Бекiтiлген «Соттылықтың болуы немесе болмауы туралы анықтама беру» мемлекеттiк қызметтер стандарты




Скачать 178.12 Kb.
НазваниеБекiтiлген «Соттылықтың болуы немесе болмауы туралы анықтама беру» мемлекеттiк қызметтер стандарты
Дата конвертации10.07.2013
Размер178.12 Kb.
ТипДокументы
Қазақстан Республикасы
Президентiнiң    
2010 жылғы 18 тамыздағы
№ 1041 Жарлығымен 
БЕКIТIЛГЕН    

«Соттылықтың болуы немесе болмауы туралы анықтама беру»
мемлекеттiк қызметтер стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. Мемлекеттiк қызметтер Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегi комитетiнiң облыстар, Алматы, Астана қалалары бойынша аумақтық басқармалары (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) (осы стандарттың 1-қосымшасы) не балама түрде халыққа қызмет көрсету орталықтары (одан әрi - орталық) (осы стандарттың 2-қосымшасы) арқылы көрсетiледi. Мемлекеттiк қызметтер көрсетудiң жұмыс кестесi: демалыс (сенбi, жексенбi) және мереке күндерiн қоспағанда, сағат 9.00-ден 19.00-ге дейiн, түскi үзiлiс 12.30-дан 14.30-ға дейiн.
      2. Мемлекеттiк қызметтер көрсету нысаны: автоматтандырылмаған.
      3. Мемлекеттiк қызметтер «Мемлекеттiк құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының негiзiнде жүзеге асырылады.
      4. Мемлекеттiк қызметтер көрсету тәртiбi және оны алу үшiн қажеттi құжаттар туралы толық ақпарат http://www.pravstat.kz интернет-ресурсында және www.e.gov.kz және «электрондық үкiмет» веб-порталының Интернет-ресурстарында, сондай-ақ ресми ақпарат көздерiнде осы стандарттың 1, 2-қосымшаларына сәйкес тiзбесi берiлген уәкiлеттi органдар мен орталықтардың ғимараттарында үлгiлерi орналастырылған стендiлерде, ақпараттық тақталарда берiлген.
      5. Мемлекеттiк қызметтердiң аяқталу нысаны жеке тұлғаның
соттылығының болуын немесе болмауын растайтын қағаз түрiндегi
анықтаманы беру болып табылады.
      6. Мемлекеттiк қызметтер Қазақстан Республикасының азаматтарына, шет ел азаматтарына және азаматтығы жоқ тұлғаларға көрсетiледi (бұдан әрi - тұтынушылар).
      7. Мемлекеттiк қызметтер көрсету мерзiмдерi:
      1) мемлекеттiк қызметтер:
      а) тұтынушы осы стандарттың 11-тармағында белгiленген қажеттi құжаттарды тапсырған кезден бастап - 7 күн iшiнде;
      б) мемлекеттiк қызметтер алу үшiн жүгiнген кезден бастап (тiркелген кезден бастап) - 7 күн iшiнде көрсетiледi;
      2) өтiнiш берушi жүгiнген күнi мемлекеттiк қызметтер көрсетiлетiн жерде өтiнiш берген сәттен бастап оны алуға дейiн күтудiң барынша шектi уақыты - 30 минуттан аспайды;
      3) өтiнiш берушi жүгiнген күнi мемлекеттiк қызметтер көрсетiлетiн жерде алушыға қызмет көрсетудiң барынша шектi уақыты - 10 минут.
      8. Мемлекеттiк қызметтер тегiн көрсетiледi.
      9. Мемлекеттiк қызметтер: уәкiлеттi органға жүгiнген кезде:
      демалыс (сенбi, жексенбi) және мереке күндерiн қоспағанда, түскi үзiлiсiмен аптасына бес күн көрсетiледi. Қабылдау кезек тәртiбiнде, алдын ала жазылусыз және жеделдетiлген қызмет көрсетусiз жүргiзiледi. Мемлекеттiк қызметтер көрсетудiң жұмыс кестесi: сағат 9.00-ден 19.00-ге дейiн, түскi үзiлiс сағат 12.30-дан 14.30-ға дейiн;
      орталыққа жүгiнген кезде:
      жексенбi және мереке күндерiн қоспағанда, белгiленген жұмыс кестесiне сәйкес, түскi үзiлiссiз, сағат 9.00-ден 20.00-ға дейiн, аптасына алты күн көрсетiледi, филиалдар мен өкiлдiктерге жұмыс кестесi сағат 9.00-дан 19.00-ге дейiн, түскi үзiлiссiз белгiленедi. Қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетiлген қызмет көрсетусiз «электрондық» кезек тәртiбiмен көрсетiледi.
      10. Уәкiлеттi органның күту залы бар, олар ақпараттық стендiлермен жабдықталған ғимараттың бiрiншi қабатында орналасқан, сондай-ақ мүмкiндiгi шектелген тұтынушыларға қызмет көрсету үшiн де жағдай жасалған.
      Мемлекеттiк қызметтер мүмкiндiгi шектелген тұтынушыларға қызмет көрсету үшiн жағдай жасалған, тұтынушының тұрғылықты орны бойынша орталықтың ғимаратында да көрсетiледi. Залда анықтама бюросы, күту креслолары, бланкiлердi толтыру үлгiлерi iлiнген ақпараттық стендiлер бар.

2. Мемлекеттiк қызметтер көрсету тәртiбi

      11. Уәкiлеттi органда немесе орталықта мемлекеттiк қызметтердi алу үшiн тұтынушы соттылықтың болмауы туралы анықтама беру туралы өтiнiштi, жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасын және көшiрмесiн, кәмелетке толмағандар үшiн - туу туралы куәлiктiң түпнұсқасын және көшiрмесiн ұсынады.
      Бiр адамға қатысты анықтаманы ұсыну туралы өтiнiштi осындай анықтаманы алуға және құжаттарды тапсыруға нотариат куәландырған сенiмхаты болғанда басқа адам бере алады.
      Құжаттар пакетiн қабылдаған кезде уәкiлеттi органның немесе орталықтың қызметкерi көшiрменiң түпнұсқамен шынайылығын салыстырып, түпнұсқасын өтiнiш берушiге қайтарып бередi.
      12. Мемлекеттiк қызметтер көрсету тәртiбi мен оны алу үшiн қажеттi құжаттар туралы ақпарат, сондай-ақ оларды толтыру үлгiлерi http://www.pravstat.kz. интернет-ресурсында және www.e.gov.kz - «элeктpoндық үкiмет» веб-порталының интернет-ресурстарында орналасқан.
      Өтiнiштер бланкiлерiнiң үлгiлерi уәкiлеттi органның және орталықтың залында арнайы тағанға орналастырылады.
      13. Толтырылған қажеттi құжаттар уәкiлеттi органның кеңсесiне (1-қосымшаға сәйкес) не орталыққа (2-қосымшаға сәйкес) тапсырылады.
      14. Уәкiлеттi орган арқылы мемлекеттiк қызметтер көрсетiлген кезде мемлекеттiк қызметтер уәкiлеттi орган ғимаратында өтiнiш берушiнiң мекенжайы бойынша көрсетiледi. Уәкiлеттi органда мемлекеттiк қызметтер алу үшiн құжаттар уәкiлеттi органның кеңсесiне тапсырылады.
      Уәкiлеттi орган қызметкерi автоматтандырылған деректер базасында (бұдан әрi - «Арнайы есепке алу» ААЖ) және жергiлiктi есепке алу картотекасында белгiленген мерзiмде сұратуларды тексерудi жүзеге асырады. Әрбiр өтiнiш бойынша тексеру iс-шаралары аяқталған соң соттылығы болуы немесе болмауы туралы анықтама жасалады.
      Қосымша тексеру iс-шараларын жүргiзу қажет болған жағдайда (тексерiлушi адамға қатысты қылмыстық iс бойынша iс жүргiзу шешiмiнiң жоқтығы, босату, қылмыстық атқару инспекциясы есепке алуынан шығару, айыппұлдың төленуi және соттылығын өтеуiн айқындау, сондай-ақ есептен шығару және мәлiметтердi нақтылау үшiн қажеттi басқа деректер), уәкiлеттi орган бiр тәулiк iшiнде электрондық почта арқылы Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегi комитетiнiң арнайы есепке алу басқармасында (бұдан әрi - Комитеттiң АЕБ) мәлiметтердi нақтылау туралы сұрату жолданады.
      Комитеттiң АЕБ жетiспейтiн мәлiметтердi енгiзу туралы сұратуды 3 жұмыс күнi iшiнде орындайды. Комитеттiң АЕБ осы сұратуды орындау фактiсi «Арнайы есепке алу» ААЖ-да тексеру жүргiзу жолымен анықталады, содан соң әрбiр өтiнiш бойынша соттылықтың болуы немесе болмауы туралы анықтама жасалады.
      Орталық арқылы мемлекеттiк қызметтер көрсетiлген кезде:
      орталықтың инспекторы осы стандарттың 11-тармағына сәйкес құжаттардың толық болуын, журналда тiркелуiн және құжатты жинақтаушы бөлiмiнiң инспекторына берудi тексередi.
      Орталықтың жинақтаушы бөлiмiнiң инспекторы құжаттардың жинақталуын, тiзiлiмнiң жасалуын және уәкiлеттi органға жолдануын жүзеге асырады.
      Орталық тиiстi уәкiлеттi органға өтiнiштердi қоса берiлген құжаттармен бiрге жеткiзудi осы өтiнiштер қабылданған күнi курьерлiк қызмет арқылы күнiне кем дегенде екi рет жүргiзедi.
      Уәкiлеттi орган қызметкерi сұратуларды автоматтандырылған деректер базасында «Арнайы есепке алу» ААЖ және жергiлiктi есепке алу картотекасында белгiленген мерзiмдерде жүргiзедi. Тексеру iс-шаралары аяқталған соң әрбiр өтiнiш бойынша соттылықтың болуы немесе болмауы туралы анықтама жасалады.
      Қосымша тексеру iс-шараларын жүргiзу кажет болған жағдайда (тексерiлушi адамға қатысты қылмыстық iс бойынша iс жүргiзу шешiмiнiң жоқтығы, босату, қылмыстық атқару инспекциясы есепке алуынан шығару, айыппұлдың төленуi және соттылығын өтеуiн айқындау, сондай-ақ есептен шығару және мәлiметтердi нақтылау үшiн қажеттi басқа деректер), уәкiлеттi орган бiр тәулiк iшiнде электрондық почта арқылы Комитеттiң АЕБ мәлiметтердi нақтылау туралы сұрату жолданады.
      Комитеттiң АЕБ жетiспейтiн мәлiметтердi енгiзу туралы сұратуды 3 жұмыс күнi iшiнде орындайды. Комитеттiң арнайы есепке алу басқармасы осы сұратуды орындау фактiсiн «Арнайы есепке алу» ААЖ-да тексеру жүргiзу жолымен анықтайды.
      Өтiнiш берушiге қатысты қосымша тексеру iс-шаралары жүргiзiлген кезде, уәкiлеттi орган 3 жұмыс күнi iшiнде тиiстi орталыққа себептерi көрсетiлген аралық жауапты өтiнiш берушiге жолдайды.
      Аталған аралық жауапта өтiнiштi уәкiлеттi орган алған кезден 20 жұмыс күнi өткен соң, өтiнiш берушiнiң орталыққа қайта жүгiну қажеттiгi туралы хабарланады.
      Тексеру iс-шаралары аяқталған соң, әрбiр өтiнiш бойынша Ереже талаптарына сәйкес тексеру нәтижелерi туралы анықтама жасалады, ол уәкiлеттi органға түскен кезден бастап 6-жұмыс күнi, тiзiлiм бойынша орталыққа курьерлiк байланыс арқылы қолхатта көрсетiлген беру мерзiмiнiң өтуiнен бiр күн бұрын берiледi.
      15. Құжаттарды уәкiлеттi орган арқылы қабылдаған кезде тұтынушыға өтiнiштi қабылдаған тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты, қабылдаған уақыты мен күнi көрсетiлген талон берiледi.
      Құжаттар орталық арқылы қабылданған кезде тұтынушыға тиiстi құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат берiледi, онда:
      сұратуды қабылдаған күнi мен нөмiрi;
      көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтер түрi;
      қоса берiлген құжаттардың саны мен атаулары;
      құжаттардың берiлетiн күнi мен уақыты;
      құжатты ресiмдеуге өтiнiштi қабылдаған орталық инспекторының тегi, аты, әкесiнiң аты көрсетiледi.
      16. Уәкiлеттi орган дайын құжаттарды өтiнiштi қабылдаған күнi берiлген талондағы көрсетiлген мерзiм iшiнде бередi.
      Бұл ретте ресiмделген құжатты тұтынушыға беру фактiсi құжаттарды беру журналына тiркеледi (тұтынушы журналға және талонға қол қояды).
      Орталықта тұтынушыға дайын құжаттарды орталықтың инспекторы көрсетiлген мерзiмде қолхат негiзiнде «терезелер» арқылы бередi.
      17. Тұтынушы осы стандарттың 11-тармағында көрсетiлген құжаттарды ұсынбаған жағдайда уәкiлеттi орган мемлекеттiк қызметтер көрсетуден бас тартады.
      Қосымша тексеру iс-шараларын жүргiзу қажет болған жағдайда, уәкiлеттi орган құжаттар пакетiн алғаннан соң, 3 жұмыс күнi iшiнде тұтынушыға мерзiмiнiң ұзартылу себебi туралы жазбаша негiздеме жолдайды.
      Тұтынушы осы стандарттың 11-тармағында көрсетiлген құжаттарды ұсынбаған жағдайда орталық мемлекеттiк қызметтер көрсетуден бас тартады.
      Уәкiлеттi орган орталықтан келiп түскен құжаттарды ресiмдеу кезiнде қателердi анықтаса, құжаттар пакетiн алғаннан кейiн 3 жұмыс күнi iшiнде оларды қайтару себебiн жазбаша негiздеумен орталыққа қайтарады.
      Қосымша тексеру iс-шараларын жүргiзу қажет болған жағдайда, уәкiлеттi орган құжаттар пакетiн алғаннан кейiн 3 жұмыс күнi iшiнде мерзiмiнiң ұзартылу себебi туралы орталыққа жазбаша негiздеме жолдайды.
      Уәкiлеттi органның жазбаша негiздемесiн алғаннан кейiн орталық бұл туралы тұтынушыны бiр жұмыс күнi iшiнде хабардар етедi.
      Егер тұтынушы құжаттарын алуға уақытында келмесе, орталық сол құжаттардың сақталуын 1 ай мерзiмi бойында қамтамасыз етедi, содан соң оларды уәкiлеттi органға бередi.
      Соттылықтың болуы немесе болмауы туралы анықтамалардың уәкiлеттi органда сақтау мерзiмi мен жою тәртiбi ведомстволық нормативтiк құқықтық актiлермен белгiленедi.

3. Жұмыс қағидаттары

      18. Уәкiлеттi органның және орталықтың қызметi адамның конституциялық құқықтарының сақталуына, қызметтiк борышын орындау кезiнде заңды сақтауға және әдептiлiк, толық ақпаратты беру, олардың сақталуын, ақпараттың қорғалуы және құпиялылығын қамтамасыз ету қағидаттарына негiзделедi.

4. Жұмыс нәтижелерi

      19. Тұтынушыларға мемлекеттiк қызметтер көрсету нәтижелерi осы стандарттың 3-қосымшасына сәйкес сапа және қолжетiмдiлiк көрсеткiштерiмен өлшенедi.
      20. Уәкiлеттi органның жұмысы бағаланатын «Соттылықтың болуы немесе болмауы туралы анықтама беру» мемлекеттiк қызметтер көрсетудiң сапа және қолжетiмдiлiк көрсеткiштерiнiң нысаналы мәндерi жыл сайын Қазақстан Республикасы Бас прокурорының бұйрығымен бекiтiледi.

5. Шағымдану тәртiбi

      21. Уәкiлеттi орган қызметкерлерiнiң iс-әрекеттерiне заңнамада белгiленген тәртiпте, осы стандартқа қоса берiлген 1-қосымшасында көрсетiлген, жоғары тұрған басшылыққа шағым жасалуы мүмкiн.
      Орталық инспекторының iс-әрекетiне шағымдану туралы ақпаратты орталықтың ақпараттық-анықтамалық қызметiнен мына байланыс телефондары (87172) 58-00-58 арқылы алуға болады
      22. Көрсетiлген қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайда Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегi комитетiнiң басшылығы атына шағым берiледi
      Комитеттiң мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Мәскеу көшесi, 34. Интернет-ресурсы: http://www.pravstat.kz., бiрiншi басшының (қабылдау бөлмесi) телефоны: (87172) 31-81-88.
      23. Дөрекi қызмет көрсетiлген жағдайда, орталық директорының атына шағым берiледi. Орталықтың мекенжайы мен телефондары осы стандарттың 2-қосымшасында көрсетiлген.
      24. Уәкiлеттi органға немесе орталыққа шағым беру үшiн тұтынушы шағымды еркiн түрде өз қолымен жазады.
      25. Қабылданған шағым уәкiлеттi органның, орталықтың ақпаратты есепке алу журналында тiркеледi және «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңында белгiленген мерзiмде қаралады. Тұтынушыға өтiнiштi қабылдаған адамның тегi, аты, әкесiнiң аты, күнi мен уақыты көрсетiлген талон берiледi.
      Шағымды қарау нәтижесi өтiнiш берушiге жазбаша түрде почта арқылы хабарланады.
      26. Орталықтың байланыс телефондары ресми ақпарат көздерiнде және орталық ғимараттарында орналасқан стендiлерде көрсетiледi.
      Уәкiлеттi органның және орталықтың басшыларының байланыс деректерi 1, 2-қосымшаларда, сондай-ақ ресми ақпарат көздерiнде және уәкiлеттi орган мен орталықтың ғимаратында орналасқан стендiлерде көрсетiледi.

«Соттылықтың болуы немесе болмауы
туралы анықтама беру» мемлекеттiк
қызметтер стандартына      
1-ҚОСЫМША           

р/с


Аумақтық органдар атауы

Толық заңдық мекенжайы

Байланыс телефоны, электрондық почта мекенжайы

1

Комитеттiң Астана қаласы бойынша басқармасы

010000
Астана қ., Сейфуллин к-сi, 73а

34-29-71, 34-14-52
astanal@pravstat.kz

2

Комитеттiң Алматы қаласы бойынша басқармасы

050045
Алматы қ., Бөгенбай батыр к-сi, 145

272-60-07, 272-86-40
almagorl@pravstat.kz

3

Комитеттiң Ақмола облысы бойынша басқармасы

475000
Көкшетау қаласы, Бiржан сал к-сi, 45

40-19-92, 25-58-87
akmolal@pravstat.kz

4

Комитеттiң Ақтөбе облысы бойынша басқармасы

030006
Ақтөбе қаласы, Алтынсарин к-сi, 34 үй

21-78-91, 21-21-85
aktobel@pravstat.kz

5

Комитеттiң Алматы облысы бойынша басқармасы

040000
Талдықорған қ., Абылайхан к-сi, 160/164 үй

24-07-36, 24-28-21
almatyl@pravstat.kz

6

Комитеттiң Атырау облысы бойынша басқармасы

060002
Атырау қаласы, Уәлиханов к-сi, 2 үй

32-55-96, 32-08-34
atyraul@pravstat.kz

7

Комитеттiң Батыс Қазақстан облысы бойынша басқармасы

090000
Орал қ., Достық к-сi, 197 үй

51-12-36, 50-09-27
zkol@pravstat.kz

8

Комитеттiң Жамбыл облысы бойынша басқармасы

080012
Тараз қ., Дүрiмбетов к-сi, 34 үй

45-67-50, 45-77-322
zhambyl@pravstat.kz

9

Комитеттiң Қарағанды облысы бойынша басқармасы

100012
Қарағанды қ., Жамбыл к-сi, 97 үй

56-40-08, 56-82-26
karagandal@pravstat.kz

10

Комитеттiң Қостанай облысы бойынша басқармасы

110003
Қостанай қаласы, Майлин к-сi,

53-70-71, 53-58-82
kostanayl@pravstat.kz

11

Комитеттiң Қызылорда облысы бойынша басқармасы

120019
Қызылорда қ., К. Байсейiтова, к-сi, 104а

27-64-09, 27-26-12
kyzylordal@pravstat.kz

12

Комитеттiң Маңғыстау облысы бойынша басқармасы

130000
Ақтау қ., 9-көше, 23 шағын ауданы

42-89-57, 42-89-58
mangystaul@pravstat.kz

13

Комитеттiң Оңтүстiк Қазақстан облысы бойынша басқармасы

160000
Шымкент қаласы, Тыныбаев к-сi, 40 үй

53-74-41, 21-46-17
ukol@pravstat.kz

14

Комитеттiң Павлодар облысы бойынша басқармасы

140005
Павлодар қаласы, Бейбiтшiлiк к-сi, 22 үй

53-31-44, 53-65-66
pavlodarl@pravstat.kz

15

Комитеттiң Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша басқармасы

105007
Петропавловск қ., Ульянов, к-сi, 59 үй

36-23-85, 36-28-05
skol@pravstat.kz

16

Комитеттiң Шығыс Қазақстан облысы бойынша басқармасы

070002
Өскемен қаласы, Тәуелсiздiк даңғылы, 36/1 үй

47-99-43, 47-96-20
vkol@pravstat.kz

 «Соттылықтың болуы немесе болмауы
туралы анықтама беру» мемлекеттiк
қызметтер стандартына      
2-ҚОСЫМША           


р/р

ХҚКО атаулары

ХҚКО орналасқан мекенжайы

Телефон нөмiрi

1

Астана қаласы Алматы ауданының № 1 халыққа қызмет көрсету орталығы

Астана қаласы, Жұбанов көшесi, 2

37-02-06

2

Астана қаласы Алматы ауданының № 2 халыққа қызмет көрсету орталығы

Астана қаласы, Күйшi Дина к-сi, 31 үй

40-65-62

3

Астана қаласы Сарыарқа ауданының № 1 халыққа қызмет көрсету орталығы

Астана қаласы, Пушкин к-сi, 97

37-70-65

4

Астана қаласы Сарыарқа ауданының № 2 халыққа қызмет көрсету орталығы

Астана қаласы, 81 к., 85 үй

43-84-14

5

Алматы қаласы Алатау ауданының халыққа қызмет көрсету орталығы

Алматы қаласы, Бөкеев к-сi, 128

377-19-55

6

Алматы қаласы Алмалы ауданының халыққа қызмет көрсету орталығы

Алматы қаласы, Бөгенбай батыр к-сi, 221 үй

263-82-51

7

Алматы қаласы Бостандық ауданының халыққа қызмет көрсету орталығы

Алматы қаласы, Ходжанов к-сi, 9

248-17-77

8

Алматы қаласы Жетiсу ауданының халыққа қызмет көрсету орталығы

Алматы қаласы, Төлеби к-сi, 155

268-89-98

9

Алматы қаласы Түрксiб ауданының халыққа қызмет көрсету орталығы

Алматы қаласы, Зорге көшесi, 9

234-09-64

10

Ақмола облысының халыққа қызмет көрсету орталығы

Көкшетау қаласы, Әуезов көшесi, 189 «а»

40-10-76

11

Ақтөбе облысының халыққа қызмет көрсету орталығы

Ақтөбе қаласы, Тургенев көшесi, 109

57-84-84

12

Алматы облысының халыққа қызмет көрсету орталығы

Талдықорған қаласы, Тәуелсiздiк көшесi, 67 "б"

24-41-33

13

Атырау облысының халыққа қызмет көрсету орталығы

Атырау қаласы, Баймұханов көшесi, 16

35-47-05

14

Батыс Қазақстан облысының халыққа қызмет көрсету орталығы

Орал қаласы, Жамбыл к-сi, 81

28-40-73, 28-13-12

15

Жамбыл облысының халыққа қызмет көрсету орталығы

Тараз қаласы, Қойгелдi к-сi, 158 «а»

43-84-18

16

Қарағанды облысының халыққа қызмет көрсету орталығы

Қарағанды қаласы, Қазыбек би ауданы, Чкалов көшесi, 7

41-63-03

17

Қостанай облысының халыққа қызмет көрсету орталығы

Қостанай қаласы, Таран, 114

53-45-74

18

Қызылорда облысының халыққа қызмет көрсету орталығы

Қызылорда қаласы, Мұратбаев к-сi, н/ж

23-05-78

19

Маңғыстау облысының халыққа қызмет көрсету орталығы

Ақтау қаласы, 15 шағын аудан, 67 «б»

31-85-16

20

Оңтүстiк Қазақстан облысының халыққа қызмет көрсету орталығы

Шымкент қаласы, Мәделi қожа көшесi

30-06-79

21

Павлодар облысының халыққа қызмет көрсету орталығы

Павлодар қаласы, Павлов к-ci, 48

33-47-55

22

Солтүстiк Қазақстан облысының халыққа қызмет көрсету орталығы

Петропавл қаласы, Әуезов к-сi, 157

33-66-16

23

Шығыс Қазақстан облысының халыққа қызмет көрсету орталығы

Өскемен қаласы, Белинский көшесi, 37 «а»

22-24-28

24

Шығыс Қазақстан облысының халыққа қызмет көрсету орталығы

Семей қаласы, 408-көше, 21 орам

33-55-93

 «Соттылықтың болуы немесе болмауы
туралы анықтама беру» мемлекеттiк
қызметтер стандартына      
3-ҚОСЫМША           

Сапа және қолжетiмдiлiк көрсеткiштерi

Сапа және қолжетiмдiлiк көрсеткiштерi

Көрсеткiштiң нормативтiк мәнi

Көрсеткiштiң келесi жылдағы нысаналы мәнi

Көрсеткiштiң есептi жылдағы ағымдағы мәнi

1

2

3

4

1. Уақтылығы

1.1. құжаттарды тапсырған сәттен бастап белгiленген мерзiмде қызмет ұсыну жағдайлары % (үлесi)










2. Сапасы

2.1. қызмет көрсету процесiнiң сапасына қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесi)










3. Қолжетiмдiлiгi

3.1. қызмет көрсетудiң сапасына және тәртiбi туралы ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылар % (үлесi)










3.2. электрондық форматта қолжетiмдi ақпараттық қызметтер % (үлесi)










4. Шағымдану процесi

4.1. шағымдану тәртiбiне қанағаттанған тұтынушылар % (үлесi)










5. Әдептiлiк

5.1. қызметкерлердiң әдептiлiгiне қанағаттанған тұтынушылар % (үлесi)










Похожие:

Бекiтiлген «Соттылықтың болуы немесе болмауы туралы анықтама беру» мемлекеттiк қызметтер стандарты icon«Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беру» мемлекеттiк қызмет көрсету стандарты Жалпы ережелер Осы «Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беру»
Осы «Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беру» стандарты (бұдан әрi стандарт) Қазақстан Республикасының жеке тұлғаларына...
Бекiтiлген «Соттылықтың болуы немесе болмауы туралы анықтама беру» мемлекеттiк қызметтер стандарты icon«Соттылықтың болуы немесе болмауы туралы анықтаманы беру» мемлекеттік қызмет көрсету регламентін бекіту туралы
Азақстан Республикасының «Әкімшілік рәсімдер туралы» Заңының 9-1 бабының 4-тармағына сәйкес, БҰйырамын
Бекiтiлген «Соттылықтың болуы немесе болмауы туралы анықтама беру» мемлекеттiк қызметтер стандарты iconЖеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беру
Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беру мемлекеттiк қызмет стандартын бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң...
Бекiтiлген «Соттылықтың болуы немесе болмауы туралы анықтама беру» мемлекеттiк қызметтер стандарты icon«Қайтыс болуы туралы анықтама беру» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты Жалпы ережелер
Мемлкеттік қызмет – қайтыс болуы туралы анықтама беру өлім жағдайын куәландыратын медициналық құжат (қайтыс болу туралы дәрігерлік...
Бекiтiлген «Соттылықтың болуы немесе болмауы туралы анықтама беру» мемлекеттiк қызметтер стандарты icon«Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беру» мемлекеттік қызмет көрсетудің регламенті Негізгі ұғымдар Пайдаланылатын терминдер мен аббревиатуралардың анықтамалары: «Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беру»
«Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беру» азаматтардың жеке селолық округі аумағында тұрғылықты тұратын және қосалқы...
Бекiтiлген «Соттылықтың болуы немесе болмауы туралы анықтама беру» мемлекеттiк қызметтер стандарты iconЖеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беру
Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беру мемлекеттiк қызмет стандартын бекiту туралы
Бекiтiлген «Соттылықтың болуы немесе болмауы туралы анықтама беру» мемлекеттiк қызметтер стандарты iconРегламенті Негiзгi ұғымдар Осы «Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беру»
«Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беру» мемлекеттiк қызмет көрсету регламенті
Бекiтiлген «Соттылықтың болуы немесе болмауы туралы анықтама беру» мемлекеттiк қызметтер стандарты iconРегламенті Жалпы ережелер «Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беру»
«Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беру» мемлекеттік қызметтің осы Регламенті (бұдан әрі Регламент) Қазақстан Республикасының...
Бекiтiлген «Соттылықтың болуы немесе болмауы туралы анықтама беру» мемлекеттiк қызметтер стандарты icon2007 жылғы «12» қарашадағы №24/1 өкімімен бекітілген Мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты Мал басы туралы мәліметті беру
Мал басы туралы мәлімет – иегердін иелігінде мал басының бар болуы немесе жоқ болуы жөнінде ақпарат
Бекiтiлген «Соттылықтың болуы немесе болмауы туралы анықтама беру» мемлекеттiк қызметтер стандарты icon2007 жылғы «12» қарашадағы №21/1 өкімімен бекітілген Мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты Мал басы туралы мәліметті беру
Мал басы туралы мәлімет – иегердін иелігінде мал басының бар болуы немесе жоқ болуы жөнінде ақпарат
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница