Қазақ тілі. Сабақтың тақыры: Көмектес септік (86-91-жаттығу). Сабақтың мақсаты




Скачать 35.04 Kb.
НазваниеҚазақ тілі. Сабақтың тақыры: Көмектес септік (86-91-жаттығу). Сабақтың мақсаты
Дата конвертации08.07.2013
Размер35.04 Kb.
ТипДокументы
Қазақ тілі.

Сабақтың тақыры: Көмектес септік (86-91-жаттығу).

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға қазақ тілінде септіктерді меңгерту, сұрақтары мен жалғауларын жаттату.Көмектес септік жалғауы үндестік заңына бағынбай жалғанатынын байқату.

2. Көмектес септігінің тұрлаусыз мүше ретінде жұмсалатынын білдіру. Көмектес септігінің басқа септіктерден ерекшелігіне тоқталу.

Дамытушылығы: өткен сабақтармен байланыстыра білу, өзіндік жұмысқа үйрету.Сөздік қорды, ойлау қабілетті дамыту.

Тәрбиелігі: жеке тұлғалық қасиеттерді қалыптастыру. Ұжымдық жұмысқа тәрбиелеу, жолдастық көмекке баулу.

Пәнаралық байланыс: ана тілі, математика, өмірмен байланыс.

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың әдістері: сұрақ-жауап, түсіндіру.

Жаңа технология элементтері: Венн диаграммасы, Семантикалық карта,ой қозғау стратегиясы, топтастыру.

Ұйымдастыру: Амандасу слайд №1 слайд №2

Қайырлы таң достарым, қайырлы күн болсын.

Сәрсенбінің сәті сәттілікке толсын.

Сендердің алар бағаларың кілең бестік болсын.

Өткен тақырып бойынша: слайд №3, 4, 5

-Қазақ тілінде неше септік бар? (7)

-Көмектес септіктің жалғаулары қандай?

-Сөйлем ішінде қандай мүше болады?

Жаңа тақырып бойынша: слайд №

86-жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті септік жалғауларын қойып, сөйлемдерді көшіру.

87-жаттығу. Жұмбақты жатқа айтып, шешуін табу.(Рельс). слайд № 7,

-Балалар, тағы да екі ішекті не болады? (домбыра).

- Ал домбырада кімдер ойнайды? (Ақын, күйші, жыршы). слайд №9

-Ақын демекші біз қай ақынның 145 жылдығын тойлап жатырмыз?

-Әсет Найманбаев ата -145 жаста

- Әсет атаның атымен аталатын Мақаншы ауылында қандай көрнекті жер бар? (Ауыл және мектеп мұражайы). слайд №10

-Олай болса назарларыңды бейне көрсетілімге аударыңдар. Слайд №11

-Сендерге Әсет аталарын жайлы деректі ақынның немересі Ләззәт апайла- рың түсіндірді. Енді осы мағлұматты естеріңнен шығармаңдар.

88-жаттығу. Ребус шешу. Слайд №12

Сергіту сәті. Слайд №13, 14, 15, 16, 17 ,18, 19,20

89-жаттығу. Сурет бойынша әңгіме құрау. Әңгімеде көмектес септіктегі сөздер және сөз тіркестері болсын.

слайд №21 слайд № 22

-Балалар, той демекші жақында біз қандай атаулы мерекені атап өттік?

-Егеменді Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығы.

-Егеменді ел атанғанымызға неше жыл болды?

-Баянды да, ғұмырлы өмірді сыйлаған Қайрат, Ербол, Ләззәт, Сәбира сынды аға-апаларымызға 1 минут үнсіздік жариялайық.

Міне, Тәуелсіздігімізге 20 жыл толды. Шіркін, осы Тәуелсіздігімізді арман даған Қайрат пен Ербол, Сәбира мен Ләззәт тірі болғанда ғой! Бірақ, олар- дың рухы мәңгі өлмейді.

Осы сөйлем ішінен сөйлем мүшесі болмайтын сөздерді тауып жазың- дар.(міне, шіркін, осы, пен, мен, ғой, бірақ)

2-топ.Көмектес септіктегі сөздерді табыңдар.

3-топ. Тәуелсіздік, ел, білім, ұрпақ сөздеріне мағынасы жуық сөздерді атаң- дар.(тәуелсіздік-егемен; ел-Отан, мекен; білім-оқу, білік; ұрпақ-келешек, мұрагер, болашақ)

Қазақстан, жер, ел, ұрпақ, бейбітшілік. слайд №23

Берілген зат есімдерге бірінші әрпінен басталатын сын есім қосып жаз.

Қазақстан-қазыналы қазақстан, қонақжай қазақстан, құнарлы қазақстан.

Жер-жұмыр жер, жұмақ жер, жомарт жер.

Ел-егеменді ел, еңселі ел, ерікті ел.

Ұрпақ- ұғымтал ұрпақ, ұлағатты ұрпақ, ұйымшыл ұрпақ.

Бейбітшілік-баянды бейбітшілік.

90-жаттығу. Зат есімдерді екі түрлі септіктерге қойып, жақшадағы сөзбен тіркестіріп жаз.

Венн диаграммасы: Киіз үй мен қабатты үйді салыстыру.

Қуанышты хабарлама.

Құрметті ата-ана! слайд №24

Бүгін сіздің балаңыз қазақ тілі сабағында белсенділік көрсетті. Сабақ барысында берілген тапсырмаларды жақсы орындап шықты. Рахмет!
-Н.Ә.Назарбаев сияқты ақылды ел басшысы болыңдар. слайд №25

-А.Құнанбаев тәрізді өткір тілді ақын болыңдар.

-Р.Қ.Рымбаева сияқты күміс көмей әнші болыңдар.

-Б.Сарсекбаев тәрізді ел намысын қорғар әлем чемпионы болыңдар.
Сабақты қорытындылау:

-Балалар, бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?

-Өздеріңе қажетті қызықты мәлімет ала алдыңдар ма?

Үйге тапсырма: слайд №26

91-жаттығу. Сөздердің ұйқасын тауып, көмектес септіктегі сөздерді сөз құрамына талдау.

Бағалау. Сабақ аяқталды. Рахмет!

Похожие:

Қазақ тілі. Сабақтың тақыры: Көмектес септік (86-91-жаттығу). Сабақтың мақсаты iconҚазақ тілі сабағы Пәні: Қазақ тілі сынып: 10 Сабақтың тақырыбы: сынақ сабақ Сабақтың мақсаты
Бт бойынша біліктілік деңгейлерін шыңдай түсіп, қазақ тілі салаларынан алған білім тәжірибелерін практика жүзінде қолдана білу дағдыларын...
Қазақ тілі. Сабақтың тақыры: Көмектес септік (86-91-жаттығу). Сабақтың мақсаты iconҚазақ тілі 2-сынып Сабақтың тақырыбы: ю әрпінің жазылуы. Сабақтың мақсаты
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға ю әрпінің жазылуы және дыбысталу ерекшелігі туралы түсінік беру
Қазақ тілі. Сабақтың тақыры: Көмектес септік (86-91-жаттығу). Сабақтың мақсаты iconСыныптан тыс жұмыс «Алтын қақпа» интеллектуалдық ойыны Сабақтың мақсаты
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен алған білімдерін, ел тарихы, салт-дәстүрлерін қаншалықты білетіндіктерін...
Қазақ тілі. Сабақтың тақыры: Көмектес септік (86-91-жаттығу). Сабақтың мақсаты iconСабақтың тақырыбы: Есептерді теңдеу құрып шығару. Сабақтың мақсаты
Сабақтың мақсаты: Қазақ халқының ауызша есептерімен, оның математикалық, логикалық талдау жүйесімен оқушыларды таныстыру
Қазақ тілі. Сабақтың тақыры: Көмектес септік (86-91-жаттығу). Сабақтың мақсаты icon19 ом сынып: 8 Құрастырған: Шақамбаева. Б. М сабақтың тақырыбы
Сабақтың білімділік мақсаты: Септіліктерді одан әрі оқып-үйрену, септік жалғаулардың еске түсіру, сөйлем, тілдесу біліктіліктерін...
Қазақ тілі. Сабақтың тақыры: Көмектес септік (86-91-жаттығу). Сабақтың мақсаты iconАшық сабақ 6-сынып Тақырыбы: шығыс септік алматы
...
Қазақ тілі. Сабақтың тақыры: Көмектес септік (86-91-жаттығу). Сабақтың мақсаты iconХалықаралық тілдің жалпы оқулығы а Әліппе a a b b c c Ĉ ĉ d d e e f f
Зат есімнің екі септігі бар: атау мен табыс; табыс септік -n жалғауы арқылы жасалады. Көмекші есімдер басқа септіктердің ұғымын білдіреді(ілік...
Қазақ тілі. Сабақтың тақыры: Көмектес септік (86-91-жаттығу). Сабақтың мақсаты iconСабақтың тақырыбы:Қазақстанның Ресейге қосылуы. Кіші жүздің Ресей құрамына кіруі. Сабақтың мақсаты
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Қазақстанның Ресей мемлекетіне қосылуының себептерін,қосылудың барысы, Әбілхайырдың саясаткер, дипломат,...
Қазақ тілі. Сабақтың тақыры: Көмектес септік (86-91-жаттығу). Сабақтың мақсаты iconСабақтың тақырыбы: н дыбысы және әрпі. Сабақтың мақсаты
Сабақтың мақсаты: Әріптер тізбегіндегі Нн дыбысының құрылымымен таныстыру. Сауатты оқуды жетілдіру
Қазақ тілі. Сабақтың тақыры: Көмектес септік (86-91-жаттығу). Сабақтың мақсаты iconСабақтың тақырыбы: Қарудың материалдық бөлігі. Сабақтың мақсаты
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды тоз-8 шағын калибрлі винтовканың ұрыстық қасиеттерімен таныстыру
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница