"Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi мен жергiлiктi атқарушы органдардың автомобиль жолдары саласындағы мемлекеттiк қызмет стандарттарын




Название"Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi мен жергiлiктi атқарушы органдардың автомобиль жолдары саласындағы мемлекеттiк қызмет стандарттарын
страница1/7
Дата конвертации09.07.2013
Размер1.33 Mb.
ТипДокументы
  1   2   3   4   5   6   7
"Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi мен жергiлiктi атқарушы органдардың автомобиль жолдары саласындағы мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Жол шаруашылығын құқықтық қамтамасыз етудi жетiлдiру туралы 1998 жылғы 5 қыркүйектегi № 845 және "Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiн бекiту туралы" 2010 жылғы 20 шiлдедегi № 745 қаулыларына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 16 қазандағы № 1315 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексiнiң 34-бабына және «Әкiмшiлiк рәсiмдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қоса берiлiп отырған:
      1) «Халықаралық және республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының жолақ бөлiгiнде сыртқы (көрнекi) жарнама орналастыруға рұқсат беру» мемлекеттiк қызмет стандарты;
      2) «Облыстық және аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы, сондай-ақ елдi мекендердегi автомобиль жолдарының жолақ бөлiгiнде сыртқы (көрнекi) жарнама орналастыруға рұқсат беру» мемлекеттiк қызмет стандарты;
      3) «Халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының арналармен, байланыс және электр беру желiлерiмен, мұнай құбырларымен, газ құбырларымен, су құбырларымен және темiр жолдармен және басқа да инженерлiк желiлермен және коммуникациялармен қиылысуына рұқсат беру» мемлекеттiк қызмет стандарты;
      4) «Халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында темiржол өткелдерiн орналастыруға, қайта жаңартуға, жөндеуге және бұзуға рұқсат беру» мемлекеттiк қызмет стандарты;
      5) «Халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарынан 2,5 км аз қашықтықта көпiрлерден жоғары немесе төмен мелиорациялық және басқа да мақсаттар үшiн өзен мен суағар арналарын тереңдетуге рұқсат беру» мемлекеттiк қызмет стандарты;
      6) «Халықаралық және республикалық маңызы бар жолдармен қосылған немесе жердiң еңiстiгi бойынша жолдардан жоғары орналасқан шлюздер, бөгеттер және басқа да мелиорациялық және гидротехникалық құрылыстар орнатуға, қайта жаңартуға және жөндеуге рұқсат беру» мемлекеттiк қызмет стандарты;
      7) «Халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарынан шығатын жерлер мен жүктердi тиеуге және түсiруге арналған алаңдар орнатуға рұқсат беру» мемлекеттiк қызмет стандарты;
      8) «Халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарымен қиылысатын жерде темiр жолдардың көтерiлуiне және төмендетiлуiне немесе қосымша жол төсеуге рұқсат беру» мемлекеттiк қызмет стандарты бекiтiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      1) «Жол шаруашылығын құқықтық қамтамасыз етудi жетiлдiру туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 5 қыркүйектегi № 845 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., № 31, 269-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының аумағында автомобиль жолдарын пайдаланудың тәртiбiнде:
      12-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «12-1. Жол органдары келiсудi жетi жұмыс күнiнен кешiктiрмей жүргiзедi (техникалық шарттар мен паспорттар берудi жүзеге асырады).
      Жол полициясының бөлiмшелерi келiсудi жетi жұмыс күнiнен кешiктiрмей жүргiзедi.»;
      мынадай мазмұндағы 23-1, 23-2, 23-3 және 23-4 тармақтармен толықтырылсын:
      «23-1. Халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында темiр жол өткелдерiн орнатуға, қайта жаңартуға, жөндеуге және бұзуға және 2,5 км аз қашықтықта көпiрлерден жоғары немесе төмен мелиорациялық және басқа да мақсаттар үшiн өзен мен суағар арналарын тереңдетуге жол органдарының келiсiмiн алу үшiн автомобиль жолдарын пайдаланушылар мынадай құжаттарды:
      1) еркiн нысандағы жазбаша өтiнiштi;
      2) автомобиль жолының титулын (атауын), мекенжайларын және жұмыс жүргiзудiң түрлерiн;
      3) жұмыс жобасын ұсынады.
      23-2. Халықаралық және республикалық маңызы бар жолдармен қосылған немесе жердiң еңiстiгi бойынша жолдан жоғары орналасқан шлюздер, бөгеттер және басқа да мелиорациялық және гидротехникалық құрылыстар орнатуға, қайта жаңартуға, жөндеуге жол органдарының келiсiмiн алу үшiн автомобиль жолдарын пайдаланушылар мынадай құжаттарды:
      1) еркiн нысандағы жазбаша өтiнiштi;
      2) автомобиль жолының титулын (атауын), мекенжайларын және жұмыс жүргiзудiң түрлерiн;
      3) гидротехникалық құрылыстардың автомобиль жолдарынан арақашықтығымен жұмыс жобасын ұсынады.
      23-3. Халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарынан түсетiн жерлер мен жүктердi тиеуге және түсiруге арналған алаңдар орнатуға жол органдарының келiсiмiн алу үшiн автомобиль жолдарын пайдаланушылар мынадай құжаттарды:
      1) еркiн нысандағы жазбаша өтiнiштi;
      2) автомобиль жолының титулын (атауын), мекенжайларын және жұмыс жүргiзудiң түрлерiн;
      3) жұмыс жобасын;
      4) автомобиль жолдарының атауын және мекенжайларын (км+м) көрсете отырып, халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарға жанасу, қиылысу схемасын;
      5) халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарына жанасуға және қиылысуға арналған белгiлердi орнатудың және жұмыс жүргiзiлетiн жерлердi қоршаудың схемасын ұсынады.
      23-4. Халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарымен қиылысатын жерде темiр жолдардың көтерiлуiне және төмендетiлуiне немесе қосымша жол төсеуге рұқсат беру үшiн автомобиль жолдарын пайдаланушылар мынадай құжаттарды:
      1) еркiн нысандағы жазбаша өтiнiштi;
      2) автомобиль жолының титулын (атауын), мекенжайларын және жұмыс жүргiзудiң түрлерiн;
      3) жұмыс жобасын;
      4) автомобиль жолдарының атаулары мен мекенжайлары көрсетiлген халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарымен қиылысатын жерде темiр жолдарды көтерудiң және төмендетудiң немесе қосымша жол төсеудiң схемасын;
      5) халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарымен қиылысатын жерде темiр жолдарды көтеру және төмендету немесе қосымша жол төсеу белгiлерiн орналастыру және жұмыс жүргiзiлетiн жерлердi қоршау схемасын ұсынады.
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының жолақ бөлiгiнде сыртқы (көрнекi) жарнама орналастыру тәртiбiнде:
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Жол органдары немесе концессионер пайдаланбайтын жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының жолақ бөлiгiндегi жер учаскелерiн жолдың көлiктiк-пайдалану сапасының төмендеуiне жол бермеу, көлiк құралдары қозғалысының қауiпсiздiгi мен қоршаған органы қорғау талаптарын сақтау шартымен сыртқы (көрнекi) жарнаманы орналастыру үшiн жеке және заңды тұлғаларға шарт бойынша:
      1) халықаралық және республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының жолақ бөлiгiнде – автомобиль жолдары жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган;
      2) облыстық және аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының жолақ бөлiгiнде – облыстың немесе ауданның жергiлiктi атқарушы органы уақытша қысқа мерзiмдi жер пайдалануға беруi мүмкiн.»;
      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының жолақ бөлiгiнде сыртқы (көрнекi) жарнама объектiлерiн орналастыруға рұқсат алу үшiн объектiлердiң иелерi жол органдарына немесе жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдары иелiгiнде болатын жергiлiктi атқарушы органдарға орналастыру орнын, өз деректемелерiн көрсете отырып, объектiнi орналастыруды ресiмдеу туралы өтiнiш бередi. Өтiнiшке объектiнiң түстiк шешiмдерi мен өлшемдерi бар эскиз қоса берiледi.
      Жол органдары немесе жергiлiктi атқарушы органдар өтiнiшке сәйкес объектiлердiң орналасу орнын анықтайды (немесе басқа орын ұсынады), сондай-ақ сыртқы (көрнекi) жарнама объектiлерiнiң өлшемдерi мен көркемдiк орындалуының Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестiгiн тексередi».
      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «7. Паспортты республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдары бойынша жол органы немесе облыстық немесе аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдары бойынша жергiлiктi атқарушы орган бередi және бес жұмыс күн iшiнде жол полициясы бөлiмшелерiмен келiсiледi.
      Паспорт бiр жылдан аспайтын мерзiмге берiледi және сыртқы (көрнекi) жарнама объектiсi иесiнiң жазбаша өтiнiшi бойынша ұзартылады.
      Орнатылған объектiлердiң мөлшерлерi өзгерген жағдайда паспорт қайта ресiмдеуге жатады.
      Паспорттың қолданылуы объектiнiң iс жүзiндегi мөлшерi паспортқа енгiзiлген мөлшерге сәйкес келмейтiндiгi анықталған кезде тоқтатылады».
      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «15. Құжаттамаларды тиiсiнше ресiмдемей және оны жол органдарында немесе жергiлiктi атқарушы органдарда, жол полициясы бөлiмшелерiнде келiспей, сыртқы (көрнекi) жарнама объектiлерiн өз бетiнше орналастыруға тыйым салынады.»;
      2) «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 20 шiлдедегi № 745 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 44, 401-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтер тiзiлiмiнде:
      реттiк нөмiрлерi 118 және 119 - жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

      «

118.

Халықаралық және республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының жолақ бөлiгiнде сыртқы (көрнекi) жарнама орналастыруға рұқсат беру

Жеке және заңды тұлға лар

ККМ

ККМ Автомобиль жолдары комитетiнiң облыстық департамент терi

ККМ Автомобиль жолдары комитетiнiң облыстық департаменттерi, ХҚКО

Қағаз түрiнде (паспорт)

119.

Облыстық және аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы, сондай-ақ елдi мекендердегi автомобиль жолдарының жолақ бөлiгiнде сыртқы (көрнекi) жарнама орналастыруға рұқсат беру

Жеке және заңды тұлғалар

ККМ

Облыстардың және Астана, Алматы қалаларының жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары басқармалары, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың тұрғын-үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары бөлiмдерi, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) сәулет және қала құрылысы бөлiмдерi

Облыстардың және Астана, Алматы қалаларының жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары басқармалары, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың тұрғын-үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары бөлiмдерi, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) сәулет және қала құрылысы бөлiмдерi, ХҚКО

Қағаз түрiнде (паспорт, рұқсат)

»;

      реттiк нөмiрi 120-жол алынып тасталсын;
      реттiк нөмiрi 122-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      «

122.

«Халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында темiржол өткелдерiн орналастыруға, қайта жаңартуға, жөндеуге және бұзуға рұқсат беру» мемлекеттiк қызмет стандарты

Жеке және заңды тұлғалар

ККМ

ККМ Автомобиль жолдары комитетiнiң облыстық департаменттерi

ККМ Автомобиль жолдары комитетiнiң облыстық департамент терi, ХҚКО

Қағаз түрiнде (техникалық шарттар беру)

»;

      реттiк нөмiрi 125-жол алынып тасталсын;
      реттiк нөмiрлерi 126, 127-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

      «

126.

«Халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарынан шығатын жерлер мен жүктердi тиеуге және түсiруге арналған алаңдар орнатуға рұқсат беру» мемлекеттiк қызмет стандарты;

Жеке және заңды тұлғалар

ККМ

ККМ Автомобиль жолдары комитетiнiң облыстық департаменттерi

ККМ Автомобиль жолдары комитетiнiң облыстық департамент терi, ХҚКО

Қағаз түрiнде (техникалық шарттар беру)

127.

«Халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарымен қиылысатын жерде темiр жолдардың көтерiлуiне және төмендетiлуiне немесе қосымша жол төсеуге рұқсат беру» мемлекеттiк қызмет стандарты

Жеке және заңды тұлғалар

ККМ

ККМ Автомобиль жолдары комитетiнiң облыстық департаменттерi

ККМ Автомобиль жолдары комитетiнiң облыстық департамент терi, ХҚКО

Қағаз түрiнде (техникалық шарттар беру)

».

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi                                 С Ахметов

Қазақстан Республикасы 
Үкiметiнiң       
2012 жылғы 16 қазандағы
№ 1315 қаулысымен   
бекiтiлген      

«Облыстық және аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы, сондай-ақ елдi мекендердегi автомобиль жолдарының жолақ
бөлiгiнде сыртқы (көрнекi) жарнама орналастыруға рұқсат беру»
мемлекеттiк қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. «Облыстық және аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы, сондай-ақ елдi мекендердегi автомобиль жолдарының жолақ бөлiгiнде сыртқы (көрнекi) жарнама орналастыруға рұқсат беру» мемлекеттiк қызметiн (бұдан әрi – мемлекеттiк қызмет) сәулет және қала құрылысы, автомобиль жолдары саласындағы қызметтердi жүзеге асыратын тиiстi жергiлiктi атқарушы органдардың құрылымдық бөлiмшелерi (бұдан әрi – жергiлiктi атқарушы органдардың құрылымдық бөлiмшелерi) осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетiлген мекенжай бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi Мемлекеттiк қызметтердi автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметiн үйлестiру комитетiнiң «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттiк кәсiпорны (бұдан әрi – ХҚКО) арқылы балама негiзде осы стандарттың 2-қосымшасында көрсетiлген мекенжайлар бойынша көрсетедi.
      2. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нысаны: автоматтандырылмаған.
      3. Мемлекеттiк қызмет «Автомобиль жолдары туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шiлдедегi Заңының 10-бабының 1-тармағы 2) тармақшасы, «Жарнама туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 19 желтоқсандағы Заңының 11-бабының 2-тармағы 1-1) тармақшасы, «Жол шаруашылығын құқықтық қамтамасыз етудi жетiлдiру туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 5 қыркүйектегi № 845 қаулысымен бекiтiлген Жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының жолақ бөлiгiнде сыртқы (көрнекi) жарнаманы орналастыру тәртiбiнiң 5-тармағы және «Елдi мекендерде сыртқы (көрнекi) жарнама объектiлерiн орналастыру ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы 7 ақпандағы № 121 қаулысы негiзiнде жүзеге асырылады.
      4. Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi туралы толық ақпарат:
      1) осы стандарттың 3-қосымшасында көрсетiлген жергiлiктi атқарушы органдардың интернет-ресурсында;
      2) ХҚКО интернет-ресурсында: www.con.gov.kz;
      3) мемлекеттiк қызметтi алушы үшiн жергiлiктi атқарушы органдардың құрылымдық бөлiмшелерi ғимараттарының ең көрнекi жерiнде орнатылған стендiлерде;
      4) ХҚКО ғимараттарында орнатылған стендiлерде;
      5) «электрондық үкiмет» 1414 call-орталығында орналастырылған.
      5. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нәтижесi елдi мекендерге сыртқы (көрнекi) жарнаманы орналастыруға рұқсат (бұдан әрi – рұқсат) беру немесе қағаз тасығышта облыстық және аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiне сыртқы (көрнекi) жарнаманы орналастыруға паспорт (бұдан әрi - паспорт) беру немесе қағаз тасығышта мемлекеттiк қызметтi ұсынудан бас тарту туралы дәлелдi жауап беру болып табылады.
      6. Мемлекеттiк қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрi – мемлекеттiк қызметтi алушы) көрсетiледi.
      7. Мемлекеттiк қызметтi көрсетудiң мерзiмдерi:
      жергiлiктi атқарушы органдардың құрылымдық бөлiмшелерiне жүгiнген кезде:
      1) өтiнiш берiлген сәттен бастап – бес жұмыс күнi iшiнде мемлекеттiк қызметтi алушыға облыстық және аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы, сондай-ақ елдi мекендердегi автомобиль жолдарының жолақ бөлiгiндегi сыртқы (көрнекi) жарнама орналастыруға рұқсат немесе паспорт берiледi немесе жазбаша дәлелдi бас тарту берiледi;
      2) осы стандарттың 11-тармағында көрсетiлген, өтiнiштi тапсыру кезiнде кезекте тұрудың рұқсат етiлген ең ұзақ уақыты 20 минуттан аспайды;
      3) паспортты алу кезiнде кезекте тұрудың рұқсат етiлген ең ұзақ уақыты 20 минуттан аспайды;
      мына:
      1) ХҚКО-ның аудандық бөлiмiне жүгiнген кезде:
      паспортты немесе рұқсат беру бес жұмыс күнi iшiнде жүзеге асырылады (құжаттар жергiлiктi атқарушы органдардың құрылымдық бөлiмшелерiне жеткiзiлетiн 2 күн және ХҚКО-ға орындалған құжаттар жеткiзiлетiн 2 күн мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмiне кiрмейдi);
      2) ХҚКО-ның облыстық бөлiмiне жүгiнген кезде:
      паспортты немесе рұқсат беру бес жұмыс күнi iшiнде жүзеге асырылады (құжаттарды қабылдау және беру күнi мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмiне кiрмейдi);
      3) осы стандарттың 11-тармағында көрсетiлген қажеттi құжаттарды тапсыру кезiнде кезекте тұрудың рұқсат етiлген ең ұзақ уақыты 20 минуттан аспайды;
      4) паспортты алу кезiнде кезекте күтудiң рұқсат етiлген ең ұзақ уақыты 20 минуттан аспайды.
      8. Мемлекеттiк қызмет тегiн көрсетiледi.
      9. Мемлекеттiк қызмет:
      1) жергiлiктi атқарушы органдардың құрылымдық бөлiмшелерiне жүгiнген кезде:
      жергiлiктi атқарушы органдардың құрылымдық бөлiмшелерiнiң белгiленген жұмыс кестесiне сәйкес түскi асқа үзiлiссiз, демалыс және мейрам күндерiн қоспағанда, күн сайын дүйсенбiден жұма аралығында көрсетiледi.
      Қабылдау кезек тәртiбiмен, алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусiз жүзеге асырылады.
      2) ХҚКО-на жүгiнген кезде:
      ХҚКО-ның белгiленген жұмыс кестесiне сәйкес, түскi үзiлiссiз сағат 09.00-ден 20.00-ге дейiн, демалыс және мейрам күндерiн қоспағанда, күн сайын дүйсенбiден сенбi аралығында көрсетiледi.
      Қабылдау «электронды» кезек тәртiбiмен, алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусiз жүзеге асырылады.
      10. Мемлекеттiк қызмет қажеттi құжаттардың тiзбесi және оларды толтыру үлгiлерi, нормативтiк құқықтық актiлердiң деректерi (көшiрмелерi) бар стендiлермен жабдықталған, дене мүмкiндiктерi шектеулi адамдарға жағдай жасалған, күту мен құжаттарды толтыруға арналған орындары бар жергiлiктi атқарушы органдардың құрылымдық бөлiмшелерiнiң ғимараттарында осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетiлген мекенжайы бойынша көрсетiледi.
      Мемлекеттiк қызмет дене мүмкiндiктерi шектеулi адамдарға арналған пандуспен жабдықталған күту залында мемлекеттiк қызметтi алушының тұрғылықты жерi бойынша ХҚКО-ның ғимаратында көрсетiледi. Залда анықтама бюросы, күту креслолары, толтырылған бланк үлгiлерi бар ақпараттық стендiлер орналасқан.
  1   2   3   4   5   6   7

Похожие:

\"Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi мен жергiлiктi атқарушы органдардың автомобиль жолдары саласындағы мемлекеттiк қызмет стандарттарын  iconҚазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi, жергiлiктi атқарушы органдар көрсететiн бiлiм және ғылым саласындағы мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту туралы
Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi, жергiлiктi атқарушы органдар көрсететiн бiлiм және ғылым саласындағы мемлекеттiк қызмет...
\"Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi мен жергiлiктi атқарушы органдардың автомобиль жолдары саласындағы мемлекеттiк қызмет стандарттарын  iconҚазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi, жергiлiктi атқарушы органдар көрсететiн бiлiм және ғылым саласындағы мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту туралы
Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi, жергiлiктi атқарушы органдар көрсететiн бiлiм және ғылым саласындағы мемлекеттiк қызмет...
\"Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi мен жергiлiктi атқарушы органдардың автомобиль жолдары саласындағы мемлекеттiк қызмет стандарттарын  iconҚазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi, жергiлiктi атқарушы органдар көрсететiн бiлiм және ғылым саласындағы мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту туралы
Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi, жергiлiктi атқарушы органдар көрсететiн бiлiм және ғылым саласындағы мемлекеттiк қызмет...
\"Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi мен жергiлiктi атқарушы органдардың автомобиль жолдары саласындағы мемлекеттiк қызмет стандарттарын  iconКодексінің 34-бабына, «Әкімшілік рәсімдер туралы»
...
\"Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi мен жергiлiктi атқарушы органдардың автомобиль жолдары саласындағы мемлекеттiк қызмет стандарттарын  iconҚазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру iстерi агенттiгi, дене шынықтыру және спорт саласындағы жергiлiктi атқарушы органдар көрсететiн мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту туралы
Егемен Қазақстан" 2012. 09. 05. №582-587 (27660), 2012. 09. 08. №592-596 (27669); "Казахстанская правда" 05. 09. 2012 г., №297-298...
\"Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi мен жергiлiктi атқарушы органдардың автомобиль жолдары саласындағы мемлекеттiк қызмет стандарттарын  iconҚазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру iстерi агенттiгi, дене шынықтыру және спорт саласындағы жергiлiктi атқарушы органдар көрсететiн мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту туралы
Егемен Қазақстан" 2012. 09. 05. №582-587 (27660), 2012. 09. 08. №592-596 (27669); "Казахстанская правда" 05. 09. 2012 г., №297-298...
\"Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi мен жергiлiктi атқарушы органдардың автомобиль жолдары саласындағы мемлекеттiк қызмет стандарттарын  iconҚазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру iстерi агенттiгi, дене шынықтыру және спорт саласындағы жергiлiктi атқарушы органдар көрсететiн мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту туралы
Егемен Қазақстан" 2012. 09. 05. №582-587 (27660), 2012. 09. 08. №592-596 (27669); "Казахстанская правда" 05. 09. 2012 г., №297-298...
\"Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi мен жергiлiктi атқарушы органдардың автомобиль жолдары саласындағы мемлекеттiк қызмет стандарттарын  iconҚазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiнiң мемлекеттiк қызметтер көрсету стандарттарын бекiту туралы
...
\"Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi мен жергiлiктi атқарушы органдардың автомобиль жолдары саласындағы мемлекеттiк қызмет стандарттарын  iconҚазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiнiң мемлекеттiк қызметтер көрсету стандарттарын бекiту туралы
...
\"Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi мен жергiлiктi атқарушы органдардың автомобиль жолдары саласындағы мемлекеттiк қызмет стандарттарын  iconФитосанитариялық қауiпсiздiк және тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 20 шiлдедегi №745 қаулысына өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы

Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница