Тәуелсіздік және тіл




НазваниеТәуелсіздік және тіл
Дата конвертации12.07.2014
Размер50.7 Kb.
ТипДокументы
Тәуелсіздік және тіл
Тәуелсіздік пен тіл ...Осы бір қасиетті ұғымдарды егіз қозыдай қатар атау олардың адам өміріндегі алатын орнын айшықтайды. Яғни, тілсіз тәуелсіздіктің,тәуелсіздіксіз тілдің ғұмырының баянды болуы мүмкін емес.

Тіл –халықтың жаны да, сәні де. Ана тілінің топырағында көктеп, ауасынан тыныс алмаған өнер де, білім де өміршең емес.

Егеменді еліміздің ертеңі жарқын болуының шарты-тілге құрмет көрсету. Тәуелсіздік алғалы қазақ тілінің өсіп өркендеуіне біраз жағдайлар жасалуда.Соның бірі-қазақ тілінің мемлекеттік мәртебе алуы.Тіл-ұлттың ұлт болып қалыптасуының ең бірінші шарты.Ұлттың ұлы игілігі. Жетпіс жыл бойы басқа тілдің көлеңкесінде қалып келген тіліміз алғаш рет 1989 жылы мемлекеттік мәртебеге ие болды. Содан бергі уақыт ішінде тіліміздің қанатын кеңге жайғаны байқалады. Бірақ ата-бабамыздың мұрасы-қаймағы бұзылмаған қазақтың қара сөзін тек заң шығару арқылы ғана сақтап қалуға бола ма? Жоқ! Жүрегі «Ұлтым» деп лүпіл қаққан ұлтжанды әрбір адамның үлкен әріппен басталатын «Азаматтық парызы»-өз тілінің терезесін өзге тілмен тең ету, оны шын жан-тәнімен сүю, оны көзінің қарашығындай сақтау. Осы қасиеттердің барлығын болашақ ұрпағының бойына сіңіру. Міне , сонда ғана ұлағатты да ұлы тілді сақтап қалуға болады.

Екіншісі, өзге ұлт өкілдерінің қазақ тілін үйренуге деген құлшынысың арта түсуі . Ия, еліміз-егемендік, тіліміз мемлекеттік мәртебе алғалы қазақ тілін үйренушілер қатары өсе түсуде. Мемлекеттік тілді меңгеруге өз республикамыздың азаматтары ғана емес, шет елдерден келген адамдардың да ден қою көңілге қуаныш ұялатады.

М.Әуезов айтып кеткен «әрі бай, әрі көркем тілімізді» мұхиттың арғы бетінен келген өзге ұлт өкілдерінің аузынан есту-біз үшін қуаныш. Жүйесін тауып айтылған жүйелі сөз жүрекке жылы тиіп, жүйкені босатады. Бірде теледидардан жапон елінен келіп Қазақстанда оқып жатқан 20 жасар жапондық студенттің қазақ тілінде еркін де оралымды сөйлеп қана қоймай «Осындай шешен тілі бар халық-осал халық емес»-дегенін естігенде көңіліміз көтеріліп, мақтаныш сезіміне бөленгенім де рас.

«Мұғалім – мәңгі нұрдың қызметшісі, ол барлық ой мен қиял әрекетіне ақылдың дәнін сеуіп, нұр құятын тынымсыз, лаулаған жалын иесі,» - дейді Я. А. Коменский. Осы нақыл сөзде келтірілген ұлы қасиеттерді бойына жинақтаған мұғалім ғана – нағыз ұстаз. «Ұстаз»деген ұлы есімнің бір ұшқыны менің де жүрегімде бар.Мен нағыз тілдің жанашыры қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімімін. Мақсатым қасиетті ана тіліміз бен тұғырлы Тәуелсіздігімізді насихаттау.


Тіліміздің осылай шарықтап қанат қағуымен қатар , көңілді су сепкендей басатын көлеңкелі жайттар да кездеседі. Туған тілін шұбарлап сөйлейтіндер, тіпті, туған тілден безетін сорақыларды да кездестіріп жатамыз.

Ана тілі – ар өлшемі . Олай болса, тілді шұбарлау-арды шұбарлау, көңіл тұнығын лайлау. Осы тұста ақын Әбділда Тәжібаевтың:

Туған тілім –тірлігімнің айғағы,

Тілім барда айтылар сөз ойдағы.

Өссе тілім, мен де бірге өсемін,

Өшсе тілім, мен де бірге өшемін!-деген тамаша жыр жолдары есімізге түседі. Тіліміздің мәртебесі көтерілсе, елдің де мәртебесі биік болатыны хақ. Тілге көрсеткен –құрметің, елге жасаған-қызметің. Тілсіз халықтың, елдің өмір сүруі мүмкін емес. Әлем таныған ел болу үшін тіліміздің жұлдызын биіктетуіміз керек.

Тіл қастерлі де, қасиетті ұғым. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Бұл туралы ақын Сұлтанмахмұт Торайғыров:

Сүйемін туған тілді – анам тілін,

Бесікте жатқанымда – ақ берген білім, - деп кесіп айтқан. Ана тілін сүйген адам – туған жерін,елін,отанын,атамекенін сүйеді деген сөз. Ал, бұлардың бәрі-адам баласы үшін ең қасиетті ұғымдар. Өмірдің алмастай қырын, абзал сырын түсіне білуіңе басты себепкер – сол ана тілің.

Қай халық өз ана тілін құрметтемеген, айрықша бағаламаған. Бірақ қазақ халқы бұған ерекше зер салған. Қазақ - сөз қадірін өз қадірім деп білген халық. Сөзге кеңдігін де, елдігін де,кемеңгерлігі мен көсемдігін сыйғыза білген жұрт. Оның тарихы, тағдыры да, тәлімі мен тәрбиесі де, даналығы мен дала көңілі де сол сөздерде жатыр.

Ата – бабамыздың сан ғасырлық асыл мұрасы – салт – дәстүрі, сенім – нанымы, тарихы мен мәдениеті келешек ұрпаққа тек ана тілі арқылы сақталып, табыс етілді. Олай болса, ата өсиетіне құлақ асып, ананың тілі арқылы жеткен бабалар аманатына адал болайық.

Орыс халқының ұлы жазушысы И.С:Тургенев;

Жоқ, ежелден тілі зордың – елі зор,

Асыл тілді абзал халық болмас қор ! – дегенді.

Тіл- күн шалмас қараңғы көңілді шалады, күн жылытпас суық көңілді жылытады. Тіл - ел мен елді, халық пен халықты жақындастыратын алтын көпір. Егер ана тіліміз саф алтындай жарқырап тұрса, еліміздің еңсесі түспесі анық. Өз тілімізді өзіміз шұбарлап, қорласақ, елімізді кім сыйламақ ?!

Егеменді ел болған Қазақстан Республикасы келекшекте өркениетті елге айналу үшін қазақ тілінің мәртебесі әр уақытта биік болуы керек.

Заманымыздың заңғар жазушысы Ғабит Мүсірепов: «Ана тілін ұмытқан адам өз халқының өткенінен де,бүгінінен де, болашағынан да қол үзеді. Ана тілін тек өгей ұлдары ғана менсінбейді, өгей ұлдары ғана аяққа басады,»-деген-ді.

Өз тілімізді өзіміз құрметтемесек , сыйламасақ, біздің тілімізді кім бағалап, кім сыйлайды? Ал өз тілін сыйлата алмаған ел өзін қалай сыйлата алмақ?

Қазақ тілі осал тіл емес.Ол-әлем мойындаған Абай, Ілияс,Мағжан, Мұхтар секілді алыптарды туғызған тіл.

Тағдырыңды тамырсыздық індетінен қалқала,

Әр адамда өз анасынан басқа да

Болу керек құдіретті төрт ана:

Туған жері – түп қазығы, айбыны.

Туған тілі – сатылмайтын байлығы.

Туған дәстүр, салт – санасы – тірегі,

Қадамына шуақ шашар үнемі.

Және туған тарихы, еске алуға қаншама,

Ауыр, әрі қасіретті болса да, - деп Мұхтар Шаханов тебіренгендей әр адамның адамдығының, әр халықтың халықтығының кепілі құдіретті төрт ана болса, сол киелі төрт ананы пәле-жаладан, жаманшылықтан сақтап, қорғайтын, желеп- жебейтін бойтұмары – еркіндік, егемендік!

Тәуелсіздік! Дүниеде бұдан асқан ұғым, бұдан қымбат игілік жоқ. арыстарымыздың қанымен, жанымен келген тәуелсіздігімізді алып, өлгеніміз тіріліп, өшкеніміз жанғандай. Ұлттық тілдің, дәстүрдің, салт- сананың мызғымас тірегі – тәуелсіздік!

Ия, Қазақстан – Тәуелсіз ел! Тәуелсіздік туымен бірге Қазақстанның тамыры терең тартып, жапырағы жайқала бастады.

Тәуелсіздік арқасында қазақтың асыл арманы асқақ әнге айналды,өзге дербес елдермен тереземіз теңесеп, керегеміз кеңейді.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың уәлі аузынан шыққан «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде», «Ана тіліміз –бәріміздің анамыз, өйткені ол – ұлтымыздың анасы» деген уәждері тіліміздің қадыр - қасиетін танытып тұрғаны анық.

«Тіл – ұлт байлығы» – дегендей, өзіміздің ең қымбат қазынамыз – ана тіліміздің де жұлдызы жарқырап тұрған шақ. Мұның барлығы ата- бабаларымыздың ат үстінде күн көріп, алты малтаны ас етіп, мың өліп, мың тірілген, қылышын қаншама ғасыр қанға малып жеткен мұраты – Тәуелсіздіктің арқасында.

Осы қасиетті де, қастерлі ұғымдарды оқушылар бойына сіңіріп, бойымдағы бүршік атқан гүлдің иісін сездіріп, жүрегімдегі сәуле шашқан күннің нұрын сеуіп, санамда жағалай аққан «білім»атты жырдыңжүйесін түсіндіріп, сол арқылы іші нұр мен шуаққа толы «мектеп» атты кемеге мініп, «білім» атты теңізбен жүзіп, «болашақ»

атты тұғырға шәкірттерімді қондыру – менің мәңгілік мақсатым.

Мұғаліммін, білім беру – міндетім,

Болсам деймін жерге – жауын, гүлге – Күн.

Бойымдағы бәрін берем барымның

Алсам болды шәкіртімнің құрметін!
Соңы


Похожие:

Тәуелсіздік және тіл icon«Бекітемін» Қр мәдениет министрлігі Тіл комитетінің төрағасы
Республикасы Мәдениет министрлігі Тіл комитетінің 2011 жылы орталық және жергілікті атқарушы органдарда тіл заңнамасының орындалуына...
Тәуелсіздік және тіл icon«Бекітемін» Қр мәдениет министрлігі Тіл комитетінің төрағасы Б. Омаров
Республикасы Мәдениет министрлігі Тіл комитетінің 2011 жылы орталық және жергілікті атқарушы органдарда тіл заңнамасының орындалуына...
Тәуелсіздік және тіл iconБіз – Қазақ, ежелден еркіндік аңСАҒАН
Тәуелсіздік! Ата-бабаларымыз үш ғасырға жуық уақыт бойы армандаған тәуелсіздік! Тәуелсіздік жолында халқымыздың басынан нелер оқиғалар...
Тәуелсіздік және тіл iconКіріспе зерттеу жұмысының өзектілігі. Ғылымның уақыт тынысымен дамуы тілге де ықпалын тигізеді. Тың ізденістерге жол ашады. Қазiргi кезеңде «тiл мен мәдениет, этнос»
Демек, антропоцентристік бағыт аясындағы зерттеулерде тіл тек жүйе ретінде ғана зерттелмей, тіл мен адамның, тіл мен танымның, тіл...
Тәуелсіздік және тіл iconСӨЖ-ге арналған бақылау тапсырмалары
...
Тәуелсіздік және тіл icon1. жалпы мәліметтер «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы»
Трки және т б жүйелерінің қағидаттарына негізделген. Аталған жүйелердің тестілеу үрдістерінің өз ерекшеліктері болғанымен, мақсаты...
Тәуелсіздік және тіл iconТақырыбы: Тәуелсіздік-тәу етер киелі ұғым Мақсаты
Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіздік-тәу етер киелі ұғым» атты әдеби-сахналандырылған қойылымымызды бастауға...
Тәуелсіздік және тіл icon«Аударма теориясы мен практикасы» пәні Аударма теориясының мәні, міндеті және әдістері
Берілетін және қабылданатын хабардың коммуникативтік барабарлығы. «Тіл делдалдығының» түсінігі. Тіл делдалдығының түрі ретіндегі...
Тәуелсіздік және тіл iconҚазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
Тіл теориясы, тілдің өзіндік сипаттары, тіл білімі тарихы, тілдің таңбалық, жүйелік сипаттары
Тәуелсіздік және тіл iconТәрбие сағаты Тақырыбы: Тәуелсіздік туы берік қолда!
Мақсаты: Оқушыларды еліміздің тәуелсіздік алғаннан кейінгі жетістіктермен таныстыру, білімдерін кеңейту
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница