Қазақстан Республикасы мұнай-газ кешені қызметкерлерінің Кәсіподағы




Скачать 206.7 Kb.
НазваниеҚазақстан Республикасы мұнай-газ кешені қызметкерлерінің Кәсіподағы
Дата конвертации10.07.2013
Размер206.7 Kb.
ТипДокументы
Қазақстан Республикасы мұнай-газ кешені қызметкерлерінің Кәсіподағы,

Қазақстан Республикасы мұнай және газ Министрлігі және салалық ұйымдар өкілдері арасындағы 2011-2013 жылдарға арналған

салалық келісім


І. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР


    1. 1.1. Бұл Салалық келісім (бұдан әрі «Келісім») Қазақстан Республикасының Заңына, сәйкес Тараптар – Қазақстан Республикасының мұнай және газ Министрлігі тұлғасындағы мемлекеттік орган (бұдан әрі – «Министрлік»), республикалық үш жақты комиссияның шешімімен белгіленген қызметкерлердің өкілетті өкілі – Қазақстан Республикасы мұнайгаз кешені қызметкерлерінің Кәсіподағы (әрі қарай – «Кәсіподақ») және салалық ұйымдар жұмыс берушілерінің өкілетті өкілдері – (бұдан әрі – «Жұмыс берушілер») арасында әлеуметтік-еңбек, еңбек және оларға байланысты әкономикалық қатынастарды реттеудің тиімді механизмін жасау, әлеуметтік әріптестік шегінде мұнайгаз кешені ұйымдары мен кәсіпорындарының тұрақты және тиімді қызметі мақсатында қызметкерлер мен жұмыс берушілер мүдделерінің оңтайлы теңгерімін қамтамасыз ету мақсатында жасалған құқықтық акт.

    2. Бұл Келісім кәсіпорындар мен ұйымдарда ұжымдық шарт жасау барысында қызметкерлер мен жұмыс берушілер арасындағы келіссөздер үшін негіз болып табылады.



    3. 1.2. Бұл Келісім өзара міндеттемелерді қабылдау еріктілігі мен оларды қамтамасыз ету шындығы, Тараптардың тең құқығы мен өзара жауаптылық қағидаттарына, Тараптердың, олардың өкілдерінің келісім бойынша қабылданған міндеттемелерін орындау үшін жауапкершілігіне, әлеуметтік әріптестіктің дамуы мен нығаюына мемлекеттің ықпал етуіне, қабылданған шешімдердің жариялылығына, талқыланатын мәселелерді таңдау еркіндігіне, тараптар мүдделерін құрметтеуге, Келісім орындалуының міндеттілігіне негізделіп бекітілді.



    4. 1.3. Келісім қолданысы:

  • Осы Келісіммен қабылданған міндеттемелер деңгейінде Қазақстан Республикасы мұнай және газ Министрлігіне;

  • Қызметкерлерге – Қазақстан Республикасы мұнайгаз кешені қызметкерлері Кәсіподағының мүшелеріне, Келісімге қол қойған салалық кәсіпорындардың жұмыс берушілеріне;

  • Келісімге қосылуға кейін ниет білдірген жұмыс берушілері мен қызметкерлерге (олардың өкілетті өкілдеріне) таралады. Келісімге қосылу жұмыс беруші мен кәсіподақтың тиісті органының берлескен түрде Министрлік атына жолдаған Келісімге қосылу туралы ескерту хатымен рәсімделеді.


Келісім оған Тараптар қол қойған күннен бастап, бірақ 2011 жылдың 01 қаңтарынан ерте емес уақытта күшіне енеді және 2013 жылдың 31 желтоқсанына дейін әрекет етеді. Келісім Тараптар қол қойған күннен бастап 10 күнтізбелік күн ішінде Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде тіркелуге жатады.



    1. 1.4. Қызметкерлерге бір мезгілде бірнеше келісімдер әрекеті таралған жағдайда, келісімдердің олар үшін қолайлылары қолданылады. Келісімге қол қоюшы тараптар мүдделерін ұсынатын кәсіпорындар мен ұйымдарда ұжымдық шарттар болмаған жағдайда Келісім оларға тікелей әрекет етеді.



    2. 1.5. Осы Келісімнің әрекет ету кезеңінде Келісімнің барлық Тараптарының келісімі бойынша оған өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі. Енгізілген өзгерістер мен толықтырулар Келісімге қосымша ретінде рәсімделеді, оның ажырағысыз бөлігі болып табылады, және қызметкерлер өкілдерінің тарапына жеткізіледі. Келісімнің мұқабасында олардың әрекетінің басталғаны туралы белгіленеді..



    3. 1.6. ҚР АК 404 бабында және Салалық келісімнің 9.1. тарауында қаралған жағдайлардан басқа уақытта Келісім Тараптарының ешқайсысы бір жақты тәртіпте Келісімнің әрекет ету мерзімі ішінде өзіне қабылданған міндеттемелердің орындалуын тоқтата алмайды. Келісушы Тараптардың қайта құрылуы жағдайында Келісім бойынша міндеттемелерді орындау ҚР заңнамасына сәйкес оларды жалғастыруға құқықтыларға жүктеледі.


1.7. Келісімнің әрекет етуі кезінде қабылданған, қызметкерлердің жағдайларын жақсартатын нормативтік құқықтық актілер Келісімнің тиісті тармақтарының әрекетінің ауқымын олар күшіне енген сәттен бастап кеңейтеді.

Нормативтік құқықтық актілермен қызметкерлердің жағдайлары төмендеген жағдайда осы Келісім жағдайлары әрекет етеді.

ІІ. ТАРАПТАРДЫҢ ӨЗАРА ҚАТЫНАСТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕМЕЛЕРІ
Келісуші Тараптар мынадай міндеттеме алады:
2.1. Қазақстан Республикасының мұнайгаз кешенінің әлеуметтік-экономикалық проблемаларын шешу кезінде тепе-теңдік бастамаларда ынтымақтастыққа, мемлекеттік басқару органдарында қызметкерлердің еңбек, экономикалық және әлеуметтік құқықтары мен мүдделерін қорғау мәселелерін қозғау, сәйкес акцияларды, бағдарламаларды, ұсыныстарды әзірлеуге қатысу. Бір-біріне әлеуметтік – экономикалық бағыттағы сұратылған мәселелер бойынша ақпаратты ҚР АК 126 бабында қаралған қызмет және коммерциялық құпияны жарияламау туралы талаптарын сақтай отырып, толық және уақытылы беру.
2.2. Қызметкерлерге және олардың отбасыларына заңнамамен және осы Келісіммен белгіленген ең кіші әлеуметтік кепілдіктер мен жеңілдіктердің орындалуын және осы кепілдіктерді ұжымдық шарттарды бекіту кезінде осы кепілдіктер тізімін кеңейтуде қызметкерлер құқықтарының шектелмеуін қамтамасыз етеді.
2.3. Төмендегілерге бағытталған бірлескен шараларды қабылдайды:

  • әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз етуге және өзара мүдделерді обьективті есептеу негізіндегі қоғамдық келісімге ықпал ету;

  • мұнайгаз кешені кәсіпорындарының тұрақты жұмысын қамтамасыз ету, өндіріс тиімділігін, қызметкерлердің өмір жағдайларын және оларды әлеуметтік-құқықтық қорғауды арттыру;

  • сау және қауіпсіз еңбек жағдайларын және қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету;

  • қызметкерлердің кәсіби деңгейін көтеру.



2.4. Тараптар Келісімнің әрекет етуі кезеңінде оның талаптары сақталған жағдайда ұжымдық еңбек дауларына, оларды шешудің ең ақырғы шарасы – ереуілдерді қолдануға әкеліп соқтыратын жағдайлар мен олардың себептерін жою бойынша алдын – алу шараларын қабылдауға міндеттеме алады.
2.5. Қазақстан Республикасы мұнайгаз кешенінің кәсіпорындары мен ұйымдарының жұмыс берушілері келіседі:

2.5.1. Ұйымдарда осы Келісімнің жүзеге асуы үшін жағдайлар жасауға, ұсыныстарды қарауға, келіссөздер, консультациялар жүргізуге, және ұйымдардың қызметкерлерімен олардың өкілдері - Кәсіподақтың тиісті ұйымдарының тұрғысында Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінде қаралған тәртіп пен жағдайлар боынша ұжымдық шарттар жасауға.

2.5.2. Әлеуметтік - еңбек мәселелері бойынша шешім қабылдар алдында Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінде қаралған жағдайларда жұмыс берушінің тиісті актілер жобаларына сәйкес сайланбалы кәсіподақ органымен немесе қызметкерлердің басқа да өкілдерімен (олар бар болса) алдын-ала келісуге және оларды қажетті ақпаратпен және нормативтік құжаттамамен ұжымдық шартта қаралған тәртіпте қамтамасыз етуге.

2.5.3. Жұмысқа жаңа қызметкерлерді қабылдаған кезде оларды осы Келісіммен, ұжымдық шартпен және оларға қосымшалармен, олардың әрекет ету тәртібімен, сонымен қатар жұмыс берушінің әлеуметтік-еңбек құқықтары мен қызметтеріне қатысы бар өзге де актілерімен таныстыруға міндеттеме алады.
2.6. Қызметкерлер:

2.6.1. Жұмыс берушілерге өндіріс тиімділігін арттыру, еңбек тәртібін нығайту, еңбек және демалыс режимін сақтау, еңбекке ақы төлеудің қолданыстағы жүйесін түсіндіру мәселелерінде ықпал етуге.

2.6.2. Жұмыс берушілер өздеріне қабылдаған міндеттемелерді орындаған жағдайда ереуілдер жариялаудан тартынуға, ұжымдық дауларды шешу кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасында қаралған бітімшілік процедураларын барынша кеңінен қолдануға. ҚР заңнамасына сәйкес қауіпті өндірістік нысандар қатарына жатқызылған ұйымдарда тараптар еңбек дауларын ҚР еңбек заңдылығына сәйкес; сондай-ақ бітімшілік процедуралары жолымен және сотқа жүгіну арқылы шешуге, және кейін сот шешімімен заңсыз деп танылатын әрекеттерге, ереуілдер өткізуге жол бермеуге міндетті.

2.6.3. Жұмыс берушілерді Кәсіподақтың коллегиалдық органдарымен қабылданған құжаттармен таныстыруға, жоспарланған ұжымдық әрекеттер жөнінде уақытылы ескертуге.

2.6.4. Ұжымдық келіссөздер өткізу барысында белгілі болған коммерциялық және қызмет құпияларынан тұратын мәліметтерді таратпауға міндеттеме алады.

2.7. Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексі нормаларының талаптарынан шығатын ынтымақтастық Тараптарының басқа да міндеттемелері сала кәсіпорындарында ұжымдық шарттар жасауда нақтыланады және реттеледі.


ІІІ. ЕҢБЕКАҚЫ ТӨЛЕУ
Тараптар өндіріс тиімділігін арттыру есебінен сала қызмекерлерініғң пайдаларын көбейтуге бағытталған саясат жүргізу және өзара жауапкершілікті қажет деп санайды.

Тараптар келіседі:
3.1. Өндірістің ерекшелігін және саладағы қызметкерлердің еңбек жағдайларын есепке ала отырып, ҚР Үкіметінің 3.11.2008 ж. №1002 «Қазақстан республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 9 маусымындағы № 548 қаулысына толықтыру енгізу туралы» қаулысымен бекітілген 1,8 мөлшеріндегі салалық көтеру коэффиценті, және Қазақстан Республикасы заңнамасымен, ұжымдық шарттармен, осы келісіммен және жұмыс берушінің актілерімен белгіленген қосымша төлемдер әрекет етеді.
3.2. Еңбекке ақы төлеу жүйесін, түрін, тарифтік ставкалар мөлшерін, лауазымдық жалақылардың сызбасын қайта қарау және белгілеу, қызметкерлердің біліктілігін және атқаратын жұмысының қиындығын ескеретін тарифтік коэффиценттер жүйесін, қаржылай мадақтау формаларын белгілеу ұжымдық шарттармен анықталады..
3.3.Еңбекке ақы төлеу жүйелері саланың ұйымдары мен кәсіпорындары қызметкерлерінің біржолғы ынталандырушы төлемдерді есепке алынбаған орташа айлық жалақысының кемінде 75 пайызы болатын негізгі жалақы үлесін қамтамасыз етуі тиіс.

Еңбекақының негізгі (үнемі қалыптасқан) бөлігіне жалақы, тарифтік ставкалар және кесімдік құндар бойынша ақы төлеу, қосымша төлем және үстеме ақы, қиын еңбек жағдайлары, ынталандыруға бағытталған төлемдер, түнгі, мереке және демалыс күндеріндегі жұмысқа қосымша төлемдер, ұжымдық шарттармен, немесе жұмыс берушінің актілерімен белгіленген вахталық жұмыс үшін қосымша төлемдер, сонымен қатар «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтар салдарынан жапа шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы», және «Арал экологиялық апат салдарынан жапа шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» ҚРЗ қаралған қосымша еңбекақылар жатады.

Еңбекақының ауыспалы бөлігіне жұмыс берушінің актілерімен анықталған орындалған көрсеткіштерге байланысты төленетін айлық және тоқсандық жұмыс қорытындылары бойынша сыйақылар (қаржылай сыйлықтар) жатады.

Бір жолғы ынталандырушы төлемдерге ұжымдық шартпен және жұмыс берушінің актілерімен анықталған көрсеткіштердің орындалуына байланысты төленетін ай, тоқсан бойғы жұмыстың қорытындысы бойыншы сыйақылар ( қаржылай сыйлық) жатады. Бұл категорияға сондай – ақ бір жолғы сыйақылар, бонус төлемдері, мерейтойлық және мерекелік бір жолғы төлемдер жатады.
3.4. Жұмыс берушілер ұжымдық шарт жағдайында Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде тиісті кезеңге белгіленген инфляция деңгейін есепке ала отырып, еңбекақы деңгейін индекстеуді (қайта есептеуді) жүргізіп отырады.
3.5. Сала қызметкерлерінің еңбекақысы ақша түрінда айына бір рет Еңбек Кодексінің нормаларымен белгіленген және ұжымдық шарттармен нақтыланған мерзімде төленеді. Үстеме жұмыс уақытын, мереке және демалыс күндеріндегі жұмысты төлеу, түнгі жұмыстарды төлеу, жұмыс берушінің кінәсінен жұмыс тұрып қалғандағы төлемдер еңбек заңдылығы нормаларымен қаралған мөлшерде төленеді. Еңбекақыдан ұстап қалу Қазақстан Республикасының заңдылығында қаралған жағдайларда жүргізіледі.

Қызметкермен жасалған еңбек шартының бұзылуына байланысты еңбек заңдылығында қаралған мерзім ішінде қызметкерге еңбекақы және басқа да төлемдер төленбеген жағдайда жұмыс беруші қызметкерге бережақты және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің еңбекақы бойынша міндеттемелерді орындау күніне сәйкес келетін қайта қаржыландыру ставкасына сәйкес есептелген көлемде айыппұл төлейді және ол өткен әрбір күнтізбелік күнге де есептеледі.
3.6. Қолданыстағы еңбек нормаларын қайта қарай және ауыстыру, жаңа нормаларды жасақтау және енгізу Жұмыс берушімен қызметкерлердің өкілдерімен келісім бойынша типтік еңбек нормалары мен нормативтерді ескере отырып жүргізіледі.
3.7. Сала қызметкерлерінің тарифтік ставкасының (жалақының) ең кіші мөлшері ҚР Үкіметі бекіткен көлемде есептелген еңбекке ақы төлеудің ең кіші стандарты мен осы Келісім бекіткен салалық көтеру коэффицентінен төмен бола алмайды.


IV. ЖҰМЫС УАҚЫТЫ МЕН ДЕМАЛЫС УАҚЫТЫ

4.1. Сала кәсіпорындарында жұмыс уақыты мен демалыс уақыты ішкі еңбек тәртібі Ережелерімен, еңбек және ұжымдық шарттарымен регламенттеледі.

Жұмыс берушілер кәсіпорындар мен ұйымдарда қызметкердің нақты жұмыс істеген уақытына толық есепті жүзеге асырады.

Қызметкерлердің жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы аптасына 40 сағаттан аспауы керек.

Жұмыс уақытын жинақтап есептеген жағдайда (оның ішінде жұмыстардың вахталық әдісінде), ол жұмыс уақытының ұзақтығы бір жылдан аспайтын есептелетін кезеңі ішінде жұмысшы сағаттың қалыпты санынан аспайтын жағдайда тәулігіне 12 сағаттан артық болмауы керек.
4.2. Жұмыс берушілер сала кәсіпорындары мен ұйымдарының сайланбалы кәсіподақ органдарымен келісе отырып және ҚР ЕК 12 бабында және ҚР ЕК 284 бабының 5 тарауында қаралған тәртіпте жұмыс уақытының, демалыс уақытының және еңбек демалыстарының ұзақтығын белгілеуді жүзеге асырады.
4.3. Жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығынан тыс жұмыс істеу (үстеме жұмыс) Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінің талаптарына сәйкес (ҚР ЕК 90 бабында қаралған жағдайлардан басқа) қызметкердің жазбаша келісімен жүргізіледі. Демалыс және мереке күндерінде жұмысты ұйымдастыру еңбек заңнамасына сәйкес жүргізіледі.
4.4. Тараптар сала кәсіпорындары мен ұйымдарындағы жылдық демалыс уақытының ұзақтығы 24 күнтізбелік күннен кем болмауы керек, сондай – ақ еңбек және ұжымдық шарттар бойынша демалыс уақытының ұзақтығы одан артық болып белгіленуі мүмкін деп келісті. Еңбек демалысына ақы төлеу Жұмыс берушілермен демалыстың басталуына 3 күн қалғаннан кеш емес уақытта жүргізіледі.
4.5. Сала қызметкерлеріне, егер ұжымдық шартпен басқа қарастырылмаған болса, төленетін қосымша демалыстардың мына түрлері беріледі:

  • басшыларға, мамандар мен басқа қызметшілерге – еңбектің қиындығы мен қарқындылығы үшін - ұзақтығы 6 күнтізбелік күнге дейін;

  • қиын жұмыс жағдайларында, зиянды (аса зиянды) және (немесе) қауіпті жұмыс жағдайларында еңбек ететін қызметкерлерге – ұзақтығы 6 күнтізбелік күннен кем емес;

  • бірінші және екінші топтағы мүгедектерге – ұзақтығы 15 күнтізбелік күннен кем емес.


4.6. Жұмыс берушілер ұжымдық шарттарда нақтыланған жағдайларда қызметкерге жалақысы сақталатын келесі әлеуметтік демалыс түрлерін бере алады:

    • некеге тіркелу кезінде – ұзақтығы 3 жұмыс күні;

    • бала туылған кезде – ұзақтығы 1 жұмыс күні;

    • жақын туыстары қайтыс болған кезде – ұзақтығы 5 жұмыс күні.

Жоғарыда аталған себептермен берілген жұмыс берушімен ақы толенетін немесе ақы төленбейтін демалыстың жинақталған ұзақтығы еңбек заңнамасымен белгіленгеннен аспауы керек.
4.7. Тараптар сала қызметкерлерін еңбекақы сақталмайтын демалысқа кетуге, ұйымның қайта құрылуы кезінде немесе штатты, қызметкерлер санын қысқартуға байланысты өз еркімен жұмыстан шығуға жазбаша арыз жазуға жәжбүр етуге жол бермейді.
4.8. Қазақстан Республикасы Президентінің 15.11.2003 ж. Жарғысына сәйкес қыркүйек айының бірінші жексенбісі кәсіби мереке – «Мұнайгаз кешені қызметкерлерінің күні» болып есептеледі. Бұл күні немесе осы күн қарсаңында Жұмыс берушілер кәсіподақтармен бірге кәсіпорындарда, ұйымдар мен компанияларды өндіріс озаттарын марапаттауға арналған салтанатты жиналыстар өткізіледі. Бұл күнгі жұмыс екі еседен төмен емес көлемде төленеді.

V. ЕҢБЕК ЖАҒДАЙЛАРЫ ЖӘНЕ ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ
Келісімді жасаған Тараптар өздеріне мынадай міндеттемелер алады:
5.1.Жұмыс берушілер:

5.1.1. Сала кәсіпорындарында профилактика жүргізу, өндірістік жабдықтар мен технологиялық процестерді неғұрлым қауіпсіз түрлерімен ауыстыру жолымен жұмыс орындарында және технологиялық процестерде кез келген тәуекелдерді болғызбау жөніндегі шараларды қабылдайды, еңбек жағдайларының жай - күйіне ішкі бақылауды ұйымдастырады.

5.1.2. Жұмысқа қабылданатын қызметкерлерге еңбек жағдайлары, олардың зияндылық және қауіптілік деңгейі, денсаулыққа келтіретін жағымсыз нәтижелері, қажетті жеке басты қорғау құралдары, өтемақылар, еңбек және демалыс режимі туралы ақпарат береді.

Еңбек жағдайларының сипаттамалары, қиын және зиянды немесе қауіпті еңбек жағдайлары үшін жеңілдіктер мен өтемақылар туралы қызметкерлермен жасалатын еңбек шарттарында көрсетіледі.

5.1.3. Кәсіподақ өкілдерінің қатысуымен өндірістік объектілердегі еңбек жағдайларының жай – күйі бойынша бес жылда бір реттен сирек болмайтындай етіп қауіпті және зиянды өндірістік факторлар параметрін өлшей отырып, еңбек процесінің қиындығы мен аса қауырттығын анықтаумен, өндіріс құрал – жабдықтарының қауіпсіздігін, жеке қорғау құралдарымен қамтамасыз етуді бағалап аттестациялар өткізуді, сондай – ақ реконструкциядан, жаңғыртудан, жаңа техника немесе технология орнатудан кейін міндетті аттестауды ұйымдастырады.

5.1.4. Қазақстан Республикасы заңнамасында қаралған жағдайларда, сондай-ақ еңбек жағдайларының өзгеруіне байланысты басқа жұмысқа ауыстыру кезінде немесе кәсіптік аурудың белгілері пайда болғанда өз қаражаты есебінен міндетті, мерзімдік (өндірістік қызмет барысында) медициналық тексерулерден және ауысым алдындағы медициналық куәландырудан өткізуді қамтамасыз етеді.

Қызметкер медициналық тексеруден өтуден бас тартса медициналық қарсы көрсеткіштер болған жағдайда жұмыс беруші бұл қызметкерді еңбек міндеттемелерін орындауға жібермейді, және оның медициналық нұсқауларға сәйкес жұмысқа орналасуы туралы мәселені шешеді.

5.1.5. Кәсіпорын және ұйым қаражаты есебінен еңбек жөніндегі мемлекеттік өкілетті органдар белгілеген және ұжымдық шарттармен белгіленген нормалар бойынша қызметкерлерді жеке және ұжымдық қорғаудың сертификатталған жабдықтарымен, арнайы киіммен және арнайы аяқ киіммен, профилактикалық өңдеу құралдарымен, жуу және зарарсыздандыру құралдарымен, емдеу – профилактикалық тағамдармен, сүтпен қамтамасыз етеді.

5.1.6. Апаттарды жоюға және қауіпсіз еңбек жағдайларына байланысты іс-шараларды орындау жұмыстары қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына зиян келтірілген жағдайда жұмыс беруші мен қызметкерлер арасындағы әлеуметтік келісімдер негізінде жүзеге асырылады.

Мұндай келісімдердің негізгі ережелері, еңбекке ақы төлеуді, төлемақылар түрі мен мөлшері, жұмыс режимі, олардың жасалу тәртібі мен қызметін қоса алғанда, ұйымның ұжымдық шарттарында көрсетілуі тиіс.

5.1.7. Еңбекті қорғау бойынша іс-шараларды, қызметкердің еңбек (қызметтік) міндеттемелерін орындау кезінде оның өмірі мен денсаулығына зиян келтіргені үшін жұмыс берушінің азаматтық-құқықтық жауаптылығын сақтандыру келісімдерін жасауды қаржыландыруға қажетті қаражат бөледі.

5.1.8. Өндірісте жазым жағдайларды, кәсіби ауруларды, қауіпті өндірістік объектілерде апаттар мен оқиғаларды сәйкес оқыту мен аттестатциялау жағдайында тексеру бойынша комиссияларда Кәсіподақ органдарының өкілдерінің, кәсіподақтың еңбекті қорғау бойынша қоғамдық инспекторының қатысуын қамтамасыз етеді.


    1. Кәсіподақ, Кәсіподақтың сайланбалы органдары:

5.2.1. Өндіріс пен салада еңбектің сау және қауіпсіз жағдайларын құруға және сақталуына қоғамдық бақылауды ұйымдастырады және қамтамасыз етеді, еңбекті қорғау бойынша қоғамдық инспекторларды сайлайды.

5.2.2. Осы Келісімнің, ұжымдық шарттардың, еңбек жағдайы мен қорғауды жақсарту бойынша іс-шаралардың орындалуына, жазым жағдайлардың, кәсіби аурулардың, қауіпті өндірістік объектілердегі апаттардың себептерін жоюға тексеру жүргізуді ұйымдастырады.

5.2.3. Өндірістегі еңбек және тұрмыс жағдайларын ұйымдастырудың Республикалық қоғамдық байқау – сайысын, ұйымдардағы еңбек жағдайларын жақсарту бойынша әр түрлі салалық және аймақтық сайыстарды ұйымдастырады және өткізуге қатысады.

5.2.4. Осы Келісім шегінде атқарушы билік органдарымен, мемлекеттік бақылау және қадағалау органдарымен, жұмыс берушілермен еңбекті, денсаулықты қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік жағдайында өзара тығыз әрекетті жүзеге асырады.

5.2.5. Өндірістік объектілердегі жарақат алуды, жазым жағдайларды, кәсіби ауруларды тексеруге қатысады, оларды талдауды жүзеге асырады, олардың деңгейін төмендету жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге қатысады, олардың орындалуын бақылайды.

5.2.6. Сәйкес кәсіпорынның еңбекті қорғау жөніндегі кәсіподақ органдарының қоғамдық инспекторлары Жұмыс берушінің өкілдерімен бірге жұмыс орындарындағы еңбекті қорғау жағдайына тексеру жүргізеді, анықталған тәртіп бұзушылықтарды жою және оларға кінәлі тұлғаларды жауапкершілікке тарту туралы ұсыныстар енгізеді.

5.2.7. Кәсіподақ мүшелеріне олардың қауіпсіз еңбек жағдайларына деген құқығын қорғауға, ерекше жағдайда жұмыс істегені үшін төлемдер беруге практикалық көмек көрсетеді, олардың мүдделерін мемлекеттік билік органдарында, сотта және өзге де құқық қорғау және бақылау органдарында қорғайды.

VI. ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ШАРАЛАРЫ, КЕПІЛДІКТЕР, АҚШАЛАЙ ӨТЕМДЕР МЕН ЖЕҢІЛДІКТЕР
Тараптар келіседі:
6.1. Жұмыс берушілер осы Келісімнің әрекет етуі кезеңінде жұмыс орындары санының (қызметкерлердің айлық орташа санының 10 пайызы) жаппай қысқаруына жол бермейді.

Қызметкерлер санын және штатты қысқарту бойынша шараларды өткізу кезінде қызметкерлер біліктілік жағынан тең болған жағдайда қарауында 4 және одан да көп адамы бар қызметкерлердің жұмыс орнын сақтауды қамтамасыз етеді.
6.2. Сала қызметкерлеріне әлеуметтік жәрдемақылар мен материалдық көмекті тағайындау және төлеу жағдайы, тәртібі ұжымдық шарттармен және/немесе жұмыс берушілердің актілерімен, сала кәсіпорындары мен ұйымдарының еңбекшілерін әлеуметтік қорғау туралы ережелермен белгіленеді.
6.3. Кәсіпорындар мен ұйымдарда қалыптасқан кепілдіктер, жеңілдіктер мен өтемақылар жүйесін сақтау үшін ұжымдық шарттарда әлеуметтік кепілдіктер мен жеңілдіктердің келесі түрлері қарастырыла алады:

  • материалдық көмек;

  • қызметкерлерге медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастыру;

  • салауатты өмір салтын насихаттау және қызметкерлердің қатысуымен спорттық іс-шараларды ұйымдастыру;

  • Мемлекеттік сыйлыққа, Мемлекеттік сыйлыққа жатпайтын айрықша белгіге ие болған қызметкерлерді бір жолғы ынталандыру, сондай-ақ кәсіпорын ішіндегі ынталандырудың жеке түрлері;

  • мерекелік күндерге, кәсіби мерекеге, мерейтойлық күндерге, зейнеткерлікке шығуына байланысты қызметкерлерді бір жолғы ынталандыру;

  • қызметкерлерге берілетін аванстар, несие (қарыздар);

  • қызметкерлер үшін тұрғын үй сатып алу;

  • денсаулығын жақсарту үшін қызметкерлерге берілетін әлеуметтік жеңілдіктер (не материалдық көмек түрінде, не демалуға және емделуге жолдама беру түрінде);

  • уақытша еңбекке жарамсыздығы бойынша жоғары көлемде жәрдемақы төлеу;

немесе емделу шығындарының орнын толтыру тәртібі, немесе қызметерлерді медициналық сақтандыру;

  • әлеуметтік қолдаудың өзге де түрлері.


6.4. Жұмыс берушілер қаржы болған жағдайда әлеуметтік объектілерге (демалыс базалары, балалар сауықтыру лагерьлері, клуб мекемелері мен спорттық үймараттар) және олардың қызметкерлеріне қаражат бөле алады.
6.5. Жұмыс берушілер мәдени-көпшілік және сауықтыру жұмыстарын жүргізуге кәсіпорынның кәсіподақ органдарына Тараптардың өзара келісуімен анықталған мөлшерде қаражат бөле алады.
6.6. Кәсіподақ кәсіпорынның кәсіподақ ұйымы тұлғасында дене шынықтыру-спорттық және мәдени-сауықтыру іс-шараларын кәсіпорын қызметкерлері арасында, «Қазмұнайгазкәсіподақ» Орталық органы – халықаралық және республикалық деңгейде осындай тектес іс-шараларды ұйымдастырады.
6.7. Тараптар мұнайгаз саласының абыройын арттыру, өндірістік және қоғамдық белсенділікті ынталандыру мақсатында «Ереже» жасақтауға және Қазақстан Республикасының құрметті (еңбегі сіңген) мұнайшысы – салалық атағын бекітуге және Қазақстан Республикасының мұнай және газ өнеркәсібінің дамуына қомақты үлес қосқан қызметкерлерді марапаттау үшін тиісті айрықша белгісін бекітуге келісті.

Әлеуметтік әріптестіктің дамуына лайықты үлес қосқан, Кәсіподаққа ықпал еткен, белсенді кәсіподақ жұмысын жүргізуші адамдар «Қазмұнайгазкәсіподақтың» Құрмет Белгісімен марапатталады.

VII. ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ
7.1. Жұмыс берушілер:


  • жұмыс орындарын қысқартуға әкеліп соқтыратын жоюмен, қайта құрумен, меншік нысанын өзгертумен немесе өндірістің толық немесе жартылай тоқтатылуымен байланысты мәселелер бойынша кәсіпорынның кәсіподақ органдарын бұл жағдайдың туындауынан 2 ай бұрын ескертеді, және олармен тиісті консультациялар өткізеді;




  • әрбір қызметкерді алдағы босатылу туралы 1 айдан кем емес уақыт бұрын жазбаша түрде ескертеді;




  • қызметкерге ескертумен бір уақытта оның біліктілігін, жұмыс тәжірибесін және денсаулық жағдайын ескере отырып, болған жағдайда басқа жұмыс ұсынады. Қызметкерлерді олардың келісімімен ғана басқа жұмысқа ауыстыру мүмкіндігі болған жағдайда штат пен жұмысшы санын қысқарту бойынша жұмыстан босатады;




  • ұйымнан босатылғанға дейін бір ай бұрын жұмыс іздеуга айына 3 күнге дейін уақыт береді;




  • өндірістегі құрылымдық өзгертулер жағдайында өз қаражаты есебінен қысқартылатын жұмыс орындарын жаңа құрылатын орындарға ауыстыру үшін қызметкерлерді қайта даярлау мүмкіндігін қарастыра алады.


7.2. Жұмыс берушілер Кәсіподақпен келісім бойынша зейнеткерлікке ерте шығу, ең алдымен қиын және зиянды өндіріс қызметкерлері үшін, бойынша бағдарламалар жасай және қолдана алады.

VIII. КӘСІПОДАҚ ІС-ӘРЕКЕТІНІҢ КЕПІЛДІКТЕРІ
8.1. Жұмыс берушілер мен Министрлік:

  • Кәсіподақтың пен оның ұйымдарының Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте өз мүшелерінің заңды мүдделері мен құқықтарына қоғамдық бақылауды жүргізу құқықтарын таниды.


8.2. Бұдан басқа Жұмыс берушілер:


  • Кәсіподақ өкілдеріне, олардың филиалдары мен өкілдіктеріне, Кәсіподақтың басқа (аймақтық) ұйымдарына осы Келісіммен қарастырылған міндеттемелерді орындау үшін Кәсіподақ мүшесі жұмыс істейтін кәсіпорынның кәсіподақтық ұйымдарына кіруіне кедергі келтірмейді;

  • Тараптар келісімі бойынша материалдық және техникалық құралдарды тегін пайдалануға береді;

  • Жұмыс берушілер кәсіподақ мүшелері болып табылатын қызметкерлердің жазбаша арыздары болған жағдайда ұжымдық шарта анықталған мерзімде оның төлену уақытында қызметкерлердің еңбекақысынан мүшелік кәсіподақ жарналарын ай сайын және тегін ұстайды және Кәсіподақ шотына аударады.

  • Өндірістік жұмыстан босатылмаған сайланбалы кәсіподақ қызметкерлеріне негізгі жұмыстан бос уақытта ұжым мүддесі үшін кәсіподақ жұмысын жүргізуге, сонымен қатар сайланбалы кәсіподақ органдарының съездері мен конференцияларына делегат ретінде қатысу уақытына, орташа еңбекақы сақталатын кәсіподақ оқуына уақыт береді..

Мүмкін болатын жұмыстан босату ұзақтығы ұжымдық шарттармен белгіленеді;

  • Кәсіпорындар мен ұйымдарда Кәсіподақ органдарына сайланбалы лауазымдарға сайлануы нәтижесінде жұмыстан босатылған кәсіподақ қызметкерлеріне олардың өкілетті мерзімдері аяқталғаннан кейін сол ұйымда, немесе қызметкердің келісмімен басқа ұйымда бұрынғы жұмысы (лауазым), ал ондай жұмыс жоқ болған жағдайда – оған пара – пар басқа жұмыс (лауазым) ұсынылады;

  • Бастауыш кәсіподақ ұйымдары органдарына сайланған босатылған кәсіподақ қызметкерлеріне де ұжымдық шартқа сәйкес ұйым қызметкерлеріне қаралған әлеуметтік-еңбек құқықтары мен жеңілдіктер береді.



ІХ. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
9.1.Тараптар өз мойындарына қабылдаған міндеттемелерін бұзғаны үшін ҚР заңнамасына және осы Келісімге сәйкес жауапкершілік алады. Қызметкерлер Келісім талаптарын бұзған жағдайда жұмыс беруші мұндай қызметкерлердің ҚР заңнамасында қаралған міндетті төлемдерден басқа Келісімде қаралған әлеуметтік бағыттағы төлемдерін, мадақтау шаралары мен жеңілдіктерін шектеуге құқылы.
9.2. Келісімнің орындалуына бақылауды әлеуметтік әріптестік тараптары жүзеге асырады. Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу бойынша салалық комиссия бекітілген тәртіпке сәйкес Тараптардың Келісім талаптарын бұзуы туралы мәселелерді қарауға құқылы және оларды жою бойынша шаралар алады.

Келісімді жүзеге асыру барысында пайда болған барлық даулы мәселелер Комиссия отырысында, ал дау туындаған жағдайда – сот тәртібінде шешіледі,
9.3. Келісім үш данада, бірдей заң күшіне ие мемлекеттік және орыс тілдерінде жасалып, қол қойылды. Сала кәсіпорындарында Жұмыс берушілер мен Кәсіподақ бірлескен түрде қол қойылған күннен бастап бір ай ішінде Келісімді қызметкерлер тарапына жеткізуді қамтамасыз етеді. Келісім тексті бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.
9.4. Министрлік Келісімді жасауға қатыспаған мұнайгаз саласының жұмыс берушілер бірлестіктеріне, жұмыс берушілеріне және қызметкерлер бірлестіктеріне оған қосылуға ұсыныс беруге құқылы. Аталған ұсыныс ресми түрде жариялауға жатады.
Егер мұнайгаз саласының Жұмыс берушілер бірлестіктері, жұмыс берушілер, қызметкерлер бірлестіктері Келісімге қосылу туралы ұсыныстар ресми түрде жарияланған күннен бастап 30 күнтізбелік күн ішінде Министрлікке оған қосылудан дәлелденген түрде жазбаша қарсылық білдірмеген жағдайда осы ұсыныс ресми түрде жарияланған күннен бастап Келісім оларға таратылған болып есептеледі.

Қазақстан Республикасы мұнай-газ кешені қызметкерлерінің Кәсіподағы,

Қазақстан Республикасы мұнай және газ Министрлігі және салалық ұйымдар өкілдері арасындағы 2011-2013 жылдарға арналған

салалық келісім
Астана қаласы 28 желтоқсан 2010 ж.


ТАРАПТАРДЫҢ ӨКІЛЕТТІ ӨКІЛДЕРІНІҢ ҚОЛДАРЫ

Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігінен:

Қазақстан Республикасы Мұнай және газ

министрінің м.а. Мағауов Ә.М.

Қазақстан Республикасы мұнайгаз кешені

қызметкерлерінің Кәсіподағынан:

«Казнетегазпрофсоюз» Төрағасы Қабдулов Т. Б.

«KAZENERGY» Қазақстан мұнай-газ

және энергетика кешені ұйымдарының ассоциациясы»

заңды тұлғалар бірлестігінен:

Атқарушы директор Матишев Ә. Б.

Жұмыс берушілерден:

БӨ ҚазМұнайГаз АҚ

Басқарушы директоры Журсунов Р. М.

БК «ҚазГерМұнай» ЖШС

Бас директор орынбасарының м.а. Жұмахметов Ж. Н.
Қазақстан Республикасы Енбек және халықты

әлеуметтік қорғау министрлігінде

30.12.2010 г. № 99 тіркелді





Похожие:

Қазақстан Республикасы мұнай-газ кешені қызметкерлерінің Кәсіподағы iconҚазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігінің
Дамыған мұнай-газ өнеркәсібі және көмірсутек шикізаты тасымалының және магистралдық құбыржол көлігінің дамыған жүйесі
Қазақстан Республикасы мұнай-газ кешені қызметкерлерінің Кәсіподағы iconҚазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігінің
Дамыған мұнай-газ өнеркәсібі және магистральдықты қоса алғанда, көмірсутек шикізатын тасымалдау жүйесі мен көмірсутек шикізатын қайта...
Қазақстан Республикасы мұнай-газ кешені қызметкерлерінің Кәсіподағы icon«Газ-мұнай құбырлары мен газ-мұнай қоймаларын жобалау,салу және пайдалану» кафедрасы. Мұнай қоймалары
Тауарлық мұнай өнімдерінің негізгі түрлері және сапалық көрсеткіштері. Отын, оның қасиеттері және қолдану аясы
Қазақстан Республикасы мұнай-газ кешені қызметкерлерінің Кәсіподағы iconҚазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі 2011 жылғы 25 тамыз №150 Астана қаласы
Мұнай операцияларын жүргізу саласындағы жеке кәсіпкерлік субъектілерін тексеру парақтарының нысандарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы мұнай-газ кешені қызметкерлерінің Кәсіподағы iconҚазақстан Республикасының Мұнай және газ министрлігі Министерство нефти и газа Республики Казахстан
Мұнай-газ саласының 2010 жылғы стратегиялық дамуының қорытындылары және 2011 жылға арналған жұмыс жоспарлары
Қазақстан Республикасы мұнай-газ кешені қызметкерлерінің Кәсіподағы iconМұнай өнiмдерiн өндiру саласындағы жеке кәсіпкерлік субъектілерінің тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдері
Мұнай және газ министрінің 2011 жылғы № және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрі міндетін атқарушының
Қазақстан Республикасы мұнай-газ кешені қызметкерлерінің Кәсіподағы iconБаспасөз хабарламасы 20-шы тамыз 2012 ж. Астана қаласы «Би Джи Энерджи Чаллендж Қазақстан»
«Би Джи Энерджи Чаллендж Қазақстан» бірегей жобасы мүмкіндігі шектеулі балаларына қолдау көрсету мақсатымен жетінші рет мұнай мен...
Қазақстан Республикасы мұнай-газ кешені қызметкерлерінің Кәсіподағы iconҚазақстан Республикасының мұнай және газ Министрлігі Алқасының 2011 жылға арналған жоспары
Мұнай және газ Министрлігінің 2010 жылғы қызметінің қорытындылары және 2011 жылға қойған тапсырмалары
Қазақстан Республикасы мұнай-газ кешені қызметкерлерінің Кәсіподағы iconМұнай және газ кен орындарын барлау кезіндегі
Осы Талап мұнай операцияларын жүргізу кезінде мұнай, газ және газконденсатты кен орындары (әрі қарай – мгк) объектілерін жобалау,...
Қазақстан Республикасы мұнай-газ кешені қызметкерлерінің Кәсіподағы iconҚазақстан Республикасының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және қызмет көрсету салалары қызметкерлерінің кәсіподағы” қоғамдық бірлестігі, “Қазақстан Су Арнасы” Қазақстан Республикасы сумен жабдықтау және су ауытқу жөніндегі кәсіпорындар
Республикасының Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері жөніндегі Агенттігі арасындағы
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница