Аудан әкімі Ж. Мұратовтың тұрғындар алдында есеп беру кездесулеріндегі баяндамасы-ның жобасы Ел басының 2005 жылғы 6 сәуірдегі «Жергілікті атқарушы органдар басшыларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы»




Скачать 277.6 Kb.
НазваниеАудан әкімі Ж. Мұратовтың тұрғындар алдында есеп беру кездесулеріндегі баяндамасы-ның жобасы Ел басының 2005 жылғы 6 сәуірдегі «Жергілікті атқарушы органдар басшыларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы»
страница1/3
Дата конвертации10.07.2013
Размер277.6 Kb.
ТипДокументы
  1   2   3
Аудан әкімі Ж. Мұратовтың тұрғындар алдында есеп беру кездесулеріндегі баяндамасы-ның жобасы
Ел басының 2005 жылғы 6 сәуірдегі «Жергілікті атқарушы органдар басшыларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» жарлығына сәйкес, барлық деңгейдегі әкімдердің тұрғындар алдындағы есеп беру жиналыстары өтуде.

Ауданымызда 11-20 қаңтар аралығында ауылдық округтер мен кенттер әкімдерінің есебі, 24 қаңтар - 5 ақпан аралығында аудан әкімінің тұрғындар алдындағы 18 кездесулері өтті. Бұл кездесулерге 4 мыңға жуық адам тікелей қатысты. Кездесулер соңынан 150-ден астам тұрғындарды жеке сұрақтары бойынша қабылданды.

Бұл кездесулер:

  • біздердің халық алдындағы жауапкершілігіміздің артуына,

  • тұрғындардың атқарушы билік органдарының қызметін ашық талқылауға,

  • жергілікті жердегі маңызды мәселелердің анықталуына,

  • күрделі мәселелерді шешудің жолдарын айқындауға мүмкіндік берді.


Қазақстан Республика Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына жолдауы тұрғындар арасында кеңінен қолдау тауып, біздің атқаратын жұмыстарымызға тың серпін алып, іске жаңаша қарауымызға бағыт-бағдар берді.

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Б. М. Сапарбаев Ел басының Жолдауына орай селекторлық кеңес өткізіп, оның орындалуына байланысты нақты тапсырмалар берді.

Менің есепті баяндамамның тезисі «Ұлан таңы» газетінде жарияланған болатын, онымен танысқан да боларсыздар. Сондықтан, экономика, ауыл шаруашылық, шағын және орта бизнес, құрылыс, коммуналдық шаруашылық, білім және денсаулық, халықты әлеуметтік қамту, спорт, мәдениет, қоғамдық қауіпсіздік, қоғамдық саяси ахуал бағытындағы атқарылған жұмыстар жөнінде ақпараттар төменде жазылған.
ЖЕРГІЛІКТІ БЮДЖЕТ БОЙЫНША

Ауданның бюджеттік көлемі 2010 жылы 2 млрд. 469 млн. 823 мың теңге болды, оның ішінде трансферттер 1 млрд. 906 млн. теңге және меншікті кіріс 551 млн. 759 мың теңге.

Меншікті кіріс түсімі бойынша бюджет 104 пайызға орындалды, болжамдағы сомадан 21 млн. 159 мың теңге артық түсті. 2009 жылмен салыстырғанда өсімі 17 пайызды құрады.

Салық және салық емес төлемдердің түсімдері 100 пайызға орындалуы қамтамасыз етілді.

Аудандық бюджеттің шығыс бөлігі 99,6 пайызға орындалды. Игеру сомасы 2 млрд. 465 млн. 359 мың теңгені құрады.

2011 жылдың 1 қаңтарына аудан бюджетінің шотында 31 млн. 463 мың 800 теңге қалдық қаржы қалды. Бюджеттік сала қызметкерлерінің еңбек ақылары толық көлемде төленді.
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ САЛАСЫ БОЙЫНША

Агроөнеркәсіп кешені 1 акционерлік қоғамнан, 1207 шаруа қожалықтарынан және 21 жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерден, 2 өндіріс кооперативінен құралады.

Аудан аумағында барлығы 962481 га жер бар, оның 527877 га ауыл шаруашылығына арналған жерлер.

2010 жылы 39965 га дәнді дақылдар, 25321,8 га күнбағыс, 1074 га картоп, 243 га көкөніс, 1604 га сүрлемдік жүгері, 27293 га бір жылдық және көп жылдық шөп егілді.

Аудан шаруашылықтарын жоғары сапалы және аудандастырылған тұқымдармен қамтамасыз ету мақсатында 6 тұқым шаруашылықтары және 2 элиталық тұқым өндіретін шаруашылықтар жұмыс істеуде. Ауданның үлкенді-кішілі шаруашылықтары жоғары сапалы тұқымдармен толықтай қамтамасыз етілді. Барлығы 2010 жылы 8800 тонна бидай қамбаға салынды, оның 4303 тоннасы тексерілді.

2010 жылы ауданда жаңа технология енгізуде нақты жұмыстар ұйымдастырылып, ылғал үнемдеу технологиясы бойынша 37 мың га егістік егілді.

Аудан шаруашылықтарына көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін 88 млн. теңге субсидия берілді.

Өткен жылы құны 290,1 млн. теңге құрайтын 58 дана ауыл шаруашылық техникалары алынды.

2010 жылы дәнді дақылдардан 43,8 мың тонна өнім жиналып, түсім 1 гектарынан 11 центнерді құрады.

Өткен жылы минералдық тыңайтқыштардың бағасын арзандату бағдарламасы бойынша 331 тонна минералдық тыңайтқыштар алынды, бұл 2009 жылмен салыстырғанда 235 тоннаға артық.

Малдарды қыстан шығару үшін 230 тонна шөп, 6,4 тонна сенаж, 49,4 тонна сүрлем және 27,1 тонна сабан дайындалды.

2011 жылдың 1 қаңтарына ірі қара 42764 басты, қой және ешкі 97234 басты, жылқы 13416 басты, шошқа 7916 басты және құс 996038 басты құрады. Қой және ешкі 0,3 пайызға, жылқы малы 3,9 пайызға, шошқа 1,9 пайызға өсті, марал және түйенің басы 100 пайызды құрады.

2011 жылдың 1-ші қаңтарына 23 мың 439 тонна ет, 49 мың 456 тонна сүт, 17 млн. 179 мың дана жұмыртқа өндіріліп, ет 106,0 пайызға, сүт 101,1 пайыз, жүн 107,1 пайызға өсіп, жұмыртқа 99,8 пайызды құрады.

2010 жылы 6 шаруа қожалықтарына асыл тұқымды мал өсіретін шаруашылық мәртебесі беріліп, олардың саны 22-ге жетті. Асыл тұқымды мал басының үлес салмағы ірі қара мал бойынша 8,0, жылқы 11,4, ұсақ мал 9,6, шошқа 16,2 пайызды құрайды, бұл облыс көрсеткіштерінен ірі қара бойынша 2,5, ұсақ мал бойынша 3,6, жылқы 8,2, шошқа 15,0 пайызғы артық.

Бүгінгі күні «Құнжыра», «Екимбаев» шаруа қожалықтары қазақтың ақ бас сиырларын өсіретін, «Қайрат» шаруа қожалығы сүтті симментал сиырларын өсіретін, «Көрпебай» шаруа қожалығы қазақтың қылшық жүнді құйрықты қойларын өсіретін асыл тұқымды шаруашылық мәртебесін алу үшін құжаттарын тапсырды.

Малдарды бордақылайтын 25 алаңшаларда 3435 бас ірі қара және 5 алаңшада 2750 бас шошқа бордақыланып, онда өндірілген 687 тонна ірі қара малдың еті, шошқаның 220 тонна еті сауда орындарында сатылды. Осы өткізілген ірі қара етіне 69 млн. теңге, шошқа етіне 21 млн. теңге субсидия алынды. Асыл тұқымды жылқы шаруашылықтарында өткізілген 21 тонна етке 2 млн. теңге, қымызға 1 млн. теңге субсидия алынды. Өткізілген 81 тонна қой етіне 2,2 млн. теңге субсидия алынды.

«Шығыс Сүт» корпорациясы, «Багратион Ұлан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі елді мекендерде 33 орталықтандырылған сүт жинау пункттерін құрды, 10 сүт тауарлы фермалардан өткізілген сүтке 43 млн. теңге субсидия алынды.

Бүгінгі күні ірі қара малын қолдан ұрықтандыратын 12 пункт, мал союға арналған 21 пункттер мен алаңшалар, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдейтін 59 кәсіпорын жұмыс істеуде. 2010 жылы 5 мал сою алаңы, 2 мал қорымы салынып іске қосылды.

Құнсыздану үдірістерін тежеу мақсатында, Ұлан ауданы мен Өскемен қаласы әкімдерінің меморандумы негізінде, ауыл шаруашылық құрылымдары күнделікті «Жәрдем», «Шығыс Таңы», «Заречный» базарларының сату орындарына және апта сайын өткізілетін жәрмеңкелерде 413 тонна ірі қара, 205,9 тонна шошқа, 14,25 тонна қой және 1,57 тонна жылқы еттері сатылды.

Ауданда Айыртау ауылдық округіндегі «Колос» шаруа қожалығының негізінде құрылған «Ұлан машина технологиялық станциясы» және «Шығыс Қазақстан ауыл шаруашылық колледжі» негізінде құрылған «ҰланАгросервис» машина технологиялық станциялары тұрғындарға, ауыл шаруашылығымен айналысатын қожалықтарға қызмет көрсетуде.

Агроөнеркәсіп кешенін дамыту мақсатында 2011 жылға төмендегі істерді атқаруды жоспарлап отырмыз:

- ауылшаруашылық дақылдарының егістік жерін 105000 гектарға ұлғайту;

- «Екимбаев» ШҚ базасында I, II, III репродукциялық картоп және астық өндіретін асыл тұқымды шаруашылық құру;

- Аблакет, Егінсу, Тарғын ауылдық округтерінде картоп және көкөніс салатын суармалы жерлерді ұлғайту;

- Каменка ауылдық округінде 500 бас ірі қара малын бордақылайтын бордақылау алаңын салу;

- Украинка ауылында 1000 және Тарғын ауылында 100 бас сауын сиырға арналған сүт тауарлы фермасын салу;

- Өскемен, Каменка, Саратовка ауылдық округтерінде асыл тұқымды ірі қара мал өсіретін шаруашылықтар құру;

- Егінсу ауылдық округінде асыл тұқымды қой өсіретін шаруашылық құру;

- Саратовка, Гагарин ауылдық округтерінде және Молодежный кентінде 3 мал қорымын салу;

- Аблакет, Егінсу ауылдық округтерінде тұтынушы кооперативтерін құру;

- Аблакет ауылдық округінде және Асубулак кентінде жылыжайлар салу;

- Егінсу, Тарғын ауылдық округтерінде, Асубулак кентінде наубайханалар ашу.


ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСТІ,

КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ БОЙЫНША

Аудан экономикасының дамуына үлкен үлес қосатын шағын кәсіпкерлікті қаржылық, инвестициялық қолдауда, оларды кәсіпкерліктің негізін үйретуде бірқатар жұмыстар жүргізілді.

Салық комитетінің ақпараты негізінде 2011 жылдың 1 қаңтарына аудан бойынша 1013 шағын кәсіпкер субъектілері тіркелген, бұл 2009 жылмен салыстырғанда 10 пайызға артық. Олардың 108 заңды тұлғалар, 905 жеке кәсіпкерлер. Шағын кәсіпкерлік субъектілерінде 2537 адам жұмыспен қамтылды. Жергілікті бюджетке 185,0 млн.теңге салық түсімі түсті, яғни 22 пайызға артты.

Өткен жылы шағын және орта бизнес саласында 36 нысан ашылып, халыққа қызмет етуде. Олар қатарында: 8 дүкен, 2 кафе, 1 шаштараз, 2 аяқ киім жөндеу пункті, 1 автомобиль дөңгелектерін және тұрмыстық техника жөндеу пункттері, 1 шағын наубайхана, 2 сүт тауарлы ферма, 3 жылыжай, 1 мал сою пункті, 1 қымыз сату орны, 7 мал сою алаңы, 1 ЖЖМҚС, 2 мал бордақылау алаңы және 1 демалу базасы.

Өнеркәсіп кәсіпорындарының, ауыл шаруашылық өндірушілерінің қатысуымен 49 рет аудандық деңгейде жәрмеңкелер өткізілді.

Нан және ұн өнімдерінің бағаларын тұрақтандыру, өнім өндірушілерді қолдау мақсатында 2010 жылы облыстық тұрақтандыру қорынан 70,7 тонна ұн бөлініп берілді.

Шағын және орта бизнесті дамыту мақсатында 2011 жылға төмендегі істерді атқаруды жоспарлап отырмыз:

- Сағыр ауылында инвестициялық құны 250,0 млн. теңгені құрайтын, «Өскемен полиэтилен трубалары зауытының» үшінші линиясын іске қосу;

- Герасимовка ауылында инвестициялық жобалық құны 30,0 млн. теңгені кұрайтын, «Остметал ЛТД » жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің металлопрокат және құю цехін ашу;

- жобалық құны 905,0 млн. теңгеден тұратын, «Украинка» шаруа қожалығының мың басты сүт-тауарлы фермасы құрылысын бастау;

- «Өскемен құс фабрикасы» акционерлік қоғамындағы жобалық құны 2 млрд. 455,0 млн. теңгеден тұратын, 20 мың тоннаға дейін құс етін өндіретін өндірісті ұлғайту;

- «Өскемен-Самар» тас жолында сауда қатарларын ашу;

- Молодежный кентінде шағын муниципалдық базар ашу.
ҚҰРЫЛЫС САЛАСЫ БОЙЫНША

Ауданның елді мекендерінде орналасқан кәсіпкерлік нысандарының сыртқы келбеттерін жақсарту мақсатында, визуалды зерттеу жұмыстары жүргізіліп, 163 объектіге нұсқаулық хаттар жіберілді.

Бүгінгі күнге 10 сәулеттік-жобалау тапсырмасы беріліп, 6 жобалық құжаттар келісілді, соның ішінде:

- Төртқара көлінің жағалауындағы саяжай үй құрылысына;

- Молодежный кентіндегі, № 24 үйдегі 22 тұрғын пәтерінің бір бөлмесін дүкен етіп қайта құрастыруға;

- «Өскемен құс фабрикасы» акционерлік қоғамындағы балапандарды өсіретін үш цех құрылысына;

- Молодежный кентіне қарасты 41 жайылымдағы жеке тұрғын үй құрылысына;

- Гагарино ауылындағы тұрғын үйдің екі бөлмесін дүкен етіп қайта құрастыруға;

- «Аюда» демалыс базасындағы типтік коттедждердің құрылысына.

2010 жылы жалпы алаңы 4000,0 шаршы метр құрайтын, 41 жеке тұрғын үй пайдалануға қабылданды. Сонымен қатар, ауданда полиэтилен құбырлар зауыты мен 13 саяжай үйлері, 4 дүкен, 1 дәмхана, 1 нотариус, 3 жазғы үй және 1 мал сою алаңы пайдалануға қабылданды.

2010 жылы Таврия ауылындағы сумен жабдықтау жүйесін қайта құрастыру жұмыстары толық аяқталып, пайдалануға қабылданды. Бас мердігер «Мамандандырылған жылжымалы механикаландырылған 410 колонна» ЖШС-і. Жалпы сметалық құны 115521,98 мың теңге.

Молодежный кентін электр тоғымен қамтамсыз ету мақсатында «инженерлік инфроқұрылым салу» құрылысының жұмыстары толық аякталды. Бас мердігер «Энергостройсервис» ЖШС-і. Жалпы сметалық құны 26102,0 мың теңге.

Молодежный кентіндегі 600 орындық мемлекеттік тілде оқытатын мектептің жобалық-сметалық құжаттары әзірленіп, сараптамасының оң қорытындысы алынды. Бас жобалаушы РГП на ПХВ «Еңбек-Өскемен» ИУКУИС ӘД ҚР. Жобалық-сметалық құжаттың бағасы 4,5 млн. теңгені құрайды және 2010 жылы жергілікті бюджеттен қаржыландырылды.

2011 жылы ауданда құрылыс жұмыстары жоспарлануда:

Су құбырлары:

1) «Ново-Азовое ауылындағы су құбыр желілерін қайта құру». Жобалық-сметалық құжаттарын жасаушы «Востокагропромпроект» ЖШС-і. Жалпы құны 161883,74 мың теңге;

2) «Ұлан ауылындағы су құбыр желілерін қайта құру». Жобалық-сметалық құжаттарын жасаушы «Востокагропромпроект» ЖШС-і. Жалпы құны 161883,74 мың теңге;

3) «Донское ауылындағы сумен жабдықтау желілерін қайта құруға» жобалық-сметалық құжаттарын әзірлеу;

4) «Привольный ауылындағы сумен жабдықтау желілерін қайта құруға» жобалық-сметалық құжаттарын әзірлеу.

Білім беру объектілерінің құрылысы және қайта құру:

1) Молодежный кентіндегі 600 орындық мемлекеттік тілде оқытатын мектептің құрылыс объектісінің жобалық-сметалық құжаттарын түзету (жобаны қайта қолдану);

2) Молодежный кентіндегі 600 орындық мемлекеттік тілде оқытатын мектептің құрылыс объектісің құрылысы;

3) Ново-Одесское кентіндегі 220 орындық мектептік құрылыс объектісінің жобалық-сметалық құжаттарын түзету;

4) Тарғын ауылындағы мектептің жұмсақ жабындысын шатыр етіп қайта құруының жобалық-сметалық құжаттарын әзірлеу;

5) Тарғын ауылындағы мектептің жұмсақ жабындысын шатыр етіп қайта құру жұмыстарын жүргізу.


ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДІ САНИТАРЛЫҚ ТАЗАЛАУ, КӨРКЕЙТУ МЕН КӨГАЛДАНДЫРУ ЖӘНЕ КӨШЕЛЕРДІ ЖАРЫҚТАНДЫРУ

2010 жылы ауданның елді мекендеріндегі көшелерді жарықтандыруға, санитарлық тазалауға және көркейту мен көгалдандыруға бюджеттен 20 млн. 409 мың теңге бөлінді, 2009 жылмен салыстырғанда 8,3 пайызға артық.

2011 жылы бюджетте елді мекендерді санитарлық тазалауға – 2 млн. 580 мың теңге, көркейту мен көгаландыруға – 4 млн. 400 мың теңге, көшелерді жарықтандыруға – 8 млн. 459 мың теңге қаржы қарастырылды.
АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫН ҰСТАУ ЖӘНЕ СУМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ САЛАСЫ БОЙЫНША

Аудандағы автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 707 шақырымды құрайды, соның ішінде, республикалық маңыздағы жолдар 152 шақырым, облыстық мыңыздағы жолдар 162 шақырым, жергілікті маңыздағы жолдар 393 шақырым.

2010 жылы жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарын ұстауға және ағымды жөндеуге 59 млн. 995 мың теңге бөлінді, соның ішінде жолдар және көшелерді қыста тазалауға - 19 млн. 382 мың теңге, ағымды жөндеуге - 39 млн. 24 мың теңге.

«Жол картасы» бағдарламасы бойынша 28 млн. 241 мың теңге бөлінді, бұл қаражатқа ауданы 5,6 шаршы метр көшелерге және 3 көпірге ағымды жөндеу өткізілді. Осы жұмыстарға 29 адам тартылып, оның ішінде 19 адам жұмыспен қамту мекемелерімен жіберілгендер.

Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 58 жол белгілері және ақпараттық көрсеткіштер орнатылды. «Ұлан жолдары» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынының жарғы капиталын өсіруге 11 млн. 295 мың теңге қаражат бөлініп, оған 2 тиегіш және шнекороторға құралдар сатып алынды.

Аудан бойынша 47,4 пайыз тұрғындар орталықтандырылған сумен қамтылған. Қалған елді мекендеріндегі тұрғындары жеке скважиналар мен құдықтардың суын пайдаланады.

2010 жылы сумен қамтамасыз ету және су қайтару жүйелерінің қызмет етуіне 7 млн. 408 мың теңге бөлінді. Бөлінген қаражатқа қоғамдық скважиналарды бұрғылау, сумен жабдықтау және канализация жүйелеріне ағымды жөндеу жұмыстары жүргізілді. Молодежный кентінің жылу жүйелерін ағымды жөндеуге 3 млн. 370 мың теңге қаражат бөлініп игерілді, 615 метр құбырлары ауыстырылды. «Жол карта» бағдарламасы бойынша 50218,0 мың теңге бөлініп, Молодежный кентінің жылу және сумен жабдықтау желілерінің ағымды жөндеу жұмыстары өткізілді. Жалпы 59 адамға жұмыс орны ашылып, соның ішінде 36 адам жұмыссыздар санатынан.

2011 жылға аудандық бюджеттен автомобиль жолдарын ұстау және ағымды жөндеуге 45 млн. 925 мың теңге, жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін – 1 млн. 200 мың теңге қарастырылды.

«Сумен жабдықтау және су бөлу жүйесінің қызмет етуі» бағдарлама бойынша 14 млн. 923 мың теңге бөлінді. Бұл қаражатқа Митрофановка, Привольное ауылдарында, Огневка және Молодежный кенттерінде сумен жабдықтау жүйесін ұстау және ағымды жөндеу, сондай-ақ Бозанбай ауылында скважина бұрғылау және Молодежный кентінің канализациялық сорап станциясына ағымды жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.
  1   2   3

Похожие:

Аудан әкімі Ж. Мұратовтың тұрғындар алдында есеп беру кездесулеріндегі баяндамасы-ның жобасы Ел басының 2005 жылғы 6 сәуірдегі «Жергілікті атқарушы органдар басшыларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» iconКеңсай ауылдық округ әкімі Ж. Абдрахмановтың есептік баяндамасы Елбасының 2005 жылғы 6 сәуірдегі «Жергілікті атқарушы органдар басшыларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы»
«Жергілікті атқарушы органдар басшыларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» №1546 Жарлығына сәйкес соңғы 5 жыл көлемінде...
Аудан әкімі Ж. Мұратовтың тұрғындар алдында есеп беру кездесулеріндегі баяндамасы-ның жобасы Ел басының 2005 жылғы 6 сәуірдегі «Жергілікті атқарушы органдар басшыларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» iconШемонаиха ауданының әкімі А. Ж. Тоқтаровтың аудан халқына есеп беру кездесуіндегі сөзі Құрметті кездесуге қатысушылар!
Елбасының 2005 жылғы 6 сәуірдегі №1546 «Жергілікті атқарушы органдар басшыларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» Жарлығын...
Аудан әкімі Ж. Мұратовтың тұрғындар алдында есеп беру кездесулеріндегі баяндамасы-ның жобасы Ел басының 2005 жылғы 6 сәуірдегі «Жергілікті атқарушы органдар басшыларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» iconБекітемін сайрам ауданының әкімі У.Қайназаров 2012 жыл
Республикасы Президентінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі «Жергілікті атқарушы орган басшыларының халық алдында есеп беру кездесулерін өткізу...
Аудан әкімі Ж. Мұратовтың тұрғындар алдында есеп беру кездесулеріндегі баяндамасы-ның жобасы Ел басының 2005 жылғы 6 сәуірдегі «Жергілікті атқарушы органдар басшыларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» iconАудан әкімінің ауыл тұрғындарының жиындарында есеп беру баяндамасы құрметті жерлестер, ауылдастар! Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2009 жылы халыққа арнаған «Дағдарыс арқылы жаңару мен дамуға»
Жолдауының аясында және жергілікті атқарушы органдары басшыларының халықтар алдында есеп беру кездесулерін өткізу туралы жарлығын...
Аудан әкімі Ж. Мұратовтың тұрғындар алдында есеп беру кездесулеріндегі баяндамасы-ның жобасы Ел басының 2005 жылғы 6 сәуірдегі «Жергілікті атқарушы органдар басшыларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» iconҚұрметті Шемонаиха ауданының тұрғындары! Мемлекет басшысының «Жергілікті атқарушы органдар басшыларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы»
Кенттер мен ауылдық округтер әкімдерінің есеп берулері әрбір елді мекенде 2010 жылғы 10 қаңтардан 20 қаңтар аралығында өткізіледі....
Аудан әкімі Ж. Мұратовтың тұрғындар алдында есеп беру кездесулеріндегі баяндамасы-ның жобасы Ел басының 2005 жылғы 6 сәуірдегі «Жергілікті атқарушы органдар басшыларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» iconБесқарағай ауданының әкімі К. Б. Байгонусовтың халық алдындағы есептік баяндамасы Құрметті жерлестер! Мемлекет басшысының «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты»
Жолдау аясында және жергілікті атқарушы органдары басшыларының халықтар алдында есеп беру кездесулерін өткізу туралы Жарлығын орындау...
Аудан әкімі Ж. Мұратовтың тұрғындар алдында есеп беру кездесулеріндегі баяндамасы-ның жобасы Ел басының 2005 жылғы 6 сәуірдегі «Жергілікті атқарушы органдар басшыларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» iconАйыртау ауылдық округі әкімінің 2010 жылы атқарылған жұмыстар туралы есебі Құрметті ауыл тұрғындары!!!!
Жергілікті атқарушы органдар басшыларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы 2005 жылғы 6 сәуірдегі №1546 Мемлекет басшысының...
Аудан әкімі Ж. Мұратовтың тұрғындар алдында есеп беру кездесулеріндегі баяндамасы-ның жобасы Ел басының 2005 жылғы 6 сәуірдегі «Жергілікті атқарушы органдар басшыларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» iconЕсептік кездесулер қазақстан Республикасы Президентінің «Жергілікті атқарушы органдар басшыларының тұрғындармен есептік кездесулерін өткізу туралы»
Республикасы Президентінің «Жергілікті атқарушы органдар басшыларының тұрғындармен есептік кездесулерін өткізу туралы» және «Мәслихаттар...
Аудан әкімі Ж. Мұратовтың тұрғындар алдында есеп беру кездесулеріндегі баяндамасы-ның жобасы Ел басының 2005 жылғы 6 сәуірдегі «Жергілікті атқарушы органдар басшыларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» iconАсубұлақ кенті әкімінің 2011 жылы атқарылған жұмыстар туралы есебі Құрметті кент тұрғындары! Қазақстан Республикасының Президенті Нурсултан Әбішұлы Назарбаевтың
Республикасының Президенті Нурсултан Әбішұлы Назарбаевтың 2005 жылғы 6 сәуірдегі «Жергілікті атқарушы органдар басшыларының халық...
Аудан әкімі Ж. Мұратовтың тұрғындар алдында есеп беру кездесулеріндегі баяндамасы-ның жобасы Ел басының 2005 жылғы 6 сәуірдегі «Жергілікті атқарушы органдар басшыларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» iconАйнабұлақ ауыл округі әкімі Д. Ыдырышевтың есептік баяндамасы Құрметті ауылдастар! Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлының «Жергілікті атқарушы органдар басшыларының тұрғындар алдында есептік кездесу өткізу туралы»
Жарлығын орындау мақсатында ауыл округіндегі бір жылғы атқарылған жұмыстарды баяндап беруге рұхсат етіңіздер!
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница