Тауарларды сатып алу туралы № шарт Алматы қ., 2012 жылы Бір тараптан 20. 12. 2011ж. №264-11 Бас сенімхаты негізінде әрекет етуші, бұдан әрі «Тапсырыс беруші»




Скачать 395.24 Kb.
НазваниеТауарларды сатып алу туралы № шарт Алматы қ., 2012 жылы Бір тараптан 20. 12. 2011ж. №264-11 Бас сенімхаты негізінде әрекет етуші, бұдан әрі «Тапсырыс беруші»
страница1/4
Дата конвертации08.07.2013
Размер395.24 Kb.
ТипДокументы
  1   2   3   4

Тауарларды сатып алу туралы

________________ шарт

Алматы қ., «___» __________ 2012 жылы
Бір тараптан 20.12.2011ж. №264-11 Бас сенімхаты негізінде әрекет етуші, бұдан әрі «Тапсырыс беруші» деп аталатын, «Қазпочта» АҚ атынан «ОҢТҮСТІК» ақпарат-логистикалық орталығы» - «Қазпочта» АҚ филиалының директоры Е. Жолдыбай және екінші тараптан,

__________, Жарғы негізінде әрекет ететін директоры __________бұдан әрі «Жеткізуші» деп аталып, бірлесіп «Тараптар», ал жеке-жеке «Тарап» деп аталып, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ АҚ директорлар Кеңесінің Шешімімен бекітілген «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамымен және меншіктік немесе сенімді басқару құқығымен тиісті дауыс беруші акциялардың (қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайыздары «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ АҚ-на тікелей және жанама түрде жататын ұйымдармен тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу туралы ереженің (ары қарай – Ереже) 25.05.2012ж. №80 хаттама) 97 тармағына сәйкес және «__» _________ 2012 жылы өткізілген баға ұсыныстарды сұрау салу тәсілімен өздігінен жүретін механизмдерге арналған аккумулятор тоқтарын сатып алу қорытындысы туралы №__ хаттама негізінде осы шартқа(бұдан әрі – Шарт) төмендегілер туралы келісімге келіп, қол қойды:
Осы Шарттағы төменде келтірілген ұғымдар келесі түсініктерге ие болады:
«Шарт» - Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес Тапсырыс беруші мен Жеткізуші арасында жасасқан, жазбаша түрде жасалған, тараптармен оның барлық қосымшалары мен толықтыруларына, сонымен қатар шартта сілтеме жасалған барлық құжаттамаларына қол қойылған азаматтық-құқықтық акт;

«Тауардың жалпы құны» өзінің шарттық міндеттемелерін орындағаны үшін Шарт шеңберінде Тапсырыс берушімен Жеткізушіге төленуге тиісті соманы білдіреді;

«Тауарлар» Шарттың аясында Жеткізушімен Тапсырыс берушіге жеткізілетін және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес сату-сатып алу мәмілелерін жүргізуге болатын, заттар, оның ішінде жартылай өңделген өнімдер немесе қатты, сұйық, не газ тәрізді шикізаттар, электрлік және жылу энергиялары, шығармашылық ақыл-ой қызметтерінің объективтенген нәтижелері, сонымен қатар заттық құқықтарды білдіреді.

«Қосалқы қызметтер» Тауарлардың жеткізілуін қамтамасыз ететін қызметтерді, атап айтқанда: тасымалдау мен сақтандыру қызметтері, кез-келген қосалқы қызметтер: құрастыру, іске қосу, техникалық көмек көрсету, оқыту және осы Шартпен қарастырылған Жеткізушінің осыған ұқсас басқа да міндеттемелерін білдіреді.


1. Шарт мәні
1.1. Тапсырыс беруші міндеттейді және төлем жасайды, ал Жеткізуші Тапсырыс берушінің тапсырмасы бойынша осы Шарттың №1 қосымшасында көрсетілген мөлшер мен сапада өздігінен жүретін механизмдерге арналған аккумулятор тоқтарын жеткізу (бұдан әрі – Тауар) бойынша міндеттемелерді қабылдайды.

1.2. Жеткізуші Тапсырыс берушіге төмендегі қосалқы қызметтерді (бұдан әрі – Қызметтер) көрсетеді:

1) Шарттың №1 қосымшасына сәйкес Тауарларды жеткізуге;

2) жүкті түсіру.
2. Жеткізушінің кепілдігі
2.1. Жеткізуші осымен кепілдік береді және мәлімдейді:

2.1.1. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құқықты әрекет етуші және құрылған заңды тұлға болып табылатынын;

2.1.2. осы Шартты жасасуға және ол бойынша міндеттемелерді орындауға қажетті барлық процедураларды орындау және сақтау үшін толық құқықтарға, өкілдіктер мен мүмкіншіліктерге ие екенін;

2.1.3. осы Шартқа қол қойылған күніне осы Шартты жасауды және\немесе оның талаптарын орындауды шектеуге немесе тыйым салуға міндетті болып табылатын, ешқандай қолданыстағы заңнамалық актілердің немесе қандайда бір Жеткізушінің ұйымдастырушылық құжаттардың жоқтығына.
3. Тауардың жалпы құны мен есеп айырысу тәртібі

3.1. Шарт бойынша Тауардың жалпы құны Тауардың жалпы құнын, буып-түю, тиісті жеріне дейін тасымалдау және тиеу шығындарын, Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы Тауарды тасымалдауға байланысты барлық кедендік төлемдерді, салықтар мен алымдарды қоса есептегенде, ҚҚС есептегенде _______ ( _______ ) теңге құрайды.

3.2. Шарттың 3.1. тармағында қарастырылған Тауардың жалпы құны өсуіне қарай өзгермейді, бірақ осы Шарт бойынша нақты жеткізілген Тауар, сонымен қатар көрсетілген Қызметтер үшін азаюы мүмкін.

3.3. Тапсырыс беруші Тауарды жеткізу, қосалқы қызметтерді көрсету және Тапсырыс берушіге Тауардағы Жергіліктік мазмұн туралы ақпараттарды ұсыну фактісі бойынша, берілген шот фактура негізінде Тараптармен Тауарды және көрсетілген Қызметтер қабылдау табыстау кесіміне (бұдан әрі – Кесім) қол қойылған сәтінен (датасынан) бастап 10 (он) банктік күн ішінде Жеткізушінің банктік шотына аудару арқылы төлейді.

3.4. Тапсырыс берушінің есеп шотынан ақша есептен шығарылған күн төлем бойынша міндеттемелерді орындау күні болып саналады.

4. Тауарды жеткізу мерзімдері мен талаптары
4.1. Тауарларды жеткізу Тапсырыс берушінің өтінімі бойынша жүзеге асырылады. Өтінімді орындау мерзімі осы Шартқа қол қойылған датасынан бастап 84 (сексен төрт) күнтізбелік күнді құрайды.

4.2. Жеткізуші Тауарларды Алматы облысы, Іле ауданы, Бірінші май ауылы, Іле тас жолы, 12 мекенжайы (бұдан әрі – жеткізу орны) бойынша жеткізуге міндеттенеді. Тауарды тиісті орнына дейін тасымалдау Жеткізушімен жүзеге асырылады және төленеді, ал оған байланысты шығындар Шарт бойынша Тауардың жалпы құнына қосылады.

4.3. Тауар Жеткізушінің стандартты орамында буып-түйіледі және тиісті орнына дейін тасымалдау уақытында зақымдауды немесе бұзылуды болдырмауын қамтамасыз етуі тиіс.

4.4. Жеткізуші Тапсырыс берушіге Тауарды жеткізген датасынан бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде төмендегі құжаттамаларды береді:

1) көлік жүкқұжатын, теміржол түбіртегін немесе авто жүк көлігінің түбіртегін;

2) өндірушінің немесе Жеткізушінің кепілді сертификатын.

4.5. Тауарды жеткізу датасы ретінде шығыс жүкқұжатына қол қойылған дата болып саналады. Тауарды табыстау (түсіру) Тауарды қабылдау үшін Тапсырыс берушінің сенімхатын ұсынған тұлғаға жүргізіледі. Жеткізуші сенімхат көрсетілмеген жағдайда Тауарды табыстаудан (түсіруден) бас тартуға құқылы. Бұл ретте Тауарды уақтылы жеткізбегені үшін Жеткізушіге айыппұл санкцияларын есептеу қолданылмайды.

4.6. Тауарды қабылдау-табыстау Тапсырыс берушінің Тауар сапасына ескертуі болмаған жағдайда Жеткізушімен жасалатын және Тараптардың уәкілетті өкілдерімен қол қойылатын Қабылдау-табыстау кесімімен ресімделеді. Тапсырыс берушіде Тауар сапасына ескертулері (бұдан әрі – ақаулықтар) болған жағдайда Тапсырыс беруші Тауарда анықталған ақаулықтарды Жеткізушімен жойылғанға дейін Тауарды Қабылдау-табыстау кесіміне қол қоймауға құқылы. Тауарда және\немесе Қызметте анықталған сәйкессіздіктерді жою мерзімі Тапсырыс берушімен белгіленеді.

4.7. Қабылдау-табыстау кесімі шығыс жүкқұжаты бойынша Тауар қабылданған датадан бастап 10 (он) күн ішінде Тапсырыс берушімен қол қойылуға жатады. Тапсырыс берушіде Тауардың сапасына ескертулері болған жағдайда Қабылдау-табыстау кесіміне қол қою үшін қарастырылған мерзім ішінде Тапсырыс беруші қол қоюдан жазбаша дәлелденген бас тартуды көрсетуге міндетті. Тапсырыс беруші тарапынан Қабылдау-табыстау кесіміне басшысы Е. Жолдыбай қол қояды.

5. Тараптардың құқықтары мен міндеттері
5.1. Тапсырыс беруші құқылы:

5.1.1. Жеткізушімен Шарт талаптарының тиісті түрде орындалуын талап етуге;

5.1.2. Шарттың 6 тарауында қарастырылған тәртіпте Тауарға сынақ жүргізуге;;

5.1.3. Жеткізушімен осы Шарт бойынша міндеттемелер бұзылған жағдайда осы Шартты бұзуға.

5.1.4. Жеткізушімен тауардағы қазақстандық үлес мазмұны туралы сенімсіз ақпаратты ұсынған жағдайда Шартты біржақты тәртіпте бұзуға және шығындарды өтеуді талап етуге.

5.2. Тапсырыс беруші міндеттенеді:

5.2.1. Шарттың талаптарына сәйкес Тауарды қабылдауға

5.2.2. Шарттың 3.3. тармағына сәйкес Тауар үшін төлем жүргізуге;

5.2.3. Шартпен қарастырылған өзге міндеттемелерді жүзеге асыруға.

5.3. Жеткізуші құқылы:

5.3.1. Тапсырыс берушімен Шарт талаптарының тиісті түрде орындалуын талап етуге;

5.3.2. Тапсырыс берушінің келісімімен Тауарды жеткізуді мерзімінен бұрын жүзеге асыруға.

5.4. Жеткізуші міндеттенеді:

5.4.1. Шарттың 4.1. тармағында қарастырылған мерзімде Тауарды жеткізуге;

5.4.2. Шарттың №1-ші қосымшасында қарастырылған таблицалық өзгешеліктеріне сәйкес жаңа, пайдаланылмаған Тауарды жеткізуге;

5.4.3. Шартпен қарастырылған өзге міндеттемелерді жүзеге асыруға;

5.4.4. осы Шартқа қол қойылған күнінен бастап 20 (жиырма) күнтізбелік күн ішінде Жеткізуші Тапсырыс берушіге осы Шарт бойынша орындалатын қызметтердегі Жергіліктік мазмұн туралы ақпараттарды (Шарттың №2 қосымшасында белгіленген нысанда) беруге.
6. Шарт құжаттамасы
6.1. Жеткізуші Шарттың немесе оның қандай да бір қағидасының, сонымен қатар техникалық құжаттамалардың, жоспарлардың, сызбалардың, модельдердің, үлгілердің немесе Тапсырыс берушімен немесе оның атынан Шарттың талаптарын орындау үшін Жеткізушімен тартылған сол персоналды есептемегенде, басқа тұлғамен ұсынылған ақпараттардың мазмұнын кімге де болса Тапсырыс берушінің алдын ала жазбаша келісімінсіз ашпауға тиіс. Көрсетілген ақпарат шарттық міндеттемелерді орындауға қаншалықты қажетті болса, сол шамада осы персоналға құпиялы түрде ұсынылуға тиіс.

6.2. Жеткізуші қандай да бір құжаттарды немесе ақпараттарды Шартты жүзеге асыру мақсатынан бөлек Тапсырыс берушінің алдын ала жазбаша келісімінсіз пайдаланбауға тиіс.

6.3. Жеткізуші Тапсырыс берушінің алдын ала жазбаша келісімінсіз Шарт бойынша өз міндеттерін кімге де болсын толық, не жартылай бермеуге тиіс.

6.4. Ешқандай да ауытқулар немесе өзгертулер (Жеткізушімен берілетін техникалық өзгешеліктер, түсіру әдістері, жеткізу орны және т.б.) Шарттың құжаттамасына, екі Тараппен де қол қойылған жазбаша өзгертулерді қоспағанда, рұқсат етілмейді.

7. Бақылау
7.1. Тапсырыс беруші немесе оның өкілдері Тауарды Қабылдау-табыстау кесіміне қол қойғанға дейін Тауардың ерекшеліктеріне сәйкестігін растау үшін Тауарға бақылау және\немесе сынақ жүргізе алады. Тапсырыс берушімен жүргізілген бақылауға кетірілген шығындарды Жеткізуші тартады.

7.2. Бақылау және сынақ Тауарды жеткізген орнында жүргізіледі.

7.3. Егер Тауар жүргізілген бақылау және\немесе сынақ нәтижелері бойынша ерекшеліктерге сәйкес келмеген жағдайда Тапсырыс беруші одан бас тартуға құқылы, ал Жеткізуші Тауарды тиісті дәрежеде және сапалы түрде қайта орындауға немесе Тапсырыс берушінің талабы бойынша тиістің соманың ақшасын қайтарылуын қамтамсыз етуге міндеттенеді.
8. Тауарға кепілдік беру
8.1. Жеткізуші Шарттың шеңберінде жеткізілген Тауар жаңа және пайдаланбаған, ақаулықтары болмайтыны туралы кепілдік береді.

8.2. Тапсырыс беруші 10 (он) күнтізбелік күн ішінде Жеткізушіні көрсетілген Тауарда табылған ақаулықтарға байланысты барлық шағым-талаптар туралы жазбаша түрде хабардар етеді.

8.3. Тапсырыс берушіден осындай хабарлама алынғаннан кейін Жеткізуші көрсетілген Тауардағы ақаулықтарды Тапсырыс берушімен белгіленген мерзімдерде Тапсырыс беруші тарабынан ешқандай шығындарды келтіруісіз жоюға тиіс.

8.4. Егер Жеткізуші хабарламаны алып, Тауардағы ақаулық(тар)ды Тапсырыс берушімен белгіленген мерзімдерде жоймаса, онда Тапсырыс беруші Жеткізушінің есебінен ақаулықтарды жою бойынша қажетті жазалау шаралары мен тиісті шараларды қабылдауға құқылы.
9. Тараптардың жауапкершілігі
9.1. Тараптар Шарт бойынша міндеттемелерді орындамағандары және\немесе тиісті түрде орындамағандары үшін Тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік тартады.

9.2. Жеткізушімен Шарттың 4.1. тармағында қарастырылған Тауарды жеткізу мерзімі бұзылған жағдайда Тапсырыс беруші Жеткізушіден мерзімі өткен әрбір күні үшін Шарт бойынша Тауар құнынан 0,1% (нөл бүтін оннан бір пайыз) көлемінде тұрақсыздық айыбын төлетуге құқылы.

9.3. Жеткізушімен Тапсырыс беруші белгілеген Тауардағы ақаулықтарды жою мерзімі бұзылған жағдайда Тапсырыс беруші Жеткізушіден мерзімі өткен әрбір күн үшін ақаулы Тауар құнынан 0,1% (нөл бүтін оннан бір пайыз) көлемінде тұрақсыздық айыбын төлетуге құқылы.

9.4. Тапсырыс берушімен Шарттың 3.3. т. қарастырылған, Тауарды төлеу мерзімі бұзылған жағдайда Тапсырыс беруші Жеткізушінің талабы бойынша мерзімі өткен әрбір күн үшін төленуге жататын сомадан 0,1% (нөл бүтін оннан бір пайыз), бірақ төленуге жататын сомадан 5% (бес пайыз) артық есем көлемінде тұрақсыздық айыбын төлейді.

9.5. Егер Жеткізуші Тапсырыс берушімен және\немесе Шартпен белгіленген, осы Шарттың 5.4.4. тармағына сәйкес ақпараттарды уақтылы бермеген жағдайда Тапсырыс беруші жеткізілген Тауар мен көрсетілген Қызметтерді төлемеуге құқылы.

9.6. Егер осы Шарт бойынша қазақстандық мазмұнның пайызы осы Шарттың №2 қосымшасында белгіленген нысан бойынша берілгеннен төмен болса, онда Тапсырыс беруші Жеткізушіден Шарттың Жалпы сомасынан 5% (бес пайыз) көлемінде, сонымен қатар орындалмаған қазақстандық мазмұнның әр 1% (бір пайызы) үшін 0,15% (нөл бүтін жүзден он бес пайыз) көлемінде айыппұл төлетуге және\немесе Шартты бұзуға құқылы.

9.7. Тараптармен тұрақсыздық айыбын төлеу оларды Шарт бойынша міндеттемелерді орындаудан босатпайды.

9.8. Жеткізушімен Тауарларды жеткізу мерзімдері бұзылғаны үшін есептелінген тұрақсыздық сомасы Тапсырыс берушімен Шарт бойынша төлемді жүзеге асыру кезінде ұстап қалуға жатады.

9.9. Шартпен қарастырылған өз міндеттемелері Жеткізушімен орындалмаған немесе тиісті түрде орындалмаған жағдайда Жеткізуші Тапсырыс берушіге Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Жеткізушінің барлық қызмет көрсететін банктерінде жазылған төлем талап-тапсырмасымен Жеткізушінің барлық банктік шоттарынан тұрақсыздық айыбына есептелген, Тапсырыс берушімен төленген сомаға тең соманы акцепсіз түрде есептен шығаруға (алып қоюға) құқық береді. Ақшаны алып қоюдың дәлелділігін растайтын құжат болып, сонымен қатар Жеткізушінің келісімі болып осы Шарттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі мен Жеткізушінің есеп шотына төлем жүргізілген Тапсырыс берушінің төлем тапсырмасының көшірмесі, сонымен қатар Тапсырыс берушінің уәкілетті тұлғасымен қол қойылған және мөрімен бекітілген айыппұл санкцияларының есебі саналады. Тапсырыс берушімен ақша есептен шығарылған (алып қойылған) жағдайда Жеткізушінің Тапсырыс берушіге ешқандай шағым-талабы болмайды.
10. Дүлей күш жағдайлары \форс-мажор\
10.1. Тараптар Шарт бойынша міндеттемелерін жартылай және толық орындамағандары үшін жауапкершіліктен босатылады, егер Тараптардың міндеттемелерді тиісті түрде орындамауы дүлей күш жағдайының салдарынан болса, оған жататындар: табиғат апаты, әскери жанжалдар, азаматтық тәртіпсіздіктер, тыйым салатын немесе шектеу сипатындағы нормативтік құқықтық кесімдерді Тауарды өндіретін, Тапсырыс берушінің\Жеткізушінің елінде, Тауардың транзиті мүмкін болатын елдерде шығару, эмбарго, экспортқа\импортқа тыйым салу және өзгелері.

10.2. Дүлей күш жағдайлары орын алған жағдайда одан зардап шегуші Тарап 5 (бес) күннен кешіктірмей, екінші Тарапты ол туралы жазбаша түрде хабардар етуге міндетті. Хабарламада жағдайлардың сипаты, дүлей күш жағдайларының басталу фактісі мен Тараптардың міндеттемелерін орындамауы арасындағы себеп-салдық байланыс көрсетілуі тиіс. Бұл жағдайда хабарламаға қоса дүлей күш жағдайларының басталуын растайтын, уәкілетті органның берген құжаты тіркеледі. Дүлей күш жағдайы туралы уақтылы және тиісті дәрежеде хабарламау тиісті Тараптардың бірін Шарт бойынша өз міндеттемелерін жартылай немесе толық орындамағаны үшін жауапкершіліктен босататын құқықтан айырады. Дүлей күш жағдайлары тоқтаған жағдайда міндеттемелерін орындауға ықпал еткен Тарап жазбаша түрде ол туралы екінші Тарапқа хабарлауға міндетті.

10.3. Дүлей күш салдары туындаған жағдайда Тараптардың өз міндеттемелерін орындау мерзімі Шартқа сәйкес дүлей күш салдарының әрекет ету мерзіміне сәйкесінше уақытқа ұзартылады.

10.4. Егер дүлей күш жағдайлары қатарынан 2 (екі) айдан аса созылатын болса, Тараптардың әрқайсысы бұзу датасына дейін 5 (бес) жұмыс күні бұрын жазбаша түрде хабардар етіп, міндетті түрде өзара есеп айрысуларды жүргізу арқылы осы шартты бұзуға құқылы.
  1   2   3   4

Похожие:

Тауарларды сатып алу туралы № шарт Алматы қ., 2012 жылы Бір тараптан 20. 12. 2011ж. №264-11 Бас сенімхаты негізінде әрекет етуші, бұдан әрі «Тапсырыс беруші» iconҚызметтерді сатып алу туралы № Шарт Шымкент қ. 2012 жыл Бір тараптан 20. 12. 2011ж. №274-11 бас сенімхат негізінде әрекет етуші, «Қазпочта»
Ережесінің 97-т және қызметтерін баға ұсыныстарын сұрау әдісімен сатып алу жөнінде жылы өткізілген қорытындылары туралы № хаттама...
Тауарларды сатып алу туралы № шарт Алматы қ., 2012 жылы Бір тараптан 20. 12. 2011ж. №264-11 Бас сенімхаты негізінде әрекет етуші, бұдан әрі «Тапсырыс беруші» iconТауарды сатып алу туралы № шарт Астана қ. 20 ж. Бұдан әрі «Тапсырыс беруші»
Бұдан әрі «Тапсырыс беруші» деп аталатын «ҚазМұнайГаз-Сервис» жшс атынан Жарғы негізінде әрекет ететін бас директор Кеулімжаев С....
Тауарларды сатып алу туралы № шарт Алматы қ., 2012 жылы Бір тараптан 20. 12. 2011ж. №264-11 Бас сенімхаты негізінде әрекет етуші, бұдан әрі «Тапсырыс беруші» iconҚызмет сатып алу туралы шарты № Талдықорған қ. 2012ж. Бір тараптан 04. 06. 2012ж. №93-12 бас сенімхат негізінде әрекет етуші, «Қазпочта»
Ережесінің 97-т және қызметтерін баға ұсыныстарын сұрау әдісімен сатып алу жөнінде 2012 жылы өткізілген қорытындылары туралы хаттама...
Тауарларды сатып алу туралы № шарт Алматы қ., 2012 жылы Бір тараптан 20. 12. 2011ж. №264-11 Бас сенімхаты негізінде әрекет етуші, бұдан әрі «Тапсырыс беруші» iconӨнімнің сәйкестігін растауға арналған № шарт алматы қаласы. 2012ж Бұдан әрі, «Орындаушы»
Мемлекеттік кәсіпорыны атынан Жарғы негізінде әрекет етуші Бас директор Арнур Исабайұлы Нұртаев бірінші жағынан және бұдан әрі «Тапсырыс...
Тауарларды сатып алу туралы № шарт Алматы қ., 2012 жылы Бір тараптан 20. 12. 2011ж. №264-11 Бас сенімхаты негізінде әрекет етуші, бұдан әрі «Тапсырыс беруші» icon«Думан» қонақ-үй кешенінде номерлерді беру бойынша қызметтер көрсетуге шарт Астана қаласы 20 ж. «Kaz Management Group»
Жарғы негізінде әрекет ететін, бір тараптан, және, бұдан әрі «Тапсырыс беруші» деп аталатын, атынан, негізінде әрекет ететін, екінші...
Тауарларды сатып алу туралы № шарт Алматы қ., 2012 жылы Бір тараптан 20. 12. 2011ж. №264-11 Бас сенімхаты негізінде әрекет етуші, бұдан әрі «Тапсырыс беруші» iconЕлді мекендердің схемалық бас жоспарын дайындау қызметін мемлекеттік сатып алу туралы келісім шарт №1 Шәуілдір ауылы 2009 ж. Бұдан әрі Тапсырыс беруші деп аталатын «Отырар ауданының сәулет және қала құрылысы бөлімі»
«Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңның (бұдан әрі – Заң) және мемлекеттік сатып алу баға ұсыныстарының қорытындылары негізінде 2009...
Тауарларды сатып алу туралы № шарт Алматы қ., 2012 жылы Бір тараптан 20. 12. 2011ж. №264-11 Бас сенімхаты негізінде әрекет етуші, бұдан әрі «Тапсырыс беруші» iconТауарларды сатып алу туралы Келісім шарт № Астана қ. 2012 жыл «Зерде» Ұлттық инфокоммуникация холдингі» Акционерлік қоғамы, бұдан әрі «Тапсырыс беруші»
Сатып алу ережелері) және № баға ұсыныстары арқылы қорытынды негізінде, тауарды сатып алу туралы осы Келісім шартты (бұдан әрі –...
Тауарларды сатып алу туралы № шарт Алматы қ., 2012 жылы Бір тараптан 20. 12. 2011ж. №264-11 Бас сенімхаты негізінде әрекет етуші, бұдан әрі «Тапсырыс беруші» iconТауарларды сатып алу туралы Келісім шарт № Астана қ. 2012 жыл «Зерде» Ұлттық инфокоммуникация холдингі» Акционерлік қоғамы, бұдан әрі «Тапсырыс беруші»
Сатып алу ережелері) және № баға ұсыныстары арқылы қорытынды негізінде, тауарды сатып алу туралы осы Келісім шартты (бұдан әрі –...
Тауарларды сатып алу туралы № шарт Алматы қ., 2012 жылы Бір тараптан 20. 12. 2011ж. №264-11 Бас сенімхаты негізінде әрекет етуші, бұдан әрі «Тапсырыс беруші» iconТауарларды сатып алу туралы Келісім шарт № Астана қ. 2012 жыл «Зерде» Ұлттық инфокоммуникация холдингі» Акционерлік қоғамы, бұдан әрі «Тапсырыс беруші»
Сатып алу ережелері) және № баға ұсыныстары арқылы қорытынды негізінде, тауарды сатып алу туралы осы Келісім шартты (бұдан әрі –...
Тауарларды сатып алу туралы № шарт Алматы қ., 2012 жылы Бір тараптан 20. 12. 2011ж. №264-11 Бас сенімхаты негізінде әрекет етуші, бұдан әрі «Тапсырыс беруші» iconТауарларды сатып алу туралы Келісім шарт № Астана қ. 2012 жыл «Зерде» Ұлттық инфокоммуникация холдингі» Акционерлік қоғамы, бұдан әрі «Тапсырыс беруші»
Сатып алу ережелері) және № баға ұсыныстары арқылы қорытынды негізінде, тауарды сатып алу туралы осы Келісім шартты (бұдан әрі –...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница