Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің бұйрығы 2012 жылғы 31 қаңтар №31 Астана қаласы Нотариустардың нотариаттық іс-әрекет жасау ережесін бекіту туралы




НазваниеҚазақстан Республикасының Әділет министрлігінің бұйрығы 2012 жылғы 31 қаңтар №31 Астана қаласы Нотариустардың нотариаттық іс-әрекет жасау ережесін бекіту туралы
страница1/6
Дата конвертации10.07.2013
Размер0.57 Mb.
ТипДокументы
  1   2   3   4   5   6
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің бұйрығы

2012 жылғы 31 қаңтар №31 Астана қаласы

Нотариустардың нотариаттық іс-әрекет жасау

ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы

Әділет министрінің

2012 жылғы 31.01

31 бұйрығы

Астана қаласы

«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 32-бабы 2) тармақшасына сәйкес бұйырамын:

1. Бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Нотариустардың нотариаттық іс-әрекет жасау ережесі бекiтілсін.

2. Бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетінің төрағасына жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр Б. Имашев

Қазақстан Республикасы

Әділет министрінің

2012 жылғы «31» қантар

№ 31 бұйрығына

1 қосымша

Нотариустардың нотариаттық іс-әрекет жасау

тәртібі туралы ереже

1. Жалпы ережелер

1. Осы Ереже мемлекеттік нотариустар мен жекеше практикамен айналысатын нотариустардың (бұдан әрі - нотариус) нотариаттық іс-әрекеттер:

1) Мәміллерді куәландыру;

2) Мүлікті иеліктен алу туралы шарттарды куәландыру;

3) Мүлікті пайдалану тәртібі туралы шарттарды куәландыру;

4) Некелік келісім-шарттарды куәландыру;

5) Өсиеттерді куәландыру;

6) Сенімхаттарды куәландыру;

7) Кепілгерлік шарттарын куәландыру;

8) Шаруашылық серіктестіктерінің құрылтай құжаттарын куәландыру;

9) Мұрамен сенімгерлік басқарушыны тағайындау;

10) Мұраға құқық туралы куәліктер беру;

11) Жұбайлардың және ортақ бірлескен меншік құқығы негізінде мүлкі бар басқа адамдардың ортақ мүліктегі үлесіне меншік құқығы туралы куәліктер беру;

12) Мүлікті иеліктен алуға тыйым салу және тыйымды жою;

13) Құжаттардың көшірмелері мен олардан алынған үзінділердің дұрыстығын куәландыру;

14) Құжаттардағы қолдардың түпнұсқалығын куәландыру;

15) Құжаттардың бір тілден екінші тілге аудармасының дұрыстығын куәландыру;

16) Фактілерді куәландыру;

17) Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін басқа жеке және заңды тұлғаларға беру;

18) Ақшаларды депозитке қабылдау;

19) Вексельдер наразылықтарын жасау;

20) Құжаттарды және бағалы қағаздарды сақтауға қабылдау;

21) Теңіз наразылықтарын жасау:

22) Дәлелдерді қамтамасыз етуді жасау тәртібін белгілейді.

2. Нотариаттық іс-әрекеттер нотариаттық кеңсенің үй-жайында, үй-жайдан тыс жерлерде де жасалуы мүмкін. Егер нотариаттық іс-әрекеттер мемлекеттік нотариат кеңсесі немесе жекеше нотариустың үй-жайынан тыс жерлерде жасалса, онда құжаттағы куәландыру жазбасында және нотариаттық іс-әрекеттерді тіркеуге арналған тізілімде, Бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйенің (бұдан әрі – БНАЖ электрондық тізілімі) электрондық тізілімінде нотариаттық іс-әрекеттер жасалған орынның мекен-жайы және уақыты көрсетіле отырып жазылады.

Нотариаттық іс-әрекеттер сапарға шығып жасалынғанда мүдделі тұлғаның өтініші негізінде жасалады және ол тұрақты сипатта болмайды.

3. «Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 40-бабына сәйкес нотариаттық iс-әрекеттер бұл үшiн барлық қажеттi құжаттар табыс етiлiп, мемлекеттiк нотариус немесе осы Заң арқылы нотариаттық iс-әрекеттер жасауға уәкiлдiк берiлген адамдар нотариаттық iс-әрекеттер жасаған жағдайда мемлекеттiк баж төлеген не жекеше нотариустың нотариаттық iс-әрекеттерiне ақы төленген күнi жасалады.

Нотариаттық іс-әрекеттер жасау Заңның 41-бабындағы негіздер бойынша кейінге қалдырылуы немесе тоқтата тұруы мүмкін.

4. Баланың заңды өкілі оның ата-аналары (ата-анасы), асырап алушылары, қорғаншысы немесе қамқоршысы, патронат тәрбиешісі және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қамқоршылықты, білім беруді, тәрбиелеуді, баланың құқықтары мен мүдделерін жүзеге асыртын өзге де алмастыратын адамдар (бұдан әрі – баланың заңды өкілдері) болып табылады.

5. Заңның 42-бабына сәйкес нотариус нотариаттық іс-әрекет жасаған кезде нотариаттық іс-әрекет жасауға келген адамның жеке басын куәландыратын құжаты бойынша оның жеке басын белгілейді.

Жеке басты куәландыратын құжаттарына (бұдан әрі-жеке басты куәландыратын құжат) мыналар жатады:

1) Қазақстан Республикасы азаматының паспорты;

2) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаты;

3) Қазақстан Республикасындағы шетелдіктің ықтиярхаты;

4) азаматтығы жоқ адамның куәлігі;

5) босқынның куәлігі;

6) шетелдік азаматтың ұлттық паспорты.

16 жасқа толмаған кәмелеттік жастағы адамның жеке басын баланың заңды өкілдерінің бірі оның туу туралы куәлігінің және баланың заңды өкілінің жеке ьбасын куәландыратын құжатының негізінде растайды.

6. БНАЖ арқылы «Жеке тұлғалар» мемлекеттік деректер қорында нотариаттық іс-әрекет жасауға келген адамдар мен олардың Қазақстан Республикасының уәкілетті органдары берген заңды өкілдерінің құжаттары салыстырылып тексеріледі.

7. Заңның 43-бабына сәйкес нотариус мәмілелерге қатысушы жеке тұлғалардың іс-әрекетке қабілеттілігін және заңды тұлғалардың құқық қабілеттілігін анықтайды.

Жеке тұлғалардың әрекетке қабілеттілігі оның жеке басын куәландыратын құжатын берген кезде анйқталады.

Заңды тұлғалардың, оның ішінде Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген шетелдіктің құқық қабілеттілігі оның мемлекеттік тіркеу туралы куәлігі және заңды тұлғаның Жарғысы (Ережесі) бойынша, сондай-ақ БНАЖ арқылы «Заңды тұлғалар» мемлекеттік деректер қорында айқындалады. Егер ол заңды тұлғалардың Жарғысында (Ережесінде) көрсетілген мақсаттар мен міндеттерге қайшы келетін болса, нотариаттық іс-әрекет жасалынбайды.

Заңды тұлға басшысының өкілеттіктері Жарғысы (Ережесі), заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлігі, оны қызметіне тағайындау туралы бұйрығы (шешімі) бойынша тексеріледі.

Заңды тұлға өкілінің, сондай-ақ филиалдың (өкілдіктің) басшысының өкілеттілігі оның басшысының, оның құрылтай құжаттарымен уәкілетті тұлғаның қолымен берген, осы ұйымның мөрімен бекітілген сенімхат бойынша анықталады.

Жеке тұлға өкілінің өкілеттігі Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 167-бабына сәйкес берілген сенімхат бойынша анықталады.

БНАЖ бойынша нотариус сенімхат беру фактісін тексереді.

8. Ата-аналардың өздерінің кәмелетке толмаған балаларының мүдделерін білдіру жөніндегі өкілеттіктері баланың тууы туралы куәлігі бойынша, қамқоршылыққа алынушыға (қорғаншылыққа алынушыға) қатысты қамқоршының (қорғаншының) өкілеттілігі - қамқоршы және қорғаншы органдардың шешімімен анықталады. Ата-аналардың, қамқоршының (қорғаншының) жеке басы осы Ереженің 4-тармағында көрсетілген құжаттардың негізінде белгіленеді, сондай-ақ «Жеке тұлғалар» мемлекеттік деректер қорында және «АХАЖ» ақпраттық жүйесінде БНАЖ арқылы салыстырылады.

Нотариус неке туралы мәліметті «АХАЖ» ақпараттық жүйесінде БНАЖ арқылы тексереді.

9. Нотариус куәландыратын мәмілелерге, өтінішке қатысушылар нотариустың қатысуымен қол қояды, онда тек қол қойып қана қоймай, тегін, атын, әкесінің атын (бұдан әрі – аты-жөні) (болған жағдайда) өз қолымен жазып қояды.

10. Егер нотариаттық іс-әрекет жасауды өтінген жеке тұлға дене кемістігі салдарынан немесе әлдебір өзге себептермен өзі қол қоя алмаса, оның өтініші бойынша және оның қатысуымен, сондай-ақ нотариустың қатысуымен нотариаттық іс-әрекет жасауды өтінген адамның, бұл туралы құжаттың өзіндегі мәтінде және нотариус тексерген, куәландырған жазбасында белгі жасауды құжатқа қол қоя алмау себептерін көрсете отырып, мәмілеге, өтінішке немесе өзге құжатқа басқа адам қол қоя алады.

Нотариус басқа адамның әрекетке қабілеттілігін оның жеке басын куәландыратын құжатын берген кезде әрекетке қабілеттілігін анықтайды.

11. Егер нотариаттық іс-әрекет жасауды өтінген адам керең, мылқау немесе керең әрі мылқау болса, онда нотариаттық іс-әрекет жасау кезінде мәмілеге қатысушы керең, мылқау, керең әрі мылқау адаммен түсінісе алатын кез-келген адам қатысады және мәміленің мазмұны нотариаттық әрекет жасауға келген адамның ниетіне сәйкес екендігін өзі қол қоюмен куәландырады.

12. Егер адам сауатсыздығынан немесе дене кемістігінің (нашар көруі немесе мүлдем көрмеуі) салдарынан нотариаттық куәландырылатын құжаттың мазмұнымен таныса алмаса, онда нотариус оған құжаттың мәтінін оқып беруге міндетті, ол туралы құжатқа белгі қойылады.

13. Егер адам нотариаттық іс жүргізу тілін білмесе, онда нотариаттық куәландырылатын құжаттың мәтінін осы тілді білетін нотариус немесе аудармашы аударылған болса, ол туралы құжатқа белгі қойылады.

14. Нотариаттық куәландырылатын мәтінде немесе куәландырылатын құжатта оның мазмұнына қатысты күні кемінде бір рет сөздермен жазылуы тиіс.

15. Егер нотариаттық іс-әрекет жасауға заңды тұлға келген болса, оның атауы, бизнес сәйкестендіру нөмірі және заңды мекенжайы көрсетіледі.

Нотариаттық іс-әрекет жасауға жеке тұлға келген кезде, жеке басты куәландыратын құжаты бойынша ол туралы мәлімет, оның тұратын жерінің мекенжайы, жеке сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі.

Мәмілелерді шетелдік азаматтың атынан куәландырған кезде олардың азаматтығы жоқ адамдарға қатысты азаматтығы – ол туралы мәлімет көрсетіледі.

16. Нотариус нотариаттық іс-әрекет жасауға нотариаттық іс жүргізу тілінен өзгеше тілде жасалған, аудармасы тиісінше ресімделмеген, сондай-ақ өшірілген, қосылып жазылған, сызылған немесе өзге де келісілмеген түзетулері бар, қарындашпен жазылған құжаттар, сондай-ақ мөр бедерлемесі анық көрінбейтін құжаттарды қабылдамайды.

Егер ұсынылған құжаттар екі не одан көп парақтардан тұрса, олар бауланады, парақты нөмірленеді, ал бауланған парақтардың саны құжат беруші ұйымның лауазымды адамының қолымен және мөрімен расталады.

17. Нотариаттық куәландырылған құжатта нотариус азаматтық құқықтар мен міндеттерді өзгертуді, тоқтатуды болдырмайтын, сондай-ақ үшінші тұлғалардың мүдделерін заңмен қорғайтын құқықтарына қатысты емес орфографиялық, грамматикалық немесе техникалық қателіктерді түзетуі мүмкін, куәландыратын жазбаның соңында нотариустың қолы мен мөрі қойылады.

18. Нотариус нотариаттық іс-әрекеттерді жасау үшін келген тұлғаға оның құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді, сондай-ақ заңдық хабарланбауы оған зиянын тигізбеуі үшін жасалынатын нотариаттық іс-әрекеттердің салдарларын ескертеді (Заңның 18-бабы 1-тармағының 2 тармақшасы).

19. Мәмілелерді куәландырғанда, нотариаттық куәландырылған құжаттардың телнұсқасын бергенде құжаттардың көшірмелері мен олардан алынған үзінділердің дұрыстығын, құжаттарға қойылған қолдың түпнұсқалығын, құжаттардың бір тілден екінші тілге дұрыс аударылғанын, құжаттардың берілген уақытын куәландырғанда тиісті құжаттарға нотариустың жеке қолы қойылып куәландыру жазбасы жасалады және оның мөрі басылады.

20. Куәландыру жазбасының мәтіні техникалық құралдармен (жазба машинасымен, дербес компьютермен) немесе қолдан анық жазылып орындалады, өшірулерге, түзетулерге, жөндеулерге жол берілмейді. Куәландырушы жазбаларды жасау үшін тиісті жазбасы бар мөртабан қолданылуы мүмкін. Құжаттағы куәландырушы жазба осы бетте немесе құжаттың артқы бетінде азаматтардың қолтаңбасынан кейін қойылады.

21. Егер куәландыру жазбасы тиісті құжатқа сыймай қалса, ол құжатқа қосылған парақта жалғастырылуы немесе толық жазылуы мүмкін. Бұл жағдайда құжаттың мәтіні көрсетілген беттер және куәландыру жазбасы бауланып тігіледі және нөмірленеді, парақтардың саны нотариустың қолымен расталып, мөрімен бекітіледі.

22. Мұрагерлік құқық, меншік құқығы, азаматтың тірі екендігі және белгілі жерде орналасу фактісін, жеке және заңды тұлғалардың басқа жеке және заңды тұлғаларға өтініштер беруін, құжаттар сақтауға қабылданғанын куәландырған кезде куәліктер беріледі.

Сенім білдірілген басқарушы мұраны тағайындаған кезде нотариус қаулы шығарады.

23. Барлық нотариаттық іс-әрекеттер нотариаттық іс-әрекеттерді тіркеу тізілімінде және БНАЖ электрондық тізілімінде тіркеледі.

24. Нотариаттық іс-әрекеттерді нотариаттық іс-әрекеттерді тіркеу тізілімінде және БНАЖ электрондық тізілімінде тіркеу тек куәландырушы жазбаға немесе берілетін құжатқа нотариус қол қойған соң ғана жүргізіледі.

25. Негізінде нотариаттық іс-әрекеттер жасалынатын құжаттар куәліктің не мәміленің нотариуста қалатын данасына қоса тігіледі. Түпнұсқалы құжаттарды оларды алып келген тұлғаларға қайтару қажет болған жағдайда нотариус олардың көшірмелерін өзіне қалдырады. Нотариустың істерінде қалатын құжат көшірмелерінің дұрыстығы түпнұсқамен көшірмесі дұрыс келетініні көрсетіліп, күні мен нотариустың қолы қойылып, нотариустың жазбасымен куәландырылады.

26. Нотариаттық іс-әрекеттер туралы мәліметтер Заңның 3-бабына сәйкес қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген мақсатта және тәртіппен ұсынылады.

27. Нотариаттық іс-әрекеттер туралы мәліметтер, нотариаттық куәландырылған көшірмелер, сондай-ақ нотариустар берген құжаттар жеке және заңды тұлғаларға тапсырмасы бойынша нотариаттық іс-әрекет жасалынған адамның немесе олардың уәкілетті адамдарының атынан беріледі.

Нотариус куәландырған немесе берген құжаттар жоғалған жағдайда заңды және жеке тұлғалардың жазбаша өтініштері бойынша олардың атынан немесе тапсырмасы бойынша осы нотариаттық іс-әрекет жасалған, не олардың уәкілетті адамдарының жоғалған құжаттардың телнұсқалары беріледі.

Құжат телнұсқасы куәландырылған немесе берілген құжаттың барлық мәтінін, нотариустың куәландырылған жазбасымен қоса қамтуы тиіс.

Егер, нотариус телнұсқаны сенімді тұлғаға сенімхат негізінде берген жағдайда, куәландырылған жазбада дубликат алушы адамның аты-жөні жазылады.

28. Өсиеттер, өсиеттердің телнұсқалары мен көшірмелері туралы мәліметтер мұрагерлерге тек өсиет қалдырушы қайтыс болғаннан кейін қайтыс болғаны туралы куәлікті тапсырған кезде беріледі. Өсиетте көрсетілген мұрагерлер қайтыс болған жағдайда өсиеттің телнұсқасы олардың мұрагерлеріне олар өсиет қалдырушы мен өздері одан кейін мұрасын иеленетін, сондай-ақ мұрагерлiктi қабылдау үшiн негiз болып табылатын туыстық және басқа да қарым-қатынасты дәлелдейтiн құжаттар қайтыс болған мұрагердің қайтыс болғаны туралы куәлікті ұсынған жағдайда беріледі.

29. Қайтыс болу фактісі, мұрагерлікті қабылдауға негіз болатын туысқандық қатынастар нотариусқа ұсынылған құжаттар бойынша айқындалады. Егер нотариусқа берілген құжаттарды Қазақстан Республикасының уәкілетті органдары берген жағдайда «Жеке тұлғалар» мемлекеттік деректер қорында, «АХАЖ» ақпараттық жүйесінде БНАЖ арқылы мәліметтер тексеріледі.

30. Нотариус нотариаттық іс-әрекет жасаудан Заңның 48-бабында көзделген негіздер бойынша, сондай-ақ нотариаттық іс-әрекет жасауға алкогольдік, есірткілік, токсикологиялық масаю халінде келген адамдар келген кезде бас тартады.

31. Нотариаттық іс-әрекет жасау кезінде нотариус нотариаттық іс-әрекет жасаудан бас тарту туралы қаулы шығарады.

Нотариаттық іс-әрекет жасаудан бас тарту туралы қаулыда мыналар көрсетіледі:

1) қаулы шығарған күні;

2) нотариустың аты-жөні, мемлекеттік нотариаттық кеңсенің атауы, лицензияның нөмірі мен берген күні;

3) нотариаттық іс-әрекет жасауға келген адамның аты-жөні, оның тұрғылықты жері (немесе заңды тұлғаның атауы мен мекенжайы);

4) нотариаттық іс-әрекеттің атауы;

5) нотариаттық іс-әрекет жасаудан бас тартудың себептері (заңнамаға сілтемесімен);

6) бас тартуға шағымданудың тәртібі мен мерзімдері.
  1   2   3   4   5   6

Похожие:

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің бұйрығы 2012 жылғы 31 қаңтар №31 Астана қаласы Нотариустардың нотариаттық іс-әрекет жасау ережесін бекіту туралы iconҚазақстан Республикасы Әділет министрлігінің бұйрығы 2012 жылғы 28 наурыз №132 Астана қаласы
«Электрондық мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2011 жылғы 27 маусымдағы...
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің бұйрығы 2012 жылғы 31 қаңтар №31 Астана қаласы Нотариустардың нотариаттық іс-әрекет жасау ережесін бекіту туралы iconҚазақстан Республикасы Әділет министрлігінің бұйрығы 2011 жылғы 20 қаңтар №18 Астана қаласы Жеке сот орындаушылары қаулыларының үлгі нысандарын бекіту туралы
«Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» 2010 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңы 10-бабының...
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің бұйрығы 2012 жылғы 31 қаңтар №31 Астана қаласы Нотариустардың нотариаттық іс-әрекет жасау ережесін бекіту туралы iconҚазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің бұйрығы 2011 жылғы 11 шілде №360 Астана қаласы Радиациялық бақылауды жүргізу ережесін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» 2010 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Кодексі 192-бабының 4-тармағына...
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің бұйрығы 2012 жылғы 31 қаңтар №31 Астана қаласы Нотариустардың нотариаттық іс-әрекет жасау ережесін бекіту туралы iconҚазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2012 жылғы 31 қаңтардағы №33 бұйрығы «Нотариат туралы»
Нотариаттық куәліктердің, қаулылардың, нотариустермен куәландырған құжаттардағы және мәмілелердегі куәландыру жазбаларының нысанын...
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің бұйрығы 2012 жылғы 31 қаңтар №31 Астана қаласы Нотариустардың нотариаттық іс-әрекет жасау ережесін бекіту туралы iconНотариаттық іс жүргізу жөніндегі ережені бекіту туралы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2012 жылғы 31 қаңтардағы №32 бұйрығы
«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 32-бабы 3 тармақшасына сәйкес бұйырамын
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің бұйрығы 2012 жылғы 31 қаңтар №31 Астана қаласы Нотариустардың нотариаттық іс-әрекет жасау ережесін бекіту туралы iconҚазақстан Республикасы Әділет министрлігінің бұйрығы 2011 жылғы 25 тамыз №296 Астана қаласы Жеке сот орындаушысының куәлігінің, жеке мөрі мен жетонының үлгілерін бекіту туралы
«Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 2 сәуірдегі Заңының 154-бабына...
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің бұйрығы 2012 жылғы 31 қаңтар №31 Астана қаласы Нотариустардың нотариаттық іс-әрекет жасау ережесін бекіту туралы iconҚазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің бұйрығы 2012 жылғы 20 маусым №352 Астана қаласы «Телерадио хабарларын тарату жүйелерінің техникалық пайдалану ережесін бекіту туралы»
Республикасы Көлік және коммуникация Министрінің 2012 жылғы 23 маусымдағы №352 бұйрығы
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің бұйрығы 2012 жылғы 31 қаңтар №31 Астана қаласы Нотариустардың нотариаттық іс-әрекет жасау ережесін бекіту туралы iconРегламенттерін бекіту туралы «Әкімшілік рәсімдер туралы»
Республикасының Мұнай және газ министрлігінің бұйрығы 2012 жылғы 24 тамыз №145 Астана қаласы
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің бұйрығы 2012 жылғы 31 қаңтар №31 Астана қаласы Нотариустардың нотариаттық іс-әрекет жасау ережесін бекіту туралы iconҚазақстан Республикасы Әділет министрлігінің бұйрығы 2011 жылғы 29 маусым №244 Астана қаласы
«Зияткерлік меншік объектілері және материалдық емес активтердің құнын бағалау» бағалау стандартын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің бұйрығы 2012 жылғы 31 қаңтар №31 Астана қаласы Нотариустардың нотариаттық іс-әрекет жасау ережесін бекіту туралы iconНотариаттық округтегі ең аз нотариустар санын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 31 қаңтардағы №34 бұйрығы
«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 21-1-бабының 1-тармағына сәйкес БҰйырамын
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница