Өзара ынтымақтастық туралы келісім 2008 жылғы «Қазақтелеком»




Скачать 99.21 Kb.
НазваниеӨзара ынтымақтастық туралы келісім 2008 жылғы «Қазақтелеком»
Дата конвертации10.07.2013
Размер99.21 Kb.
ТипДокументы
«Қазақтелеком» АҚ

2008 жылғы «____» __________ № _______

бұйрығына 2-қосымша

ӨЗАРА ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ КЕЛІСІМ
2008 жылғы «____»__________
«Қазақтелеком» АҚ __________________________ негізінде әрекет ететін, «Қазақтелеком» АҚ филиалы - _______________________

(филиалдың атауы)

Бас директоры атынан, бір жағынан, бұдан әрі «Қазақтелеком» деп аталатын, және ____________________ негізінде әрекет ететін, _____________________ ________________________атынан, бір жағынан, бұдан әрі «Оператор» деп аталатын, бірге «Тараптар», ал бөлек «Тарап» деп аталатын төмендегілер жайында осы КЕЛІСІМДІ (бұдан әрі - КЕЛІСІМ) жасады.



  1. Келісім мәні




  1. Оператордың әрекет аймағында «Megaline» сауда маркасымен (бұдан әрі Қызмет) Интернетке кең жолақты қатынау қызметін алға жылжыту және ұсыну үшін Қазақтелеком мен Оператордың өзара ынтымақтастығы осы КЕЛІСІМНІҢ мәні болып табылады.

  2. Оператордың қызметін негіздеу мақсатында Қазақтелеком осы КЕЛІСІМНІҢ 3-бөлімі шартына сәйкес әр қосылған абонентке комиссиялық көтермелеу ақысын төлеуді жүргізеді.




  1. Тараптардың құқығы мен міндеттері


2.1. Қазақтелекомның құқығы бар:

  1. Егер Оператор КЕЛІСІМ бойынша қабылданған міндеттемелерді уақытында және тиісті дәрежеде орындамаса, КЕЛІСІМ бойынша қызметті көрсетуді тоқтатуға;

  2. Оператордан көрсетілген қызметтерге ақы төлетуді өндіруге;

  3. Тарифтерді өзгертуге, нақты қолданысқа енгізгенге дейін кем дегенде 10 жұмыс күні бұрын Операторға жазбаша хабарламаны жіберумен.

2.2. Қазақтелеком міндеттенеді:

  1. Қазақтелекомның Metro Ethernet желісіндегі бұзылымдарды алдын алу және жою бойынша өз уақытында шаралар қолдануға;

  2. КЕЛІСІМГЕ сәйкес құқықтарды жүзеге асыру үшін Операторға қажетті техникалық және коммерциялық құжаттаманы тапсыруға, басқа да ақпаратты беруге, сондай-ақ осы құқықтарды жүзеге асыруға байланысты мәселелер бойынша Операторға және оның қызметкерлеріне нұсқаулық беруге;

  3. Қызметкерлерді оқыту мен біліктілігін көтеруде Операторға ақыл-кеңес беруге көмектесуге;

  4. Ай сайын Операторға КЕЛІСІМНІҢ 3-бөліміндегі ережеге сәйкес Қызметтерді көрсеткені үшін шотты ұсынуға.

2.3. Оператордың жергілікті желілер желісін пайдалана отырып, өзіне меншікті абоненттерімен «Megaline» қызметін көрсетуге шарт жасасуға және жоғарыда көрсетілген шарттарды орындаумен байланысты барлық тиісті әрекеттерді жүргізуге құқығы бар.

2.4. Оператор міндеттенді:

  1. «Megaline» сауда маркасымен Интернетке кең жолақты қатынау қызметін өзінің абоненттеріне іске асыруға;

  2. Авария жағдайында және IP DSLAM жабдығына ағымдағы қызмет көрсету кезінде (егер жабдық Қазақтелекомдікі болса және Оператордың бөлме-жайында орналасқан болса) IP DSLAM жабдығы орналасқан бөлме-жайға Қазақтелекомның техникалық мамандарының өз уақытында кіруіне;

  3. абоненттерден өтінім түскен күні аппараттық және желілік-абоненттік бұзылымдарды жоюға;

  4. Қамтамасыз етуге:

          1. абоненттердің «Megaline» қызметіне қосуға арналған өтініштерін қабылдауды, «Megaline» қызметін көрсету туралы шартты абоненттермен жасасуды;

          2. абоненттің тілегі бойынша, абонент жағында инсталляциялық жұмыстарды жүргізуді;

          3. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес «Megaline» қызметінің шот-хабарламаларын жеткізуді жүзеге асыруды;

          4. «Megaline» қызметін көрсетудің төлемдерін жинауды жүзеге асыруды;

          5. дебиторлық қарыз туындауды алдын алу бойынша іс-шаралар жүргізуді;

          6. абоненттердің шағымы бойынша жұмыстар жүргізуді;

  5. Абоненттердің Қазақтелеком «Megaline» қызметін қолдау қызметінен телефон арқылы консультация алу мүмкіндігін ұсынуға;

  6. Абоненттің Аутентификациялық деректерін және Бірегей кодын үшінші тұлғаларға жарияламауға, заңнама актілерінің тікелей нұсқау күшімен осындай ақпаратқа қатынаудың тиісті уәкілеттігі үшінші тұлғаларда болған немесе абонент жазбаша нысанда үшінші тұлғаларға Аутентификациялық деректер мен Бірегей кодты беруге келісім берген жағдайлардан басқа;

  7. Аутентификациялық деректер мен Бірегей кодты құпияда сақтауды қамтамасыз етуге, үшінші тұлғалардың осы ресурстарды рұқсатсыз пайдалануына кедергі болатын өз ресурстарын іске келтіру бойынша тиісті шараларды қолдануға, сондай-ақ осындай пайдалану жағдайы анықталғанда жедел түрде шара қолдануға;

  8. Осы КЕЛІСІМГЕ сәйкес өз уақытында және толық көлемде Қызметтердің ақысын төлеуге;

  9. Тиісті сертификаты жоқ ақаулы клиенттік жабдықты (ADSL-модем) жергілікті телекоммуникация желілерінің желісіне қоспауға;

  10. КЕЛІСІМНІҢ негізінде Операторға көрсетілетін Қызметтің сапасы Қазақтелеком арқылы көрсететін балама қызметтердің сапасымен сәйкес келуін қамтамасыз етуге;

  11. Қазақтелекомнан тікелей балама қызметтерді ала отырып, ескере алатын қосымша қызметтерді абоненттерге көрсетуге;

  12. Мекенжайы, телефоны немесе басқа да деректемелері өзгергені туралы оларды өзгерткен күннен бастап 10 (он) күнтізбелік күн ішінде Қазақтелекомға жазбаша хабарлауға. Көрсетілген тармақшадағы міндеттеме сақталмаған жағдайда туындаған барлық салдардың жауапкершілігі Операторға жүктеледі.

  13. Қазақтелекомның желі ресурстарына рұқсатсыз қатынау әрекеттерін, желілік шабуыл және желілік бұзуды жүргізуді немесе оған қатысуды жүзеге асырмауға, оның ішінде төмендегілерді жүзеге асырмауға:

  1. Операторға тиесілі емес, Қазақтелекомның желі элементтерінің (компьютерлер, басқа да жабдық немесе бағдарламалық қамтамасыздық) қалыпты жұмыс істеуін бұзуға бағытталған іс-әрекеттерді;

  2. Қазақтелекомның желі ресурсына (компьютерге, басқа жабдыққа немесе ақпараттық ресурсқа) рұқсатсыз, оның ішінде басым қатынауға бағытталған іс-әрекеттерге, осындай қатынауды одан әрі пайдалануға, сондай-ақ осы бағдарламалық қамтамасыздық иелерінің немесе осы ақпараттық ресурс әкімшілерінің рұқсатынсыз, Оператордікі болып табылмайтын, бағдарламалық қамтамасыздық немесе деректерді жоюды немесе өзгертуді;

  3. желілердің байланыстылығын және оның жеке элементтерінің қол жеткізілімділігін тексеру үшін қажетті шектеуден асатын көлемдегі осы жабдыққа үлкен жүктелім жасайтын мәнсіз немесе пайдасыз ақпаратты Қазақтелеком желісінің жабдықтарына таратуға.




  1. Ақы төлеу тәртібі

3.1. Тараптар ай сайын, есеп беруден кейінгі айдың 10-шы күніне дейінгі мерзімде Қоғамның қолданыстағы Баға анықтамалығына сәйкес және Қоғамның техникалық деректері негізінде есеп беру кезеңінің алдында көрсетілген қызметтердің есептелген табысын салыстыруды жүзеге асырады.

3.2. Есептелген табыстардың ай сайынғы салыстыру нәтижесі Тараптар қол қоятын салыстыру актісінде жазылады. Егер ай сайынғы салыстыру актісіне 3.1. тармақта белгіленген мерзімде қол қойылмаса, Оператор дауласпайтын соманы төлейді. Дауласу сомасы бойынша дауды ретке келтірудің қажетті іс-жосығы жүргізіледі. Тараптар анықтаған және келіскен сома келесі айдың шот-фактурасына қосылу немесе тиісінше алып тасталу керек.

3.3. Қазақтелеком ай сайын, есеп беруден кейінгі айдың 10-шы күніне дейінгі мерзімде Қазақтелекомның қолданыстағы Баға анықтамалығына сәйкес өткен айда Оператордың абоненттеріне көрсетілген қызметтер төлемін өзіне қосатын шот-фактураны Операторға ұсынады.

3.4. Оператор ай сайын, есеп беруден кейінгі айдың 15-ші күніне дейінгі мерзімде, комиссиялық көтермелеу мөлшерінің сомасындағы шот-фактураны Қазақтелекомға ұсынады. Мұнымен қатар комиссиялық көтермелеу нақты Қазақтелекомға түскен төлемақы бойынша төленеді.

3.5. Тараптар «Megaline» қызметіне Оператордың әр терминалын қосқаны үшін Қазақтелеком есептелген табыстың сомасынан ҚҚС-мен комиссиялық көтермелеуді Операторға төлейтінін келісті, мұнымен қатар:

1) «Megaline» қызметін көрсету сәтінде қолданылған Қазақтелекомның баға анықтамалығына сәйкес Операторға есептеліп, белгіленген төлемақыдан 100% төленеді. Бұл сома жарнама акцияларын өткізу кезінде Қазақтелеком ұсынатын жеңілдіктер көлеміне төмендеуі мүмкін;

2) «Megaline» қызметін көрсету сәтінде қолданылған Қазақтелекомның баға анықтамалығына сәйкес Операторға есептелген айлық төлемақыдан 25% төленеді (абонент таңдаған тарифтік жоспарға қарамастан);

3) қосымша трафиктен түскен 100% табыс Қазақтелекомға тиесілі болады;

4) Дебиторлық қарызды қайтару жауапкершілігі Операторға жүктеледі.

3.6. Оператор есеп беруден кейінгі айдың 25-ші күніне дейін ұсынылған шот-фактураға сәйкес қызметтерге ақы төлеуді (есептелген табыс бойынша) жүргізеді.

3.7. Қызметтердің есептеулерімен абоненттердің келіспеуіне байланысты даулар туындаған жағдайда, Қазақтелеком дауларды шешу үшін Операторға барлық қажетті ақпаратты ұсынады (трафикті ажырату, биллингтік ақпарат), мұнымен қатар дауласу фактісі Оператор тарапынан Қазақтелекомға тиесілі соманы ұстап қалу үшін негіз болып табылмайды.



  1. Тараптардың жауапкершілігі


4.1. КЕЛІСІМ шарттарының орындалмауына немесе ойдағыдай орындалмауына Тараптар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында қарастырылған жауапкершілікті тартады.

4.2. Тараптар әр Тараптың жауапкершілік аймақтарындағы бөлімге сәйкес деректер таратудың жылдамдығы мен сапасына жауап береді: Қазақтелеком –Оператордың бөлме-жайында орналасқан IP DSLAM жабдығына дейін, ал Оператор –IP DSLAM жабдығынан абоненттің таңдаған және «Megaline» қызметін көрсету өтінішін ресімдеуде көрсетілген тарифтік жоспардың шарттарына сәйкес абоненттің соңғы жабдығына дейін.

4.3. Қазақтелеком «Megaline» қызметін көрсету нәтижесінде Қазақтелекомның кінәсінен болмаған абонеттің және/немесе Оператордың шығынына жауап бермейді.

4.4. КЕЛІСІМНІҢ шарттарымен қарастырылған өз міндеттемелерін Оператор ойдағыдай орындамаған жағдайда бір жақты тәртіпте КЕЛІСІМДІ Қазақтелеком бұзса, Қазақтелеком «Megaline» қызметін көрсетудің шектелуіне абонент алдында жауап бермейді.

4.5. Қазақтелекомға тиесілі емес бағдарламалық қамтамасыздық немесе жабдықтардың тоқтап қалу жағдайында Қазақтелеком қызметтер көрсетудегі үзілістерге жауап бермейді.

4.6. Қазақтелеком Интернет желісінің жеке сегменттерінің қызметтілігіне және қол жеткізілімділігіне жауап бермейді.

4.7. Қазақтелеком Интернет желісі арқылы уақытша немесе тұрақты қатынау мүмкін емес тораптармен немесе серверлермен ақпараттық алмасу мүмкінідігіне кепілдік бермейді.

4.8. Қазақтелеком деректер тарату желісінде жұмыс істеу үшін абоненттің Аутентификациялық деректері мен Бірегей кодын үшінші тұлғалардың пайдалануы нәтижесінде абонент пен Оператор арасында туындаған дауға жауап бермейді және егер осындай абонент/пайдаланушы мен Оператор арасында туындаған болса, оны шешпейді.

4.9. Қазақтелеком «Megaline» қызметін алу үшін қолданылатын Оператордың жабдығы мен абоненттік бағдарламалық қамтамасыздығының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жауап бермейді.

4.10. «Megaline» қызметін көрсету бойынша Оператор немесе абонент жағындағы техникалық ақаулыққа Оператор жауап береді.

4.11. Қызметтер көрсетудің ақысын төлеуді кешіктірген жағдайда, Оператор әр мерзімі өткен күнге, бірақ негізгі қарыз сомасынан аспайтын осы соманы төлеу күніне қолданылатын Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің қайта қаржыландыруының 1,5 еселік ставкасынан шыға отырып, есептелген айыппұлды төлейді.

4.12. Егер Тараптардың қосымша келісімдерінде айтылмаған болса, айыппұлды есептеу мерзімінің басталуы есеп айырысудан кейінгі айдың 26-шы күні болып есептелінеді.

4.13. КЕЛІСІМНІҢ шарттары бұзылған жағдайда Қазақтелекомның құқығы бар:

    1. 10 (он) күнтізбелік күн бұрын Операторға жазбаша хабарлай отырып, қызметті көрсетуді тоқтатуға;

    2. бір жақты тәртіпте КЕЛІСІМДІ бұзуға, яғни бұзуға дейін 30 (отыз) күнтізбелік күн бұрын басқа Тарапқа жазбаша хабарламаны жібере отырып.

4.14. КЕЛІСІМГЕ сәйкес қабылданған кез келген міндеттемелерді Тараптар бұзған жағдайда, айыппұлды (өсімақы) төлеу және залалдар мен шығындарды қалпына келтіру тиісті міндеттемелерді ойдағыдай орындау міндетінен босатпайды.


  1. КЕЛІСІМНІҢ қолданыс мерзімі және бұзу шарты


5.1. КЕЛІСІМ қол қойылған сәттен бастап күшіне енеді және күнтізбелік 1 (бір) жыл мерзімге жасалынған.

5.2. Егер ешқандай Тарап КЕЛІСІМДІ тоқтату туралы оның қолданыс мерізімі аяқталғанға дейін бір ай бұрын өтініш білдірмесе, КЕЛІСІМ автоматты түрде әрбір кейінгі 1 (бір) жыл кезеңге ұзартылады.

5.3. КЕЛІСІМДІ кез келген Тарап кем дегенде 30 (отыз) күнтізбелік күн бұрын басқа Тараптың міндетті жазбаша хабарлауымен, оны орындаудан бір жақты бас тарту жолымен бұза алады.

5.4. КЕЛІСІМДІ бұзу Операторды КЕЛІСІМНІҢ барлық қолданыс кезеңіндегі ұсынылған шоттарды төлеу бойынша міндеттемелерден босатпайды.


  1. Дауларды шешу тәртібі




    1. Осы КЕЛІСІМДЕ қарастырылған немесе онымен байланысты мәселелер бойынша даулар туындаған жағдайда, Тараптар келіссөздер жолымен оларды шешуге барлық шараларды қолданады.

    2. Келіссөздер жолымен дауларды шешу мүмкін болмаған жағдайда, олар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес сот тәртібінде шешілетін болады.



  1. Төтенше жағдай


7.1. Ешқандай Тарап басқа Тараптың алдында Тараптардың еркінен тыс табиғат өзгерістерімен, апаттармен, көпшілік тәртіпсіздіктермен немесе басқа да себептермен туындаған кез келген бұзылымдардан тікелей немесе жанама пайда болған қандай да болмасын шығындар немесе залалдарға, байланыс жүйелері немесе жабдықтардың жұмыс істемеуіне, қызметтерді көрсетудегі үзілістер үшін жауапты болмайды.

7.2. Егер осы жағдайлардың кез келгені КЕЛІСІМДЕ белгіленген мерзімде міндеттемелердің орындалуына тікелей әсер етсе, онда бұл мерзім тиісті міндеттеменің қолданыс мерзіміне ұзартылады. Жоғарыда көрсетілген жағдайлардың пайда болу себебінен міндеттемелерді орындау мүмкіндігі болмаған Тарап олардың басталу сәтінен бастап 15 (он бес) күнтізбелік күннен кешіктірмей басқа Тарапқа жазбаша нысанда хабарлауға міндетті. Хабарламаның болмауы немесе уақытында жіберілмеген хабарлама Тарапты міндеттемені орындау бойынша жауапкершіліктен босататын негіздеме ретіндегі жоғарыда көрсетілген кез келген жағдайға сүйену құқығынан айырады.


  1. Қорытынды ережелер


8.1. Осы КЕЛІСІМГЕ әр Тарапқа біреуден келетін екі данада қол қойыған.

8.2. Қолданыстағы заңнамаға қайшы келмейтін КЕЛІСІМГЕ енгізілетін барлық өзгертулер мен толықтырулар осы КЕЛІСІМНІҢ қосымша келісімдері түрінде ресімделіп, Тараптардың уәкілетті өкілдері қол қою керек.
9. Тараптардың заңды мекенжайлары мен деректемелері

Қазақтелеком
М.П.
«____»___________________200_

Оператор
М.П.
«____»_________________200_

Похожие:

Өзара ынтымақтастық туралы келісім 2008 жылғы «Қазақтелеком» icon«Қазақтелеком» акционерлік қоғамы Акционерлерінің жалпы жиналысының 2008 жылғы 11 наурыздағы шешімімен №35 хаттама бекітілді (29. 12. 2011ж жағдай бойынша) «Қазақтелеком»
Тарау. Еншілес және тәуелді қОҒамдармен өзара іс-қимыл қАҒидаттары мен тәжірибесі
Өзара ынтымақтастық туралы келісім 2008 жылғы «Қазақтелеком» iconӨзара ынтымақтастық туралы келісім
Есенғалиев Сатқан Ыбырайұлы (бұдан әрі департамент), Азаматтық «Альянс» одағының атынан Бекқожиева Әлия Байжанқызы үкіметтік емес...
Өзара ынтымақтастық туралы келісім 2008 жылғы «Қазақтелеком» icon«Қазақтелеком» АҚ акционерлерінің кезектен тыс Жалпы жиналысының шешімімен бекітілген 2008 жылдың 29 қыркүйегіндегі №38 хаттама (12. 03. 2010ж жағдай бойынша) «Қазақтелеком»
«Қазақтелеком» акционерлік қоғамы Директорлар кеңесі туралы ереже (бұдан әрі Ереже) Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар...
Өзара ынтымақтастық туралы келісім 2008 жылғы «Қазақтелеком» icon«Қазақтелеком» АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының 2008 жылдың 29 қыркүйегіндегі №38 хаттамасымен бекітілген (2011ж. 29. 12. жағдай бойынша) «Қазақтелеком»
«Қазақтелеком» акционерлік қоғамы Акционерлерінің жалпы жиналысы туралы ереже (бұдан әрі – Ереже) Қазақстан Республикасының «Акционерлік...
Өзара ынтымақтастық туралы келісім 2008 жылғы «Қазақтелеком» icon«Каспий теңізіндегі қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы»
Бакуде жасалған Каспий теңізіндегі қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық туралы келісім ратификациялансын
Өзара ынтымақтастық туралы келісім 2008 жылғы «Қазақтелеком» icon2008 жылдың 29 қыркүйегіндегі №38 хаттама «Қазақтелеком» АҚ-ның­ Директорлар кеңесі туралы ереже
«Қазақтелеком» АҚ акционерлерінің кезектен тыс Жалпы жиналысының шешімімен бекітілген
Өзара ынтымақтастық туралы келісім 2008 жылғы «Қазақтелеком» icon2011 жылғы 29 желтоқсандағы №46 хаттама «Қазақтелеком» АҚ Директорлар кеңесі туралы ереже
«Қазақтелеком» АҚ Акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының шешімімен бекітілген
Өзара ынтымақтастық туралы келісім 2008 жылғы «Қазақтелеком» iconҚазақстан Республикасының Заңы Доңғалақты көлік құралдарын мерзімді техникалық қарап-тексерулерге арналған бірыңғай шарттарды қабылдау туралы және осындай қарап-тексерулерді өзара мойындау туралы келісімді ратификациялау туралы
Жылғы 13 қарашада Венада жасалған Доңғалақты көлік құралдарын мерзімді техникалық қарап-тексерулерге арналған бірыңғай шарттарды...
Өзара ынтымақтастық туралы келісім 2008 жылғы «Қазақтелеком» icon2008 жылдың 29 қыркүйегіндегі №38 хаттама «Қазақтелеком» АҚ­ акционерлерінің Жалпы жиналысы туралы ереже
«Қазақтелеком» АҚ акционерлерінің кезектен тыс Жалпы жиналысының шешімімен бекітілген
Өзара ынтымақтастық туралы келісім 2008 жылғы «Қазақтелеком» iconҚазақстан Республикасының Заңы Кеден одағына мүше мемлекеттердің кеден органдарының өзара әкімшілік көмегі туралы келісімді ратификациялау туралы
...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница