Семинарға облыс көлеміндегі мұсылмандар мешіттерінің имамдары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылды




Скачать 35.24 Kb.
НазваниеСеминарға облыс көлеміндегі мұсылмандар мешіттерінің имамдары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылды
Дата конвертации12.07.2014
Размер35.24 Kb.
ТипДокументы
Семинарға облыс көлеміндегі мұсылмандар мешіттерінің имамдары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылды.

Облыстық дін істері департаментінің директоры Сәуле Ыбыраева өткен 2011 жылғы 11 қазанда қабылданған №483-ІV «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заң жайлы жан-жақты түсіндіріп, әңгімелеп айтып берді. Аталмыш Заң Қазақстан Республикасының өзін демократиялық, зайырлы мемлекет ретінде орнықтыратынын, әркімнің ар-ождан бостандығы құқығын растайтынын, әркімнің діни нанымына қарамастан тек құқылы болуына кепілдік беретінін, ханифи бағытындағы исламның және православиелік христиандықтың халықтың мәдениетінің дамуы мен рухани өміріндегі тарихи рөлін танитынын, Қазақстан халқының рухани мұрасымен үйлесетін басқа да діндерді құрметтейтінін, конфесия-аралық келісімнің, діни тағаттылықтың және азаматтардың діни нанымдарын құрметтеудің маңыздылығын танитынын негізге алады.

Жаңа Заңның негізгі мақсаты – діни қызмет мәселелерін реттеуде бірыңғай құқықтық негіз қалыптастыру. Ал қазіргі міндет – ағымдағы 2012 жылдың 24 қазанына дейін діни бірлестіктерді қайта тіркеуді жүргізу.

Алайда, бірінші кезекте ислам дінін тұтынушы діни бірлестіктерді қайта тіркеу қажет болғандықтан, сіздерге бұл жұмысты жүргізіп, тиянақты аяқтау үшін үстіміздегі жылдың сәуір айына дейін уақыт беріледі, – деп атап көрсетті С.Ыбыраева. Ал, қайта тіркеуден өтпегендер, осы Заңның талаптарына сәйкес, сот арқылы таратылады.

Жергілікті діни бірлестіктер әділет департаментінде тіркеуден (қайта тіркеуден) өтеді. Олар бір облыс, республикалық маңызы бар қала және Астана аумағында әрекет ететін қалаулары
бойынша 50 азаматтан кем емес құрам болып табылады. Бірлестікте:

– дін оқуы; рәсімдер, салтанаттар және уағыздар жүргізу; өз ереушілеріне діни тәрбие беруді жүргізу; қызметтің діни бағыттылығы бірыңғайлы болуы қажет.

Шешім қабылданған уақыттан бастап екі айлық мерзімде тіркеу үшін өтініш беріледі. Онымен бірге, жарғы, жиналыс хаттамасы; азамат-бастамашылардың тізімі (аты-жөні, туған жылы, айы, РНН, жеке куәлігінің нөмірі, қашан-кімнен берілген, мекен-жайы, телефоны, қолы); діни бірлес-тіктің орналасқан жерін растайтын құжат; жетекші сайлау туралы шешім және мемлекеттік тіркеу төлемі туралы түбіртек қоса тапсырылады. Сонымен қатар, мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) мерзімі дін істері департаменті жүргізетін діни сараптама жасау үшін (30 күн) және азамат-бастаушылардың тізімін тексеру үшін тоқтатылады.

Діни бірлестікті қайта тіркеуге ынта білдіруші 50 діншілдердің сапалы құрамына да назар аудару қажет және оларға жергілікті статус берген жөн. Осы елу адамның құрамында жергілікті тұрғындар арасында жоғары беделге және сыйластыққа ие адамдардың болғандары абзал. Олар ауыл-селоның дамуына зор үлес қосқан қоғам қайраткерлері және еңбек ардагерлері болуы мүмкін. Қазір маңызды мәселені – мешіттердің атауы мәселесін де шешу қажет.

Мешіттерге байланысты тағы бір мәселе, бұл оның меншік формасы және құрылыс проблемалары. Діни ғимарат салуда барлық шараларды ұстану қажет. Жаңа заңда облыстық, республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқару органдары өкілетті органмен (дін істері департаменті) келісе отырып діни ғимараттар құрылысы, оның орналасу орнын анықтау туралы шешім қабылдайтындығы көрсетілген.

Республикада діни жағдайға әсер етуші маңызды фактор миссионерлік қызмет болып табылады. «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңды жүзеге асыру және миссионерлік қызметті реттеу мақсатында Дін істері агенттігі Қазақстан Республикасы аумағында миссионерлік қызметті жүргізу ережесін шығарды. Осыған байланысты Ішкі істер министрлігімен бірлескен бұйрық әзірленді. Келушінің араб тілін оқыту үшін шақыртылған ұстаздар да миссионерлерге жататындығына назар аудару қажет.

Ал енді нақты қайта тіркеу барысы туралы. Ол сатылай жүргізіледі: алдымен – жергілікті діни бірлестіктер, кейін – аймақтық, одан кейін республикалық. Барлық аудандық, облыстық діни бірлестіктер Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына бағынатын болып тіркеледі. Осы орайда сапалы құрам туралы баса айтылды. Мешіттер қызметін бақылауға алу керек, қаржыны бөлу, заң бұзушылықтарға жол бермеу үшін бастаушы құрам санын – 50 адамға жеткізу қажет.

Жарғыны ҚМДБ қабылдайды және ол бірың-ғай болады. Діни бірлестік атауы міндетті түрде дінге сенушілікке қатысты болуы керек. Мысалы, Жақсы селосындағы аудандық мешітке жаңадан – («Суннит бағыты ханафи мазхабының Жақсы аудандық мешіті» діни бірлестігі деген атау беріледі. Мешіт атаулары біреудің атымен аталмайды, яғни, «Жұмағұл Бәдіғұлжамалұлы мешіті» және басқалары тәрізді. Діни бірлестік ретінде тіркеуден өткен филиалдар ҚМДБ-ның бұйрығымен есепті тіркеуден шығарылады.

Жаңа Заңда саны аз діни топтар деген түсінік жоқ, демек ендігі олар болмайды. Елу адамды қамтымайтын филиалдар мен саны аз діни топтарға бірігіп аудандық діни бірлестіктің филиалы ретінде тіркелуіне болады.

Жиналғандар алдында облыстық прокуратураның бірінші басқармасының аға прокуроры Айдар Оңғарбайұлы Сүлеймен аталмыш заңды қолдану туралы, ал облыстық әділет департаментінің заңгерлік тұлғаларды тіркеу бөлімінің бастығы Гүлмира Мүталлайқызы Әкімова діни біріктірулерді қайта тіркеудің реттері және құжаттары жайлы әңгімелеп берді. Көптеген сұрақтар қойылды. Оларға толыққанды жауаптар берілді.

Похожие:

Семинарға облыс көлеміндегі мұсылмандар мешіттерінің имамдары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылды iconКонкурсқа өз қызметін Қарағанды облысының аумағында жүзеге асырып жүрген бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері шақырылады
Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің жұмысын мемлекеттік қолдау мен ынталандыру мақсатында Қарағанды облысы әкімінің жыл...
Семинарға облыс көлеміндегі мұсылмандар мешіттерінің имамдары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылды iconБатыс Қазақстан облысында әрекет ететін бұқаралық ақпарат құралдарының тізімдігі
Батыс Қазақстан облысында әрекет ететін бұқаралық ақпарат құралдарының тізімдігі (ақпан-2008ж.)
Семинарға облыс көлеміндегі мұсылмандар мешіттерінің имамдары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылды iconКодекс өзіндік тәртіп пен моральдық-этикалық бағдардың құралы болып табылады, жұртшылық тарапынан журналистер мен бұқаралық ақпарат құралдарына сенім мен құрмет көрсетуге қол жеткізуге ықпал етеді
Бұқаралық ақпарат құралдарының жұртшылықты объективті ақпаратпен қамтамасыз етудегі маңызды рөлі мен миссиясын сезіне отырып
Семинарға облыс көлеміндегі мұсылмандар мешіттерінің имамдары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылды iconҚостанай облысының бұқаралық ақпарат құралдарының тізімі

Семинарға облыс көлеміндегі мұсылмандар мешіттерінің имамдары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылды icon«Облыс аумағында таратылатын шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарын есепке алу» электрондық мемлекеттік қызмет регламенті Жалпы ережелер «Облыс аумағында таратылатын шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарын есепке алу»
«Облыс аумағында таратылатын шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарын есепке алу» электрондық мемлекеттік қызмет регламенті
Семинарға облыс көлеміндегі мұсылмандар мешіттерінің имамдары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылды iconБұқаралық ақпарат құралдарының редакцияларына Құрметті журналистер!
Республикасы Жоғарғы Соты, «Судьялар Одағы» РҚҰ, байланыс және ақпарат Министрлігі, халықаралық «Әділ сөз» сөз бостандығы қоры, Қазақстанның...
Семинарға облыс көлеміндегі мұсылмандар мешіттерінің имамдары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылды iconАлматы облысындағы бұқаралық ақпарат құралдарының тізімі 10. 07. 2010 ж
Алматы облыстық «Жетісу» газеті шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
Семинарға облыс көлеміндегі мұсылмандар мешіттерінің имамдары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылды iconБаға ұсыныстарын сұрату тәсілімен банкроттау туралы ic бойынша хабарландыру жариялау жөнінде бұқаралық ақпарат құралдарының қызметін мемлекеттік сатып алу туралы №1 қорытынды

Семинарға облыс көлеміндегі мұсылмандар мешіттерінің имамдары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылды iconБұқаралық ақпарат құралдары туралы
Осы Заң бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейдi, Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес...
Семинарға облыс көлеміндегі мұсылмандар мешіттерінің имамдары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылды iconБұқаралық ақпарат құралдары туралы
Осы Заң бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді, Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница