1. Еңбек қатынастарын үйлестіру және халықтың жұмыспен қамтылуына ықпал жасау




Название1. Еңбек қатынастарын үйлестіру және халықтың жұмыспен қамтылуына ықпал жасау
Дата конвертации10.07.2013
Размер55.6 Kb.
ТипДокументы
Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының 2011 жылдың қаңтар-сәуір айларында атқарған жұмыстары туралы
АҚПАРАТ


1. Еңбек қатынастарын үйлестіру және халықтың жұмыспен қамтылуына ықпал жасау.
      2010 жылдың 4-тоқсаны бойынша ірі, орта кәсіпорындар мен бюджеттік мекемелердегі жалдамалы жұмысшылардың саны 582,2 мың адамды құрады, немесе өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 5,3 пайызға өсті. Облыс бойынша қызметшілердің номиналды орта айлық жалақысы (шағын кәсіпорындар мен жеке тұлғаларды қоспағанда) 2011 жылдың қаңтар-ақпан айына 56945 теңгені құрады, немесе 2010 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 19,4 пайызға артық.
      2011 жылдың 1 мамырына түзілген ұжымдық шарттар саны 4839-ға жетті, немесе жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың 38,1 пайызында түзілді.
      БҰҰ-ның Ғаламдық шартының принциптеріне сәйкес 86 кәсіпорынның рейтингтік бағалауы жүргізілді.
      Бизнестің ішкі әлеуметтік жауапкершілігі бойынша қызметшілердің еңбек құқықтары мен кепілдіктерін қорғау мақсатында жалпы 645 меморандум түзілді.
      Бизнестің сыртқы әлеуметтік жауапкершілігі аясында 2011 жылдың 1 мамырына 108 әлеуметтік жобаларды іске асыруға 80 Меморандум түзіліп, 138, 7 млн. теңгенің 21,2 млн. теңгесі игерілді.
      Меморандум түзбеген кәсіпорындардың ішінде 2011 жылдың 1 қаңтарына 7 кәсіпорында 64,3 млн. теңге болған жалақы қарызы 2011 жылдың 1 мамырына 22 кәсіпорында 132,3 млн. теңгеге дейін көтерілді. Кәсіпорындағы жалақы қарызы бойынша арнайы іс-шаралар қабылданып, оны жою жұмыстары жүргізілуде.
      2011 жылдың 1 мамырына 2 кәсіпорын жұмыстарын толық және 9 кәсіпорын ішінара тоқтатқан. Олардағы жұмысшылар саны 2637 адамды құрайды. Олардың ішінде 1606 (60,9%) жұмыскер ішінара жұмыс атқаруда, олардың 218-і толық емес жұмыс күні режимінде, 1388-і мәжбүрлі демалыста. Кәсіпорындарда жалақы қарызы 2,2 млн. теңге болып қалыптасты.
      2010 жылдың 4-тоқсанына облыстың экономикалық белсенді халқы саны 1161,7 мың адамды құрады, оның 94,3 пайызы (1095,6 мың адам) экономикада жұмыс істейді, 5,7 пайызы (66,1 мың адам) жұмыссыздар.

Жұмыссыздық деңгейін төмендету бойынша.

      Бүгінгі таңда 76 кәсіпорындар мен ұйымдарда берілген рұқсаттар негізінде 916 шетел азаматтары жұмыс жасауда. Осы кәсіпорындарда 13878 Қазақстан Республикасы азаматтары жұмыс істейді.
      «Бизнестің жол картасы -2020» жобасы бойынша «Жастар практикасы» ұйымдастырылады. «Жастар практикасы» бағдарламасы бойынша 1020 адам жұмысқа тартылады деп көзделді. Оны ұйымдастыруға республикалық бюджеттен нысаналы трансферт ретінде 159,1 млн. теңге қаралған.
      2011 жылы жұмыспен қамту жөніндегі уәкілетті органдарға 23,1 мың адам жұмыс іздеп келеді деп жоспарланған. Осы жылғы 1 мамырға 13551 адам жұмыс іздеп келді.
      Тұрақты жұмысқа 7741 адам орналасты, оның ішінде жұмыс іздеп келгендердің үлесі 57 пайызды құрайды. 2011 жылы жұмыспен қамту органдары арқылы 17,6 мың адамды жұмысқа орналастыру көзделген.
      Жұмыссыздар арасынан 2228 азаматты кәсіби оқуға, қайта даярлауға жіберу жоспарланған, оған 115,8 млн.теңге қаралған. 2011 жылдың мамыр айында 1072 адам кәсіби оқуға жіберілген. Халықтың нысаналы топтары үшін 550 әлеуметтік жұмыс орындары ашылуы көзделген. Оларды ұйымдастыруға аудан, қала бюджеттерінен 32,7 млн теңге қаралды. 2011 жылғы 1 мамырға 305 әлеуметтік жұмыс орындар ашылды.
      Тіркелген жұмыссыздар қатарынан 9,6 мың адам ақылы қоғамдық жұмыстарға тартылу жоспарланған, бұл жұмыстарға жергілікті бюджеттен 312,4 млн. теңге қаралған. Сәуір айында 2821 адам уақытша жұмыспен қамтылды, 37,0 млн. теңге игерілді.
      Также 9,6 тыс. безработных будут привлечены к общественно-оплачиваемым работам, на их организацию в районах и городах выделено 312,4 млн.тенге. За период январь-апрель 2011 года 2821 чел. были направлены на общественно-оплачиваемую работу, перечислено им в виде заработной платы 37,0 млн. тенге.
      2011 жылдың 1 мамырға тіркелген жұмыссыздар саны 11911 адамды құрады.Тіркелген жұмыссыздық деңгейі 1,03 пайызға төмендеді.

2. Атаулы әлеуметтік көмек көрсету мен әлеуметтік қолдау.
      2011 жылғы басында аз қамтамасыз етілген азаматтар саны 25288 адамды, немесе облыс халқының 1,0 пайызын құрады. 2011 жылдың 1 мамырына олардың саны 12,8 пайызға төмендеп, 22046 адамды немесе облыс халқының 0,9 пайызын құрады.
      2011 жылдың 1 мамырына 18716 азамат 73822,2 мың теңге атаулы әлеуметтік көмек алды. Ол өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 10819 адамға және 20294,8 мың теңгеге кем.
      18 жасқа дейінгі 171408 балаға 857824,2 мың теңге жәрдемақы төленді. Ол өткен жылдың тиісті кезеңіндегіден 15544 адамға кем және 16464,5 мың теңгеге артық.
      Жыл басынан тұрғын үй көмегі 142 отбасыға 2000 мың теңгеге тағайындалып, төленді.
      Одан басқа, аз қамтылғандарды әлеуметтік қолдаудың қосымша шаралары да ұйымдастырылуда. 2011 жылдың 1 мамырына жалпы демеушілер тарапынан 2933 аз қамтамасыз етілген азаматқа 9666 мың теңгенің әлеуметтік қолдаулары ұйымдастырылды. Оның ішінде:
      - коммуналдық қызмет түрінде 200 азаматқа 336,5 мың теңге, нақты ақшалай 303 азаматқа 555,7 мың теңгеге көмек берілді. Азық-түлік және тауар түрінде 2899 азаматқа 8773,8 мың теңгеге көмек көрсетілді.
      Аз қамтамасыз етілген азаматтардың жан басына шаққандағы жиынтық табыстарына талдау 2011 жылдың 1 мамырына 3768 теңге болып, жылдың басынан бері 4,2 пайызға артық екендігін көрсетеді.
       Оңтүстік Қазақстан облысында 175,1 мың зейнеткер тұрады. Олардың ішінде 1133-і Ұлы Отан соғысының ардагері, 31,3 мыңы тыл еңбеккері.
      Аға ұрпақ өкілдерін сауықтыру жағдайы толық шешілген. Жыл сайын 6 мыңдай, жекелеген санаттағы азаматтар демалып, емделеді, соның ішінде жыл басынан бері Ардагерлер үйінде 1400, «Мейір» ардагерлер үйінде 630, «Біркөлік» шипажайында 100 зейнеткерлер мен мүгедектер, Батыр аналар емделді.
      80 жастан асқан жалғызілікті қарттарға зейнетақысына қосымша ретінде 1 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде материалдық көмек төленуде. Ағымдағы жылдың 4-ші айында 3054,4 мың теңге төленді.
      1945 мүгедекке 40322,7 мың теңгеге гигиеналық заттар алынып берілді, 1005 мүгедекке 30983,5 мың теңгеге жеке көмекші қызметі және 505 мүгедекке 5849,7 мың теңгеге ымдау тілі маманының қызметі көрсетілді.
      Соғыс ардагерлері мен соларға теңестірілгендердің рухани қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында жыл сайын олар өз қалаулары бойынша облыстық «Оңтүстік Қазақстан», «Южный Казахстан», «Жанубий Қазақстан» газеттерінің біреуіне тегін жаздырылып келеді. 2011 жылы аудан, қала бюджеттерінің есебінен 3942 адам 12,8 млн.теңгенің мерзімді басылымдарына жаздырылды.
      Облыс әкімдігінің арнайы қаулысына сәйкес 2002 жылдан бері «Қамқорлық» қайырымдылық акциясы өткізіліп келеді, 2011 жылы осы акция аясында өткізілген шаралар кезінде 70565 адамға 75,5 млн. теңгенің моральдық және материалдық жәрдемі көрсетілді.
      Облыста 2011 жылдың 1 мамырына 82827 мүгедек есепте тұрады. Оның ішінде ҰОС мүгедектері 415, 1-2 топтағы мүгедектер - 39747, 3 топтағы мүгедектер - 31694, бала кезден мүгедектер саны 10971 адам.
      2011 жылға 286 мүгедектерге қол арбалар алу үшін облыстық бюджеттен 14,5 млн. теңге қаржы қаралды.
      Аудандар мен қалаларда үйде әлеуметтік көмек көрсететін 30 бөлімше 2354 жалғызілікті қарттарға көмек көрсетуде, 2156 мүгедек балаға 22 бөлімше үйлеріне барып қамқорлық жасауда.
      Мүмкіншілігі шектеулі балалардың үйде білім алып, тәрбиеленуі үшін 2011 жылы 1846 отбасына 8,6 млн.теңге қаралған. Облыста ВИЧ-індетін жұқтырған 192 бала есепке алынып, 70,5 млн. теңге төлемақы төлеу үшін қаралған. Түркістан аймақтық балаларды оңалту орталығында 80 мүгедек бала, облыстық мүгедектерді оңалту мен бейімдеу орталығында 328 мүгедек оңалту және бейімдеу курстарынан өткізілді.
      302 мүгедектерді оңалтуға 2011 жылға 14,7 млн теңге қаралған.
      4 айда 11864 ардагер мен аз қамтамасыз етілген азаматтарға коммуналдық қызметке ақы төлеуде, қоғамдық көлікте тегін жүруде, дәрі-дәрмек босатуда жеңілдік беріліп, ол үшін бюджет, демеушілер есебінен 44,8 млн. теңге қаржы жұмсалды.

Похожие:

1. Еңбек қатынастарын үйлестіру және халықтың жұмыспен қамтылуына ықпал жасау iconБасқарманың негізгі міндеттері және функциялары Атырау облысы Жұмыспен қамтуды үйлестіру және
Атырау облысы Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы (бұдан әрі-Басқарма) жұмыспен қамтуды үйлестіру...
1. Еңбек қатынастарын үйлестіру және халықтың жұмыспен қамтылуына ықпал жасау iconОблыстардың жұмыспен қамтуды үйлестіру және
Ақмола облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдар-ламалар басқармасы
1. Еңбек қатынастарын үйлестіру және халықтың жұмыспен қамтылуына ықпал жасау iconОблыстардың жұмыспен қамтуды үйлестіру және
Ақмола облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдар-ламалар басқармасы
1. Еңбек қатынастарын үйлестіру және халықтың жұмыспен қамтылуына ықпал жасау iconҚазақстан Республикасы Статистика агенттігі Еңбек және тұрмыс деңгейі статистикасы департаменті
Республикасындағы өз бетінше жұмыспен қамтылған халықтың табысына сараптамалық баға
1. Еңбек қатынастарын үйлестіру және халықтың жұмыспен қамтылуына ықпал жасау iconСадыкбекова айжаркын абдразаккызы
Халықты жұмыспен қамту бойынша мемлекеттік мекемелердегі бухгалтерлік есеп және есептілік жүйесін ұйымдастыруды жетілдіру (Оңтүстік...
1. Еңбек қатынастарын үйлестіру және халықтың жұмыспен қамтылуына ықпал жасау iconБекітемін: Шығыс Қазақстан облыстық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы бастығы
Тарбағатай аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің 2010-2012 жылдарға арналған Стратегиялық жоспары
1. Еңбек қатынастарын үйлестіру және халықтың жұмыспен қамтылуына ықпал жасау iconҚарағанды облысының әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу және әлеуметтік әріптестік жөніндегі үш жақты комиссиясы
Жұмыс берушілерге рұқсат бергенде ерекше жағдай жасау жүктеледі: даярлық, қайта даярлау және шетел жұмыс күші тартылатын мамандықтар...
1. Еңбек қатынастарын үйлестіру және халықтың жұмыспен қамтылуына ықпал жасау iconӘлеуметтік серіктестік, әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу бойынша Қарағанды облысының үш жақты комиссиясы №3
Облыстық үш жақты комиссияның 2009 жылғы 31 наурыздағы шешімімен комиссияның үйлестірушісі болып Қарағанды облысының әкімі аппаратының...
1. Еңбек қатынастарын үйлестіру және халықтың жұмыспен қамтылуына ықпал жасау iconӘлеуметтік серіктестік, әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу бойынша Қарағанды облысының үш жақты комиссиясы №3
Жұмыскерлердің денсаулығын сақтауды ұйымдастыру, жұмыс пен демалыс үшін қолайлы жағдай жасау, жұмыскерлер мен олардың отбасы мүшелерінің...
1. Еңбек қатынастарын үйлестіру және халықтың жұмыспен қамтылуына ықпал жасау iconОблыстардың жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларының, Астана мен Алматы қалаларының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларының тізбесі
Облыстардың жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларының, Астана мен Алматы қалаларының жұмыспен қамту...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница