Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің бұйрығы 2012 жылғы 31 қаңтар №31 Астана қаласы Нотариустардың нотариаттық іс-әрекет жасау ережесін бекіту туралы




НазваниеҚазақстан Республикасының Әділет министрлігінің бұйрығы 2012 жылғы 31 қаңтар №31 Астана қаласы Нотариустардың нотариаттық іс-әрекет жасау ережесін бекіту туралы
страница2/6
Дата конвертации10.07.2013
Размер0.57 Mb.
ТипДокументы
1   2   3   4   5   6

32. Егер нотариус жіберілген қатенің салдарынан өзінің жасаған нотариаттық іс-әрекеті қолданылып жүрген заңдарға қайшы келгенін немесе заңды және жеке тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзғанын анықтаса, онда ол бұл туралы мүдделі тұлғалардың назарына жеткізеді және сотқа жүгіну тәртібін оларға түсіндіреді (жасалынған нотариаттық іс-әрекеттердіің күшін жою үшін).

Жіберілген қателер фактісі туралы нотариус ол анықталған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде аумақтық әділет органдарына және аумақтық нотариаттық палатаға хаьарлайды.

33. Нотариаттық іс-әрекеттер жасаған кезде нотариус Заңның 100-105-баптарына сәйкес басқа да елдердің құқық нормаларын қолданады.

34. Нотариус жылжымайтын мүліктермен мәмілелерді куәландырған кезде және мұраға құқығы туралы куәлікті берген кезде «Жылжымайтын мүлік тіркелімі» мемлекеттік деректер қорында БНАЖ арқылы жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және олардың техникалық сипаттамалары туралы анықтаманы сұратады.

Нотариустың «Жылжымайтын мүлік тіркелімі» мемлекеттік деректер қорынан БНАЖ арқылы алған, тіркеуші органның басшысының, оны алмастырушысының (белгіленген қызметтік міндеттерін бөлуге сәйкес) цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтама тіркеуші мемлекеттік органның мөрімен куәландырылған анықтамамен тең қабылданады.

2. Мәмілелерді куәландыру

35. Нотариус тараптарға олар табыс еткен мәмілелер жобасының мазмұны мен мағынасын түсіндіреді, сондай-ақ оның мазмұны тараптардың шын ниеттеріне сәйкес келетінін және заң талаптарына қайшы келмейтінін тексереді.

36. Кәмелеттік жасқа жетпегендердің немесе қорғаншы мен қамқоршысы бар басқа адамдардың мүлкінің кемуіне әкеп соқтыратын кез-келген мәмілелерді жасаған кезде осындай мәмілені жасауға қорғаншы мен қамқоршының келісімін талап ету қажет.

37. Мемлекеттік тіркеуден өткен жылжымайтын мүлікті иеліктен айыру туралы шарт бұзылған жағдайда нотариус шартты бұзу туралы келісімді куәландырады.

38. Мемлекеттік тіркеуден өткен жылжымайтын мүлікті иеліктен айыру туралы шартты бұзу туралы келісімді нотариус жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтаманың негізінде шарт бұзылған сәтте куәландырады, оны қағаз нұсқасында және нотариаттық іс-әрекеттерді тіркеу тізілімінде тіркейді және құқықты белгілейтін құжатты мүліктің иесіне қайтарылады, келісімнің данасы шартқа қоса тігіледі.

39. Тіркеуші органда тіркеуден өтпеген шарт оның барлық даналарында, сондай-ақ нотариаттық іс-әрекеттерді тіркеу тізілімінде және БНАЖ электрондық тізілімінде жазба жасау арқылы тараптардың бірлескен жазбаша өтініштері негізінде бұзылады.

Бұл ретте құқығын белгілеуші құжаттар мүлікті иеленушіге қайтарылуы тиіс. Тараптардың қалауы бойынша нотариус шартты бұзу туралы келісімді куәландырады.

Көрсетілген шарттарды бұзған кезде бұрын алынған мемлекеттік баж және осы шарттарды куәландыру үшін құқықтық және техникалық сипаттағы қызметтердің төлемдері тараптарға қайтарылмайды.

40. Сыйға тарту шартында егер сыйға тартушы сыйлық алушыдан кейін тірі қалатын болса, сыйға тартудың күшін жою құқығы көрсетілуі мүмкін.

Бұл ретте (сыйлық алушы қайтыс болған жағдайда) нотариус сыйға тартушының жазбаша өтініші бойынша құқықты белгілеуші құжаттарды сыйлық алушының қайтыс болғаны туралы куәліктің негізінде қайтарады. Өтініш пен сыйлық алушының қайтыс болғаны туралы куәлік нотариустың істерінде сақталатын сыйға тарту шартының данасына қоса тіркеледі. Сыйға тарту шартының барлық даналарында, сондай-ақ тізілімде сыйға тартуды жойғаны туралы белгі жасалынады.

41. Соттың заң күшіне енген шешіміне сәйкес мәміле жарамсыз деп танылған кезде, нотариус бұл туралы нотариалдық әрекеттерді тіркеу тізілімінде, БНАЖ электрондық тізілімінде белгі қояды және құқықты белгілеуші құжаттарды мүлік иесіне қайтарады.

42. Мәмілелердің мазмұны баяндалатын құжаттар данасының саны нотариаттық іс-әрекет жасауға өтініш берген адамдардың санымен белгіленеді, бірақ екі данадан кем болмауы тиіс, құжаттардың бір данасы нотариустың ісінде қалады.
3. Мүлікті иеліктен айыру туралы шарттарды куәландыру

43. Меншік иесінің ортақ бірлескен меншіктегі немесе үлеске меншік құқығындағы мүліктің үлесін алуы барлық қатысушылардың келісімімен жүргізіледі.

Нотариаттық куәландыруды немесе мемлекеттік тіркеуді талап ететін мәмілелерді жасау кезінде нотариус мәмілелерді жасауға ортақ бірлескен меншіктің басқа қатысушыларының келісімі туралы өтінішті талап етуге міндетті.

44. Жұбайлардың біреуі жұбайлардың ортақ мүлкіне билік ету жөніндегі мәміле жасасқан кезде, егер неке шартымен мүліктің өзге тәртібі белгіленбеген болса, екіншісінің келісімі керек болады.

Жұбайлардың некеге дейінгі немесе мұраға алу тәртібінде өтеусіз мәміле негізінде сатып алған мүлігін иеліктен айыру жөніндегі мәмілені қоспағанда, сондай-ақ жұбайлардың неке шарты негізінде бөлек меншік ретіндегі мүліктерін иеліктен айыру жөніндегі мәмілелерді қоспағанда, жұбайлардың біреуі жылжымайтын мүлікке билік ету жөніндегі мәмілені және белгіленген тәртіппен нотариаттық куәландыруды және (немесе) тіркеуді талап ететін мәмілені жасасу үшін жұбайлардың екіншісінің нотариаттық куәландырылған келісімін не иеліктен айыруға жататын мүлік иесінің некеде тұрмайтыны туралы өтінішті талап ету қажет. Соңғы жағдайда нотариусқа неке шарты ұсынылды. Бұл ретте шарттың мәтінінде мүлік жұбайының келісімі көрсетіледі.

жұбайлардың некелік қарым-қатынастарын нотариус неке туралы куәлік бойынша тексереді, бұл туралы өтініште белгі жасайды және куәліктің нөмірін және берілген күнін, құжатты берген органның атауын көрсетеді.

Мүлік иесі берген сенімхаттың негізінде мүлікті иеліктен айыру жөніндегі мәмілені куәландырған кезде, егер оған осы нотариаттық іс-қимылды жасауға уәкілеттік берілген болса, сенім білдірілген адамнан некелік қатынасының жоқтығы туралы өтініш алынып қойылады.

Егер жұбайыбының біреуі Қазақстан Республикасында ықтиярхаты жоқ шетелдің азаматы болса, сондай-ақ неке шартында жұбайлар арасында бөлек меншік режимі (Жер кодексінің 23-бабында көрсетілген) белгіленбеген болса, пәтерлер, тұрғын үйлер, жер учаскелерін сатып алу жөніндегі шарттар («Шетелдiктердiң құқықтық жағдайы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы), нотариаттық куәландыруға жатпайды.

45. Егер мүлікті иеліктен айыруға келісім өтініште мүліктің кімге иеліктен айырылып жатқаны, оның бағасы мен басқа да шарттары көрсетілген жағдайда нотариус осы шарттардың сақталуын тексереді.

46. Ортақ үлестік меншіктің үлесі сатылған кезде нотариус Кодекстің 216-бабының нормаларын басшылыққа алады.

Ортақ үлестік меншіктің басқа қатысушыларын үлесінің сатылатыны туралы хабарлаудың дәлелдемелері мыналар болып табылады:

1) ортақ үлестік меншік қатысушысының басымдықты сатып алу құқығынан бас тарту, қолтаңбасының түпнұсқалы екендігі нотариалды куәландырған өтініші;

2) қолтаңбасының түпнұсқалылығы нотариалды куәландырылған, нотариусқа ортақ үлестік меншік қатысушыларын үлесті сату ниеті туралы хабарландыру үшін берілген үлесті сатушының өтініші, сондай-ақ осы өтініш ортақ үлестік меншік қатысушысына қолмен берілгені туралы пошталық немесе өзгедей хабарлама.

47. Жер учаскесіне меншік құқығын (жерді пайдалану құқығын) тиісті иелектен айырусыз жер учаскесінде орналасқан жылжымайтын мүлікті иеліктен айыруға жол берілмейді.

48. Жылжымайтын мүлікті иеліктен айыру шартын куәландырған кезде нотариус жер учаскесіне құқығын белгілейтін, сәйкестендіру құжаттарын талап етеді және жер учаскесін меншіктенушінің (жерді пайданушыны) оған тиісті құқықтарды иеліктен айыру жөніндегі өкілеттіктерін айқындайды.

Бұл ретте нотариус құқық иесі туралы және құқығын белгілеуші құжатында көрсетілген жылжымайтын мүлік объектісінің сәйкестендіру сипаттамалары туралы мәліметтерді құқық иесі болып табылатын жеке тұлғалардың жеке бастарын куәландыратын құжаттарымен немесе заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы куәліктерімен және объектінің техникалық паспортымен салыстырып тексереді.

Олардың мәліметтері өзгерген жағдайда «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес міндетті мемлекеттік тіркелуі тиіс. Өзгерістерді тіркеу тіркеуші органның тиісті жазбасын құқықтық белгілеуші құжатта қою арқылы жүргізіледі және қолтаңба мен мөрмен бекітіледі.

Нотариус кондоминиум құрамында тұрған тұрғын және тұрғын емес үй-жайларды иеліктен айырған кезде жер учаскесіне сәйкестендіру құжаттарын талап етпейді.

49. Нотариус мыналарды:

1) шетел азаматтарының, азаматтығы жоқ адамдардың және шетелдiк заңды (мемлекеттiк емес) тұлғалардың тауарлы ауылшаруашылық өндiрiсiн жүргiзуге және орман өсіруге арналған жер учаскелердi (Қазақстан Республикасы Жер Кодексiнiң 23-бабы );

2) шетел азаматтарына, азаматтығы жоқ адамдарға, ауылшаруашылығы мақсатында шаруа (фермер) қожалығын жүргiзу үшiн (Қазақстан Республикасы Жер Кодексiнiң 24-бабы) арналған жер учаскелерiн;

3) мемлекеттiк емес заңды тұлғалардың, шетел азаматтарының және азаматтығы жоқ адамдардың шаруа (фермер) қожалығын, өзiндiк қосалқы шаруашылық жүргiзу, бағбандық, жеке тұрғын үй және саяжай құрылысына арналған жер учаскелердi (Қазақстан Республикасы Жер Кодексiнiң 23-бабының, 3,4-тармақтары);

4) шетелдiк жер пайдаланушыларға тұрақты жер пайдалану құқығын (Қазақстан Республикасы Жер Кодексiнiң 34-бабы );

5) егер жер учаскесiнде орналасқан жылжымайтын мүлiктi не оның кепiлiн белгiленген тәртiппен иелiктен шығаруға қатысты болғанда мемлекеттiк жер пайдаланушының өзiне тиесiлi жер пайдалану құқығын (Қазақстан Республикасы Жер Кодексiнiң 39-бабы) иелiктен айыруды куәландырмайды.

50. Нотариус тараптарға жер учаскесін иеліктен алудың осы учаскеге ауыртпалық әкелмейтінін түсіндіреді (сервитут).

51. Нотариус жылжымайтын мүлікті иеліктен алу шарттарын куәландыру кезінде осы мүліктің тиесілігін құқықты белгілейтін құжаттың негізінде тексереді.

52. Бір жылдан аса мерзімге пайдалану құқығымен жылжымайтын мүлікті иеліктен алуға мына жағдайларда, егер:

1) мүлікті иеліктен алушы мен аталған құқық иегері арасындағы бір жылдан асатын мерзімге пайдалану құқығын беру туралы шарттың жағдайларымен осындай иеліктен алуға тікелей тыйым салмаса;

2) ауыртпалықты мүлікті иеліктен алуға бір жылдан аса мерзімге жылжымайтын мүлік құқығын пайдалану құқығына иегердің келісімі болса жылжымайтын мүлік меншік иесінің шартында мұндай келісім тікелей көзделген жағдайларда;

3) жылжымайтын мүлікті бір жылдан аса мерзімге пайдаланудың ауыртпалық құқығын сатып алушы нотариус арқылы алынатын мүлікті пайдалану құқығының барлығы және оның тоқтатылуы туралы хабарландырылсын жол беріледі.

53. Бір жылдан аса мерзімге пайдаланудың ауыртпалық құқығымен жылжымайтын мүлікті иеліктен алу туралы нотариаттық куәландырылатын шарттың мәтінінде, шарттың мәні осындай құқық ауыртпалығын көтеретіні және сатып алушы құқықты пайдалану иесімен қарым-қатынаста иеліктен алушының құқықтық мұрагері болып табылатыны туралы белгі жасалады.

54. Нотариус мына шарттарды сақтай отырып, кепілмен (ипотекамен) ауыртпалық салынған жылжымайтын мүлікті иеліктен алу шартын мына жағдайларда:

1) мұндай иеліктен алуға заң актілерімен, кепіл шартымен тыйым салынбаса және кепілдің болуынан туындамаса;

2) кепіл ұстаушының жазбаша келісімі болғанда;

3) кепіл ауыртпалығы бар жылжымайтын мүлікті сатып алушыны нотариус кепіл шартының шарттарымен хабарландырғанда куәландырады.

55. Кепіл ауыртпалығы бар жылжымайтын мүлікті иеліктен алу туралы нотариаттық куәландырылатын шарт мәтінінде шарт мәні кепіл ауыртпалығы бар екендігі туралы белгі соғылады.

Нотариус кепілі бар мүлікке меншік құқығын иеліктен айыру сатып алушы үшін кепіл ұстаушның негізгі міндеттері бойынша берешегінің ауысуына әкеп соқтыратынын түсіндіреді.

56. Құқық белгiлейтiн жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтамада көрсетiлген мүліктің техникалық сипаттамасы туралы мәлiметтер иеліктен айыру сәтіндегі жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтамада көрсетiлген мәлiметтермен сәйкес келмесе, нотариус осындай өзгерiстердің тiркелгенiн растайтын құжатты талап етедi.

57. Нотариус өмір бойы асырау шартын Кодекстің 530-539-баптарына сәйкес куәландырады.

58. Айырбастау шартын нотариус тараптардың таңдауы бойынша жылжымайтын мүліктің кез-келген объектісінің тұрған жері бойынша куәландырады, бұл ретте нотариус жылжымайтын мүлікке тыйым салу жоқ екендігі фактісін белгілейді.

59. Мiндеттi мемлекеттiк тiркеуге жатпайтын жылжымалы мүлiктi иеліктен айырған кезде (үлескердің тұрғын құрлыста қатысу үлесі туралы шарт бойынша талап ету құқығын басқаға беру шартын куәландыру) нотариус мыналарды талап етеді:

1) мүліктің меншіктенушіге тиесілі екендігін растайтын құжаттары;

2) егер олар кепіл беруші болған жағдайда уәкілетті органның «Жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» 1998 жылғы 19 қарашадағы № 1181 қаулысына сәйкес берген заңды және жеке тұлғаны, жеке кәсіпкерді салық төлеуші ретінде тіркеген жері бойынша жылжымалы мүлік кепілінің тізілімінен үзіндісі;

3) құрылыс салушының үлестік қатысу шарты бойынша толық есебі туралы, оның ішінде мүлікті меншіктенуге беру туралы құжатқа қол қоймағаны, құрылыс салушының иеліктен айыруға келісімі туралы мәліметтері;

4) тараптардың жұбайларының иеліктен айыруға (егер ол бірлескен некеде тұрған кезінде сатып алынған мүлік болса) немесе осы мүлікті сатып алуға нотариаттық куәландырылған келісімі немесе меншік иесінің және (немесе) сатып алушының иеліктен айыратын мүлікті сатып алған кезде некеде тұрмағаны туралы нотариаттық куәландырылған өтініші.

Осы Ереженің 59-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген құжат шартты куәландырғаны туралы белгісімен сатып алушыға қайтарылады, оның көшірмесі нотариустың сақтауында қалдырылады.

Тараптар беру актісін немесе үлестік құрылыс объектісін беру туралы өзге құжатына қол қойғанға дейін олар шарттың бағасын төлеген соң ғана үлестік құрылыс қатысушысының шарт бойынша талаптар құқығын басқаға беруіне жол беріледі.

60. Жылжымалы мүліктің жекелеген түрлерін иеліктен айыру шартын куәландырған кезде нотариус «Жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес құжаттарды талап етеді.

61. Көлік құралын иеліктен айыру шартын куәландырған кезде нотариус мыналарды талап етеді:

1) көлік құралын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті;

2) тіркеуші органдардың кепілдерінің және өзге де ауыртпалықтарының жоқ екендігі туралы анықтамасы не тіркеуші органның көлік құралын тіркеуден шығарғаны туралы белгісі;

3) тараптардың жұбайларының иеліктен айыруға (егер ол бірлескен некеде тұрған кезінде сатып алынған мүлік болса) немесе осы мүлікті сатып алуға нотариаттық куәландырылған келісімі немесе меншік иесінің және (немесе) сатып алушының иеліктен айыратын мүлікті сатып алған кезде некеде тұрмағаны туралы нотариаттық куәландырылған өтініші.

62. Жеке меншіктегі жылжымайтын мүлікті ақысыз пайдалануға не жалға беру туралы шарттарды куәландыру кезінде нотариус жылжымайтын мүлікке құқықтарын белгілейтін құжатын талап етеді.

Бұл ретте нотариус істе құқығын белгілейтін құжаттардың көшірмелерін қалдырады.

63. Заттай құқық негізінде жалға берушіге жататын мүлікті өтеусіз пайдалану немесе бір жылдан астам уақытқа жалдауға беру туралы шарт мемлекеттік тіркелуі тиіс.

Бұл ретте, нотариус шартты мемлекеттік тіркеу қажеттігі туралы түсіндіреді, ол туралы шарттың мәтінінде атап өтеді.

64. Жеке меншікте тұрған тұрғын үйді жалға (немесе уақытша тегін пайдалануға) беру тұрғын үйдің барлық меншіктенушілерінің келісімі бойынша жүргізіледі.

65. Қосалқы жалға алу, бірге жалдау, кейінгі жерді өтеусіз пайдалану мерзімі жалға беру, жалдау, бастапқы жерді пайдаланудан аспауы немесе одан кейін тоқтатылмауы тиіс.
1   2   3   4   5   6

Похожие:

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің бұйрығы 2012 жылғы 31 қаңтар №31 Астана қаласы Нотариустардың нотариаттық іс-әрекет жасау ережесін бекіту туралы iconҚазақстан Республикасы Әділет министрлігінің бұйрығы 2012 жылғы 28 наурыз №132 Астана қаласы
«Электрондық мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2011 жылғы 27 маусымдағы...
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің бұйрығы 2012 жылғы 31 қаңтар №31 Астана қаласы Нотариустардың нотариаттық іс-әрекет жасау ережесін бекіту туралы iconҚазақстан Республикасы Әділет министрлігінің бұйрығы 2011 жылғы 20 қаңтар №18 Астана қаласы Жеке сот орындаушылары қаулыларының үлгі нысандарын бекіту туралы
«Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» 2010 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңы 10-бабының...
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің бұйрығы 2012 жылғы 31 қаңтар №31 Астана қаласы Нотариустардың нотариаттық іс-әрекет жасау ережесін бекіту туралы iconҚазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің бұйрығы 2011 жылғы 11 шілде №360 Астана қаласы Радиациялық бақылауды жүргізу ережесін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» 2010 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Кодексі 192-бабының 4-тармағына...
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің бұйрығы 2012 жылғы 31 қаңтар №31 Астана қаласы Нотариустардың нотариаттық іс-әрекет жасау ережесін бекіту туралы iconҚазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2012 жылғы 31 қаңтардағы №33 бұйрығы «Нотариат туралы»
Нотариаттық куәліктердің, қаулылардың, нотариустермен куәландырған құжаттардағы және мәмілелердегі куәландыру жазбаларының нысанын...
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің бұйрығы 2012 жылғы 31 қаңтар №31 Астана қаласы Нотариустардың нотариаттық іс-әрекет жасау ережесін бекіту туралы iconНотариаттық іс жүргізу жөніндегі ережені бекіту туралы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2012 жылғы 31 қаңтардағы №32 бұйрығы
«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 32-бабы 3 тармақшасына сәйкес бұйырамын
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің бұйрығы 2012 жылғы 31 қаңтар №31 Астана қаласы Нотариустардың нотариаттық іс-әрекет жасау ережесін бекіту туралы iconҚазақстан Республикасы Әділет министрлігінің бұйрығы 2011 жылғы 25 тамыз №296 Астана қаласы Жеке сот орындаушысының куәлігінің, жеке мөрі мен жетонының үлгілерін бекіту туралы
«Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 2 сәуірдегі Заңының 154-бабына...
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің бұйрығы 2012 жылғы 31 қаңтар №31 Астана қаласы Нотариустардың нотариаттық іс-әрекет жасау ережесін бекіту туралы iconҚазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің бұйрығы 2012 жылғы 20 маусым №352 Астана қаласы «Телерадио хабарларын тарату жүйелерінің техникалық пайдалану ережесін бекіту туралы»
Республикасы Көлік және коммуникация Министрінің 2012 жылғы 23 маусымдағы №352 бұйрығы
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің бұйрығы 2012 жылғы 31 қаңтар №31 Астана қаласы Нотариустардың нотариаттық іс-әрекет жасау ережесін бекіту туралы iconРегламенттерін бекіту туралы «Әкімшілік рәсімдер туралы»
Республикасының Мұнай және газ министрлігінің бұйрығы 2012 жылғы 24 тамыз №145 Астана қаласы
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің бұйрығы 2012 жылғы 31 қаңтар №31 Астана қаласы Нотариустардың нотариаттық іс-әрекет жасау ережесін бекіту туралы iconҚазақстан Республикасы Әділет министрлігінің бұйрығы 2011 жылғы 29 маусым №244 Астана қаласы
«Зияткерлік меншік объектілері және материалдық емес активтердің құнын бағалау» бағалау стандартын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің бұйрығы 2012 жылғы 31 қаңтар №31 Астана қаласы Нотариустардың нотариаттық іс-әрекет жасау ережесін бекіту туралы iconНотариаттық округтегі ең аз нотариустар санын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 31 қаңтардағы №34 бұйрығы
«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 21-1-бабының 1-тармағына сәйкес БҰйырамын
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница