Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің бұйрығы 2012 жылғы 31 қаңтар №31 Астана қаласы Нотариустардың нотариаттық іс-әрекет жасау ережесін бекіту туралы




НазваниеҚазақстан Республикасының Әділет министрлігінің бұйрығы 2012 жылғы 31 қаңтар №31 Астана қаласы Нотариустардың нотариаттық іс-әрекет жасау ережесін бекіту туралы
страница6/6
Дата конвертации10.07.2013
Размер0.57 Mb.
ТипДокументы
1   2   3   4   5   6

209. Нотариус дәлелдерді қамтамасыз ету тәртібінде азаматтардан жауап алады, құжаттар мен заттарды қарауды жүргізеді.

210. Нотариус барлық мүдделі адамдарға дәлелдерді қамтамасыз ету уақыты мен орны туралы хабарлайды, алайда олардың келмей қалуы дәлелдерді қамтамасыз ету жөніндегі әрекеттерді орындауға кедергі болып табылмайды. Мүдделі адамдарға хабарламай, дәлелдерді қамтамасыз етуге кейінге қалдыруға болмайтын жағдайларда, немесе кейіннен іске кімнің қатысатынын алдын-ала белгілеуге болмайтын кезде жол беріледі. Мұнда мүдделі адамдарға хабар бермеу себептері жауап алу немесе жазбаша және заттай дәлелдерді қарау хаттамасында көрсетілуі тиіс.

211. Нотариус хаттама жасайды, онда мыналар көрсетіледі:

1) жауап алу күні, уақыты және орны;

2) жауап алушы нотариустың тегі мен аты-жөні, лицензиясының нөмірі мен күні, мемлекеттік нотариаттық кеңсенің атауы;

 3) жауап алуға қатысушы адамдардың тектері, есімдері және әкелерінің аттары, туған жылы мен тұратын жері;

4) куәнің тегі, аты, әкесінің аты, оның туған жылы, тұратын жері;

5) әдейі жалған мәліметтер беру үшін және мәліметтер беруден бас тарту үшін жауапкершілік туралы ескертілгендігін көрсету;

6) куә жауаптарының мазмұны (қойылған сұрақтар және оған берілген жауаптар).

Хаттаманың әрбір бетіне жауап берген адам қол қояды, ал соңғы бетке жауап алуға қатысушы адамдар мен нотариус қол қояды.

212. Жазбаша және айғақты заттар оларды қарау жолымен қамтамасыз етіледі. Қарау нотариусқа алып келу мүмкін емес дәлелдердің тұрған жерінде жүргізіледі.

213. Жазбаша және айғақты заттарды қарау нәтижелері туралы хаттама жасалады, онда мыналар көрсетіледі:

Жазбаша және заттай дәлелдерді қарау кезінде хаттама жасалады, онда мыналар көрсетіледі:

1) қарау жүргізілген күн және орын;

2) қарауды жүргізген адам;

3) қарауға қатысқан адамдар туралы мәліметтер;

4) нотариаттық іс-әрекет жасауға жүгінген адамның өтінішінің мазмұны, дәлелдемелерді бекітуді кейінге қалдыруға болмайтыны туралы қорытынды жасаған нотариустың дәлелдері, қажет болған жағдайларда болжанып отырған тараптар мен мүдделі адамдар алдын ала хабарланбаған нотариаттық іс-әрекеттер жасалынған негіздемелер;

5) дәлелдемелерді қараудың нәтижелері.

Дәлелдемелерді қарау хаттамасына қарауға қатысушылар, нотариус қол қояды және нотариустың мөрінің бедерімен бекітіледі. Хаттаманың бір данасы өтініш берушіге беріледі, екіншісі – нотариаттық мұрағаттық қорда қалады.

Бір беттен артық бетке жазылған хаттама нөмірленеді, бауланады және нотариустың қолымен және мөрдің бедерімен бекітіледі.
Қазақстан Республикасы

Әділет министрінің

2012 жылғы «___» _____

№___ бұйрығына

2 қосымша
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің күші жойылды деп танылған кейбір бұйрықтарының тізбесі
1. «Қазақстан Республикасында нотариаттық iс-әрекеттердi жасау тәртiбi туралы нұсқаулықты бекiту туралы» 1998 жылғы 28 шілдедегі № 539 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 564 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде 1998 жылы 30 қарашада № 8 жарияланған);

2. «Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 1998 жылғы 28 шілдедегі № 539 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2000 жылғы 20 қарашадағы № 527-к бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1300 тіркелген);

3. «Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 1998 жылғы 28 шілдедегі № 539 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2006 жылғы 16 қаңтардағы № 13 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4059 тіркелген, «Юридическая газета» газетінде 2006 жылы 2 ақпанда № 17 (997) жарияланған);

4. «Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 1998 жылғы 28 шілдедегі № 539 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2002 жылғы 22 қарашадағы № 175 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2058 тіркелген, «Юридическая газета» газетінде 2002 жылы 11 желтоқсанда № 50 жарияланған);

5. «Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 1998 жылғы 28 шілдедегі № 539 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2004 жылғы 7 шілдедегі № 206 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2949 тіркелген);

6. «Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 1998 жылғы 28 шілдедегі № 539 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2010 жылғы 30 қыркүйектегі № 271 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6512 тіркелген, «Юридическая газета» газетінде 2010 жылы 29 қазанда № 44 (514) жарияланған; «Егемен Қазақстан» 2010 жылғы 3 қарашадағы № 456 (26299), «Қазақстанская правда» 16.10.2010 ж. № 274-275 (26335-26336), Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде 2003 ж, № 1, 758-құжат.);

7. «Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 1998 жылғы 28 шілдедегі № 539 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 29.01.2000 жылғы № 7 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1036 тіркелген);

8. «Қазақстан Республикасының кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы, сондай-ақ кейбір бұйрықтарының күшін жойды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2004 жылғы 47 қарашадағы № 325 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3191 тіркелген);

9. «Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарына нотариат мәселелері бойынша толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2005 жылғы 10 тамыздағы № 215 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3785 тіркелген, «Юридическая газета» газетінде 2005 жылы 16 тамызда № 149 жарияланған).

Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылғы 28 ақпанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №7447 болып енгізілді.
1   2   3   4   5   6

Похожие:

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің бұйрығы 2012 жылғы 31 қаңтар №31 Астана қаласы Нотариустардың нотариаттық іс-әрекет жасау ережесін бекіту туралы iconҚазақстан Республикасы Әділет министрлігінің бұйрығы 2012 жылғы 28 наурыз №132 Астана қаласы
«Электрондық мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2011 жылғы 27 маусымдағы...
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің бұйрығы 2012 жылғы 31 қаңтар №31 Астана қаласы Нотариустардың нотариаттық іс-әрекет жасау ережесін бекіту туралы iconҚазақстан Республикасы Әділет министрлігінің бұйрығы 2011 жылғы 20 қаңтар №18 Астана қаласы Жеке сот орындаушылары қаулыларының үлгі нысандарын бекіту туралы
«Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» 2010 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңы 10-бабының...
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің бұйрығы 2012 жылғы 31 қаңтар №31 Астана қаласы Нотариустардың нотариаттық іс-әрекет жасау ережесін бекіту туралы iconҚазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің бұйрығы 2011 жылғы 11 шілде №360 Астана қаласы Радиациялық бақылауды жүргізу ережесін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» 2010 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Кодексі 192-бабының 4-тармағына...
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің бұйрығы 2012 жылғы 31 қаңтар №31 Астана қаласы Нотариустардың нотариаттық іс-әрекет жасау ережесін бекіту туралы iconҚазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2012 жылғы 31 қаңтардағы №33 бұйрығы «Нотариат туралы»
Нотариаттық куәліктердің, қаулылардың, нотариустермен куәландырған құжаттардағы және мәмілелердегі куәландыру жазбаларының нысанын...
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің бұйрығы 2012 жылғы 31 қаңтар №31 Астана қаласы Нотариустардың нотариаттық іс-әрекет жасау ережесін бекіту туралы iconНотариаттық іс жүргізу жөніндегі ережені бекіту туралы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2012 жылғы 31 қаңтардағы №32 бұйрығы
«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 32-бабы 3 тармақшасына сәйкес бұйырамын
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің бұйрығы 2012 жылғы 31 қаңтар №31 Астана қаласы Нотариустардың нотариаттық іс-әрекет жасау ережесін бекіту туралы iconҚазақстан Республикасы Әділет министрлігінің бұйрығы 2011 жылғы 25 тамыз №296 Астана қаласы Жеке сот орындаушысының куәлігінің, жеке мөрі мен жетонының үлгілерін бекіту туралы
«Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 2 сәуірдегі Заңының 154-бабына...
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің бұйрығы 2012 жылғы 31 қаңтар №31 Астана қаласы Нотариустардың нотариаттық іс-әрекет жасау ережесін бекіту туралы iconҚазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің бұйрығы 2012 жылғы 20 маусым №352 Астана қаласы «Телерадио хабарларын тарату жүйелерінің техникалық пайдалану ережесін бекіту туралы»
Республикасы Көлік және коммуникация Министрінің 2012 жылғы 23 маусымдағы №352 бұйрығы
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің бұйрығы 2012 жылғы 31 қаңтар №31 Астана қаласы Нотариустардың нотариаттық іс-әрекет жасау ережесін бекіту туралы iconРегламенттерін бекіту туралы «Әкімшілік рәсімдер туралы»
Республикасының Мұнай және газ министрлігінің бұйрығы 2012 жылғы 24 тамыз №145 Астана қаласы
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің бұйрығы 2012 жылғы 31 қаңтар №31 Астана қаласы Нотариустардың нотариаттық іс-әрекет жасау ережесін бекіту туралы iconҚазақстан Республикасы Әділет министрлігінің бұйрығы 2011 жылғы 29 маусым №244 Астана қаласы
«Зияткерлік меншік объектілері және материалдық емес активтердің құнын бағалау» бағалау стандартын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің бұйрығы 2012 жылғы 31 қаңтар №31 Астана қаласы Нотариустардың нотариаттық іс-әрекет жасау ережесін бекіту туралы iconНотариаттық округтегі ең аз нотариустар санын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 31 қаңтардағы №34 бұйрығы
«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 21-1-бабының 1-тармағына сәйкес БҰйырамын
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница