«Шағын көлемді кемені және олар тұратын базаларды (құрылыстарды) техникалық қадағалау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 мамырдағы №609 қаулысына өзгерістер енгізу туралы»




Скачать 289.41 Kb.
Название«Шағын көлемді кемені және олар тұратын базаларды (құрылыстарды) техникалық қадағалау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 мамырдағы №609 қаулысына өзгерістер енгізу туралы»
страница1/2
Дата конвертации10.07.2013
Размер289.41 Kb.
ТипДокументы
  1   2


«Шағын көлемді кемені және олар тұратын базаларды (құрылыстарды) техникалық қадағалау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 мамырдағы № 609 қаулысына өзгерістер енгізу туралы»

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысына

салыстырмалы кесте




Құрылымдық элемент

Қолданыстағы редакция

Ұсынылған редакция

Өзгерістер енгізі негіздемесі


1

2

3

4


5


«Шағын көлемді кемені және олар тұратын базаларды (құрылыстарды) техникалық қадағалау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 мамырдағы № 609 қаулысы


1.

Үкімет қаулысының тақырыбы

Шағын көлемді кемені және олар тұратын базаларды (құрылыстарды) техникалық қадағалау қағидасын бекіту туралы

Шағын көлемді кемені техникалық қадағалау қағидасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру құжаттарын қысқарту және мемлекеттік органдардың бақылау-қадағалау функцияларын оңтайландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 10 шілдедегі Заңын іске асыру мақсатында

2.

Үкімет қаулысының 1-тармағы

1. Қоса беріліп отырған Шағын көлемді кемені және олар тұратын базаларды (құрылыстарды) техникалық қадағалау қағидасы бекітілсін.

1. Қоса беріліп отырған Шағын көлемді кемені техникалық қадағалау қағидасы бекітілсін.

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру құжаттарын қысқарту және мемлекеттік органдардың бақылау-қадағалау функцияларын оңтайландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 10 шілдедегі Заңын іске асыру мақсатында

Көрсетілген қаулымен бекітілген Шағын көлемді кемені және олар тұратын базаларды (құрылыстарды) техникалық қадағалау қағидасы (бұдан әрі-Қағида)

3.

Қағидаға жана редакциядағыдай жазылады

Шағын көлемді кемені және олар тұратын базаларды

(құрылыстарды) техникалық қадағалау

қағидасы

1. Жалпы ережелер
1. Осы Қағида Қазақстан Республикасының «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» 2002 жылғы 17 қаңтардағы және «Ішкі су көлігі туралы»

2004 жылғы 6 шілдедегі заңдарына сәйкес әзірленді және шағын көлемді кемелерін және олар тұратын базаларға (құрылыстарға) (бұдан әрі – тұрақ-база) техникалық қадағалауды жүзеге асыру тәртібін айқындайды.

2. Осы Қағидада мынадай ұғым пайдаланылады:

шағын көлемді кемелерге арналған тұрақ - база (құрылыс) – құрылыстары және шекараларында шағын көлемді кемелер орналасатын және оған іргелес акваториясы бар жағалау аумағы.

2. Шағын көлемді кемелерді техникалық қадағалау
3. Мемлекеттік тіркеуге жататын шағын көлемді кемелерге техникалық қадағалау кеме кітабында жүзеге асырылады.

Техникалық қадағалауды ішкі су көлігі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – аумақтық бөлімшелер) жүзеге асырады.

4. Техникалық қадағалау бастапқы, жыл сайынғы және кезектен тыс техникалық куәландыру жүргізу, сондай-ақ арнайы және бақылау тексеріп қарау жүргізу жолымен жүзеге асырылады.

5. Жеке жасалған шағын көлемді кемелер, сондай-ақ техникалық сипаттамалары техникалық формулярда (паспортта) көрсетілген сипаттамаларға сәйкес келмейтін, қайта жабдықталған кемелерге теңізде жүзу қасиетіне қосымша сынақтар (жүзгіштігі, орнықтылық пен батпайтындығы) жүргізіледі. Куәландыру нәтижелері шағын көлемді кеменің жүзуге жарамдылығы туралы қорытындымен осы Қағиданың 1-қосымшасына сәйкес техникалық куәландыру актісімен ресімделеді.

6. Бастапқы техникалық куәландыру актісінде көрсетілген шарттар мен нормалар шағын көлемді кеменің кеме кітабына және кеме билетіне енгізіледі. Кеме билетінде куәландыруды жүргізген лауазымды адамның қолымен расталатын арнайы мөртабанмен техникалық куәландыру туралы белгі жасалады.

7. Техникалық куәландыру шағын көлемді кеменің тіркелу орны бойынша аумақтық бөлімшенің техникалық байқау пунктінде немесе кеме билетін ұсына отырып, шағын көлемді кеменің тікелей орналасқан (тұрақ) орны бойынша жүргізіледі.

Бұл ретте техникалық байқау пункттері жұмысының орны, уақыты, ұйымдастырылуы және шағын көлемді кемелерді жыл сайынғы техникалық куәландыруды өткізу кестелері кеме иелері мен тұрақ-база иелерінің назарына жеткізіледі.

8. Шағын көлемді кемелерді техникалық куәландыру жүзу кезінде жүргізіледі. Аумақтық бөлімшенің су көлігінде бақылауды жүзеге асыратын қызметкері қажет болған жағдайда, куәландыру кезінде кеме иесінен қосымша жағдайлардың жасалуын, кеменің қисаюын, дифферентті жасауды немесе кемені жағаға шығаруды талап етеді.

9. Техникалық куәландыру жүргізу кезінде шағын көлемді кеменің жай-күйі корпус пен қондырмалар, құрылғылар, жабдықтар мен жарақтар, өртке қарсы қорғану; механикалық орнату мен электр жабдықтары бойынша жеке, ал дара жасалған шағын көлемді кемелер үшін теңізде жүзу қасиеті бойынша анықталады.

10. Техникалық куәландыру жүргізу кезінде шағын көлемді кеменің жүзуге жарамдылығы техникалық жай-күйі бойынша екі бағаны қою арқылы анықталады: «жарамды» немесе «жарамсыз». Шағын көлемді кеменің техникалық жай-күйін бағалау жалпы осы тармақта аталған элементтердің бірінің төменгі бағасы бойынша белгіленеді.

11. Шағын көлемді кеме техникалық жай-күйі бойынша «жарамды» деген баға алған кезде кеме билетіне техникалық куәландыру туралы белгі жасалады.

12. Техникалық жай-күйі бойынша «жарамды» деген баға алған шағын көлемді кеме мынадай жүзу қауіпсіздігін қамтамасыз ететін шектеулермен жүзуге жіберіледі:

1) толқын режимі бойынша;

2) жүзу ауданы мен жағадан алшақтығы бойынша;

3) қозғалтқыштың рұқсат етілген қуаты бойынша;

4) жүк көтергіштігі мен жолаушы сыйымдылығы бойынша;

5) желкендердің ауданы бойынша.

Шағын көлемді кеме «жарамды» деген баға алған кезде, осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес техникалық куәландыру актісі жасалады, онда белгіленген шектеулер көрсетіледі.

Теңіз ауданында серуендік кемелерді пайдалану үшін теңізде мынадай жүзу аудандары белгіленеді:

1) 0 – бірінші класты жүзу ауданы – шектеусіз, есептік толқын биіктігі 3% қамтамасыз етілумен 11 метр болатын толқындануда мұхиттар мен теңіздерде жүзу;

2) 1 – бірінші класты жүзу ауданы – шектелген, пана орнынан 200 мильден аспайтын алшақтықта және пана орындарының арасы 400 мильден аспайтын рұқсат етілген арақашықтықта, барынша рұқсат етілген толқын биіктігі 3% қамтамасыз етілумен 8,5 метр болатын толқындануда теңіз аудандарында жүзу;

3) 2 – екінші класты жүзу ауданы – шектелген, пана орнынан 100 мильден аспайтын алшақтықта және пана орындарының арасы 200 мильден аспайтын рұқсат етілген арақашықтықта, барынша рұқсат етілген толқын биіктігі 3% қамтылумен толқындану шамасы 7 метр болатын теңіз аудандарында жүзу;

4) 3 – үшінші класты жүзу ауданы – шектелген, бассейндердің желтолқындық режимдеріне байланысты аудан жүзу жағдайлары бойынша нақты шектеулерді ескере отырып, бұл ретте пана орнынан барынша рұқсат етілген алшақты белгілей отырып, ол 50 мильден аспауы тиіс, барынша рұқсат етілген толқын биіктігі 3% қамтамасыз етілумен шамасы 3,5 метр болатын толқындануда аралас (өзен-теңіз) жүзу.

13. «Жарамсыз» деген баға алған шағын көлемді кемеге осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес, осы кемені пайдалануға тыйым салу туралы қорытындысы бар екі данада техникалық куәландыру актісі жасалады, бұл ретте бір данасы кеме иесіне беріледі. Актіде көрсетілген ескертулер жойылғаннан кейін шағын көлемді кеме қайталама техникалық куәландырудан өтеді.

14. Шағын көлемді кемелерді пайдалануға мынадай техникалық ақаулар болған кезде рұқсат етілмейді:

1) корпусы бойынша (жинақ пен қаптамада жарықшақтар, ойықтар болуы, кеме конструкциясында көзделген гермобөліктер мен ауа жәшіктерінің болмауы немесе герметизациясыздануы);

2) руль құрылғысы бойынша (рулдің ауыспалық бұрышын толық қамтамасыз етпеуі (бортқа 35 градус), руль штурвалын айналдырудың қиындауы, руль сабының немесе руль жетегі бөлшектерінің (бағыттаушы блоктары, тіректі мойынтіректері, тарту жабдықтары, штуртрос берілістерінің) зақымдануы, штуртрос каболоктарының үзілуі, руль жетегінің бөлшек құрылымында көзделген бекітулерінің (сомындары, шплинттер, қарсысомындар) болмауы;

3) қозғалтқыш немесе аспалы мотор бойынша (бензобактерден, отын шлангісінен, қоректендіру жүйесінен отынның ағуы, біршама дірілдің болуы, қозғалтқышты қашықтықтан басқару жүйесінің зақымдануы, реверс-редуктордың оңай қосылмауы (ажырамауы), реверс тұтқаның «алға», «артқа», «бейтарап» қалыптарында (оның өздігінен еріксіз қосылуы мен ажырауы) бекітілмеуі, реверс қосылған кезде қозғалтқыштың (мотордың) конструкцияда көрсетілген іске қосу блоктауының зақымдануы);

4) навигациялық оттар белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;

5) кемені жинақтау мен жабдықтау кеме билетінде көрсетілген нормаларға сәйкес келмейді.

Кеме билетінің «Ерекше белгілер мен қосымша мәліметтер» деген бөліміне кемені пайдалануға тыйым салу туралы жазу жазылады.

15. Шағын көлемді кемелердің конструктивтік ерекшеліктеріне байланысты типі мен санаты осы Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес кесте бойынша анықталады.

Шағын көлемді кеменің типін анықтау үшін мидель бойынша оның ең үлкен ені негіз болып табылады.

Шағын көлемді кеменің санатын анықтау үшін мидельдегі оның су өткізбейтін бортының биіктігі (қондырма биіктігін есептемегенде) негіз болып табылады.

Шағын көлемді кеменің санаты толқын биіктігі мен жағадан алшақтығымен сипатталатын жүзу жағдайына сәйкес келуі тиіс.

16. Шағын көлемді кеменің жүзу шарттары оның санатына байланысты осы Қағидаға 3-қосымшаға сәйкес кесте бойынша анықталады.

Шағын көлемді кеменің кестеде көрсетілген жағадан алшақтығы жасаушы зауыт берген паспортта көрсетілген жағадан алшақтықтан аспауы тиіс.

Су айдынындағы толқын биіктігін осы Қағидаға 4-қосымшаға сәйкес кесте бойынша анықтайды.

3. Шағын көлемді кемелерді техникалық куәландыру және қарап тексеру түрлері
17. Техникалық куәландыру:

1) бастапқы;

2) жыл сайынғы;

3) кезектен тыс болып бөлінеді.

18. Тексеріп қарау:

1) арнайы;

2) бақылау болып бөлінеді.

19. Бастапқы техникалық куәландыру шағын көлемді кемені мемлекеттік тіркеудің алдында жүргізіледі.

Бастапқы техникалық куәландыру кезінде кеменің техникалық құжаттамалары тексеріледі, кеменің сыйымдылығы, оның жүккөтергіштігі мен жолаушы сыйымдылығы, рұқсат етілген қуаты мен қозғалтқыштар (аспалы моторлар) саны бойынша, нормалар мен техникалық талаптары, желкендерінің рұқсат етілген ауқымдары, жүзу аудандары (жағалаудан алшақтығы), су үстіндегі борттың минималды биіктігі, кеме жүзе алатын толқын биіктігі, құтқару және өртке қарсы құралдарымен, сигнал беру оттарымен, навигациялық және басқа жабдықтармен қамтылуы белгіленеді, кеменің басты өлшемдері (ұзындығы, ені, борт биіктігі), құрғақ борт көлемі, жүккөтергіштігі, жолаушы сыйымдылығы, шағын көлемді кеменің санаты нақтыланады. Шағын көлемді кеменің орнықтылық пен батпаушылық талаптарына, жүзу жағдайына, қозғалтқыш қуатының шағын көлемді кеменің конструктивтік деректеріне сәйкестігі анықталады.

20. Жыл сайынғы техникалық куәландыру шағын көлемді кемені ағымдағы жыл ішінде бастапқы куәландыру жүргізілген сәттен бастап жүргізіледі.

Жыл сайынғы техникалық куәландыру кезінде кеменің техникалық құжаттамасының болуы, шағын көлемді кеменің тіркелу деректерінің өзгермеуі, кеменің негізгі элементтерінің өзгермеуі, оның техникалық жай-күйі, оның жүзуге жарамдылығы, белгіленген нормаларға сәйкес жабдықтары мен жарақтарының болуы тексеріледі, пайдалану шарттары нақтыланады.

Бұл ретте ағымдағы жылы бастапқы техникалық куәландырудан өткен шағын көлемді кемелер ағымдағы жылы жыл сайынғы техникалық куәландыруға ұсынылмайды.

Жыл сайынғы куәландыру жүзуде жүргізіледі. Корпустың едәуір тозуы немесе оның деформациясы табылған жағдайда, кеме иесі аумақтық бөлімше қызметкерінің талабы бойынша шағын көлемді кемені жағалауда көрсетеді.

21. Бастапқы және жыл сайынғы куәландыру нәтижелері бойынша кеме билетіне кезекті куәландыру мерзімі көрсетілген техникалық байқау өткізілгені туралы белгі қойылады немесе шағын көлемді кемені пайдалануға тыйым салу туралы акті жасалады.

22. Кезектен тыс куәландыру шағын көлемді кеменің иесі иесінің ауысуына немесе жүзу ауданының өзгеруіне байланысты қайта тіркегенде, сондай-ақ кеме билеті жоғалғанда, кемені қайта жабдықтау салдарынан шағын көлемді кеменің конструкциясы өзгерген кезде, шағын көлемді кеме иесінің еркін нысандағы өтініші негізінде жүргізіледі.

Шағын көлемді кемеге кезектен тыс куәландыру жүргізу нәтижесінде жаңа кеме құжаттары беріледі. Бұл ретте кезекті жыл сайынғы техникалық куәландыру мерзімдері сақталады.

23. Арнайы тексеріп қарау нәтижесінде шағын көлемді кеме зақымдалған және жөндеуді талап ететін көліктік оқиғалардан кейін, үлкен қуатты қозғалтқышты орнату кезінде, жарамсыз болған кемені есептен шығару кезінде жүргізіледі.

24. Бақылап тексеріп қарау кеме конструкциясы мен класында көзделмеген жүзу жағдайларында біржолғы өтуге рұқсат ету үшін және кемені өткеннен соң тексеріп қарау үшін кеме иесінің өтініші бойынша жүргізіледі.

25. Куәландырулар жүргізілгеннен кейін шағын көлемді кеменің техникалық жай-күйі туралы және анықталған ақаулар жойылғанда және жетпейтін жарақтар толықтырылғанда шағын көлемді кемені жүзуге рұқсат беру туралы, шағын көлемді кемеге жүзу жағдайлары бойынша шектеулермен, жүзуге рұқсат беру туралы, шағын көлемді кеменің жүзуіне тыйым салу туралы қорытындылар шығарылады.

26. Шағын көлемді кемелерді куәландыру иелерінің немесе ие өкілдерінің қатысуымен жүргізіледі.

27. Кемелерді куәландыру корпусты жағалауда сырлағанға дейін екі жылда кемінде бір рет жүргізіледі.

4. Шағын көлемді кемелер тұратын базаларды (құрылыстарды) техникалық қадағалау
28. Тұрақ-базаларды (жалға беру базасы) куәландыруды, олардың шағын көлемді кемелерді авариясыз пайдалану мен сақтауды, сондай-ақ су қорғау талаптарын ұстануды қамтамасыз етуге дайындығын анықтау мақсатында аумақтық бөлімшелер жүзеге асырады.

29. Тұрақ-базаның пайдалануға жарамдылығы мен дайындығын анықтау үшін бастапқы, жыл сайынғы, кезектен тыс куәландыру жүргізіледі:

1) бастапқы куәландырулар – тұрақ-базаны есепке алғаннан кейін;

2) жыл сайынғы куәландыру – негізгі сипаттамаларды растау, тиісті жабдықтар мен жарақтардың болуын және жай-күйін тексеру үшін;

3) кезектен тыс куәландыру – тұрақ-базаны жаңғырту немесе қайта жабдықтаудан болған негізгі сипаттамаларды растау үшін.

30. Тұрақ-базаны куәландыру кезінде мыналар:

1) тұрақ-базаның нақты сипаттамаларының есепке алу құжаттарының деректеріне сәйкестігі;

2) құтқару және өртке қарсы мүліктің болуы мен белгіленген нормаларға сәйкестігі, оның күтіп ұсталуы;

3) пирстердің, айлақтардың, айлақ іргелерінің, жағалау және су айдынының қосымша және жүзбелі құрылыстарының күтіп ұсталуы;

4) аумақтық бөлімшелермен келісілген тұрақ-базаны пайдалануға жауапты адамның лауазымдық нұсқаулығының болуы;

5) орналасатын шағын көлемді кемелер санының тұрақ-базаны жобалық мүмкіндігіне сәйкестігі;

6) шығару режимін ұйымдастыру;

7) шағын көлемді кемелердің қауіпсіз тұруын қамтамасыз ету, тұрақ-базада тіркелмеген шағын көлемді кемелердің болмауы тексеріледі.

31. Тұрақ-базаларды жыл сайынғы техникалық куәландыру навигация басталғанға дейін, олардың шағын көлемді кемелерді пайдалануға дайындығын және қауіпсіз тұруын қамтамасыз етуін тексеру мақсатында жүргізіледі.

Техникалық куәландыруды нақты жүргізу мерзімдерін тұрақ-база иелерінің келісімі бойынша аумақтық бөлімшелер белгілейді.

32. Тұрақ-базаларды техникалық куәландыру нәтижелері осы Қағидаға

5-қосымшаға сәйкес екі данадағы актімен ресімделеді, бір данасы тұрақ-база иесіне беріледі.

Тұрақ-базаның техникалық жай-күйі белгіленген талаптарға сәйкес болған жағдайда, тұрақ-базаны пайдалануға рұқсат беріледі, ол туралы актіге тиісті жазба жазылады.

33. Тұрақ-базаның аумағы мыналармен жабдықталады:

1) қолайлы кірме жолдар;

2) жолаушыларды отырғызу мен түсіру үшін арнайы жабдықталған айлақтар;

3) шағын көлемді кемелерден еден асты суларын, өңделген мұнай өнімдерін, құрғақ қоқыс, тағам қалдықтарын қабылдауға арналған контейнерлер мен арнайы сыйымдылықтар;

4) аумақтарды және су айдынын, пирстерді, бокстарды, арқандап байлау құрылғыларын, құтқару және өртке қарсы құралдарды жарықтандыру үшін жарық беру құрылғылары. Жарық беру құрылғылары бағытты әрекетке арналған қалпақтармен жарақталады. Қараңғы түскеннен бастап айлақтардың өзекті артқы жағында айнала жарық беретін ақ оттар әрбір 50 метр сайын жағылады, бірақ айлақ төсенішінен екі метр биіктікте орнатылатын кемінде екі от болады.

34. Пирстер мен айлақтар арнайы құралдармен жабдықталады. Құтқару шеңберлері айлақтардың өзекті артқы жағында орнатылатын арнайы қалқандарда, сондай-ақ пирстердің периметрі бойынша қоршау тіреулерде, 25 метр сайын тұтас бекітіледі. Құтқару шеңберлерінің бекітулері олардың тез алынуын қамтамасыз етуі тиіс.

35. Айлақтарда, пирстерде тұтас төсеніш болады, оны жыл сайын тұрақ-база иесі тексеру актісін жасай отырып, беріктігін тексереді. Көпірлер, басқыштар, сатылар тексеруге жатады. Тексеруден кейін барлық құрылғылар «сыналған» деген сөзбен таңбаланады.

Айлақтардың, пирстердің, басқыштардың, көпірлердің екі адам өтуге жеткілікті ені болуы тиіс, олар сыртқы периметрі бойынша (су жағынан) сақтандыру қоршаулармен жабдықталады. Сақтандыру қоршауы кемінде

900 миллиметр биіктікте бекітіледі, қоршау тіреулер араларының қашықтығы - 1500 миллиметр.

36. Тұрақ-базада кемелерді техникалық байқау пункті мен су қоймасының айдынын тұрақты қадағалайтын құтқару посты жабдықталады.

37. Жанар-жағармай материалдарын, отынды орналастыру, оларды сақтау тәртібі, сондай-ақ моторларды сақтауға арналған контейнерлерді орналастыру шағын көлемді кемелердің, жағалау мен жүзбелі құрылыстардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуі тиіс.

38. Өртке қарсы құралдар жарамды жай-күйде және өрт инспекциясының талаптарында көзделген көлемде ұсталады.

39. Су айдынының шекарасы дамбалармен, понтондармен, бактермен немесе жүзбелі белгілермен қоршалады. Жобада белгіленген шекаралардағы жағалау аумағы қоршаумен қоршалады.

40. Шығатын (кіретін) шағын көлемді кемелерді бақылау үшін бақылау бекеті ұйымдастырылады.

41. Бақылау бекетінде шағын көлемді кемелердің шығуы мен олардың қайтып келуін есепке алу журналы жүргізіледі.

42. Жалға беру базасының су айдыны жүзбелі белгілермен белгіленеді, өздігінен жүрмейтін жалға беру жүзбелі құралдарының оның сыртына шығуларына тыйым салынады.

43. Тұрақ-базаға көрнекті түрінде мыналар көрсетілген стенді ресімделеді:

1) шағын көлемді кемелердің тұрақ-базаның су бойынша және іргелес ауданда қозғалуының сызбасы;

2) белгіленген мерзімде тұрақ-базаға қайтып келмеген шағын көлемді кемелерді іздеу мен көмек көрсету жөніндегі іс-шаралар;

3) тұрақ-базаға жұмыстың ішкі тәртібі;

4) шағын көлемді кемелерді пайдалану ережелері;

5) ағымдағы тәулікке ауа райы туралы мәліметтер;

6) адамдардың суда жазатайым оқиғаларын ескерту шаралары жөнінде плакаттар.

44. Тұрақ-базалар дауыс зорайтқыш құрылғысымен, телефон және радиобайланыспен қамтамасыз етіледі.

45. Тұрақ-базаларды пайдалану осы Қағидада регламенттеледі, онымен барлық кеме жүргізушілері мен қызмет көрсететін персонал қол қойып, танысуы тиіс.

46. Тұрақ-база шағын көлемді кемелердің қауіпсіз тұруын, шағын көлемді кемелердің, моторлардың және басқа мүліктердің сақталуын, профилактикалық, жөндеу, кеме көтеру, тиеу-түсіру және басқа жұмыстардың орындалу қауіпіздігін; адамдарды шағын көлемді кемелерге отырғызу (түсіру) қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

47. Тұрақ-базада ауа райы бұзылған жағдайда су қоймасындағы шағын көлемді кемелерді қайтару үшін іс-шаралар әзірленеді.

48. Тұрақ-базаның айдынында тұрған арқандап байлау бөшкелерінде қарама-қарсы түсті сырмен арқандап байлауға шағын көлемді кемелердің рұқсат етілген саны көрсетіледі.

49. Тұрақ-базада тұратын әрбір шағын көлемді кеменің, оның борт нөмірі майлы сырмен іргеге немесе пирске жазылған тұрақты орны болады.

50. Су қоймасына шығуға тұрақ-база бойынша кезекші рұқсат береді.

Шағын көлемді кемеге рұқсат бергенде кезекші мыналарды:

1) кеме жүргізушіде кеме құжаттарының (кеме билеті) және шағын көлемді кемені басқару құқығы куәлігінің болуын;

2) жолаушы сыйымдылығы және жүккөтергіштігі нормаларының сақталуын, шағын көлемді кемеде жүктердің дұрыс орналастырылуын;

3) шағын көлемді кеменің жолаушы сыйымдылығы бойынша құтқару құралдарының болуын тексереді.

Тұрақ-базаларда навигация кезеңінде кезекші-құтқару кемесі тағайындалады. Кезекші-құтқару кемесі кезекшілік тәртібінде тұрақ-база бойынша кезекшіге бағынады.

51. Жалға алу пункттерінде азаматтарға шағын көлемді кемелер беру журналында шағын көлемді кемені пайдалану қауіпсіздігі шараларымен танысу туралы баған болады, оған шағын көлемді кеме алатын азаматтар жалға алу пунктінің айдынындағы қағидалармен танысқаннан кейін қол қояды.

52. Тұрақ-базаны куәландыру деректері негізінде екі данада акті жасалады, оған аумақтық бөлімшенің қызметкері және тұрақ-базаның лауазымды тұлғасы қол қояды.

Актілер аумақтық бөлімшелер мен тұрақ-базада кезекті куәландыру жүргізілгенге дейін сақталады.


Шағын көлемді кемені техникалық қадағалау қағидасы
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қағида Қазақстан Республикасының «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» 2002 жылғы 17 қаңтардағы және «Ішкі су көлігі туралы»

2004 жылғы 6 шілдедегі заңдарына сәйкес әзірленді және шағын көлемді кемелерін техникалық қадағалауды жүзеге асыру тәртібін айқындайды.

2. Осы Қағидада мынадай ұғым пайдаланылады:

шағын көлемді кемелерге арналған тұрақ - база (құрылыс) – құрылыстары және шекараларында шағын көлемді кемелер орналасатын және оған іргелес акваториясы бар жағалау аумағы.

2. Шағын көлемді кемелерді техникалық қадағалау
3. Мемлекеттік тіркеуге жататын шағын көлемді кемелерге техникалық қадағалау кеме кітабында жүзеге асырылады.

Техникалық қадағалауды ішкі су көлігі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – аумақтық бөлімшелер) жүзеге асырады.

4. Техникалық қадағалау бастапқы, жыл сайынғы және кезектен тыс техникалық куәландыру жүргізу, сондай-ақ арнайы және бақылау тексеріп қарау жүргізу жолымен жүзеге асырылады.

5. Жеке жасалған шағын көлемді кемелер, сондай-ақ техникалық сипаттамалары техникалық формулярда (паспортта) көрсетілген сипаттамаларға сәйкес келмейтін, қайта жабдықталған кемелерге теңізде жүзу қасиетіне қосымша сынақтар (жүзгіштігі, орнықтылық пен батпайтындығы) жүргізіледі. Куәландыру нәтижелері шағын көлемді кеменің жүзуге жарамдылығы туралы қорытындымен осы Қағиданың 1-қосымшасына сәйкес техникалық куәландыру актісімен ресімделеді.

6. Бастапқы техникалық куәландыру актісінде көрсетілген шарттар мен нормалар шағын көлемді кеменің кеме кітабына және кеме билетіне енгізіледі. Кеме билетінде куәландыруды жүргізген лауазымды адамның қолымен расталатын арнайы мөртабанмен техникалық куәландыру туралы белгі жасалады.

7. Техникалық куәландыру шағын көлемді кеменің тіркелу орны бойынша аумақтық бөлімшенің техникалық байқау пунктінде немесе кеме билетін ұсына отырып, шағын көлемді кеменің тікелей орналасқан (тұрақ) орны бойынша жүргізіледі.

Бұл ретте техникалық байқау пункттері жұмысының орны, уақыты, ұйымдастырылуы және шағын көлемді кемелерді жыл сайынғы техникалық куәландыруды өткізу кестелері кеме иелері мен тұрақ-база иелерінің назарына жеткізіледі.

8. Техникалық куәландыру жүргізу кезінде шағын көлемді кеменің жай-күйі корпус пен қондырмалар, құрылғылар, жабдықтар мен жарақтар, өртке қарсы қорғану; механикалық орнату мен электр жабдықтары бойынша жеке, ал дара жасалған шағын көлемді кемелер үшін теңізде жүзу қасиеті бойынша анықталады.

9. Техникалық куәландыру жүргізу кезінде шағын көлемді кеменің жүзуге жарамдылығы техникалық жай-күйі бойынша екі бағаны қою арқылы анықталады: «жарамды» немесе «жарамсыз». Шағын көлемді кеменің техникалық жай-күйін бағалау жалпы осы тармақта аталған элементтердің бірінің төменгі бағасы бойынша белгіленеді.

10. Шағын көлемді кеме техникалық жай-күйі бойынша «жарамды» деген баға алған кезде кеме билетіне техникалық куәландыру туралы белгі жасалады.

11. Техникалық жай-күйі бойынша «жарамды» деген баға алған шағын көлемді кеме мынадай жүзу қауіпсіздігін қамтамасыз ететін шектеулермен жүзуге жіберіледі:

1) толқын режимі бойынша;

2) жүзу ауданы мен жағадан алшақтығы бойынша;

3) қозғалтқыштың рұқсат етілген қуаты бойынша;

4) жүк көтергіштігі мен жолаушы сыйымдылығы бойынша;

5) желкендердің ауданы бойынша.

Шағын көлемді кеме «жарамды» деген баға алған кезде, осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес техникалық куәландыру актісі жасалады, онда белгіленген шектеулер көрсетіледі.

Теңіз ауданында серуендік кемелерді пайдалану үшін теңізде мынадай жүзу аудандары белгіленеді:

1) 0 – бірінші класты жүзу ауданы – шектеусіз, есептік толқын биіктігі 3% қамтамасыз етілумен 11 метр болатын толқындануда мұхиттар мен теңіздерде жүзу;

2) 1 – бірінші класты жүзу ауданы – шектелген, пана орнынан 200 мильден аспайтын алшақтықта және пана орындарының арасы 400 мильден аспайтын рұқсат етілген арақашықтықта, барынша рұқсат етілген толқын биіктігі 3% қамтамасыз етілумен 8,5 метр болатын толқындануда теңіз аудандарында жүзу;

3) 2 – екінші класты жүзу ауданы – шектелген, пана орнынан 100 мильден аспайтын алшақтықта және пана орындарының арасы 200 мильден аспайтын рұқсат етілген арақашықтықта, барынша рұқсат етілген толқын биіктігі 3% қамтылумен толқындану шамасы 7 метр болатын теңіз аудандарында жүзу;

4) 3 – үшінші класты жүзу ауданы – шектелген, бассейндердің желтолқындық режимдеріне байланысты аудан жүзу жағдайлары бойынша нақты шектеулерді ескере отырып, бұл ретте пана орнынан барынша рұқсат етілген алшақты белгілей отырып, ол 50 мильден аспауы тиіс, барынша рұқсат етілген толқын биіктігі 3% қамтамасыз етілумен шамасы 3,5 метр болатын толқындануда аралас (өзен-теңіз) жүзу.

12. «Жарамсыз» деген баға алған шағын көлемді кемеге осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес, осы кемені пайдалануға тыйым салу туралы қорытындысы бар екі данада техникалық куәландыру актісі жасалады, бұл ретте бір данасы кеме иесіне беріледі. Актіде көрсетілген ескертулер жойылғаннан кейін шағын көлемді кеме қайталама техникалық куәландырудан өтеді.

13. Шағын көлемді кемелерді пайдалануға мынадай техникалық ақаулар болған кезде рұқсат етілмейді:

1) корпусы бойынша (жинақ пен қаптамада жарықшақтар, ойықтар болуы, кеме конструкциясында көзделген гермобөліктер мен ауа жәшіктерінің болмауы немесе герметизациясыздануы);

2) руль құрылғысы бойынша (рулдің ауыспалық бұрышын толық қамтамасыз етпеуі (бортқа 35 градус), руль штурвалын айналдырудың қиындауы, руль сабының немесе руль жетегі бөлшектерінің (бағыттаушы блоктары, тіректі мойынтіректері, тарту жабдықтары, штуртрос берілістерінің) зақымдануы, штуртрос каболоктарының үзілуі, руль жетегінің бөлшек құрылымында көзделген бекітулерінің (сомындары, шплинттер, қарсысомындар) болмауы;

3) қозғалтқыш немесе аспалы мотор бойынша (бензобактерден, отын шлангісінен, қоректендіру жүйесінен отынның ағуы, біршама дірілдің болуы, қозғалтқышты қашықтықтан басқару жүйесінің зақымдануы, реверс-редуктордың оңай қосылмауы (ажырамауы), реверс тұтқаның «алға», «артқа», «бейтарап» қалыптарында (оның өздігінен еріксіз қосылуы мен ажырауы) бекітілмеуі, реверс қосылған кезде қозғалтқыштың (мотордың) конструкцияда көрсетілген іске қосу блоктауының зақымдануы);

4) навигациялық оттар белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;

5) кемені жинақтау мен жабдықтау кеме билетінде көрсетілген нормаларға сәйкес келмейді.

Кеме билетінің «Ерекше белгілер мен қосымша мәліметтер» деген бөліміне кемені пайдалануға тыйым салу туралы жазу жазылады.

14. Шағын көлемді кемелердің конструктивтік ерекшеліктеріне байланысты типі мен санаты осы Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес кесте бойынша анықталады.

Шағын көлемді кеменің типін анықтау үшін мидель бойынша оның ең үлкен ені негіз болып табылады.

Шағын көлемді кеменің санатын анықтау үшін мидельдегі оның су өткізбейтін бортының биіктігі (қондырма биіктігін есептемегенде) негіз болып табылады.

Шағын көлемді кеменің санаты толқын биіктігі мен жағадан алшақтығымен сипатталатын жүзу жағдайына сәйкес келуі тиіс.

15. Шағын көлемді кеменің жүзу шарттары оның санатына байланысты осы Қағидаға 3-қосымшаға сәйкес кесте бойынша анықталады.

Шағын көлемді кеменің кестеде көрсетілген жағадан алшақтығы жасаушы зауыт берген паспортта көрсетілген жағадан алшақтықтан аспауы тиіс.

Су айдынындағы толқын биіктігін осы Қағидаға 4-қосымшаға сәйкес кесте бойынша анықтайды.

3. Шағын көлемді кемелерді техникалық куәландыру және қарап тексеру түрлері
16. Техникалық куәландыру:

1) бастапқы;

2) жыл сайынғы;

3) кезектен тыс болып бөлінеді.

17. Тексеріп қарау:

1) арнайы;

2) бақылау болып бөлінеді.

18. Бастапқы техникалық куәландыру кезінде кеменің техникалық құжаттамалары тексеріледі, кеменің сыйымдылығы, оның жүккөтергіштігі мен жолаушы сыйымдылығы, рұқсат етілген қуаты мен қозғалтқыштар (аспалы моторлар) саны бойынша, нормалар мен техникалық талаптары, желкендерінің рұқсат етілген ауқымдары, жүзу аудандары (жағалаудан алшақтығы), су үстіндегі борттың минималды биіктігі, кеме жүзе алатын толқын биіктігі, құтқару және өртке қарсы құралдарымен, сигнал беру оттарымен, навигациялық және басқа жабдықтармен қамтылуы белгіленеді, кеменің басты өлшемдері (ұзындығы, ені, борт биіктігі), құрғақ борт көлемі, жүккөтергіштігі, жолаушы сыйымдылығы, шағын көлемді кеменің санаты нақтыланады. Шағын көлемді кеменің орнықтылық пен батпаушылық талаптарына, жүзу жағдайына, қозғалтқыш қуатының шағын көлемді кеменің конструктивтік деректеріне сәйкестігі анықталады.

19. Жыл сайынғы техникалық куәландыру шағын көлемді кемені ағымдағы жыл ішінде бастапқы куәландыру жүргізілген сәттен бастап жүргізіледі.

Жыл сайынғы техникалық куәландыру кезінде кеменің техникалық құжаттамасының болуы, шағын көлемді кеменің тіркелу деректерінің өзгермеуі, кеменің негізгі элементтерінің өзгермеуі, оның техникалық жай-күйі, оның жүзуге жарамдылығы, белгіленген нормаларға сәйкес жабдықтары мен жарақтарының болуы тексеріледі, пайдалану шарттары нақтыланады.

Бұл ретте ағымдағы жылы бастапқы техникалық куәландырудан өткен шағын көлемді кемелер ағымдағы жылы жыл сайынғы техникалық куәландыруға ұсынылмайды.

Корпустың едәуір тозуы немесе оның деформациясы табылған жағдайда, кеме иесі аумақтық бөлімше қызметкерінің талабы бойынша шағын көлемді кемені жағалауда көрсетеді.

20. Бастапқы және жыл сайынғы куәландыру нәтижелері бойынша кеме билетіне кезекті куәландыру мерзімі көрсетілген техникалық байқау өткізілгені туралы белгі қойылады немесе шағын көлемді кемені пайдалануға тыйым салу туралы акті жасалады.

21. Кезектен тыс куәландыру шағын көлемді кеменің иесі иесінің ауысуына немесе жүзу ауданының өзгеруіне байланысты қайта тіркегенде, сондай-ақ кеме билеті жоғалғанда, кемені қайта жабдықтау салдарынан шағын көлемді кеменің конструкциясы өзгерген кезде, шағын көлемді кеме иесінің еркін нысандағы өтініші негізінде жүргізіледі.

Шағын көлемді кемеге кезектен тыс куәландыру жүргізу нәтижесінде жаңа кеме құжаттары беріледі. Бұл ретте кезекті жыл сайынғы техникалық куәландыру мерзімдері сақталады.

22. Арнайы тексеріп қарау нәтижесінде шағын көлемді кеме зақымдалған және жөндеуді талап ететін көліктік оқиғалардан кейін, үлкен қуатты қозғалтқышты орнату кезінде, жарамсыз болған кемені есептен шығару кезінде жүргізіледі.

23. Бақылап тексеріп қарау кеме конструкциясы мен класында көзделмеген жүзу жағдайларында біржолғы өтуге рұқсат ету үшін және кемені өткеннен соң тексеріп қарау үшін кеме иесінің өтініші бойынша жүргізіледі.

24. Куәландырулар жүргізілгеннен кейін шағын көлемді кеменің техникалық жай-күйі туралы және анықталған ақаулар жойылғанда және жетпейтін жарақтар толықтырылғанда шағын көлемді кемені жүзуге рұқсат беру туралы, шағын көлемді кемеге жүзу жағдайлары бойынша шектеулермен, жүзуге рұқсат беру туралы, шағын көлемді кеменің жүзуіне тыйым салу туралы қорытындылар шығарылады.

25. Шағын көлемді кемелерді куәландыру иелерінің немесе ие өкілдерінің қатысуымен жүргізіледі.

26. Кемелерді куәландыру корпусты жағалауда сырлағанға дейін екі жылда кемінде бір рет жүргізіледі.



Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру құжаттарын қысқарту және мемлекеттік органдардың бақылау-қадағалау функцияларын оңтайландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 10 шілдедегі Заңын іске асыру мақсатында

Аталған норма алып тастау, тәжірбие бойынша шағын көлемді кемені техникалық куәлендіру жағалауда жүргізіледі.

Шағын көлемді кемені алғашқы техникалық куәлендіруді өткізу үдерісітерін жетілдіру мақсатында.

Шағын көлемді кемелерді тіркеу ХҚКО арқылы жүргізіледі, осыған байланысты кеме жүргізуші мен инспектор арасындағы байланыс алынып тасталынады, өз кезегінде мемлекеттік тіркеу кезінде тікелей шағын көлемді кемені алғашқы техникалық куәлендіруді өткізуге рұқсат бермейді.

Аталған норма алып тастау, тәжірбие бойынша шағын көлемді кемені техникалық куәлендіру жағалауда жүргізіледі.

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру құжаттарын қысқарту және мемлекеттік органдардың бақылау-қадағалау функцияларын оңтайландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 10 шілдедегі Заңын іске асыру мақсатында

  1   2

Похожие:

«Шағын көлемді кемені және олар тұратын базаларды (құрылыстарды) техникалық қадағалау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 мамырдағы №609 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы
Шағын көлемді кемені және олар тұратын базаларды (құрылыстарды) техникалық қадағалау қағидасын бекіту туралы
«Шағын көлемді кемені және олар тұратын базаларды (құрылыстарды) техникалық қадағалау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 мамырдағы №609 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» icon«Шағын өлшемді кемелерді және олар тоқтайтын базаларды (құрылыстарды) пайдалану қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 шілдедегі
«Шағын өлшемді кемелерді және олар тоқтайтын базаларды (құрылыстарды) пайдалану қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің...
«Шағын көлемді кемені және олар тұратын базаларды (құрылыстарды) техникалық қадағалау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 мамырдағы №609 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» iconӨзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына салыстырмалы кесте
«Кеме жүргізушілерін шағын көлемді кемені басқару құқығына аттестаттау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің...
«Шағын көлемді кемені және олар тұратын базаларды (құрылыстарды) техникалық қадағалау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 мамырдағы №609 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» iconКемені, оның ішінде шағын көлемді кемені және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 қыркүйектегі №1058 қаулысы «Ішкі су көлігі туралы»
«Ішкі су көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шілдедегі Заңының 8-бабының 5 тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының...
«Шағын көлемді кемені және олар тұратын базаларды (құрылыстарды) техникалық қадағалау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 мамырдағы №609 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» iconКеме жүргізушілерін шағын көлемді кемені басқару құқығына аттестаттау қағидасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 27 маусымдағы №715 қаулысы «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы»
«Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 17 қаңтардағы Заңының 4-бабы 2-тармағының 27 тармақшасына...
«Шағын көлемді кемені және олар тұратын базаларды (құрылыстарды) техникалық қадағалау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 мамырдағы №609 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 17 мамырдағы №527 Қаулысы Қазақстан Республикасыньщ Үкіметі Қаулы етеді: «Білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың түрлері мен нысандарын және оларды беру ережесін бекіту туралы»
Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы №1310 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
«Шағын көлемді кемені және олар тұратын базаларды (құрылыстарды) техникалық қадағалау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 мамырдағы №609 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» icon2011 жылғы 27 маусым №715 Астана, Үкімет Үйі Кеме жүргізушілерін шағын көлемді кемені басқару құқығына аттестаттау қағидасын бекіту туралы
«Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 17 қаңтардағы Заңының 4-бабы 2-тармағының 27 тармақшасына...
«Шағын көлемді кемені және олар тұратын базаларды (құрылыстарды) техникалық қадағалау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 мамырдағы №609 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» icon"Медициналық және фармацевтикалық қызметтің біліктілік талаптары мен лицензиялау ережесін бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 29 желтоқсандағы
Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 29 желтоқсандағы №1894 қаулысына езгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009...
«Шағын көлемді кемені және олар тұратын базаларды (құрылыстарды) техникалық қадағалау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 мамырдағы №609 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» icon«Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2011 жылға арналған республикалық бюджеттен денсаулық сақтауға берілетін ағымдағы нысаналы
Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қазандағы №1729 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы...
«Шағын көлемді кемені және олар тұратын базаларды (құрылыстарды) техникалық қадағалау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 мамырдағы №609 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2011 жылғы 14 қыркүйек №1058 Астана, Үкімет үйі Кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеу
«Ішкі су көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шілдедегі Заңының 8-бабының 5 тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница