Тау жыныстарының және жер бетінің жылжуын бақылау бойынша жұмыстар туралы жылдық есептің мазмұны Кіріспе




Скачать 34.06 Kb.
НазваниеТау жыныстарының және жер бетінің жылжуын бақылау бойынша жұмыстар туралы жылдық есептің мазмұны Кіріспе
Дата конвертации10.07.2013
Размер34.06 Kb.
ТипДокументы


Рудалы кен орындарын жер асты қазу кезіндегі тау жыныстарының және жер бетінің жылжуын бақылау бойынша нұсқауға

10-қосымша

Тау жыныстарының және жер бетінің жылжуын бақылау бойынша жұмыстар туралы жылдық есептің мазмұны

1. Кіріспе
Жұмыстардың жүргізілу қажеттілігінің негізделгендігі, келісім-шартқа отырған күн және оның мерзімі, жауапты атқарушыларды тағайындау туралы бұйрықтың нөмірі.

Өткен жылдардағы жұмыстардың нәтижелері бойынша тау жыныстарының және жер бетінің жылжу мәселесінің қазіргі тексерілу күйін бағалау, жұмыстарды мақсаттық орнату.

Бақылау нәтижелері бойынша шешу қажет міндеттер.

Бақылаулар бойынша орындаған жұмыстарының сипаты мен көлемі көрсетілетін тізім.

2. Кен орындардың кен-геологиялық сипаттамасы
Шоғыр жатысының пішіні, параметрлері, жағдайлары:

кен орындарының ауданын геологиялық құру (созылым бойынша және созылымға қиғаш тіліктер); тасындылардың және үгілетін тау жыныстары аймағының қысқаша сипаты және сипаттамасы; учаскенің гидрогеологиясы;

тау жыныстарының физика-механикалық қасиеттері, геологиялық барлаудың және арнайы зерттеулердің деректері бойынша сыйыстырушы тау жыныстарының тектоникалық бұзылымы;

қазу жүйесі, оның кеулеу параметрлері және кен орындарын қазымдау мен төбені басқаруға байланысты басқа да сұрақтар.

3. Бақылау станцияларының салынуы, бақылау әдістемесі
Жер бетінде, жер асты және арнайы бақылау станцияларында кескінді сызықтар толтырымдарының орнын таңдау және олардың қысқаша сипаттамасы:

қада белгілердің типі, оларды салу интервалдары;

бақылаулардың қабылданған әдістемесі;

аспаптық бақылаулардың дәлдігін бағалау.

4. Бақылаулар нәтижелері
Қыртыста және жер бетіндегі аспаптық бақылаулардың нәтижелері жылжулардың және деформациялардың графиктерімен (1-сурет) барлық немесе кескінді өзіндік сызықтар мен станциялар бойынша.

Графиктермен және сызықтармен (2-сурет) қыртыстағы және жер бетіндегі жылжу процесінің дамуын сипаттау. Жылжу мульдасында аймақтардың дамуы, жылжулар мен деформациялардың шамалары және олардың жылжу мульдасындағы таралуы, жылжу бұрыштары, жылжу процесінің дамуына тектоника мен жарықшақтың әсер етуі, тау жыныстарының дамуымен жылжу дамуының өзара байланысы және тағы сол сияқты.

Көзбен шолып бақылаулар нәтижелері.

Сыйыстырушы тау жыныстарының физика-механикалық қасиеттерін және жарықшақтығын зерттеудің нәтижелері.

5. Қорытынды
Орындалған жұмыстардың нәтижелері бойынша қысқаша қорытындылар:

кен орнында немесе оның учаскесінде жылжу процесінің дамуының жалпы сипаттамасы;

жылжу процесінің қабылданған параметрлері;

ғимараттарды, үймереттерді және кен қазбаларын қорғау шаралары бойынша ұсыныстар;

кен орнында бақылау станцияларының желісін дамыту бойынша алдағы бақылаулардың міндеттері мен ұсыныстары.

6. Қосымшалар
Жылжулар мен деформациялардың ведомостері.

Басқа көмекші материалдар (актілер, анықтамалар, хаттамалар, аппаратураның, бақылау приборларының сипаттамалары және тағы басқа).

Жылдық есепті кеніштің бас маркшейдері немесе жылжуды бақылау тобының жетекшісі құрастырады. Бірінші және қорытынды есептер кен орнының геологиясы, тау-кен жұмыстарының дамуы, бақылау станцияларының құрамы, бақылау әдістемесі және басқа да негізгі деректер туралы толығырақ мәліметтерден тұруы керек. Аралық есептерде тау-кен жұмыстарының жағдайы және қабылданған пішінде бақылау нәтижелері анық көрсетіледі.

Есептерді кеніште немесе комбинатта мерзімсіз сақтауға ұсынылады және объектілердің жылжуы мен қорғалу (қорғау нұсқаулары мен талаптарын, сақтандыру аймақтарының шеңберінде тазартым жұмыстарын жүргізу бойынша ұсынымдарды құрастыру) және басқа да тау-кен ісінің сұрақтарын шешу үшін уақытша пайдалануға арнайы мекемелерге жіберілуі мүмкін.



1-сурет. Кескінді сызық (б) бойынша вертикаль қима және жылжулар графиктері (а)



2-сурет. Бақылау станцияларының жоспары:

1 – рудалы дененің контуры; 2 – рудалы дененің қазымдалған бөлігі; 3 – қауіпті жылжулар аймағының шекарасы; 4 – жұмыстық қада белгі; 5 – тіреуіш қада белгі; 6 – негізгі қада белгі; 7 - + 600 м горизонтында сақтандырғыш кентіректің шекарасы.

_________________________


Похожие:

Тау жыныстарының және жер бетінің жылжуын бақылау бойынша жұмыстар туралы жылдық есептің мазмұны Кіріспе iconРудалы кен орындарын жер асты қазу кезіндегі тау жыныстарының және жер бетінің жылжуын бақылау бойынша нұсқауға
Тау жыныстарының және жер бетінің жылжуын бақылау бойынша жұмыстар туралы жылдық есептің мазмұны
Тау жыныстарының және жер бетінің жылжуын бақылау бойынша жұмыстар туралы жылдық есептің мазмұны Кіріспе iconРудалы кен орындарын жер асты қазу кезіндегі тау жыныстарының және жер бетінің жылжуын бақылау бойынша нұсқауға
Терең қада белгі станцияларында тау жыныстарының қабаттарының жылжуын бақылау әдістемесі
Тау жыныстарының және жер бетінің жылжуын бақылау бойынша жұмыстар туралы жылдық есептің мазмұны Кіріспе iconТерең қада белгі станцияларында тау жыныстарының қабаттарының жылжуын бақылау әдістемесі Жалпы талаптар
Рудалы кен орындарын жер асты қазу кезіндегі тау жыныстарының және жер бетінің жылжуын бақылау бойынша нұсқауға
Тау жыныстарының және жер бетінің жылжуын бақылау бойынша жұмыстар туралы жылдық есептің мазмұны Кіріспе iconБеттің және тау жыныстарының жылжуын бақылауға арналған приборлар мен құрылғылар Тіктеуіштер
Рудалы кен орындарын жер асты қазу кезіндегі тау жыныстарының және жер бетінің жылжуын бақылау бойынша нұсқауға
Тау жыныстарының және жер бетінің жылжуын бақылау бойынша жұмыстар туралы жылдық есептің мазмұны Кіріспе iconРудалы кен орындарында тау жыныстарының жер бетінің жылжу процесінің негізгі ұғымдары және анықтамалары
Рудалы кен орындарын жер асты қазу кезіндегі тау жыныстарының және жер бетінің жылжуын бақылау бойынша нұсқауға
Тау жыныстарының және жер бетінің жылжуын бақылау бойынша жұмыстар туралы жылдық есептің мазмұны Кіріспе iconТау жыныстарының жарықшақтығын зерттеу бойынша жалпы нұсқаулар
Рудалы кен орындарын жер асты қазу кезіндегі тау жыныстарының және жер бетінің жылжуын бақылау бойынша нұсқауға
Тау жыныстарының және жер бетінің жылжуын бақылау бойынша жұмыстар туралы жылдық есептің мазмұны Кіріспе iconРудалы кен орындарын жер асты қазу кезінде тау жыныстарының және жер бетінің жылжуын бақылау бойынша нұсқау
Нұсқауда тау жыныстарының және жер бетінің жылжуын және деформациялануын, сондай-ақ рудалы кен орындарын жер асты қазу кезінде қорғауға...
Тау жыныстарының және жер бетінің жылжуын бақылау бойынша жұмыстар туралы жылдық есептің мазмұны Кіріспе iconТау жыныстарының беріктік қасиеттерін анықтауға жалпы нұсқаулар
Рудалы кен орындарын жер асты қазу кезіндегі тау жыныстарының және жер бетінің жылжуын бақылау бойынша нұсқауға
Тау жыныстарының және жер бетінің жылжуын бақылау бойынша жұмыстар туралы жылдық есептің мазмұны Кіріспе iconРудалы кен орындарын жер асты қазу кезіндегі тау жыныстарының және жер бетінің жылжуын бақылау бойынша нұсқауға
Жыныстарының және жер бетінің жылжу процесін, тұрақтылығын зерттеуге байланысты құрастырылған. Олар жарықшақтардың кеңістік бағыты...
Тау жыныстарының және жер бетінің жылжуын бақылау бойынша жұмыстар туралы жылдық есептің мазмұны Кіріспе iconБақылау станцияларына арналған қада белгілерді орнатудың типтері мен тәсілдері Жер бетіндегі бақылау станциялары
Рудалы кен орындарын жер асты қазу кезіндегі тау жыныстарының және жер бетінің жылжуын бақылау бойынша нұсқауға
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница