Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы

Скачать 57.65 Kb.
НазваниеҚарағанды мемлекеттік медицина академиясы
Дата конвертации10.07.2013
Размер57.65 Kb.
ТипДокументы
Ф КГМА 1-8-22/02

МУ «Организация методической

работы в соответствии с ГОСО

2006 года» от 04.07.2007

Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы

Физиология кафедрасы

Тәжірибелік (семинарлық, зертханалық) сабақтарға арналған әдістемелік ұсыныс

Тақырып: «Синапстардың физиологиялық қасиеттері»

051302 «Стоматология» мамандығы

«Қалыпты физиология» пәні

2 курс

Құрастырушы Шандаулов А.Х.

Қарағанды 2008 ж.

Кафедра мәжілісінде талқыланып және бекітілген

№22 Хаттама 21.06. 2008 ж.

Кафедра меңгерушісі,

профессор ______________ Ф.А. Миндубаева

  • Тақырыбы: «Синапстардың физиологиялық қасиеттері»

  • Мақсаты: Синапстар туралы нейрондар мен кез келген қозатын түзінділер арасындағы ұйымдастырылған байланыс ретінде түсінік қалыптастыру; синапстардың құрылысы, физиологиялық қасиеттері, жіктелуі және оларда жүйке үрдістерінің тасымалдау механизмімен, постсинапстық потенциалдардың табиғатымен танысу.

  • Оқыту міндеттері:

- құрылымдық түзінді ретінде синапстың маңызымен танысу;

- электрлік және химиялық синапстарда қозуды беру механизмін зерттеу;

- постсинапстық потенциалдардың механизмі мен табиғатын анықтау;

- жүйке-бұлшықет синапсының құрылысын салу;

- қозатын постсинапстық потенциалдарды сызба ретінде салу;

- тежейтін постсинапстық потенциалдарды сызба ретінде салу.

  • Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Жүйке ұштары мен қозатын түзінділер арасындағы ұйымдастырылған түр ретінде.

2. Электрлік синапстарда қозуды тасымалдау механизмі.

3. Медиаторлар. Химиялық синапстарда қозуды тасымалдау механизмі.

4. Постсинапстық потенциалдардың механизмі мен табиғаты.

5. Жүйке-бұлшықет синапсының физиологиялық қасиеттері мен қызметтері.

  • Оқу және оқытудың әдістері: кіші топтар, тәжірибелік жұмыстарды орындау, дискуссия, жағдайлық есептерді шешу, ауызша жауап беру, тест жазу.

Тақырып бойынша тапсырмалар:

Жұмыс 1. Жүйке-бұлшықет синапсының сызбасын жасау

Жұмыстың мақсаты: жүйке-бұлшықет синапсы құрылысының ерекшеліктерімен танысу.

Жұмысқа қажетті құрал-жабдықтар: кестелер, физиологиялық атлас, оқулықтар.

Жұмыс барысы: жүйке-бұлшықет синапсы құрылысының суретін салу. Оның негізгі құрылымдық элементтерін сызу. Жүйке талшығынан қаңқа бұлшықет талшығына қозудың өту үрдісінің сызбасын салу.

Жұмыс нәтижесі: синапстың құрылымдық элементтерінің атқаратын қызметін көрсету.

Қорытынды: жүйке-бұлшықет синапсында қозуды өткізудің ерекшеліктерін атап өту.
Жұмыс 2. Қозғыш постсинапстық потенциалдың сызбасын салу

Жұмыстың мақсаты: қозғыш медиаторлардың әсерінен постсинапстық мембранада ионды өткізгіштің өзгеру ерекшеліктерімен танысу.

Жұмысқа қажетті құрал-жабдықтар: кестелер, физиологиялық атлас, оқулықтар.

Жұмыс барысы: қозғыш постсинапстық потенциалдың сызбасын салу. Қозғыш медиаторлардың әсерінен постсинапстық мембранада ионды өткізгіштің өзгеру үрдісінің сызбасын салу.

Жұмыстың нәтижесі: қозғыш медиаторларды көрсету.

Қорытынды: қозғыш постсинапстық потенциалдың генерация механизмін түсіндіру.
Жұмыс 3. Тежегіш постсинапстық потенциалдың сызбасын салу

Жұмыстың мақсаты: тежегіш медиаторлардың әсерінен постсинапстық мембранада ионды өткізгіштің өзгеру ерекшеліктерімен танысу.

Жұмысқа қажетті құрал-жабдықтар: кестелер, физиологиялық атлас, оқулықтар.

Жұмыс барысы: тежегіш постсинапстық потенциалдың сызбасын салу. Тежегіш медиаторлардың әсерінен постсинапстық мембранада ионды өткізгіштің өзгеру үрдісінің сызбасын салу.

Жұмыстың нәтижесі: тежегіш медиаторларды көрсету.

Қорытынды: тежегіш постсинапстық потенциалдың генерация механизмін түсіндіру.

  • Әдебиеттер:

Қазақ тілінде

Негізгі:

  1. Сәтбаева Х.Қ., Өтепбергенов А.А., Нілдібаева Ж.Б. Адам физиологиясы. (Оқулық). - Алматы. Издательство «Дәуір», 2005. - 663 б.

  2. Қалыпты физиологиядан тәжірибелік сабақтарға жетекшілік нұсқаулар./ Сайдахметова А.С., Рахыжанова С.О. Семей, 2006 г. - 174 б.

  3. Қанқожа М.Қ. Қозғыш ұлпалар физиологиясы. - Алматы, 2004 ж. - 78 б.

Қосымша:

  1. Организмнің шартты-рефлекторлық әрекеті және оның нейрофизиология-лық тегершіктері. Жоғарғы жүйке іс-әрекетінің типтері. Ибраева С.С., Астана, 2006, 52 б.

Орыс тілінде

Негізгі:

    1. Руководство к практическим занятиям по нормальной физиологии: Учеб. пособие / Н.Н.Алипов, Д.А. Ахтямова, В.Г. Афанасьев и др.; Под ред. С.М. Будылиной, В.М. Смирнова. - М.: Издательский центр «Академия», 2005. - 336 с.

    2. Руководство к практическим занятиям по нормальной физиологии /Под ред. К.В.Судакова, А.В.Котова. - М., 2002.

    3. Современный курс классической физиологии (избранные лекции) с приложением на компакт-диске. Под ред. Ю.В. Наточина, В.А.Ткачука. - М.: ГЭОТАР-Медиа, 2007. - 384 с.

    4. Судаков К.В. Курс лекций. М.: Медицина, 2000. - 784 с.

5. Физиология человека: Учебник /Под ред. В.М. Покровского, Г.Ф. Коротько. - 2-е изд., перераб и доп. - М.: Медицина, 2003. - 656 с.
Қосымша:

1. Агаджанян Н.А. Основы физиологии человека. - М.: изд-во РУДН, 2001. - 409 с.

2. Атлас по нормальной физиологии / Под ред. Н.А. Агаджаняна. - М.: Высшая школа, 1986.

3. Основы физиологии человека /Под ред. Б.И. Ткаченко. - С.-Петербург, 1994. Т.I,II.

4. Руководство к практическим занятиям по физиологии /Под ред. Г.И. Косицкого, В.А. Полянцева, А.В. Коробкова. - М.: Медицина, 1988. – 280 с.

5. Ситуационные задачи по физиологии с основами анатомии для самостоятельной работы студентов / Под ред. А.А. Утебергенова, Д.А. Адильбековой. - Шымкент, 2006. - 66 с.

6. Физиология человека /Н.А. Агаджанян и др. - Алма-Ата: Казахстан, 1992. T.I, II.

Кесте

Синапс физиологиясы .

  • Бақылау:

Тақырыпқа дайындалу үшін арналған сұрақтар

1. Химиялық синапста қозуды өткізу механизмі. Қозушы және тежеуші медиаторлар.

2. Электрлік синапста қозуды өткізу механизмі.

3. Шағын постсинапстық потенциалдар.

4. Жүйке-бұлшықет синапстарының айырмашылық қасиеттері.
Жағдайлық есептер (мысал)

1. Жүйке-бұлшықет препаратының синапстық бөлімін кальций иондарын байланыстыратын химиялық затпен өңдеді. Осы жағдайда ұшты пластинка потенциалы пайда болады ма?
2. Дәрілік препарат миневралды тасымалдау аймағына әсер еткеннен кейін қозу жүйкеден бұлшықетке өтпейтін болды. Аталған аймақты ацетилхолинмен перфузиялаған соң пайда болған қоршау жойылмады. Синапстық үрдістер тізбегінің қандай бөліктеріне аталған препарат әсер етеді?
Тесттік сұрақтар (мысал)
1. Тежеуші медиаторларға жатады

  1. ацетилхолин, адреналин

  2. ацетилхолин, ГАМК

  3. адреналин, глицин

  4. ГАМК, глицин

  5. ГАМК, серотонин

2. Постсинапстық мембрана деполяризациясы әсерінен болады

  1. гамма-аминомай қышқылы, глицин

  2. ацетилхолин, норадреналин

  3. пилокарпин, адреналин

  4. атропин, ацетилхолин

  5. холинэстераза, серотонин

Похожие:

Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы iconҚарағанды мемлекеттік медицина академиясы Химия курсымен фармацевтикалық пәндер кафедрасы
«Газ-сұйық хроматография әдісі. Медицина және фармацияда гсх қолданылуы» тақырыбы
Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы iconҚарағанды мемлекеттік медицина академиясы
Му «Организация методической работы в соответствии с госо 2006 года» от 04. 07. 2007 г

Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org

База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница