Дара кәсіпкер, жекеше нотариус, адвокат ретінде тіркеу есебіне қою




Скачать 390.06 Kb.
НазваниеДара кәсіпкер, жекеше нотариус, адвокат ретінде тіркеу есебіне қою
страница1/4
Дата конвертации10.07.2013
Размер390.06 Kb.
ТипДокументы
  1   2   3   4
Дара кәсіпкер, жекеше нотариус, адвокат

ретінде тіркеу есебіне қою

1. Салық органы жеке тұлғаны дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебіне қоюды Қазақстан Республикасының жеке кәсіпкерлік туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлік бере отырып жүргізеді.

2. Салық органдары қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасында дара кәсіпкер ретінде жол берілмейтін жеке тұлғаны тіркеу есебіне дара кәсіпкер ретінде қоюды жүргізбейді.

3. Салық органы жеке тұлғаны жекеше нотариус, адвокат ретінде тіркеу есебіне қоюды жеке тұлғаның дара кәсіпкерді, жекеше нотариусты, адвокатты тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтініші негізінде орналасқан жері бойынша жүргізеді.

Дара кәсіпкер, жекеше нотариус, адвокат ретінде тіркеу есебіне қою үшін ұсынылған салықтық өтінішке түпнұсқаларын ұсына отырып, мынадай құжаттардың:

фотосурет 3,5х4,5 сантиметр;

жеке басын куәландыратын құжаттың;

жеке нотариаттық, адвокаттық қызметпен айналысу құқығына лицензияның;

жекеше нотариустың, адвокаттың орналасқан жерін растайтын құжаттың көшірмелері қоса беріледі.

Азаматтарды тіркеу кітабы немесе жылжымайтын мүлікке меншік немесе оны пайдалану құқығын растайтын құжат жекеше нотариустың, адвокаттың орналасқан жерін растайтын құжат болып табылады.

Дара кәсіпкерлердің ҚР заңнамасына сәйкес мемлекеттік тіркеу мақсатында салық салуға жататын табыстың жеке табыс салығы салынбайтын мөлшерін жеке тұлға үшін күнтізбелік жылда тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төменгі жалақының 12 еселенген мөлшерін құрайды немесе 2010 жыл үшін 179424 тенге ( 14952 тенге (ең төменгі жалақы) *12 ай).

4. Салық органдары жеке тұлғаны дара кәсіпкер, жекеше нотариус, адвокат ретінде тіркеу есебіне қоюды жеке тұлғаның салықтық өтінішін алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жүргізеді.

Дара кәсіпкер, жекеше нотариус, адвокат

ретінде тіркеу есебінен шығару

1. Дара кәсіпкер қызметін тоқтату туралы шешім қабылданған күннен бастап бір ай ішінде өзінің орналасқан жері бойынша салық органына бір мезгілде:

1) құжаттық тексеру жүргізу туралы салықтық өтінішті;

2) таратудың салық есептілігін;

3) дара кәсіпкер ретінде тіркелуі туралы куәлікті немесе ол жоғалған немесе бүлінген кезде қағаз жеткізгіштегі түсініктемені;

4) қосылған құн салығы бойынша тіркелу есебіне қойылғаны туралы куәлікті немесе ол жоғалған немесе бүлінген кезде қағаз жеткізгіштегі түсініктемені (қосылған құн салығын төлеуші болып табылған жағдайда);

5) жеке кәсіпкердің қызметін тоқтату туралы ақпараттың мерзімді баспа басылымында жарияланғанын растайтын құжатты табыс етеді.

2. Таратудың салық есептілігі құжаттық тексеру жүргізу туралы салықтық өтініш табыс етілген салық кезеңінің басынан бастап осындай өтініш табыс етілген күнге дейінгі кезең үшін олар бойынша қызметін тоқтататын дара кәсіпкер төлеуші және (немесе) салық агенті болып табылатын салықтың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түрлері, міндетті зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша жасалады.

1) банктің және (немесе) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның бар банктік шоттарының жабылғаны туралы анықтамасын;

2) ішкі істер органының дара кәсіпкердің мөрін (ол болған кезде) жойғаны туралы құжатын табыс етуге міндетті.


АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМДЕРІН ӨНДІРУШІ ЗАҢДЫ

ТҰЛҒАЛАР МЕН СЕЛОЛЫҚ ТҰТЫНУ КООПЕРАТИВТЕРІ

ҮШІН АРНАУЛЫ САЛЫҚ РЕЖИМІ

Ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өндiрушi заңды тұлғалар мен селолық тұтыну кооперативтері үшін арнаулы салық режимi (бұдан әрі – арнаулы салық режимі) корпорациялық табыс салығын, қосылған құн салығын, әлеуметтiк салықты, жер салығын, жер учаскелерiн пайдаланғаны үшiн төлемдерді, мүлiк салығын, көлiк құралдары салығын есептеудің ерекше тәртiбiн көздейдi.

Арнаулы салық режимi:

1) ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруші заңды тұлғалардың:

жердi пайдалана отырып ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру, өзi өндiрген осы өнiмдi қайта өңдеу және өткiзу; 

толық кезеңдi (төлдi өсiруден бастап) мал шаруашылығы мен құс шаруашылығының (оның iшiнде, асыл тұқымды), ара шаруашылығының өнiмдерiн өндiру, сондай-ақ өзi өндiрген осы өнiмдердi қайта өңдеу және өткiзу жөнiндегi қызметiне;
  1   2   3   4

Добавить документ в свой блог или на сайт

Похожие:

Дара кәсіпкер, жекеше нотариус, адвокат ретінде тіркеу есебіне қою iconЖеке тұлғалардың дара кәсіпкер ретінде тіркелуі
...

Дара кәсіпкер, жекеше нотариус, адвокат ретінде тіркеу есебіне қою icon«Жеке кәсіпкерлерді тіркеу» мемлекеттік
Жеке кәсіпкерлерді тіркеу – бұл салық органының жеке кәсіпкер ретінде есепке қою, жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті...

Дара кәсіпкер, жекеше нотариус, адвокат ретінде тіркеу есебіне қою icon«Жұмыссыз азаматтарды есепке қою және тіркеу» мемлекеттік қызметін көрсету стандарты
Жұмыссыз азаматтарды есепке қою және тіркеу – жұмыс табуға ықыласы бар және жұмысқа орналастырып, кейін оларды есепке қоюға жәрдемдесуге...

Дара кәсіпкер, жекеше нотариус, адвокат ретінде тіркеу есебіне қою icon«Жұмыссыз азаматтарды тіркеу және есепке қою»
Мемлекеттік қызметтің негізгі регламенті «Жұмыссыз азаматтарды тіркеу және есепке қою» (бұдан әрі Регламент) Қазақстан Республикасының...

Дара кәсіпкер, жекеше нотариус, адвокат ретінде тіркеу есебіне қою icon«Электронды салық төлеуші» ретінде салық төлеушілерді тіркеу» мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты
«Электронды салық төлеуші» ретінде салық төлеушілерді тіркеу – бұл салық органдарының салық төлеушінің электрондық сандық қолын беру,...

Дара кәсіпкер, жекеше нотариус, адвокат ретінде тіркеу есебіне қою icon«Менеджмент»
Менеджмент, басқару, менеджер, бизнесмен, кәсіпкер түсінігі. Менеджмент адам қызметі түрі ретінде

Дара кәсіпкер, жекеше нотариус, адвокат ретінде тіркеу есебіне қою iconЖекеше орман қорының жерлеріне жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғалардың қаражаты есебінен құрылған және оларға жеке меншікке берілген қолдан өсірілген ормандар өсіп тұрған жерлер жатады
Яғни жекеше орман қорын құру үшін жер учаскелері жеке меншікке берілуі қажет. Жекеше орман қорын құру үшін жер учаскесін ұзақ мерзімді...

Дара кәсіпкер, жекеше нотариус, адвокат ретінде тіркеу есебіне қою iconМосковская коллегия адвокатов Адвокат Охраменко В. В
«доверитель», и Адвокат адвокатской консультации №19 «интерлоер» мка «защита» Охраменко Владимир Владимирович, именуемый в дальнейшем...

Дара кәсіпкер, жекеше нотариус, адвокат ретінде тіркеу есебіне қою iconЗертханалық жұмыстардың мазмұны
Зертханалық жұмыстардың өткізу реті: даярлық тексеруіне арналған студенттердің дара сұрақ олардың жұмысқа, орындалу дара тапсырмалардың...

Дара кәсіпкер, жекеше нотариус, адвокат ретінде тіркеу есебіне қою icon«Электрондық салық төлеуші ретінде тіркеу есебі, салық төлеушінің электрондық цифрлық қолтаңбасын ауыстыру және жою» мемлекеттік қызмет стандарты
«Электрондық салық төлеуші ретінде тіркеу есебі, салық төлеушінің электрондық цифрлық қолтаңбасын ауыстыру және жою» мемлекеттік...

Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница