Облыстың жолаушы көлігі теміржол, автомобиль, электр, әуе және өзен көлік түрлерімен ұсынылған




Скачать 79.27 Kb.
НазваниеОблыстың жолаушы көлігі теміржол, автомобиль, электр, әуе және өзен көлік түрлерімен ұсынылған
Дата конвертации12.07.2014
Размер79.27 Kb.
ТипДокументы
Облыстың жолаушы көлігі теміржол, автомобиль, электр, әуе және өзен көлік түрлерімен ұсынылған. Облыста автомобиль көлігінің 344 тұрақты бағыттары, 4 облысішілік әуе бағыттары, 3 әлеуметтік маңызы бар теміржол бағыттары қызмет етеді. Сонымен қатар, жолаушылар тасымалы транзиттік облысаралық және облыстың Ресей, Қытай, Моңғолия, Қырғызстан қалаларымен байланысын қамтамасыз ететін халықаралық бағыттарымен жүзеге асырылады. Облыста 30 автостанса және 5 автобекет қызмет етеді.

Ресми статистика мәліметтері бойынша, барлық көлік түрлерімен 1272,7 млн. жолаушы тасымалданды, көліктің жолаушы айналымы 11500,7 млн. жолаушы-километрді құрады, бұл 2009 жылдың деңгейінен тиісінше 11,6%-ға және 16,7%-ға көп.

Облыс тұрғындарын көлік қызметімен қамтамасыз ету мақсатында, 2010 жылы келісім-шарт мерзімдері аяқталған тұрақты облысішілік автобус бағыттарында қызмет көрсету құқығына үш конкурс өткізілген. Конкурс нәтижелері бойынша 70 Куәлік берілді.

Заңсыз тасымалдаушылардың әрекетіне жол бермеу және автомобиль көлігі саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасы талаптарының орындалуына толық бақылауды қамтамасыз ету мақсатында, «Өскемен - Риддер», «Өскемен Зырян Катон-Қарағай» автомобиль жолдарында Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстары бойынша «Ертіс» өңіраралық Көліктік бақылау инспекциясы филиалының (Инспекция) мобильді тобының жұмысы ұйымдастырылды. Семей қаласының аумағы және қала маңындағы жалпы қолданыстағы автомобиль жолдары Инспекцияның жылжымалы көліктік бақылау бекеті бағыттар тізіліміне енгізілді. Сонымен қатар, ШҚО ІІД Жол полициясы басқармасымен және Инспекциямен келісіліп, автомобиль көлігімен жолаушылар және багаж тасымалын жүзеге асырудағы жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ, заңсыз жолаушылар мен багаж тасымалдаушыларды анықтау бойынша бірлескен іс-шаралар Жоспары бекітілді.

«Көлік құралдарына сыртқы (көрнекі) жарнама нысандарын орналастыруға рұқсаттар беру жөніндегі уәкілетті органды белгілеу тарулы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2009 жылғы 29 қаңтардағы № 300 Қаулысына сәйкес Басқарма көлік құралдарына сыртқы (көрнекі) жарнама нысандарын орналастыруға рұқсаттар беру жөніндегі уәкілетті орган болып белгіленген. 2010 жылдың 12 айында 86 рұқсат қағазы берілді.

2010 жылдың қыркүйек айында, Қазақстан мен Ресей арасындағы 7-ші өңіраралық ынтымақтастық Форумы аясында Басқарма мамандарымен «Көліктік инфрақұрылымның дамуы» тақырыбындағы салалық панельдік сессия жұмысы жүргізілді. Оның жұмысына Форумның 70-тен астам қатысушысы қатысқан. Панельдік сессия Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация вице-министрі А. Бектуровтың және Ресей Көлік вице-министрі, статс-секретарь С. Аристовтың төрағалығымен өтті. Сессия нәтижесі бойынша, Қазақстан Республикасында «УНИРЕМ» асфальтбетон модификаторын өндіру бойынша бірлескен ресей-қазақстандық кәсіпорын ашу бойынша ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.

2010 жылы бөлім мамандарымен өткізілген конкурстардың шарттары бойынша тасымалдаушылармен келісім-шарттық міндеттемелерінің орындалуына тұрақты түрде мониторинг жүргізілді. Жолаушы көлігіне қатысты облыс әкімінің шешімдері мен өкімдерінің, ҚР Үкіметі Қаулыларының орындалу барысына тұрақты бақылау жүргізілді, автобекеттер мен автостансалардың тасымалдаушылармен рейстердің орындалмауы бойынша ақпараттары талданды, азаматтардың шағымдары мен қатынастары қарастырылды, тіркелген конкурсқа қатысушылар орнына шығу арқылы конкурсалды тексерулер жүргізілді.

Сонымен қатар, облыс қалалары мен аудандары әкімдіктерімен тұрақты түрде әдіснамалық жұмыстар жүргізіледі. Сондай-ақ, бөліммен облыс әкімінің өкіміне сәйкес, бекітілген кесте бойыншаорынға шығу арқылы қалалар мен аудандар әкімдіктерінің жұмысына кешенді тексеру жұмыстары жүргізілді.

Апта сайын бөліммен Басқармаға бекітілген «Шығыс таңы» мен «Галит» базарлары және Үржар ауданы бойынша азық-түлік және шаруашылық тауарлар бағаларына мониторинг жүргізіледі. Ақпарат Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасына тапсырылады. Үржар ауданы әкімдігімен ұсынылатын ақпараттың дәлдігі басқарма мамандарымен орынға шығу арқылы тексеріледі.

2010 жылы бөліммен Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігіне Шығыс Қазақстан облысының ерекшелігін ескере отырып автомобиль көлігі саласындағы нормативтік-құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу туралы ұсыныстар жолданды.

2010 жылдың желтоқсан айында Шығыс Қазақстан облысы жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасында жергілікті атқарушы органдары, құқық қорғау, кеден және шекара қызметтері, облыстық жұмылдыру дайындығы және азаматтық қорғаныс, экономика және бюджеттік жоспарлау басқармалары өкілдерінің және басқа мемлекеттік және мемлекеттік емес органдардың қатысуымен автомобиль жолдарындағы қозғалыс қауіпсіздігі мәселелері бойынша кеңес өткізілді.

Кеңесте облыстың теміржол өткелдеріндегі автомобиль көліктерінің қозғалыс қауіпсіздігі, жаяу жүргіншілер қауіпсіздігін қамтамасыз ету, 2010-2011 жылғы қысқы мерзімде қозғалысты шектеу бойынша құрылымдар әрекеттестігінің мәселелері талқыланды.
Теміржол көлігі

2010 жылдың ақпан айында әлеуметтік маңызы бар ауданаралық (қалааралық) қатынастарда теміржол көлігімен жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын, шығындары жергілікті бюджеттен қаржыландыруға тиіс тасымалдаушыларды анықтау бойынша екі конкурс өткізіліп, нәтижесіз қалды. «Защита Зырян», «Защита - Лениногорск» және «Защита - Серебрянка» бағыттарында тасымалдау келісім-шарты «Шығыс жолсерік» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынмен бекітілді.

2010 жылы теміржол көлігімен ішкі әлеуметті маңызы бар бағыттар бойынша 157,4 мың жолаушы тасымалданды, 175,8 млн. теңге көлемінде субсидия төленді.

2010 жылы «Әлеуметтік маңызы бар ауданаралық қатынастағы жолаушылар тасымалын қаржыландыру» бағдарламасы бойынша облыстық бюджеттен 208322 мың теңге бөлінді. Соның ішінде, «Шығыс жолсерік» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының алты жолаушы вагонына депо жөндеу, және бір жолаушы вагонына күрделі жөндеу жүргізуге 32 336 мың теңге. Бөлінген қаражат толық игерілді, вагондарға жөндеу жүргізілді.

2010 жылғы 24 маусымда «Теміржол бекеттерін республикалық меншікке беру туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің № 506 Қаулысына қол қойылды, осы қаулыға сәйкес қазіргі уақытта бекеттерді коммуналдық меншіктен «ҚТЖ» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамына тапсыру жұмыстары аяқталуда.

Бөлім мамандарымен әлеуметтік маңызы бар темір жол және ішкі әуе тасымалдарын қаржыландыру бойынша бюджеттік бағдарламаларды ұйымдастыру тиімділігін (нәтижелігін) бағалау, тиісті есептер жүргізу, негіздемені талдау, аталған бағдарламалардың бюджеттік өтінімін әзірлеп, оларды игеру бойынша қосымша жұмыс жүргізіледі, облыстың әлеуметтік маңызы бар бағыттардағы вагондардың толуына хронометраж жүргізіледі.
Әуе көлігі

Басқармамен 2010 жылға «SCAT» Әуекомпаниясы» акционерлік қоғамымен «Өскемен Зайсан», «Өскемен Семей Үржар», «Өскемен Күршім», «Өскемен Катонқарағай» облысішілік әуе бағыттарына жалпы сомасы 120961 мың теңге құрайтын әуе көлігімен тұрақты ішкі жолаушылар және багаж тасымалын қаржыландыру туралы келісім-жарт жасалды.

2010 жылы ішкі әуе рейстерімен тасымалданған жолаушылардың саны 16,4 мың адам құрады (2009 жылы 5414 адам), төленген субсидия сомасы өткен жылда 120,4 млн. теңге құрады.

Өткен жылдың маусым және қазан айларында ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитеті бұйрығымен құрылған комиссиямен, басқарма өкілдерімен бірлесіп Зайсан қаласы және Үржар ауылы әуежайларына комиссиялық зерттеу жүргізілді.

Басқармамен ҚР Көлік және коммуникация министрлігіне жылдарға арналған үшін «Алматы Зайсан Алматы» және «Алматы Үржар Алматы» авиабағыттарын субсдиялауды бюджеттік өтінімге қосу туралы хат жолданды. Көлік министрлігінің ақпаратына сәйкес, қазіргі уақытта әуе бағыттарын 2011-2013 жылдары республикалық бюджеттен қаржыландыру мәселесі қарастырылуда.
Жолаушылар көлігі саласындағы өзекті мәселелер және оны шешудің жолдары.

Аудан орталықтарымен облыстың шалғайда орналасқан елді мекендері арасындағы тұрақты жолаушылар қатынасының жеткіліксіз қамтамасыз етілуі. Облыстағы 791 елді мекендердің 302 тұрақты жолаушылар тасымалымен қамтамасыз етілмеген, бұл олардың жалпы санының 38,2% құрайды. Аудан орталықтарымен облыстың шалғайда орналасқан елді мекендері арасындағы тұрақты жолаушылар қатынасын қамтамасыз ету мақсатында, қала және аудан әкімдіктеріне облысішілік бағыттарды ұйымдастыру бойынша іс-шаралар жоспарын жетілдіру, потенциалды тасымалдаушылардың шығынын жабу үшін, ақшалай қосымша көмек қарастыру қажет.

Облыстағы елді мекендердегі соңғы аялдамалар мен аялдау бекеттерінің құрлыс талаптары мен нормаларына сәйкес келмеуі. Қала және аудан әкімдіктеріне елді мекендердегі соңғы аялдамалар мен аялдау бекеттерін белгіленген нормаларға сай іс-шаралар жоспарын жетілдіру.

Жолаушыларды және жүкті автомобиль көлігімен тасымалдау Ережесіне сәйкес, облыстағы елді мекендердегі жолаушы көп шоғырланатын орындардың (әуежай, вокзалдар, үлкен сауда және мәдениет орталықтары) такси тұрағы жоқ болуы. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, елді мекендердің жергілікті атқарушы органдары такси тұрағын жабдықтау және ұйымдастыруды қамтамасыз етуі қажет.

Жолаушыларды және жүкті таксимен тасымалдау, бекітілген нормаларға сәйкес келмейді. Қазіргі күні жолаушыларды тасымалдау – елді мекендердің жергілікті атқарушы органдарымен сәйкесінше шарт бекітусіз (Зырян қаласын қоспағанда), таксометрлерді стандарттау бойынша уәкілетті органмен пломбалаусыз, қозғалыс құрамының рейс алдында жиі техникалық бақылаудан өтпеуі және жүргізушілердің медициналық тексерусіз, жолаушылар алдында тасымалдаушының азаматтық –құқықтық жауапкершілігін сақтандыруды, патентті ресімдеусіз, екі есікті көлік құралдарын қолдану, оң жақтағы рульмен басқару арқылы, бірыңғай түсте ресімдемеу сияқты қолданыстағы заңнаманың талаптарын бұзу жүзеге асырылуда. Бірыңғай такси түсін анықтау үшін, қала және аудан әкімдіктеріне жолаушыларды және жүкті таксимен тасымалдауды ұйымдастыру үшін жасалған шарт бойынша қажетті жұмыстар жүргізу.

Барлық қалааралық бағыттарды қосарлайтын рұқсат беретін құжаттарсыз, жасырын тасымалдаушылар санының көбеюі, сонымен қатар, барыншы тиімді бағыттар бойынша жасырын тасымалдар ұйымдастырылған автовокзалдардың заңғы қайшы әрекеттері жиілеп кетті (автобекет), осыған байланысты, конкурс бойынша тұрақты бағытта қызмет ету құқығына ие болған тасымалдаушылар жолаушы ағымының күрт азаюына байланысты, өте үлкен шығандарға ұшырағын (кейбір бағыттарда 60% ға дейін).

«Ертіс» өңіраралық көліктік бақылау инспекциясына жасырын тасымалдаушылардың заңсыз іс-әрекеттері бойынша жұмысы күшейтілуі қажет, қала және аудан әкімдіктерімен – аудандық салық комитеті және жол полиция қызметін қосу арқылы тиісті іс-шаралары ұйымдастырылсын.
Күршім ауданындағы «Кызыл Ту» паром-өткелінің қызметі, дизель-электроходының техникалық жағдайы қанағаттанарлықсыз. «Ертіс» және «Енисей» дизель-электроходтарын жөндеу, меншік иесі қаржысы есебінен жоспарланған. Кеме жұмыстары үшін, көлбеу бөлігінің жөнделуіне қаржы бөлінуі қажет.
Семей қаласының әуежайының инфрақұрылымы қанағаттанарлықсыз жағдайда. Әуежайдың ұшу-қону жолағын (ҰҚЖ) жөндеуге қаражат 2013-2014 жылдардағы республикалық бюджетке салынған. Семей қаласының әуежайының ҰҚЖ ҚР қорғаныс министрлігінің балансінде, осыған байланысты ҚР ҚМ балансынан жеке меншікке өткізілу мәселесін шешу керек немесе ҰҚЖ жөндеуге қаржыны Қорғаныс министрлігі бөлуі керек.
2011 жылға жолаушылар көлігі бөлімінің міндеттері.
Қала және аудан әкімдіктерімен біріге отыра, тұрақты облысішілік бағыттарды ашу.

Такси тұрағын жабдықтау және ұйымдастыру, жолаушыларды және жүкті таксимен тасымалдауды ұйымдастыру шартын жасау, бекітілген нормаларға сәйкес, елді мекендердегі соңғы аялдамалар мен аялдау бекеттерін қалыпқа келтіру бойынша қала және аудан әкімдіктерінің жұмыстарын бақылау.

«Ертіс» өңіраралық көліктік бақылау инспекциясының қатысуы арқылы, жасырын тасымалдаушылар қызметін тоқтату.

«Кызыл Ту» паром өткелінің толассыз жұмысын қамтамасыз ету бойынша жұмыс ұйымдастыру.

Похожие:

Облыстың жолаушы көлігі теміржол, автомобиль, электр, әуе және өзен көлік түрлерімен ұсынылған icon52 шығарылым «Теміржол көлігі және метрополитен; Автомобиль және қалалық электр көлігі; Теңіз және өзен көлігі» бөлімдері Астана 2010 Кіріспе
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай анықтамалығының (бтба) 52 шығарылымы: «Теміржол көлігі және метрополитен; Автомобиль...
Облыстың жолаушы көлігі теміржол, автомобиль, электр, әуе және өзен көлік түрлерімен ұсынылған icon«Шығыс Қазақстан облысы жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны
...
Облыстың жолаушы көлігі теміржол, автомобиль, электр, әуе және өзен көлік түрлерімен ұсынылған icon«ШЫҒыс қазақстан облысының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мм
Жолаушы көлігі бөлімінің бас маманы (д-о-4 санаты, 1 бірлік), еңбек өтіліне байланысты лауазымдық жалақысы 64063 теңгеден 86485 теңгеге...
Облыстың жолаушы көлігі теміржол, автомобиль, электр, әуе және өзен көлік түрлерімен ұсынылған iconАқпарат Автомобиль көлігі саласында
«ШҚО жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мм 2008 жылдың 10 айына арналған жұмыс нәтижелері туралы
Облыстың жолаушы көлігі теміржол, автомобиль, электр, әуе және өзен көлік түрлерімен ұсынылған iconКөліктің негізгі экономикалық көрсеткіштері Қазақстан Республикасының көлігі
Республикасының көлігі – сол аумақта тіркелген темір жол, автомобиль, теңіз, ішкі су, әуе, қалалық электр, соның ішінде метрополитен,...
Облыстың жолаушы көлігі теміржол, автомобиль, электр, әуе және өзен көлік түрлерімен ұсынылған icon2011-2015 жылдарға арналған «Өскемен қаласының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мм стратегиялық жоспары
Келісілді: «ШҚО энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы» мм а. С. Шерубаев «ШҚО жолаушы көлігі және
Облыстың жолаушы көлігі теміржол, автомобиль, электр, әуе және өзен көлік түрлерімен ұсынылған iconКонкурс өткізу туралы хабарлама
Шығыс Қазақстан облысы жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы 2011 жылғы 14 қарашада тұрақты республикаішілік автомобиль...
Облыстың жолаушы көлігі теміржол, автомобиль, электр, әуе және өзен көлік түрлерімен ұсынылған iconКонкурс өткізу туралы хабарлама
Шығыс Қазақстан облысы жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы 2012 жылғы 9 қаңтарда тұрақты республикаішілік автомобиль...
Облыстың жолаушы көлігі теміржол, автомобиль, электр, әуе және өзен көлік түрлерімен ұсынылған iconКүні/уақыты Мемлекеттік орган Т. А. Ж
Ақтөбе қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі
Облыстың жолаушы көлігі теміржол, автомобиль, электр, әуе және өзен көлік түрлерімен ұсынылған icon«Алматы облысының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мм 2011-2015 жылдарға арналған Стратегиялық жоспары
Ағамдағы жағдайға талдау және тиісті қызмет салаларының (аяларының) даму үрдістері
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница