Жолдарды жобалаудың, салудың, жөндеудің, күту мен басқарудың нормативтік, жобалық және техникалық құжаттамасын жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлігінде келісу және бекіту ережесін бекіту туралы




Скачать 41.83 Kb.
НазваниеЖолдарды жобалаудың, салудың, жөндеудің, күту мен басқарудың нормативтік, жобалық және техникалық құжаттамасын жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлігінде келісу және бекіту ережесін бекіту туралы
Дата конвертации15.07.2013
Размер41.83 Kb.
ТипДокументы
Источник: ИС ПАРАГРАФ, 22.05.2012 11:12:06
Жолдарды жобалаудың, салудың, жөндеудің, күту мен басқарудың нормативтік, жобалық және техникалық құжаттамасын жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлігінде келісу және бекіту ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 4 сәуірдегі № 267 Қаулысы

 

«Жол жүрісі қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасы 1996 жылғы 15 шілдедегі Заңының 24-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Жолдарды жобалаудың, салудың, жөндеудің, күту мен басқарудың нормативтік, жобалық және техникалық құжаттамасын жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлігінде келісу және бекіту ережесі бекітілсін.

2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он қүнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2007 жылғы 4 сәуірдегі

267 қаулысымен

Бекітілген

 

Жолдарды жобалаудың, салудың, жөндеудің, күту мен басқарудың нормативтік, жобалық және техникалық құжаттамасын жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлігінде келісу және бекіту ережесі

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Жолдарды жобалаудың, салудың, жөндеудің, күту мен басқарудың нормативтік, жобалық және техникалық құжаттамасын жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлігінде келісу және бекіту ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының «Жол жүрісі қауіпсіздігі туралы» 1996 жылғы 15 шілдедегі және «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі заңдарына сәйкес әзірленді.

Ереже жолдарды жобалау, салу, жөндеу, күту мен басқарудың нормативтік, жобалық және техникалық құжаттамасын (бұдан әрі - құжаттама) жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлігінде келісу және бекіту тәртібін белгілейді және автомобиль жолдары, сондай-ақ Қазақстан Республикасында сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында бекітілген мемлекеттік нормативтердің (бұдан әрі - мемлекеттік нормативтер) талаптары ескеріле отырып әзірленді.

2. Ережені жолдарды жобалаудың, салудың, жөндеудің, күту мен басқарудың нормативтік, жобалық және техникалық құжаттамаларын әзірлейтін жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - әзірлеуші) қолданылады.

3. Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлігінде келісуге және бекітуге жататын құжаттама адамдардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз ететін талаптарды қамтиды.

 

2. Құжаттаманы келісу және бекіту тәртібі

 

4. Әзірлеуші жол қозғалысы қауіпсіздігі жөніндегі уәкілетті органға (бұдан әрі - уәкілетті орган) құжаттаманы келісуге ұсынады.

5. Уәкілетті орган құжаттаманы қарау мен келісуді 20 (жиырма) күнтізбелік күн ішінде жүргізеді.

6. Жобалық құжаттаманы келісу «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен осы құжаттама мемлекеттік сараптамадан өткенге дейін жүзеге асырылады.

7. Жобалық құжаттама мемлекеттік нормативтердің талаптары ескеріле отырып келісуге ұсынылады.

8. Қарау қорытындылары бойынша уәкілетті орган ұсынылған құжаттаманы келіседі не оны келісуден бас тартады.

Құжаттаманы келісуден бас тартылған жағдайда уәкілетті орган бас тарту себептерін көрсете отырып, бұл туралы әзірлеушіні жазбаша хабардар етеді.

Құжаттаманың мемлекеттік нормативтердің талаптарына сәйкессіздігі бас тарту негіздемесі болып табылады.

Әзірлеуші бас тартумен келіспеген жағдайда ол заңнамада белгіленген тәртіппен уәкілетті органның әрекетіне шағымдануға құқылы.

9. Әзірлеуші келісуден бас тарту себептерін жойғаннан кейін материалдар қайта келісуге жіберіледі. Қайта келісу 10 (он) күнтізбелік күннен аспайтын мерзімде жүргізіледі.

10. Бекітілген негізгі техникалық-экономикалық көрсеткіштерге өзгерістер (толықтырулар) енгізілетін құжаттама осы Ереженің 5-тармағында көрсетілген мерзімде келісуге жатады.

11. Құжаттаманы құзыретіне осындай құжаттаманы бекіту кіретін тиісті мемлекеттік органдар ол ұсынылған күнінен бастап 10 (он) күнтізбелік күнге дейінгі мерзімде мемлекеттік нормативтерде белгіленген тәртіппен бекітеді.

12. Жобалық құжаттаманы бекіту жобаларға мемлекеттік сараптама жүргізілгеннен кейін жүзеге асырылады.

13. Нормативтік және техникалық құжаттаманы бекіту оны келіскеннен кейін жүзеге асырылады.

 

 

 

 

 

 

Похожие:

Жолдарды жобалаудың, салудың, жөндеудің, күту мен басқарудың нормативтік, жобалық және техникалық құжаттамасын жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлігінде келісу және бекіту ережесін бекіту туралы iconБанктік заем шартының міндетті талаптарының тізбесін бекіту және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Кредиттеу жөніндегі құжаттамасын жүргізу ережесін бекіту туралы»
Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Кредиттеу жөніндегі құжаттамасын жүргізу...
Жолдарды жобалаудың, салудың, жөндеудің, күту мен басқарудың нормативтік, жобалық және техникалық құжаттамасын жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлігінде келісу және бекіту ережесін бекіту туралы iconҚұрылыстың жобалық құжаттамасын әзірлеу, келісу, бекіту
А қосымшасы (міндетті) Осы Нұсқауда* пайдаланылған негізгі ұғымдар (терминдер және анықтамалар)
Жолдарды жобалаудың, салудың, жөндеудің, күту мен басқарудың нормативтік, жобалық және техникалық құжаттамасын жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлігінде келісу және бекіту ережесін бекіту туралы iconТақырып Кіріспе Жол қатынасы қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы негізгімәселелер және оларды шешу жолдары. Жол қатынасы және «жүргізуші-автомобиль-жол-орта»
Жол қатынасы қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы негізгімәселелер және оларды шешу жолдары. Жол қатынасы және «жүргізуші-автомобиль-жол-орта»...
Жолдарды жобалаудың, салудың, жөндеудің, күту мен басқарудың нормативтік, жобалық және техникалық құжаттамасын жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлігінде келісу және бекіту ережесін бекіту туралы iconСу шаруашылығы жүйелері мен құрылыстарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету ережесін бекіту туралы
Азақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 36-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі Қаулы етеді
Жолдарды жобалаудың, салудың, жөндеудің, күту мен басқарудың нормативтік, жобалық және техникалық құжаттамасын жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлігінде келісу және бекіту ережесін бекіту туралы icon«Сырттай байқау әкімшісін, оңалтушы басқарушыны тағайындау және шеттету, сондай-ақ конкурстық басқарушыны тағайындау және шеттету, есепке алу және тіркеу ережесін бекіту туралы»
Есепке алу және тіркеу ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 12 тамыздағы №396 бұйрығына өзгертулер...
Жолдарды жобалаудың, салудың, жөндеудің, күту мен басқарудың нормативтік, жобалық және техникалық құжаттамасын жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлігінде келісу және бекіту ережесін бекіту туралы iconЖоба республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылу ережесін бекіту туралы
Ереже) мемлекеттік мекемелердің және уәкілетті мемлекеттік органдардың бюджетке түсімдердің түсуін қамтамасыз ету, бюджеттік бағдарламаларды...
Жолдарды жобалаудың, салудың, жөндеудің, күту мен басқарудың нормативтік, жобалық және техникалық құжаттамасын жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлігінде келісу және бекіту ережесін бекіту туралы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 19 тамыздағы №931 Қаулысы «Темір жол көлігі туралы»
Жол жүру құжаттарын (билеттерін) сатуды ұйымдастыру кезінде жолаушы тасымалдауларын басқарудың автоматтандырылған жүйесіне қол жеткізу...
Жолдарды жобалаудың, салудың, жөндеудің, күту мен басқарудың нормативтік, жобалық және техникалық құжаттамасын жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлігінде келісу және бекіту ережесін бекіту туралы iconТракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылысы машиналары мен
Ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерiн, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жыл...
Жолдарды жобалаудың, салудың, жөндеудің, күту мен басқарудың нормативтік, жобалық және техникалық құжаттамасын жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлігінде келісу және бекіту ережесін бекіту туралы iconОблыстық бюджеттердің 2007 жылдың республикалық бюджетінен жеміс дақылдары мен жүзімнің көпжылдық екпелерін отырғызуды және өсіруді қамтамасыз етуге арналған ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану ережесін бекіту туралы
Азақстан Республикасының «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі...
Жолдарды жобалаудың, салудың, жөндеудің, күту мен басқарудың нормативтік, жобалық және техникалық құжаттамасын жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлігінде келісу және бекіту ережесін бекіту туралы iconӘдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулардың; әдістемелік ұсыныстардың; әдістемелік нұсқаулардың титул парағы
Жол қозғалысы туралы жүйелік түсінік. «жүргізуші-автокөлік-жол-қозғалыс ортасы» кешені. Жол қозғалысын ұйымдастыру мен қауіпсіздігі...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница