Инновациялық комитеті туралы ереже жалпы ережелер




Скачать 48.94 Kb.
НазваниеИнновациялық комитеті туралы ереже жалпы ережелер
Дата конвертации10.07.2013
Размер48.94 Kb.
ТипДокументы
Инновациялық комитеті туралы

ЕРЕЖЕ

1. Жалпы ережелер
1. Инновациялық комитеті (бұдан әрі - Комитет) «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясы Орталық аппаратының құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

2. Комитет өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Саяси партиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңын, Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілерін, партияның Жарғысы мен Бағдарламасын, «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының Орталық аппараты туралы ережені (бұдан әрі – Орталық аппарат), Орталық аппараттың ішкі құжаттарын, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
2. Комитеттің міндеттері, қызметтері және құқықтары
3. Комитеттің негізгі міндеттері:

1) инновациялық және индустриалдық даму бағдарламаларына тұрақты мониторинг ұйымдастыру, инновациялық дамуды қолдау бойынша шешім қабылдау үшін талдау материалдарын дайындау;

2) Қазақстанның дағдарыстан кейінгі жаңаруы бойынша 2020 жылға дейін арналған партия бағдарламасын әзірлеуге, іске асыру мониторингісіне және үйлестіруге қатысу;

3) интеллектуалды меншіктің өркениетті нарығын қалыптастыруға қатысу;

4) елдің интеллектуалды ресурстарын жұмылдыру;

5) инновациялық шешімдерін анықтау және енгізу;

6) ғылыми-техникалық прогресс жетістіктерін көпшілікке тарату және насихаттау;

7) инновациялық идеялар көзін қалыптастыру және үйлестіру;

8) мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саласына мониторинг жүргізу;

9) партияның әлеуметтік-экономикалық бағдарламаларының іске асырылуын талдау;

10) халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту бойынша шаралардың ұсыныстарын әзірлеу;

11) «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясы «Қазақстанның өсіп-өркендеуі және қазақстандықтардың игілігі: біз елдің әрбір азаматының өмірін қалай жақсартамыз» Халықтық тұғырнамасын іске асыруды талдау;

12) Қазақстан Республикасының заңнамасына, партия Жарғысына және Орталық аппарат туралы ережеге сәйкес басқа да міндеттер болып табылады.

4. Жүктелген міндеттерге сәйкес Комитет келесі қызметтерді жүзеге асырады:

1) инновациялық және әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері бойынша Мәжілістегі партия Фракциясының, партия филиалдарының, мәслихаттардың, мемлекеттік органдардың ақпаратын талдауды және мониторинг жүргізуді жүзеге асырады;

2) инновациялық экономиканы және әлеуметтік саланы дамыту бойынша өз құзіреті шегінде ұсыныстарды әзірлейді;

3) инновациялық даму және әлеуметтік-экономикалық игілігі мәселелері бойынша жұмыс комиссиялары, топтары және жиналыстардың жұмысына қатысады;

4) инновациялық, әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламаларын, сондай-ақ басқа да әлеуметтік-маңызды жобаларды және бағдарламаларды әзірлеуге қатысады;

5) ел экономикасын инновациялық дамыту мәселелері бойынша талдау және ақпараттық материалдарды дайындауды өз құзіреті шегінде жүзеге асырады;

6) мемлекеттің инновациялық әлеуетін дамытудың перспективті бағыттарын анықтау бойынша болжамды ұсыныстарды дайындайды;

7) әлеуметтік-экономикалық саланы дамыту мәселелері бойынша Орталық аппараттың құрылымдық бөлімшелерімен, партия филиалдарымен, мемлекеттік органдармен, бизнес қоғамдастықтармен және басқа да ұйымдармен, оның ішінде үкіметтік емес секторлармен өз құзіреті шегінде өзара әрекет етеді;

8) азаматтардың, заңды тұлғалардың, мемлекеттік органдардың, қоғамдық және басқа да ұйымдардың өтініштерін қарайды;

9) Қазақстан Республикасы заңнамаларының, партия Жарғысының және Бағдарламалық құжаттардың талаптарын сақтауды қамтамасыз етеді;

10) Қазақстан Республикасының заңнамасына, партия Жарғысына және Орталық аппарат ережесіне сәйкес басқа да міндеттерді жүзеге асырады.

5. Міндеттерді іске асыру және жүктелген қызметтерді жүзеге асыру үшін Комитет:

1) Орталық аппарат басшылығының тапсырмасы бойынша әлеуметтік-экономикалық саланы дамытуға бағытталған партия филиалдарының қызметін тексеруге;

2) Съездің, Саяси кеңестің, Саяси кеңес Бюросының және Орталық аппараттың шешімдер жобаларын дайындауға қатысуға;

3) партияның құрылымдық бөлімшелерінен және филиалдарынан, мемлекеттік органдардан Комитетке жүктелген міндеттер мен қызметтерді жүзеге асыру үшін қажетті құжаттарды, анықтамаларды, есеп айырысуларды және басқа да материалдарды сұратуға және алуға;

4) құрылымдық бөлімшелер басшыларының келісімі бойынша олардың қызметкерлерін нормативтік құқықтық актілердің және басқа да құжаттардың жобаларын дайындау үшін тартуға, сондай-ақ Орталық аппарат басшылығының келісімі бойынша Комитетке жүктелген міндеттер мен қызметтерді орындау үшін мемлекеттік органдардың, қоғамдық, отандық және шетелдік консалтингілік және басқа да ұйымдардың мамандары мен сарапшыларын және басқа да жеке тұлғаларды тартуға;

5) Орталық аппарат басшылығына Комитет жұмысын ұйымдастыру, Комитет қызметкерлерінің біліктілігін көтеру мәселелері бойынша ұсыныс енгізуге;

6) Партия орталық аппараты басшылығының келісімі бойынша мемлекеттік органдар, үкіметтік емес ұйымдар, саяси партиялар және басқа да ұйымдар құратын кеңестердің, комиссиялардың және жұмыс топтарының құрамына қатысуға;

7) Комитетке жүктелген міндеттер мен қызметтерді іске асыру үшін басқа да құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.
3. Комитет қызметін ұйымдастыру
6. Комитетті партия Төрағасы лауазымға тағайындайтын және лауазымнан босататын Комитет төрағасы басқарады.

7. Комитет төрағасы Комитеттің жұмысын ұйымдастырады және басқарады, Комитетке жүктелген міндеттер мен қызметтердің орындалуына жеке жауап береді.

8. Комитетке ағымдағы басшылықты партия Төрағасының Бірінші орынбасары лауазымға тағайындайтын және лауазымнан босататын Комитет төрағасының бірінші орынбасары жүзеге асырады.

9. Осы мақсаттарда Комитет төрағасы немесе Комитет төрағасының бірінші орынбасары:

1) Орталық аппарат басшылығының тапсырмасын Комитеттің белгіленген мерзімде орындауын ұйымдастырады;

2) Комитет қызметкерлерін лауазымға тағайындау және босату, сондай-ақ оларға сыйлықақы беру және тәртіптік шара қолдану туралы ұсыныстарды Орталық аппараттың басшылығына дайындайды және ұсынады;

3) Комитеттің жұмысын бағыттайды және ұйымдастырады және оның құрылымдық бөлімшелерімен өзара әрекетін қамтамасыз етеді;

4) еңбекті ұйымдастыруды және Комитеттегі тиісінше еңбек пен атқарушылық тәртіпті қамтамасыз етеді;

5) Комитеттің және оның қызметкерлерінің жұмысын талдайды және оны жетілдіру бойынша ұсыныстарды енгізеді;

6) Комитет қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;

7) Комитет қызметкерлерінің іссапар мәселелері бойынша ұсыныстарды енгізеді;

8) Орталық аппарат басшылығы жүктеген басқа да қызметтерді орындайды.

10. Комитеттің атынан жіберілетін оның құзіретіне кіретін мәселелер бойынша құжаттарға Комитет төрағасы немесе Комитет төрағасының бірінші орынбасары қол қояды.

11. Комитет төрағасы болмаған жағдайда Комитет қызметіне жалпы басшылықты Комитет төрағасының бірінші орынбасары жүзеге асырады.

12. Комитеттің штаттық саны мен құрамын партия Төрағасының Бірінші орынбасары бекітеді.
________________

Похожие:

Инновациялық комитеті туралы ереже жалпы ережелер iconӘкімшілік басқармасы туралы ереже жалпы ережелер
Осы Ереже Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті туралы (бұдан әрі – Комитет)...
Инновациялық комитеті туралы ереже жалпы ережелер iconКонкурс туралы Ереже. 1 Жалпы ережелер
Халықаралық құқықтың өзекті мәселелері бойынша студенттер арасындағы үздік ғылыми жұмысқа республикалық конкурс туралы Ереже
Инновациялық комитеті туралы ереже жалпы ережелер icon2007 жыл 1-бап. Жалпы ережелер
«Самұрық-Энерго» акционерлік қоғамының (бұдан әрі Қоғам) Директорлар кеңесінің Хатшысы – Корпоративтік хатшы туралы осы Ереже (әрі...
Инновациялық комитеті туралы ереже жалпы ережелер iconҚазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті туралы ереже Жалпы ережелер
Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге...
Инновациялық комитеті туралы ереже жалпы ережелер iconБілім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттыру жүйесіндегі қашықтықтан оқыту туралы ереже І. Жалпы ережелер
Осы ереже 2007 жылғы 15 тамыздағы ҚР «Білім туралы» Заңы, Қазақстан Республикасында Білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға мемлекеттік...
Инновациялық комитеті туралы ереже жалпы ережелер iconҮздік білім беру мекемелеріне Шығыс Қазақстан облысы Әкімінің сыйлығы туралы ереже І. Жалпы ереже
Білім мекемелерінің инновациялық тәжірибесін қолдау, насихаттау және тарату мақсатында «Үздік білім беру мекемелеріне берілетін Шығыс...
Инновациялық комитеті туралы ереже жалпы ережелер icon«Самұрық-Энерго» акционерлік қоғамының Басқармасы туралы ереже Жалпы ережелер Осы ереже Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы»
Осы ереже Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» заңына, «Самұрық-Энерго» акционерлік қоғамының (бұдан әрі Қоғам)...
Инновациялық комитеті туралы ереже жалпы ережелер icon«Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық атом компаниясы» акционерлік қОҒамы директорлар кеңесінің аудит жөніндегі комитеті туралы ереже
Ак ақ-тың Директорлар кеңесінің Аудит жөніндегі комитеті туралы ереже (бұдан әрі – Ереже) Қоғамның Директорлар кеңесінің Аудит жөніндегі...
Инновациялық комитеті туралы ереже жалпы ережелер iconҚазақстан Республикасы жалпы білім беретін мектептерінің қызметін ұйымдастыру тәртібі туралы Ережелер Жалпы ережелер
Осы Ережелер меншік нысандары мен салалық бағыныстылығына қарамастан, барлық түрдегі жалпы білім беретін мектептері қызметінің тәртібін...
Инновациялық комитеті туралы ереже жалпы ережелер icon«Болашақ» бағдарламасы стипендиаттарының инновациялық жобалары конкурсын өткізу ережесі Жалпы ережелер
Осы «Болашақ» бағдарламасы стипендиаттарының инновациялық жобалары конкурсын өткізу ережесі (бұдан әрі – Ереже) «Болашақ» бағдарламасы...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница