2011-2015 жылдарға арналған «Балқаш қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің стратегиялық жоспары




Название2011-2015 жылдарға арналған «Балқаш қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің стратегиялық жоспары
страница1/5
Дата конвертации10.07.2013
Размер0.83 Mb.
ТипДокументы
  1   2   3   4   5
2011-2015 жылдарға арналған «Балқаш қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің стратегиялық жоспары


  1. Тарау – Міндетті ісі және көрініс

Жұмыспен қамтуды катамасыз ету, жұмыссыздар санын қысқарту, әлеуметтік жұмыс орындарын ашу, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыру үшін жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің жұмысын әр жақты нәтижелі ету.

Үнемі дамып отыратын әлеуметтік бірлестік және әлеуметтік диалог арқылы әлеуметтік қорғау жүйесін дамыту, жұмыссыздардың санын азайту, жұмыспен қамтуды жоғарылату, қала тұрғындарының тұрмыс деңгейін көтеру.


  1. Тарау- Ағымдағы жағдайды талдау және даму тенденциясы




  1. Стратегиялық бағыт- 1. Тұрақты жұмыспен қамту.

1.1.)Реттеу немесе қызмет салаларының негізгі даму параметрлері
Адамзат капиталын дамыту үшін лайықты жұмыстың қолайлылығын кеңейтудің ерекше маңызы бар. Мемлекет басшысының бірнеше рет атап өткендей, жұмыспен қамту саясаты, халықтың әл-ауқатын көтеру мен кедейшілікті жеңудің ең ықпалды жолы болып табылады.

2008-2010 жылдарға арналған Балқаш қаласының халқын жұмыспен қамту бағдарламасы бойынша іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру аясында, тиімді жұмыспен қамтылуға жәрдемдесуге, бос жұмыс орындарын іріктеу мен белсенді іздестіру, жұмыссыздарды және одан басқа халықтың нысаналы топтар өкілдерін оқыту, қайта даярлау мен біліктілігін арттыру, қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру, әлеуметтік жұмыс орындарын құру шаралары атқарылды.

2009 жылы Балқаш қаласының статистика басқармасының мәліметтері бойынша экономикалық белсенді тұрғындар саны 2007 жылмен салыстырғанда 0,4 мың адамға төмендеген және 2010 жылдың 1 қаңтарына қарағанда 37,4 мың адамды құрады.

Қала экономикасы бойынша 2009 жылы 34,8 мың адам қамтылды, 2007 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 0,2 мың адамға төмен( 2007жылы - 35 мың адам). Балқаш қаласында еңбек ресурстарының басты бөлігі жалдамалы еңбек болып табылады. Олардың үлесі жұмыспен қамтылғандардың саны 2009 жылы 89,7% құрайды (31,2 мың адам). Қалған бөлігі 10,3 %, (3,6 мың адам) өз бетімен қамтылған болып табылады, яғни 2008 жылмен салыстырғанда 5,2 % пайызға азайған. 2007 жылы жұмыссыздардың үлесі 7,3% болса, 2009 жылы 7,0 % дейін төмендеді.

2009 жылы Балқаш қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ықпалымен 4681 адам жұмысқа орналастырылған. 2009 жылы жұмысқа орналасу сұрағы бойынша өтініш берген (4682 адам) жалпы санынан жұмысқа орналастырылғандардың бөлігі 99% құрады. 2009 жылы кәсіптік оқуға және біліктіліктерін арттыруға 339 жұмыссыз азаматтар жіберілді,(2007жылы -129 адам). 2009 жылы қоғамдық жұмыстарға 1080 жұмыссыздар қатысып (2007 жылы – 833 адам), қоғамдық жұмыстан кейін жұмысқа орналасқандар 1066 адамды құрады немесе 98,7 %.

2009 жылы өз бетімен жұмыспен қамтылуды қамтасыз ету және өз ісін ашу үшін 7 жұмыссыз азаматтарға материалдық көмек көрсетілді, (2007 жылы – 10 адам).

2009 жылы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі жастар қатарынан 2539 адамды тіркеп, оның ішінде 2276 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды немесе ол 89,6 %.

2009 жылы қала мекемелерінде мақсатты топтарға арналып 57 әлеуметтік жұмыс орындары құрылды.

1.2) Негізгі мәселелерді талдау

Қазіргі кезде тұрғындарды жұмыспен қамту төңірегінде түйінді мәселелер болып қалып отырған:

  • жұмыс күшіне сұраныс пен ұсыныстың білікті-кәсіптік құрылымының сәйкеспеушілігі;

  • экономика қажеттілігіне сай мамандардың даярлығы үйлеспеуі.

Бұл түйінді міндеттерді шешу үшін:

-тұрғындарды жұмыспен қамту үшін қаражаттарды бөлуге және көбейтуге ықпал ету, еңбек нарығында белсенді саясат жүргізу;

-экономикалық белсенді тұрғындардың ұсыныстарына, сұраныс болжамдарына талдамалар жүргізіп, тұрғындарды еңбек нарығы жәйлі хабарлар ету;

-жұмыс күші бәсекелі болу үшін және де сапасын жоғарлату жолында еңбек нарығының болжамдарына сай жұмыссыз азаматтарды кәсіптік даярлаудан және қайта даярлаудан өткізу;

-жұмыссыздарды қайта даярлау үшін материалды-техникалық құрал жабдықтарын қолдану сұрақтары бойынша жұмыс беруші компаниялармен әлеуметтік әріптестік жүйесін дамыту;

-жұмыспен қамтуға кепілдік бере алатын еңбек нарығындағы басты қатысушылармен одан әрі әлеуметтік әріптестік жүйесін дамыту.

1.3.) Негізгі ішкі және сыртқы факторларды бағалау

Мемлекет Басшысының тапсырысын жүзеге асыру жолында «...барлық топтағы тұрғындардың өмір сүруін алдағы әлеуметтік стандарттарға сай келтіру, сапасын жоғарлату» адам капиталын дамытуға байланысты жоспарлы сұрақтарды бірінші қою. Адам капиталының дамуының ерекше көрсеткіші лайықты да мүмкіншілікті еңбекпен қамтуды кеңейту, ол көбіне ішкі және сыртқы факторларға тәуелді.

Еңбек нарығында басты жетіспейтін жұмыскерлер: аппаратчик-гидрометаллург, газорезчик, ұнтағыш, балқытушы (түсті металлургия), слесарлар, металды сорттаушы-тапсырушы, шихтовщик, электрогазосварщик, электр құрылғыларын жөндейтін және күтіп ұстайтын электромонтер, санитарлар, білім саласының жұмыскерлері және құрылыс-монтаж жұмыстарының мамандары, қалаушы, төбе жабатын жұмыскерлер, плита салушылар, электрмонтерлері, В,С,Д және Е категориялары бойынша жүргізушілер.



  1. Стратегиялық бағыт 2- Еңбек қатынастарындағы бұзылудың тәуекелiн басқару

    1. Қызмет сферасын дамытудағы негізгі параметрлер.

2008 жылдан бастап жұмыспен қамту бөлімімен қалалық үшжақты комиссия отырысы өткізіледі, онда әлеуметтік, экономикалық, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша сұрақтар қарастырылады.

2009 жылы қала әкімімен, кәсіподақ (жұмыскерлер) бірлестігімен, кәсіпкер ассоциациясымен және қала жұмыс берушілерімен 2009-2011 жылдарға арналған әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу бойынша келісімге қол қойылды. Комиссия отырысында қала әкімімен, кәсіподақ (жұмыскерлер) бірлестігімен, кәсіпкер ассоциация-сымен және жұмыс берушілермен келісімді іске асыру жоспары бекітілді. Отырыста қаладағы әлеуметтік– экономикалық жағдайлар, тарифтерді реттеу шараларының орындалуы (бағалар, жалақылар,жиындар), ҚР Еңбек Кодексі бойынша әлеуметтік саласында жұмыскерлерді әлеуметтік қорғау нормалары жайында, тәлімгер ету сұрақтар қарастырылды.

Жұмыс берушілер мен кәсіподақ өкілдері, оның ішінде мынадай кәсіпорындар ӨБ «Балқаштүстімет», АҚ «ТМӨЗ», АҚ «Қазақтелеком», ЖШС «Балқашсүт», білім беру және денсаулық сақтау өкілдерінің жұмыста алатын зақымдар, еңбек жағдайлары және кәсіптік аурулар туралы ақпараттар тыңдалды. Ұжымдық шарттарда көзделген әлеуметтік пакеттердің орындалуы туралы қалалық үшжақты комиссия мүшелері мен кәсіподақ өкілдерімен дөңгелек үстел өткізілді.

«Ұжымдық шарт жасаңыз» атты республикалық акциясын жүзеге асыру бойынша жоспарға сәйкес, жұмыстар жүргізілді. «Ұжымдық шарт жасаңыз» жалпы республикалық акциясын өткізу бойынша қалалық штаб құрылды. Акцияны өткізу бойынша қалалық штаб құрамына кәсіподақ өкілдері, мемлекеттік мекемелер жетекшілері, еңбек қорғау инспекциясы және кәсіпкерлер ассоциясы кіреді.

Жыл бойы ұжымдық шарт жасаңыз акциясы жәйлі, реті және талаптары туралы жергілікті газет беттеріне және де жұмыспен қамту бөлімінің сайтына 6 мақала жарияланған, сонымен қатар қалалық үшжақты комиссияның еңбек ұжымдарына және жұмысберушілерге акцияға қатысу туралы үндеулері жарияланған.

Жеке кәсіпкерлер жағынан өз жұмыскерлерінің, жалпы қоғамдағы әлеуметтік өзекті мәселелерді шешуге ықылас білдірушілер байқалады.

Сонымен қатар қала бойынша төрт ұйым «Парыз» атты республикалық, әлеуметтік жауапкершілік бизнес конкурсына қатысуға өз ұсыныстарын жіберді, екі ұйым «Ең үздік ұжымның келісім шарты» номинациясы бойынша қатысуға өз ұсыныстарын жіберді.

2010 жылы әлеуметтік әріптестік жұмысының дамуы жалғасуда.

2010 жылдың 01 қазанына қарағанда әлеуметтік қорғау және бақылау Департаментінің мағлұматтары бойынша қаламызда, ұжым келісім шартына 211 кәсіпорын отырған, оның ішінде ірі және орташа- 59, (98,3% ірі және орташа кәсіпорындардың санынан алғанда-60).

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мамандары, ұжымдық келісім қатынас орнату сұрағы бойынша әр түрлі меншік иелері 175 кәсіпорын мен мекемелерді қамтыды.

2.2) Басты мәселелердi талдау.

2.3)Кәсіподақтар, жұмыскерлер өкілдерімен жұмыс берушілер арасындағы келісім шарт жасаспауынан туындайтын жұмыскерлердің әлеуметтік қорғауының жетіспеушілігі.

2.4.) Сыртқы және iшкi айғақтардың негiзгi бағасы.

Ел Басымыздың 2008 жылы «Ұжымдық шарт жасаңыз» атты республикалық акция 2010 жылы жалғасын тапты, ұжым жұмыскерімен жұмысберуші арасындағы жасасқан келісім әріптестік қарым қатынасты дамытуға ынталандыруда.

Қалалық штаб акцияны өткізу жөнінде 1 мәжіліс өткізді, онда 2 сұрақ қарастырылды. Штаб жұмысының негізгі бағыты мекемелермен отырып жатқан ұжымдық келісім шарттардың сапасын көтеру болып табылды.

3. Стратегиялық бағыт 3 – Тұрғындардың әлеуметтік әлжуаз топтарына әлеуметтік көмек көрсету.

3.1) Дамудың негiзгi параметрлерi

Балқаш қаласында әлеуметтік қамтамасыз ету және әлеуметтік көмек, тұрғындардың әлеуметтік әлжуаз топтарына әлеуметтік қызметтер кең спектрда көрсетіледі: ол ақшалай төлемдер- атаулы әлеуметтік көмек, тұрғын үй көмегі, аз қамтылған отбасыларына 18 жасқа дейін балаларға жәрдемақы, орташа кірісі азық-түлік себетінен аспайтын; жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмек, үйде білім алатын және тәрбиеленетін мүгедек-балаларды материалды қамтамасыз ету, сауықтыру үшін мүгедектерге қызмет көрсету және техникалық қосалқы құралдарын беру; үйдегі көмекке мұқтаж азаматтарға, қарттарға әлеуметтік көмек көрсету, т.б.

2010 жылдың 01 қаңтарына қарағанда жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде 63 аз қамтылған отбасы (232 адам) тіркеуде тұр, 2008 жылмен салыстырғанда 17,4 % аз (2008 жылы – 281 аз қамтылған азаматтар).

Әлемдік экономикалық дағдарыста, және инфляция деңгейінің өсу жағдайында, тұрғындырды әлеуметтік қолдауға қосымша шаралар қабылдануда және іске асырылуда.

Әлеуметтік саясат жүргізудің ең басты бағыттарының бірі «әлжуаз» топ тұрғындарды қорғауға, тұрақты жұмыспен қамту болып табылады.

Әлеуметтік әлжуаз топтарына төленетін маңызды және көрсеткішті төлем мемлекеттік әлеуметтік атаулы көмек болып табылады. Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Заңына сәйкес, 2009 жылы ӘАК 69 отбасына, 265 алушыға 3374,6 мың теңге көлемінде тағайындалды, төлем 314 алушыға, 88 отбасына 3485,0 мың теңге көлемінде жүргізілді.

Қазақстан Республикасының «Балалары бар отбасыларына мемлекеттік жәрдемақы туралы» Заңына сәйкес 2009 жылы 278 отбасына, 505 балаға 4083,7 мың теңге көлемінде тағайындалды, төлем 308 отбасына, 568 балаға 4203,9 мың теңге көлемінде жүргізілді.

«Тұрғын үй көмегі» туралы Заңға сәйкес, тұрғын үй көмегінің мөлшері мен реті жергілікті өкілетті органдардың шешіміне сәйкес анықталады. Аталған көмек түріне көп үміткерлердің назарын аудару үшін, 2009 жылғы 11 қарашадағы қалалық маслихат № 24/181 шешіміне сәйкес, берілген көмек шекті үлесінен асатын табысы 11 %-дан 8%-ға дейін төмендетілді. 2009 жылы 1261,0 мың теңге көлемінде 173 отбасына тұрғын үй көмегі тағайындалып төленді.

Қалалық бюджеттен 2010 жылы қарастырылған қаражат:

  • мемлекеттік әлеуметтік атаулы көмек төлеуге – 2633,0 мың теңге;

  • 18 жасқа дейінгі балаларға жәрдемақы төлеуге – 4428,0 мың теңге;

  • тұрғын үй көмегін төлеуге – 1862,0 мың теңге.

3.2) Негізгі мәселелерді талдау.

Аз қамтылған азаматтардың саны


Динамика бойынша 2006–2009 жылдар аралығында АӘК алушылардың саны азайды, 2009 жылды қарасақ 2006 жылмен салыстырғанда 55,6%-ға (01.01.2007 жылға қарағанда 597 адамнан, 01.01.2010 жылы 265 адамға дейін) және бюджет ассигнованиясына сәйкес 3335,4 мың теңге:

  • 2006 жылы 180 отбасына 597 алушыларға 6710,0 мың теңге көлемінде;

  • 2007 жылы 131 отбасына 419 алушыларға 4156,0 мың теңге көлемінде;

  • 2008 жылы 91 отбасына 297 алушыларға 4107,4 мың теңге көлемінде;

  • 2009 жылы 69 отбасына 265 алушыларға 3374,6 мың теңге көлемінде.



АӘК алушылар санының төмендеуі келесі себептермен мәлімделінеді: мемлекеттік АӘК алушылар жұмыспен қамтылуынан, халық табысының өсуінен (зейнетақы және жәрдемақы мөлшерлерінің өсуі, сонымен қатар 1 жасқа дейінгі бала күтімі), бөлімше комиссияларының мемлекеттік АӘК алушылардың, балаларға мемлекеттік жәрдемақы алушылардың (18 жасқа дейінгі балалары бар аз қамтылған отбасы, 1 жасқа дейінгі бала күтімі) жасырынды табыстарын анықталуынан.

АӘК алушылардың дәрежесін қарастыра отырып, олардың үлесі жалпы АӘК санына шаққанда 2009 жылы 18 жасқа дейінгі балалардың жәрдемақысын алушылардың еншiсiне тиесілі (60,8%). 7 жасқа дейінгі бала күтімімен отырғандардың саны 15,8% құрады. АӘК алушылардың арасында жұмыс істейтіндердің мөлшері 6,4 % құрайды, ол өз кезегінде, тіпті бір адамға шаққандағы кедейшілік шегін қамтамасыз ете алмайтын отбасының еңбек ақы (табыс) деңгейінің төмендігін дәлелдейді. Келтiрiлген мәлiметтерден, алушылардың негiзгi көпшілігі еңбекке жарамсыз тұлғалар немесе әділ себептермен табысы жоқ тұлғаларды құрайды (әдеттегiдей жас сәбилерді күтетін әйелдер) немесе табысы аз жұмыстарда істейтіндер. Жұмыспен қамту мекемесінде 2009 жылы жұмыссыз ретінде тіркелген азаматтардың арасында жалпы АӘК алушылардың саны 10,9% құрады.

Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек алушылардың еңбек потенциалын жүзеге асырса, аз қамтылған азаматтар қатарынан белгiлi бір бөлiгiн шығаруға болады.

Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмектi дер кезiнде төлеу - бұл қоғамдағы әлеуметтiк кернеулiктi төмендетуге үлес қосады, мемлекет тарапынан тұрмысы төмен отбасыларға қолдау көрсетеді.

Балқаш қ. 2006-2009 жылдар аралығында 18 жасқа дейінгі балаларға жәрдемақы тағайындалды:

- 2006 жылы – 334 отбасына 686 балаларға 4150,4 мың теңге сомасында;

- 2007 жылы – 273 отбасына 519 балаларға 3801,1 мың теңге сомасында;

- 2008 жылды – 267 отбасына 490 балаларға 3853,1 мың теңге сомасында;

- 2009 жылды – 278 отбасына 505 балаларға 4083,7 мың теңге сомасында;


2006 жылға қарағанда 2007-2009 жылдар аралығында 18 жасқа дейінгі балалар жәрдемақысының төмендеуі тұрғындардың табысының өсуімен түсіндіріледі.

2006-2009 жылдар арасындағы тұрғын үй көмегі:

2006 жылы – 46 отбасына, төленген жәрдемақының сомасы - 285,4 мың тенге;

2007 жылы - 83– отбасына, төленген жәрдемақының сомасы - 400,0.мың тенге;

2008 жылы – 168 отбасына, төленген жәрдемақының сомасы – 1150,0 мың тенге;

2009 жылы – 173 отбасына, төленген жәрдемақының сомасы – 1261,0 мың тенге.



2006-2009 жылдардың динамикасы бойынша тұрғын үй жәрдемақылар алушылардың саны көбейгені байқалады, ол коммуналдық қызметтерді тұтыну және тұрғын үйді ұстауды төлеуге шекті жол берілетін шығыстар үлесі төмендеуіне, сонымен қатар кентерде тұратын отбасылардың жылжымайтын мүлікті жариялау жүргізілуі себебінен тұрғын үйлеріне құқық иесі құжаттарын алуымен байланысты.
  1   2   3   4   5

Похожие:

2011-2015 жылдарға арналған «Балқаш қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің стратегиялық жоспары icon«Аққайың аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған Стратегиялық жоспары туралы»
Аққайың ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы №276 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
2011-2015 жылдарға арналған «Балқаш қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің стратегиялық жоспары icon«Федоров аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлетеқ мекемесінің 2010 2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны
«Федоров аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлетеқ мекемесінің 2010 2014 жылдарға арналған
2011-2015 жылдарға арналған «Балқаш қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің стратегиялық жоспары icon«Семей қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мм 2010-2014 жылдарға арналған Мемлекеттік орган қызметінің стратегиялық жоспарын іске асыру туралы жедел есептілік
Стратегиялық бағыт. Жұмыссыздықтың өсуіне жол бермеу мәселелерін шұғыл шешу және белсенді әлеуметтік қолдау
2011-2015 жылдарға арналған «Балқаш қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің стратегиялық жоспары icon«Балқаш қаласы қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2011 – 2015 жылдарға арналған Стратегиялық жоспары Балқаш – 2010 Мазмұны
Тікелей және соңғы нәтижелерге жетуге бағытталған бюджетті атқарудың ашықтығын қамтамасыз ету және қалалық коммуналдық меншікті тиімді...
2011-2015 жылдарға арналған «Балқаш қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің стратегиялық жоспары iconБекітемін: Шығыс Қазақстан облыстық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы бастығы
Тарбағатай аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің 2010-2012 жылдарға арналған Стратегиялық жоспары
2011-2015 жылдарға арналған «Балқаш қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің стратегиялық жоспары icon1 бөлім. «Миссиясы (міндеті)»
«Шымкент қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» Мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
2011-2015 жылдарға арналған «Балқаш қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің стратегиялық жоспары icon«Өскемен қаласының білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2011–2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны
Стратегиялық бағыттары, мақсаттары, міндеттері, мақсатты индикаторлары, іс-шаралар және нәтиже көрсеткіштері
2011-2015 жылдарға арналған «Балқаш қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің стратегиялық жоспары icon2011-2015 жылдарға арналған «Өскемен қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің стратегиялық жоспары мазмұны
Стратегиялық бағыттар, мақсаттар мен міндеттер, мақсатты индикаторлар, іс-шаралар және нәтижелер көрсеткіштері
2011-2015 жылдарға арналған «Балқаш қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің стратегиялық жоспары iconШымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі келесі баға ұсынысы бойынша мемлекеттік сатып алу конкурсын өткізу туралы хабарлайды- кеңсе тауарларын алу
Тапсырушы –Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, Алдияров көшесі, 10 үй
2011-2015 жылдарға арналған «Балқаш қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің стратегиялық жоспары icon«Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының ауыл шаруашылығы, ветеринария және жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Курчатов қаласы
Стратегиялық бағыттар, мақсаттар, міндеттер, нысаналы индикаторлар, іс – шаралар және нәтижелер көрсеткіштері
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница