жақында Қазақстанда жыл сайын дәстүрге айналған инновациялық жобалар байқауы тағы басталады. Еске сала кетсек, NIF$50K республикалық инновациялық бизнес-жоспарлар бәйгесін ұйымдастырушы − «Технологиялық даму бойынша Ұлттық агенттік» АҚ. Қолдау көрсетіп отырған – Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі.

Байқауға инновациялық жобасы бар кез келген қазақстандық қатыса алады. Өз жобасын ұсынған өнертапқышқа ұйымдастырушылар кәсіби мамандар – кеңесшілер мен бизнес-тренелерлер көмегін ұсынады. Нәтижесінде өнертапқыштың қолында дайын бизнес-жоспар болады. Ал жеңіске жеткен инноватор 7,5 млн. теңге көлеміндегі грантты жеңіп алмақ.

Одан бөлек, қатысушылар үшін бизнес-жоспардан бөлек демеуші табуына үлкен мүмкіндік бар. Себебі байқау аясында «Инновациялық форсаж» атты зияткерлік реалити-шоу ұйымдастырылмақ. Еліміздегі ең танымал арналардың бірінен көрсетілетін телешоудың арқасында өнертапқыштардың жаңалығы жайлы барлық қазақстандықтар біліп отырады. «Инновациялық форсаждың» барысында өнертапқыштар үшін бизнес-тренингтер, басқа да қызықты да пайдалы шаралар өткізілмек. Бұл, әрине, тың идеялары бар кез келген өнертапқыш үшін таптырмас олжа.

2020 жылға дейінгі индустриялық даму бағдарламасының аясында 75 жоба мақұлданды. Олардың қатарында жаңа жанармай жасап шығару технологиясы, жарық диодты шамдар жасау, көмірден химиялық өнімдер алу, күн сәулесі концентраттарын шығару технологиясы сияқты күрделі жобалармен бірге ұлттық дәстүрлерге негізделген компьютерлік ойын, көңіл-күй картасы, қой жүнінен жамылғы өндіру сияқты көптеген ұсыныстар да бар.

Дегенмен, мұның өзі аздық етеді. Ресми статистикаға сүйенсек, қазіргі таңда Қазақстандағы инновациялық белсенділік 4,3 пайызды құрайды. Салыстырмалы түрде қарайтын болсақ, Германияда бұл көрсеткіш 80 пайыз, АҚШ, Швеция, Франция сияқты елдерде 50 пайызға тең. Яғни, біздегі әлеуметтік ой-сананың өзі инновацияларға әуес емес. Біз бәріміз компьютер пернетақтасын тазалаймыз, «осының шаңын соратын құрылғы неге таппайды екен» деп ойлауымыз да мүмкін. Бірақ «сол құрылғыны мен жасап шығарайын» деген ой үш ұйықтасақ та түсімізге кірмейді. Немесе жұмыс орнында табаны тоңатын кісі «тоқпен жылытылатын төсемше болса» деп ойлауы мүмкін. Алайда соны жасап шығаруға талпынбайды ғой. Шындап келгенде, кез келген адам өнертапқыш болуы мүмкін. Ара-тұра біздің бәрімізге де тамаша идеялар келеді. Егер ойыңызды жүзеге асыру технологиясын жасайтын болсаңыз, кім біледі, бұған дейін ешкім ойлап таппаған жаңалықты сіз жасауыңыз мүмкін.

Айтпағымыз, халықты инновациялық ойлауға, «жоқтан бар жасауға» дағдыландыру керек. Алдыңғы қатарлы елдерде адамдар идеяларын сатып күн көреді. Бізде идеясын пайдаға айналдырып, оны өндіріске жіберіп, қызығын көріп отырған жанды кездестірмейсіз. Ел іші – өнер кеніші, бәлкім жаңа заманның Нобельдері мен Гейтстері өз арамыздан да өсіп шығар?..

Бұл бір күнде бола қоятын іс емес, бірақ қоғам санасына қозғау салу үшін әйтеуір бір күні алғашқы кірпішті қалауға тура келеді. Біздің жағдайымызда осындай байқаудан да бастауға болады.

NIF$50K сипатты алғашқы байқау 1990 жылы Масачусетс университетінде бастау алған. Бастаманың табысты болғаны сондай, байқау бүкіл Американы және дүние жүзінің 49 мемлекетін аралап кетті. Қазір қай мемлекетті алсаңыз да, жер-жерден талантты өнертапқыштар іздеп жатқаны. Инновациялардың табысты болғаны сондай, оларды қаржыландыру үшін мемлекетті былай қойып, жеке кәсіпкерлер «жаға жыртысатын» болып жүр.

Себебі түптің түбінде инновацияларды дамыту – күллі экономикаға қуат қосатын генератор. Расында да, Қазақстан қашанғы тек шикізат шығарып, бөтен жұрттың ақыл-ойының жемісін жейді? Қазаққа өз ақылын азық қылар күн жетті. Осы тұрғыдан алғанда «ниф» (байқау) «жанамын деген жүрекке от бергелі» отыр. Ұйымдастырушылар «Сізден – инновация, бізден – қолдау» деп отыр. Қапы қалмаңыздар, байқауға 1 қыркүйекке дейін тіркелуге болады. Ал толығырақ мәліметті http://nif50k.innovus.kz және www.nif.kz мекен-жайларынан біле аласыздар.
Д.Мәкежан

Похожие:

«Инновациялық форсаж» – сізге берілген мүмкіндік icon7 Қазақстандағы инновациялық белсенділікті арттыру жолдары 1 Қазақстанда ұлттық инновациялық инфрақұрылымды дамытудың негізгі бағыттары
«Ұлттық инновациялық қор» АҚ қызметінің басты мақсаты елдегі жалпы инновациялық белсенділікті арттыруға, соның ішінде жоғары технологиялық...
«Инновациялық форсаж» – сізге берілген мүмкіндік iconАлматыда бірінші Халықаралық Инновациялық Форум өтеді 1 қазан (дүйсенбі) күні сағат 13: 00-де «Жанар Қазақстандық Инновациялық Қоры»
«Жанар Қазақстандық Инновациялық Қоры» АҚ Алматы Бірінші Халықаралық Инновациялық Форумына арналған пресс-ланч ұйымдастырады
«Инновациялық форсаж» – сізге берілген мүмкіндік iconПредседатель Совета Общества /Бунин К. Г./ 2012года Описание целевой накопительной программы «Форсаж». Главная задача
Главная задача целевой накопительной программы автомобиль в рассрочку «Форсаж» в осуществлении мпо «Камена» основной уставной деятельности...
«Инновациялық форсаж» – сізге берілген мүмкіндік iconАуыл шаруашылығындағы инновациялық процестерді басқару в статье рассматриваются некоторые проблемы управления инновациями в сельском хозяйстве
Лық процесс ғылыми жаңалық пен идеяны әлеуметтік, оның ішінде жаңалыққа айналдыруға мүмкіндік беретін процедуралар мен құралдардың...
«Инновациялық форсаж» – сізге берілген мүмкіндік iconТехнологияларды коммерцияландыруға арналған инновациялық гранттар
Инновациялық гранттың мәлімделген сомасы, теңгемен (санмен және жазбаша)
«Инновациялық форсаж» – сізге берілген мүмкіндік iconЕ. Жұматаева жоғары мектепте әдебиетті білімденудің инновациялық технологияларымен оқыту
Ж. Аймауытов атындағы этнопедагогика және білім берудің инновациялық технологиялары ғылыми-практикалық орталығы
«Инновациялық форсаж» – сізге берілген мүмкіндік icon3. ҚАзақстан республикасындағы инновациялық Үрдістерді экономикалық талдау
Мұндай жағдайдан шығудың бірден бір жолы кәсіпкерліктің түрлі инновациялық нарықтық құралдарын одан ары дамыту болып табылады
«Инновациялық форсаж» – сізге берілген мүмкіндік iconИнновациялық- педагогикалық идеялар қалалық фестивалінің қорытындысы Астана қаласы Білім басқармасының 2012 жылғы 4 ақпандағы «Инновациялық-педагогикалық идеялар қалалық фестивалін өткізу туралы»
Инновациялық-педагогикалық идеялар қалалық фестиваліне Астана қаласының білім беру мекемелері бойынша 13 мектептен 36 мұғалім сұранысты...
«Инновациялық форсаж» – сізге берілген мүмкіндік iconИнновациялық комитеті туралы ереже жалпы ережелер
Инновациялық комитеті (бұдан әрі Комитет) «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясы Орталық аппаратының құрылымдық бөлімшесі болып...
«Инновациялық форсаж» – сізге берілген мүмкіндік icon5 Инновациялық қызметті қаржыландыруды қамтамасыз етудің әдістемелік негізі
Инновациялық қызметті қаржыландыру жүйесі бір бірімен тығыз байланысты, бағынышты элементтер жиынтығынан тұрады және оған келесілер...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница