Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тәуелсiздiгi туралы




Скачать 67.12 Kb.
НазваниеҚазақстан Республикасының мемлекеттiк тәуелсiздiгi туралы
Дата конвертации09.07.2013
Размер67.12 Kb.
ТипДокументы




Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тәуелсiздiгi туралы







ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ЗАҢЫ. 1991 жылғы 16 желтоқсан



-->
Қазақ ССР Жоғарғы Советiнiң ведомостары, 1991 ж., N 51, 622-құжат

      Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесi
      Қазақстан халқының еркiн бiлдiре отырып,
      Адам хұқыларының жалпыға бiрдей Декларациясында, халықаралық хұқтың жалпы жұрт таныған өзге де нормаларында баянды етiлген жеке адамның хұқылары мен бостандықтарының үстемдiгiн мойындай отырып,
      қазақ ұлтының өзiн-өзi билеу хұқын растай отырып,
      азаматтық қоғам және хұқылық мемлекет құруға бел байлағандығын басшылыққа ала отырып,
      бейбiтшiлiк сүйгiш сыртқы саясат жүргiзе отырып,
      ядролық қаруды таратпау принципi мен қарусыздану процесiне адалдығын мәлiмдей отырып, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тәуелсiздiгiн салтанатты түрде жариялайды.

1-тарау
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ - ТӘУЕЛСIЗ МЕМЛЕКЕТ

      1-бап. Қазақстан Республикасы - тәуелсiз, демократиялық және хұқылық мемлекет. Ол өз территориясында өкiмет билiгiн толық иеленедi, өзiнiң iшкi және сыртқы саясатын дербес белгiлеп, жүргiзедi.
      2-бап. Қазақстан Республикасы барлық мемлекеттермен өзара қатынасын халықаралық хұқ принциптерi бойынша құрады.
      3-бап. Өзiнiң мемлекеттiк тәуелсiздiгiн басқа мемлекеттер тануы үшiн Қазақстан Республикасы ашық.
      4-бап. Қазақстан Республикасының бүкiл территориясында Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдары, сондай-ақ ол таныған халықаралық хұқ нормалары қолданылады.
      5-бап. Қазақстан Республикасының территориясы қазiргi шекараларында бiртұтас, бөлiнбейтiн және қол сұғуға болмайтын территория болып табылады.

2-тарау
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ХАЛҚЫ
МЕН АЗАМАТЫ

      6-бап. Тарихи тағдыр ортақтастығы қазақ ұлтымен бiрiктiрген Республиканың барлық ұлттарының азаматтары Қазақстанның бiртұтас халқын құрайды, бұл халық Қазақстан Республикасындағы егемендiктiң бiрден бiр иесi және мемлекеттiк билiктiң қайнар көзi болып табылады, Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдары негiзiнде тiкелей де, сондай-ақ өзi сайлайтын мемлекеттiк органдар арқылы да мемлекеттiк өкiмет билiгiн жүзеге асырады.
      Республика азаматтары өздерiнiң ұлтына, ұстайтын дiнiне, қандай қоғамдық бiрлестiкке жататынына, тегiне, әлеуметтiк және мүлiктiк жағдайына, шұғылданатын қызметiне, тұрғылықты орнына қарамастан бiрдей хұқықтар иеленiп, бiрдей мiндеткерлiкте болады.
      Қазақстан Республикасы территориясында тұратын және оның азаматы емес адамдар Қазақстан Республикасының Конституциясында, заңдарында және мемлекетаралық шарттарында көзделген хұқықтар мен бостандықтарды пайдаланады, сондай-ақ мiндеткерлiкте болады, Республиканың заңдары мен мемлекетаралық шарттарында көзделген ерекшелiктер бұған жатпайды.
      Азаматтық тең хұқылыққа қастандық жасау заң бойынша жазаланады.
      7-бап. Қазақстан Республикасының өз азаматтығы бар. Басқа мемлекеттерде тұратын Республика территориясын тастап шығуға мәжбүр болған барлық қазақтардың сол мемлекеттердiң азаматтығымен бiрге, егер бұл олар азаматы болып отырған мемлекеттердiң заңдарына қайшы келмейтiн болса, Қазақстан Республикасының азаматтығын алу хұқы танылады.
      Қазақстан Республикасы көшi-қон процестерiн реттеп отырады.
      Қазақстан Республикасы жаппай қуғын-сүргiн, күштеп ұжымдастыру кезеңдерiнде, адамгершiлiкке жат өзге де саяси шаралар нәтижесiнде Республика территориясынан кетуге мәжбүр болған адамдар мен олардың ұрпақтарының, сондай-ақ бұрынғы одақтас республикалар территориясында тұратын қазақтардың өз территориясына қайтып оралуы үшiн жағдай жасайды.
      8-бап. Қазақ ұлтының және Қазақстанда тұратын басқа ұлттар өкiлдерiнiң мәдениетiн, дәстүр-салтын, тiлiн қайта түлетiп, дамыту, ұлттық қадiр-қасиетiн нығайту мемлекеттiң аса маңызды мiндеттерiнiң бiрi болып табылады.
      Қазақстан Республикасы Республика шегiнен тыс жерлерде тұратын қазақтардың ұлттық-мәдени, рухани және тiлдiк қажеттерiн қанағаттандыруға қамқорлық жасайды, олар азаматы болып отырған мемлекеттермен жасалған шарттар негiзiнде бұл азаматтардың мүдделерiн қорғайды.

3-тарау
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТIК
ӨКIМЕТ ОРГАНДАРЫ

      9-бап. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк өкiмет билiгi бұл билiктiң заңдық, атқарушы және сот билiгi болып бөлiнуi принципiн басшылыққа ала отырып құрылады және жүзеге асырылады.
      Республика халқы атынан сөйлеу хұқы Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесi мен Президентiне берiледi.
      10-бап. Заң шығару билiгiн Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесi жүзеге асырады.
      Қазақстан Республикасының басшысы және оның атқарушы өкiметi Президент болып табылады.
      Сот билiгiн Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты мен Жоғары Арбитраждық Соты атқарады.
      Конституцияны сот арқылы қорғайтын жоғары орган Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты болып табылады.

4-тарау
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МЕМЛЕКЕТТIК
ТӘУЕЛСIЗДIГIНIҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ НЕГIЗДЕРI

      11-бап. Жер және оның қойнауы, су, әуе кеңiстiгi, өсiмдiктер мен жануарлар дүниесi, басқа да табиғи ресурстар, экономикалық және ғылыми-техникалық потенциал Қазақстан Республикасы мемлекеттiк тәуелсiздiгiнiң негiзiн құрай отырып, тек қана соның меншiгiнде болады.
      Қазақстан Республикасының тәуелсiз мемлекет мәртебесiне сай келетiн және меншiктiң алуан түрлiлiгiне, барлық формаларының теңдiгiне негiзделетiн дербес экономикалық жүйесi бар.
      Қазақстан Республикасы басқа мемлекеттердiң, олардың Республика  заңдарына сәйкес Республика территориясында шаруашылық және өзге де қызметтi жүзеге асыратын азаматтары мен ұйымдарының мүлiктiк хұқыларын қорғауды қамтамасыз етедi.
      12-бап. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк ұлттық банкiсi бар, ол өзiнiң қаржы-кредит, ақша жүйелерiн жасауға қақылы, республикалық салық және кеден жүйесiн ұйымдастырады.
      Қазақстан Республикасы өзiнiң алтын қорын, алмас және валюта қорларын қалыптастырады.

5-тарау
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ - ДҮНИЕЖҮЗIЛIК
ҚОҒАМДАСТЫҚТЫҢ МҮШЕСI

      13-бап. Қазақстан Республикасы халықаралық хұқтың субъектiсi болып табылады, дипломатиялық және консулдық өкiлдiктер алмасады, халықаралық ұйымдарға, ұжымдық хауiпсiздiк жүйесiне кiруiне және олардың қызметiне қатысуына болады.
      14-бап. Қазақстан Республикасы сыртқы экономикалық қызмет мәселелерiн дербес шешедi.

6-тарау
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТIК
ТӘУЕЛСIЗДIГIН ҚОРҒАУ

      15-бап. Қазақстан Республикасы өзiнiң тәуелсiздiгiн қорғау және ұлттық мемлекеттiгiн нығайту жөнiнде шаралар қолданады.
      Республиканың ажырағысыз хұқы болып табылатын мәселелердi шешуге араласудың қандайы болса да оның мемлекеттiк тәуелсiздiгiне қол сұғушылық деп бағаланады.
      16-бап. Қазақстан Республикасы өз тәуелсiздiгi мен территориялық тұтастығын қорғау мақсатында өзiнiң қарулы күштерiн құруға қақылы. Республика өз азаматтарының әскери қызмет атқару тәртiбi мен шарттарын дербес белгiлейдi, өз территориясында әскерлер, қару-жарақ пен техника орналастыру мәселелерiн шешедi.

7-тарау
ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР

      17-бап. Қазақстан Республикасының өз мемлекеттiк символдары - елтаңбасы, жалауы, әнұраны бар.
      Қазақстан Республикасының астанасы - Алматы қаласы.
      18-бап. Осы Заң Қазақ КСР Мемлекеттiк егемендiгi туралы Декларациямен бiрге Республиканың жаңа Конституциясын әзiрлеуге негiз болады.
      Қазақстан Республикасының Конституциясы мен өзге де заң актiлерiнiң нормалары аталған Заңға қайшы келмейтiн болса ғана қолданылады.

      Қазақстан Республикасының
      Президентi








-->

Похожие:

Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тәуелсiздiгi туралы iconБекiтiлген тәуелсiздiктiң 20 жылдығын мерекелеудiң ТҰжырымдамасы
«Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тәуелсiздiгi туралы» Конституциялық заң қабылдады. Қазақстан тұңғыш рет халықаралық қауымдастық...
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тәуелсiздiгi туралы iconЭлектрондық мемлекеттiк сатып алуды жүргiзу ережесiн бекiту туралы Қазақстиан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 2 сәуiрдегi №281 Қаулысы «Мемлекеттiк сатып алу туралы»
«Мемлекеттiк сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шiлдедегi Заңының 13-бабының 14 тармақшасына сәйкес Қазақстан...
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тәуелсiздiгi туралы iconҚазақстан республикасының мемлекеттiк туы
Азақстан республикасының мемлекеттiк туы – Қазақстан Республикасының мемлекеттік негiзгi рәмiздердiң бiрi. ҚР президентiнiң “Қазақстан...
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тәуелсiздiгi туралы iconАзаматтық қызметшiлерге, мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлерiне, қазыналық кәсiпорындардың қызметкерлерiне еңбекақы төлеу жүйесi туралы
Мемлекеттiк кәсiпорын туралы Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 19 маусымдағы Заңының 42-бабына, Қазақстан Республикасының 2007...
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тәуелсiздiгi туралы iconМемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру ережесiн бекiту туралы
Мемлекеттiк сатып алу туралы Қазақстан Республикасының Заңы 13-бабының 10 тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi Қаулы...
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тәуелсiздiгi туралы iconҚазақстан Республикасының мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлерiне тәртiптiк жаза қолдану ережесiн бекiту туралы
Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлердiң тәртiбiн нығайту және жауапкершiлiгiн арттыру мақсатында, "Мемлекеттiк қызмет туралы" Қазақстан...
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тәуелсiздiгi туралы iconҚазақстан Республикасының мемлекеттiк наградалары туралы
Республикасының азаматтары жемiстi мемлекеттiк, қоғамдық, шығармашылық қызметi, еңбектегi және жауынгерлiк ерлiктерi үшiн, олардың...
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тәуелсiздiгi туралы iconАрнаулы мемлекеттiк жәрдемақы тағайындаудың және төлеудiң ережесiн бекiту туралы
Республикасындағы арнаулы мемлекеттiк жәрдемақы туралы Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 5 сәуiрдегi Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының...
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тәуелсiздiгi туралы iconҚазақстан Республикасының мемлекеттiк елтаңбасы
Азақстан республикасының мемлекеттiк гербi, елтаңба — Қазақстан Республикасының негiзгi мемлекеттiк рәмiздерiнiң бiрi
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тәуелсiздiгi туралы iconШағын кәсіпкерлік субъектiлерінен мемлекеттiк сатып алу жүзеге асырылатын тауарлар (жұмыстар, қызметтер көрсету) түрлерінiң 2003 жылға арналған номенклатурасын бекіту туралы
Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 19 маусымдағы Заңының 8-бабының 2-2-тармағына...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница