«Қазақстандық жоғары технологиялық, энерготиімді және инновациялық компаниялар қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің жарғысы




Скачать 406.39 Kb.
Название«Қазақстандық жоғары технологиялық, энерготиімді және инновациялық компаниялар қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің жарғысы
страница1/4
Дата конвертации09.07.2013
Размер406.39 Kb.
ТипДокументы
  1   2   3   4


«Қазақстандық жоғары технологиялық, энерготиімді және инновациялық компаниялар қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі мүшелерінің Жалпы жиналысының «___»_________ 2012 жылғы

№ __ хаттамасымен бекітілген

« Қазақстандық жоғары технологиялық, энерготиімді және

инновациялық компаниялар қауымдастығы»

заңды тұлғалар бірлестігінің

ЖАРҒЫСЫ


  1. Жалпы ережелер, мәні және қызмет ету мақсаттары


1.1. « Қазақстандық жоғары технологиялық, энерготиімді және инновациялық компаниялар қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі ( бұдан әрі - Қауымдастық) азаматтық және өнеркәсіп секторларының энергия үнемдеу саласындағы идеяларды дәріптеуді және ілгерілетуді өзара бірлесіп нығайту мақсатында құрылған заңды тұлғалардың ерікті бірлестігі болып табылады.

1.2. Қауымдастық коммерциялық емес ұйым болып табылады және оның мүшелерімен мемлекеттік және өзге де органдарда, сондай-ақ халықаралық ұйымдарда жалпы мүдделерді білдіруге уәкілетті.
1.3. Толық атауы:

Мемлекеттік тілде – «Қазақстандық жоғары технологиялық, энерготиімді және инновациялық компаниялар қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі;

орыс тіліндеОбъединение юридических лиц «Казахстанская ассоциация высокотехнологичных, энергоэффективных и инновационных компаний»;

ағылшын тілінде - Alliance of Legal Entities « Kazakhstan Association of high-tech energy efficient and innovation companies ».

1.4. Қысқаша атауы:

Мемлекеттік тілде – «ҚЖТЭТИКҚ» ЗТБ;

орыс тіліндеОЮЛ «КАВЭИК»;

ағылшын тілінде – ALE «KAHTEIС».

1.5. Қауымдастық заңды тұлға болып табылады, оқшауланған мүлкі, дербес балансы, өз атауы көрсетілген мөрі, фирмалық бланктері, қаржылық-несиелік мекемелерде теңгеде, сонымен қатар шетел валюталарында есеп шоттары мен өзге де шоттары бар.

1.6. Қауымдастық мүшелері өз дербестігін және заңды тұлға құқығын сақтайды.

1.7. Қауымдастық өз мүшелерінің міндеттері бойынша жауап бермейді. Қауымдастық мүшелері құрылтай шартта және осы жарғыда қарастырылған көлемде және тәртіпте оның міндеттемелері бойынша біріккен жауапкершілікті атқарады.

1.8. Қауымдастық өз мақсаттарына жету үшін заңды тұлғаларды құра алады немесе өзге заңды тұлғалардың іс-әрекетіне қатыса алады.

1.9. Қауымдастық филиалдар мен өкілдіктерін құра алады.

1.10. Заңды тұлға болып табылмайтын филиалдар мен өкілдіктер осы Жарғының 2.3.2. тармағына сәйкес Басқарма бекіткен ережелер негізінде жұмыс істейді. Қауымдастық заңнамамен белгілеген тәртіпте Қазақстан Республикасында және шетелдерде өз өкілдіктерін аша алады.

1.11.Қауымдастықтың орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, индекс 010000, Астана қаласы, Сарыарка ауданы, 85 к, 13 уй.
1.12. Қауымдастықтың құрылу мақсаты болып мыналар табылады:

- азаматтық және өнеркәсіп секторларда энергия үнемдеу салаларында идеяларды ілгерлетуді және дәріптеуді нығайту;

- энергия тұтыну және парник газдардың шығарылу деңгейін төмендету;

- елдің үдемелі инновациялық-индустриалдық даму саясатын ілгерілету;

- инновациялық энергия үнемдеу технологияларын дамыту мен пайдалану үшін заңнамалық, қазыналық, ғылыми және басқа да салаларда қолайлы жағдай жасау;

- энерготиімді технологиялар мен өндірістерді дамыту;

-жаңартылған энергия көздерінің үлесін арттыру;

- өндірістік, тұрғын-үй коммуналдық және бюджеттік салаларда энергия үнемдеу әлеуетін іске асыру есебінен энергияны өндіру, тарату және тұтыну кезінде энерготиімді технологияларды, құрал-жабдықтарды және материалдарды енгізу;

- қоршаған ортаға техногендік факторлардың залалды әсерін төмендете отырып, энергоресурстардың сапалы стандарттарын ұсыну арқылы Қазақстан Республикасы халқының өмір сапасын арттыру;

- Қауымдастық мүшелерінің кәсіпкерлік қызметінің тиімділігін арттыру.

1.13. Қауымдастық міндеттері болып мыналар табылады:

1.13.1. Қазақстан Республикасындағы энергия үнемдеу технологияларының құрылысын дамытуға бағытталған нормативтік актілер, құрылыс нормалары және ережелерін әзірлеуге және енгізуге қатысу, жаңа азаматтық және өнеркәсіптік құрылысқа қатысты құрылыс ережелерін кезең-кезеңімен жетілдіру, сонымен қатар түпкі нәтижесінде энергопассивтік және энергожаратымды ғимараттардың стандарттарына келтіре отырып қайта қалпына келтіру;

1.13.2. білім беру орындарынан бастап мемлекеттік органдар мен қызметтермен аяқтай отырып барлық деңгейлерде энергия үнемдеу және экологиялық құрылыс технологиялары мен идеяларын жалпы ілгерлету мен дәріптеу;

1.13.3. Қазақстан Республикасында энергия үнемдеу құрылысының құрауыштарын өндіруді дамытуға қатысу;

1.13.4. Экономикада және өндірістік емес салаларда энергияны тұтынудың тиімділігін сапалы жақсартуды қамтамасыз ететін прогрессивті техникаларды, технологиялар мен материалдарды жасау және енгізуге жәрдемдесу;

1.13.5. Энергия пайдалануы төмен ғимараттар технологиялары мен стандарттары бойынша жаңа құрылыс және қайта қпалпына келтіру, жобалау мәдениетін дамыту, сондай-ақ экологиялық таза құрылыс мәдениеті мен стандарттарын дамыту;

1.13.6. Энергия үнемдеу технологияларын қолдау және ынталандыру мемлекеттік бағдарламаларын, сонымен қатар тұрғын-үй коммуналдық шаруашылықты жаңғырту бойынша бағдарламаларды әзірлеу, енгізу және дамыту;

1.13.7. Тұрғын-үй, әкімшілік және өндірістік ғимараттарға кәсіби, инженерлік қызмет көрсету деңгейін заманауи халықаралық стандарттарға көтеру;

1.13.8. Қауымдастық мүшелерінің қызметіне ақпараттық, консультациялық және әдіснамалық қолдау көрсету;

1.13.9. Қазақстан Республикасының мемлекеттік және басқа да ұйымдарында және халықаралық ұйымдарда Қауымдастық мүшелерінің құқықтарын білдіру және мүдделерін қорғау;

1.13.10. Қауымдастық мүшелері ұсынған өнімдерді, жұмыстар мен қызметтерді ілгерлету;

1.13.11. Дәстүрлі емес, жаңартылған және қайталама энергоресурстарды пайдалануды дамыту;

1.13.12. мемлекеттік инновациялық саясатты жетілдіру және энергия үнемдеу және энерготиімді технологиялардың инвестициялық тартымдылығын жоғарылату бойынша мемлекеттік органдармен, қоғамдық, ғылыми және білім беру бірлестіктерімен, бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-әрекет жасау;

1.12.13. Аталмыш саланы дамытудағы ғылыми негізделген іс-шаралар мен бағдарламаларды әзірлеу арқылы жеке кәсіпорындар мен мемлекеттік мекемелер қызметтерінде инновациялық құраушыларды арттыру;

1.13.14. Энергия үнемдеу және энерготиімді технологиялар туралы ақпаратты тарату саласында көрмелерді, халықаралық және республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияларды, симпозиумдарды ұйымдастыру, жарнамалық-делдалдық және өзге де іс-шараларды өткізу;

1.13.15. Қауымдастық мүшелерінің қажетті мамандар мен менеджерлерді іріктеу негізінде кадр мәселелерін шешуге жәрдемдесу, сонымен қатар әлемдік жалпы білім беру стандарттары деңгейінде кәсіби кадрларды дайындау және қайта дайындау Білім орталықтарын құру.

1.14. Қауымдастық қызметінің мәні:

1.14.1. Қауымдастық мүшелерінің құқықтары мен мүдделерін қорғау;

1.14.2. бастамашылық тәртіпте және Қауымдастықтың басшы, жоспарлаушы және үйлестіруші органдарының тапсырмалары бойынша энергия тиімділігі мен энергия үнемдеу саласында нормативтік құжаттарды, қаулылар мен жобаларды дайындау;

1.14.3. Энерготиімді құрал-жабдықтар мен жүйелерді жобалау және пайдалану үшін қажетті құжаттарды дайындау және әзірлеуге қатысу;

1.14.4. Қауымдастық мүшелерін-энергия үнемдеу компанияларының дамуын қолдау және жәрдемдесу;

1.14.5. Энергия үнемдеу инновациялық технологияларын игеру және жаңартылған энергия көздерін қолдану саласында энергия өндіруші және қамтамасыз етуші компаниялардың мамандарын оқыту және біліктілігін жоғарылату;

1.14.6. Ақпараттық-консультациялық, ғылыми-әдіснамалық және баспа жұмыстарын, сонымен қатар бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмысты ұйымдастыру;

1.14.7. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен тыйым салынбаған және Қауымдастық мақсаттарын жүзеге асыруға ықпал ететін өзге де қызмет түрлері.
2. Қауымдастықтың басқару органдарының құрылымы, қалыптастыру тәртібі және құзыреті
2.1. Қауымдастық органдары:

2.1.1. Қауымдастықтың жоғары басқару органы – Қауымдастық мүшелерінің жалпы жиналысы;

2.1.2. Қауымдастықтың қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асыратын орган – Қауымдастық басқармасы, Басқарма Төрағасы – Қауымдастық Президенті;

2.1.4. Атқарушы орган – Атқарушы директор;

2.1.5. Бақылау органы – Тексеру комиссиясы.

2.2. Қауымдастық мүшелерінің жалпы жиналысы.

2.2.1. Жалпы жиналыс мүшелері Қауымдастық қызметінің барлық мәселелері бойынша шешім қабылдауға құқылы.

2.2.2. Қауымдастық мүшелерінің жалпы жиналысының ерекше құзыретіне мыналар жатқызылады:

  • Қауымдастық Жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу;

  • Қауымдастықты құрған мүшелерден басқа Қауымдастық Басқармасын сайлау;

  • Басқарма Төрағасы – Қауымдастық Президентінің, Атқарушы директордың есептерін тыңдау;

  • Тексеру комиссиясын сайлау және оның есептерін тыңдау;

  • Қауымдастықтан Жалпы жиналыс мүшелері бекіткен негіздер бойынша Қауымдастық мүшелерін шығару туралы шешімдерді бекіту;

  • Қауымдастықты қайта ұйымдастыру және тарату туралы мәселелерді шешу;

  • Мүшелер келісімі бойынша өзге де мәселелер.

2.2.3. Жалпы жиналыс қажеттілігіне қарай жылына кемінде 1 (бір) рет шақырылады.

2.2.4. Жалпы жиналыстың кезектен тыс отырысы кемінде 1/3 мүшесінің немесе Қауымдастық Басқармасының кемінде 2/3 құрамының талабы бойынша шақырылады. Төраға отырыстың өткізілетін жері мен уақыты, сонымен қатар күн тәртібін мүшелерге отырыс болатын болжамды күннен 10 (он) күнтізбелік күн бұрын хабарлауға тиісті.

2.2.5. Егер де оның отырысына мүшелердің жалпы санынан кемінде 2/3 мүшесі қатысса Жалпы жиналыс шешім қабылдауға құқылы. Жалпы жиналыс шешімі мүшелердің қарапайым дауыс көпшілігімен қабылданады. Дауыс беру рәсімін Жалпы жиналыс анықтайды.

2.2.6. Қауымдастықты құрған заңды тұлғалардың бірінші басшыларын және Қауымдастықтың Тексеру комиссиясын қоспағанда, өзіне жүктелген міндеттерді орындай алмаған Басқарма, Төраға, кез-келген уақытта Қауымдастық мүшелерінің Жалпы жиналысымен қайта сайланады.

2.3. Қауымдастық Басқармасы.
2.3.1.Жалпы жиналыс отырыстары арасындағы кезеңдегі Қауымдастық қызметіне жалпы басшылықты Басқарма жүзеге асырады, ол сонымен бірге Қауымдастықтың атқарушы органының қызметін бақылайды.

2.3.2. Басқарманың ерекше құзыретіне мыналар жатқызылады:

  • Қауымдастық қызметінің негізгі бағыттарын анықтау;

  • Қауымдастық қызметінің бағдарламалары мен қаржыландыру жоспарларын бекіту;

  • Басқарма Төрағасы - Қауымдастық Президентін сайлау;

  • Қауымдастықтың жаңа мүшелерін қабылдау;

  • Атқарушы дирекцияны сайлау;

  • Ішкі нормативтік құжаттарды қабылдау;

  • одан әрі жалпы жиналыста бекіту үшін мүшелердің кіру, мерзімді және мақсатты жарналарының мөлшерін анықтау;

  • Тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді өткізуден түскен қаржыларды үлестіру тәртібін анықтау, қорларды құру және жұмсау;

  • Жалпы жиналыстың шешімдерін орындау;

  • Жалпы жиналыс мүшелерінің келісімі бойынша басқа да мәселелер.

2.3.4. Басқарманы жалпы жиналыс 3 (үш) жыл мерзімге сайлайды.

2.3.5. Басқарма кемінде 7 (жеті) адамнан тұрады және 15 (он бес) адамнан аспауы тиіс. Басқарма құрамына Қауымдастықты құрған Қауымдастық мүшелерінің заңды тұлғаларының бірінші басшылары, оны құрғаннан кейін Қауымдастық мүшелілігіне кірген заңды тұлғалардың бірінші басшылары, сондай-ақ мемлекеттік, мемлекеттік емес ұйымдардың өкілдері, Қауымдастық мүдделері саласында белсенді қызметпен айналысатын жеке тұлғалар кіреді.

2.3.6. Басқарма отырысы қажеттілігіне қарай кем дегенде тоқсанда бір рет өткізіледі.

2.3.7. Егер оның отырысына кемінде 2/3 мүшесі адам қатысса, Басқарма заңды деп саналады. Басқарма шешімі көпшілік дауыспен қабылданады. Дауыс беру рәсімін Басқарма анықтайды.

2.3.8. Егер оның қабылдануына отырысқа қатысып отырған, оның ішінде телеконференция арқылы қатысушы Басқарма мүшелерінің басым көпшілігі дауыс берген жағдайда Басқарма шешімі қабылданды деп саналады. Мүшелер дауыстары тең түскен жағдайда Басқарма Төрағасы-Президентінің дауысы шешуші болып саналады.

2.3.9. Басқарма мүшесінің өзге тұлғаға, оның ішінде Басқарманың басқа мүшесіне дауыс беру құқығын беруіне тыйым салынады.

2.3.10. Басқарманың бетпе-бет тәртіпте өткізілген отырысында қабылданған шешімдер Басқарманың барлық мүшелерінің қолы қойылған хаттамамен отырыс өткізілген күннен 3 (үш) жұмыс күн аралығында ресімделеді.

Отырыс хаттамасында мыналар көрсетіледі:

1) Қауымдастықтың толық атауы мен орналасқан жері;

2) отырыстың өткізілген күні, орны және уақыты;

3) отырысқа қатысқан тұлғалар тізімі;

4) отырыстың күн тәртібі;

5) дауыс беруге қойылған сұрақтар және олар бойынша қорытынды;

6) қабылданған шешімдер.

2.3.11. Басқарма шешімі сырттай дауыс беру әдісімен бюллетенге қол қою арқылы қабылдана алады. Сырттай дауыс беру арқылы шешім бюллетенде белгіленген мерзімде алынған кворум болған жағдайда қабылданды деп танылады. Басқарманың сырттай отырысының шешімі хаттама түрінде жазбаша ресімделуі тиіс және оған Басқарма мүшелерінің дауыс беруіне қатысқандар қол қойған дауыс беру бюллетенін міндетті түрде қоса бере отырып Басқарма төрғасы - Президенті қол қоюы тиіс. Басқарма шешімі және/немесе Жалпы жиналыс мүшелері бекіткен Қауымдастықтың ішкі құжаттарымен Басқарманың сырттай отырысы әдісімен қарастырылмайтын мәселелер тізімі анықталуы мүмкін.

2.3.12. Қауымдастық Басқармасын Қауымдастық Басқармасы сайлайтын Басқарма Төрағасы-Президент басқарады.
2.4. Қауымдастық Басқармасының

Төрағасы-Президенті
2.4.1.Қауымдастық мүшелерінің Жалпы жиналысында төрағалық етеді, Қауымдастық мүшелерінің Жалпы жиналысының отырыстарын жүргізеді және хаттамаларға қол қояды;

2.4.2. сырттай тәртіпте Қауымдастық мүшелерінің Жалпы жиналысының отырысын өткізу туралы шешімді қабылдайды;

2.4.3. Қауымдастық қызметкерін не болмаса Қауымдастық мүшелерінің Жалпы жиналысының отырысында төраға ету функцияларын жүзеге асыру уәкілеттігін береді;

2.4.4. Қауымдастықтың бекітілген жобалар мен бағдарламалары және Қауымдастық Басқармасының шешімдерін орындау шеңберінде Қауымдастықтың ағымдағы қызметіне басшылық етеді;

2.4.5. сенімхатсыз Қауымдастық атынан іс-әрекет етеді, оның мүдделерін білдіреді;

2.4.6. Атқарушы директорды, бас бухгалтерді жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;

2.4.7. Қауымдастықтың филиалдары мен өкілдіктерінің ережелерін бекітеді.

2.4.8. Басқарма Төрағасы – Президент өкілдік функцияларын атқарады, Қазақстан Республикасының барлық ұйымдарында және шетелде Қауымдастық мүдделерін білдіреді;

2.4.9. Басқарма Төрағасы – Президент жасырын дауыс беру арқылы Басқарма мүшелері арасынан Қауымдастық Басқармасы 2 (екі) жылға сайлайды.

2.4.10. Басқарма Төрағасы – Президенті жылына 1 (бір) реттен кем емес Қауымдастықтың қызмет нәтижелері туралы Жалпы жиналыс алдында есеп береді.

2.4.11. құрылтай және басқа да құжатттарға қол қою құқығына ие;

2.4.12. Қауымдастық мүшелерінің Жалпы жиналысының отырысында Басқарма Төрағасы –Президент болмаған жағдайда осы отырыста төрағалық ету функциясы Атқарушы директорға немесе сенім хат бойынша уәкілеттілік берілген тұлғаға өтеді.

2.4.13. Басқарма Төрағасы – Президент Жалпы жиналысының отырысында бір дауысқа құқылы.

2.4.14. Басқарма Төрағасы –Президент барлық уақытта кемінде 1 (бір) айдан кешіктірмей жазбаша түрде Басқарманы осы жайлы ескерте отырып, өз міндеттерінен бас тартуға құқылы. Басқарма Төрағасы –Президенті өз міндеттерін орындаудан бас тартқан жағдайда Басқарма шақырылады, ол жаңа Қауымдастық Басқарма Төраға - Президентін тағайындайды.
  1   2   3   4

Похожие:

«Қазақстандық жоғары технологиялық, энерготиімді және инновациялық компаниялар қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің жарғысы icon«Инновациялық форсаж» – сізге берілген мүмкіндік
Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің қолдауымен «Технологиялық даму бойынша Ұлттық агенттік» АҚ. Байқауға инновациялық...
«Қазақстандық жоғары технологиялық, энерготиімді және инновациялық компаниялар қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің жарғысы icon7 Қазақстандағы инновациялық белсенділікті арттыру жолдары 1 Қазақстанда ұлттық инновациялық инфрақұрылымды дамытудың негізгі бағыттары
«Ұлттық инновациялық қор» АҚ қызметінің басты мақсаты елдегі жалпы инновациялық белсенділікті арттыруға, соның ішінде жоғары технологиялық...
«Қазақстандық жоғары технологиялық, энерготиімді және инновациялық компаниялар қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің жарғысы iconАлматыда бірінші Халықаралық Инновациялық Форум өтеді 1 қазан (дүйсенбі) күні сағат 13: 00-де «Жанар Қазақстандық Инновациялық Қоры»
«Жанар Қазақстандық Инновациялық Қоры» АҚ Алматы Бірінші Халықаралық Инновациялық Форумына арналған пресс-ланч ұйымдастырады
«Қазақстандық жоғары технологиялық, энерготиімді және инновациялық компаниялар қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің жарғысы iconШығыс Қазақстан облысы жастар үкіметтік емес ұйымдарының тізімі
«Шығыс Қазақстан облыстық жастар және балалар ұйымдарының қауымдастығы» Заңды тұлғалар бірлестігі
«Қазақстандық жоғары технологиялық, энерготиімді және инновациялық компаниялар қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің жарғысы iconҚазақстан қор биржасы (kase) мен ҚР Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігі жеңілдіктерді бекітті, оған сәйкес ipo жариялаушы компаниялар бір жыл мерзімге жыл сайынғы листингтік алымнан
Осы шара қазақстандық компаниялар үшін инвестициялар тартудың қосымша мүмкіндіктерін ашады
«Қазақстандық жоғары технологиялық, энерготиімді және инновациялық компаниялар қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің жарғысы iconМҮлік салығы заңды тұЛҒалар мен дара кәсіпкерлерге салынатын мүлік салығ
Республикасының аумағында меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығында салық салу объектісі бар заңды тұлғалар
«Қазақстандық жоғары технологиялық, энерготиімді және инновациялық компаниялар қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің жарғысы iconЗАҢды тұЛҒалар үшін қҰжаттар тізбесі заңды тұлғалар үшін «Жемшөп өндірісін дамыту»
Заңды тұлғалар үшін «Жемшөп өндірісін дамыту» инвестициялық бағыты бойынша жемшөп дайындау, жемшөп тарату, жемшөп әзірлеу техникаларын...
«Қазақстандық жоғары технологиялық, энерготиімді және инновациялық компаниялар қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің жарғысы iconЕ. Жұматаева жоғары мектепте әдебиетті білімденудің инновациялық технологияларымен оқыту
Ж. Аймауытов атындағы этнопедагогика және білім берудің инновациялық технологиялары ғылыми-практикалық орталығы
«Қазақстандық жоғары технологиялық, энерготиімді және инновациялық компаниялар қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің жарғысы iconЖоғары оқу орындарының жетекшілеріне АҚпараттандыру парағЫ
Алматы қаласы мен Қазақстандық және шетелдік жоғары оқу орындарына да ашық болғандығын пайдалана отырып, университеттің ғылыми және...
«Қазақстандық жоғары технологиялық, энерготиімді және инновациялық компаниялар қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің жарғысы icon2012 жылдың 1 жарты жылдығына арналған Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің Салық комитетінде жеке тұлғалар мен заңды тұлғалар өкілдерін қабылдау кестесі
Республикасы Қаржы Министрлігінің Салық комитетінде жеке тұлғалар мен заңды тұлғалар өкілдерін қабылдау
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница