«бекітемін» Үржар ауданының әкімі Б. Жанақов




Скачать 162.09 Kb.
Название«бекітемін» Үржар ауданының әкімі Б. Жанақов
Дата конвертации10.07.2013
Размер162.09 Kb.
ТипДокументы
«БЕКІТЕМІН»

Үржар ауданының әкімі
_____________Б.Жанақов

«08» ақпан 2010 ж.
Шығыс Қазақстан облысы «Үржар ауданының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы

Е Р Е Ж Е


  1. Жалпы ережелер




  1. Шығыс Қазақстан облысы «Үржар ауданының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекеме (бұдан былай - Бөлім) аудан әкімінің аумақтық атқарушы органы болып табылады және Шығыс Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы басқармасымен өзара әрекет етеді.

  2. Үржар ауданының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі өз қызметінде Қазақстан Республикасы Конституциясы мен Заңдарын, облыс және аудан әкімінің қаулылары мен шешімдерін, аппарат туралы Ереже және нұсқаулық-нормативтік құжаттарын, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

  3. Бөлім мемлекеттік органның ұйымдастырушы-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде аталуы жазылған мөрі және мөртабаны, банкте есеп-шоты, белгіленген үлгідегі бланктері бар. Азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жүзеге асырады.

  4. Бөлім өз құзырындағы мәселелер жөнінде заңнамамен белгіленген тәртіп бойынша бұйрық шығарады.

  5. Бөлімнің құрылымы, ережесі және штат санын аудан әкімі белгілейді.

  6. Бөлімнің заңды мекен жайы: индекс: 071700, Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданы, Үржар селосы, Абылай хан даңғылы, 122.

  7. Бөлімнің толық аталуы: Шығыс Қазақстан облысы «Үржар ауданының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі

  8. Бөлімнің құрылтайшысы – Үржар ауданының әкімдігі болып табылады.

  9. Бөлім қызметін қаржыландыру аудан бюджетінің қаражаты есебіне жүзеге асырылады.

  10. Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен ветеринариялық есепке алуды және есептілікті жүргізеді және оларды ұсынады.

  11. Бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.




  1. Бөлімнің негізгі міндеттері, қызметі және жұмысының бағыттары

Бөлім келесілерді жүзеге асырады:

- жергілікті деңгейде ауыл шаруашылығы және ветеринария саласында мемлекеттің саясатын іске асыру бойынша қызмет көрсетеді;

- аудан әкімінің атқарушы биліктің жергілікті органдарымен, Мәслихатпен, меншіктің барлық нысанындағы кәсіпорындарымен аудандық экономикалық даму мәселелері жөнінде ұйымдастырушылық және ақпараттық байланысын қамтамасыз етіп, шаруашылықтардың реформалануын, экономикадағы нарық қатынастарының дамуын өткізеді;

- ҚР Президенті жарлықтарының, қаулыларының, өкімдерінің, облыс және аудан әкімі шешімдерінің, қаулыларының орындалуына бақылауды және тексеруді жүзеге асырады;

- аудан әкімі аппаратының бөлімі қызметіне қатысты жұмысын талдайды және жұмыс қортындыларын жинақтап қорытады, ҚР Заңдарын, Президент пен Үкіметтің, облыс және аудан әкімінің нормативтік актілерін орындауда ауылдық округтерге тәжірибелік көмек көрсетеді. Қажет болған жағдайда аудан Әкіміне реформаларды өткізуге кедергі жасайтын себептерді жою жөнінде ұсыныстар енгізеді, сондай-ақ нормативтік актілерді бұзып немесе орындамайтын лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тартады;

- ауыл шаруашылығының даму жағдайын, реформаларды өткізу деңгейін, шаруашалықтардың жағдайын, өз қортындылары мен кепілдемелерін зерттеп талдау, айқындалған өзекті мәселелерді шешу жөніндегі болжамды - аналитикалық материалдарын аудан әкіміне береді;

- аудан әкімі іс-әрекеттерінің бір жылдық және перспективалық бағдарламасын әзірлеуде құрылымдық бөлімшелердің қатысуын ұйымдастырады;

- ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын реформалау үдерісін жеделдету бойынша шаралар мен кепілдемелерді әзірлеуді басқарады;

- ауыл шаруашылық өнімге сұраныс перспективасын зерттеп, ауданның жер ресурстары жағдайы туралы дерек банкісін ашады және жүргізеді;

- ауданның ауыл шаруашылық құрылымдарының шаруашылық қызметі туралы ақпаратты жинауды ұйымдастырады;

- реформаланған кәсіпорындарда өндірісті ұйымдастыру және басқару деңгейіне баға береді, айқындалған пайдаланбайтын жерлер мен заңнаманы бұзып қолданылатын жерге баға береді;

- ауыл шаруашылық құрылымдар қызметінің сандық және сапалық көрсеткіштерін сипаттайтын мәліметтерді жинайды, жүйелеу жұмысын ұйымдастырады;

- аудан әкімінің іс-әрекеті Бағдарламасының кезекті жоспарлы кезеңіне тапсырмалардың орындалуына талдау жасайды;

- шаруа қожалықтарының, ЖШС-нің кәсіби біліктілігін даярлау және көтеруді ұйымдастырады;

- бөлім жұмысына қатысты мәселелер жөнінде кеңестер, семинарлар өткізу үшін ақпараттық материалдарын дайындайды;

- облыстық ауыл шаруашылығы мен кәсіпкерлік қайта өндеу өнеркәсібінің басқармасымен қарым-қатынаста болады;

- заңнамамен, облыс және аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерімен және басқа нормативтік құжаттармен жүктелген өзге міндеттерді іске асырады.

- халықтың денсаулығын адам мен жануарларға ортақ аурулардан қорғау;

- уәкілетті органмен келісім бойынша тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар жоспарын бекітеді;

- профилактикасы мен диагностикасы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық ауруларының тізбесін әзірлейді және уәкілетті органға береді;

- Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен ветеринариялық есепке алуды және есептілікті жүргізуді, жинақтауды жүзеге асырады және оларды уәкілетті органға табыс етеді.

Бөлім құқықтары:

  • аудан әкімі, аудандық ұйымдар өткізетін кеңестер мен басқа іс- шараларына қатынасу;

  • ауылдық округ әкімдерінен, ауыл шаруашылық құрылымдарынан олардың қызметін талдау үшін қажетті ақпарат пен басқа материалдарды талап ету, тиісті лауазымды тұлғалардан жазбаша және ауызша түсініктемелер алу;

  • қажет болған жағдайда ауылдық округ қызметкерлерін аппарат отырыстарында, аудан активінің алқаларында қарау үшін мәселелерді дайындауға жұмылдыру.

  • ветеринария саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғалар белгіленген ветеринариялық-санитариялық ережелер мен нормативтерді бұзған жағдайда, олардың лицензияларын заңнамада белгіленген тәртіппен тоқтату туралы шешімдер шығаруға немесе қайтарып алуға бастамашы болуға;

  • белгіленген тәртіппен эпизоотияға қарсы төтенше комиссиялар құру туралы ұсынысты шығаруға;

  • жануарлардың және адамның денсаулығы үшін қауіп төндіретін жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты алу және жою туралы шешім қабылдауға;

  • уәкілетті орган белгілеген тәртіппен аумақты аймақтарға бөлу туралы шешім шығаруға құқылы.




  1. Бөлім қызметін ұйымдастыру


Бөлімді, аудан әкімі лауазымға тағайындап, лауазымынан босататын, бастық басқарады.

Бөлім бастығы:

  • аудан әкімі бөлім бастығының ұсынысы бойынша лауазымға тағайындап және лауазымнан босататын қызметкерлер штатын басқарады;

  • бөлімге жұмысты ұйымдастырып басқару бойынша міндеттердің орындалуына жеке жауап береді, ведомствоға бағынышты ұйымдардың қызметіне бақылауды жүзеге асырады;

  • бөлім қызметкерлері арасында міндеттерді үлестіріп, тиісті атқарушы және еңбек тәртібін қамтамасыз етеді;

  • бөлімде жасалатын іс-қағаздардың дұрыс жүргізілуін нұсқауға сәйкес жүзеге асырады;

  • Президент жарлықтары, қаулылары мен өкімдерінің, Үкімет қаулыларының, облыс және аудан әкімі шешімдері мен өкімдерінің уақытында және толық орындалуына жауап береді;

  • бөлім қызметкерлерін тағайындау туралы ұсыныстар енгізеді;

  • болашаққа аудан әкімі іс-әрекетінің жоспары жобасын және бөлім жұмысына қатысты мәселелер жөнінде бір жылға әкім іс-әрекетінің бағдарламасын дайындауды қамтамасыз етеді;

  • ауыл шаруашылығын реформалау бойынша ақпараттық материал құрастырады;

  • облыс әкімі аппаратының тиісті бөлімдері талап ететін мерзімдері мен нысандары бойынша мерзімді есеп беруді және материалдарды дайындауды жүргізеді;

  • бөлім қызметкерлерін басқарады, оларға жүктелген функционалды міндеттердің орындалуын бақылайды;

  • аудан әкімі мен ауылдық округ әкімдерінің ұйымдастырушылық және ақпараттық байланысын қамтамасыз етеді;

  • облыстық ауыл шаруашылығы және қайта өндеу басқармасымен, облыс әкімі аппаратының басқа бөлімдерімен өзара әрекет етеді;

  • лауазымды тұлғалар мен шаруашылықтардан жұмыс түріне қарай белгіленген тәртіп бойынша ақпарат және материалдарды сұрайды;

  • жоғары тұрған ұйымдарға, аудан әкімі аппаратына жеткізумен айналысып, олардың орындалуына бақылау жасайды;

  • ауданның шаруашылықтарына өз құзырындағы мәселелер бойынша әдістемелік және кеңес көмегін көрсетеді;

  • күші бар нормативтік актілермен бөлімге жүктелген басқа функционалды міндеттердің орындалуын қамтамасыз етеді.




  1. Бөлім бастығының орынбасары:




  • бөлім қызметкерлері арасында міндеттерді үлестіріп, тиісті атқарушы және еңбек тәртібін қамтамасыз етеді;

  • бөлімде жасалатын іс-қағаздардың дұрыс жүргізілуін нұсқауға сәйкес жүзеге асырады;

  • Президент жарлықтары, қаулылары мен өкімдерінің, Үкімет қаулыларының, облыс және аудан әкімі шешімдері мен өкімдерінің уақытында және толық орындалуына жауап береді;

  • болашаққа аудан әкімі іс-әрекетінің жоспары жобасын және бөлім жұмысына қатысты мәселелер жөнінде бір жылға әкім іс-әрекетінің бағдарламасын дайындауды қамтамасыз етеді;

  • ауыл шаруашылығын реформалау бойынша ақпараттық материал құрастырады;

  • облыс әкімі аппаратының тиісті бөлімдері талап ететін мерзімдері мен нысандары бойынша мерзімді есеп беруді және материалдарды дайындауды жүргізеді;

  • аудан әкімі мен ауылдық округ әкімдерінің ұйымдастырушылық және ақпараттық байланысын қамтамасыз етеді;

  • лауазымды тұлғалар мен шаруашылықтардан жұмыс түріне қарай белгіленген тәртіп бойынша ақпарат және материалдарды сұрайды;

  • жоғары тұрған ұйымдарға, аудан әкімі аппаратына жеткізумен айналысып, олардың орындалуына бөлім бастығымен бірлесе отырып бақылау жасайды;

  • ауданның шаруашылықтарына өз құзырындағы мәселелер бойынша әдістемелік және кеңес көмегін көрсетеді;

  • күші бар нормативтік актілермен бөлімге жүктелген басқа функционалды міндеттердің орындалуын қамтамасыз етеді.

  • бөлімнің стратегиялық жоспарын әзірлейді және оны облыстық ауыл шаруашылығы басқармасымен келісуге және аудан әкімінің бекітуіне ұсынады.


5. Ветеринария саласындағы сектор меңгерушісінің негізгі міндеттері мен қызметінің бағыты


  • Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен ветеринариялық есепке алуды және есептілікті жүргізуді, талдауды жүзеге асырады және оларды облыстық ауыл шаруашылығы басқармасына табыс етеді.

  • тиісті әкімшілік аумақтық бірліктің аумағында ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар жоспарларын әзірлейді.

  • жануарлардың энзоотиялық және аса қауіпті аурулары бойынша ветеринариялық іс-шараларды жүргізуге бөлінген бюджеттік қаражаттың мақсатты пайдаланылуын қамтамасыз етеді.

  • халықтың арасында ветеринария мәселелері бойынша ағарту жұмыстарын ұйымдастырады және жүргізеді.

  • тиісті әкімшілік аумақтық бірліктің аумағында жануарлардың жұқпалы және жұқпалы емес аурулары бойынша эпизоотиялық жағдайды зерделейді.

  • Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізбе бойынша аса қауіпті аурулардың, сондай-ақ жануарлардың энзоотиялық ауруларының профилактикасы бойынша ветеринариялық іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз етеді.

  • ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу үшін ветеринариялық мақсаттағы бұйымдар мен атрибуттарды, жануарға арналған ветеринариялық паспортты мемлекеттік сатып алуды және тасымалдауды жүзеге асырады.

  • тиісті әкмішілік аумағында қолданылатын ветеринариялық анықтаманы береді.

  • Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ветеринария саласындағы лицензиялауды жүзеге асырады.

  • ветеринария саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғалар белгіленген ветеринариялық-санитариялық ережелер мен нормативтерді бұзған жағдайда, олардың лицензияларын заңнамада белгіленген тәртіппен тоқтату туралы шешімдер шығарып немесе қайтарып алады.

  • жануарлардың және адамның денсаулығы үшін қауіп төндіретін жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты алу және жою туралы шешім қабылдайды.

  • жануарлардың жұқпалы ауруларының таралуының алдын алуға және жоюға бағытталған шектеу іс-шараларын немесе карантинді алып тастау туралы ұсыныс шығарады.

  • жоғары тұрған ұйымдарға, облыс және аудан әкімі аппаратына тиісті ақпаратты жеткізумен айналысады, олардың орындалуына бөлім бастығымен бірлесе отырып бақылау жасайды.


6. Агрономия жөніндегі бас маманның негізгі міндеттері мен қызметінің бағыты
1. Оған жүктелген міндеттердің орындалуына жеке жауап береді.

2. ҚР Заңдарының, ҚР Президенті жарлықтары, қаулылары және өкімдерінің, Үкімет қаулыларының, облыс және аудан әкімі шешімдері мен өкімдерінің орындалуына бақылауды жүзеге асырады.

3. Аудан әкімінің болашаққа іс-әрекеті жоспарының және әкімнің бір жылға іс-әрекеті бағдарламасының жобасын дайындауды қамтамасыз етеді;

4. Облыс әкімдігің және ауыл шаруашылығы басқармасы талап етілетін мерзімдер мен нысандар бойынша мерзімді есеп беру және материалдарды дайындауды жүргізеді;

5. Аудан әкімі мен ауылдық округ әкімдерінің агрономия мәселелері бойынша ұйымдастырушылық және ақпараттық байланысты қамтамасыз етеді;

6. Облыстық ауыл шаруашылығы Басқармасымен, облыс әкімдігімен өзара әрекет етеді;

7. Лауазымды тұлғалар мен шаруашылықтардан жұмыс түріне қарай белгіленген тәртіп бойынша ақпарат және материалдарды сұрайды;

8. Жоғары тұрған ұйымдарға, аудан әкімдігіне ақпаратты жеткізумен айналысып, олардың орындалуына бақылауды жүзеге асырады;

9. Аудан басшылығына өз құзырындағы мәселелер жөнінде аналитикалық материалдар мен шолулар дайындайды;

10. Лауазымды тұлғалардың аппарат отырыстарында тыңдалатын материалдарын дайындайды;

11. Агрономия мәселелерімен айналысады;

12. Бөлім бастығы оған жүктеген басқа міндеттерді орындайды.
7. Мал шаруашылығы жөніндегі бас маман қызметінің негізгі міндеттері мен бағыттары


  1. Өзіне жүктелген міндеттердің орындалуына жеке жауап береді;

  2. ҚР заңдарының, ҚР Президент жарлықтарының, өкімдерінің, Үкімет қаулыларының, облыс және аудан әкімі шешімдері мен өкімдерінің орындалуына, облыс және аудан әкімдіктерінің қаулыларын және олардың жүзеге асырылуына тексеріс өткізеді;

  3. Аудан әкімі мен ауылдық округ әкімдерінің мал шаруашылғы мәселелрі бойынша ұйымдастырушылық және ақпараттық байланысын қамтамасыз етеді;

  4. Облыстық ауыл шаруашылығы Басқармасымен және облыстық әкімдігімен өзара әрекет етеді;

  5. Лауазымды тұлғалар мен шаруашылықтардан өз жұмысына қатысты ақпарат пен материалдарды белгіленген тәртіп бойынша сұрайды;

  6. Жоғары тұрған органдарға, аудан әкімдігіне тиісті ақпарат жеткізіп, орындалуын бақылауды іске асырады;

  7. Аудан басшылығына өз құзырындағы мәселелер жөнінде аналитикалық материалдар мен шолуларды дайындайды;

  8. Аппарат отырысында тыңдау үшін лауазымды тұлғалардың материалдарын дайындайды;

  9. Заңнама актілерінің орындалуына кедергі келтіретін себептерді жою бойынша ұсыныс жасайды;

  10. Мал шаруашылығы бойынша ай сайын талдау жасап, есеп беруді құрастырады, мал шаруашылығына субсидия алуға шаруа қожалықтардың құжаттарын облыстық ауыл шаруашылығы басқармасына ұсынады;

  11. Шаруашылықтар тұрғысынан ІҚМ саулық бастарын қайта шығару және іріктеуің жасайды, қойлардың ерте қозылауына дайындықтың талдауын жүргізеді;

  12. Аудан шаруашылықтарында мал қыстауының, көктемгі жөндеу науқанына дайындықтың және жас малды сақтап қалу барысының жағдайын талдайды;

  13. Мал шаруашылығындағы асыл тұқымды мал бойынша жұмыстың малды және қойларды ет алдырудың, қозыларды бөліп алудың жағдайын және ол жөнінде қабылданатын шараларды талдайды;

  14. Аудандағы малды қолдан ұрықтандыру пунктерін жұмысын қадағалайды, ауылдық округтерден қажетті ұрыққа сұраныстарды жинақтап және тиісті мекемеге өтінім береді;

  15. Бөлім бастығы жүктеген басқа да міндеттерді орындайды.


8. Ветеринария жөніндегі бас маманның негізгі міндеттері және қызметінің бағыттары


  1. Оған жүктелген міндеттердің орындалуына жеке жауап береді;

  2. ҚР Заңдарының, ҚР Президенті жарлықтары және өкімдерінің, Үкімет қаулыларының, облыс және аудан әкімі шешімдері мен өкімдерінің, облыс және аудан әкімдіктерінің қаулыларын орындалуына бақылауды жүзеге асырады;

  3. Аудан әкімінің ветеринария саласы бойынша болашаққа іс-әрекеті жоспарының және әкімнің бір жылға іс-әрекеті бағдарламасының жобасын дайындауды қамтамасыз етеді;

  4. Ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және басқа мемлекеттерден жұқпалы-экзотикалық ауруларды әкелінуі мен таралуынан қорғайды.

  5. Ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі бір жылдық ветеринариялық іс-шаралар жоспарын дайындайды.

  6. Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы нормативті актілердің орындалуын қадағалау және жүргізілетін ветеринариялық іс-шаралардың орындалуы туралы мүдделі тұлғаларға ақпарат беруді ұйымдастыру және қамтамасыз ету;

  7. Халық арасында ветеринария мәселелері бойынша ағарту жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу;

  8. Жануарлардың және адамдардың денсаулығына қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттарды жою немесе оларды жоймай залалсыздандыру (зарарсыздандыру) және қайта өңдеу;

  9. Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен ветеринариялық есепке алуды және есептілікті жүргізеді және оларды ұсынады.

  10. Бюджеттен бөлінген қаражатқа жойылатын ауру жануарлардың, жануарлардан алынатын шикізаттың құнын иелеріне өтеу жөнінде құжаттар жинақтайды;

  11. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ветеринария саласындағы лицензиялауды жүзеге асырады.

  12. Тиісті аумақта қолданылатын ветеринариялық анықтаманы береді.

  13. Бөлім бастығы жүктеген басқа да міндеттерді орындайды.



9. Бас маман инженер қызметінің негізгі міндеттері мен бағыттары


    1. Өзіне жүктелген міндеттердің орындалуына жеке жауап береді;

2. ҚР Заңдарының, ҚР Президенті жарлықтары және өкімдерінің, Үкімет қаулыларының, облыс және аудан әкімі шешімдері мен өкімдерінің, облыс және аудан әкімдіктерінің қаулыларын орындалуына бақылауды жүзеге асырады;

3. Аудан әкімі мен ауылдық округ әкімдерінің ұйымдастырушылық және ақпараттық байланысын қамтамасыз етеді;

4. Облыстық ауыл шаруашылығы Басқармасымен және облыстық әкімдігімен өзара әрекет етеді;

5. Жоғары тұрған органдарға, аудан әкімдігіне жеткізіп, орындалуын бақылауды іске асырады;

6. Аудан шаруашылықтарына өз құзырындағы мәселелерге қатысты әдістемелік және кеңес беру көмегін көрсетеді;

7. Аудан басшылығына өз құзырындағы мәселелер жөнінде аналитикалық материалдар мен шолуларды дайындайды;

8. Аппарат отырысында тыңдау үшін лауазымды тұлғалардың материалдарын дайындайды;

9. Заңнама актілерінің орындалуына кедергі келтіретін себептерді жою бойынша ұсыныс жасайды;

10. Автокөлік техникасын тіркеуді, есепке алуды және есептен шығаруды жүргізеді;

11. Трактор паркінің, өзі жүретін ауыл шаруашылық машиналарына жылдық техникалық тексерісін жүргізеді, олардың техникалық жағдайын бақылайды;

12. Трактор паркімен өзі жүретін машиналардың жол жүру ережелерін сақтауларын бақылайды;

13. Машина-трактор паркінің техникалық жағдайын талдайды;

14. Ауыл шаруашылық техникасын тіркейді және қайта тіркейді;

15. Бөлім бастығы жүктеген басқа да міндеттерді орындайды.
10. Бас маман бухгалтердің негізгі міндеттері мен қызметінің бағыттары
1.Өзіне жүктелген міндеттердің орындалуына жеке жауап береді;

2. Басқару органдарында, кәсіпорындар мен мекемелерде ҚР Заңдарының, ҚР Президенті жарлықтарының, Үкіметтің қаулыларын, облыс және аудан әкімі шешімдері мен өкімдерінің орындалып, жүзеге асырылуын және өзге мәселелер бойынша тексерісті жүргізеді;

3. Ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімінің бухгалтерлік жұмысын ұйымдастырады;

4. Бөлім қызметкерлерінің еңбек ақысын уақытында есептеп бөледі және еңбек кітапшаларына аудару;

5. Ай сайын жинақтау зейнетақы қорына бөлім қызметкерлерінің тиісті зейнетақы төлемдерін аударыды.

6. Бөлім қызметкерлеріне қаржы мәселесі жөнінде қатысты мәселелерге әдістемелік және кеңес беру көмегін көрсетеді;

7. Аудандық экономикалық, әлеуметтік даму бағдарламалар жобасын әзірлеуге қатысады;

8. Аудан басшылығына өз құзырындағы мәселелер жөнінде аналитикалық материалдар мен шолулар дайындайды;

9. Тиісті банктермен, қазынашылық және салық басқармасымен, зейнетақы төлеу орталығымен, аудандық статистика және қаржы бөлімімен және басқадай тиісті мекемелерімен тығыз байланыста болуын үлестіреді;

10. Қаражаттың бөлінуіне сәйкес, үнемді жұмсалуына және белгіленген тәртіп бойынша бекітілген сметаны мақсатты пайдалануын жүзеге асырады.

10. Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу ресми Веб-порталына тиісті ақпараттар орналастырады;

11. Бөлімдегі қаражатты мақсатты, уақытылы және толық игеруін қамтамасыз етеді;

11. Бөлім бастығы жүктеген басқа да міндеттерді атқарады.
11. Ветеринария жөніндегі бас маман қызметінің негізгі міндеттері мен бағыттары
1.Өзіне жүктелген міндеттердің орындалуына жеке жауап береді.

2. ҚР Заңдарының, ҚР Президенті жарлықтары және өкімдерінің, Үкімет қаулыларының, облыс және аудан әкімі шешімдері мен өкімдерінің, облыс және аудан әкімдіктерінің қаулыларын орындалуына бақылауды жүзеге асырады;

3. Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды және жоюды ұйымдастырады.

4. Жергілікті өкілді органға елді мекендерде жануарларды ұстау, иттер мен мысықтарды серуендету ережелерін, жануарларды ұстаудың санитарлық аймақтарының шекараларын белгілеу жөніндегі ұсыныстарды бекітуге енгізу;

5. Мал көмінділерін (биотерминалық шұңқырларды) салу және оларды ветеринариялық нормативтерге сәйкес күтіп ұстауды қамтамасыз ету;

6. Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы нормативті актілердің орындалуын қадағалау және жүргізілетін ветеринариялық іс-шаралардың орындалуы туралы мүдделі тұлғаларға ақпарат беруді ұйымдастыру және қамтамасыз ету;

7. Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен ветеринариялық есепке алуды және есептілікті жүргізеді және оларды ұсынады.

8. Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі іс-шарларды өткізуді және ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру бойынша дерекқорды жүргізуді ұйымдастырады.

9. Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу үшін ветеринариялық мақсаттағы бұйымдар мен атрибуттарды, жануарға арналған ветеринариялық паспортты мемлекеттік сатып алуды және тасымалдауды жүзеге асырады.

10. Жануарлардың жұқпалы ауруларының таралуының алдын алуға және жоюға бағытталған карантиндік режимді немесе шектеу іс-шараларын жүргізе отырып, карантиндік аймақтың ветеринариялық режимін белгілеу туралы ұсыныс шығарады.

11. Жануарлардың энзоотиялық ауруларының профилактикасы мен диагностикасы бойынша ветеринариялық препараттарды, олардың профилактикасы және диагностикасы жөніндегі қызметтерді мемлекеттік сатып алуды, оларды сақтауды ұйымдастыруды жүзеге асырады.

12. тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында қолданылатын ветеринариялық анықтаманы береді;

13. Бөлім бастығы жүктеген басқа да міндеттерді орындайды.

Шығыс Қазақстан облысы

«Үржар ауданының ауыл

шаруашылығы және ветеринария бөлімі»

мемлекеттік мекемесінің бастығы: А.Бексұлтанов

Похожие:

«бекітемін» Үржар ауданының әкімі Б. Жанақов icon«бекітемін» Үржар ауданының әкімі Б. Т. Жанақов қаңтар 2012 жыл
«Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Президент Жолдауын
«бекітемін» Үржар ауданының әкімі Б. Жанақов icon«Бекітемін» Үржар ауданының әкімі Б. Т. Жанақов 2012 жыл
Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» Жолдауына...
«бекітемін» Үржар ауданының әкімі Б. Жанақов icon«Бекітемін» Үржар ауданының әкімі
...
«бекітемін» Үржар ауданының әкімі Б. Жанақов iconБекітемін: Үржар ауданының әкімі Б. Жанаков 2012 жыл
«Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту-Қазақстан дамуының басты бағыты» 2012 жылғы 27 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Президенті...
«бекітемін» Үржар ауданының әкімі Б. Жанақов icon«бекітемін» Арал ауданының әкімі Н. Т. Мұсабаев
Арал ауданының әкімі Н. Т. Мұсабаевтың аудан халқының алдында берген есептерінде тұрғындардан түскен ұсыныс-пікірлер мен сын-ескертпелердің...
«бекітемін» Үржар ауданының әкімі Б. Жанақов iconБекітемін бұқар жырау ауданының әкімі Е. Нашаров бұқар жырау ауданының әкімі аппаратының
АӨК, селолық аймақтардың дамуы бағдарламаларын жүзеге асыру бойынша кеңес (В. П. Лавриков)
«бекітемін» Үржар ауданының әкімі Б. Жанақов iconБекітемін Айыртау ауданының әкімі Е. Айнабеков
...
«бекітемін» Үржар ауданының әкімі Б. Жанақов icon«Бекітемін» Шарбақты ауданының әкімі С. Смағұлов
О. С. селолық округ әкімі, Миронец И. И. Шарбақты электр жүйесі бастығы (келісіммен)
«бекітемін» Үржар ауданының әкімі Б. Жанақов icon«бекітемін». Атбасар ауданының әкімі Р.Әубәкіров

«бекітемін» Үржар ауданының әкімі Б. Жанақов icon«Бекітемін» Іле ауданының Әкімі Н. Логутов 2011ж
...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница