Жалпы ережелер




Скачать 49.61 Kb.
НазваниеЖалпы ережелер
Дата конвертации08.07.2013
Размер49.61 Kb.
ТипДокументы

  1. Жалпы ережелер



  1. Жаңаөзен қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі ММ тұрғын үй коммуналдық саясатын жүзеге асыру және өткізу жөніндегі қызметтерді орындауға арналған уәкілетті мемлекеттік орган болып табылады.

  2. Бөлімнің негізгі міндеттері тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы саласында мемлекеттік саясатты қалыптастырушы және жүзеге асыруды қамтамасыз ету, жер заңнамасы нормаларының сақталуы үшін мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ету; құрылыс бағдарламаларын жүзеге асыру үшін бақылау-қадағалау қызметтерін жүзеге асыру жергілікті мәндегі жолдарды пайдалану және ұстау болып табылады.

  3. Бөлім ҚР-ның Ата Заңы мен заңдарына, ҚР Үкіметінің, президент келісімдеріне, басқа да нормативті құқықтық кесімдерге сонымен қатар осы Ережеге сәйкес өз жұмысын жүзеге асырады.

  4. Кәсіпорынның заңды тұлға мәртебесі, мемлекеттік тілде өзінің атауы көрсетілген мөрі мен мөртабаны, белгіленген үлгідегі бланктері бар сонымен бірге банкте есеп шоты, дербес балансы бар.

Бөлім азаматтық-құқықтық қарым-қатынастарға, жеке өзінің атынан және егер ол заңнамаға сәйкес бұған уәкілетті болса, қала әкімдігінің атына кіреді.

  1. Бөлімнің штаттық санының лимиті және құрылымы қала әкімдігімен белгіленеді.

  2. Бөлімнің толық атауы – Жаңаөзен қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі ММ.

  3. Бөлімнің заңды мекен-жайы: 130200, Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, Сәтбаев көшесі, қала әкімдігінің ғимараты.

  4. Бөлім құрылтайшысы Жаңаөзен қаласы әкімдігі болып табылады.

Бөлім ережесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу ҚР-ның қолданыстағы заңнамаларына сәйкес жүргізіледі.

  1. Бөлімнің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады. Бөлімге өз қызметі болып табылатын міндеттерді орындау барысында кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қарым-қатынастарға отыру тыйым салынады. Табыс түсіруші іс-әрекеттерді жүзеге асыруға арналған заңнамалық актілер ұсынылған жағдайда, мұндай қызметінен түскен табыстар жергілікті бюджет табысына жіберіледі.



  1. Бөлімнің негізгі қызметтері мен құқықтары



  1. Бөлім заңнамамен бекітілген тәртіпте жүзеге асырады:

  • коммуналды және тұрғын үй шаруашылығы саласындағы шаруашылық қызметтерді үйлестіру, тұрғын үй құрылысы, қаланың мемлекеттік тұрғын үй қорының сақталуы;

  • тұрғын үй қорының түгендемесін жүргізу;

  • ҚР-ның заңнамалық актілеріне сәйкес азаматтардың кейбір санаттарын тұрғын үймен қамтамасыз ету;

  • ҚР-ның заңнамасына сәйкес жер учаскелерін мемлекеттік қажеттіліктер үшін алу, соның ішінде сатып алу жолымен шараларды жүргізу және соған байланысты жылжымайтын мүлікті иеліктен айыру;

  • ҚР- ның заңнамалық актілеріне сәйкес апат туғызушы және тозған үйді құлату жөніндегі жұмыстарды үйлестіреді;

  • коммуналдық тұрғын-үй құрылысы қорының бағдарламасын әзірлейді;

  • коммуналдық меншіктегі сумен жабдықтау, тазалау, дренажды жүйелердің, канал жүргізу, жылу және электр желісі нысандарын құру және қайта құруға қатысады.

  • Қала аумағын санитарлық тазалау жөніндегі шараларды әзірлейді және жүргізеді;

  • Қала аумағын кемелдендіру және көгалдандыру жөніндегі шараларды әзірлейді және жүргізеді;

  • Бөлімге азаматтардан келіп түсуші ұсыныстар мен шағымдар, өтініштердің уақытында және сапалы түрде қарастырылуын жүргізеді;

  • Қаладағы коммуналдық кәсіпорын шаруашылықтары жұмысының талдауын жүргізеді және кәсіпорындардың шаруашылық қызметінің жақсаруын жүзеге асырады;

ҚР-ның заңнамасымен бөлімге жүктелген басқа да қызметтерді жүзеге асырады;


  1. Өзінің негізгі міндеттері мен өз құзырындағы өзінің қызметтерін жүзеге асыруға құқылы;

  • мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурстар әзірлейді және жүргізеді және олардың орындалысын бақылайды, соның ішінде қалалық жолаушылар тасымалын бақылайды;

  • мемлекеттік органдар басқа да ұйымдар мен тұлғалардан ақпаратты сұрау және алу;

  • коммерциялық және басқа да заңмен қорғалатын құпияны есепке алу, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдарына қатысты құжаттармен кедергісіз танысу;

  • қала әкіміне жергілікті инфрақұрылымның даму стратегиясы, бағыттыры мен мақсаттары жөнінде ұсыныстарын енгізу;

  • сәйкес қаржы жылына арналған қалалық бюджетті қалыптастыру мәселелері туралы мәжілістерге қатысу;

  • әкімдіктің отырысында қарау үшін, әкімдік және әкім актілерін жобаларын жасау, анықтамалар құру, тұрғын үй коммуналдық шаруашылық мәселелері, жолаушылар көлігі мен автомобиль жолдары жөнінде ақпараттар мен баяндамалар жасау;

  • ҚР-ның заңнамасымен Бөлімге жүктелген басқа да құқықтарды жүзеге асыру.



  1. Бөлім мүлкі.

  1. Бөлім негізгі және айналым қаражатынан тұратын құны бөлім балансында көрініс беретін жедел басқару құқығындағы оқшауланған мүлкі бар.

  2. Бөлімге бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады;

  3. Бөлімге оған берілген мүлікті өз бетімен бөліп немесе басқа жолдармен иелену құқы берілмейді, оған ҚР-ның заңнамасымен бекітілген құқықтар шегінде мүлікті иелену құқығы беріледі.

4. Бөлім қызметін ұйымдастыру

  1. ҚР-ғы мемлекеттік қызмет туралы заңнамаға сәйкес, бөлім бастығы қала әкімінің шешімімен лауазымға тағайындалады және одан босатылады.

  2. Бөлім бастығы бөлім жұмысын басқарады және бөлім жұмысын ұйымдастырады.

  3. Бөлім бастығы:

Өз орынбасарының, бөлім бастықтары мен мамандарының міндеттерімен белгілейді;

ҚР-ғы мемлекеттік қызмет туралы қолданылымдағы заңнамаға сәйкес қызметкерлерді лауазымды тағайындайды және босатады;

Бөлім қызметкерлеріне заңнамамен белгіленген тәртіпте тәртіптік шара қолданады.

Бөлім бойынша бұйрықтарға қол қояды.

Бөлімнің штаттық санын қала әкімдігінің қаулысымен бекітілген штаттық сан лимиті шегінде бекітіледі.

Өз құзыреті шегінде бөлімді мемлекеттік органдарда, басқа да ұйымдарда таныстырады.

Заңнамаға сәйкес басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.

  1. Бөлім бастығы бөлімдегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмысқа дербес жауапкершілік артады.

  2. Бөлімнің бастығы немесе міндетін атқарушы адаммен қабылданған шешімдер бұйрықпен бекітіледі.

  3. Бөлімді ұйымдастырудың басқа да мәселелері, лауазымды тұлғалардың құқықтары мен міндеттері, оның жұмысын қамтамасыз ететін бөлімшелердің құзыры және уәкілеттігі белгіленген тәртіпте бекітілген Бөлімнің жұмысы кестесімен белгіленеді.

5. Бөлімнің қайта ұйымдастырылуы мен таратылуы

  1. Бөлімнің қайта ұйымдастырылуы мен таратылуы ҚР-ның заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Похожие:

Жалпы ережелер iconҚазақстан Республикасы жалпы білім беретін мектептерінің қызметін ұйымдастыру тәртібі туралы Ережелер Жалпы ережелер
Осы Ережелер меншік нысандары мен салалық бағыныстылығына қарамастан, барлық түрдегі жалпы білім беретін мектептері қызметінің тәртібін...
Жалпы ережелер iconРегламенті шымкент қ. 2009 жыл мазмұны жалпы ережелер
Жалпы ережелер
Жалпы ережелер iconРегламенті шымкент қ. 2009 жыл мазмұны жалпы ережелер
Жалпы ережелер
Жалпы ережелер icon14-БӨлім. Жер салығЫ 53-тарау. Жалпы ережелер 372-бап. Жалпы ережелер
Салық салу мақсатында барлық жерлер олардың нысаналы мақсатына және мынадай санаттарға
Жалпы ережелер iconБюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесі 1-бөлiм. Жалпы ережелер 1-тарау. Жалпы ережелер
Міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын, түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын жасау...
Жалпы ережелер icon1-БӨлім. Негізгі ережелер 1-тарау. Жалпы ережелер
Осы Заң бәсекелестікті қорғау, монополистік қызметті шектеу және тұтынушылардың заңды құқықтарын қорғау саласындағы қоғамдық қатынастарды...
Жалпы ережелер iconЖалпы бөлiм 1 бөлiм. Жалпы ережелер
Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң 1994 жылғы 27 желтоқсандағы қаулысымен қолданысқа енгiзiлдi
Жалпы ережелер iconЕрежесі жалпы ережелер
Білім ұйымдарының түлектері «Алтын белгі» жалпы орта білім туралы аттестаттың иегерлеріне берілетін естелік сыйлықтың үздік эскизына...
Жалпы ережелер icon1. жалпы бөлiм 1-БӨлiм. Жалпы ережелер
Республикасының Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы (Салық кодексi)
Жалпы ережелер icon1 Жалпы ережелер

Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница