ҚРӘМ №4175 04. 04. 2006ж тіркелді Қазақстан республикасының Қаржы нарығын жәНЕ




НазваниеҚРӘМ №4175 04. 04. 2006ж тіркелді Қазақстан республикасының Қаржы нарығын жәНЕ
страница1/23
Дата конвертации10.07.2013
Размер2.19 Mb.
ТипДокументы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




ҚРӘМ № 4175 04.04.2006ж.тіркелді
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚАРЖЫ НАРЫҒЫН ЖӘНЕ

ҚАРЖЫ ҰЙЫМДАРЫН РЕТТЕУ МЕН ҚАДАҒАЛАУ АГЕНТТІГІ
БАСҚАРМАСЫНЫҢ ҚАУЛЫСЫ
Алматы қаласы 2006 жылғы 25 ақпандағы №62

Бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесiн жүргізу ережесін бекіту туралы



өзгерістер мен толықтырулар:

1.ҚҚА № 148 12.08.2006ж.

2.ҚҚА №36 23.02.2007ж.

3.ҚҚА №155 28.05.2007ж.

4.ҚҚА № 172 25.06.2007ж.

5.ҚҚА № 39 28.03.2008ж.

6.ҚҚА №161 29.10.2008ж.

7.ҚҚА №237 29.12.2008ж.

8.ҚҚА № 63 27.03.2009ж.

9.ҚҚА №200 28.08.2009ж.
"Бағалы қағаздар рыногы туралы" Заңның 3-бабы 2-тармағының 8) тармақшасына, «Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттiк реттеу және қадағалау туралы» Заңның 12-бабының 10) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Осы қаулының 1-қосымшасына сай Бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесiн жүргізу ережесі бекітілсін.

2. Осы қаулының 2-қосымшасында көрсетілген Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп танылсын.

3. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

4. Бағалы қағаздар нарығының субъектілерін және жинақтаушы зейнетақы қорларын қадағалау департаментi (Тоқобаев Н.Т.):

1) Заң департаментiмен (Байсынов М.Б.) бiрлесiп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қолға алсын;

2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он күндiк мерзiмде осы қаулыны Агенттіктің мүдделi бөлiмшелерiне, «Қазақстанның тізілім ұстаушылар қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігіне, орталық депозитарийге және бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға жiберсiн.

5. Агенттіктің Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлімі (Пернебаев Т.Ш.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының баспасөз басылымдарында жариялау шараларын қолға алсын.

6. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Е.Л. Бахмутоваға жүктелсін.

Төраға А. Дунаев


Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 ақпан № 62 қаулысының 1-қосымшасы

Бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесiн жүргізу

ережесі

Осы Бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесiн жүргізу ережесі (бұдан әрі – Ереже) «Бағалы қағаздар рыногы туралы» (бұдан әрі - Бағалы қағаздар рыногы туралы Заң), «Акционерлік қоғамдар туралы» және «Инвестициялық қорлар туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес әзірленді және бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесiн (бұдан әрі – тізілімдер жүйесі) құрайтын құжаттардың тізбесін, тізілімдер жүйесін қалыптастыру, сақтау және жүргізу тәртібін, тізілімдер жүйесіндегі жеке шоттан жасалатын үзінді көшірмелердің нысанын және мазмұнын белгілейді, сондай-ақ акционерлердің жалпы жиналысына қатысуға құқығы бар бағалы қағаздарды ұстаушылар тізіміне енгізілетін мәліметтерді айқындайды.

1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1) бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімі – белгілі бір күнге бағалы қағаздарды ұстаушылар туралы және осы ұстаушыларды бірегейлендіруге мүмкіндік жасайтын мәліметтердің жиынтығы, сондай-ақ оларға тиесілі бағалы қағаздардың түрі және саны;

2) бағалы қағаздарды ұстаушының жеке шоты – тізілім жүйесінде бағалы қағаздардың меншік иесі және (немесе) орталық депозитарий болып табылатын тіркелген тұлғаға ашылған, мәмілелерді тіркеу мен эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша мәмілелерді есепке алу жүзеге асырылатын жеке шот;

3) жарияланған бағалы қағаздарды есепке алуға арналған эмитенттің жеке шоты - эмитентке тізілімдер жүйесінде ашылған, орналастырылмаған эмиссиялық бағалы қағаздарды есепке алу жүзеге асырылатын жеке шот;

4) жеке шоттардың бірыңғай жүйесі – жүргізілуін тіркеушілер жүзеге асыратын, бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдер жүйесіндегі мәліметтердің жиынтығын көрсететін, орталық депозитарий қалыптастырған деректер базасы; (1.01.20010ж.бастап)

5) исламдық бағалы қағаздар – исламдық жалға беру сертификаттары мен исламдық қатысу сертификаттары;

6) операциялық күн - тіркеушінің бұйрықтарды қабылдайтын, өңдейтін, жеке шоттар бойынша операциялар мен ақпараттық операцияларды тіркейтін уақыт кезеңі;

7) оригинатор – исламдық арнайы қаржы компаниясының активтерін сатып алу-сату шарты негізінде беретін және (немесе) исламдық арнайы қаржы компаниясының құрылтайшылары болып табылатын, дауыс беретін акцияларының (қатысу үлесінің) жүз пайызы ұлттық басқарушы холдингке тиесілі (ұлттық басқарушы холдингтің келісімі бар болғанда) ислам банкі, ұлттық холдинг, ұлттық басқарушы холдинг, заңды тұлғалар;

8) ортақ өкілдің жеке шоты - тізілімдер жүйесіндегі ортақ меншікке қатысушыларының ортақ өкіліне ашылған жеке шот, ол бойынша меншіктеу құқығымен бірнеше тұлғаға тиесілі бағалы қағаздарды есепке алу жүзеге асырылады;

9) пайлық инвестициялық қордың пайларды орналастыруды есепке алуға арналған жеке шоты - тізілімдер жүйесіндегі жеке шот, ол бойынша айналыста болып табылатын пайлық инвестициялық қордың орналастырылған пайларының санын есепке алу жүзеге асырылады;

10) сатып алынған бағалы қағаздарды есепке алуға арналған эмитенттің жеке шоты - эмитентке тізілімдер жүйесінде ашылған, қайталама бағалы қағаздар нарығында эмитент сатып алған эмиссиялық бағалы қағаздарды есепке алу жүзеге асырылатын жеке шот;

11) тізілімдер жүйесіндегі операция - тізілімдер жүйесіне деректер енгізу немесе оларды өзгерту және (немесе) тізілімдер жүйесінен ақпарат дайындау және беру нәтижесі болып табылатын тіркеушінің іс-әрекеттерінің жиынтығы;

12) уәкілетті орган - бағалы қағаздар нарығын реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган.

1-1. Тіркеуші ішкі бақылауды өз ішкі құжаттарына сәйкес жүзеге асырады. Ішкі бақылауды жүзеге асыруға тіркеушінің ішкі бақылау объектісі болып табылатын іс-қимылдарды тікелей орындайтын қызметкерлері жіберілуі мүмкін емес.

1-2. Акционерлік қоғам ұйымдастырушылық-құқықтық нысанда құрылған тіркеуші эмитенттің, оның басшы қызметкерлерінің және жеке немесе аффилиирленген тұлғаларымен бірге осы эмитенттің дауыс беретін акцияларының (үлесінің) он және одан астам пайызын иемденетін эмитент акционерлерінің (қатысушыларының) аффилиирленген тұлғасы болмауы тиіс.

Басқа ұйымдастырушылық-құқықтық нысанда құрылған тіркеуші бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдер жүйесін жүргізуге осы Ереженің 1-4-тармағының екінші абзацында көрсетілген заңды тұлғалармен шарт жасаспайды.

1-3. Тіркеуші жылдық қаржылық есептілікке аудит жүргізеді және тіркеушінің уәкілетті органымен бекітілгеннен кейін 30 күнтізбелік күннің ішінде жыл сайын бұқаралық ақпарат құралдарында қаржылық есептілікті жариялайды.

Тіркеуші аудит жүргізілгенде, аудиторлық ұйым сұратқан барлық қажетті құжаттаманы (материалдарды) береді.

1-4. Акционерлік қоғам ұйымдастырушылық-құқықтық нысанда құрылған тіркеуші Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес аффилиирленген тұлғаларды есепке алуды жүргізеді.

Басқа ұйымдастырушылық-құқықтық нысанда құрылған тіркеуші мына тұлғаларды есепке алуды тіркеушінің ішкі құжаттарында белгіленген тәртіпте жүргізеді:

1) қатысушыларды;

2) тіркеушінің атқарушы органының, бақылау кеңесінің қатысушысы не мүшесі болып табылатын жеке тұлғамен жақын туыстықта (ата-анасы, аға-інісі, апа-сіңлісі, ұлы, қызы), некеде тұрған, сондай-ақ жекжаттары болатын (ерінің (зайыбының) аға-інісі, апа-сіңлісі, ата-анасы, ұлы немесе қызы) жеке тұлғаларды;

3) тіркеушінің атқарушы органының, бақылау кеңесінің мүшелерін;

4) осы тармақтың 1), 5), 6), 7), 8), 9) тармақшаларында аталған заңды тұлғаның атқарушы органының, басқару органының, бақылау кеңесінің мүшелерін;

5) тіркеушінің атқарушы органының, бақылау кеңесінің қатысушысы не мүшесі болып табылатын тұлғамен бақыланатын заңды тұлғаларды;

6) тіркеушінің атқарушы органының, бақылау кеңесінің қатысушысы не мүшесі болып табылатын тұлға оған қатысты ірі акционер не мүлігінде он және одан астам пайыз мөлшеріндегі үлеске құқығы бар болатын заңды тұлғаларды;

7) оларға қатысты тіркеуші ірі акционер не мүлігінде он және одан астам пайыз мөлшеріндегі үлеске құқығы бар болатын заңды тұлғаларды;

8) тіркеушімен бірлесіп үшінші тұлғаның бақылауындағы заңды тұлғаларды;

9) тіркеуші қабылдайтын шешімдерді айқындайтын шартпен тіркеушімен байланысты тұлғаларды.

2. Номиналды ұстаушының операциялық күні бір күн ішіндегі кемінде жеті сағат жұмыс уақытын құрайды.

3. Тізілімдер жүйесінде бағалы қағаздарды меншіктенушілерге не орталық депозитарийге жеке шоттар ашылады. Орталық депозитарийдің жеке шоттарында оның меншік құқығына тиесілі, сондай-ақ оның клиенттерінде номиналды ұстауда болып табылатын бағалы қағаздар есепке алынады.

2-тарау. Тізілімдер жүйесін қалыптастыру
4. Тізілімдер жүйесін қалыптастыру бойынша тіркеушінің іс-әрекеті эмитент және бағалы қағаздарды ұстаушы берген мәліметтерді қабылдаумен, тексерумен, өндеумен, тізілімдер жүйесіне енгізумен және тізілімдер жүйесіне енгізілген мәліметтерді жеке шоттардың бірыңғай жүйесінде көрсету туралы орталық депозитарийге өкімді жіберумен сипатталады.

4-1. Тізілімдер жүйесін қалыптастыру орталық депозитарийден тізілімдер жүйесіне енгізілген мәліметтерді жеке шоттардың бірыңғай жүйесінде көрсетілгені туралы орталық депозитарийдің растауын алғаннан кейін аяқталады.

5. Тізілімдер жүйесін мынадай құжаттар құрайды:

1) операцияларды жүргізуге бұйрықтар;

2) бұйрықтардың орындалуы туралы есептер;

3) бұйрықтарды орындаудан бас тартулар;

4) негізінде тізілімдер жүйесінде операциялар жүргізілген өзге құжаттар;

5) эмитенттен (бұрынғы тіркеушіден) тіркеуші алған және тіркеуші шартты қолдану мерзімінде эмитентке жіберген құжаттар;

6) эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру қорытындылары жөніндегі есептерді бекіту туралы уәкілетті орган хабарламасының көшірмелері (мемлекеттік емес облигацияларды, исламдық бағалы қағаздарды өтеу қорытындылары туралы);

7) операцияларды тіркеу журналы;

8) келіп түскен құжаттарды тіркеу журналы;

9) эмитенттердің және тіркелген тұлғалардың бұйрықтарын есепке алу журналы;

10) сенімхаттарды есепке алу журналы;

11) жіберілген құжаттарды тіркеу журналы;

12) мұрағатты жүргізу журналы;

13) тізілімдер жүйесіне енгізілген мәліметтерді жеке шоттардың бірыңғай жүйесінде көрсетілгенін растайтын құжаттар;

6. Тізілімдер жүйесінде:

1) эмитент, оның ішінде пайлық инвестициялық қордың басқарушы компаниясы және эмитенттің бағалы қағаздар шығарылымдары туралы;

2) пайлық инвестициялық қордың атауы туралы;

3) тіркелген тұлғалар, олардың жеке шоттарының нөмірлері, бағалы қағаздарды ұстаушылар және олардың өкілдері туралы;

4) жеке шоттарда есепке алынған бағалы қағаздардың түрі, саны, ұлттық бірегейлендіру нөмірі туралы;

5)тізілімдер жүйесінде жүргізілген операциялар және оларды жүргізу негіздері туралы;

6) тізілімдер жүйесін құрайтын құжаттарды қабылдау және өткізу туралы;

7) тізілімдер жүйесіне енгізілген мәліметтерді жеке шоттардың бірыңғай жүйесінде көрсету туралы мәліметтер болады.

7. Тізілімдер жүйесінде эмитент туралы мынадай мәліметтер болады:

1) мемлекеттік және орыс тілдеріндегі толық және қысқаша атауы;

2) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеуді (қайта тіркеуді) жүзеге асырған мемлекеттік органның атауы, сондай-ақ эмитенттің мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) нөмірі және күні;

3) орналасқан жері, почталық мекен-жайы;

4) телефон, факс және басқа байланыс құралдарының нөмірлері;

5) эмитенттің атқарушы органы басшысының және бас бухгалтерінің тегі, аты, болған жағдайда әкесінің аты.

8. Тізілімдер жүйесінде эмитенттің бағалы қағаздары туралы мынадай мәліметтер болады:

1) бағалы қағаздардың шығарылымының мемлекеттік тіркелгендігі туралы куіліктің күні мен нөмірі (бұрын берілген куәліктердің күндері мен нөмірлерін көрсете отырып) және бағалы қағаздардың шығарылымын мемлекеттік тіркеуді жүзеге асырған тіркеуші органның атауы;

2) бағалы қағаздардың түрі, ұлттық бірегейлендіру нөмірі, шығару нысаны, оның ішінде бағалы қағаздарды айырбастау туралы ақпарат;

3) жарияланған бағалы қағаздардың саны;

4) орналастырылған бағалы қағаздардың саны;

5) облигациялардың (исламдық бағалы қағаздардың) номиналдық құны;

6) облигациялардың (исламдық бағалы қағаздардың) айналыс мерзімі және оларды өтеу күні;

7) эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру қорытындылары туралы есептерді берген күн (мемлекеттік емес облигацияларды, исламдық бағалы қағаздарды өтеу қорытындылары туралы).

Тізілімдер жүйесін құрайтын мәліметтерге өзгерістер мен толықтыруларды эмитенттің сәйкес құжаттарына оларды енгізген күннен бастап он күндік мерзімде эмитент тіркеушіге береді.

8-1. Тізілімдер жүйесін құрайтын мәліметтер жеке шоттардың бірыңғай жүйесінде көрсетіледі.

9. Бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізу жөніндегі шартты (бұдан әрі – шарт) жасау кезінде Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес эмитент ұсынған құжаттар негізінде тіркеуші тізілімдер жүйесіне эмитент туралы мәліметтерді енгізеді және оған жарияланған бағалы қағаздарды есепке алуға арналған жеке шот және сатып алынған бағалы қағаздарды есепке алуға арналған жеке шот ашады.

Пайлық инвестициялық қордың пайларын есепке алу үшін тіркеуші пайлық инвестициялық қордың басқарушы компаниясы ұсынған мынадай құжаттар негізінде орналастырылған пайларды есепке алу үшін пайлық инвестициялық қордың жеке шотын ашады.

  1. тіркеушіні сайлау және шарт жасау туралы басқарушы компания органының шешімі;

  2. жарғының көшірмелері;

3) пайлық инвестициялық қордың басқарушы компаниясының жеке шот ашуға бұйрығы;

4) пайларды шығаруды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің көшірмелері;

5) пайлық инвестициялық қор ережелерінің көшірмелері;

6) пайлық инвестициялық қордың басқарушы компаниясын мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің көшірмелері;

7) пайлық инвестициялық қордың басқарушы компаниясы статистикалық карточкасының көшірмесі;

8)жеке шоттар бойынша операциялар мен ақпараттық операцияларды жүргізуге арналған құжаттарға қол қоюға құқығы бар басқарушы компания өкілдерінің нотариат куәландырған қол қою үлгілері мен заңды тұлға мөрінің бедерлемесі бар құжаттарда мынадай мәліметтер болады:

тіркеушінің атауы;

пайлық инвестициялық қордың атауы;

құжатқа қол қоюға құқық беретін басқарушы компанияның атауы;

басқарушы компания өкілінің тегі, аты, болған жағдайда - әкесінің аты, жеке басын куәландыратын құжат деректері;

осы құжатта бар қол қою үлгілері тіркелген тұлғаның тізілімдер жүйесінде ашылған жеке шоты және ақпараттық операциялар бойынша операцияларды жүзеге асыру барысында міндетті болып саналатынына нұсқау;

9)жеке шоттар бойынша операциялар мен ақпараттық операцияларды жүргізуге арналған құжаттарға қол қоюға құқығы бар кастодиан өкілдерінің нотариат куәландырған қол қою үлгілері мен заңды тұлға мөрінің бедерлемесі бар құжаттарда мынадай мәліметтер болады:

тіркеушінің атауы;

пайлық инвестициялық қордың атауы;

басқарушы компанияның атауы;

пайлық инвестициялық қордың активтерін есепке алуды жүзеге асыратын кастодианның атауы;

кастодиан өкілінің тегі, аты, болған жағдайда - әкесінің аты, жеке басын куәландыратын құжат деректері;

осы құжатта бар қол қою үлгілері тіркелген тұлғаның тізілімдер жүйесінде ашылған жеке шоты және ақпараттық операциялар бойынша операцияларды растау кезінде міндетті болып саналатынына нұсқау.

10. Жарияланған бағалы қағаздарды есепке алу үшін эмиссиялық бағалы қағаздарды эмитенттің жеке шотына есепке алуды тіркеуші эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруды мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмелері мен бағалы қағаздарды шығару проспектісінің көшірмелері негізінде жүзеге асырады.

11. Орналастырылған пайларды есепке алу үшін пайлық инвестициялық қордың жеке шотындағы пай санының өзгеруі кастодиан растаған пайлық инвестициялық қордың басқарушы компаниясының бұйрығы негізінде жүзеге асырылады.

Орналастыру кезінде пайлар ұстаушының жеке шотына аударылады, пайлардың дәл осындай саны орналастырылған пайларды есепке алу үшін пайлық инвестициялық қордың жеке шотында көрстіледі.

Сатып алу немесе ауыстыру кезінде пайлар ұстаушының жеке шотынан шығарылады, орналастырылған пайларды есепке алу үшін пайлық инвестициялық қордың жеке шотында орналастырылған пайлар санының азаюы көрінеді.

12. Тізілімдер жүйесінде жеке тұлғаға жеке шот ашуды тіркеуші жеке шотты ашуға берілген бұйрық пен жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат құжат негізінде жүзеге асырады.

13. Заңды тұлғаға жеке шот ашуды тіркеуші мынадай құжаттар негізінде жүзеге асырады:

  1. жеке шотты ашуға бұйрық;

2) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің көшірмелері;

3) алынып тасталсын;

4) жеке шоттар бойынша операциялар мен ақпараттық операцияларды жүргізуге арналған құжаттарға қол қоюға құқығы бар басқарушы компания өкілдерінің нотариат куәландырған қол қою үлгілері мен заңды тұлға мөрінің бедерлемесі бар құжаттарда мынадай мәліметтер болады:

тіркеушінің атауы;

заңды тұлғаның атауы;

басқарушы компанияның атауы;

заңды тұлға өкілінің тегі, аты, болған жағдайда - әкесінің аты, жеке басын куәландыратын құжат деректері;

осы құжатта бар қол қою үлгілері заңды тұлғаның жеке шоты және ақпараттық операциялар бойынша операцияларды жүзеге асыру барысында міндетті болып саналатынына нұсқау.

  1. Бағалы қағаздарды ұстаушының өкіліне жеке шот ашылған жағдайда тіркеушіге өкілдің атына Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес ресімделген сенімхат ұсынылады.

15. Осы Ереженің 9, 10, 12 және 13-тармақтарының талаптары тізілімдер жүйесін қалыптастыру кезінде жаңа тіркеуші эмитенттен немесе бұрынғы тіркеуші тізілімдер жүйесін қалыптастыру үшін қажетті құжаттарды қабылдаған жағдайда, сондай-ақ тіркеуші соттың орындау парағын орындау кезінде қолданылмайды.

16. Егер бағалы қағаздарды меншіктеу құқығы бірнеше тұлғаға тиесілі болса, тізілімдер жүйесіндегі жеке шот олардың ортақ өкілінің жеке шот ашуға бұйрығы негізінде ортақ меншіктің барлық қатысушыларының оны сайлау туралы жазбаша келісімін қоса бере отырып ашылады.

17. Жеке шотты ашуға/жабуға бұйрыққа жеке тұлға немесе оның өкілі не заңды тұлғаның өкілі, оның ішінде пайлық инвестициялық қордың басқарушы компаниясы қол қояды және мынадай мәліметтер болады:

  1. заңды тұлғаның атауы (жеке тұлғаның тегі, аты, болған жағдайда әкесінің аты);

2) пайлық инвестициялық қордың атауы;

3) жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың атауы және деректемелері;

4) жеке тұлғаның туған күні;

5) заңды тұлғаны (пайлық инвестициялық қордың басқарушы компаниясын) мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің күні және нөмірі;

6) заңды тұлғаның орналасқан жері (жеке тұлғаның тұрғылықты жері), почталық мекен-жайы;

7) жеке тұлғаның орналасқан жері, почталық мекен-жайы.

18. Эмитентті, орталық депозитарийді және ортақ меншік қатысушыларының ортақ өкілін қоспағанда, тіркелген тұлғаның тізілімдер жүйесінде бір жеке шоты болады.

19. Тіркеуші жеке шотқа жеке нөмір береді. Жеке шотта:

1) жеке шотты ашуға бұйрыққа сәйкес тіркелген тұлға;

2) бағалы қағаздардың саны, түрі және ұлттық бірегейлендіру нөмірі;

3) жүк артылған бағалы қағаздардың саны;

4) оқшауланған бағалы қағаздардың саны;

5) осы жеке шот бойынша жүргізілген операциялар;

6) сенімгерлік басқарушы туралы мәліметтер болады.

20. Нақтылы ұстауға берілген бағалы қағаздарды есепке алу жүргізелетін орталық депозитарийдің жеке шотында осы Ереженің 19-тармағының 3), 4), 6) тармақшаларында көрсетілген ақпарат көрсетілмейді.

21. Орналастырылған пайларды есепке алуға арналған пайлық инвестициялық қордың жеке шотында пайлық инвестициялық қордың, оның активтерін басқаруды жүзеге асыратын басқарушы компанияның атауы туралы ақпарат болады және осы Ереженің 19-тармағының 1), 3), 4) және 6) тармақшаларында көрсетілген ақпарат болмайды.

22. Пайлық инвестициялық қордың басқарушы компаниясы лицензиясының қолданысын тоқтатқан немесе айырған жағдайда пайлық инвестициялық қордың жеке шоттарын басқару пайлық инвестициялық қордың кастодианына көшеді және тіркеушінің ішкі құжаттарында көзделген тәртіппен пайлық инвестициялық қордың пайларын ұстаушылар тізілімдерінің жүйесіне сәйкес өзгерістер енгізу арқылы ресімделеді.

23. Жеке шотта жеке шот бойынша жүргізілген операциялар туралы мынадай ақпарат көрсетіледі:

1) операцияның түрі;

2) оны жүргізген күн және уақыты;

3) операцияны жүргізудің негізі;

4) операцияға қатысқан жеке шоттардың нөмірлері;

5) оларға қатысты операция жүргізілген бағалы қағаздардың саны, түрі, ұлттық бірегейлендіру нөмірі.

23-1. Бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілім жүйесіндегі әрбір жүйесінде меншік иегерлерінің және эмитенттің бірдей құқығы мен міндеттерін растайтын бағалы қағаздардың бір түрі бойынша есепке алу жүзеге асырылады. Бір түрі бойынша бағалы қағаздарды есепке алу бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің әр түрлі жүйесінде жүзеге асырылмайды.???
3-тарау. Тізілімдер жүйесін жүргізу
24. Тізілімдер жүйесіндегі бағалы қағаздармен жасалған мәмілелерді тіркеу жеке шоттар бойынша сәйкес операцияларды жүргізу арқылы жүзеге асырылады.

24-1. Жеке шоттардың бірыңғай жүйесінде көрсетілмеген мәміле тіркелінген болып табылмайды.

24-2. Орталық депозитарийдің бағалы қағаздармен жасалған мәмілені бірыңғай жеке шоттар жүйесінде көрсетуден бас тартуын алған жағдайда тіркеуші көрсетілген мәмілені жасауға тіркелген тұлғалардың бұйрықтарына сәйкес өзгерістер енгізілген жеке шоттарды бұйрықтарда көрсетілген іс-әрекеттерді жүзеге асыру сәтіне дейін бастапқы күйіне әкеледі.

25. Тіркеуші тізілімдер жүйесінде операциялардың мынадай түрлерін жүзеге асырады:

1) жеке шоттар бойынша операциялар;

2) ақпараттық операциялар.

26. Жеке шоттар операциялар бойынша операцияларға мыналар жатады:

  1. жеке шот ашу;

  2. тіркелген тұлға, пайлық инвестициялық қор туралы немесе пайлық инвестициялық қордың басқарушы компаниясы туралы мәліметтерді өзгерту;

  3. тіркелген тұлғалардың жеке шоттарынан/жеке шоттарына бағалы қағаздарды есептен шығару/есепке алу;

4) жарғылық капиталдың мөлшерін өсірмей (акцияларды ұсақтау) орналастырылған акциялар санының өсуіне байланысты тіркелген тұлғаның жеке шотында акциялар санын өсіру туралы жазбаны енгізу;

5) бағалы қағаздарға жүк арту және жүк артуды алып тастау;

6) бағалы қағаздарды оқшаулау және бағалы қағаздарды оқшаулауды алып тастау;

7) бағалы қағаздарды сенімгерлік басқару және бағалы қағаздарды сенімгерлік басқаруды тоқтату туралы жазбалар енгізу;

8) эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымын жою;

9) жеке шотты жабу.

27. Ақпараттық операцияларға мыналар жатады:

1) белгілі бір күнге және уақытқа бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімін (акционерлердің тізімін) жасау және беру;

2) жеке шоттан үзінді-көшірмелер жасау және беру;

3) есептер, хабарламалар және анықтамалар дайындау және беру.

28. Тіркелген тұлғалардың жеке шоттарынан/жеке шоттарына бағалы қағаздарды есептен шығару/есепке алу туралы бұйрықта мынадай мәліметтер болады:

1) бұйрықтың нөмірі және тіркелген күні;

2) бағалы қағаздар эмитентінің атауы;

3) пайлық инвестициялық қордың атауы;

4) мәмілеге қатысқан тұлғалар туралы мәліметтер;

5) мәмілеге қатысқан тұлғалардың жеке шоттарының нөмірлері;

6) бағалы қағаздардың түрі, ұлттық бірегейлендіру нөмірі;

7) операция жүргізуге арналған бағалы қағаздардың саны;

8) бағалы қағаздарға қатысты белгілі бір іс-әрекеттер жасауға нұсқау;

9) мәміле түрі;

10) мәміленің мәні болып табылатын бір бағалы қағаздың бағасы туралы мәліметтер.

Тіркелген тұлғалардың жеке шоттарынан/жеке шоттарына бағалы қағаздарды есептен шығару/есепке алу туралы бұйрыққа мәмілеге қатысушы тұлға немесе оның өкілі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамаларында белгіленген жағдайларда орталық депозитарий қол қояды және егер мәміленің тарабы заңды тұлға болып табылса, мөрмен куәландырылады.

Пайлық инвестициялық қордың басқарушы компаниясының тіркелген тұлғалардың жеке шоттарынан/жеке шоттарына пайларды есептен шығару/есепке алу туралы бұйрығына оның өкілі қол қояды, мөрмен куәландырылады, сондай-ақ пайлық инвестициялық қордың активтерін есепке алуды қамтамасыз ететін кастодиан бөлімшесінің басшысы қол қояды.

29. Тіркелген тұлғалардың жеке шоттары бойынша жарияланған акцияларды ұсақтау туралы бұйрықта мынадай мәліметтер болады:

1) бұйрықтың нөмірі және тіркелген күні;

2) бағалы қағаздар эмитентінің атауы;

3) тіркелген тұлға туралы мәліметтер;

4) тіркелген тұлғаның жеке шоттарының нөмірі;

6) бағалы қағаздардың түрі, ұлттық бірегейлендіру нөмірі;

7) операция жүргізуге арналған бағалы қағаздардың саны;

8) акцияларды ұсақтауға нұсқау;

9) бағалы қағаздар бойынша құқықтарға қатысты мәліметтер;
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23

Похожие:

ҚРӘМ №4175 04. 04. 2006ж тіркелді Қазақстан республикасының Қаржы нарығын жәНЕ iconҚРӘМ №4175 04. 04. 2006ж тіркелді Қазақстан республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі басқармасының Қаулысы
Азақстан республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі
ҚРӘМ №4175 04. 04. 2006ж тіркелді Қазақстан республикасының Қаржы нарығын жәНЕ iconҚРӘМ №4209 25. 04. 2006ж тіркелді Қазақстан республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен
«Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы...
ҚРӘМ №4175 04. 04. 2006ж тіркелді Қазақстан республикасының Қаржы нарығын жәНЕ iconҚРӘМ №4419 12. 10. 2006ж тіркелді Қазақстан республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен
Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу жөнінде уәкілетті мемлекеттік орган тіркеген заңды тұлғаларға брокерлік...
ҚРӘМ №4175 04. 04. 2006ж тіркелді Қазақстан республикасының Қаржы нарығын жәНЕ iconКүші жойылды-ҚҚА №223 27. 10. 2006ж. ҚРӘМ №3995 27. 12. 2005 ж тіркелді
Азақстан республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі
ҚРӘМ №4175 04. 04. 2006ж тіркелді Қазақстан республикасының Қаржы нарығын жәНЕ iconКүші жойылды-ҚҚА №62 25. 02. 2006ж.(ж т. 360) ҚРӘМ №3103 27. 09. 2004ж тіркелді
Азақстан республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі
ҚРӘМ №4175 04. 04. 2006ж тіркелді Қазақстан республикасының Қаржы нарығын жәНЕ iconҚРӘМ №3318 29. 12. 2004ж тіркелді Қазақстан республикасының Қаржы нарығЫН
Республикасындағы кредиттік бюро және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы” Қазақстан Республикасының Заңын іс жүзіне асыру мақсатында...
ҚРӘМ №4175 04. 04. 2006ж тіркелді Қазақстан республикасының Қаржы нарығын жәНЕ iconҚРӘМ №4218 02. 05. 2006ж тіркелді Қазақстан республикасының Қаржы нарығын жәНЕ
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының шығындылықты сипаттайтын коэффициенттерін есептеу ережесін бекіту туралы
ҚРӘМ №4175 04. 04. 2006ж тіркелді Қазақстан республикасының Қаржы нарығын жәНЕ iconҚРӘМ №5476 08. 01. 2009ж тіркелді Қазақстан республикасының Қаржы нарығЫН
«Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 2 маусымдағы Заңының 56-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы...
ҚРӘМ №4175 04. 04. 2006ж тіркелді Қазақстан республикасының Қаржы нарығын жәНЕ iconҚРӘМ №4399 22. 09. 2006ж тіркелді Қазақстан республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі басқармасының Қаулысы
...
ҚРӘМ №4175 04. 04. 2006ж тіркелді Қазақстан республикасының Қаржы нарығын жәНЕ iconҚРӘМ №4070 01. 02. 2006ж тіркелді Қазақстан республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен
Банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және жинақтаушы зейнетақы қорының уақытша әкімшілігін (уақытша басқарушысын) тағайындау...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница