Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі




Скачать 124.72 Kb.
НазваниеҚазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Дата конвертации09.07.2013
Размер124.72 Kb.
ТипДокументы
1 бет

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті

2 бет

Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті Семей өңірінің өзге жоғары оқу орындарынан сапалық жағынан ерекшеленіп тұрады, өйткені ол көпсалалы классикалық университет үлгісіндегі оқу орны болып табылады. 1995 жылы зоотехникалық-мал дәрігерлік, педагогикалық, технологиялық және қаржы институттары негізінде құрылған. Шәкәрім атындағы СМУ Қазақстанның Солтүстік-Шығыс өңіріндегі мәдени, оқу-әдістемелік және ғылыми орталық бола келе, жоғары мектеп дәстүрлерін сақтай және молайта алды.

Университетті тарих ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Ұлттық кеңестің мүшесі, «Парасат» орденінің иегері Сыдықов Ерлан Бәтташұлы басқарады.

Оқу орнында жаратылыстану, әлеуметтік-гуманитарлық, техникалық, ауыл шаруашылық ғылымдары, ветеринария, бизнес және құқық салаларына ең қажет етілетін мамандықтарының кең ауқымы бойынша мамандар даярланады, оның ішінде бакалавриаттың 46 мамандығы, жоғары арнаулы білім берудің 2 мамандығы, магистратураның 26 мамандығы және 4 PhD - докторантураның мамандығы бойынша даярлау жүргізіледі. Жоғары оқу орнын басқару жүйесін жетілдіру үшін университетте Сапа менеджменті жүйесі (СМЖ) енгізілді, сертификаттаудан өтті және табысты қолданылып келеді, ол швейцариялық «SGS Іпternational Certifcation Services»» компаниясы жүргізген ISO 9001-2000 халықаралық стандартының талаптарына сәйкестігіне екі мәрте тексеруден өтті.

Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің республиканың қоғамдық өмірінде ғана емес, одан тыс жерлерде де университеттің абырой-беделінің артқандығын, оның жоғары халықаралық мәртебесі, сондай-ақ университет ректорының іскерлік қабілетінің танымалдығын келесі наградалар дәлелдейді: «Жоғары сапалы іскерлігі үшін» «Қарқынды дамудағы кәсіпорын», « Жаһандық сапаны өрлеткені үшін алтын сертификаты » (Швейцария, Женева қ.), «Үздік басқару жүйесі», «ХХІ ғасырдағы білім және ғылым» (Қазақстан, Астана қаласы). «Ұлттық экономика көшбасшысы - 2007» Құрмет белгісі (Ресей, Мәскеу). Университет АҚШ, Германия, Ұлыбритания, Жапония, Қытай, Түркия, Венгрия, Словения, Польша, Ресей, Беларус Республикасы, Украина, Балтық елдері, Қырғыздың жоғары оқу орындарымен халықаралық ынтымақтастықты іске асырады. Біздің студенттеріміз «Болашақ» желісі бойынша әлемнің түрлі елдерінде (АҚШ, Германия, Қытай, Чехия, Түркия, Ресей) оқуларын жалғастыруда.

Алғашқыда техникалық бейінді институттар негізінде құрылған Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті қазірде де ғылым мен білімді дамытудың бағытына сәйкес келетін осы бағытты дамыту үстінде.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 15.03. 2007 жылдың №120 бұйрығы бойынша Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінде инженерлік бейінді зертхана құрылды.

3 бет

Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті

Инженерлік бейінді зертхана

Радиоэкологиялық зерттеулердің ғылыми орталығы

4 бет

Кәкімов Айтбек Қалиұлы – техникалық ғылымдарының докторы, профессор, Радиоэкологиялық зерттеулер ғылыми орталығының жетекшісі, 2007 жылы Семей қаласы әкімшілігінің "Жылдың үздік ғалымы", 2009 жылы ҚР Білім және ғылым министрлігінің "Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы" грантының иегері; Ғылым мен техниканың дамуына қосқан зор үлесі үшін 2010-2012 жылдар аралығындағы ғалымдар мен мамандарға арналған мемлекеттік стипендия иегері. «INTERACTIVE CORPORATION JAPAN» фирмасының растрлық электрондық микроскопта және рентгенді микроанализаторамен қызмет көрсету және қолдану, "Канберра Индастиз" фирмасының Мәскеудегі өкілінің «CANBERRA» гамма-спектрометрінде сынаманың белсенділік өлшеуіне және нуклидті құрамын анықтауда қызмет көрсету, Alpha Analyst альфа-спектрометірін қолдану және техникалық қызмет көрсету, «Вариан Б. В.» ЖАҚ филиалы Varian 820-ISP масс-спектрометрде жұмыс дағдыларын үйрену кунстарынан өткені туралы сертификаттары бар.
2007 жылы мемлекеттік бағдарлама бойынша Қазақстанның жоғары оқу орындарына инженер бейінді 10 зертхана, ал 2008 жылы тағы 5 зертхана бөлінген болатын. Солардың бірі, ҚР Білім және ғылым министрлігінің құны 200 млн. теңге құрайтын гранты бойынша Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетіне бөлінді. Инженерлік бейінді зертхана 2008 жылдың наурыз айынан бастап қолданысқа енгізілді. 2008 жылғы 6 қазандағы университет ректорының № 69 бұйрығымен инженерлік бейінді зертхана "Радиоэкологиялық зерттеулердің ғылыми орталығы" болып аталды.
"Радиоэкологиялық зерттеулердің ғылыми орталығы" зертхананасы келесі бағыттар бойынша:

-нано- биотехнология;

-радиоэкологиялық жағдайға мониторинг жүргізу бойынша экология;

-халықтың түрлі топтары үшін (балалар егде адамдар, экологиялық жағдайсыз өңір халқы) көпшілік тұтынуға арналған және емдік-профилактикалық мақсаттағы протекторлық қасиеті бар қураматамақ өнімдерін жасау.

Электронды микроскопта, альфа-, гамма-, масс-спектрометр және ионометрия зертханаларында ғылыми зерттеулер жүргізіледі.


5 бет

МИССИЯСЫ:

Елдің және өңірдің экономикасын технологиялық дамытуға келешегі әлеуметті жаңа технологияларды, тауарлар мен қызметтерді құруға және Қазақстанның азық-түлік бағдарламасымен экологиялық қауіпсіздігін жүзеге асыруға бағытталған ғылыми-зерттеу жұмыстарын және мониторингін жүргізу.
«Радиоэкологиялық зерттеулер ғылыми орталығы» Инженерлік бейінді зертхана үй-жайларының орналасуы.
Инженерлік бейінді зертхананың жалпы ауданы 850,2 – м2

Бөлмелердің ауданы 601,94 – м2

«Радиоэкологиялық зерттеулердің ғылыми орталығының» алып тұрған ауданы 232 – м2

6 бет

"Радиоэкологиялық зерттеулер ғылыми орталығы" қызметінің негізгі бағыттары:

Семей сынақ полигоны әсерінен радионуклидтермен ластанған топырақтың қалыптасуы мен оны қайтадан қолдануға беру;

Халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында радионуклидтермен және ауыр металдармен ластанған жер беті және жер асты суларын тазалау әдістерін әзірлеу;

Семей сынақ полигоны және оған шектес аймақтардағы азық-түлік шикізаты мен тамақ өнімдерін санитарлық-ветеринариялық сараптау және оларға санитарлық баға беру;

Қазақстан Республикасы өңірлерінің радиоэкологиялық жағдайына мониторинг жүргізу.
Көпшілік тұтынуға және халықтың детерминацияланған топтары пайдалануға арналған профилактикалық және емдік мақсаттағы құрама тамақ өнімдерінің жаңа түрлерінің технологиясын әзірлеу;

Кәсіпорын жағдайларында функционалды азық-түлік өнімдерін өндіруге арналған жаңа биотехнологиялық жабдықтарды жасау және енгізу.

Экологиялық жағдайсыз өңірлердегі функционалды тамақ өнімдерін өндіудің биотехнологиялық зерттулері;

Радиопротекторлы қасиеттерімен ерекшеленген жаңа тамақ өнімінің әзірлемелері;

Радиоэкологиялық зерттеулер ғылыми орталығының материалдық базасын, зерттеулері нәтижелерін радиоэкология, радиациялық қауіпсіздік, радиобиология және шектес ғылымдар бойынша мамандар даярлау және олардың біліктілігін арттыру үшін қолдану;
7 бет

Ибрагимов Нәдір Қадырұлы – дәл аппараттар инженері, техника ғылымдарының кандидаты. «INTERACTIVE CORPORATION JAPAN» фирмасының растрлық электрондық микроскопта және рентгенді микроанализаторамен қызмет көрсету және қолдану, "Канберра Индастиз" фирмасының Мәскеудегі өкілінің «CANBERRA» гамма-спектрометрінде сынаманың белсенділік өлшеуіне және нуклидті құрамын анықтауда қызмет көрсету, Alpha Analyst альфа-спектрометірін қолдану және техникалық қызмет көрсету, «Вариан Б. В.» ЖАҚ филиалы Varian 820-ISP масс-спектрометрде жұмыс дағдыларын үйрену сертификаттары бар.
Ануарбекова Аймара Серікбекқызы – кіші ғылыми қызметкер, аспирантураның күндізгі бөлімде бітірген. «INTERACTIVE CORPORATION JAPAN» фирмасының растрлық электрондық микроскопта және рентгенді микроанализаторамен қызмет көрсету және қолдану, "Канберра Индастиз" фирмасының Мәскеудегі өкілінің «CANBERRA» гамма-спектрометрінде сынаманың белсенділік өлшеуіне және нуклидті құрамын анықтауда қызмет көрсету, Alpha Analyst альфа-спектрометірін қолдану және техникалық қызмет көрсету, «Вариан Б. В.» ЖАҚ филиалы Varian 820-ISP масс-спектрометрде жұмыс дағдыларын үйрену сертификаттары бар.
Чередов Олег Игорович – Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы, экология және радиациялық қауіпсіздік институтының ІІ санатты инженері. Гамма-сәулеленуші радионукейдтердің белсенділігін аықтау, альфа-, бетта-, гамма-спектрометрлер анализінің маманы. «INTERACTIVE CORPORATION JAPAN» фирмасының растрлық электрондық микроскопта және рентгенді микроанализаторамен қызмет көрсету және қолдану, «Вариан Б. В.» ЖАҚ филиалы Varian 820-ISP масс-спектрометрде жұмыс дағдыларын үйрену сертификаттары бар.
8 бет

Төменвакуумды растрлық электронды микроскоп JSM-6390 LV JEOL (Жапония), Рентгенді-спектральді микроанализді жүйелі құрылғысымен INCA ENERGY 250, OXFORD INSTRUMENTS

(Ұлыбритания)

Құралдың максималды ұлғайтуы 300 000 есе, төменгі вакуумды режиммен ғана шектелмей, қатты және ұнтақ заттармен бірге биологиялық заттарды да зерттеуге мүмкіндігі бар жоғары вакуумді режимге ие. INCA рентгенді-спектральді микроанализді жүйесі, зерттеуге алынған нысанның құрылымымен қатар химиялық құрамын да анықтауға мүмкіндік береді, нуклиаторлар мен модификаторлардың кристалдануын, жылумен өңделуін, жылуөткізгіштігін, пайымдалған құрамы мен материалдың ерекше құрылымын көрсетеді.
JEE-420 тозаңдандырғыш аспабы JEOL фирмасы (Жапония)

Растырлық электронды микраскопқа биологиялық тоқөткізбейтін шикізатрдан сынама дйындау үшін JEE-420 тозаңдандырғыш аспабы. РЭМ кішідисперсті сынамаларды тексеруді жүргізуде бұл аспаптың орны ерекше, сынамаға өз құрылымы мен ерекшелігін сақтайтын жұқа көмір қышқылдық қабат түзуге немесе әр түрлі металдармен жамылғы жабуғе қолданылады. РЭМ тексеру жүргізу кезінде сынамаға өткізгіш пен қорғаныш болатын ұсақдәнді жамылғы себуге пайдаланылады.
9 бет

GC2019 электрлі тоңазытқышты детекторы бар және көп каналды DSA-1000 анализаторы бар Гамма спектрометрі (АҚШ)

Қоршаған ортада және өнеркәсіп нысандарында табиғи және техногенді тектес гамма-саулелендіргіш нуклидтер мен изотоптық құрамын сапалы және сандық анықтамаға арналған жоғары рұқсатпен гермениялық детекторы негізіндегі гамма-спектрометр. Аспап қысымы мен көлемі әр-түрлі сынамадан абсолютті белсенді гамма – сәулеленуші нуклидтер мен изотоптық құрамын анықтайды. Гамма-спектрометрлік әдіспен аса қауіпті аймақтардағы техногенді стронций, плутоний секілді радионуклеидтермен ластануын бағалайды. Гамма-спектрометрмен су, топырақ, тамақ өндірісінің және т.б. әр-түрлі сынамаларға талдау жасауға болады. Гамма-сәулелерін жинақтау және талдау арнайы бағдарламаның көмегімен жүзеге асады.
Alpha Analyst Альфа-спектрометрі

Canberra фирмасы (АҚШ)

Құрал қоршаған ортаны бақылау және радиациялық қорғау ұйымдары үшін радиациялық жағдай кезінде Альфа – сәулелерінің радионуклидтерін сандық және сапалық талдау жасауға мүмкіндік береді; Alpha Analyst жоғары дәрежелі альфа-сәулеленуді өлшейтін толық интеграцияланған аспап болып келеді.
10 бет

Varian 820 ICP-MS Плазмамен индуктивті-байлаулы масс спектрометрі

SINGLE PHASE EUR фирмасы, (Австралия)

Аспап периодтық жүйедегі Li ден U дейін барлық жаратылыстық элементтердің сандық және сапалық құрамын бір актідегі изотоптарымен бірге анықтайтын мүмкіндігі бар. Анықтау шегі 10-9 дейін; шеткі және орташа масс диапазонымен 3-10 – элементтерден құрастырылған жалғыз стандартты үлгі қолдануымен, периодтық жүйедегі барлық элементтерінің ­құрамын кең интервалды концентрацияларының аралығында жартылай сандық мүмкіншілігімен (10-30% қателікпен) анықтау қабілеті бар.
DistillacidBSB-939-IR Азитропты қайта айдау аппараты.

Аспап микроқоспаларды талдау барысында қолданылатын аса таза қышқылдар алуда қолданылады. Аспап қайнау нүктесінен төмен қалыпты қысым мен температурада буландыру әдісі қолданылады. Сайып келгенде тамшылармен ластаушылардың тасымалдауы недәуір мөлшерде кесіп тасталады, барлық заттар ұшпайды, әсіресе тұздар қалдық болып қалады.
"SPEEDWAVE MWS+2" микротолқынды ыдырату жүйесі сынаманы дайындау барысында микротолқынды сәулелену өрісі, жоғары температура және реакционды қоспаның арқасында уақыты бірнеше сағаттардан – бірнеше тәуліктерге жалғасатын дайындықты 15-45 минутқа қысқартуға мүмкіндік етеді. Автоклавтардың герметикалығы зертхана атмосферасына зиянды заттардың булануларынан құтылуға мүмкіндік береді және классикалық қышқыл ыдырату барысында шарасыз ұшатын аналит компоненттерінің жоғалтулары минюмдік мүмкіндіктерге жеткізіледі.
11 бет

Қызметкерлердің біліктілікті арттыру курстары.
Зертхана негізінде шетелдік мамандарды тартумен зертхана қызметкерлерінің біліктіліктілігін арттыру курстары жүргізілуде.
2008 жылдың 18-22 ақпан аралығында., 2010 жылдың 23-24 мамыры күндері JEOL JSM-6390 LV растрлық электрондық микроскопта және INCA ENERGY рентгенді микроанализатормен қызмет көрсету және қолдану курсын «JEOL» фирмасының қызметкерлері өткізді.
2010 жылдың 17-19 наурызы күндері «Электронды-зонттық микроанализ» тақырыбында Oxford Instruments Мәскеудегі өкілі В. В. Козловпен мастер-класс жүргізілді.
Университет қызметкерлеріне, аспиранттары мен магистранттарына "Радиоэкологиялық зерттеулер ғылыми орталығы" базасында сертификат берілумен біліктілікті арттыру курстары жүргізілді:
1. 2008 жылдың 8 мамыр -10 маусымында – 150 адам.

2. 2009 жылдың 17 сәуір -1маусымында – 108 адам.

3. 2010 жылдың 8 сәуір -31 мамырда – 90 адам.

4. 2010 жылдың 20-23 қыркүйекте – 49 адам.
12 бет

Ғылыми - зерттеу жұмыстары
- Халықаралық , мемлекеттік және өңірлік ғылыми жобалардың іске асыру.

- Ғылыми қызметкерлердің халықаралық, республикалық ғылыми - практикалықтарды форумдарда, конференцияларға және семинарларға қатысуы және олардың мақалаларының шетелдік және отандық журналдарда жариялануы.

- Зертхана базасында зерттеулерге шетелдік ғалымдардың қатысуы.

- шетелдік ғалымдардың кеңесулер, семинарлар және оқыту тренинглерін жүргізуі.
"Радиоэкологиялық зерттеулер ғылыми орталығында" докторлық, кандидаттық және магистрлік диссертациялар тақырып бойынша зерттеулер орындалады.
Ғылыми-техникалық жобалар


  1. «Емдік-профилактикалық қасиеті бар комбинирленген тамақ өнімдерін өндіру үшін мал шикізаты мен өсімдік шикізатын кешендік қалдықсыз өңдеу негізінде биопрепараттарды алуға арналған жаңа технологияларын жетілдіру» тақырыбындағы 2009 жылғы Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігінің комитетінің тапсырысы бойынша жоба. Қаржыландыру көлемі 5,5 млн. тенге.

  2. «Биологиялық және тағамдық құндылықтары жоғары мал және өсімдік шикізаттарынан жасалған жаңа дәуірдегі құрама тамақ өнімдерін өндіруге инновациялық технологияларды енгізу» тақырыбындағы 2010-2011 жылдардағы Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі комитетінің тапсырысы бойынша аралығындағы жоба. Қаржыландыру көлемі 4,5 млн. тенге.

  3. «Протекторлы қасиеті бар ірімшік массасының тағамдық және биологиялық құндылығын зерттеу» тақырыбындағы 2010 жылғы Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі комитетінің тапсырысы бойынша жоба. Қаржыландыру көлемі 3,5 млн. тенге.

  4. ШҚО Уржар ауданы «Зенгі-Баба-Салмен» ЖШС Биязы жүнді қойлар жүнінің физикалық-техникалық және химиялық құрамын талдау орындалды. Қаржыландыру көлемі 45 мың тенге.


13 бет

И. Разаков атындағы Қырғыз мемлекеттік техникалық университетін мен ғылыми зерттеу жүргізілуі жөніндегі келісім-шартқа сәйкес микрокапсуланың құрылымы мен анализінің орындалуы.
«Назарбаев Интелектуалды мектебі» оқушыларымен біріккен ғылыми жобаның орындалуы.
«Терек – қоршаған ортаның биоиндикаторы ретінде» Семей қаласы аумағының экологиялық жағдайына талдау жасау.
14 бет

Инженерлік бейінді зертхана «Радиоэкологиялық зерттеулер ғылыми орталығы» зертханасы туралы ережеге сәйкес белгңленген ғылыми бағыттарда ғылыми әдістемелер, зерттеулер жүргізеді.
Халықаралық ынтымақтастық


  1. Мәскеу мемлекеттік қолданбалы биотехнология университеті

  2. В.М. Горбатов атындағы бүкілресейлік ет өнеркәсібінің ғылыми-зерттеу институты

  3. Кемеров тамақ өнеркәсібінің технологиялық институты

  4. Сібір сыр жасау ғылыми-зерттеу институты

  5. Новосібір мемлекеттік аграрлық университеті

  6. Томскі Ұлттық зерттеу политехникалық университеті.

  7. Омск мемлекеттік аграрлық университеті.


Серіктестері:

  1. Радиациялық және экологиялық қауіпсіздік институты

  2. «Радиациялық медицина және экология ҒЗИ»

  3. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті

  4. Еуразиялық инновациялық университеті

15 бет

Халқаралық детермирленген топтарға және Қазақстан Республикасының экологиялық жайсыз өңірлерінің халқына, көпшілік тұтынуға арналған емдік-профилактикалық мақсаттағы құрамы бағыты өзгермеген жаңа буында құрама тамақ өнімдерінің жаңа технологияларын әзірлеу.
Зерттеулердің негізгі бағыттары :

  • Қазақстан Республикасының өндірісі дамыған әр өздеріне тән түрлі ландшафтты және георгафиялық жағдайларда алынған, мал және өсімдік шикізаттарындағы радиоактивті элементтер және ауыр металдардың жинақталу дәрежесіне зерттеу жүргізу;

  • Мал және өсімдік шикізаттарындағы радиоактивті элементтер мен ауыр металдардың байланыс нысандарын зерттеу;

  • Мал және өсімдік шикізаттарындағы және оларды қайта өңделген өнімдеріндегі элементтердің мқлшері төмендеуінің негізгі биотехнологиялық әдістерін анықтау;

  • ШҚО Семей өңірі цеолитқұрамды таужыныстардың құрамы мен сіңіру қасиетін зерттеу;

  • ШҚО Семей өңірі цеолитқұрамды таужыныстардың қауіпсіз тамақ өнімдерінде пайдалану әдістерін әзірлеу;

  • Әр түрлі функционалды ингриденттердің сіңіру сыйымдылықтарын зерттеу;

  • Құрама шикізаттарды жиынтықтау және медициналық-биологиялық, медициналық-химиялық және технологиялық қасиеттерімен қолданылатынпайдалану биотехнология жолымен тамақ жүйесінің физиологиялық әсерін оқтайландыру қарастырылатын функционалдық тағамдарды қалыптастырудыңметодологиялық амалдарын әзірлеу;

  • Радиопротекторлы қасиеттері бар функционалды тамақтық өнімдерін өңдеу және Қазақстан Республикасының кәсіпорындарына енгізу;

  • Имунды модельдеу және радиопротекторлы қасиеттерге ие құрама тамақ өндірісіне мүмкіндік сынақ жүргізу.

16 бет

Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын
Инженерлік бейінді зертхана

«Радиоэкологиялық зерттеулер ғылыми орталығы»

071412, Казақстан Республикасы, ШҚО Семей қаласы, Глинка көшесі, 20 «А»

тел.8(7222)35-84-57;

факс 8 (7222) 35-94-65

e-mail:srl.08@mail.ru ; www.semgu.kz

Похожие:

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы алғАШҚЫ Әскери дайындық
Республикасы Білім және ғылым министрінің 09.Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 09. 07. 2010 жылғы №367 бұйрығымен...
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі iconКонкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу туралы хабарландыру Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Ғылым ордасы»
Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Ғылым ордасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік...
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі iconКонкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу туралы хабарландыру Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Ғылым ордасы»
Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Ғылым ордасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік...
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі iconКонкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу туралы хабарландыру Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Ғылым ордасы»
Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Ғылым ордасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік...
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі iconКонкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу туралы хабарландыру Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Ғылым ордасы»
Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Ғылым ордасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік...
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі iconКонкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу туралы хабарландыру Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Ғылым ордасы»
Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Ғылым ордасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік...
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі iconКонкурс тәсілімен тәжiрибелі өнеркәсiптiк жабдықтарды сатып алу Тапсырыс беруші Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Микробиология және вирусология институты»
Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Микробиология және вирусология институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы...
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі iconҚазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім беру академиясы информатика жалпы білім беретін мектептің 7-9 сыныптарына арналған
Республикасы Білім және ғылым министрінің 09. 07. 2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы
Республикасы Білім және ғылым министрінің 09. 07. 2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы сызу бағдарламасы
Республикасы Білім және ғылым министрінің 09. 07. 2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница