Қазақстан Республикасының сот жүйесі




Скачать 228.87 Kb.
НазваниеҚазақстан Республикасының сот жүйесі
Дата конвертации09.07.2013
Размер228.87 Kb.
ТипДокументы

Қазақстан Республикасының сот жүйесі


 СОТ ЖҮЙЕСІ

 

      1. Қазақстан Республикасының сот жүйесін Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты және Қазақстан Республикасының Конститутциясына және осы Конститутциялық заңға сәйкес құрылатын жергілікті соттар құрайды.

    2. Жергілікті  соттарға мыналар жатады:

     1) облыстық және оларға теңестірілген соттар (Республика астанасының қалалық соты, республикалық маңызы бар қалалардың қалалық соттары, мамандандырылған сот-Қазақстан Республикасы Әскерлерінің Әскери соты және басқалар );

      2) аудандық және оларға теңестірілген соттар (қалалық , ауданаралық , мамандандырылған сот-гарнизонның әскери соты және басқалар ):

   3.Қазақстан Республикасында мамандандырылған (әскери, экономикалық, әкімшілік, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі және басқа) соттар құрылуы мүмкін.

   4. Қазақстан Республикасының  Жоғарғы Соты мен жергілікті соттардың Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы мен өзінің атауы бейнеленген мөрі болады.

                          

                           Сот жүйесінің бірлігі

 

    Қазақстан Республикасының сот жүйесінің бірлігі:

     1) Конститутцияда , осы Конститутциялық заңда, іс жүргізу және өзге де заңдарда белгіленген, барлық соттар мен судьялар үшін ортақ және бірыңғай сот төрелігі мен принциптерімен;

      2) сот билігін барлық соттар үшін сот ісін жүргізудің заңдарға белгіленген бірыңғай нысандары арқылы жүзеге асырумен;

      3) Қазақстан Республикасының барлық соттарының қолданыстағы құқықты қолданумен;

      4) заңдарда судьялардың бірыңғай мәртебесін баянды етумен;

      5) заңды күшіне енген сот актілерін Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында орындаудың міндеттілігімен;

      6) барлық соттарды тек қана Республикалық бюджет есебінен қаржыландырумен қамтамасыз етіледі.

           Қазақстан Республикасындағы соттар қызметінің тәртібін және судьялардың мәртебесін белгілейтін заңдар

       Қазақстан Республикасындағы сот құрылысы мен судьялар мәртебесі , сондай-ақ сот төрелігін іске асыру тәртібі Қазақстан Республикасының Конститутциясымен , осы Конститутциялық заңмен жне басқа да заң актілерімен белгіленеді.

           

            Аудандық және оларға теңестірілген соттар

       Аудандық және оларға теңестірілген соттарды құру

 

1.    Аудандық және оларға теңестірілген соттарды (бұдан әрі – аудандық  соттар) уәкілетті органның Жоғарғы Сот Төрағасымен келісілген ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті құрады, қайта ұйымдастыралы және таратады.

 Қазақстан Республикасының Президенті бірнеше әкімшілік- аумақтық бірліктерде бір аудандық сот немесе бір әкімшілік –аумақтық бірлікте бірнеше аудандық сот құруы мүмкін.

 2.Аудандық соттар үшін судьялардың жалпы санын уәкілетті органның ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.

 3. Әрбір аудандық сот үшін судьялардың санын осы сот төрағасының ұсынысы негізінде уәкілетті орган белгілейді.

   

                     Аудандық соттың құрамы

 

1.    Аудандық сот Конституцияда және осы Конституциялық заңлы белгіленген тәртіппен тағайындалатын төрағадан және судьялардан тұрады.

 Егер аудандық сотта штат бойынша бір судья (бірқұрамды сот) көзделсе,ол осы соттың төрағасы өкілеттігін атқарады.

2.    Аудандық сотта кеңсе құрылады, оның штат санын сот төрағасымен келісе отырып, облыс соттарының әкімшісі белгілейді.

 

            Аудандық  соттың өкілеттілігі

 

   1. Аудандық сот бірінші инстанциядағы сот болып табылады.

   2. Аудандық сот:

   1) өзінің қарауына жатқызылған сот істерін және материалдарын қарайды.

   2) сот статистикасын жүргізеді;

   3) заңда көзделген басқа да өкілеттіліктерді  жүзеге асырады.

  

                    Аудандық соттың төрағасы

 

   1.Аудандық соттың төрағасы судья болып табылады және судья міндеттерін атқарумен қатар:

   1) сот судьяларының сот істерін қарауын ұйымдастырады;

   2) соттың кеңесіне жалпы басшылықты жүзеге асырады;

   3) азаматтарды қабылдауды жүргізеді;

   4) судья лауазымына кандидаттардың тағылымдамадан өтуін ұйымдастырады;

   5) сот статистикасын жүргізу мен талдауды ұйымдастырады;

   6) өкімдер шығарады;

   7) заңда көзделген басқа да өкілеттіліктерді жүзеге асырады;

   2. Аудандық соттың төрағасы уақытша орнында болмаған жағдайда осы сот төрағасының өкімі бойснша төраға міндеттерін атқару осы сот судьяларының біріне жүктеледі.

    Бірқұрамды сот төрағасы уақытша орнында болмаған жағдайда оның міндетін атқару аумақтық уәкілетті орган басшысының ұсынысы бойынша облыстық сот төрағасының  өкімімен басқа соттың судьяларының біріне жүктеледі.

 

          Облыстық және оларға теңестірілген соттар

Облыстық және оларға теңестірілген соттарды құру

 

1.   Облыстық және оларға теңестірілген соттарды (бұдан әрі – облыстық соттар) уәкілетті органның Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасымен келісілген ұсынысы бойынша Қазақстан Респуьликасының Президенті  құрады, қайта ұйымдастырады және таратады.

2   . Облыстық соттар судьяларының жалпы санын уәкілетті органның ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.

    Әр облыстық сот үшін судьялардың санын осы сот төрағасының ұсынысы негізінде уәкілетті орган белгілейді.

  

             

 

 

 

              Облыстық соттың құрылымы мен құрамы

1.    Облыстық  сот төрағадан, алқалар төрағаларынан және судьялардан тұрады.

2.    Облыстық  соттың органдары мыналар:

1)   қадағалау алқасы;

2)   азаматтық істер жөніндегі алқа;

3)   қылмыстық іатер жөніндегі алқа;

4)   соттардың жалпы отырысы.

 

                     Облыстық соттың өкілеттігі

Облыстық сот:

1)   өзінің қарауына жатқызылған сот істерін және материалдарын қарайды;

2)   сот статистикасын жүргізеді;

3)   сот тәжірибесін зерделейді және оны жинақтаудың қорытындылары бойынша облыс соттарының сот төрелігін іске асыруы кезеңдегі заңдылықтың сақталу мәселелерін қарайды;

4)   облыс соттарының әкімшісі қызметін бақылауды жүзеге асырады;

5)   заңда көзделген басқа да өкілеттіліктерді жүзеге асырады.

 

                       Облыстық сот алқалары

 

1.    Облыстық соттың азаматтық істер жөніндегі алқасы мен қылмыстық істер жөніндегі алқасын – алқалар төрағалары, ал қадағалау алқасын сот төрағасы басқарады.

2.    Әрбір алқадағы судьялар саны сот төрағасының үсынысы бойынша жалпы отырыста белгіленеді.

3.    Қадағалау алқасы осы соттың жалпы отырысында жасырын дауыс беру арқылы судьялардың жалпы санының көпшілік дауысымен жыл сайын сайланатын судьяларынан тұрады.

          Азаматтық істер жөніндегі алқа мен қылмыстық істер жөніндегі алқа жалпы отырыста талқылағаннан кейін дербес құрамын сот төрағасы белгілейтін судьялардан тұрады.

4.    Сот төрағасы азаматтық істер жөніндегі алқа мен қылмыстық істер жөніндегі алқада мамандандырылған  құрам түзуі мүмкін.

 

         

                    Облыстық сот төрағасы

 

1.Облыстық соттың төрағасы судья болып табылады және судьяның міндеттерін атқарумен қатар:

1)   судьялардың сот істерін қарауын ұйымдастырады;

2)   қадағалау алқасын басқарады, алқаларда сот істерін қараған кезде төрағалық етуге құқылы;

3)   қажет болған жағдайларда бір алқаның (қадағалау алқасынан басқа) судьяларын басқа алқаның құрамында іс қарау үшін тартады;

4)   облыстық соттың жалпы отырысын шақырады және оған төрағалық етеді;

5)   алқа төрағасы уақытша орнында болмаған кезде оның міндетін атқаруды аоқа судьяларының біріне жіктейді;

6)   облыстық соттың алқа төрағалары мен судьяларына, аудандық соттардың төрағалары мен судьяларына қатысты тәртіптік іс қозғайды;

7)   соттың жалпы отырысының ұсынысы негізінде Әділет біліктілік алқасына судья қызметіне кандидаттың тағылымдамадан өту нәтижелері туралы қорытынды жібереді;

8)   сот статистикасын жүргізуді, сот тәжірибесін зерделеуді ұйымдастырады;

9)   өкімдер шығарады;

10)         соттың кеңсесіне жалпы басшылықты жүзеге асырады;

11)         азаматтарды жеке қабылдауды жүргізеді;

12)         заңда көздеген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады. 

2.Облыстықсот төрағасы уақытша орнында болмаған жағдайда оның міндеті өзінің өкімі бойынша сот алқалары төрағаларының біріне жүктеледі.

3.    Облыстық сот төрағасы орнынан түскен не өкілеттіктерін мерзімнен бұрын өзгедей тоқтатқан жағдайда, оның міндеттері уәкілетті органның шешімі бойынша сот алқалары төрағаларының біріне жүктеледі.

 

           Облыстық сот алқаларының төрағасы                           1.Облыстық сот алқасының төрағасы судья болып табылады және судья міндеттерін атқарумен қатар:

1)   алқа судьяларының сот істерін қарауын ұйымдастырады;

2)   алқа отырыстарында төрағалық етеді;

3)   сот төрағасына алқа құрамында мамандандырылған құрам жасақтау жөнінде ұсыныстар енгізеді;

4)   сот тәжірибесін зерделеу әрі жинақтау және сот статистикасын талдау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;

5)   соттың жалпы отырысына алқа қызметі туралы хабарлама ұсынады;

6)   заңда көзделген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.

2Алқа төрағасы уақытша орнында болмаған жағдайда сот төрағасы оның міндетін атқаруды алқалар судьяларының біріне жүктейді.

 

 

Облыстық соттың жалпы отырысы

 

1.Облыстық сот қажетіне қарай, бірақ жылына кемінде екі рет жалпы отырыстар өткізеді, оларда:

1) алқа құрамының санын белгілейді және қадағалау алқасының құрамына судьялар сайлайды;

2) сот жұмысының жоспарын талқылайды;

3) алқалар төрағасының хабарламаларын тыңдайды;

4) сот практикасын талқылайды және оны жинақтаудың қорытындылары бойынша облыс соттарының сот төрелігін іске асыруы кезіндегі заңдылықтың сақталу мәселелерін қарайды;

5) уәкілетті органға белгілі бір адамды облыс соттарының әкімшісі қызметіне тағайындауға келісімін береді;

6) облыс соттары әкімшісінің қызметі туралы есбін тыңдайды;

7) аудандық сот төрағасы қызметінің бос орнына кандидатураларды қарайды және оның нәтижелері бойынша тиісті  қорытындылар жасайды;

8) уәкілетті органға облыс соттары әкімшісін қызметтен босату туралы ұсыныс енгізеді;

9) судья қызметіне кандидаттардың тағылымдамадан өту қорытындыларын қарайды және Әділет біліктілік алқасына тиісті қорытынды береді;

10) заңда көзделген басқада өкілеттіктерді жүзеге асырады;

2. Жалпы отырыс облыстық сот судьяларды жалпы санының кем дегенде үштен екісі қатысқан жағдайда заңды болады.

3. Облыстық соттың  жалпы отырысының жұиыс тәртібі ол бекіткен регламентпен анықталады.

 

   ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЖОҒАРҒЫ СОТЫ

Жоғарғы Соттың өкілеттігі

1.    Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты жалпы юрисдикция соттарының қарауына жатқызылған азаматтық, қылмыстық  және өзге істер бойынша жоғары сот органдары болып табылады , заңда көзделген іс жүргізу нысандарында олардың қызметін қадағалауды  жүзеге асырады және сот практикасының мәселелері бойынша түсіндірмелер береді.

2.    Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты:

1)   өзінің қарауына жатқызылған сот істері мен материалдарын қарайды;

2)   сот практикасын зерделейді және оны жинақтаудың қорытындылары бойынша Республика соттарының сот төрелігін іске асыруы кезіндегі заңдылықтың сақталу мәселелерін қарайды;

3)   сот практикасында заңдарды қолдану мәселелері бойынша түсіндірмелер беретін нормативтік қаулылар қабылдайды;

4)   заңда көзделген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.   

 

            Жоғарғы Соттың құрылымы мен құрамы

1.    Жоғарғы Сот Төрағадан, алқа төрағаларынан және судьялардан тұрады.

Жоғарғы Сот судьяларының жалпы санын Жоғарғы Сот Төрағасының ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті белгілейді.

2.    Жоғарғы Соттың органдары мыналар:

1)   қадағалау алқасы;

2)   азаматтық істер жөніндегі алқа;

3)   қылмыстық істер жөніндегі алқа;

4)   соттың жалпы отырысы.

3.    Жоғарғы Соттың жанынан ғылыми-консультатциялық  кеңес және баспа органы құрылады.

 

                  Жоғарғы Сот алқалары

1.    Жоғарғы Соттың азаматтық істер жөніндегі алқасын –алқа төрағалары, ал қадағалау алқасын  Жоғарғы Соттың Төрағасы басқарады.

2.    Әр алқадағы судьялар саны Жоғарғы Сот Төрағасының ұсынысымен соттың жалпы отырысында белгіленеді.

3.    Қадағалау алқасы Жоғарғы Соттың жалпы отырысында жасырын дауыс беру арқылы судьялардың жалпы санының көпшілік даусымен жыл сайын сайланатын судьяларынан тұрады.

Азаматтық істер жөніндегі алқа және қылмыстық істер жөніндегі алқа соттың жалпы отырысында талқылағаннан кейін дербес құрамын Жоғарғы Сот Төрағасы белгілейтін судьялардан тұрады.

4.    Жоғарғы Соттың Төрағасы азаматтық істер жөніндегі алқада және  қылмыстық істер жөніндегі алқада мамандандырылған құрам түзуі мүмкін.

 

                Жоғарғы Сот Төрағасы

 

1.    Жоғарғы Сот Төрағасы судья болып табылады және судья міндетін атқарумен қатар:

1)   судьялардың сот істерін қарауын ұйымдастырады;

2)   қадағалау алқасын басқарады, алқада сот ісін қараған кезде төрағалық етуге құқылы;

3)   Жоғарғы Соттың жалпы отырыстарын шақырады және оларды төрағалық етеді;

4)   Жоғарғы Соттың жалпы отырысының қарауына сот практикасында заңдарды қолдану мәселелері бойынша Жоғарғы Соттың нормативтік қаулыларын қабылдау үшін материалдар енгізеді;

5)   Жоғарғы Соттың жалпы отырысының бекітуіне Жоғарғы Соттың жалпы отырысы Хатшысының және ғылыми –консультациялық кеңес мүшелерінің кандидатураларын енгізеді;

6)   Қажет болған жағдайларда бір алқаның судьяларын басқа алқаның құрамында іс қарау үшін тартады;

7)   Жоғарғы Соттың жұмыс жоспарын бекітеді;

8)   Алқалардың жұмысын үйлестіреді;

9)   Жоғарғы Соттың Аппаратына жалпы басшылықты жүзеге асырады, оның құрылымы мен штатын бекітеді;

10)         азаматтарды жеке қабылдауды жургізеді:

11)         өкімдер шығарады;

2.    Жоғарғы Соттың Төрағасы Республиканың өзге де мемлекеттік билік тармақтары органдарымен және халықаралық ұйымдарымен өзара қарым-қатынас кезінде Республика сот жүйесіні мүддесін білдіреді сондай-ақ:

1)   Қазақстан Республикасының Президентіне уәкілетті орган басшысының кандидатурасын ұсынады;

2)   Соттардың тиісті  жалпы отырыстарының қарауына аудандық соттың төрағасы, облыстық соттың төрағасы және облыстық сот алқасының төрағасы ,Жоғарғы Сот алқасының төрағасы мен судьясы қызметінің бос орнына балама негізде кандидатуралар енгізеді;

3)   Соттардың жалпы отырыстарының қорытындылары негізінде соттардың жалпы отырыстарында қаралған барлық кандидаттардың материалдарын қоса тіркей отырып, тиісінше Жоғарғы Сот Кеңесіне немесе Әділет біліктілік алқасына аудандық сот төрағасы, облыстық сот төрағасы және облыстық соталқасының төрағасы , Жоғарғы Сот алқасының төрағасы мен судьясы қызметтерінің бос орындарына балама негізде кандидатуралар ұсынады;

4)   Қазақстан Республикасының Президентіне заңдарды жетілдіру жөнінде ұсыныс енгізіледі;

5)   Осы Конституциялық заңмен көзделген негіздер туындаған жағдайда, тиісінше Жоғарғы Сот Кеңесіне және Әділет біліктілік алқасына Республика соттары төрағаларының, алқа төрағалары мен судьяларының өкілеттігін тоқтату мәселесі бойынша ұсыныс енгізеді;

6)   Қазақстан Республикасының Президентіне судьяларды мемлекеттік наградалармен марапаттау және оларға құрметті атақтар беру туралы ұсыныс енгізіледі;

7)   Республика судьяларына «Құрметті судья» атағын береді, осы атақты беру тәртібі туралы ереже бекітіледі;

8)   Республиканың судьяларына қатысты тәртіптік іс қозғайды;

9)   Заңмен және өзге де нормативтік құқықтық актілермен көзделген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.

3.    Жоғарғы Соттың Төрағасы уақытша орнында болмаған кезде оның міндеті Жоғарғы Сот Төрағасының өкімі бойынша алқалардың бірінің төрағасына жүктеледі.

4.    Жоғарғы Сот Төрағасы орнынан түскен жағдайда не өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылған өзге де жағдайдаТөрағаның міндетін уақытшы атқаруды Қазақстан Республикасының Президенті Жоғарғы Сот алқалары төрағаларының біріне жүктейді.

Қазақстан Республикасының Парламенті - елдің заң шығару қызметiн жүзеге асыратын ең жоғарғы өкiлдiктi орган.

1995 ж. 30 тамызда бүкiлхалықтық референдуммен қабылданған ҚР Конституциясына сәйкес Парламент екi рет (1995 ж. және 1999 ж.) сайланды.

Парламенттiң өкiлеттiгi оның бiрiншi сессиясы ашылған сәттен басталып, жаңадан сайланған Парламенттiң бiрiншi сессиясы жұмысқа кiрiскен кезден аяқталады. Өкiлеттiк Конституцияда көзделген жағдайлар мен реттерде мерзiмiнен бұрын тоқтатылуы мүмкiн.

Парламенттiң ұйымдастырылуы мен қызметi, оның депутаттарының құқықтық жағдайы конституц. заңмен белгiленедi.

ҚРП құрылымы тұрақты негiзде жұмыс iстейтiн екi палатадан: жоғ. палата — Сенат және төменгі палата — Мәжiлiстен тұрады.

Парламент өз Палаталарының бөлек отырысында мәселелердi әуелi Мәжiлiсте, содан соң Сенатта қарау арқылы заңдар қабылдайды; респ. бюджеттi және оның атқарылуы туралы есептердi, бюджетке енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтыруларды талқылайды, мемл. салықтар мен алымдарды белгiлейдi және оларды алып тастайды; ҚР-ның әкiмш.-аумақтық құрылымына қатысты мәселелердi шешу тәртiбiн белгiлейдi; азаматтарға рақымшылық жасау туралы актiлер шығарады; палаталардың бiрлескен комиссиялары мүшелерiнiң жартысын сайлайды; Конституцияға сәйкес Палаталар депутаттарының өкiлеттiгiн тоқтатады, оларды қол сұғылмаушылық құқығынан айырады; Үкiмет мүшелерiнiң есептерiн тыңдайды; палаталардың үйлестiрушi және жұмысшы органдарын жасақтайды, регламент қабылдайды, ҚР Конституциясында (54-бап) көзделген басқа да өзгерiстердi жүзеге асырады.

Парламент Палаталардың бiрлескен отырыстарында: Президенттiң ұсынысы бойынша Конституцияға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзедi; Конституц. заңдар қабылдайды, оларға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзедi; респ. бюджеттi және Үкiмет пен Респ. бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi Есеп к-тiнiң бюджеттiң атқарылуы туралы есептерiн бекiтедi, бюджетке өзгертулер мен толықтырулар енгiзедi; Президенттiң қарсылығын туғызған заңдар немесе заңның баптары бойынша Президент қарсылық бiлдiрген күннен бастап бiр ай мерзiм iшiнде қайталап талқылау мен дауысқа салуды өткiзедi (бұл мерзiмнiң сақталмауы Президент қарсылығының қабылданғанын бiлдiредi); Президенттiң бастамасы бойынша әр Палата депутаттары жалпы санының үштен екiсiнiң дауыс беруiмен Президентке бiр жылдан аспайтын мерзiмге заң шығарушылық өкiлеттiк бередi; Президенттiң Премьер-министрдi; Ұлттық банк төрағасын тағайындауына келiсiм бередi; Премьер-министрдiң Үкiмет бағдарламасы туралы баяндамасын тыңдап, бағдарламаны мақұлдайды немесе қабылдамай тастайды (Палата депутаттары жалпы санының үштен екiсiнiң дауысымен Үкiмет бағдарламасының екiншi рет қабылданбауы Үкiметке сенiмсiздiк бiлдiрген болып табылады); әр Палата депутаттары жалпы санының үштен екiсiнiң дауысымен, Парламент депутаттары жалпы санының кемiнде бестен бiрiнiң бастамасы бойынша Үкiметке сенiмсiздiк бiлдiредi; соғыс және бейбiтшiлiк мәселелерiн шешедi; респ. референдум белгiлеу туралы ұсыныс енгiзедi, т.б.

Парламент Республиканың бүкiл аумағында мiндеттi күшi бар ҚР-ның Заңдары, Парламенттiң қаулылары, Сенат пен Мәжiлiстiң қаулылары түрiнде заң актiлерiн қабылдайды. Республика Заңдары Президент қол қойғаннан кейiн күшiне енедi. Парламент пен оның палаталарының заң актiлерi, егер Конституцияда өзгеше көзделмесе, Палаталар депутаттары жалпы санының көпшiлiк дауысымен қабылданады, ал конституц. заңдар Конституцияда көзделген мәселелер бойынша әр Палата депутаттарының жалпы санының кемiнде үштен екiсiнiң көпшiлiк дауысымен қабылданады. Парламент Үкiметке сенiмсiздiк бiлдiргенде, Парламент Премьер-министрдi тағайындауға екi мәрте келiсiм бермесе, Парламенттiң Палаталарының арасындағы немесе Парламент пен мемл. билiктiң басқа тармақтары арасындағы келiспеушiлiк салдарынан саяси дағдарыс болғанда — Президент Парламенттi тарата алады. Бiрақ төтенше жағдай немесе соғыс жағдайы кезеңiнде, Президент өкiлеттiгiнiң соңғы 6 айында, сондай-ақ, алдыңғы таратудан кейiнгi 1 жыл iшiнде Парламенттi таратуға болмайды.

Парламенттiң ағымдағы қызметi тұрақты к-ттерде атқарылады, олардың саны әр Палатада жетеуден аспауға тиiс. Палаталардың бiрлескен қызметiне қатысты мәселелердi шешу үшiн Сенат пен Мәжiлiс тепе-тең негiзде бiрлескен комиссиялар құруға құқылы. Заң жобасы Мәжiлiстiң тұрақты к-тiнде алдын-ала қаралып, к-т ол бойынша қорытынды бергеннен кейiн — Мәжiлiстiң жалпы отырысында талқыланады. Әдетте, талқылау екi оқылымда өтедi. Ал Конституцияға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу және конституц. заңдар қабылдау немесе оларға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу мәселелерi бойынша кемiнде екi оқылым өткiзiлуi мiндеттi.

Сенаттың қаралған заң жобасы бойынша қарсылық бiлдiруге құқы бар. Сенат депутаттары жалпы санының көпшiлiк дауысымен қабылданбаған жоба Мәжiлiске қайтарылады. Егер Мәжiлiс депутаттары жалпы санының үштен екiсiнiң дауысымен жобаны қайтадан мақұлдаса, онда жоба Сенатқа қайта талқылауға және дауысқа салуға берiледi. Қайта қабылданбаған заң жобасын сол сессия барысында қайтадан енгiзуге болмайды.Әр Палатаны депутаттардың арасынан сайланатын, мемл. тiлдi еркiн игерген төраға басқарады. Төрағалар палаталардың жұмысын жүргiзедi.

Тұтастай алғанда, Парламенттiң қос палаталы құрылымы Қазақстанның жоғары заң шығарушы органы қызметiнiң пiкiр алшақтықтарын азайтып, өзара ынтымақтаса жұмыс iстеуiн мақсат етедi: палаталар бiр-бiрiне бағынбайды, бiр-бiрiне тәуелсiз құрылады; палаталардың әрқайсысы жеке жұмыс тәртiбiнде қызмет атқарады, өздерiнiң қызмет аясы мен мiндеттерi бар. Сонымен қатар олар көптеген мәселелер бойынша бiрлесiп қызмет атқаруға мiндеттi. Парламент Сенатының әр кездегi төрағалары: Ө.Байгелдi (1995 — 99), О.Әбдiкәрiмов (1999 жылдан), Н. Әбіқаев, Парламент Мәжiлiсiнiң төрағалары: М.Оспанов (1995 — 99), Ж.Тұяқбай (1999-2004), 2004 жылдан Орал Мұхамеджанов.







Қазақстан Республикасының Үкіметі


Вы находитесь: Рефераты - Әлеуметтану, саясаттану - Қазақстан Республикасының Үкіметі



Қазақстан Республикасының Үкіметі — Қазақстандағы жоғары атқарушы билiк органы.

1917—19 жж. Алаш Орда

1920—24 жж. Қырғыз (қазақ) АКСР Халық Комиссарлары Советi (Халкомсов),

1925—36 жж. Қазақ АКСР Халкомсов,

1936—46 жж. Қазақ КСР Халкомсов,

1946—91 жж. ҚазКСР Мин. Каб.

деп аталды.

 

Қ. Р. Ү. мемл. билiктiң ерекше тармағы ретiнде министрлiктерден, агенттiктерден, к-ттерден тұратын орт. атқарушы органдар, обл., ауд. және қалалық әкiмшiлiктерден тұратын жергiлiктi атқарушы органдар жүйесiн басқарады және олардың қызметiне басшылық жасайды. Оның құқықтық мәртебесiнiң негiздерi ҚР Конституциясында бекiтiлген (64-бап). Үкiметтiң құзыретi, ұйымдастырылуы мен қызметiнiң тәртiбi ҚР Конституциясына сәйкес 1995 ж. 18 желтоқсанда қабылданған “Қазақстан Республикасының Үкiметi туралы” (1999 ж. 6 мамырда өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлген) ҚР-ның конституц. Заңымен белгiленген. Үкiмет ҚР Конституциясының, аталған конституц. заңның, ҚР-ның заңдары мен өзге де нормативтiк актiлерiнiң негiзiнде және оларды орындау үшiн iс-қимыл жасайды.

 

Үкiметтi Республика Президентi ҚР-ның Конституциясында көзделген тәртiппен құрады. Премьер-Министр Үкiмет басшысы болып табылады. Премьер-Министрдi Парламенттiң келiсiмiмен Президент қызметке тағайындайды және қызметтен босатады. ҚР-ның Премьер-Министрi өзi тағайындалғаннан кейiн он күн мерзiмде үкiметтiң құрылымы мен құрамы туралы ҚР Президентiне ұсыныс енгiзедi. Президент Премьер-Министрдiң ұсынысы бойынша үкiмет құрылымын анықтайды, оның мүшелерiн қызметке тағайындайды және оларды қызметтен босатады, орт. атқарушы органдарды құрады, таратады, қайта құрады. ҚР Үкiметiнiң құрылымын министрлiктер мен өзге де орт. атқарушы органдар құрайды.

 

Қазақстан Үкiметi — алқалы орган. Оның құрамына Үкiмет мүшелерi — республиканың Премьер-Министрi, оның орынбасарлары, министрлер, өзге де лауазымды адамдар кiредi. Премьер-Министр мен Үкiмет мүшелерi қызметке кiрiсер алдында Қазақстан халқына және елбасына ҚР Үкiметi туралы конституц. заңда белгiленген тәртiппен ант бередi. Премьер-Министрге ерекше мәртебе берiлген. Ол Президентке Үкiмет құрамына кiрмейтiн министрлiктердi, орт. атқарушы органдарды құру, қайта құру және тарату туралы, министр қызметiне кандидатуралар жөнiнде, министрдi қызметтен босату туралы ұсыныстар енгiзедi, Үкiметтiң қызметiн ұйымдастырып, оған басшылық жасайды және оның жұмысы үшiн дербес жауап бередi.

 

Үкiметке мынадай негiзгi конституц. өкiлеттiктер берiлген:

ол мемл. әлеум.-экон. саясаттың негiзгi бағыттарын, оны жүзеге асыру жөнiндегi стратег. және тактик. шараларды талдап жасау;

мемл. бағдарламаларды әзiрлеу;

әлеум.-экон. және ғыл.-тех. дамудың индикативтiк жоспарларын әзiрлеп, iске асыру;

Республика Президентi белгiлеген тәртiппен респ. бюджеттi және оған енгiзiлетiн өзгерiстердi әзiрлеуге қатысу, парламентке респ. бюджет және оның атқарылуы туралы есеп беру, бюджеттiң атқарылуын қамтамасыз ету;

ҚР-ның қаржы жүйесiн нығайту жөнiндегi шараларды әзiрлеп, жүзеге асыру;

мемл. валюталық, қаржы және материалдық қорларының құралуы мен пайдалануы кезiнде заңдылықтың сақталуына мемл. бақылау жасау;

құрылымдық және инвестиц. саясатты жүзеге асыру;

баға құралуының мемл. саясатын әзiрлеп, ұйымдастыру;

мемл. реттейтiн баға қолданылатын өнiмдердiң, тауарлар мен қызмет көрсетулердiң номенклатурасын белгiлеу;

мемл. меншiктi басқаруды ұйымдастыру, оны пайдалану шараларын әзiрлеп, жүзеге асыру, мемл. меншiк құқығының қорғалуын қамтамасыз ету;

еңбекке ақы төлеу, азаматтардың әлеум. қорғалуы, мемл. әлеум. қамсыздандыру және әлеум. сақтандыру жүйесi мен шарттарын айқындау;

мемл. аймақтық саясаттың негiзгi бағыттарын әзiрлеп, iске асыру;

аймақтарды әлеум.-экон. дамытудың аймақаралық мәселелерiн шешудi қамтамасыз етедi;

ғылым мен техниканы дамыту, жаңа технологияларды енгiзу, мәдениеттi, бiлiм берудi, денсаулық сақтауды, туризм мен спортты дамыту жөнiндегi мемл. саясатты айқындап, iске асыру;

табиғат қорлары мен қоршаған табиғи ортаны оңтайлы пайдалану және қорғау шараларын әзiрлеп, жүзеге асыру;

құқықтық реформалардың жүзеге асырылуын қамтамасыз ету;

азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау және заңдылық пен құқықтық тәртiптi сақтау, ҚР-ның қауiпсiздiгi мен қорғаныс қабiлетiн, аумақтық тұтастығын сақтау және қорғау, ҚР-ның мемл. шекарасын күзету шараларын әзiрлеп, iске асыру;

келiссөздер жүргiзу және үкiметаралық келiсiмдерге қол қою туралы шешiмдер қабылдау;

ҚР-ның шет мемлекеттермен, халықар. және аймақтық ұйымдармен қарым-қатынасты дамытуын қамтамасыз ету;

сыртқы экон. саясатты iске асыру шараларын әзiрлеу;

сыртқы сауданы дамыту шараларын қолдану;

халықар. қаржы ұйымдарымен ынтымақтастық пен өзара iс-қимылды жүзеге асыру;

Конституциямен, заңдармен және президент актiлерiмен жүктелген өзге де қызметтердi орындау.

 

Үкiмет өзiнiң бүкiл қызметiнде конституцияда және үкiмет туралы конституц. заңда белгiленген нысандарда Республика Президентiнiң алдында жауапты.

 

ҚР-ның Премьер-Министрi үкiмет қызметiн ұйымдастырып, оған басшылық етедi, оның жұмысы үшiн жауап бередi, Президентке Үкiмет қызметiнiң негiзгi бағыттары жөнiнде баяндайды, қаулылар шығарады. Үкiмет мүшелерi өз құзыретi шегiнде дербес шешiмдер қабылдайды, Олар өздерiне бағынышты мемл. органдардың жұмысы немесе тапсырылған жұмыс аясы үшiн Премьер-Министрдiң алдында жауап бередi. Парламенттiң әрбiр палатасы үкiмет мүшелерiнiң қызметтерi жөнiндегi есептерiн тыңдауға хақылы. Үкiмет мүшесi заңдарды орындамаған жағдайда депутаттар оны қызметтен босату жөнiнде Президентке мәлiмдей алады. Үкiмет ҚР Конституциясы, заңдары, ҚР Президентiнiң нормативтiк жарлықтары негiзiнде және солардың орындалуы үшiн өз құзыретi шегiнде бүкiл мемл. аумағында мiндеттi күшi бар Үкiмет қаулылары мен Премьер-Министрдiң өкiмдерiн шығарады, олардың iске асырылуын қамтамасыз етедi. Бұл қаулылар мен өкiмдер Конституцияға, заңдарға, Республика Президентiнiң актiлерiне қайшы келмеуге тиiс.

 

Жаңадан құрылған Үкiмет өз қызметiнiң бағдарламасын жасап, бұл туралы Парламентке баяндама ұсынады. Егер Парламент Үкiметтiң бағдарламасын қабылдамаса, Үкiмет екi ай iшiнде бағдарламаны қайтадан ұсынады. Егер Парламент депутаттарының жалпы санының 2/3-сiнiң дауыс беруiмен бағдарлама тағы да қабылданбаса, онда бұл Үкiметке сенiмсiздiк вотумын бiлдiредi. Үкiмет заңдық ұсыныстар енгiзуге хақылы. Ол заң жобаларының жоспарын құрып, соған сәйкес парламент мәжiлiсiне заң жобаларын ұсынады. Заң жобаларын дайындауға олардың сапасы үшiн жауапты болатын министрлiктер, мемл. к-ттер, агенттiктер, бiрiншi басшылар қатысады. Қ. Р. Ү. Президенттiң өкiлеттiк мерзiмi шегiнде қызмет етедi және жаңадан сайланып, қызметке кiрiскен ҚР Президентiне үкiмет мүшелерi жазбаша қол қойған өтiнiш беру арқылы өз өкiлеттiгiн доғарады.

 

ҚР-ның Конституциясында (70-бап) және ҚР-ның Үкiметi туралы констиуц. заңда республика Үкiметiнiң, оның мүшелерiнiң тиiстi өкiлеттi мерзiмiнен бұрын орындарынан түсу себептерi мен тәртiптерi қаралған. Егер Үкiмет, оның кез келген мүшесi өздерiне жүктелген мiндеттердi одан әрi орындау мүмкiн емес деп санайтын болса, онда олар республика Президентiне өз орнынан түсуi туралы мәлiмдеуге хақылы. Конституцияда (53-бап, 7-тармақ, 61-бап, 7-тармақ) көзделген жағдайларда Парламент Үкiметке сенiмсiздiк бiлдiретiн болса, Үкiмет өзiнiң орнынан түсуi туралы ҚР Президентiне мәлiмдейдi. Орнынан түсудi қабылдау немесе қабылдамау туралы мәселенi ҚР Президентi он күн мерзiмде қарайды. Орнынан түсудi қабылдау Үкiметтiң не оның тиiстi мүшесiнiң өкiлеттiгi тоқтатылды дегендi бiлдiредi. Премьер-Министрдiң орнынан түсуiн Президенттiң қабылдауы немесе оны қызметiнен босатуы бүкiл Үкiметтiң өкiлеттiгi тоқтатылғанын бiлдiредi. Сондай-ақ, президент өз бастамасымен де Үкiметтiң өкiлеттiгiн тоқтату туралы шешiм қабылдауға және оның кез келген мүшесiн қызметтен босатуға хақылы. Үкiмет жүргiзiп отырған саясатпен келiспейтiн және оны жүргiзбей отырған үкiмет мүшелерi атқарып отырған қызметiнен босатылуға тиiс.

 

Министрлiктiң және өзге де орт. атқарушы органдардың басшылары болып табылатын үкiмет мүшелерi: тиiстi мемл. органдарға басшылықты жүзеге асырады; өз құзыретi шегiнде дербес шешiмдер қабылдайды; ҚР Премьер-Министрiнiң алдында өздерiне жүктелген бағынышты мемл. органдардың жұмысы үшiн, сондай-ақ, тиiстi мемл. органдардың қарауына жататын мемл. басқару аясындағы iстiң жайы үшiн дербес жауап бередi; ҚР заңдарының, ҚР Президентi мен Үкiметi актiлерiнiң орындалуын қамтамасыз етедi. Министр ҚР Конституциясында көзделген ретте (37-бап, 6-тармақ) өз қызметiнiң мәселелерi жөнiнде парламент палаталарына есеп бередi.

 

Үкiмет құрамына кiретiн орт. (респ.) атқарушы органдарды қызметiнiң сипатына қарай салалық құзыреттi органдарға, салааралық құзыреттi органдарға, бақылау және қадағалау органдарына, мемлекеттiң арнайы немесе ерекше атқарымдарын iске асыратын мамандандырылған мемл. органдарға бөлуге болады. Қазiргi кезде мына салалар бойынша респ. орт. атқарушы органдары жұмыс iстейдi: экономика салалары бойынша: Экон. және бюджеттiк жоспарлау мин., Қаржы мин., А. ш. мин., Көлiк және коммуникациялар мин., Энергет. және минералдық қорлар мин., Индустрия және сауда мин., Қоршаған ортаны қорғау мин., Мемл. материалдық резервтер жөнiндегi агенттiк; Мемл. сатып алу жөнiндегi агенттiк, Жер ресурстарын басқару жөнiндегi агенттiк, Ақпараттандыру және байланыс жөнiндегi агенттiк; әлеуметтiк-мәдениет салалары бойынша: Мәдениет мин., Ақпарат мин., Бiлiм және ғылым мин., Еңбек және


қорғау мин., Денсаулық сақтау мин., Туризм және спорт жөнiндегi агенттiк, Көшi-қон және демография жөнiндегi агенттiк; әкiмшiлiк-саяси қызмет бойынша: Сыртқы iстер мин., Iшкi iстер мин., Қорғаныс мин., Әдiлет мин., Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттiк, Қаржы полициясы агенттiгi.

 

Орт. атқарушы билiк органдарын ұйымдастырудың және олардың өз қызметiн атқаруының тәртiбi “Қазақстан Республикасының Үкiметi туралы” конституц. Заңмен (18.12. 1995), ҚР Үкiметiнiң 1997 ж. 13 наурыздағы 321-қаулысымен бекiтiлген ҚР-ның мин. (Мемл. к-тi) туралы үлгi ережемен және әрбiр мин., агенттiк, к-т туралы ережелермен реттеледi. ҚР-нда ұйымдық-құқықтық нысандарда қалыптасып, қызмет атқарып жатқан орт. атқарушы органдар: ҚР-ның министрлiктерi; ҚР-ның агенттiктерi; ҚР министрлiктерiнiң құрылымдық бөлiмшелерi болып табылатын к-ттер, департаменттер және басқармалар.

 

ҚР-ның Министрлiгi мемл. басқарудың тиiстi саласына басшылық жасайтын, сондай-ақ, заңдарда көрсетiлген шекте салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын орт. атқарушы орган болып табылады. Министрлiктi Премьер-Министрдiң ұсынысымен Президент құрады, қайта құрады және таратады. Министрлiктiң басшысы болып табылатын министрдi де Премьер-Министрдiң ұсынуымен Президент қызметке тағайындайды және қызметтен босатады. Министр министрлiктiң жұмысына басшылық жасайды және министрлiкке жүктелген мiндеттердiң орындалуы және оның өз қызметiн жүзеге асыруы үшiн жауап бередi. Ол лауазымы бойынша Қ. Р. Ү-нiң құрамына кiредi. Министрлiктiң құрылымы мен штат санын Үкiмет бекiтедi. Министрлiкте министрдiң орынбасарлары (вице-министрлерi), сондай-ақ, министрлiктiң басқа да басшы қызметкерлерi құрамында министр басшылық ететiн алқа — кеңесшi орган құрылады. Алқаның сандық құрамын Үкiмет, ал жеке адамдар құрамын министр бекiтедi. Мин. өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша заңдарда белгiленген тәртiппен ҚР-ның барлық аумағында мiндеттi күшi бар бұйрықтар түрiнде актiлер шығарады. Министрлiктiң қызметi тек мемл. бюджеттен қаржыландырылады. Заң бойынша барлық министрлiктер өзара тең болып табылады және бiр-бiрiне әкiмш. бағынышты емес, бiрақ олар өздерiнiң жұмыстарын үйлестiре алады, бiрлесiп қызмет атқару немесе әртүрлi құрылымдық бөлiмшелердiң бiрлескен iс-қимылдарын қажет ететiн (мыс., респ. мақсатты бағдарламаларды iске асыру, қылмыспен күресу, т.б. жөнiндегi мәселелердi шешу туралы) шарттар мен келiсiмдер жасаса алады.

 

ҚР-ның агенттiгi де орт. атқарушы орган болып табылады. Агенттiктi Премьер-Министрдiң ұсынысымен Президент құрады, қайта ұйымдастырады және таратады. Ол тиiстi мемл. басқару саласына басшылықты, сондай-ақ заңдарда белгiленген шекте салааралық үйлестiру мен өзге де арнайы және рұқсат беру мiндеттерiн жүзеге асырады. Агенттiктердiң және Үкiмет құрамына кiрмейтiн басқа да орт. атқарушы органдардың басшыларын қызметке Үкiмет тағайындайды және қызметтен босатады. Агенттiктiң құрылымын оның басшысы — төраға бекiтедi. Әдетте, оның құрылымы департаменттер мен басқармалардан тұрады. Агенттiк төрағасының жанынан кеңесшi орган — алқа құрылады. Оның құрамын агенттiктiң төрағасы бекiтедi. Агенттiк төрағасының бұйрықтары агенттiктiң құқықтық актiлерi болып табылады. Министрлiктер, агенттiктер мен өзге де орт. атқарушы органдар туралы ережелердi, сондай-ақ, оларға құрылымдық жағынан бағынышты мемл. мекемелердiң штат санының лимиттерiн Үкiмет бекiтедi.

 

Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi, Мемл. қызмет жөнiндегi агенттiк, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөнiндегi мемл. комиссия, Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiк, Респ. бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп к-тi үкiмет құрамына кiрмейдi, оларға ҚР Президентiне тiкелей бағынатын және оған есеп беретiн мемл. орган мәртебесi берiлген. Орт. атқарушы органның құрылымдық к-тi тиiстi орт. атқарушы органның құрылымдық бөлiмшесi болып табылады. Оны тиiстi орт. атқарушы орган басшысының ұсынуымен үкiмет құрады, қайта ұйымдастырады және таратады. Құрылымдық бөлiмше орт. атқарушы құзыретiнiң шегiнде арнайы атқару және бақылау-қадағалау мiндеттерiн жүзеге асырады, сондай-ақ, салааралық үйлестiрудi жүзеге асырады немесе мемл. басқарудың iшкi саласына басшылық жасайды. Орт. атқарушы орган басшысының ұсынуымен үкiмет бөлiмшенiң басшысын қызметке тағайындайды және оны қызметтен босатады. Оның құрылымын, құзыретiн және басқа мемл. органдармен өзара iс-қимылының тәртiбiн үкiмет белгiлейдi.

 

Похожие:

Қазақстан Республикасының сот жүйесі iconҚазақстан республикасының сот жүйесі мен судьяларының МӘртебесі туралы
Республикасында сот билiгi тұрақты судьялар, сондай-ақ заңда көзделген жағдайларда және тәртiппен қылмыстық сот iсiн жүргiзуге тартылған...
Қазақстан Республикасының сот жүйесі iconҚазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы
Республикасында сот билiгi тұрақты судьялар, сондай-ақ заңда көзделген жағдайларда және тәртiппен қылмыстық сот iсiн жүргiзуге тартылған...
Қазақстан Республикасының сот жүйесі iconСот жүйесінің бірлігі
Республикасының сот жүйесін Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты және Қазақстан Республикасының Конститутциясына және осы Конститутциялық...
Қазақстан Республикасының сот жүйесі iconҚазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы
Судьяларды материалдық қамтамасыз ету және әлеуметтік қамсыздандыру (47 55 баптар)
Қазақстан Республикасының сот жүйесі icon«Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы»
Республикасындағы соттар қызметiнiң тәртiбiн және судьялардың мәртебесiн белгiлейтiн заңдар
Қазақстан Республикасының сот жүйесі icon«Қазақстан Республикасы сот органдарының бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық талдау жүйесі» бағдарламасы бойынша облыстық және оған теңестірілген соттарда іс қағаздарын электрондық тәсілмен жүргізу жөніндегі нұсқаулық
Осы Нұсқаулық Қазақстан Республикасының облыстық және оған теңестірілген сотының кеңсесінде (бұдан әрі сот) іс қағаздарын жүргізуді...
Қазақстан Республикасының сот жүйесі iconҚазақстан Республикасының Заңы «Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі туралы»
Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., №20, 80-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар...
Қазақстан Республикасының сот жүйесі icon1. Сот оқуы стратегиясының паспорты
Республикасының Жоғарғы Соты, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Сот төрелігі институты,...
Қазақстан Республикасының сот жүйесі icon«Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілерінің күші жойылды деп тану туралы»

Қазақстан Республикасының сот жүйесі iconКәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттарды құру және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» 2000 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница