Конкурс туралы Ереже. 1 Жалпы ережелер




Скачать 33.51 Kb.
НазваниеКонкурс туралы Ереже. 1 Жалпы ережелер
Дата конвертации12.07.2014
Размер33.51 Kb.
ТипКонкурс
Халықаралық құқықтың өзекті мәселелері бойынша студенттер арасындағы үздік ғылыми жұмысқа республикалық конкурс туралы Ереже.
1) Жалпы ережелер
Халықаралық құқықтың өзекті мәселелері саласындағы үздік ғылыми жұмысқа жыл сайынғы республикалық конкурс (ары қарай - Конкурс) Мемлекет және құқық институтымен Қазақстандық халықаралық құқық ассоциациясының (ары қарай - ҚХҚА) қаржылық-ұйымдастырушылық қолдауымен Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының «Халықаралық құқық», «Заң», «Халықаралық қатынастар», «Ақпараттық жүйелер», «Астрономия», «Экономика» және Конкурс тақырыптарына қатысы бар басқа да аралық мамандықтар бойынша оқитын студенттер мен магистранттар арасында өткізіледі.
Конкурстың негізгі мақсаттары мен тапсырмалары:

  • Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында оқитын студенттердің ғылыми-зерттеу және оқу-ағарту қызметін ынталандыру;

  • Қазақстандық халықаралық құқық мектебін дамытуға және оның интеллектуалдық қуатын құруға септігін тигізу;

  • Халықаралық құқық мәселелеріне қызығатын талантты және дарынды студенттерді іріктеу және қолдау.

Конкурс өткізу кезінде Мемлекет және құқық институтының Директоры құрамына заң саласындағы жетекші ғалымдар, оқытушылар және тәжірибелі мамандар кіретін, Конкурсқа ұсынылған ғылыми жұмыстарды бағалау бойынша Конкурстық комиссия (ары қарай - Комиссия) құрады.
2) Конкурсты өткізу талаптары
Конкурста Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының «Халықаралық құқық», «Заң», «Халықаралық қатынастар», «Ақпараттық жүйелер», «Астрономия», «Экономика» және Конкурс тақырыптарына қатысы бар басқа да аралық мамандықтар бойынша оқитын студенттер мен студенттік топтар қатыса алады. Конкурсқа конкурста жарияланған тақырыптар бойынша қатысушылардың өздерімен орындалған және аяқталған ғылыми-зерттеу жұмыстары ұсынылады:

1. «Қазақстанның жылдамдатылған индустриалды-инновациялық даму жағдайында әлемдік экономикалық кеңістікке интерграциясының халықаралық-құқықтық тетіктері» (жоба жетекшілері: Ю.С.Локтева., з.ғ.к., С.Ж.Айдарбаев, з.ғ.д., профессор);

2. «Қазақстан Республикасының ғарыш кеңістігін зерттеу және пайдалану саласындағы ынтымақтастығының халықаралық-құқықтық негіздері» (жетекшісі: С.М.Сылкина, з.ғ.к.);

3. «Жаһандық коммуникациялық желілердегі қызметтерді құқықтық реттеудің перспективалары» (жетекшісі: Т.К.Ерджанов, з.ғ.к.).

Жұмыс Конкурс тақырыбы бойынша өзекті зерттеу болу керек, шешілетін ғылыми мәселенің қазіргі жағдайының бағасын, негізделген қорытындыларды, сондай-ақ қарастырылып отыған зерттеу объектісін жетілдіру бойынша ұсыныстарды қамту керек. Конкурсқа қатысу үшін келесі құжаттарды тапсыру қажет: ғылыми жұмыс; ғылыми жұмысқа аннотация; ғылыми жетекшінің жұмыстың өз бетімен орындаған деңгейі туралы пікірі (еркін формада); факультет деканының ілеспе хаты. Конкурсқа қазақ және орыс тілдеріндегі электронды формадағы және қағазда басылған ғылыми жұмыс ұсынылады. Қазақ және орыс тілдерінде шрифт KZ Times New Roman, кегль 13, бірлік интервал. Бет параметрлері: жоғарғы және төменгі жиектері – 2 см., сол жағы - 3 см., оң жағы – 2 см. Мәтін көлемі 1 беттен аз емес 1,5 беттен көп емес. Бірінші жолдағы абзацта 1,5 см орын қалдыру керек. Мәтінді ені бойынша реттеу керек.

Мәтінді автор оқып шығуы және оны түзетіп, соңғы бетіне қол қоюы керек. Ғылыми жұмыстың мәтінімен қоса Конкурсқа қатысушы автордың тегі мен оның инициалдары көрсетілген файл жазылған диск тапсыру керек. Конкурсқа ұсынылған жұмыстар қайтарылмайды және авторға рецензия берілмейді. Осы Ережелердің нормаларына сай келмейтін жұмыс ұсынылған жағдайда, автор(лар)ға сілтеме жасамай «көшірілген» жағдайда Комиссия бұл жұмыстарды Конкурстан шеттетуге құқылы.
3) Конкурс нәтижелерін шығару
Конкурс нәтижелерін Комиссия шығарады. Комиссия отырыста ашық дауыс беру арқылы Комиссияның 2/3 көпшілік дауысымен шешеді. Дауыстар тең болса Комиссия төрағасының дауысы шешуші болады. Комиссия Конкурстың әр тарауы бойынша жеңімпаздарды марапаттауға келесі тәртіпте ұсынуға құқылы:

бірінші орынға– бірінші дәрежелі диплом (бір жұмыстан артық емес);

екінші орынға – екінші дәрежелі диплом (екі жұмыстан артық емес);

үшінші орынға – үшінші дәрежелі диплом (үш жұмыстан артық емес). Конкурс жеңімпаздарын анықтау бойынша Комиссия шешімі тиісті Хаттамамен ресімделеді, оған барлық мүшелер қол қояды және Мемлекет және құқық институтының Директоры оны бекітеді.
4) Конкурс жеңімпаздарын марапаттау
Комиссия жаңімпаз студенттерге ҚХҚА есебінен степендия мөлшерінен кем емес ынталандыру шараларын қолдануы мүмкін. Бағалы сыйлықтар, сертификаттар және дипломдар жеңімпаздарға 2012 жылдың 15 желтоқсанында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда тапсырылады. Үздік ғылыми жұмыстар Комиссия ұсынысы бойынша Мемлекет және құқық институты мен Қазақстандық халықаралық құқық ассоциациясының басылымдарында жарияланатын болады.

Похожие:

Конкурс туралы Ереже. 1 Жалпы ережелер iconӘкімшілік басқармасы туралы ереже жалпы ережелер
Осы Ереже Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті туралы (бұдан әрі – Комитет)...
Конкурс туралы Ереже. 1 Жалпы ережелер icon2007 жыл 1-бап. Жалпы ережелер
«Самұрық-Энерго» акционерлік қоғамының (бұдан әрі Қоғам) Директорлар кеңесінің Хатшысы – Корпоративтік хатшы туралы осы Ереже (әрі...
Конкурс туралы Ереже. 1 Жалпы ережелер iconБілім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттыру жүйесіндегі қашықтықтан оқыту туралы ереже І. Жалпы ережелер
Осы ереже 2007 жылғы 15 тамыздағы ҚР «Білім туралы» Заңы, Қазақстан Республикасында Білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға мемлекеттік...
Конкурс туралы Ереже. 1 Жалпы ережелер icon«Самұрық-Энерго» акционерлік қоғамының Басқармасы туралы ереже Жалпы ережелер Осы ереже Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы»
Осы ереже Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» заңына, «Самұрық-Энерго» акционерлік қоғамының (бұдан әрі Қоғам)...
Конкурс туралы Ереже. 1 Жалпы ережелер iconҚазақстан Республикасы жалпы білім беретін мектептерінің қызметін ұйымдастыру тәртібі туралы Ережелер Жалпы ережелер
Осы Ережелер меншік нысандары мен салалық бағыныстылығына қарамастан, барлық түрдегі жалпы білім беретін мектептері қызметінің тәртібін...
Конкурс туралы Ереже. 1 Жалпы ережелер iconКонкурс туралы ереже I. Жалпы ережелер шығыс Қазақстан облысының эмблемасын дайындау конкурсы бір рет қана өткізіледі
Конкурстың мақсаты: Шығыс Қазақстанның тарихи, экономикалық, мәдени және табиғат ерекшеліктерін көрсететін Шығыс Қазақстан облысының...
Конкурс туралы Ереже. 1 Жалпы ережелер iconЖоба депутаттың жас көмекшісі туралы Ереже Жалпы ережелер
Депутат көмекшісінің жұмысы ерікті болып табылады, қоғамдық негізде жүзеге асырылады
Конкурс туралы Ереже. 1 Жалпы ережелер icon1. жалпы ережелер нақты Ереже «ххі ғасырдың көшбасшысы»
Нақты Ереже «ххі ғасырдың көшбасшысы» ойынының форматында «Эрудит-2012» интеллектуалды олимпиадасын ұйымдастыру мен өткізудің жалпы...
Конкурс туралы Ереже. 1 Жалпы ережелер icon«Қазақтелеком» АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының 2008 жылдың 29 қыркүйегіндегі №38 хаттамасымен бекітілген (2011ж. 29. 12. жағдай бойынша) «Қазақтелеком»
«Қазақтелеком» акционерлік қоғамы Акционерлерінің жалпы жиналысы туралы ереже (бұдан әрі – Ереже) Қазақстан Республикасының «Акционерлік...
Конкурс туралы Ереже. 1 Жалпы ережелер icon110. 00-нысан Жалпы ережелер Осы Ереже «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы»
Корпорациялық табыс салығы бойынша салық есептілігін (декларациясын) жасау ережесі
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница