Қаратал ауылдық округ бойынша 2010 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар




Скачать 27.99 Kb.
НазваниеҚаратал ауылдық округ бойынша 2010 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар
Дата конвертации10.07.2013
Размер27.99 Kb.
ТипДокументы
Қаратал ауылдық округ бойынша 2010 жылдың

9 айында атқарылған жұмыстар
Ауылдық округ әкімінің аппаратында 9 айда 18 аппараттық кеңес мәжілісі болды.

Аппарат мәжілістерінде: 21 түрлі мәселе қаралып, тиісті қаулылар қабылданды.Қабылданған қаулылар тиісті адамдарға жолданып, орындалуы тұрақты бақылауда.

2010 жылдың 12, 18, 19 қаңтар күндері Жіңішкесу, Қаратал, Үлкен-Қаратал ауылдарында ауыл әкімі, 27-қаңтар күні аудан әкімі Мұхтарханов Ә.М. Қаратал округі тұрғындармен есепті жиын өткізді. Көпшілік жиынында айтылған сын- ескертпелер жинақталып, арнайы шаралар жасалып, орындауы бақылауға алынды.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы “Жаңа онжылдық –жаңа экономикалық өрлеу- Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері” халыққа жолдауын ауыл округінде құрылған ақпараттық топтардың ауыл тұрғындарына насихаттауы ұйымдастырылды.

2010 жылға тазалық, көркейту- көгалдандыру жұмыстарына жасалған іс-шаралар жоспары орындалды.

Округте кәсіпкерлермен азық-түлік бағасын көтермеуге, шаруа қожалығы жетекшілерімен тұрмыс жағдайы нашар адамдарға көмекке 335,6 мың тенгеге меморандумға қол қойылды.

Мемлекеттік қызметкерлерінің, шаруа қожалықтарының декларацияларының өткізілуі ұйымдастырылды.

Төтенше жағдайда атқарылған шаралар:

Өте көп жауған қардан жол қатынастарына қиындықтар туындады. Жолдарды, көшелерді қардан тазалауға 5 МТЗ-80 (М. Ибраев, С.Токтасынов, Е.Ыдырышев, Т.Нурпейсов, Ж.Токымтаев) және 3 К-700 “Амрен” жетекшісі Ж.Амренов, “Бота” жетекщісі Б.Баймуханбетов, “Жөндеуші” жетекшісі Р.Мухамбаев шаруа қожалықтарының тракторлары пайдаланылды.

Көктемгі су тасқынына байланысты штаб құрылып, шаралар жоспары жасалып бекітілді. Қаратал орта метебінде 680 қап, Қазақстан орта мектебінде 120 қап, Қаратал ауылдық емханасында 48 қап, Қаратал әкімдігінде 63 қап, ауыл тұрғындары 720 қап, жиыны 1631 қапқа құм-топырақ салынып дайындалды.

02.03.2010 жылы ауыл тұрғындарының тасқынға қарсы іс-шаралар жасау жөнінде көпшілік жиналысы өткізілді. 03, 19, 20 наурызда сенбіліктер ұйымдастырылып, 76 су өткізгіш және арықтар қардан тазартылды.

“Зайсан тазалық” мекемесінің және “Зайсан- құрылыс” ЖШС-нің шынжыр табанды Е-170 тракторымен Қаратал, Үлкен-Қаратал ауылдарындағы көшелер, арықтар 39 км қардан тазартылды.

Қаратал ауылын айнала тасқынға қарсы 6 км дамба жасалынды.

Төтенше жағдайлар министірлігінен тасқынға қарсы шараларға 2 УАЗ, 1 КАМАЗ автокөлігі, 13 адам көмекке келді.

Ақылы қоғамдық жұмысқа 20 адам тартылды. Ұлы Отан Соғысының ардагерлерінің, жалғызбасты қариялардың үйлерін төбесін, аулаларын қардан тазалау жұмыстары жүргізілді.

Ауылшаруашылық саласындағы жұмыстар:

2010 жылғы көктемгі егіске дайындық жұмыстары жөнінде қажетті тұқым, дизель отыны есептеліп, Қаратал округ аумағындағы барлық шаруа қожалығының жетекшілерімен, кәсіпкерлермен, ауыл тұрғындарымен жиналыс өткізіліп түсінік жұмыстары жүргізілді.

Көктемде 958 га дәнді дақыл, 795 га майды дақыл, 580га көпжылдық шөп егілді.Егілген егін уақытында суарылды.

Күзде 958 га дәнді дақыл орылып әр гектарынан 11 центнерден астық алынды.

Салық төлемдері бойынша:

Округ бойынша 2010 жылдың 9-айында бюджетке өткізілген салық төлемдері:

Барлығы: 1561 мың тенге

Оның ішінде: жеке тұлғалардан алынатын мүлік салығы 57,5 мың тенге

Жер салығы 517 мың тенге

Көлік салығы 986,5 мың тенге

Мәдени көпшілік шаралар:

Ауылдық мәдениет үйінде айына екі рет жастарға арналған би кештері ұйымдастырылды.

8-наурызда ауылдық мәдениет үйінде “Ақ әжелер” ансамбльінің концерті қойылды. Жағдай төмен аз қамтылған 13 отбасының аналарына, көп балалы және ауылшаруашылығында еңбек істеп жүрген аналарға ауыл әкімі Н.Дутбаев сыйлықтар тапсырылып құрмет көрсетілді.

22-наурыз «Наурыз мейрамы», 1-май «Қазақстан халықтар бірлігі», 9- май «Жеңіс күні», 1-маусым «Балаларды қорғау күні», 30-тамыз «Конститутция күні», 1-қазан «Қарттар күні» мерекелеріне мәдени шаралалар ұйымдастырылып қатысушыларға бағалы сыйлықтар тапсырылды.

30-тамызда Қаратал ауылында кәсіпкер Б.Баймуханбетовтың қолдауымен жекеменшік мемлекеттік «Азамат» бала бақшасы ашылды.

Похожие:

Қаратал ауылдық округ бойынша 2010 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар iconҚаратал ауылдық округі бойынша 2012 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар
Ауылдық округ әкімінің аппаратында 19 аппараттық кеңес мәжілісі болды. Аппарат мәжілістерінде: 17 түрлі мәселе қаралып, қаулылар...
Қаратал ауылдық округ бойынша 2010 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар iconҚаратал ауылдық округ бойынша 2012 жылдың 6 ай көлемінде атқарылған жұмыстар
Ауылдық округ әкімінің аппаратында 6 айда 14 аппараттық кеңес мәжілісі болды. Аппарат мәжілістерінде: 12 түрлі мәселе қаралып, тиісті...
Қаратал ауылдық округ бойынша 2010 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар iconДайыр ауылдық округі бойынша 2012 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар
Дайыр ауылдық округі бойынша 2012 жылдың 9 айында 2012 жылға арналған бағдарлама бойынша бірталай жұмыстар атқарылды
Қаратал ауылдық округ бойынша 2010 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар iconБіржан ауылдық округ әкімінің аппараты бойынша 2012 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар
Аудандағы мемлекеттік мекемелер мен ведомостваларға, жеке тұлғаларға 178 қатынас-хат жолданса, 78 өкім шығарылды
Қаратал ауылдық округ бойынша 2010 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар iconБіржан ауылдық округ әкімінің аппараты бойынша 2012 жылдың I – ші жартыжылдығында атқарылған жұмыстар
Ың әкімдігінің 7 қаулысы келіп түсті. Келіп түскен 3 қаулы бойынша ауылдық округінде су тасқынына, дала өрттеріне қарсы және округ...
Қаратал ауылдық округ бойынша 2010 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар iconБекітемін ақсу ауданының әкімі Ә. Дүйсембаев
Ақсу ауданының поселкелік, ауылдық округ әкімдерінің 2011 жылы атқарылған жұмыстар туралы 2012 жылдың ақпан айында округ елді мекндердің...
Қаратал ауылдық округ бойынша 2010 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар iconАуылдық округі бойынша 2009 жылы атқарылған жұмыстарға анықтама. Ауылшаруашылығы саласындағы жұмыстар бойынша
...
Қаратал ауылдық округ бойынша 2010 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар iconАбай ауданының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі бойынша 2011 жылдың 5 айында атқарылған жұмыстар туралы
Жылдың 5 айында аудандық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі бойынша жылдық жоспар негізінде бірқатар жұмыстар атқарылды. Жоспарланған...
Қаратал ауылдық округ бойынша 2010 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар iconҚарабұлақ ауылдық округі бойынша 2012 жылдың i-жарты жылдығында атқарылған жұмыстар
Ауыл тұрғындарының негізгі кәсібі егін және мал шаруашылығы. Округ бойынша 117 шаруа қожалығы жұмыс істейді және 9 кәсіпкерлік түрі...
Қаратал ауылдық округ бойынша 2010 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар iconКатонқарағай аудандық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі бойынша 2011 жылдың 12 айында атқарылған
Жылдың 12 айында білім, дене шынықтыру және спорт саласы бойынша жоспарлы түрде жұмыстар атқарылды. Жыл көлемінде 150 мұғалім Өскемен,...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница