Кәсіби шет тілі бойынша (ағылшын тілі) тмд елдері жоғары оқу орындарының лингвистикалық емес техникалық мамандықтары студенттеріне арналған Халықаралық интернет-олимпиада туралы Ереже




Скачать 139.44 Kb.
НазваниеКәсіби шет тілі бойынша (ағылшын тілі) тмд елдері жоғары оқу орындарының лингвистикалық емес техникалық мамандықтары студенттеріне арналған Халықаралық интернет-олимпиада туралы Ереже
Дата конвертации09.07.2013
Размер139.44 Kb.
ТипДокументы

Кәсіби шет тіл бойынша (ағылшын тілі) ТМД елдері жоғары оқу орындарының лингвистикалық емес техникалық мамандықтары студенттеріне арналған. Халықаралық интернет олимпиаданы өткізу ережесі:


БЕКІТЕМІН:
«___»______2011 ж.
«___»______2011 ж.

Кәсіби шет тілі бойынша (ағылшын тілі) ТМД елдері жоғары оқу орындарының лингвистикалық емес техникалық мамандықтары студенттеріне арналған Халықаралық интернет-олимпиада туралы

Ереже
1. Жалпы ереже

1.1 ТМД елдерінің техникалық жоғарғы оқу орындарының лингвистикалық емес мамандықтағы студенттерге арналған кәсіби ағылшын тілінен халықаралық интернет-олимпиада өткізу жөніндегі берілген ереже (бұдан әрі Ереже) олимпиада ұйымдастыру мен өткізу тәртібін, ұйымдастырушылық және әдістемелік қамтамасыз етуді, конкурсқа қатысушылардың және жеңімпаздар тәртібін.

1.2 ТМД елдеріндегі техникалық жоғарғы оқу орындарының лингвистикалық емес мамандықтағы студенттерге арналған кәсіби ағылшын тілінен өткізілетін халықаралық олимпиада (бұдан әрі – олимпиада). 04.2011-04.2011 ж. Қазақ Ұлттық техникалық университеті мен Томскы Политехникалық университеті (ТПУ) арасындағы 20.01.2011 жылғы стратегиалық әріптестік жөніндегі Келісім шеңберінде жүзеге асырылады.

1.3 Олимпиаданың негізгі мақсаттары мынадай:

- болашақ мамандардың шетелдік кәсіби коммуникативті біліктілігін дамыту негізінде халықаралық мультитілдік ортаны қалыптастыру;

- кәсіби мақсаттарға арналған ағылшын тілін үйренуге студенттердің ынта-ықыласын арттыру;

- студенттер арасында халықаралық байланыс орнатуға жәрдемдесу;

- ТМД елдері арасындағы халықаралық әріптестік пен түсіністікті нығайту;

1.4 Олимпиада ТПУ базасында жыл сайын өткізіледі. Олимпиада деңгейі мен номинациялары ТПУ ректорының бұйрығымен бекітіледі.

1.5 Олимпиадаға ТМД елдеріндегі лингвистикалық емес мамандықтағы техникалық жоғарғы оқу орындарының студенттері қатыса алады.

1.6 Олимпиада үш айналымнан тұрады (интернет желісінде)

1.7 Қатысушыларға олимпиаданың басталуы жөніндегі ақпарат интернет желісі арқылы хабарланады (ақпараттық хаттар ТМД елдерінің техникалық оқу орындарына, әріптестерге жіберіледі, сонымен бірге ТПУ және ҚазҰТУ сайттарында жарияланады)

1.8 Олимпиаданың жұмыс тілдері – орысша және ағылшынша.

1.9 Аталған ережеге өзгерістер енгізу ұйымдастыру комитетінің, олимпиада қорытындысын талқылау барысында жинақталған ескертулерге және мәжіліс хаттамасына негізделеді.
2. Олимпиаданы өткізу және ұйымдастыру тәртібі.

    1. Олимпиада ТПУ негізінде Халықаралық білім және тілдік коммуникация институтының ағылшын тілі және техникалық коммуникация кафедрасында өткізіледі.

2.2 Ұйымдастыру комитеті олимпиаданы ұйымдастырады және өткізеді.

2.3 Олимпиада бағдарламасында ағылшын тілінде жазбаша коммуникативтік біліктілік деңгейі, оның ішінде кәсіби аударма қабілеті анықталады.

    1. Олимпиадаға қатысушыларды тіркеу http://portal.tpu.ru/deportments/kafedra/ayatk. сайтта жүргізіледі.

      1. Олимпиадаға қатысқысы келетін студенттер, 15 сәуірде 2011 ж. сағат 12.00-ден 16 сәуір 2011ж, сағат 12:00 ге дейін интернет желісінің олимпиада сайтында тіркелуі қажет. Сонымен қатар, әрбір қатысушыға бірінші айналымға қатысу үшін жеке номер беріледі.

      2. Тіркелу барысында қатысушы өзі туралы мына мәліметтерді хабарлайды:

ҚАТЫСУШЫ- СТУДЕНТ ҮШІН:

  1. Аты-жөні (толық), жасы

  2. ЖОО-ның толық аты институт/факультет

  3. Курс

  4. Үй мекен-жайы мен телефоны

  5. E-mail

ЖОО-ның команда жетекшілері үшін:

  1. аты -жөні (толық)

  2. Қызмет дәрежесі

  3. ЖОО-ның толық аты факультет, кафедра, мекен-жайы, телефон номері

  4. Мекен-жайы мен телефоны

  5. E-mail

  6. Команда тізімі( қатысушылардын аты-жөні)

2.4.3 Осы ақпарат әркімнің сенуіне қарай қабылданады, ақпараттарды растайтын құжат берілмейді.

2.4.4 Егер студент олимпиадаға қатысуға тіркелсе және бірінші айналымның тапсырмасын бірнеше рет орындаса, ол солардың ішіндегі ең жақсы нәтижені таңдауға құқылы және олимпиадаға қатысуды жалғастыра алады.

    1. Олимпиаданың бірінші айналымы:

2.5.1 Олимпиаданың бірінші айналымы кәсіби бағдардағы түпнұсқалық мәтінді аудару және андатпа жасау конкурсынан тұрады (конкурсанттар мәтінді кездейсоқ әдісімен таңдалынады).

      1. Олимпиадаға қатысушылардың әрқайсысы аударма ұсынуы (ағылшын тілінен орыс тіліне) және бір мәтінге андатпа жазуы қажет.

      2. Қатысушылар таңдалған мәтіннің аудармасын және андатпаны мәтіндік тұрғыда (Microsoft Word 2003) орындау керек және документін олимпиада ұйымдастыру комитетінің электронды адресіне жібереді. Жұмыстардың кейін өзгертуге рұқсат берілмейді.

2.5.4. Олимпиаданың бірінші айналымы жұмыстарын тексеруді әділ қазылар алқасы (шифрленген түрде) 2011 жылы 18-24 сәуір аралығында, жүзеге асырады. Бірінші айналымның ең жоғарғы бағасы 130 балл (№2, 3 қосымшаны қараңыз).

2.5.5. 2011 жылы 25 сәуірде жұмыс шифрленген түрде, олимпиаданың ұйымдастыру комитетіне тапсырылады. Олимпиаданың ұйымдастыру комитеті барлық бағаланған жұмыстарды орналастырғаннан кейін, олардың шифрлерін ашып, әділ қазылар алқасының қатысуымен 40 жеңімпазды анықтайды.

2.5.6. 2011 жылы 26 сәуірде бірінші айналымның нәтижесі ― 40 адам мөлшеріндегі олимпиаданың екінші турына жіберілген қатысушылар тізімі олимпиаданың сайтында жарияланады.

2.5.7. Олимпиаданың екінші айналымына жіберілген қатысушылар, олимпиаданың бірінші турының жеңімпаздары болып есептеледі.

2.5.8. Олимпиаданың бірінші айналымның жеңімпаздары жеңімпаз сертификаттарына ие болып, екінші айналымға қатысуға шақырылады.

2.6 Олимпиаданың екінші айналымы:

2.6.1. Екінші айналым, ұсынылған кәсіби бағыттық тақырыптардың бірі бойынша эссе жазу түрінде өтеді.

2.6.2. Олимпиаданың екінші айналымның тапсырмалары мен тақырыптары 2011 жылы 27 сәуірде, сағ. 9:00-да олимпиаданың сайтында жарияланады.

2.6.3. Екінші турдың қатысушылары орындалған тапсырманы олимпиаданың ұйымдастыру комитетінің электронды адресіне 2011 жылы, 28 сәуірде сағ. 9:00-ға дейін жіберулері тиіс. Жұмыстардың редакциялауға рұқсат етілмейді.

2.6.4. Өздерінің жұмыстарын мерзімінде жіберіп үлгермеген қатысушылар олимпиадаға қатысудан шығып кеткен болып есептеледі.

2.6.5. Олимпиаданың екінші айналым жұмыстарын тексеруді 2011 жылы, 28 сәуірден 4 мамырға дейінгі аралықта, әділ қазылар алқасы жүзеге асырады. Екінші айналым ең жоғарғы бағасы 130 балл (№4 қосымшаны қараңыз).

2.6.6. 2011 жылы, 4 мамырда жұмыстар олимпиаданың ұйымдастыру комитетіне тапсырылады. Олимпиаданың ұйымдастыру комитеті, барлық бағаланған жұмыстарды орналастырудан кейін әділ қазылар алқасының қатысуымен екінші айналымның 15 жеңімпазын анықтайды.

2.6.7. 2011 жылы 5 мамырда екінші турдың нәтижесі 15 адам мөлшеріндегі олимпиаданың үшінші турына қатысуға жіберілген қатысушылардың тізімі олимпиаданың сайтында жарияланады.

2.6.8. Олимпиаданың үшінші айналымына жіберілген қатысушылар олимпиаданың екінші турының жеңімпаздары болып есептеледі.

2.6.9. Олимпиаданың екінші туры жеңімпаздары жеңімпаз сертификаттарына ие болып, үшінші турға қатысуға шақырылады.

2.7 Олимпиаданың үшінші айналымы:

2.7.1. Үшінші айналым “Personal Statement” шығармашылық тапсырманы құрастыру түрінде өтеді.

2.7.2. Олимпиаданың үшінші айналым тапсырмасы 2011 жылы 6 мамырда сағ. 9:00-да Олимпиаданың сайтында жарияланады.

2.7.3. Үшінші турдың қатысушылары орындалған тапсырманы олимпиаданың ұйымдастыру комитетінің электронды адресіне 2011 жылы 10 мамырда сағ. 9:00-ға дейін жіберулері тиіс. Жұмыстардың кейінгі өзгертілуіне рұқсат етілмейді.

2.7.4. Өздерінің жұмыстарын мерзімінде жіберіп үлгермеген қатысушылар олимпиадаға қатысудан шығып кеткен болып есептелінеді.

2.7.5. Олимпиаданың үшінші айналымының жұмыстарын тексеруді 2011 жылы 10 мамырдан 12 мамырға дейінгі аралықта әділ қазылар алқасы жүзеге асырады. Үшінші айналымының ең жоғарғы бағасы 130 балл (№4 қосымшаны қараңыз).

2.7.6. 2011 жылы 12 мамырда жұмыстар олимпиаданың ұйымдастыру комитетіне тапсырылады. Олимпиаданың ұйымдастыру комитеті барлық бағаланған жұмыстарды орналастырғаннан кейін, әділ қазылар алқасының қатысуымен үшінші айналымның

3 жеңімпазын анықтайды.

2.7.7. 2011 жылы 16 мамырда үшінші айналымның нәтижесі ― осы турға қатысушылардың барлық 3 айналымнан жинаған баллдары көрсетілген тізім Олимпиаданың сайтында жарияланады.

2.7.8. Барлық 3 айналымға ең көп балл жинаған үш қатысушы олимпиаданың жеңімпазы болып есептеледі.

2.7.9. Олимпиаданың жеңімпаздары дипломдар мен бағалы сыйлықтарға ие болады.

2.8. Олимпиаданың өту барысы және оның нәтижелері интернет желісіндегі олимпиада

сайтында және бұқаралық ақпарат құралдарында жарық көреді.
3. Олимпиада қорытындысын шығару

3.1. Әділ қазылар алқасы қатысушының келесі айналымға өткізілуі туралы шешімді алдыңғы айналымда жинаған балдар негізінде қабылдайды. Сайыскердің келесі айналымға өтуі үшін, баллдар мөлшері бірдей болған жағдайда, алдыңғы турдың нәтижелері ескеріледі, бұл кезде әділ қазылар алқасы төрағасының даусы шешуші болып табылады.

    1. Үш турдың балдар жиынтығы бойынша әділ қазылар алқасы ең соңғы турға қатысушылар қатарынан 1,2,3 орындарды алған үш жеңімпазды жинаған балдары бойынша анықтайды.

    1. Әділ қазылар алқасының шешімі қатысушылардың балдық бағалары және өткізу рәсімі бойынша ескертулері бар хаттамамен рәсімделеді (№6 қосымшаны қараңыз).

    2. Әділ қазылар алқасы отырысының хаттамасы негізінде, ТПУ ректорының бұйрығымен олимпиаданың жеңімпаз студенттері дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.

    1. Сайыс комиссиясы жеңімпаз бола алмаған, бірақ ағылшын тілін белгілі бір салада меңгеру деңгейінің жоғары екендігін көрсеткен қатысушыларды (дәрежесі жоқ дипломдар, мысалы «Ең жақсы аннотация үшін», «Ең жақсы андатпа үшін», «Мамандықты терең білгені үшін») дипломдарымен қосымша ынталандыра алады.

    2. Олимпиада қорытындысы 3-і айналым аяқталғаннан кейін 4 күн ішінде шығарылады.

    3. Екінші немесе үшінші айналымға жіберілмеген олимпиада қатысушыларының ең жақсы жұмыстары, Әділ қазылар алқасының арнайы шешімі бойынша, дипломдармен мадақтала алады.


4.Олимпиаданы әдістемелік және ақпараттық тұрғыдан ұйымдастыруды қамтамасыз ету

4.1. Олимпиада өткізуді әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз ету үшін ТПУ-дың ғылыми педагогикалық қызметкерлерінен құралған тұрақты жұмыс істейтін ұйымдастыру комитеті құрылады.

4.2. Олимпиаданы әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз ету үшін құрамында ағылшын тілін оқыту саласындағы ТПУ-дың ғылыми-педагогикалық қызметкерлерінен сұрыпталған тұрақты жұмыс істейтін әдістемелік комиссия құрылады.

4.3. Олимпиаданың 1-ші және 2-ші айналымдарының нәтижесін шығару үшін құрамында ТПУ-дың басты ғылыми-педагогикалық қызметкерлерінен құрылған ұйымдастыру комитеті әділ-қазылар алқасы құрамын бекітеді.
5.Ұйымдастыру комитеті, әдістемелік комиссия және әділ-қазылар алқасы

5.1. Олимпиада басшылығын құрамында ТПУ өқілдерінен құрылған ұйымдастыру комитеті іске асырады. Олимпиаданың ұйымдастыру комитеті төмендегідей шараларды іске асырады:

- олимпиада өткізудің формасын анықтайды және оны ұйымдастыруды, әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз етеді;

- олимпиада ұйымдастыру мен өткізуге кететін шығындардың сметасын жасайды;

- олимпиаданы өткізуді қаржыландыру көздерін анықтайды;

-қаржыландыру мөлшеріне байланысты алынған есеп бойынша олимпиадаға қатысушылардың санын анықтайды;

- олимпиаданы өткізу тәртібін бекітеді;

-ақпараттық хабарламалар жіберуді және қатысушыларды тіркеуді ұйымдастырады;

-техникалық жағынан жабдықтауды қамтамасыз етеді;

- олимпиаданың барлық кезеңдерін өткізуде туындайтын даулы мәселелерді қарастырады;

-қажет болған жағдайда олимпиаданың осы ережесіне әдістемелік комиссияның дербес құрамына және әділ-қазылар алқасына өзгеріс енгізеді;

-олимпиаданың нәтижесін шығарып, жеңімпаздарды (үміткерлерді) марапаттауды ұйымдастырады;

-олимпиада өткізудің нәтижесін сараптайды;

- олимпиаданың бұқаралық ақпарат құралдарында жарық көруін ұйымдастырады;

-олимпиада туралы жылдық есепті жариялайды;

- ұйымдастыру комитетінің өкілеттігі олимпиада ұйымдастырушыларының шешімі бойынша 3-ші адамға өзінің бақылау қызметі ары қарай сақталған жағдайда ғана беріледі.

5.2. Әдістемелік комиссия:

- олимпиаданың барлық турларына арналған тапсырмаларды дайындайды;

- олимпиаданың барлық туры үшін орындалған тапсырмаларды бағалаудың әдістері мен мөлшерін дайындайды;

- олимпиаданы өткізуге арналған әдістемелік нұсқау дайындайды;

-олимпиаданың әділ-қазылар алқасының мүшелері жөнінде ұйымдастыру комитетіне ұсыныстар енгізеді;

- олимпиада өткізуді ұйымдастыру және әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз етүді жетілдіруге байланысты мәселелерді ұйымдастыру комитетіне ұсыныс ретінде енгізеді;

- олимпиада өткізу кезінде туындаған даулы мәселелерді ұйымдастыру комитетімен бірге қарастыруға қатысады.
5.3. Әділ-қазылар алқасы:

- олимпиаданың әрбір турында қатысушылардың жұмыстарын бағалауды жүзеге асырады (олимпиаданың 1-ші сатысы бойынша жұмыстар шифрланған түрде бағаланады);

- олимпиаданың әрбір турының жеңімпаздарын анықтайды;

- олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін анықтайды;

-жеңімпаздарды марапаттау бойынша ұсыныстар дайындайды.

5.4. ТПУ өкілдері ұйымдастыру комитеті әдістемелік комиссия мен әділ-қазылар алқасының құрамына кіреді. Олардың құрамы ТПУ ректорының бұйрығымен бекітіледі.

6.Олимпиада жеңімпаздарының құқықтары

6.1. 3 Тур нәтижесі бойынша көбірек ұпай жинаған 3-ші айналымға қатысушылар олимпиада жеңімпаздары болып есептеледі.

6.2. Олимпиада жеңімпаздары:

- бірінші, екінші және үшінші дәрежелі дипломдармен марапатталады;

- бағалы сыйлықтар алады;
7.Олимпиаданы қаржылай қамтамасыз ету
7.1. Олимпиаданы қаржылай қамтамасыз етілу олимпиаданы ұйымдастырушылардың демеушілерідің жәнеқолдаушылардың қаражатымен жүзеге асырылады.

7.2. Олимпиаданы ұйымдастырушылардың мемлекеттік ұйымдар мен мекемелерден, сондай-ақ қайырымдылық қорларынан көмек сұрауға (қаржылық) құқығы бар.

7.3. Олимпиадаға қатысушылардан, қатысқандары үшін қандай түрде болса да ақы төлетуге жол берілмейді.

КЕЛІСІЛГЕН:

Ғ ж ЗЖ проректоры Власов В.А.

1-қосымша

Томск техникалық университеті, Томск қаласы, Ресей жәе Қазақ Ұлттық техникалық университеттерінің тілдік емес мамандықтар бойынша кәсіби шет тілінен (ағылшын) Халықаралық студенттер олимпиадасын ұйымдастыру комитетінің құрамы


  1. Әжібекова Г. Ж.. ҚазҰТУ, ЖТТДИ, шет тілдер каф.меңгерушісі

  2. Малетина Л.В. ТПУ, ХБТКИ АТТК каф. меңерушісі, төраиым.

  3. Сунцова Е.Н. ТПУ, ХБТКИ АТТК, доцент

  4. Сабинова Л.А. ТПУ, ХБТКИ АТТК, аға оқытушы

  5. Шушаников А.Г. ТПУ, ХБТКИ АТТК техникалық ақпарат бөлімінің меңгерушісі

  6. Мальцева А.А. ТПУ, ХБТКИ АТТК кафедра оқытушысы


2-қосымша
Жазбаша андатпаны бағалау
Андатпаны бағалауға берілетін тапсырма көлемі 1000 баспа белгіге дейін техникалық мәтінге сәйкес негізделеді. Қысқаша мазмұн көлемі -150 сөз шамасында. Ең жоғары балл – 130. Қаріп Times New Roman, кегель-12, жол аралығы- 1.
Өлшемдері

  • Мәтіндегі негізгі мәселелердің андатпада нақты беру – ең жоғары балл – 20.

  • Мәтіндегі негізгі мәселелердің андатпаны нақты беру – ең жоғары балл – 20.

  • Тілдің дұрыс қолданылу (лексикалық, грамматикалық және синтаксистік) ең жоғары балл – 20.

  • Андатпа стилінің, құрылымының және форматының сақталуы, ең жоғары балл – 20.

  • Андатпада арнайы және терминдік лексиканың дұрыс қолданылуы, ең жоғары балл-20.

  • Андатпаның ұқыпты жазылуы, орфографиялық ережелердің сақталуы, азат жолды ерекшелеу (көрсету), ең жоғары балл – 30


3-қосымша


Аударманы бағалау өлшемдері

4-қосымша
Эссе жазуды бағалау өлшемдері
Тапсырмада: берілген тапсырма бойынша автордың бағытын ашып көрсететін жатық әдеби мәтін болуы керек.

Көлемі-280 сөз.Жоғары балл-130.Қаріп -Times New Roman, кегль 12, жол аралығы-1.

Эссе мына элементтерді қамтиды:

Кіріспе:

  • тақырыпты анықтау;

  • көкейтестілігі;

  • түрлі пікір ұсыну;

  • тақырып құрылымы негізделеді;

  • негізгі ойды айтуға ауысу;


Негізгі бөлім:

  • автор ойының түйіні (2-3дәлелдеме);

  • автордың бағытын қолдауға арналған нақты деректер мен дәлелдемелерді келтіру;

авторға қайшы пікірлерге, ойларға сараптама жасау;
Қорытынды:

  • негізгі ой түйінін жазу;

  • негізгі ойды қорғауға арналған дәлелдемелерді түйіндеу;

  • аталған мәселенің қажеттілігі жөнінде жалпы қорытынды;


5-қосымша

Эссе материалдарын жазуды бағалау өлшемі:
Эссені бағалау кезінде мына элементтер ескерілуі тиіс:

1.Эссеннің стилі, форматы және құрылымының сақталуы, жоғары балл-25.

2.Мәселені ашу кезінде өз ойын (бағытын,пікірін) ашық көрсету. Жоғары балл-25.

3.Эссе жазу кезінде ғылыми сөз атауларын дұрыс қолдану. Жоғары балл-25.

4.Тілдік сауаттылық (лексикалық -10 балл, грамматикалық -10 балл, синтаксистік-10 балл,) жоғары балл-30.

5. Өз тұжырымдамасын әлеуметтік-экономикалық мәліметтерге немесе өз тәжірибесіне сүйене отырып дәлелдеу. Жоғары балл-25.

6-қосымша
«Personal Statement» жазуды бағалау өлшемдері
Personal Statement – белгілі бір адамның жетістіктері туралы мәлімет. Мәтіннің көлемі-300 сөзге дейін, ол арнайы мәтінге арналған орынға жазылады, жоғары балл-130. Қаріп Times new Roman, кегль-12, жол аралығы-1.
Personal Statement мына мәліметтерді қамтиды:

  • Автор туралы

  • Білімі туралы

  • Өз мамандығы бойынша тәжірибесі

  • Мамандыққа байланысты жеке мүдде, қызығушылық, хоббиі туралы сипаттама.

  • Алдыңғы қатарлы білім факторлары мен кәсіби дамуды көрсету.

  • Мамандыққа байланысты алдағы жоспарлары.


Өлшемдер:

  • Безендіру стилін, құрылымды сақтау, жоғары балл – 20

  • Мәтінді құрудың қисыны, жоғары балл -20

  • Түрлі синтаксистік құрылымдарды қолдану, (Infinitive constructions, Participial constructions) жоғары балл -20

  • Сөйлеу мәдениеті, жоғары балл – 20

  • Жұмыстың көркемделуі, жоғары балл - 30



ТМД елдеріндегі тілдік емес мамандықтары техникалық жоғары оқу орындарындағы студенттер кәсіби шетел (ағылшын тілі) бойынша өтетін халықаралық интернет олимпиада өткізудің ережесі.

Құрастырылған күні:05.10.2010

Құрастырушылар:Л.В.Малетина,Е.Н.Сунцова


Похожие:

Кәсіби шет тілі бойынша (ағылшын тілі) тмд елдері жоғары оқу орындарының лингвистикалық емес техникалық мамандықтары студенттеріне арналған Халықаралық интернет-олимпиада туралы Ереже iconАҒылшын тілі "Culture of the peoples of English-speaking countries" оқу-әдiстемелiк құралы Павлодар Aлғы сөз
Еліміз тәуелсіздік алып, егеменді ел болып, қазақ тілі Қазақстан Републикасының мемлекеттік тілі болып жарияланды. Заман талабына...
Кәсіби шет тілі бойынша (ағылшын тілі) тмд елдері жоғары оқу орындарының лингвистикалық емес техникалық мамандықтары студенттеріне арналған Халықаралық интернет-олимпиада туралы Ереже iconМекенжайы: Алматы қаласы телефоны: 377 3339 (13 38) еmail
Дипломатиялық аударма кафедрасында «Халықаралық қатынастар», «Халықаралық құқық» мамандықтары бойынша 1-4 курс бакалавр-студенттерге...
Кәсіби шет тілі бойынша (ағылшын тілі) тмд елдері жоғары оқу орындарының лингвистикалық емес техникалық мамандықтары студенттеріне арналған Халықаралық интернет-олимпиада туралы Ереже iconФилология факультеті 5В011900 «Шет тілі: екі шет тілі» мамандығы бойынша оқу бағдарламасының жалпы сипаттамасы Берілетін дәреже
Берілетін дәреже: Бакалавриаттың білім беру бағдарламаларын меңгерген және қорытынды мемлекеттік аттестациядан өткен тұлғаларға 5В011900...
Кәсіби шет тілі бойынша (ағылшын тілі) тмд елдері жоғары оқу орындарының лингвистикалық емес техникалық мамандықтары студенттеріне арналған Халықаралық интернет-олимпиада туралы Ереже iconСтуденттерге арналған пән бағдарламасы
«Шет тілі: екі шет тілі» мамандықтың студенттеріне жалпы орта кәсеби білім негізінде күндізгі және сырттай оқу бөліміне арналған
Кәсіби шет тілі бойынша (ағылшын тілі) тмд елдері жоғары оқу орындарының лингвистикалық емес техникалық мамандықтары студенттеріне арналған Халықаралық интернет-олимпиада туралы Ереже iconПӘннің электрондық ОҚУ-Әдістемелік кешені «Ағылшын тілі»
Бүл бағдарлама жоғары оқу орнымен қатар, мектепте оқытылатын шет ел курсы мен жоғары оқу
Кәсіби шет тілі бойынша (ағылшын тілі) тмд елдері жоғары оқу орындарының лингвистикалық емес техникалық мамандықтары студенттеріне арналған Халықаралық интернет-олимпиада туралы Ереже icon«Балаларға арналған ағылшын тілі»
Шетел тілі коғамдық өмірдегі қамтамасыз етудің құралы болуға, ол тек жоғары оқу орындарында, мектептерде ғана емес, сонымен қатар...
Кәсіби шет тілі бойынша (ағылшын тілі) тмд елдері жоғары оқу орындарының лингвистикалық емес техникалық мамандықтары студенттеріне арналған Халықаралық интернет-олимпиада туралы Ереже iconОҚУ курстарының каталогы мамандығы 5В011900- шет тілі: екі шет тілі Шымкент 2010 Құрметті студенттер!

Кәсіби шет тілі бойынша (ағылшын тілі) тмд елдері жоғары оқу орындарының лингвистикалық емес техникалық мамандықтары студенттеріне арналған Халықаралық интернет-олимпиада туралы Ереже iconШетелдіктерге арналған ағылшын тілі бойынша халықаралық тест жүйесі) Educational Testing Service (ets) (Принстон, Нью-Джерси, АҚШ) әзірлеген ағылшын тілін меңгеру деңгейін анықтауға арналған стандартталған тест

Кәсіби шет тілі бойынша (ағылшын тілі) тмд елдері жоғары оқу орындарының лингвистикалық емес техникалық мамандықтары студенттеріне арналған Халықаралық интернет-олимпиада туралы Ереже iconМамандығы 5В011900 – Шет тілі: екі шет тілі
Тарих бакалаврының кәсіби қызметінің өрісі білім және ғылым, тарихи-білім салалары, мемлекеттік басқару секторы болып табылады
Кәсіби шет тілі бойынша (ағылшын тілі) тмд елдері жоғары оқу орындарының лингвистикалық емес техникалық мамандықтары студенттеріне арналған Халықаралық интернет-олимпиада туралы Ереже iconД. Айтказина КӘсіби қазақ тілі
Биология, экология, география, туризм мамандықтарының студенттеріне арналған оқу құралы
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница