Бородулиха ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 25 наурыздағы №919 қаулысы Он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтарды 2011 жылдың сәуір-маусымында




Скачать 135.01 Kb.
НазваниеБородулиха ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 25 наурыздағы №919 қаулысы Он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтарды 2011 жылдың сәуір-маусымында
Дата конвертации10.07.2013
Размер135.01 Kb.
ТипДокументы
Бородулиха ауданы әкімдігінің

2011 жылғы 25 наурыздағы № 919 қаулысы


Он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі

ер азаматтарды 2011 жылдың сәуір-маусымында

және қазан-желтоқсанында мерзімді

әскери қызметке шақыруды өткізу туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 31-бабы 1-тармағының 8) тармақшасы негізінде, «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74 Заңының 19, 20, 21, 23-баптарына, «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2011 жылдың сәуір – маусымында және қазан – желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 3 наурыздағы № 1163 Жарлығына, «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2011 жылдың сәуір – маусымында және қазан – желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 3 наурыздағы № 1163 Жарлығын жүзеге асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 11 наурыздағы № 250 қаулысына сәйкес, Бородулиха ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Әскерге шақыру мерзімін кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар, сондай-ақ, оқу орындарынан шығарылған жиырма жеті жасқа толмаған және шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткермеген азаматтарды 2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан–желтоқсанында мерзімді әскери қызметке шақыру өткізілсін.

2. Қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің бастығы С.Д.Сатыбалдиевқа (келісім бойынша) ұсынылсын:

  1. кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар, сондай-ақ, оқу орындарынан

шығарылған жиырма жеті жасқа толмаған және шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткермеген азаматтарды 2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан–желтоқсанында алдын-ала дәрігерлік тексеруден өткізу.

2) оқу орындарында алғашқы әскери дайындықтан өтпегендердің санынан, кезекті шақыруға жататындардан шақырылушылар топтары жасақталып, оқыту пунктіне тапсыру.

3. «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74 Заңымен анықталған шақыруды өткізу мерзімінен және шақырылушылар саны есебінен мерзімді әскери қызметке азаматтарды шақыруды өткізу және ұйымдастыру үшін, 1 қосымшаға сәйкес шақыру комиссиясы құрылсын.

  1. 2 қосымшаға сәйкес шақыру комиссиясының жұмыс кестесі бекітілсін.

5. Бородулиха ауданының медициналық бірлестігі коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның директоры (бұдан әрі - Бородулиха ауданының МБ КМҚК) У.М. Эфендиевке (келісім бойынша) ұсынылсын:

  1. шақыру кезеңінде медициналық комиссияны өткізу үшін Жезкент, Новошульба учаскелік ауруханаларының үй-жайларын бөлу, шақырылушылардан анализ қабылдау, тұрғылықты мекенжайы бойынша шақыру комиссиясының жіберілуімен әскерге шақырылушыларды емдеуді ұйымдастыру;

2) шақыру кезеңіне шақырылушыларды медициналық куәландыру үшін медициналық қызметкерлер құрамын бөлу, шақыру медициналық комиссиясымен кесте бойынша Бородулиха ауданының МБ КМҚК қайта қаралуға жіберілген шақырылушылардың тексерілуін қамтамасыз ету.

6. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау Министрлігінің мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау Комитеті Департаментінің Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы бойынша басқармасының бастығы Ғ.Қ.Сүлейменовқа келісім бойынша, шақырылушылардан бруцеллезге, ЖИТС-ға қан анализін тапсыруды өткізу ұсынылсын.

7. Ведомстволық бағыныштылығына және меншік нысанына қарамастан ұйым, кәсіпорын, мекеме және оқу орындарының басшыларына келісім бойынша, шақырылушылардың шақыру комиссиясына келуі мен хабарландырылуын қамтамасыз ету ұсынылсын.

  1. Кенттік және ауылдық округтердің әкімдеріне:

  1. олардың қорғаныс істері жөніндегі бөлімге шақырылғандықтары туралы шақырылушыларды хабардар ету және қорғаныс істері жөніндегі бөліммен белгіленген күндері шақыру комиссиясына келуін қамтамасыз етсін;

2) бекітілген кесте бойынша шақырылушыларды жеткізсін және жіберсін.

9. Аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы Д.Б.Ыбраевқа (келісім бойынша) ұсынылсын:

  1. қорғаныс істері жөніндегі бөлімге бұрын сотталған, жазасын өтеп келген, тергеудегі шақырылушылар туралы ақпарат беру;

  2. шақыру және жіберу кезінде шақыру пунктіне жасақ бөлу, тәртіп сақтауды қамтамасыз ету;

  3. әскери міндеттіліктен жалтарған тұлғалардың іздестіруін жүргізу.

10. Қаржы-шаруашылық бөлімінің бастығы (Т.К. Құсманова) 3 қосымшаға сәйкес 2011 жылға арналған аудан бюджетімен анықталып бөлінген қаржы шегінде келісімшарт жасау үшін қорғаныс істері жөніндегі бөліммен ұсынылған өтінім негізінде шақыру, медициналық комиссияның жұмысын, техникалық қызметкерлерге және қызмет көрсететін персоналға еңбекақыны қаржыландыруды қамтамасыз етсін.

11. Келесі қаулылардың күші жойылды деп танылсын:

1) «Он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтарды 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан – желтоқсанында мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу туралы» 2010 жылғы 23 сәуірдегі № 656 қаулы;

2) «Бородулиха ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 23 сәуірдегі № 656 «Он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтарды 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан – желтоқсанында мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу туралы» қаулысына өзгертулер енгізу туралы» 2010 жылғы 17 мамырдағы № 692 қаулы.

12. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Р.А.Атаеваға жүктелсін.

13.Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Аудан әкімі Т. Қасымов
Келісілді:
Бородулиха ауданының

қорғаныс істері жөніндегі 2011 ж. «___»_________

бөлімінің бастығы С. Сатыбалдиев
Бородулиха ауданының ішкі істер

бөлімінің бастығы 2011 ж. «___»__________

Д. Ыбраев

Бородулиха ауданының медициналық

бірлестігі коммуналдық мемлекеттік

Қазыналық кәсіпорынының директоры 2011 ж. «___»__________

У. Эфендиев

Қазақстан Республикасының денсаулық

сақтау министрлігінің мемлекеттік

санитарлық -эпидемиологиялық кадағалау

комитеті департаментінің ШҚО

Бородулиха ауданы бойынша

басқармасының бастығы 2011 ж. «___»___________

Ғ. Сүлейменов


Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне 2011 жылғы 25 сәуірдегі № 5-8-132 санымен тіркелген

Бородулиха ауданы әкімдігінің

2011 ж. «25» наурыз № 919

қаулысына 1 қосымша

Он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтарды 2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді

әскери қызметке шақыру комиссиясының

құрамы

Шақыру комиссиясының төрағасы:

Сатбек Жақыпұлы Сатыбалдиев – Бородулиха ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің бастығы;
Шақыру комиссиясы төрағасының орынбасары:

Рыскүл Абузарқызы Атаева – аудан әкімінің орынбасары;
Комиссия мүшелері:

Жанарбек Елубайұлы Қошанаев – Бородулиха аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары;

Севиндж Умудовна Попп – Бородулиха ауданының медициналық бірлестігі коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынының емдік жұмысы бойынша бас дәрігердің орынбасары, шақыру комиссиясының бас дәрігері;

Шақыру комиссияның хатшысы:

Юлия Абыталыбовна Талыбова - Бородулиха ауданының медициналық бірлестігі коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынының мейірбикесі.

Аппарат басшысы С. Лазурин

Бородулиха ауданы әкімдігінің

2011 ж. «25» наурыз № 919

қаулысына 2 қосымша

Бородулиха ауданының кенттік және ауылдық округтері бойынша

он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтарды 2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке шақыру комиссиясының жұмыс

КЕСТЕСІ


р



Кенттік және ауылдық округтердің атаулары

Бар-лығы

01.04.

2011ж

04.04.

2011 ж

05.04

2011ж

06.04

2011ж

07.04

2011ж

08.04.

2011ж

1

Бородулиха

35

35
















2

Бақы

10




10













3

Дмитриевка

15




15













4

Новодворовка

15

15
















5

Переменовка

25




25













6

Степной

7







7










7

Подборный

10







10










8

Белағаш

20







20










9

Жезкент

45










45







10

Новопокровка

20













20




11

Петропавловка

15













15




12

Зубаир

8













8




13

Андреевка

10







10










14

Уба – Форпост

3







3










15

Новошульба

30
















30

16

Красный Яр

10
















10

17

Жерновка

10
















10

18

Ленин

5










5







19

Таврия

7













7




Барлығы

300

50

50

50

50

50

50


Аппарат басшысы С. Лазурин


Бородулиха ауданы әкімдігінің

2011 ж. «25» наурыз № 919

қаулысына 3 қосымша
Тіркелушіге –шақырылушыларға қызмет көрсетуге қажетті техникалық қызметкерлердің есебі
Күніне қызмет көрсетілген тіркелушілердің –шақырылушылардың саны – 50 адам.

1 тіркелушіге –шақырылушыларға жұмсалатын уақыт – 30 минут.

20,58 күндеріндегі жұмыс уақытының орташа айлық теңгерімі, 1 техникалық қызметкерге дөңгелектегенде айына 21.

Жұмыс уақыты сағатының теңгерімі 1 техникалық қызметкерге айына 168 сағат.


Лауазымы

Техни калық қызмет керлердің саны

1 күндеқыз мет көрсетіле тін тірке луші-шақырылушы лар дың саны

1 тіркелуші ге-шақырылушыға қызмет көрсетуге жұмсала тын уақыт (минут)

1 күнде тіркелушіге-шақырылу шыға қызмет көрсетуге жұмсалатын уақыт минут бойынша

1 күнде тіркелушіге-шақырылушыға қызмет көрсетуге жұмсалатын уақыт сағат бойынша

1 айда қызмет көрсетілетін тіркелушілердің – шақырылушылардың саны (жұмыс уақытының орташа теңгерімі 21 күн)

1 айда тіркелуші ге-шақырылушыға қызмет көрсетуге жұмсала тын уақыт сағат бойынша

1

2

3

4

5

6

7

8

Тех. қызметкер лер

1

16

30

480

8

336

168

Тех. қызметкер лер

1

17

30

510

8,5

357

178,5

Тех. қызметкер лер

1

17

30

510

8,5

357

178,5

























Барлығы

3

50

30

1500

25

1050

525



Аппарат басшысы С. Лазурин

Похожие:

Бородулиха ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 25 наурыздағы №919 қаулысы Он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтарды 2011 жылдың сәуір-маусымында iconАудан әкімдігінің 2010 жылғы 19 сәуірдегі №95 қаулысы 2010 жылдың сәуір-маусымында
Республикасының азаматтарын 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы...
Бородулиха ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 25 наурыздағы №919 қаулысы Он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтарды 2011 жылдың сәуір-маусымында iconҚазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына азаматтарды 2011 жылдың сәуір-маусымында
Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына азаматтарды 2011 жылдың сәуір-маусымында, қазан-желтоқсанында...
Бородулиха ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 25 наурыздағы №919 қаулысы Он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтарды 2011 жылдың сәуір-маусымында iconЗырян ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 20 наурыздағы №1023 қаулысына Қазақстан Республикасының азаматтарын 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан
Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 01 наурыздағы №274 жарлығын іске асыру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12...
Бородулиха ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 25 наурыздағы №919 қаулысы Он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтарды 2011 жылдың сәуір-маусымында iconСолтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 25 наурыздағы №78 қаулысы
Аққайың ауданының аумағында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру туралы
Бородулиха ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 25 наурыздағы №919 қаулысы Он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтарды 2011 жылдың сәуір-маусымында iconШақыру жасындағы азаматтарды 2011 жылдың сәуір-маусым және қазан- желтоқсан айларында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы
Республикасы Президентінің 2011 жылғы 3 наурыздағы №1163 Жарлығына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 30 маусымдағы «Азаматтарды...
Бородулиха ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 25 наурыздағы №919 қаулысы Он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтарды 2011 жылдың сәуір-маусымында iconАқмола облысы Есіл ауданы әкімдігінің Қаулысы есіл қ. №2012 жыл 2012 жылдың 23 ақпанындағы
Заңының 7 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы №836 қаулысымен бекітілген, Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасын...
Бородулиха ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 25 наурыздағы №919 қаулысы Он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтарды 2011 жылдың сәуір-маусымында iconШығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 29 қарашадағы №197 қаулысы Сайлау науқаны кезінде
...
Бородулиха ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 25 наурыздағы №919 қаулысы Он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтарды 2011 жылдың сәуір-маусымында icon2009 жылы сәуір-маусым және қазан-желтоқсанында азаматтарды мерзімді
Жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсанында шақыруы кейінге қалдыруға немесе босатуға құқығы жоқ 18 ден 27 жасқа дейінгі азаматтардың...
Бородулиха ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 25 наурыздағы №919 қаулысы Он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтарды 2011 жылдың сәуір-маусымында iconПавлодар облысы Ертіс ауданы әкімдігінің
Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жолдама беру үшін мектеп жасына дейінгі (7 жасқа дейінгі)
Бородулиха ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 25 наурыздағы №919 қаулысы Он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтарды 2011 жылдың сәуір-маусымында iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2011 жылғы 9 тамыз №919 Астана, Үкімет Үйі Мемлекеттік орган болып табылатын мемлекеттік мекемені
«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница