Мемлекеттiк емес өртке қарсы қызметтердiң жұмысын жүзеге асыру ережесiн бекiту туралы




Скачать 176.43 Kb.
НазваниеМемлекеттiк емес өртке қарсы қызметтердiң жұмысын жүзеге асыру ережесiн бекiту туралы
Дата конвертации10.07.2013
Размер176.43 Kb.
ТипДокументы
Мемлекеттiк емес өртке қарсы қызметтердiң жұмысын жүзеге асыру ережесiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы 15 қазандағы N 949 Қаулысы
Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., N 40, 449-құжат


      "Өрт қауiпсiздiгi туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 22 қарашадағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қоса берiлiп отырған Мемлекеттiк емес өртке қарсы қызметтердiң жұмысын жүзеге асыру ережесi бекiтiлсiн.
      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi                                     К. Мәсiмов

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң      
2008 жылғы 15 қазандағы
N 949 қаулысымен  
бекiтiлген     

Мемлекеттiк емес өртке қарсы қызметтердiң жұмысын жүзеге асыру ережесi

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Мемлекеттiк емес өртке қарсы қызметтердiң жұмысын жүзеге асыру ережесi (бұдан әрi - Ереже) "Өрт қауiпсiздiгi туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес әзiрлендi және Қазақстан Республикасының аумағында мемлекеттiк емес өртке қарсы қызметтердiң жұмысын жүзеге асыру тәртiбiн белгiлейдi.
      2. Мемлекеттiк емес өртке қарсы қызметке мынадай негiзгi мiндет жүктеледi:
      1) тиiстi ұйымдар мен объектiлерде өрттердiң алдын алу және сөндiру;
      2) тиiстi ұйымдар мен объектiлерде өрттердi сөндiруге байланысты бiрiншi кезектегi авариялық-құтқару жұмыстарын жүргiзу.
      3. Негiзгi мiндеттерге сәйкес мемлекеттiк емес өртке қарсы қызмет жолға шығатын техникасы бар және жолға шығатын техникасы жоқ болып құрылады:
      жолға шығатын техникасы бар - негiзгi және арнайы өрт сөндiру автомобилдерiмен жарақтандырылған немесе техникалық сипаттамасы бойынша өрт сөндiру мәселелерiн толық көлемде шешудi қамтамасыз ететiн бейiмделген техникасы бар өрт сөндiру бөлiмдерi (бекеттерi);
      жолға шығатын техникасы жоқ - қызметкерлерi өрттердiң алдын алу (сақтандыру) бойынша жұмысты жүзеге асыратын және осы мақсаттарда өрт сөндiрудiң тұрақты, ұтқыр немесе қолмен басқарылатын құралдарын пайдалана отырып, өрттердi олардың алғашқы даму сатысында сөндiруге қатысатын өрт сөндiру бекеттерi.
      4. Мемлекеттiк емес өртке қарсы қызмет бөлiмшелерi тұрақты (тәулiк бойы) жауынгерлiк дайындықта болады.
      5. Бiр мемлекеттiк емес өртке қарсы қызмет бөлiмшесiнiң оны ұстауда үлестiк қатысатын және ҚНжЕ II-89-80* "Өнеркәсiптiк кәсiпорындардың бас жоспарлары" немесе қарамағындағы немесе салалық қатысы бар ұйымдар мен объектiлердi өрттен қорғауды қамтамасыз ету жөнiндегi талаптарды қамтитын тиiстi мемлекеттiк органдардың басқа да нормативтiк актiлерiне сәйкес осы бөлiмшенiң нормативтiк шығу радиусындағы бiрнеше ұйымдар мен объектiлерге қызмет көрсетуiне болады.
      Бұл ретте мемлекеттiк емес өртке қарсы қызмет бөлiмшелерi қызметкерлерiнiң жалпы саны мен техникалық жарақтандырылуы осы қызметтi ұстауда үлестiк қатысатын, өрт қауiптiлiгi неғұрлым жоғары ұйымдар немесе объектiлер үшiн есептiк санға сәйкес болуы тиiс.
      6. Мемлекеттiк емес өртке қарсы қызмет бөлiмшелерiн ұстау олар құрылатын ұйымдар мен объектiлердiң қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
      7. Мемлекеттiк емес өртке қарсы қызметке қаржы, кадр қызметкерлерiнен, өрт техникасы мен байланыс құралдарына қызмет көрсететiн мамандардан тұратын ресурстық қамтамасыз ету топтарын енгiзу қажеттiлiгiн әрбiр нақты жағдайда ұйымдар мен объектiлердiң басшылары анықтайды.
      8. Жолға шығатын техникасы бар мемлекеттiк емес өртке қарсы қызметтiң өрт сөндiру бөлiмдерiнiң (бекеттерiнiң) негiзгi бiрлiгi өрт сөндiру автомобилiнде жауынгерлiк есептiң командирi басқаратын жауынгерлiк есеп болып табылады. Өрт сөндiру бөлiмiнде (бекетiнде) екi және одан астам өрт сөндiру автомобилi болған жағдайда қарауылдардың бастықтары (ауысымдардың басшылары) басқаратын қарауылдар құрылады.
      9. Жолға шығатын техникасы бар өрт сөндiру бөлiмдерiнде (бекеттерiнде) өрттердiң алдын алу жөнiндегi жұмыстарды жүзеге асыру үшiн нұсқаушылар бар өрттiң алдын алу топтары құрылуы мүмкiн.
      10. Жолға шығатын техникасы жоқ мемлекеттiк емес өртке қарсы қызмет құрылған ұйымдар мен объектiлердi өрттерден күзетудi нұсқаушы-өрт сөндiрушiлер тәулiк бойы режимiнде жүзеге асырады.
      Нұсқаушы-өрт сөндiрушiлердiң саны ұйым мен объектiнiң өндiрiстiк ауданына, қуатына, жұмыс режимiне байланысты анықталады (бiрақ кезекшiлiк ауысымда кемiнде 2 штаттық қызметкер).
      11. Өрт сөндiру қызметiн және өрттiң алдын алу жұмысын ұйымдастыру тәртiбiн, өрт сөндiру деполарының, өрт сөндiру техникасының санын, мемлекеттiк емес өртке қарсы қызмет қызметкерлерiнiң санын өрт қауiпсiздiгi саласындағы уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесiнiң келiсiмi бойынша осы Ережеге сәйкес ұйымдар мен объектiлердiң басшылары анықтайды.

2. Мемлекеттiк емес өртке қарсы қызмет жұмысын ұйымдастыру

      12. Ұйымдар мен объектiлердiң мемлекеттiк емес өртке қарсы қызмет жұмысы:
      қауiпсiздiк техникасының талаптарына сай келетiн және мемлекеттiк емес өртке қарсы қызмет бөлiмшелерiнiң қызметкерлерiн тиiстi жұмыс жағдайымен қамтамасыз ететiн өрт сөндiру техникасын орналастыруға арналған ғимарат (үй-жай, депо);
      өрт сөндiру автомобилдерiнiң есептiк саны;
      нормативтiк өрт сөндiру-техникалық жабдығы мен жарағы;
      радиожелi байланыс құралдары;
      жеке жауынгерлiк киiм мен жарақ
      ұйымның немесе объектiнiң мемлекеттiк емес өртке қарсы қызметi туралы ережесi болған жағдайда жүзеге асырылады.
      13. Мемлекеттiк емес өртке қарсы қызметтердiң өрттердi сөндiрудi ұйымдастыруы өрт қауiпсiздiгi саласындағы уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен жүзеге асырылады.
      14. Мемлекеттiк емес өртке қарсы қызмет жұмысын ұйымдастыруды регламенттейтiн құжаттарды осы Ережеге 1-қосымшада келтiрiлген мемлекеттiк емес өртке қарсы қызмет құжаттарының тiзбесiне сәйкес өрт қауiпсiздiгi саласындағы уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесiмен келiсiм бойынша ұйым немесе объект басшысы анықтайды.
      15. Ұйымдар мен объектiлердiң өрт сөндiру бөлiмдерiнде (бекеттерiнде) күштердi, құралдарды жедел басқаруды ұйымдастыру және мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдарының бөлiмшелерiмен өзара iс-қимыл жасау үшiн:
      өрт, авария туралы хабарларды қабылдауды;
      шақыру орнына өрт сөндiру автомобилдерiмен жауынгерлiк есептердi шығаруды;
      өкiмдер берудi, өрт орнынан ақпарат алуды және өрт сөндiруге жұмылдырылған бөлiмшелермен өзара iс-қимыл жасауды қамтамасыз ететiн байланыс пункттерiн құру ұсынылады.
      Бұл ретте өрт сөндiру бөлiмiнiң (бекетiнiң) байланыс пунктi мемлекеттiк өртке қарсы қызметтiң жақын орналасқан бөлiмшесiнiң байланыс бекетiмен байланыс арнасын қамтамасыз етуi тиiс.
      16. Өрт сөндiру автомобильдерi қалталы радиостанциялармен қамтамасыз етiледi. Қалталы байланыс құралдарымен, сондай-ақ өрт сөндiру басшысы, кезекшiлiктi жүзеге асыратын және жұмыс жағдайы бойынша өрт сөндiру бөлiмi (бекетi) тұрақты орналасқан жерден тыс жерлердегi қызметкерлер қамтамасыз етiледi.
      17. Ұйымның немесе объектiнiң технологиялық үдерiс ерекшелiктерi негiзiнде мемлекеттiк емес өртке қарсы қызмет қызметкерлерi радиациялық барлау және дозиметрлiк бақылау, сондай-ақ химиялық бақылау және газ талдау аспаптарымен қамтамасыз етiледi.
      18. Мемлекеттiк орман иеленушiлердiң өртке қарсы қызмет қызметкерлерiн қоспағанда, мемлекеттiк емес өртке қарсы қызметтiң басшы лауазымдарына жұмысқа (жасақтардың, өрт сөндiру бөлiмдерiнiң, бекеттердiң бастықтары) оларға жүктелген қызметтiк мiндеттердi атқару үшiн өрт қауiпсiздiгi саласындағы тиiстi кәсiби бiлiктiлiгi бар тұлғалар жiберiледi.
      Мемлекеттiк емес өртке қарсы қызмет қызметкерлерiнiң лауазымдарды күзетiлетiн объектiдегi немесе ұйымдағы басқа лауазымдармен қатар атқаруына жол берiлмейдi.
      19. Мемлекеттiк емес өртке қарсы қызметке жұмысқа қабылданушы тұлғалар өрт қауiпсiздiгi саласындағы мамандандырылған орталықтарда арнайы дайындықтан және оқыту курстарынан өтедi. Арнайы дайындық пен оқыту курстарынан өтпеген тұлғалар жұмыс iстеуге жiберiлмейдi.
      20. Мемлекеттiк емес өртке қарсы қызмет бөлiмшелерiнде қызметкерлердi жыл сайынғы кезектi дайындық жұмысын ұйымдастыру көзделедi. Кезектi дайындық бағдарламасы ұйымның немесе объектiнiң өндiрiстiк сипатын ескере отырып, теориялық және практикалық сабақтарды жүргiзудi қамтиды және өрт қауiпсiздiгi саласындағы уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесiмен келiсiледi.
      21. Өрт сөндiру бөлiмдерiнде (бекеттерiнде) демалуға қолайсыз орталарда жұмыс iстеу мүмкiндiгi үшiн газ түтiнiнен қорғау қызметiн құру ұсынылады.
      22. Өрт сөндiру автомобильдерi мен тыныс алу органдарын жеке қорғау құралдарын пайдалану жөнiндегi жұмысқа мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдарының техникалық және газ түтiнiнен қорғау қызметтерi жөнiндегi нормативтiк актiлерге сәйкес тиiстi бiлiктiлiгi бар мемлекеттiк емес өртке қарсы қызмет қызметкерлерi жiберiледi.
      23. Мемлекеттiк емес өртке қарсы қызмет жұмысын жүзеге асыру үшiн өрт сөндiру бөлiмдерiндегi (бекеттерiндегi) өрт сөндiру деполарының саны мен оларды ұйымның немесе объектiнiң аумағында орналастыру ҚНжЕ II-89-80* "Өнеркәсiптiк кәсiпорындардың бас жоспарлары", ҚНжЕ II-97-76 "Ауыл шаруашылығы кәсiпорындарының бас жоспарлары" талаптарына сәйкес айқындалады.
      24. Мемлекеттiк емес өртке қарсы қызмет бөлiмшелерi үшiн негiзгi өрт сөндiру автомобильдерiнiң саны осы Ережеге 2-қосымшада келтiрiлген тактикалық мүмкiндiктердi ескере отырып, төмендегi формула бойынша ұйым мен объектiнiң сыртқы өрт сөндiруге жұмсалатын қажеттi су шығынының бiр өрт сөндiру автомобилiнiң жауынгерлiк есебiмен берiлетiн су шығынына қатынасымен анықталады:

                              Q каж
                     N м = ---------------
                           Q такт. мүмк

      мұндағы N м - негiзгi өрт сөндiру автомобильдерiнiң саны;
      Q каж — ұйымдағы немесе объектiдегi сыртқы өрт сөндiруге жұмсалатын қажеттi су шығыны (өрттердiң есептiк санын ескере отырып);
      Q такт. мүмк - жауынгерлiк есептiң тактикалық мүмкiндiктерiн ескере отырып, бiр өрт сөндiру автомобилi беретiн су шығыны.
      Ескертпе: Есептердi жүргiзу кезiнде алынған мәндi дөңгелету қажет: мәнi > 0,5 болғанда артуына қарай және керiсiнше, бiрақ бiр автомобильден кем емес.
      25. Ұйымдағы немесе объектiдегi сыртқы өрт сөндiруге жұмсалатын су шығыны Q каж :
      ҚР ҚНжЕ 4.01.02-2001 "Сумен жабдықтау. Сыртқы желiлер мен кұрылыстар" 2.22-тармағының талаптарына сәйкес ұйымның немесе объектiнiң аумағында бiр мезгiлде болатын өрттердiң есептiк санын;
      ҚР ҚНжЕ 4.01.02-2001 "Сумен жабдықтау. Сыртқы желiлер мен құрылыстар" 2.14-тармағының талаптарына сәйкес сыртқы өрт сөндiруге жұмсалатын қажеттi су шығынын ескере отырып анықталады.
      Ұйымда немесе объектiде бiр мезгiлде болатын екi өрт кезiнде сыртқы өрт сөндiруге жұмсалатын су шығыны ең көп су шығынын қажет ететiн екi ғимарат бойынша қабылдануы тиiс.
      26. Өндiрiстiк ғимараттар мен құрылыстардағы сыртқы өрт сөндiруге, сондай-ақ мұнай мен мұнай өнiмдерiн сақтау мен тасымалдауға байланысты сыртқы технологиялық қондырғыларына жұмсалатын су шығыны ҚНжЕ 2.11.03-93 "Мұнай және мұнай өнiмдерiнiң қоймалары. Өртке қарсы нормалар" талаптарына сәйкес қабылданады.
      27. Өндiрiстiк ғимараттар мен құрылыстардағы, сондай-ақ өрт шығу, жарылу қаупi бар өндiрiстердiң (резервуарлық парктер, сорғымен айдап қотару станцияларының ғимараттары, ағызу-құю эстакадалары) сыртқы технологиялық қондырғылардағы сыртқы өрт сөндiру автоматты өрт сөндiру жүйелерiмен немесе жоғары қысымды су құбырында орнатылған тұрақты лафеттi оқпандармен жүзеге асырылған жағдайда, көрсетiлген ұйымдар мен объектiлерде жолға шығатын техникадан өрттердi сөндiруге жұмсалатын су шығыны қосалқы өндiрiс ғимараты (әкiмшiлiк ғимараттар, гараждар, тұрақтар) үшiн, сондай-ақ ҚНжЕ 2.11.03-93 "Мұнай және мұнай өнiмдерiнiң қоймалары. Өртке қарсы нормалар" 8.6., 8.19-тармақтарында анықталған ғимараттар мен құрылыстарға есептеледi.
      Бұл ретте ҚНжЕ 2.11.03-93 8.6, 8.19-тармақтарымен анықталған ғимараттар мен құрылыстарды қоспағанда, қосалқы өндiрiстегi сыртқы өрт сөндiруге жұмсалатын су шығынын ең көп су шығынын қажет ететiн ғимараттар (құрылыстар) үшiн ҚР ҚНжЕ 4.01.02-2001 "Сумен жабдықтау. Сыртқы желiлер мен құрылыстар" 2.14-тармағына сәйкес қабылдау қажет.
      28. Ұйымдағы немесе объектiдегi мемлекеттiк емес өртке қарсы қызмет кезекшiлiк ауысымының жауынгерлiк есеп қызметкерлерiнiң саны мынадай формула бойынша анықталады:

                        N ж.е. = N м х N e ( адам )

      мұндағы N ж.е. — кезекшiлiк ауысымындағы жауынгерлiк есеп қызметкерлерiнiң саны;
      N м - негiзгi өрт сөндiру автомобильдерiнiң саны;
      N e ( адам ) - негiзгi өрт сөндiру не бейiмделген автомобиль маркасына байланысты қызметкерлердiң саны (бөлiмше);
      мемлекеттiк емес өртке қарсы қызмет қызметкерлерiнiң саны олардың жұмыс ауысымдарын ескере отырып анықталады;
      мемлекеттiк емес өртке қарсы қызмет қызметкерлерiнiң жалпы саны (есептермен анықталған) бекiтiлген ұйым немесе объект қызметкерлерiнiң жалпы штаттық санына тең немесе артық болған жағдайда өрт қауiпсiздiгi саласындағы уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесiмен келiсiм бойынша мемлекеттiк емес өртке қарсы қызметтiң жауынгерлiк есеп қызметкерлерiнiң есептiк саны мен өрт сөндiру техникасының санын (бiрақ өрт сөндiру автоцистернасында кемiнде жүргiзушi мен ауысымның жауапты тұлғасын қоса алғанда, жеке құрамның кемiнде 4 адамы) азайтуға рұқсат етiледi. Бұл ретте жауынгерлiк есеппен өрт сөндiргiш құралдардың есептiк (нормативтiк) шығынын жедел беру мүмкiндiгiн қамтамасыз ету үшiн ұйымдастырушылық-практикалық iс-шаралар мен оларды iске асыру тетiктерi бойынша өтем iс-шаралары кешенi өрт қауiпсiздiгi саласындағы уәкiлеттi органның аумақтық белiмшесiмен келiсiледi.
      29. Өрт сөндiргiш ұнтақтарды, газдар мен өрт сөндiргiш қабiлетi жоғары басқа да заттарды пайдалануды қажет ететiн ұйымдар мен объектiлердегi өрттердi сөндiруге мемлекеттiк емес өртке қарсы қызметтi тиiстi түрлендiргiш өрт сөндiру автомобильдерiмен жабдықтау қажет.
      30. Ұйым немесе объект аумағында биiктiгi 15 метр және одан астам ғимараттар мен құрылыстар болған жағдайда мемлекеттiк емес өртке қарсы қызметтi өрт сөндiру автосатысымен (автокөтергiштермен) жарақтандыру ұсынылады.
      31. Өрт сөндiру автомобильдерi ҚР СТ 1174-2003 "Объектiлердi қорғауға арналған өрт сөндiру техникасы. Негiзгi түрлерi. Орналастыру және қызмет көрсету" талаптарына сәйкес орналастырылады және пайдаланылады.
      32. Ұйымдар мен объектiлердегi өрттердi сөндiру үшiн қажеттi негiзгi өрт сөндiру автомобильдерiн жөндеу және/немесе техникалық қызмет көрсету кезiнде тасымалды немесе жылжымалы өрт сөндiру мотопомпалары көзделедi.
      33. Мемлекеттiк емес өртке қарсы қызмет бөлiмшелерiнiң өрттермен күресуге дайындығын бақылауды өрт қауiпсiздiгi саласындағы уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесi жүзеге асырады.

                                                             Ережеге
                                                            1-қосымша

      Мемлекеттiк емес өртке қарсы қызмет құжаттарының
                           тiзбесi

р/с N

Құжаттың атауы

Сақтау орны

1

2

3

Қызметтi ұйымдастыру бойынша

1.

Қызмет кiтабы

Қарауыл бастығы

2.

Кезекшiлiк қарауыл қызметкерлерiнiң функционалдық мiндеттерi

Бөлiм бастығы, N 1 папка

3.

Бөлiмшедегi өрт сөндiру автомобильдерiнiң жауынгерлiк есебiнiң табелi

N 1 папка, стенд

4.

Қарауылға қызметкерлердi бекiтiп беру туралы бөлiм бастығының бұйрығы

Бөлiм бастығы, N 1 папка

5.

Қызметкерлердiң мекен-жайы мен телефондарының тiзбесi

N 2 папка

6.

Телефон анықтамалығы, ӨБОБ (КҚЖБО), бөлiмшелердiң, гарнизонның лауазымды тұлғаларының шақыру радио станциялары

N 1, 2 папка

Дайындықты ұйымдастыру бойынша

7.

Жеке құрамның кәсiби дайындығын ұйымдастыру және өткiзу жөнiндегi бұйрық (ағымдағы жылға)

Бөлiм бастығы

8.

Өрт сөндiрушi, жүргiзушi және радиотелефонист лауазымдарына жұмысқа қабылданған қызметкерлердiң алғашқы дайындығын ұйымдастыру және өткiзу жөнiндегi құжаттар

Бөлiм бастығы

9.

Алғашқы дайындықтан өткеннен кейiн дербес жұмыс iстеуге жiберу туралы бұйрық

Бөлiм бастығы

10.

Өрт сөндiрушiлердi, жүргiзушiлердi және радиотелефонистердi кейiннен дайындау жөнiндегi тақырыптық жоспарлар мен сабақтардың кестесi

Бөлiм бастығы

11.

Объектiлердi жедел тактикалық зерделеудiң жоспар-кестесi, өрт-тактикалық сабақтар өткiзу (күндiзгi және түнгi уақытта)

N 1 папка

12.

Жеке құрамды тыныс алу және көру органдарын жеке қорғау құралдарында (бұдан әрi — ТКОЖҚҚ) түтiн камерасында жаттықтырудың жоспар-кестесi

Бөлiм бастығы, N 1 папка

Өрт сөндiрудi ұйымдастыру бойынша

13.

Бөлiмшелердiң шығу кестесi (үзiндi көшiрме) немесе "Күштер мен құралдарды жұмылдыру жоспары"

Бөлiмнiң байланыс пунктi

14.

Бөлiмшелердiң орнатылған су көздерiне, өрт шығу, жарылу қаупi бар объектiлерге, ҚӘУЗ объектiлерiне, адамдар жаппай жиналатын объектiлерге және басқа да маңызды объектiлерге шығу ауданының жоспар-картасы

Бөлiмiнiң байланыс пунктi

15.

Өзара iс-қимыл жасау, тiршiлiктi қамтамасыз ету қызметтерiнiң, ҚР ТЖМ аумақтық бөлiмшелерiнiң телефон анықтамалығы

N 2 папка

16.

Өзара iс-қимыл жасау, тiршiлiктi қамтамасыз ету қызметтерiмен, ҚР ТЖМ аумақтық бөлiмшелерiмен өзара iс-қимыл жасау нұсқаулығы

N 1, N 2 папка

17.

Өрт сөндiрудiң жедел жоспарлары мен карточкаларының тiзiмi

Бөлiмнiң байланыс пунктi, N 2 папка

18.

Өрт сөндiрудiң жедел жоспарлары мен карточкалары

Бөлiмнiң байланыс бекетi

19.

Өрт сөндiру автомобильдерiнiң өрт орнына шығу жолдамалары

Бөлiмнiң байланыс бекетi

20.

Бөлiмнiң байланыс пунктiнiң журналы

Бөлiмнiң байланыс бекетi

21.

Саптық жазба журналы

Бөлiмнiң байланыс бекетi

22.

Кiрiс телефонограммаларының журналы

Бөлiмнiң байланыс бекетi

23.

Жабық өту жолдарын, жолдарды, ақауы бар өртке қарсы сумен жабдықтау учаскелерiн және т.б. есепке алу журналы

Бөлiмнiң байланыс бекетi

Газ түтiнiнен қорғау қызметi бойынша (болған жағдайда)

24.

Газ түтiнiнен қорғаушының жеке карточкасы

Қарауыл бастығы

25.

Газ түтiнiнен қорғаушыға ТОЖҚҚ бекiту (қайта бекiту) туралы бұйрық

N 1 папка

26.

Қызметкерлердi қауiпсiздiк бекетiне дербес жұмыс iстеуге жiберу туралы бұйрықтан үзiндi көшiрме

N 1 папка

27.

ГТҚҚ бекетiндегi ГТҚҚ мүлiгiнiң тiзiмi (жабдық, аспап, маска жарағы, баллондар, регенеративтi патрондар, ТОЖҚҚ)

ГТҚҚ бекетi

28.

ГТҚҚ бекетiнде жұмыс iстеген және ТОЖҚҚ қызмет көрсету кезiндегi қауiпсiздiк шаралары туралы нұсқаулық

ГТҚҚ бекетi

29.

ТОЖҚҚ жөндеуге тапсыру туралы акт

ГТҚҚ бекетi (папкада)

30.

ТОЖҚҚ N 1 тексерiстi тiркеудi есепке алу журналы

Қарауыл бастығы

31.

ТОЖҚҚ N 2 тексерiстi тiркеудi есепке алу журналы

Қарауыл бастығы

32.

ГТҚҚ жұмыс iстеушi буындарды есепке алу журналы

Жауынгерлiк есептегi әрбiр негiзгi автомобильге 1

Қауiпсiздiк техникасы бойынша

33.

Қауiпсiздiк техникасы бойынша нұсқаулық журналы

Бөлiм бастығы

Өрт сөндiру техникасы бойынша

34.

Өрт сөндiру машиналарына жүргiзушiлер құрамын бекiтiп беру туралы бұйрықтан үзiндi көшiрме

N 1 папка

35.

Өрт сөндiру машиналарына техникалық қызмет көрсету кестесi, өрт сөндiру автомобильдерiне ТҚК жүргiзудiң жоспар-картасы

Бөлiм бастығы, N 1 папка, стенд

36.

Өрт сөндiру автомобильдерiн қабылдау-тапсыру журналы

Қарауыл бастығы

Өрт-техникалық жарақ бойынша

38.

Өрт-техникалық жарақты сынау журналы

Қарауыл бастығы

39.

Әрбiр негiзгi және арнайы автомобильге өрт-техникалық жарақ тiзiмi

Қарауыл бастығы, автокөлiк

40.

Диэлектрлiк құралдарды сынау актiлерi

Қарауыл бастығы

Жеңдiк шаруашылық бойынша

41.

Өрт сөндiру жеңдерiнiң паспорты

Қарауыл бастығы

42.

Жеңдердi есепке алу журналы

Қарауыл бастығы

43.

Өрт сөндiру жеңдерiн соңғы сынау ведомосы

Бөлiм бастығы, қарауыл бастығы

Өртке қарсы сумен жабдықтау бойынша

44.

Гидранттарды және басқа да сумен жабдықтау көздерiн тексеру журналы

Қарауыл бастығы

45.

Объектiнiң су көздерiнiң анықтамасы мен планшетi

Жауынгерлiк есептегi әрбiр негiзгi автомобильге

      Ескертпе:
      аббревиатуралардың толық жазылуы:
      ҚР ТЖМ - Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлiгi
      ОӨББ - Орталық өрт сөндiру байланыс пунктi
      КҚЖБО - Күштер мен құралдарды жедел басқару орталығы
      ТОЖҚҚ - тыныс алу органдарын жеке қорғау құралы
      ҚӘУЗ - қатты әсер ететiн улы заттар
      ГТҚҚ - газ түтiнiнен қорғау қызметi
      ТҚК - техникалық қызмет көрсету

                                                             Ережеге
                                                            2-қосымша

  Өрт сөндiруге су беру бойынша өрт сөндiру автомобилiндегi
       жауынгерлiк есептiң тактикалық мүмкiндiктерi

Р/ c N

Өрт сөндiру автомобильдерi

Ауысымдағы өрт сөндiру автомобилiндегi жауынгерлiк есеп саны төмендегiдей болғанда ең көп су шығыны, литр/сек.,Q такт.мүмк

9 адам

6 адам

1.

Өнiмдiлiгi 40 литр/сек және одан астам сорғышы бар өрт сөндiру автоцистернасы

-

14

2.

Өнiмдiлiгi 40 литр/сек және одан астам сорғышы бар өрт сөндiру автосорғышы

21

14

       Ескертпе:
      1. Өрт сөндiру автомобилдерiндегi жауынгерлiк есептiң тактикалық мүмкiндiктерi оларды типтiк өрт-техникалық жарақ жиынтығымен жабдықтауды және қауiпсiздiк техникасы мәселелерiн сақтауды ескере отырып келтiрiлген.
      2. Мемлекеттiк емес өртке қарсы қызметтi мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдарының үлгi нормаларында көзделмеген қазiргi заманғы өрт сөндiру техникасымен және жабдығымен жабдықтаған жағдайда жауынгерлiк есептiң тактикалық мүмкiндiктерi өрт қауiпсiздiгi саласындағы уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесiмен келiсiм бойынша олардың тактикалық-техникалық сипаттарын ескере отырып қарастырылады.

Похожие:

Мемлекеттiк емес өртке қарсы қызметтердiң жұмысын жүзеге асыру ережесiн бекiту туралы iconМемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру ережесiн бекiту туралы
Мемлекеттiк сатып алу туралы Қазақстан Республикасының Заңы 13-бабының 10 тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi Қаулы...
Мемлекеттiк емес өртке қарсы қызметтердiң жұмысын жүзеге асыру ережесiн бекiту туралы iconЖеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiн бекiту туралы
Ауыл шаруашылығы саласында мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту туралы және "Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк...
Мемлекеттiк емес өртке қарсы қызметтердiң жұмысын жүзеге асыру ережесiн бекiту туралы iconЖеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiн бекiту туралы
Ауыл шаруашылығы саласында мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту туралы және "Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк...
Мемлекеттiк емес өртке қарсы қызметтердiң жұмысын жүзеге асыру ережесiн бекiту туралы iconЖеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiн бекiту туралы
Ауыл шаруашылығы саласында мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту туралы және "Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк...
Мемлекеттiк емес өртке қарсы қызметтердiң жұмысын жүзеге асыру ережесiн бекiту туралы iconМемлекеттiк өртке қарсы қызмет өрттен қорғайтын қоныстану аумақтарының және мемлекеттiк меншiктегi аса маңызды объектiлердiң тiзбелерiн бекiту туралы
Ескерту. Қаулының тақырыбына өзгерту енгiзiлдi ҚР Үкiметiнiң 2008. 11. 18 N 1068 Қаулысымен
Мемлекеттiк емес өртке қарсы қызметтердiң жұмысын жүзеге асыру ережесiн бекiту туралы iconҚазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 2000 жылғы 10 қараша n 1693
Республикасында есiрткi құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар айналымын мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру ережесiн бекiту...
Мемлекеттiк емес өртке қарсы қызметтердiң жұмысын жүзеге асыру ережесiн бекiту туралы iconӨртке қарсы қызметтердiң өрт қауiпсiздiгi саласындағы мамандарын арнайы даярлайтын бағдарламаларды, оқу курстарын және бiлiктiлiк талаптарын бекiту туралы
Республикасы Төтенше жағдайлар министрiнiң 2009 жылғы 25 желтоқсандағы n 310 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде...
Мемлекеттiк емес өртке қарсы қызметтердiң жұмысын жүзеге асыру ережесiн бекiту туралы iconМүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк базалық әлеуметтiк жәрдемақыларды, Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталықтан төленетiн зейнетақы төлемдерiн, мемлекеттiк базалық зейнетақы
Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталықтан төленетiн зейнетақы төлемдерiн, мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiн, мемлекеттiк...
Мемлекеттiк емес өртке қарсы қызметтердiң жұмысын жүзеге асыру ережесiн бекiту туралы icon"Миссионерлiк қызметтi жүзеге асыратын тұлғаларды тiркеудi және қайта тiркеудi жүргiзу" мемлекеттiк қызмет стандартын бекiту және "Жеке және заңды тұлғаларға
Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiн бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы...
Мемлекеттiк емес өртке қарсы қызметтердiң жұмысын жүзеге асыру ережесiн бекiту туралы iconҚазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшiлерiн қайта даярлау және олардың біліктiлігін арттыру ережесiн бекiту туралы
Мемлекеттiк қызметшiлердi қайта даярлау және олардың біліктiлiгiн арттырудағы, мемлекеттік қызметтi кәсiби кадрлармен қамтамасыз...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница